Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/129
Дата24.04.2016
өлшемі23.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.07.2012 14:44:26
Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы № 127 бұйрығы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 22) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Қасымбекке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Министр

Ә. Құсайынов

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің

2011 жылғы 19 наурыздағы

127 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Iшкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы

 

1-бөлік. Корпус



 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Реттеу заты, ұғымдар және терминдер

 

1. Осы Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

2. Қағида техникалық бақылау жасауды жүзеге асырылатын ішкі суларда жүзетін кемелерді жасаудың тәртібін белгілейді.

3. Қағидада мынадай қысқартылған сөздер және ұғымдар, терминдер қолданылады:



1) авариялық ватерсызығы - бөлік (бөліктер) батуы кезінде зақымданған кеменің ватерсызығы;

2) тербеліс амплитудасы - қарқындылығы сол немесе басқа разрядты су бассейндерінде толқын биіктігімен белгіленетін тұрақсыз толқындатудағы кеменің борт жағынан тербелістің есепті шартты амплитудасы;

3) шашыранды өткізбеушілік - бақыланатын қабатқа перпендикулярлы бағыттағы су ағынын шашыратып құю кезінде кеме ішіне су кіруін алдын-алатын құрылғы сипаттамасы;

4) су өткізбеушілік - су бағанында 10м қысым астында 3м қашықтықтағы, сыртқы тесіктер диаметрі 16 мм құрайтын брандспойттан су ағыны әрекет ету кезінде кеме ішіне су кіруін алдын алатын корпус пен жабдықтар конструкциясы элементтерінің сипаттамасы;

5) толқын биіктігі - осы разрядқа арналған су бассейндерімен қабылдануын қамтамасыз ететін жел толқынының есепті биіктігі (осы Қағиданың 1-қосымшасы);



6) жел қысымы - желдің шартты есепті қысымы (динамикалық және статикалық қоса берілген);

7) жабық кеме - су асты борты палубасының ашық бөліктерінде орналасқан жүкті және басқа люктердің су өткізбейтін немесе шашыранды өткізбеушілігі бар кеме;

8) жабық саңылаулар - орнықтылықтың негізгі критерийі бойынша кеме орнықтылығын тексеру кезінде мықты өткізбейтін жармалы ашылатын иллюминаторлар, люктер және есіктерді жабық саңылаулар деп санау қажет.

Су үсті бортты белгілеу және батпауын тексеру кезінде жабық саңылаулар деп мыналарды саналады: мықты және өткізбейтін төсемдермен жабдықталған барлық люктер, шахталар, лаздар, есіктер, қылталар және басқа саңылаулар, тынық бортты және палубалық иллюминаторлар, тұрақты дауылды қақпақтармен ілінген жармалы иллюминаторлары;

9) артқы жағының ауданы - артқы жағының перпендикулярынан 0,2 L ұзындықты корпус учаскесі;

10) конструктивті ватерсызығы (әрі қарай - КВС) - теориялық сызбаны құрудың негізі ретінде алынған және кеменің толықтай су ығыстырғыштығының алдын-ала алынған есебіне сәйкес келетін ватерсызығы;

11) шекті шөгу сызығы - оның тиісті разрядты бассейнде жүзу кезінде кеменің кішкене шөгуін анықтайтын жоғарғы жиегінің жолағы;

12) қисайту сәті - статикалық және динамикалық қоса берілген қисаю сәтінің есепті мәні;

13) шекті рұқсат етілетін сәттер - статикалық және динамикалық қисаю кезінде кеме тұрақтылығының қажетті көрсеткіштерін қамтамасыз ету шарттарынан шекті рұқсат етілетін сәттердің есепті мәндері.

14) су үсті борты - палубалық сызықтың жоғарғы жиегінен шекті шөгу сызығының жоғарғы жиегіне дейінгі мидель-шпангоут бойынша бортқа тік өлшенген ара-қашықтық.

15) алдыңғы жағының ауданы - алдыңғы жағының перпендикулярынан 0,3 L ұзындықты корпус учаскесі;

16) қондырма - соңғысы жоқ болған кезде - жоғарғы палубадан биік кеме бөлімі, төменгі жиек терезе ойығынан жоғары кеме бөлімі;

17) орнықтылықтың негізгі критерийлері - аудару (немесе су басу) бұрышына сәйкес келетін және борт жағынан айдауды ескере отырып немесе ескермей (су бассейнінің разрядына қатысты) анықталатын кемеде желдің динамикалық әсерінен және шекті рұқсат етілетін сәті арасындағы қисайту сәтінің қатынасы;

18) ашық кеме - су үсті борты палубасының ашық жерлерінде орналасқан жүкті және басқа люктердің су өткізбейтін немесе шашыранды өткізбейтін жабулары жоқ кеме;

19) ашық саңылаулар (орнықтылықты тексеру кезінде) - басты палубада немесе корпус борттарында, сондай-ақ мықты өткізбейтін жабулары жоқ қондырма мен рубкаларының палубалары, борттары және іріктеулеріндегі саңылаулар.

Қосымша талаптар бойынша орнықтылықты тексеру кезінде жармалы иллюминаторлар, люктер және есіктерді ашық саңылаулар деп санау керек.

Іріктеулер, палубалар және борттардағы саңылаулар арқылы кемені су басуы және кеме бойынша судың әрі қарай таралуы мүмкін өткізбеушілігін тексеру кезінде ашық тесіктер деп есептелінуі керек;

20) бөлік - түппен немесе екінші түппен, борттармен немесе бойлық қалқалармен, су үсті бортының палубасымен, егер ол бар болған жағдайда, немесе борттың жоғарғы жиегімен, егер палуба болмаса, және екі көршілес көлденең өткізбейтін қалқалармен немесе пикті қалқалар және шеттерімен шектелген корпус көлемінің ішкі бөлігі;

21) су үсті бортының палубасы - су асты борты есептелінетін палуба. Әдетте, бұл жоғарыдан өткізбейтін қалқалардың бөліктерге бөлінуін шектейтін қалқа палубасы.

Жасаушы дифферентпен немесе су үсті бортының палубасынан кертпешімен су асты бортының палубасы бар кемелер ашық палубаның ең төменгі бөлігін немесе кертпеш ауданындағы палубаның жоғарғы бөлігіне қатарлас оның жалғасуын қабылдау керек;

22) палубалық сызық - жоғарғы жиектері кеме бортына борт жағынан қаптаманың сыртқы қабатынан су үсті бортының палубасы төсемінің жоғарғы бетімен қиылысу сызығымен сәйкес келетіндей етіп кеме бортына салынған кеме ұзындығының көлденең жолағы;

23) желкенділік алаңы - кеменің су үсті бөлігінің проекция алаңы қолданыстағы ватерсызығы бойынша орталай шөгу кезінде оның тік күйінде диаметральды жазықтығына;

24) батудың шекті сызығы - бортты қаптаманың сыртқы қабатымен қоса су асты борты палубасының төсемінің сыртқы қабатымен қиылысу сызығы;

25) қисаюдың шекті рұқсат ету бұрышы - осы Қағидамен арттыруы рұқсат етілмейтін қисайту бұрышы;

26) артық тиелу - еркін құлауды жылдамдатуда әуе жастығы кеме корпусының нүктесінен қарағанда тік жылдамдату жиынтық қатынасы;

27) кеме қатынасының тіркелімі - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кеме қатынасының тіркелімі);

28) кеме отырғызуды түзету - қисаю немесе дифференттің жою немесе азайту үдерісі;

29) ортаңғы аудан - сорғымен және артқы ауданы ортасында орналасқан ұзындығы 0,5L корпус учаскесі;

30) взал құю бұрышы - ашық деп саналатын тесіктер арқылы кеменің ішкі бөлмесі суға бата бастауға жеткен кездегі қисаюдың ең үлкен бұрышы;

31) вопр аудару бұрышы - динамикалық коса берілген қисайту сәтіне жету кезінде кеме аударылатын қисаю бұрышы;

32) желкенділік орталығы - желкенділік ауданының ауырлық орталығы;

33) В - конструктивті ватерсызығы бойынша мидель-шпангоут бойынша қимадағы кеме ені, м;

34) Н борт биіктігі - тік арақашықтық негізгі жазықтықтан борттың теориялық жазықтығы қиылысатын ұзындығына дейін мидель-шпангоуттың жазықтығында өлшенген және жоғарғы палубалар немесе олардың палубаның бортпен дөңгеленіп жалғанған жалғастырулары, м;

35) L - су ығыстырғыштығы жағдайында конструктивті ватерсызығы бойынша кеме ұзындығы, м;

36) Т - скегтің төменгі жиегінен конструктивті ватерсызығына дейін өлшенген кеменің су сыйымдылығы жағдайында шөгуі (соңғысы болмаған кезде - түптен), м;

37) Dг - толы жүктегі кеменің су ығыстырғыштығы, т;

38) Dck - D кеменің есептік су сыйымдылығына сәйкес келетін скегтың жиынтық су сыйымдылығы, т;

39) bск - Dск < D түп деңгейіндегі және Dск > D конструктивті ватерсызығы деңгейіндегі скег ені, м;

40) hск - м, скег биіктігі;

41) lо - м, алдыңғы жағының перпендикуларынан кеменің ауырлық орталық қорғауы;

42) v - м/с тыныш суда қалықтау тәртібінде кеменің есептік жылдамдығы;

43) Lвп - м, әуе жастығының ұзындығы;

44) Fвп - м2 әуе жастығының алаңы;

45) рвп - МПа әуе жастығы қалыпты қысымы;

Осы Қағидада қолданылатын басқада терминдер және қысқартылған сөздер Қазақстан Республикасы заңнамасы және нормативті техникалық құжаттарына сәйкес қолданылады.

 

 

2. Таралу облысы



 

4. Осы бөлімнің нормалары су ығыстырушы бір корпусты кемелерге және катамарандарға, су үсті қанатты және қалқыма кемелерге қолданылады.

5. Осы бөлім корпус конструкциясының, беріктіліктің, орнықтылықтың су үсті бортының және жүк маркасының, сондай-ақ конструктивті өртке қарсы қорғау, бөлмелер құрал-жабдығы, экипаж және жолаушыларды қорғау талаптары жатады. Қағида болаттан, аллюминий қорытпадан, темір бетон және пластмассадан жасалған корпустардың орындалуын қарастырады.

6. Кеме корпусын болаттан, алюминий қорытпасынан, темір бетон және пластмассадан орындалуы Қағидамен регламенттеледі.

7. Корпус конструкциясыының элементтерін жасауға арналған материалдар осы Қағиданың 2-бөлімінің талаптарын қанағаттандырады.



 

 

2-бөлім. Болат корпустың конструкциясы және беріктілігі



 

3. Жалпы талаптар

 

8. Осы бөліммен Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбы берілетін ішкі жүзу кемелерінің болат дәнекерленген корпусының негізгі констурктивті элементтерінің беріктілігі мен өлшемін регламенттейді.

9. Осы бөлімнің нормалары осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген толқынның есептік биіктігі кезінде әртүрлі сыныпқа қолданылатын кемелерге қолданылады.

10. сәйкес су бассейндерінің тізімінде келтірілген осы бөлімнің талаптары суды ығыстыратын ұзындығы 140 м болатын «М», «О», «Р», «Л» сыныпты кеменің мынадай типтеріне қолданылады:

1) артқы жағында орналасқан машиналық бөлімшесі бар өздігінен жүретін трюмді бір палубалы құрғақ жүкті кемелер;

2) артқы жағында орналасқан машиналық бөлімшесі бар өздігінен жүретін құйма кемелер;

3) өздігінен жүрмейтін трюмді палубалы құрғақ жүкті кемелер;

4) өздігінен жүрмейтін құйма кемелер;

5) артқы жағында орналасқан машиналық бөлімшесі бар өздігінен жүретін кеме-алаңдар және өздігінен жүрмейтін кеме-алаңдар;

6) жолаушы кемелер;

7) сүйрегіштер және итергіштер;

8) техникалық флот кемелері;

9) балық кәсіптік кемелер;

10) қосалқы кемелер.

11. Осы бөлімнің талаптары басты өлшемдерінің қатынасы осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген шектерден аспайтын кемелерге қолданылады.

12. Басты өлшемдерінің қатынасы осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген шектерден асатын кемелер үшін, сондай-ақ типтері осы Қағиданың 10-тармағында тізбектелмеген кемелер үшін Қағида талаптарын қолдану немесе олардан шегіну мүмкіндігі негізделу мүмкіндігінің негізінде, байланыс конструкциясы мен өлшемі қосымша есептеу нәтижелері бойынша таңдалып алынады.

13. Барлық кемелердің корпус байланысының конструкциясы мен өлшемдері осы Қағиданың 5 - 7-тармақтары талаптарына сәйкес келеді.

Ұзындығы 50 метрден артық кеме корпусының байланыс өлшемдері, бұдан басқа осы Қағиданың 4-тарауының талаптарына сәйкес есеппен тексеріледі.

14. Әрбір құрғақ жүкті және құйма кемелерге тиеу-түсіру үдерісінде артық жүкті тиеудің ең жағымсыз жақтарын ескеретін қажетті беріктілік, орнықтылық және дифференттілік есептеулерімен расталған Жүкті тиеу және жүкті түсіру бойынша нұсқаулықтар әзірленеді.

15. Жобалаушы ұйыммен дайындалған, жүкті тиеу және жүкті түсіру бойынша нұсқаулықта мынадай мәліметтер бар:

1) толық тиелмеген және белгілі шарттарда кеменің тиісті шөгуі көрсетілген рұқсат етілген артық жүкті тиеуін қоса, оның жүзуіне рұқсат ету кезіндегі кемеге жүкті тиеу нұсқалары;

2) кемеге жүкті тиеу кезіндегі орнату шарттары - кемеде балластың болуы және жүкті тиеу, түсіру және баластировкалау операцияларын бір мезгілде жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ бақылау әдістері;

3) ашық акваторларда толқындау шарттарында жүкті тиеуді және түсіруді орындаудың мүмкіндігі сондай-ақ жүк операциясы орындауға және осыған қоса толқындау рұқсат етілетін акватория бассейнінің разряды;

4) авариялық жағдайларда капитандарға арналған ұсыныстар - кеменің жекелеген трюмдерін немесе бөліктерін су басуы;

5) борпылдақ жүкті тасымалдауға арналған қағидалар және нұсқаулықтарға сәйкес режимдік іс-шаралар;

6) трюм бойынша, сондай-ақ трюмнің ішінде де - ұзындығы және ені бойынша кемеге жүк тиеудің рұқсат етілген бірқалыпсыздығы;

7) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген бірқалыпсыздықты ескере отырып жүкті бірқалыпты бөлу кезіндегі, сондай-ақ топталған жүкті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезіндегі үлесті тиеудің рұқсат етілген мәні;

8) жүктің рұқсат етілген қабаттары және оны тиеу және түсіру жұмыстарын орындау тәртібі;

9) жүкті қою және бекітудің ұсынылатын тәсілдері;

10) құйма кемелерді тиеу және түсірудің сипаттылық ерекшеліктері: бөліктерді толтыру тәртібі, электр статикалық ұшқын қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптары ескерілген жүк жүйесінің рұқсат ету өнімділігі, танкілердегі жүк деңгейін бақылау әдістері және кеме шөгуі, бөлік бойынша рұқсат етілген жүк деңгейінің ауытқуы, жүкті тиеу аяқталар алдында бастапқы кезеңінде құю өнімділігінің азаюы;

11) мүмкіндік туралы ақпарат және көлденең және бойлық аралықтар қатарындағы механикаланған құралдардың және жүк жүйелерін берудің типінен және ең жоғары өнімділігінен шығатын жүк тиеудің және түсіруді жеделдетілген тәртібі.

16. Негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен кеменің тағайындалған қызмет мерзімін және пайдаланудағы кемелерге қойылатын талаптарын ескере отырып, корпус байланысының өлшемін есеп әдісімен анықтауға рұқсат етіледі.

17. Осы бөлімде кеме ұзындығы учаскелерінің мынадай анықтамалары қолданылады:

ортаңғы бөлігі - ұзындығы 0,5L учаске, мидель-шпангоуттан алдыңғы және артқы жағына дейін 0,25L есептегенде;

алдыңғы жағының ұшы - ұзындығы 0,15L учаске, перпендикуляр алдыңғы жағынан мидель-шпангоут бағытына қарай;

өздігінен жүретін кеменің артқы жағының ұшы - машиналық бөлімшенің алдыңғы жақты перпендикуляры және алдыңғы жақты аралық арасындағы учаске немесе қай учаскенің ұзындығы ең аз болуына байланысты перпендикуляр алдыңғы жағынан мидель-шпангоут бағытына қарай ұзындығы 0,15L учаске;

өздігінен жүрмейтін кеменің алдыңғы жағының ұшы - перпендикуляр алдыңғы жағынан мидель-шпангоут бағытына қарай ұзындығы 0,15L учаске;

өтпелі аудандар - ортаңғы бөлігі мен ұшының арасындағы учаскелер.

18. Осы бөліміндегі кестелерді қолдану кезінде параметрлердің аралық мәндерін сызықтық интерполяциямен анықтайды.

19. Ағымдылық шегі 235-тен 395 МПа дейін қоса болаттарды қолдану рұқсат етіледі.

Болат илем мынадай жағдайларда қолданылады:

кез келген қалыңдықтағы D, E, D27S, E27S, D32, Е32, D36, Е36, D40, D40S, Е40, E40S маркалы болат шектеусіз пайдаланылады;

В, A27S, А32, А36, А40, A40S маркалы болат мұзды белдеуден басқа, барлық кеме сыныптарына қолданылады;

А маркалы болат:

мұздық белдеу және берік және тіркелетін құрылғы конструкцияларынан басқа, «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін;

барлық сыныптағы кемелердегі жалпы беріктілікті қамтамасыз етуге қатыспайтын конструкциялар үшін қолданылады.

20. Жекелеген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен кіру бақылауымен расталатын басқа марканың болаттарын қолдануға рұқсат етіледі, сонымен бірге осы Қағиданың 2-бөлігінің техникалық талаптары, қабылдау қағидалары және сынау әдістері сәйкес келеді.

21. Осы Қағиданың 6-тарауында келтірілген формула бойынша шығарылған корпус жиынтығы белдемінің көлденең қимасының қарсыласу сәтінің мәндері, Rен = 235 МПа болатқа тең.

Корпустық конструкцияға өте жоғары ағымдылық шегі бар болатты қолданған кезінде осы қарсыласу сәттерін 235/Rен қатынасына пропорционалды азайтайды.

 

 

4. Беріктілік және орнықтылық есептері



 


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет