Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 16 мамырдағы №280 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



Дата02.05.2016
өлшемі84.02 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 18:13:33
Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 Бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін

атқарушы

 

А. Бектұров

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

С.З. Қайырбекова

2011 жылғы 25 мамыр

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2011 жылғы 16 мамырдағы

280 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес әзірленген және кеме иесінің теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.

2. Теңіз кемелері экипаждарын флот түріне қарамастан кеме иесі осы қағидаға қосымшаға сәйкес тамақ рационымен қамтамасыз етеді.

3. Кеме иесі жүріс уақыты мен портта тұру уақытын қоса, теңіз кемелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ кеме экипажы мүшелері өз күштерімен немесе зауыттық жағдайда жүзеге асыратын жөндеу жұмыстары кезінде олардағы экипаждар мүшелеріне тамақ рационын ұсынады.

Тамақ рационы сондай-ақ теңіз кемелері экипажы мүшелеріне олардың кеме бортында ауруы кезінде ұсынылады.

4. Кемелер экипаждарының жұмыс режимін ескере отырып, теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін:



1) үш рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде тәулік ішінде болған кезде;

2) екі рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде 12 сағат шегінде болған кезде;

3) бір рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегіңде (8 сағат) болған кезде.

5. Вахталық қызметті және түнгі уақыттағы жұмысты атқарған кезде тәуліктің түнгі уақытында қызмет атқаратын теңізшілер мен қызметкерлер үшін қосымша тамақтану ұйымдастырылады.

6. Камбуз жұмысының кестесі жұмыстың кемелік кестемен үйлестіріледі.

7. Еңбектің ерекше зиянды жағдайымен байланысты адамдар үшін емдік-профилактикалық тамақ көзделеді.



 

 

2. Теңіз кеме экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі



 

8. Кеме иесі теңіз кемелері экипажының бір мүшесіне тамақ рационының тәуліктік құнын, олар белгілеген нормаларды, өнімдер атауларын және олардың нақты бағасын негізге ала отырып белгілейді.

9. Жүзу құрамына тамақ рационынның құны ақшамен өтелмейді.

10. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды, сумен, ас үйлік және асханалық жабдықпен, азық-түлікті алу және сақтауға арналған ыдыспен жарақтауды қамтамасыз етеді.

Кеме иесі анық сапасыздық белгісі бар (бүлінген, бұзылған, ластанған) тамақ өнімдерінің қауіпсіз екенін куәландыратын және оның тегін растайтын құжаттар болмаған кезде, белгіленген жарамдылық мерзімдері немесе өткен жарамдылық мерзімдері болмаған кезде, таңбалауы болмаған кезде, ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмеуі кезінде оларды қабылдауға және іске асыруға жол бермейді.

11. Теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды кеме иесі кеме капитаны арқылы қамтамасыз етеді.

12. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін тамақ рационымен қамтамасыз ету үшін өнімдерді сатып алуға арналған ақша қаражатын кеме капитанына береді.

13. Өнімдерді ұқсас тамақ өнімдеріне консервіленген түрде ауыстыруға, сондай-ақ теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін шарттарға сәйкес қоғамдық тамақтанудың жағалау ұйымдары арқылы ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруға рұқсат етіледі.



 

Теңіз кемелері экипаждарын



азық-түлікпен қамтамасыз ету

қағидасына қосымша

 

 

Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлігінің тегін



рационы және нормалары

 

Азық-түліктердің атауы

Тәулігіне бір адамға арналған норма (грамм)

Нан - барлығы

550

соның ішінде:

 

қара нан

200

бидай нан

300

тәтті нан

50

Ұнға шаққандағы нан

375

Жоғарғы және бірінші сорт бидай ұны фортификацияланған (байытылған)

10

Крахмал

5

Жармалар

60

Бұршақтар

20

Макарон бұйымдары

40

Сары май

60

Майлар басқа да

10

Маргарин

10

Өсімдік майы

20

Сүт және сүт өнімдері - барлығы

200

соның ішінде:

 

сүт

125

қаймақ

25

ірімшік

30

сыр

20

жұмыртқа (дана)

1

Ет және ет өнімдері - барлығы

290

соның ішінде:

 

ет

250

шұжық бұйымдары

30

ет консервілері

10

Балық, балық өнімдері және теңіз өнімдері - барлығы

110

соның ішінде:

 

балық

60

сельдь

20

балық консервілері

20

теңіз өнімдері

10

Қант және кондитерлік бұйымдары

120

Шай

5

Кофе

3

Какао

2

Картоп

400

Көкөністер - барлығы

500

соның ішінде:

 

пияз

60

көк (ассортиментте)

80

жас қызанақ

50

жас қияр

50

жас қырыққабат

60

сәбіз

60

қызылша

60

сарымсақ

5

қызанақ-паста

25

тұздалған өнімдері

50

Кептірілген жеміс-жидектер

30

Жеміс-жидектер - барлығы

260

соның ішінде лимондар

10

Шырындар

100

Йодталған тұз

30

Дәмдеуіштер және дәм қосарлар

8

Жас ашытқылар

15

Өнеркәсіптік өндірілген тұздықтар

10

 
Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет