Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет6/15
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
14-қосымшасының талаптарына жауап берулері керек.

153. 1-ауданда және А типтес кеменің кеңейтілетін шахталарында орналасқан қорғалмаған люктер болаттан немесе басқа да соған теңдес материалдан жасалған су жібермейтін жапқыштармен жабдықталады.

154. Фальшборты бар А типтес кемеде ашық палубаның 1/2 ұзындығындағы қорғалмаған бөліктерінен құрылған ашық леерлік қоршаулары болуы тиіс. Егер тұтас фальшборт орнатылған болса, оның төменгі жағындағы штормалық портиктердің алаңы фальшборттың жалпы алаңынан алғанда 30 % кем болмауы тиіс. Шистректің жоғарғы беткі жағы мүмкіндігінше төмен орналастырылуы тиіс.

Егер қондырмалар жәшікпен қосылған болса, су үсті борты палубасының қорғалмаған бөліктерінің барлық ұзындығы бойынша леерлік қоршаулар болулары тиіс.

Кеменің палубасында жүк операцияларының кезінде мұнай өнімдерінің құйылуын тоқтату үшін орналастырылған қоршалған комингстардың биіктігі 300 мм астам болса, онда оларда осы Қағиданың 149-тармағының талаптарына жауап беретін штормалық портиктары орналастырылуы тиіс. Кеменің теңізде болған кезде портиктердің жапқыштары кеме палубасынан су тогын жүргізу үшін кедергі жасамайтындай етіп орналастырылып, нығайтылуы тиіс.



 

 

5. Кемелерге ең аз су үсті бортының ұлғаюын тағайындау



 

155. Су үсті бортының ұлғаюын есептеу үшін кемелер А және В типтеріне бөлінеді.

156. «А» типті кемелер:



тек сұйық жүктерді тасымалдау үшін жобаланып жасалған кеме;

төсемшелермен жабдықталған, болаттан немесе соған іспеттес басқа да материалдан жасалған жабылатын су өткізбейтін жапқыштары бар жүк танкілеріне қол жеткізу үшін кішірек қуыстары бар ашық палубаның жоғарғы конструкциялы үздіксіздігіне ие болатын кеме;

жүктелген үй-жайларының су өткізгіштігінің аз коэффиценттері бар кемелер болып табылады.

157. А типтес кеме (мұнайқұйғыш, химиялық заттарды таситын, газ тасушы кемелерден басқа) егер оның ұзындығы 150 м асатын болса, және оған В типтес кемеге қарағанда кіші су үсті борты тағайындалған болса, жазғы жүк ватерсызығы бойынша жүктеу кезінде бір кез келген бөліктің батуына шыдауы қажет. Сонымен қатар, су өткізбеу коэффиценті:



0,95 - машиналық бөлімшелерден басқа, кез келген бататын бөліктер үшін;

0,85 - бататын машиналық бөлімшелерге қабылдануы тиіс.

Мұнай құятын, химия заттарын тасушы және газ тасушы кемелерге Теңіз кемелерін сыныптау және жасау Қағидасының 5-бөлімінің 3-бөлігінің талаптары орындалуы тиіс.

158. А типті кемеге су үсті борты осы Қағиданың 15-қосымшасында негізделгеннен кем болмайтындай тағайындалады.

159. Осы Қағиданың 156 және 157-тармақтарында жазылған А типті кемеге қатысты ережелерді қанағаттандырмаса, онда олар В типтес кемелерге іспеттес қаралады.

160. Осы Қағиданың 161-164-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағиданың 89 және 93-тармағының талаптарына жауап беретін 1-ауданда люк жапқыштарымен жабдықталған В типтес кемелер су үсті борты осы Қағиданың 16-қосымшасында негізделгеннен кем болмайтындай тағайындалады.

161. 100 м асатын ұзындықтағы В типтес кез келген кемеге Кеме қатынасы тіркелімі осы Қағиданың 168-тармағында талап етілетінмен салыстырғанда су үсті бортының кішіреюіне рұқсат бере алады, егер сол кішірейтілумен:

1) экипажды қорғау шаралары В-60 типті кемелерге көзделген осы Қағиданың 149-тармағындағы талаптарына жауап берсе;

2) палубадан суды алу талаптары осы Қағиданың 125-134-тармақтарына жауап берсе; сонымен қатар су үсті бортының палубасында құдық туғызатын фальшборттағы штормалы портиктердің алаңы фальшборттың жалпы көлемінен 25 % кем болмайтындай үлесті құрастырса;

3) 1 және 2 аудандардағы люк қақпалары осы Қағиданың

89-93-тармақтарының талаптарына жауап берсе, сонымен қатар олардың тығыздалу және бастырылатын құрылғыларына басты назар аударған жөн. Басты перпендикулярдан алғанда 0625 L дейін ауданда су үсті борты палубасында орналасқан комингсіз люктер үшін люк крышкасына деген есептеу жүктемесі 89 және 90-тармақтарда көрсетілгендерге қатысты 15% дейін ұлғайтылады.

Жүктерді тасымалдауға арналған кемелердегі жүк люктерінің қақпақтары Теңіз кемелерін сыныптау және жасау Қағидасының 3-бөлігінің талаптарына жауап берулері тиіс.

4) жазғы жүк ватерсызығына жүктелген кеме бір кез келген бөліктің батуынан кейін (машиналық бөлімшені қоспағанда) оның су өткізгіштік коэффицентін 0,95 тең етіп қабылдай отыра, тепе-теңдіктің қанағаттандырылатын жағдайларында сол жүзу қалпында қалдырылады. Осында ұзындығы 150 м асатын кеме бөлек қаралатын машиналық бөлікшенің батуына 0,85 су өткізгіштік коэффицентімен шыдауы тиіс.

5) машиналық бөлімшелеріне бағыттайтын жолшықтармен, қорғалмаған шахталар осы Қағиданың 72-74-тармақтарының талаптарына жауап береді.

162. 161-тармақтың талаптарына жауап беретін В типтес кемелерге арналған су үсті бортын есептеу кезінде осы Қағиданың 16-қосымшасында көрсетілген ұлғаюына ұзындығы сәйкес келетін кемелер үшін 6 және 5 кестелік мағынаға қарағанда 60% асатындай етіп кішірейтуге рұқсат етілмейді.

163. Осы Қағиданың 161-тармағымен шектелетін кестелі су үсті бортының кішірейтілуі егер кеме осы Қағиданың 151-152 және 153-154-тармақтарының талаптарына жауап берсе (егер ол А типтес кемеге іспеттес болған болса) және сонымен қатар осы Қағиданың 161-тармағының 4) тармақшасындағы бір кез келген зақымдалған ауданның батуы туралы көрсеткішін қоспағанда, осы Қағиданың 161-тармағының 1) тармақшасының ережелерін қанағаттандыратын болса, осы Қағиданың 15 және 16-қосымшалары бойынша ұлғаюдағы мағыналар арасындағы толық айырмашылыққа келтірілсе, олардың бірі де машиналық бөлімше болып табылмайтын ұзындығы бойынша екі кез келген араласқан бөліктің батуы туралы көрсеткіш ретінде қаралады.

Сонымен қатар, жазғы жүк ватерсызығы бойынша жүктелген 150 мм ұзындықтағы кеме бөлек қаралатын машиналық бөлімшенің батуынан кейін тепе-теңдіктің қанағаттандырылатын жағдайында жүзу қалпында қалуы тиіс.

164. Осы Қағиданың 75-88-тармақтарына сәйкес (осы Қағиданың 92-тармағын қоспағанда) жапқыштармен жабдықталған 1-ауданда жүк люктеріне ие болатын В типтес кемелерге су үсті борты осы Қағиданың 18-қосымшасында'>18-қосымшасында көрсетілген үлеске үлкейтілген осы Қағиданың 16-қосымшасының ұлғаюы мағыналары негізінде тағайындалады.

165. Лихтерге, баржаларға және басқа да өзіндігінен жүрмейтін кемелерге су үсті борты осы Қағидаға сәйкес тағайындалады. Бірақ, бортында адамдар жоқ баржаларға осы Қағиданың 148-150, 151-152 және 207-212-тармақтарының талаптары қолданылмайды. Бортында адамдар жоқ және су үсті бортының палубасында тек 1,5 шаршы метрден аспайтын кішірек қол жеткізгіштік қуысы бар мұндай баржаларға болаттан немесе басқа да соған іспеттес материалдан жасалған су өткізбейтін жабық қақпақшалары бар төсемелермен жабдықталған су үсті борты осы Қағидаға сәйкес есептелгеннен 25% кем алынып тағайындауға рұқсат етіледі. Бұл ретте жүк тасымалдайтын баржаларға аталған кішірейтілу В типтес кәдімгі кемеге есептеліп жасалған тек су үсті бортына ғана жүргізіледі.

Ашық палубада жүк тасымалдайтын баржа орнықтылығы Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

Алмалы-салмалы табақтар егер олар жобамен көзделген болса, олар палубаны қаптамаға тең келетін су өткізбеушілікпен, конструкциясы жағынан беріктілікті және тұтастықты қамтамасыз ететіндей етіп жобаланып жасалуы тиіс және олар палубаға жақын орналасқан бұрандалармен нығайтылып бекітілуі тиіс.

166. Осы Қағиданың 157, 161, 162 және 163-тармақтарына сәйкес есептеу кезінде шығыс қойылымына және кеме жүктелімінің зақымдану мөлшеріне және бату сипатына сонымен қатар Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасының 5-бөлігінің 4-бөлімінде көрсетілген батқанынан кейінгі кеменің тепе теңдік шарттары талаптары қанағаттандырылады.



Мұнай құятын химия заттарын тасушы және газ тасушы кемелерге Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптары орындалады.

167. Қондырма стандартты биіктігі осы Қағиданың 18-қосымшасы бойынша анықталады.

168. Осы Қағиданың 169 және 170-тармақтарында көзделген ережелерді қоспағанда, S қондырмасының ұзындығы L кемесінің ұзындық шегінде орналасқан қондырманың сол бөліктеріне теңдеседі.

169. Егер жабық қондырманың соңғы ауыстырылымы сыртқа шығарылып тұратын нысаны болса, онда қондырма ұзындығы ауыстырғыштың баламалы тегіс аралығына қатысты сол шығып тұрған аралықты ұлғайтылады. Бұл ұлғаюы кеме ұзындығы бойынша ауыстырылымнан 2/3 тең болуы тиіс. Осы ұлғаюды айқындау кезінде назарға алынатын сыртқа шығып тұратын бөліктің ең үлкен бөлігі осы Қағиданың 19-қосымшасына сәйкес қондырма ауыстырылымының оның бортымен қиылысу орнындағы қондырма еніне 1/2 тең келуі тиіс. Парабола қондырма шегіне және оның сыртқа шығарылатын бөлшектері қатарына толық енгізілуі тиіс.

170. Егер қондырма аралығының нишасы болса, онда қондырма ұзындығы ниша ұзындығының ортасындағы енге бөлінген ниша алаңына тең болатын ұлғаюға кішірейтіледі.

Егер ниша кеменің диаметрлік тегістігіне қарағанда симметриялы емес болса, онда ол кеменің екі бортына қолданылатын ретінде қаралуы тиіс.

Нишаның палуба үстіндегі жапқыштары болмауы мүмкін.

Егер осы Қағиданың 98-101-тармақтарының талаптарына жауап беретін жүк трюмінің люгі, қондырма нишасында орналасқан болса, онда мұндай люк қондырма бөлігі ретінде қаралады және қондырма ұзындығындағы кішірейтілулер нишаның есепке алу мақсатында жүргізілуі талап етілмейді. Қондырма палубасынан алынып өлшенген люк комингісінің биіктігі осы Қағиданың 96-тармағының талаптарына жауап беруі тиіс.

Егер қондырманың диаметриялық тегістіктің әр жағы бойынша сыртқа шығарылулары болса, онда кеме енінің 30% осы Қағиданың 176-тармағына сәйкес қосылып өзгертілуі тиіс, дегенмен, бұл жерде қондырманың баламалы ауыстырылымы парабола нысанына ие болатындығын болжау керек. Бұл параболаның диаметрлі тегістіктегі биіктігі болуы керек және ол қондырманың нақты ауыстырылымының арасынан өткізіліп, кеменің бортына ұзындығына созылады. Парабола қондырманың шегіне толық енгізілуі тиіс.

171. Төменге бағытталған ұштық еңкею аралығы бар қондырма ұзындығы мынадай түрде анықталады:

1) егер қондырма биіктігі стандарт биіктігіне тең болса немесе одан кіші болса, S ұзындығы осы Қағиданың 20-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.

2) егер қондырма биіктігі стандарттан артық болса, S ұзындығы осы Қағиданың 21-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.



3) жоғарыда аталғандар базисті сызыққа қатысты болатын бағыттау 15 градусқа тең немесе одан жоғары болғанда қатысты болады. Егер бағыттау 15 градустан кіші болса, онда қондырма ойпаттық ретінде қаралады.

172. Стандартты биіктіктегі жабық қондырмадағы Е есептік ұзындығы осы Қағиданың 173-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ұзындығына тең келуі тиіс.

173. Егер стандартты биіктіктің жабық қондырмасы 0,045 дейін жететін ұлғаюда кеме бортына жетпесе, есептік ұзындық қондырманың ені қатынасына көбейтілген оның еніне деген ұзындықтың орта шеңберіндегі кеменің осы қимасындағы ұзындыққа тең келуі тиіс.

Егер оның ұзындығының бөліктерінде қондырма борттардан шығып кетсе, ол тек осы шығарылған бөлікке ғана қолданылуы тиіс.

174. Егер жабық қондырманың биіктігі стандартталғаннан кем болса, онда есеп ұзындығы стандарттың нақты биіктігіне қатысты болып келетін пропорционалды кішірейтілген ұзындыққа тең келуі тиіс. Қондырманың биіктігі кезінде стандарттағыдан артық басқа ешқандай есеп ұзындығы жүргізілмейді.

175. Жоғарылатылған квартердектің есеп ұзындығы егер тұтас ұштық аралыққа және стандарттан кем болмайтын биіктікке ие болса, оны нақты ұзындығына тең болып қабылданады. Стандарттан кем болып келетін квартердектің биіктігі кезінде оның есеп ұзындығы пропорционалды кішірейтілген квартердектік нақты биіктігіне оның стандартты биіктігіне сәйкес келетін квартердек биіктігіне қатысты болып келеді.

Жоғарылаған квартердектің есеп ұзындығы артқы жақтың перпендикулярынан алғандағы 0,6 L шегіндегі тек оның ауқымды мағынасына дейін ескере алады. Бұл жағдай жоғарылаған квартердекпен бірге оның юті болған жағдайларға жатады.

Егер жоғарылаған квартердектің аралығында теңіз әрекеті кезінде су өткізбейтін жапқышы бар кескіні болса, мұндай квартердек ют ретінде қаралады, ал оның биіктігі стандарттағыдан кем болып келеді. Су үсті бортының барлық ұзындығы мен шеткейі бойынша қондырма орнатылған кемелерде осы қондырманың бөлігі артқы жақтың перпендикулярынан 1,6 L аса ауқымды ұзындығына дейін жоғарылатылған квартердек ретінде қаралады. Сонымен қатар, G су жібермейтін аралықта артқы жақтың перпендикулярынан 0,6 L қашықтыққа дейін болмаса, қондырманың басты беткейлі ұшындағы аралығы осындай аралықтың ролін атқарушы ретінде қаралады.

176. Есеп ұзындықтарын анықтау кезіндегі жабық болып табылмайтын қондырғылар ескерілмейді.

177. Кеменің бортына жетпейтін жәшік немесе соған іспеттес болып келетін конструкция мынадай шарттарды орындау кезінде ескереледі:

1) жәшіктің беріктілігі қондырма беріктігінен кем болмағанда;

2) люктер жәшіктің палубасында орналастырылса, люктердің комингстері мен жапқыштары осы Қағиданың 72-74, 75-88 және 89-95-тармақтарының талаптарына жауап берсе.

Су үсті бортының есебіне енгізілген жәшіктің қабырғалары тұтас болуы тиіс. Саңылау типтегі борт иллюминаторлары және бұрандамен бекітілген жапқыштары бар лаздарды қолдануға рұқсат етіледі. Жәшіктің палубалық стрингерінің ені қанағаттандырылған өтумен жеткілікті көлденеңді беріктілікті қамтамасыз етеді. Су үсті борты палубасының ашық бөлігінде жәшік орналасқан бөліктерде су жібермейтін жапқыштары жабдықталған қол жетімділікті қамтамасыз ететін азғантай саңылау рұқсат етіледі;

3) леерлік қоршаулармен қоршалған үнемі жұмыс жасайтын тұғыр кеме ұзындығы бойынша жәшік палубасымен немесе қондырмамен қосылған үнемі өтілетін өту көпірлері бар бөлектенген жәшік палубаларымен қамтамасыз етіледі;

4) желдеткіштер жәшікпен қорғалған және су жібермейтін жапқыштармен немесе басқа да осыған ұқсайтын құралдармен жабдықталған;

5) ашық леерлік қоршаулар жәшік орналасқан бөлікте су үсті бортының ашық бөліктеріндегі палубада, былайша алғанда, олардың ұзындығының жартысына қарай орнатылған. Егер тұтас фальшборт орнатылған болса, штормалық портиктарының төменгі жағындағы алаңы фальшборттың жалпы көлемінен алғанда 33 % кем болмауы тиіс, ширсректің жоғарғы беткейі мүмкіндігінше төмен қарай бағытталып орналастырылуы тиіс;

6) машиналық шахталар стандартты биіктіктегі жәшікпен, қондырмамен немесе сондай биіктіктегі және сондай берік рубкамен қорғалған;

7) жәшіктің ені 0,65 м құрайды;

8) қондырмасы жоқ кемеде жәшік ұзындығы кемінде 0,6L құрайды.

178. Жылжымайтын жүк люктері егер осы Қағиданың 176-тармағының барлық талаптары орындалған болса, су үсті бортын есептеу кезінде жәшіктер ретінде қаралады.



Сонымен қатар, осы Қағиданың 177-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген палубалы стрингер люктердің жылжымайтын комингстерінің ішкі жағына қарай орналастырылады және кеменің әрбір борты бойынша 450 мм кем болмайтын еркін өтуді қамтамасыз ететін тұтас тиісті қапсырылған және бекітілген табақша тәріздес болады.

Мұндай стрингер су үсті борты палубасының үстіңгі жиегіне мүмкіндігінше жоғары орналастырылады.

Люктердің жапқыштарын бекітуге арналған құрылғылар стрингерден немесе өтуден алғанда қол жетімді болуы тиіс.

Жәшіктің ені люктердің бойлық комингстері арасымен өлшенеді.

179. Жәшік су үсті бортының есебіне енгізіліп, мұндай қондырмаға ют, орта қондырма және бак тәрізді сыйғызылса, онда саңылаулар жәшікке және қондырмаға бір болып табылатын ауыстырылымның сол бөлігіне орнатылмауы тиіс. Ауқымды қуыстарға, мысалға алғанда құбыр өткізгіш, кабель, бұрандамен жапсырылған жапқыштары бар саңылауларға арналған қуыстарға артықшылық беріледі.

180. Жәшіктің стандартты биіктігі осы Қағиданың 18-қосымшасында көрсетілген қондырманың, бірақ жоғарылатылған квартердектің биіктігіне емес стандартты биіктігіне тең болады.

181. Жәшіктің есептік ұзындығы оның орта енінің кеме еніне қатысты көбейтілген стандартты биіктіктегі ескерілетін жәшіктің толық ұзындығына тең.

182. Егер жәшіктің биіктігі стандартты биіктіктен кіші болса, онда оның есептік ұзындығы стандартқа қатысты болатын оның нақты биіктігінен алғанда пропорционалды түрде кішірейтіледі.

Егер жәшіктің биіктігі стандарттан асып кетсе, оның есептік ұзындығына ешқандай ұлғайтылулар жүргізілмейді.

Егер люк комингісінің биіктігі жәшіктің палубасында осы Қағиданың 76-тармағының талап етілетіннен кем болса, онда жәшіктің нақты биіктігінен комингстің талап етілетін және нақты биіктігі арасындағы айырмашылыққа сәйкес келетін есеп айыру көзделеді.

Егер жәшіктің нақты биіктігі стандарттағыдан кіші болса, онда комингстің талап етілетін биіктігі барлық жағдайларда 600 мм тең болып қабылданады.

Егер стандарттағыдан кіші комингс биіктігінде Кеме қатынасы тіркелімінің мақұлдауы бойынша комингстердің стандартты биіктігіне қойылатын талаптардан босатылған жәшіктің палубасында азғантай люктер болса, жәшіктің нақты биіктігінің кішірейтілуі талап етілмейді.

Егер жәшік ретінде жүк люгі қаралатын болса, онда жәшіктің есептік ұзындығы ретінде ұлғаюдың ауқымдылығына алынып кішірейтілген люк комингстерінің биіктігі қабылданады: 600 мм немесе егер ол Қағиданың 178-тармағында көрсетілгендей люктің ішкі жағына орналасқан болса, люктің жоғарғы комингсінің стрингерге дейінгі қашықтықта орналастырылады.

183. Икемді ойпаттық борт жанындағы палубадан алғанда ойпаттық сызығы арқылы өтетін киль сызығынан қарама-қарсы өтетін кеменің ұзындығының ортасынан алынып базис сызығына дейін өлшенуі тиіс. Егер ойпаттық төменгі нүктесі кеменің ұзындығының ортасымен тең келмесе, базис сызығынан төмен қарай орналастырылған қисық ойпаттық бөлігінің үлестірімі теріс ретінде ескеріледі.

184. Дифферентпен жобаланған кемелерде ойпаттық конструктивтік жүк ватерсызығына қарама қарсы жүргізілген базис сызығына қатысты өлшенеді.

185. Тегіс палубалы және қондырмалары бөлек орналастырылған кемелерде ойпаттық су үсті бортының палубасының жанында өлшенеді.

186. Палуба бортпен өзгеше түрде қосылған кемелерде және борттардың осы бөлігінде шығарылымдар немесе терең ойықтар бар болса, ондай жағдайда ойпаттық осы Қағиданың 


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет