Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



жүктеу 2.47 Mb.
бет3/15
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына
25-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қондырғылар мен құралдар тиісті орнықтырылмаса;

3) егер куәлікте кеме осы Қағиданың 25-тармағының 3) тармақшасына сәйкес куәландырылғаны туралы растау болмаса;

4) егер кеме конструкциясы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтіндей шекте төмендеген жағдайда күшін жояды.

44. Кемелерді шекті жүктеуге қатысты бірыңғай принциптер мен талаптарды белгілеу үшін осы Қағида кемелердің белгіленген бөліктерде және белгіленген жыл мезгілінде жүзу кезінде су үсті бортының ең аз ұлғаюы өз қалпына келеді.

45. Кемеге тағайындалған су үсті борты кеменің әр бортына кеме жүзудің түрлі жағдайларында жүктеле алатын ауқымды шөгіндерді белгілей отырып, жүк маркасын басу жолымен жүзеге асырылады.

46. Су үсті бортын тағайындау кезінде кеме бортына белгіленген маусымға, аймаққа немесе кеме жүзетін ауданға сәйкес келетін белгілер кеме теңізге шығу кезінде, жүзу кезінде немесе портқа келген кезде барлық уақыт бойы суда тұрмауы қажет. Тек мынадай жағдайларда ғана оларға жол беріледі:



1) кеме маусымға сәйкес келетін зонада немесе ауданда бірлікке тең келетін жуандықта тұщы суда тұрса, Жүк маркасы туралы куәлікте көрсетілген тұщы суға арналған ұлғаюға түсіріледі.

Егер су тығыздығы бірліктен ерекшеленсе, онда түзету 1,025 арасындағы айырмашылыққа тең келуі тиіс;

2) кеме өзендегі немесе ішкі сулардағы порттардан аттанса, оның үлкен жүктеуі жану салмағына сәйкес және басқа да материалдарға қатысты порт және теңіз арасында шығындалатын оны ауқымды күшейтілімі жүргізіледі.

47. Осы Қағидада сыныпталғанмен қоса сыныпталмаған кемелерге де қолданылады.

Кеме қатынасы тіркелімімен сыныпталған кемелерге осы Қағиданың 65-154-тармақтардың, 227-240 тармақтардың, 252-256 және 294-295 тармақтардың ережелері орнына, сондай-ақ қарау үшін ұсынылатын техникалық құжаттама қатарына қосылатын осы Қағида ережелеріне Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының тиісті талаптары қолданылады. Бұл ретте осы Қағидадан шегіну тек олар осы Қағидаға қарама қайшы келген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

48. Палубалық сызық ұзындығы 300 және ені 25 мм болатын көлденең сызық болып табылады. Ол әр борттың кеме ұзындығының ортасына оның жоғарғы беткейі палубаның жоғарғы беткейі кеменің борттық қаптамасының ішкі жоғарғы беткейін қиып өтетіндей жүргізіледі.

Егер су үсті бортының палубасында кеменің ұзындығының ортасында ағаштан жасалған төсем болса, палубалық сызықтың жоғары жиегі осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес кеменің борттық қапсырмасының ішкі жоғарғы жиегін қиып өтуі тиіс.

Егер палубалық сызықты жоғарыда аталған әдіспен жүргізуге мүмкіндік болмаса немесе оны жүргізуге ыңғайсыз болса, су үсті бортының ені елеулі түрде түзетілу шартымен, ол басқа белгіленген борттағы нүкте бойынша жүргізіледі. Су үсті бортына қатысты қабылданған, жоғарыда аталған нүктенің бағыты Жүк маркасы туралы куәлікте көрсетілуі қажет. Мысалы, дөңгелектенген қосылулары бар кемелерде палубалық сызықтың жоғарғы беткейі а нүктесі арқылы өтеді және оның арасындағы қашықтық в нүктесіне қарағанда - су үсті борты палубасының жалғастырылған жоғарғы беткейінің қиылысы бортты қапталған беткеймен бірге - осы Қағиданың 5-қосымшасына Жүк маркалары туралы куәлікте белгіленеді.



Егер кеме палубасының барлық ұзындығы бойына қондырма болса, немесе су үсті борты ретінде кеменің төменгі палубасы алынса, палуба сызығының жағдайына түзетулерсіз есептелген ең аз су үсті бортының мағынасы жүк маркасының дөңгелегін қиып өтеді. Мұндай жағдайда егер кемеге ең аз деген су үсті борты тағайындалса, палубалық сызықты бортқа ол жүк маркасының және жүктің өзінен жоғары болатындай етіп орналастырылуы тиіс. Палубалық сызықтың сәйкестігіне келтірілетін тиісті түзету есепте ескеріледі және Жүк маркасы туралы куәлікте көрсетіледі.

49. Жүк маркасының белгісі ұзындығы 450 мм және ені 25 мм болатын көлденең сызықпен қиылысатын осы көлденең сызықтың жоғарғы жиегіне дөңгелек ортасымен өтетіндей өтіп ішкі 300 сыртқы диаметрі және ені 25 мм болатын дөңгелек тәріздес болып келеді.

Дөңгелектің ортасы кеме ұзындығының ортасына тікелей төменнен палубалық сызықтың жоғары беткейіне дейін осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес өлшенген жазғы су асты бортына тағайындалғанға тең болып келетін қашықтықта орналастырылады.

 

 

3. Жүк маркасының белгісімен қолданылатын маркалар



 

50. Кеменің жүкті ватерсызықтарын олардың түрлі зоналарында, аудандарында және жүзудің маусымды кезеңдерінде белгілейтін маркалар ұзындығы 230 және ені 25 мм болатын көлденең сызық тәріздес болып келеді олар кеменің бас жағына (егер басқасы айтылмаса) ені 25 мм болатын тікелей сызыққа жүк маркасының дөңгелек ортасынан 540 мм қашықтықта осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес жүргізілген көлденең сызба тәріздес болады.



Мынадай жүк маркалары қолданылады:

1) дөңгелектің ортасымен өтетін сызықтың жоғарғы жиегінен анықталатын жазғы жүк маркасы, сонымен қатар Л (S) белгіленген беткейдің жоғарғы бөлігімен айқындалады;

2) 3(W) белгісімен белгіленетін сызықтың жоғарғы жиегімен анықталатын қысқы жүк маркасы;

3) П(F) әрпімен белгіленген сызықтың жоғарғы беткейімен анықталатын жазда тұщы суға арналған жүк маркасы. Жаздағы тұщы су үшін жүк маркасы және жазғы жүк маркасы арасындағы қашықтық тұщы суда кеме шөгінінің және 3(W) және ЗСА (WNA) басқаларының ұлғаюына жол береді.

51. Егер осы Қағиданың 227-244-тармақтарының талаптарына сәйкес жүк кемесіне орман су үсті борты тағайындалса, кәдімгі жүк маркасына қосымша орман жүк маркасы тағылады. Бұл маркалар кеменің жүк ватерсызығын олардың түрлі зоналарда, аудандарда және жүзудің маусымды кезеңдерінде бөліктерді жүзу орындарында жүктеу кезінде белгіленеді, жоғарғы жиегіне белгіленген ұзындығы 230 ені 25 мм болатын (егер басқасы айтылмаса) ені 25 мм болатын тікелей сызыққа перпендикулярлы болып келетін жүк маркасы белгісі дөңгелектің орта жиегінен алғанда осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес 540 мм қашықтық арасында жүргізілетін жағдайларды белгілейді.



Мынадай орман жүк маркалары қолданылады:

1) ЛЛ (LS)LS әріптерімен белгіленген сызықтың жоғарғы жиегімен анықталатын орманды жазғы жүк маркасы;

2) ЛЗ (LW) әріптерімен белгіленген сызықтың жоғарғы беткейімен анықталатын орманды қысқы жүк маркасы;

3) ЛП (LF) әрпімен белгіленген сызықтың жоғарғы беткейімен анықталатын тікелей сызықтан алғанда бас жағына қарай орналасқан сызықтық жоғарғы беткейімен анықталатын жазда тұщы суға арналған орманды жүк маркасы. Орман жүк маркасы мен жаздағы тұщы су маркасының және жазғы орман жүк маркасының арасындағы қашықтық тұщы судағы кеме шөгінің ұлғаюын және басқа да орман жүк маркаларының ұлғаюын ЛЗ (LW) және ЛЗСА (LWNA) білдіреді.

52. Бөліктерге бөлудің жүк маркасы көлденең сызықтың (ұзындығы 230 және ені 25 мм) жоғарғы бетімен анықталады, С әрпімен белгіленеді көлденең және бөліктерге тікелей сызықпен артқы жағына қарай бөлудің мақұлданған ватерсызығы деңгейінде салынады.



Егер бөліктерге бөлу маркасы осы ең төменгі маркадан төмен орналасса, онда ол жоғарыда аталып өткен жоғары сызықтан шартты жалғасудан артқы жаққа қарай салынады.

53. Бөліктерге бөлу маркасы ешқандай жағдайларда ащы суға арналған ең аз деген су үсті борты бар немесе артық су үсті бортындағы кемедегі жүк маркасының көлденең сызығынан жоғары және өзіндік жоғары жүк маркасынан аса жоғары орналастырылмайды.

54. Бөліктерге бөлінетін жүк маркасына сәйкес келетін су үсті борты палубалық сызықтан алынып өлшенеді.

55. Ең кіші су үсті бортына қатысты артық су үсті борт тағайындалатын кемеде жүк маркасы осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес түрде басылады.

56. Осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес жүк маркасының белгісі белгіленген палубалық сызық қашықтығынан төмен қарай орналастырылуы тиіс.

57. Тұщы суға арналған түзетулер кез келген жағдайларда тағайындалған артық су үсті бортына сәйкес шөгінмен анықталады.

58. Тұщы суға арналған жүк маркасын қоспағанда, басқа ешқандай маркалар жүк маркасының белгісінен көлденең жоғары басылмайды.

59. Тек жолаушыларды ғана тасымалдауға арналған бөліктерге бөлудегі ең жоғарғы ватерсызыққа сәйкес келетін кемелерде осы Қағидамен тағайындалған жазғы су үсті бортына тең келеді немесе одан артық болады, не болмаса, қандай-да бір басқа себептер бойынша тағайындалған артық су үсті бортында жүк маркасының белгісі Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған бөліктерге бөлудің ең жоғарғы ватерсызығы белгіленеді.



Бөліктерге бөлудің жүк маркасы С1 болып белгіленеді.

Қалған жүк маркалары осы Қағиданың 57-тармағына сәйкес (осы Қағиданың 10-қосымшасы) артық су үсті бортына қатысты салынады.

60. Жолаушыларды және жүктерді арнайы тасымалдауға арналған үй-жайлары бар жолаушылар кемелерінде бөліктерге бөлудегі жүк маркаларының бірнешеуі салынады, олардың әрқайсысы Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған кеме иесімен кемені пайдаланудың белгілі бір түрлеріне қатысты болып келеді.

Бөліктерге бөлудің жүк маркасы осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес жолаушыларды тасымалдаудың негізгі түріне С1 белгісімен белгіленеді, ал қалған түрлеріне - С2, С3 белгілерімен белгіленеді.



Борттағы жолаушыларсыз кемені пайдалану кезінде бөліктерге бөлудің жүк маркалары С1, С2, С3 және суға түсуге рұқсат етіледі.

61. С1, С2 және С3 бөліктерге бөлудің әр маркасына сәйкес келетін су үсті бортының ұлғаюы Жолаушылар кемесінің қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетіледі.

62. Кемені бөліктерге бөлудің ватерсызық маркалары жаздағы тұщы суға арналған жүк маркаларымен алмасса, онда бұл жүк маркасы СП (CF) әріптерімен белгіленеді.

63. Егер кемеге тиісті маркалармен белгіленуі тиіс болатын барлық бөліктер бойынша жүзу кезінде артық су үсті борты тағайындалса, жүк маркасы белгісінің көлденең сызығының жоғарғы жиегінен аспайтындай ащы суға түсетін болса, оны тиісті маркамен белгілеу көзделген. Бұл сызық жүзу шартына қатысты болып келетін қандай да бір әріптермен белгіленбейді.



Жүк маркасы туралы куәлікте белгіленбейтін бөліктерге және маусымдық кезеңдерге сәйкес келетін маркаларға арналған су үсті борты (егер олар қолданылса) жазғы жүк маркасы сияқты белгіленеді.

64. Жүк маркаларын белгілейтін әріптер, дөңгелек бағытына қарай жылжыған сыртқы бос ұштары, әріптердің төменгі жиектері марка сызығының жоғарғы жиегінің деңгейінде табылатындай етіліп осы ұштарға қарсы орналастырылуы тиіс. Бос ұштары дөңгелек бағытына қарай жылжыған жүк маркаларын белгілейтін әріптерді егер маркалар арасындағы арақашықтық маркалар сызығынан жоғары олардың бос дөңгелек ұштарында орналастыруға мүмкіндік берсе, ұсынылады. Маркаларды белгілейтін әріптердің биіктігі кемінде 50 мм болып көзделеді.

65. Жүк маркасын тағайындаған ұйымның белгісі жүк маркасы белгісінің дөңгелегінің ортасы арқылы өтетін көлденең сызық арқылы белгіленеді. Белгілер «Р» және «С» әріптерінен құрылады, олардың биіктігі 115 м ал ені дөңгелеу жағы бойынша орналасатын 75 мм болып келеді.

66. Дөңгелектер, сызықтар және әріптер ақ немесе сары бояумен қою тұйық фонда, ал қара бояумен ашық түсті фонда басылуы қажет. Олар алдын ала дәнекерленеді немесе Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған ұзаққа шыдайтын басқа да әдіспен басылады.



Ағашпен қапталған кемелерде олар сол қаптамаларға 3 мм тереңдікте кескінделіп басылуы тиіс.

Маркалар жақсы байқалатындай анық болуы керек және ±2 мм нақтылығымен су үсті бортының өлшенуінің мүмкіндігін қамтамасыз ету тиіс.

67. Осы Қағидада жүкті, балластты, қорларды орналастыру түрі пайдаланудың барлық жағдайларында кеменің конструкциясында артық қысым пайда болмайды және кеменің жеткілікті беріктілігі мен орнықтылығы қамтамасыз етілетіндей болжанады.

68. Кеме қатынасының тіркелімі конструкцияның беріктілігі ащы судағы жазғы су үсті бортына сәйкес келетін ватерсызыққа дейінгі шөгін диапазонына жеткілікті екендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл корпустың және қондырманың жалпы және жергілікті беріктілігіне қатысты болады, олардың мөлшерлері кеменің шөгініне, жабық қондырмалардың артқы қондырмаларының беріктілігіне, сонымен қатар, машина-қазанды шахталардың және оларды қорғайтын конструкциялардың, жәшіктер мен рубкалардың жүрмелі тамбурлардың беріктілігіне жатады.

Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы бойынша жасалған кеме немесе басқа да танылған сыныптау қоғамның Қағидасы бойынша жасалған және осы Қағиданың талаптарын қанағаттандыратын кеме тиісті су үсті борты үшін жеткілікті беріктілігі бар ретінде қаралады.

69. Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 2-бөлігінің талаптары қолданылатын әр жаңа кеменің капитаны Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған, кеменің жүктелуі мен балласттауын кеме конструкциясында қажет емес қысымдардың пайда болуын болдырмайтындай жүргізуге мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратпен қамтылады.

70. Кеменің орнықтылығы шөгіннің барлық диапазонынан ең аз су үсті бортына сәйкес келетіндей, орнықтылыққа қатысты халықаралық талаптарды ескеретін Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 4-бөлігінің немесе басқа да танылған сыныптамалық қоғамның қағидасының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

71. Әр кеменің капитаны Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған ақпаратпен және оған кемені түрлі жағдайларда пайдалану кезінде жеткілікті орнықтылық қамтамасыз ету бойынша басшылықпен қамтылуы тиіс. Ақпарат Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 4-бөлігінің талаптарын ескерумен жасалуы тиіс.

72. Осы Қағидада люктардың, ашылатын саңылаулары мен желдеткіштердің орналасуының екі ауданы орналастырылған:

1) 1-аудан - басты перпендикулярдан алып қарағанда кеменің 1/4 ұзындығы шегінде орналасқан су үсті бортының және жоғары көтерілген квартердектің ашық палубалары;

2) 2-аудан - басты перпендикулярдан алып қарағанда кеменің 1/4ұзындығы шегінде орналасқан құрылыстардың ашық палубасы.

Басты перпендикулярдан алып қарағанда кеменің 1/4 ұзындығы шегінде орналасқан қондырманың биіктігі қондырманың ұлғайтылған стандартты биіктігінен асып кетсе, онда оның палубасы 2-ауданға жатады.

73. Жабық қондырманың артқы аралықтарындағы барлық саңылаулар болаттан жасалған есікпен жабдықталуы қажет, немесе аралыққа үнемі және берік нығайтылған ұшы бар басқа да материалдан жасалған есікпен жабдықталуы қажет. Есіктер саңылаулары жоқ арқалықтарға іспеттес нық орнатылады, және сол есіктер жабық кезінде су өткізбейтіндей етіп құрылуы тиіс.



Осы есіктердің су өткізбейтіндігін қамтамасыз ететін құралдар қысқыштар мен төсемелерден немесе басқа да баламалы заттан жасалуы және олар әрдайым арлықтарға немесе есіктің өзіне бекітіліп тұруы, есіктер аралық конструкцияның екі жағынан ашылып, жабылатындай етіліп орнатылуы қажет.

Есіктер әдеттегідей, сыртына қарай ашылуы тиіс. Ал ішіне қарай ашылатын есіктер тек Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы мақұлдауы болғанда ғана рұқсат етіледі.

74. Жабық қондырмалардың ұштары бойынша аралықтарға қол жеткізу үшін саңылаулар комингісінің биіктігі егер осы Қағидада басқасы айтылмаса, олар палуба үстінен алғанда 380 мм кем болмауы тиіс.

75. 1 және 2-ауданда орналасқан жүк және басқа да люктерге теңізбен ықпал еткенде, конструкция және су өткізбейтіндікті қамтамасыз ету құралдары және конструкциялары осы Қағиданың 89-тармағының талабына сәйкес және тең болуы тиіс.

Егер жобалау тапсырмасымен люк жапқыштарына қатысты есеп жүктемелері аталғаннан қарағанда үлкен болып қаралса, онда осы жапқыштар үлкейтілген жүктемелерге есептеліп жасалуы тиіс. Бұл ретте, конструкцияның беріктілігіне деген төменде келтірілген талаптар қолданылуы тиіс.

Осы Қағиданың 136-144-тармақтарында келтірілген контейнерленген кемелердің люкті жабылуына теңіздің әсері кезінде жағдайды қоспағанда, палуба қондырмасынан жоғары палубалардағы қорғалмаған люктарға қатысты комингстермен жапқыштарға арналған талаптарды осы Қағидамен регламенттелмейді.

76. Люктердің комингстері берік конструкциядан жасалуы тиіс, ал олардың палуба үстіндегі биіктігі 600 мм-ден аспайтындай болуы тиіс - 1 ауданда, 450 мм - 2 ауданда болуы тиіс.

77. Люк жапқыштарының әр тірек ені 65 мм-ден кем болмауы тиіс.

78. Егер люктің жапқыштары ағаштан жасалған болса, олардың жуандығы өңделгеннен кейін 60 мм-ден кем болмауы тиіс, ал тіректер арасындағы аралық кезінде кемінде 1,5 м.

79. Егер жапқыш болаттан жасалған болса, олардың беріктілігі материал ағымдылығының жоғарғы шегінің кіші мәні бойынша 1,25 беріктілік қорымен осы Қағиданың 90 және 91-тармақтарында көрсетілген сенімділікке есептелуі тиіс. Олар осы аталған жүктемелерді қолданғанда иілу 0,0056 аралықтан аспайтындай етіп жобалануы тиіс.

80. Егер алмалы бимстер жапқыштарды қолдау үшін болаттан жасалған болса, олардың беріктілігі 1-ауданда орналасқан 3,5 т/м кем болмайтындай етіп жасалады және 2-ауданда орналасқан люктердің 2,6 т/м кем болмайды, беріктілік қоры материалдың жоғарғы жиегіндегі ағымдылыққа қатысты 1,47 болады. Олар осы жүктеменің майысқандығы 0,0044 аралықтан аспайтындай етіп жасалады.

81. Осы Қағиданың 80-тармағында көрсетілген ұзындығы 100 м кіші кемелер үшін есеп жүктемелері мынадай мәнге дейін кішірейтілуі тиіс: ұзындығы 24 м болатын кемелерге және 1-ауданда орналасқан люктер үшін - 2,0 т/м және 2-ауданда орналасқан люктер үшін 1,5 т/м; 24 м ұзындықтағы кемелерде 100 м дейін есептеу жүктемелері осы Қағиданың 80-тармағында көрсетілгенге іспеттес сызықтық интерполяциямен алынады.

82. Алмалы бимстер мен жапқыштар орнына қолданылатын қорапты жапқыштар болаттан жасалса, олардың беріктілігі осы Қағиданың 90 және 91-тармақтарында көрсетілген жүктемелерге сәйкес келуі тиіс және олардың беріктілік қоры материалдың жоғарғы жиегіндегі ағымдылыққа қатысты 1,47 болуы тиіс.

Олар аралығы 0,0044 аспайтындай етіп жобалануы тиіс. Болаттан жасалған парақшалардың жуандығы қаттылық қабырғалары арасындағы қашықтықтан бір пайыз кем болуы тиіс немесе артықтығынан алып санағанда 6 мм ұлғаюда болуы тиіс.

83. Кәдімгі көмір қышқыл болаттан жасалған жапқыштардың беріктілігі мен қаттылығы көмір қышқыл болаттан жасалғаннан баламалы болып келуі тиіс. Сызбалар мен есептер Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына ұсынылады.

84. Алмалы бимстерге арналған тіректер мен ұяшықтар берік конструкцияға ие болуы керек және бимстердің сенімді де тұрақты нығайтылуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер жылжымалы бимстер қолданылса, құрылғы бимстердің жабық күйінде жақсы нығайтылып бекітілуін қамтамасыз етуі тиіс.

85. Қапсырмалар клиндердің конустығына сәйкес келуі тиіс. Қапсырмалардың ені 65 мм-ден кем болмауы тиіс, ал олардың арасындағы қашықтық - 600 мм-ден кем болмауы тиіс. Жанында орналасқан қапсырма люк бұрышынан алғанда 150 мм-ден аспайтын қашықтықта әрбір бойлық және көлденең жағынан орналастырылуы тиіс.

86. Шина мен клині тұрақты болуы тиіс, және олар жақсы қалпында сақталуы тиіс. Клиндер қатты тұқымдас ағаштан немесе оған тең келетін басқа материалдан жасалады. Олардың 1:6 конустығы және жіңішке ұшынан кемінде 13 мм болатын жуындығы болуы тиіс.

87. 1 және 2-аудандарда орналасқан әрбір люк жақсы қалыптағы брезентпен екі қабаттап жабылуы тиіс. Брезенттер стандарт пен салмақ пен сапасы мақұлданған су өткізбейтіндей және өте берік болады.

88. 1 және 2-аудандарда орналасқан барлық люктер үшін шиналарды орнатқаннан кейін брезенттердің үстіңгі жағына әр люк жапқыштарының әр секцияларына тұрақты және нық орналастырылуы үшін болат жолақтар көзделуі тиіс. Ұзындығы 1,5 м жоғары люк жапқыштары кемінде екі құрылғымен нығайтылады.

Тегістелмеген беткейлі құрылғыларды қолданғанда (мысалы болаттан жасалған тростардың найттары) брезентті тыстардың мүмкін болатын зақымданудан қорғау үшін шаралар қабылдануы тиіс.

89. 1 және 2-аудандарда орналасқан барлық люктер болаттан немесе басқа да соған тең келетін жапқыштармен жабдықталады. Жапқыштар теңіз әрекеті кезінде су өткізбейтіндей етіп жасалуы және қысқыштармен тығыздағыштармен қамтамасыз етілуі тиіс. Теңіз әрекеті кезінде нығайту және су өткізбеу құралы Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.



Құрылғы теңіздің қандай жағдайында болмасын су өткізбеушілікті қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсаттарда су өткізбеушілікті сынау алғашқы куәландыру кезінде жүргізілуі тиіс, сонымен қатар ол құрылғыны жаңарту үшін жыл сайын немесе уақыттың қысқа аралығында да өткізіледі.

Люктердің комнгстері осы Қағиданың



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет