Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/31
Дата26.04.2016
өлшемі5.45 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 17:49:10
Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 Бұйрығы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы 

 

Е. Дүйсенбаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны

қорғау министрі

Н. Әшім __________

2011 жылғы 10 мамыр

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы 21 сәуірдегі

216 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Пайдаланылатын кемелерді куәландыру

қағидасы

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер



 

1. Реттеу мәні, ұғымдар және терминдер

 

1. Осы Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеме қатынасының тіркелімі) пайдаланудағы кемелердің жүзу қауіпсіздігін, жолаушылар мен кеме экипажының өмірін және денсаулығын қорғау, тасымалданатын жүктердің, кемелердің экологиялық қауіпсіздігін сақтауға жағдай жасау мақсатында, аталған кемелерді куәландыру тәртібін, мерзімін және көлемін белгілейді, сондай-ақ кеменің техникалық жай-күйін анықтау үшін нормативтерді қамтиды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар және терминдер қолданылады:



1) арнайы персонал - жолаушы, экипаж мүшесі немесе бір жастан аспаған бала болып табылмайтын, бортта кеменің арнайы міндетіне байланысты осы кеменің борт жұмыстарын орындауға арналған тұлға;

2) арнайы міндеттегі кеме - бортында 12 адамнан жоғары арнайы персоналы бар кеме (ғылыми-зерттеу, экспедициялық, гидрографикалық, оқу кемелері, су ортасының биологиялық ресурстарын өңдеуге арналған және тормен орын алмаған кеме);

3) ақаулық - дұрыс емес реттеу, жанасудағы шамадан тыс саңылау, бақылау өлшеу аспаптары бас тартуы себеп болатын және кейбір жағдайларда шу, тарсыл, жоғарғы температура қоса жүретін, жұмысқа қабілеттілігін сақтау кезінде нормативтік құжат талаптарының ең болмаса біреуін қанағаттандырмайтын объектінің жағдайы;

4) ас қалдықтары - алдыңғы аспаздық өңдеудің тамақтың жиынынан құрылған қалдықтар, қайта өңделмеген қалдықтардан тұратын қоқыс түрі;

5) балық аулайтын кеме - тікелей балық аулауға, сондай-ақ су ортасының басқа да биологиялық ресурстарын өндіру үшін қолданылатын кеме;

6) бас тарту - объектінің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуын қорытындылайтын оқиға;

7) бонды қоршау - су бетінде қалқитын мұнайдың таралуын болдырмау үшін және оның қозғалу бағытын өзгерту үшін және келесі жиналуын болдырмайтын құрылғы;

8) дедвейт - белгіленген жазғы су үсті бортына және бос су ығыстыруға сәйкес, конструктивтік ватерсызық бойынша кеменің отыруы кезіндегі су ығыстыру арасындағы айырмашылық;

9) жасалу үстіндегі кеме - кильді салған сәттен бастап жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті және басқа да Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын алуға дейінгі жасалынып жатқан кеме;

Кильді салу сәтінен бастауды, осы кемеге қатыстыны немесе кеме корпусының жиналған бөлігінің көлемі корпус материалдарының барлық есептік көлемінің кемінде 1 % құрайтынын анықтауға мүмкіндік беретін жасаудың басталуы болып табылады.

10) жиналмалы цистерна (бұдан әрі - танк) - зиянды заттармен ластанған, өңделмеген сұйықтықты жинауға және сақтауға арналған сыйымдылық;

11) жолаушылар сыйымдылығы - ерекшелігіне және Кеме қатынасының тіркелімі ерекшелігі және құжаттарына сәйкес осы жолаушылар кемесінде немесе жүріп-тұратын кемеде тасымалдауға рұқсат етілетін жолаушылар санының едәуір саны;

12) жүзбелі кран - жүк көтеру операциялары өндірісіне арналған, понтон типті жүзбелі негіздегі крандық құрылыс;

13) жүк кемесі - жүктерді (құрғақ, құйма, құрамдастырылған, рефрижераторлық, кәсіптік-көліктік) тасымалдауға арналған кеме;

14) жүріп-тұратын кеме - 12 адамнан көп емес жолаушыларды тасымалдауға арналған кеме;

15) зақымдану - өзінің артынан тартумен кеме аралық және техникалық жай-күйінен жұмысқа қабілеттілігінен техникалық құрал жұмысқа қабілетсіз немесе жұмыс қабілетіне шек қойылған соңғы оқиғаны сипаттау үшін шартты түрде қолданылатын термин.

Қаптаудың, төсеніштің немесе корпус жинағының үзілуі мен жарамайтын түрінің өзгеруі, бөлшегінің сынуы, кеменің техникалық құрал түйіндерінің бұзылуы-бүліну деп есептеледі;

16) зиянды заттар - шығару газының құрамында болатын және оларға жағымсыз немесе адам және қоршаған ортаға зиянын келтіруге тән зат, оксид көміртегі (СО), азот оксидтері (Nox), және көмірсутектер (CH);

17) инсинератор - қоқысты, мұнайлы шламды, пайдаланған судың қалдықтары мен шламды термиялық жоюға (өртеуге) арналған арнайы кеме пеші;

18) итергіш - тізбектік құрылғысы бар және басқа кемелерді және жүзбелі құрылыстарды итеру тәсілімен жүргізуге арналған кеме;

19) Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы - ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау Кеме қатынасы тіркелімімен келісу арқылы техникалық құжаттарды құру кезінде, қатынасты реттейтін, қайта жабдықтау, кемені жасау және қайта өңдеу, жаңғырту, жасау, қайта өңдеу, жаңғырту кемелерде орнату үшін бұйымдарды әзірлеу және өңдеу Кеме қатынасының тіркелімі техникалық бақылауды іске асырады, қайта жабдықтау, кемелерді үлгілеу және жөндеу, әзірлеу және бұйымды жөндеу және кемелерге орнату үшін материалдарды дайындау, пайдаланудағы кемелерді куәландыру;

20) Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына мынадай нормативтік құқықтық актілер жатады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Iшкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде № 6871 тіркелген), (бұдан әрі - ІСЖКЖҚ);



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде № 6883 тіркелген), (далее - АСЖКЖҚ).

21) кеме экипажы - кеме ролін қосылған, басқаруды, қозғалысты, беріктігін және кеме экипажы сияқты қызмет етуші персоналдарды қоса алғанда, жолаушыларды да, кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар;

22) кеме элементтері - Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасында регламенттейтін кеменің құрылымдық бөлшектері: корпус, қондырмалар, кеме құрылғылары, жабдықтаушы заттар, өртке қарсы қорғаныс құралдары, қозғалтқыштар, қазандар, жүйелер, жылу айналым аппараттары, күштелген ыдыстар, палубалық механизмдер, электр жабдықтары, радио және навигациялық жабдықтар, мұздатқыш қондырғылар, автоматтау құралдары, жүк көтергіш қондырғылар, экологиялық жабдықтар;

23) КОСПАС-САРСАТ - авариялық жағдайда кемелерде орнатылған дербес радиобуй және радиобуй авариясын және орналасқан координатасын хабарлау үшін әзірленген спутник жүйесі;

24) көлемді қайта жабдықтау - кеменің мөлшері және жүк көтерілімділігі елеулі өзгеретін, кеменің қызмет мерзімі айтарлықтай ұзаратын, бірақ, ол жаңа болған дәрежедегідей, жоғарыда көрсетілгенге қарағанда кеме басқа жолмен өзгеретін, олай болса, қайта жабдықтауға дейін оған қолданылмаған Қағидаға сәйкес жағдайының әрекетіне түсетін кемені қайта жабдықтау;

25) қабылдау құрылғысы - кемелердің кез келген бүлінуіне одан әрі тазалауға, қайта өңдеуге, жоюға беру мақсатымен жүзуші және жағалық құрылғы;

26) қондырма - борттан бортқа жайылып жатқан немесе кеменің кез келген бортынан кеменің енінен В кемінде 4 % қашық тұрған су үсті бортындағы жабық құрылыс;

27) қоқыс (Қ) - кемені қалыпты пайдалану кезінде пайда болатын және тұрақты немесе мерзімді жоюға жататын азықтың, тұрмыс және пайдаланудағы қалдықтардың барлық түрлері;

28) қоқыс жинауға арналған құрылғы - қоқыс жинауға және сақтауға арналған сыйымдылықтар және басқа құрылғылар;

29) пайдаланған суды өңдеуге арналған құрылғы - пайдаланған суды тазартуға және зарарсыздандыруға ұшырайтын құрылғы;

30) құрғақ жүкті кеме - әртүрлі құрғақ жүкті тасымалдауға арналған (басты жүктерді, контейнерлерді, орманды, үйінді жүкті, жүгі бар және жүгі жоқ автомобильдерді) кеме;

31) құрамында мұнай бар қоспа - құрамында кез келген мөлшердегі мұнайы бар қоспа;

32) құрамында мұнай бар су (бұдан әрі - МС) - құрамында кез келген мөлшердегі мұнай бар су қоспасы;

33) құрамдастырылған кеме - құйылатын сұйық жүктерді және үйінді және/немесе басқа құрғақ жүктерді кезектесіп тасымалдауға арналған кеме;

34) құйма кеме - құйылатын сұйық жүктерді тасымалдауға арналған кеме;

35) ластану - су ортасына зиянды заттардың немесе құрамында осындай заттары бар пайдаланған судың түсуі;

36) 73/78 МАРПОЛ - ИМО Теңіз ортасын қорғау комитеті қабылдаған түзетулерді ескере отырып 1978 жыл хаттамамен өзгертілген 1973 жылғы кемелерде ластануды болдырмау жөніндегі Халықаралық конвенция;

37) мұнай - кез келген түрдегі мұнай, шикізатты, мұнай қалдықтарын, мұнай тұңбаларын және мұнай өнімдерін қосқанда;

38) мұнай ағызудың лездік қарқындылығы - кез келген сәттедегі мұнай ағызудың лездік қарқындылығы, л/с, сол сәттедегі кеме торабындағы жылдамдығына бөлінген;

39) мұнайдың тасуымен күресу бойынша кеме жиынтығы (бұдан әрі - МТК кеме жиынтығы) - суға құйылған мұнайды жинауға және жайылуына арналған жабдық және материал жиынтығы;

40) мұнай тұнбалары - өзінің консистенциясына байланысты қалыпты ағызып шығаруға және өңдеуге жатпайтын және кемеден оны жою үшін ерекше тәсілдерді және құрылғыны талап ететін мұнайдың бір бөлігі;

41) мұнай тұнбалары - құрамында мұнай бар кез келген тұнбалар;

42) мұнай шламы - мұнай сыйымдылығының сорғысында және машиналық үй-жай жабдықтарынан әртүрлі ағуларында болатын айырылған шлам, мұнай, пайдаланылған май;

43) оқшауланған балласт-жүк және от жүйесінен толық бөлінген және арналған мұнай және зиянды заттар болып табылмайтын тек қана балласт және жүкті тасымалдауға арналған танкіге қабылданған балластты су;

44) пайдаланудағы кеме - жасалудағы кеме болып табылатын кеме;

45) пайдаланылатын қалдықтар - кемеде әртүрлі өндірістік және жөндеу жұмысы нәтижесінде пайда болған қалдықтар, сонымен қатар энергетикалық қондырғыларды және басқа да кеме жабдықтарын пайдалануда пайда болған қалдықтар;

46) пайдаланылған су (ПС)- дәретхананың барлық түрлерінің басқа қалдықтары және ағулары, әжетханалар және унитаздар, бақалшақ ағуы, шпигат және астау, дәрігерлік бөлмелерде табылатын (емханаларда, ауруханаларда және т.б.), малдар ұсталатын үй-жайлардан ағулар, шаруашылық-тұрмыстық сулар, басқа да ағулар, егер олар жоғарыда көрсетілген ағулар араласқан болса;

47) қоқысты өңдеуге арналған құрылғы - қоқыстың көлемін азайту және үгітуге арналған құрылғы;

48) рубка - су үсті бортындағы немесе ең болмағанда борттардың бірінің енінен 4 % алыс тұратын қондырма палубасындағы жабық құрылыс. Рубкалар бір немесе бірнеше қабаттарға орналасуы мүмкін.

49) сигнализатор - шығару құрамындағы мұнайдың нормативтік мағынаның асып кетуі туралы сигнал беретін құрал;

50) слеминг - қарсы толқын қозғалысында оған кеменің бойлық ауытқу процесінде кеме корпусының сорғыш шетіндегі бөлігінің түбіне соққы;

51) сұйық отын - осы отын орналасқан кеменің энергетикалық қондырғысы үшін отын ретінде қолданылатын кез келген мұнай;

52) сүзу жабдығы - мұнайды шығаруда сүзгіштің және сеператорды және сүзгішті байланыстыратын кез келген сүзгіштер;

53) таза балласт - танкімен соңғы мұнай тасығаннан кейін, ашық ауа райында қозғалмайтын кемедегі осы танкіден балластты таза тынық суға түсіргенде, судың бетінде немесе маңындағы жағалауда мұнайдың көрінетін іздерінің пайда болуына әлде судың астында немесе маңындағы жағалауда мұнай тұнбаларының немесе эмульсияның пайда болуына әкелмейтіндей тазартылатын балластты су.

Егер шығару Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған автоматты өлшеу, тіркеу және мұнай шығаруды басқару жүйесімен іске асырылса, шығарылған ағында ондай мұнай құрамының жүйесі көрінген іздерден болуына тәуелсіз таза балласт дәлел ретінде қолданылады;

54) техникалық жай-күйі - уақыттың осы сәтінде кеме элементтерін пайдалану үшін жарамдылық дәрежесін және Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкестігін сипаттайтын Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы регламенттейтін қасиеттерінің жиынтығы;

55) техникалық флот кемесі - кемелерге және су жолдарына, порттық шаруашылыққа, су асты қазба өнімдеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған кеме (түбін тереңдету снарядтар, жерсорғыштар, жер қыртысын жазатын, түбін тазартқыш және арнаны түзейтін кеме, қалқыма, топырақ таситын кеме, мотозавозды, су жағдайларына қызмет көрсетуге, экологиялық бақылауға және су ортасының параметрлерін зерттеуге, түп топырағын және атмосфералық ауаны және кемелермен, жағалаулық өндірістік және шаруашылық ұйымдармен табиғатты қорғау заңнамаларының орындалуын инспекторлық бақылауға жан-жақты құрайтын және жүріп-тұратын кеме);

56) тозу — конструкция мен бөлшектердің пайдалану үдерісі кезінде қаралатын бұйымның үйкелісу, сондай-ақ тотығу, омырылу, шіру салдарынан жоғарғы қабатының бүлінуінің (тозуы) нәтижесінде өлшемдерінің, нысанының, салмағының немесе сыртқы бетінің өзгеруі;

57) тұрмыстық қалдықтар - сыртқа шығару сәтіне дейін сыйымдылық немесе ыдыс ретіндегі қолданылған қалдықтар, сондай-ақ пластмассадан, қағаздың, тоқыманың, шынының барлық түрлерінен жасалған әртүрлі өнімдер;

58) тұнба танкі - танк, танкіні жуатын судың тұнуына және жинауға арналған, лас балластта, мұнай тұнбалары және басқа мұнай бар қоспалар;

59) түтін - қозғалтқыш цилиндрінде майдың булануының және отынның толық жанбауының нәтижесінде пайда болған шығару газындағы шашырау сұйықтығы және (немесе) қатты заттардың көрінуі;

60) тұрмыстық - шаруашылық суы - қол жуғыш, душ, науаның және шпигаттың ағуы, кір жуулардан ағуы, жуудың ағуы және камбуз жабдықтары және тамақ блогының басқа да үй-жайлары;

61) тіреулік кеме - үнемі жағалауда пайдаланылатын, адамдарды жағалауға (дебаркадерлер, жағалаулық понтондар, жүзбелі қонақ үйлер, жатақханалар, демалыс үйлері, мейрамхана, жүзбелі жөндеу шеберханалары, сорғы станциялары және с.с.) эвакуациялау үшін сенімді жолдармен жабдықталған кеме;

62) шикі мұнай - оны тасымалдау үшін жарамды немесе жарамсыз ету мақсатында оны тәуелсіз өңделуде кездестіретін, жердің табиғи беткі жағдайында кездесетін кез келген сұйық көмір сутек қоспасы. Оған кейбір дистилляттарды жоюға болатын өңделмеген мұнай, кейбір дистилляттарды қосуға болатын өңделмеген мұнай;

63) шығару - пайдаланылған газдардан атмосфераға түсетін зиянды заттардың саны;

64) шығару - кемеден және науадан кез келген зиянды заттарды тастау, мынадай заттардан құралған, қандай да болса себеппен ол шақырылмайтын кез келген есепті қосқанда, ағызу, жою, тасу, шайқау, белгілеу және босату;

65) шығару (өңделген) газдары - қозғалтқыш цилиндрінен оның шығару жүйесіне түскен отынның және артық ауаның жануының толық және толық емес өнімдерінің қоспасы;

66) шығару құрамындағы мұнайдың рұқсат етілген мөлшерінің нормативтік мағыналары - халықаралық (теңіз үшін) және қазақстандық (ішкі су жолдары үшін) нормативтік құжаттарымен белгіленген су объектісіне шығарылатын су құрамындағы мұнай өнімдерінің шекті шоғырлануы;

67) іріктеп бақылау - кеменің жекелеген өлшемдерін, қасиетін, параметрін және элемент сипаттамаларын ішінара тексеру нәтижелері бойынша Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптарына элементтердің техникалық жай-күйінің сәйкес келуі белгіленетін кемеге куәландыру өткізу әдісі.

Куәландыру кезінде алдын ала жазылған қарау, өлшеу мен сынақтан өткізу тәртібі және көлемі әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексеріп белгілейді;

68) экологиялық қауіпсіздік шарты бойынша жүзу автономдығы: пайдаланылған суларды, мұнайы бар суларды, қоқысты және басқа қоқыстарды тапсыру үшін қабылдау құрылғысына қажетсіз жетудегі кеменің пайдаланылу ұзақтығы.

 

 

2. Куәландыруға қойылатын жалпы нұсқаулар



 

3. Куәландыру кемені Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін тексерумен қорытындыланатын Кеме қатынасы тіркелімі сыныптамалық қызметінің құрамды бөлігі болып табылады және келісілген техникалық құжаттаманың болуын, материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың сертификаттарын тексеруді, сондай-ақ сыртынан қарау, өлшеу, іс-қимылда тексеру және сынау, Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеу және беру жатады.

Куәландырудың барлық түрлерінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бұрынғы куәландыру актілерімен, сондай-ақ кеме құжаттамасы (формуляр, кеме актісі, қабылдау актісі, нобай, сызба, жөндеу ведомостері, вахта журналы) бойынша пайдаланымда анықталған тозу, бүліну және жарамсыз болу, жөндеу жүргізу және жабдық ауыстыру жөніндегі мәліметтермен танысуға міндетті.

4. Ішкі және аралас (өзен-теңіз) суларында жүзетін кемелерін сыныптау (бұдан әрі - сыныптау қызметі) кезінде Кеме қатынасының тіркелімі іріктеп бақылау әдісін қолданады.

5. Жүргізілген куәландыру көлемі, кеме элементтерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, өлшеу, жөндеу жүргізу және ауыстыру туралы мәліметтер Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері құрастыратын куәландыру актісінде көрсетіледі.

6. Актілер мен өзге құжаттамалар талап етілетін мәліметтерді өткізбей-ақ арнайы бланкілерде жасалады. Мәтін бөлігі және нобайлар анықталған ақаулар, олардың пайда болу себебі және талап нысанында баяндалған жою шаралары жөнінде анық түсінік беруі тиіс.

7. Кемені жөндеу нәтижесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бұрыннан сақталған құжаттарда көрсетілген сипаттамалар мен параметрлері (жүзу ауданы, су үсті борт биіктігі, энергия қондырғысының қуаты, кеме техникасы мен керек-жарақ объектілер құрамы) өзгерген кезде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме құжаттарына тиісті өзгерістер енгізеді.

 

 

2-бөлім. Куәландыру түрлері, мерзімі, көлемі.



Техникалық жай-күйін анықтау. Құжаттар

 

3. Куәландыру түрлері

 

8. Кеме қатынасының тіркелімі сыныптау қызметін жүзеге асырған кезде мынадай куәландыру түрлерін жүргізеді:

1) алғашқы;

2) кезекті;

3) сыныптамалық;

4) жыл сайынғы;

5) доктық;

6) кезектен тыс.

9. Қысымдағы ыдыстарға:



1) сыртқы куәландыру — жыл сайын;

2) ішкі куәландыру — 5 жылдан соң;

3) гидравликалық сынақ — 10 жылдан соң жүргізіледі.

10. Қысымдағы ыдыс қылтасының диаметрі 120 мм кем болған жағдайда гидравликалық сынақ 5 жылдан соң жүргізіледі.



 

 


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет