Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №213 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 17:30:16
Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 Бұйрығы

 

 «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2011 жылғы 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Е. Дүйсенбаев

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің міндетін

атқарушының

2011 жылғы 21 сәуірдегі

213 бұйрығымен бекітілген



 

 

Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Кеме қатынасы тіркелімімен (бұдан әрі - Кеме қатынасының тіркелімі) ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптауды (бұдан әрі - сыныптау қызметі) жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Кеме қатынасының тіркелімінің сыныптамалық қызметіне ішкі суларда жүзетін және аралас «езен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық құжаттамасын қарау және келісу (бұдан әрі - кемелер), оларға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес материалдар мен бұйымдарды дайындауға, кемелерді жасауға техникалық бақылау, сондай-ақ әрбір кеменің барлық пайдалану кезеңі бойынша оны шығысқа жазғанға дейінгі куәландыру негізінде тиісті құжаттарды ресімдеу және берумен сыныпты растау, жаңарту және қалпына келтіру жатады.

3. Сыныптау және техникалық бақылауға олардың тиесілігіне қарамастан ішкі су жолдарында пайдалануға арналған кемелер жатады:



1) жолаушылар;

2) басты қозғалтқышының қуаты 55 киловатт (75 ат күші) жолаушыларға арналмаған өздігінен жүретін ішкі су жолдарының кемелері;

3) сыйымдылығы кемінде 80 регистрлық тонна өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелер.

4. Кемелерді сыныптауды кеме иелерінің өтінімі бойынша Кеме қатынасы тіркелімімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

5. Кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім берген жағдайда сондай-ақ осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілмеген объектілерге қатысты сыныптамалық қызметті жүзеге асырады.

6. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:



1) әуе жастығындағы кеме (бұдан әрі - ӘЖК) - қуысқа үнемі түп астынан қысымды ұлғайтумен әуе жастығы деп аталатын, жүрістегі немесе жүрістегі емес оның барлық көлемі немесе айтарлықтай бөлігі ауаның артық қысым күшімен су үстінде (топырақтың, мұздың) тұратын, су бетінде қалқып жүзетін кеме;

2) глиссерлейген кеме - негізгі режимі су бетінде сырғу болып табылатын, гидростатикалық күштердің мардымсыз болу салдарынан, негізінен, кеме түбіндегі су күшінің әсерінен су үстінде қалқып тұратын кеме;

3) дүркін-дүркін жүзу - конструкциясы, су үсті борты, жабдығы, керек-жарағы бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қосымша талаптары және жүзу ауданы, жел-толқын режимі, маусымдық, мұздық жағдайлар бойынша шектеулер орындалған жағдайда жүзеге асырылатын аса жоғары бассейнде кемені жүйесіз пайдалану;

4) кемені жаңарту - жүзеге асырғаннан кейін кеме корпусының, механизмдерінің және электр жабдықтарының техникалық жай-күйі кеме иесімен жобаланған мерзім кезеңінде кеменің арнайы шарттарда сенімді пайдалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген және кеме иелерімен жүргізілген іс-шаралар кешені;

5) кеме сыныбы - кемені сыныптау кезінде берілетін және кеменің конструциялық айрықшылығын және оның пайдаланудағы шартын сипаттайтын шартты белгілердің жиынтығы

6) қорғаныш орны - кемеге қауіп төнетін жағдайлар туындаған кезде, оны жасыру үшін пайдалануы мүмкін, табиғи немесе жасанды кез келген қорғалған акватория;

7) сыныптау куәлігі - кемеге сынып беру кезінде Кеме қатынасы тіркелімі беретін кеме құжаты;

8) сыныпты жаңарту - бұрын сыныбы болған, бірақ мерзімі өткен немесе тоқтата тұрған кемеге сыныптау куәлігін беру;

9) сыныпты қалпына келтіру - бұрын сыныбы болған, бірақ мерзімі өткен немесе кемеге сыныптау куәлігін беру;

10) сыныпты растау - бұрын осы сыныбы болған кемеге сыныптамалық куәлігін ұзарту;

11) су асты қанатындағы кеме (СҚК) - пайдалану режимінде қозғалыс кезінде су асты қанатында туындайтын гидродинамикалық күштермен су бетінде тұратын, су асты қанатты кемелер.

12) экран-план - ұшу режимін пайдаланудағы барлық салмағы тіреу бетінің (су, мұз) шекарасына жақын көтеру беттерінде (қанатта) туындайтын аэродинамикалық көтеру күші арқылы ұстанатын кеме;

7. Қағидада қолданылатын өзге де ұғымдар Ішкі су көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.



 

 

2. Техникалық құжаттаманы қарау және келісу тәртібі



 

8. Кеме қатынасы тіркелімі материалдар кемелерді жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту және жөндеу, бұйымдарды жасау мен жөндеу және кемелерде орнату үшін материалдарды дайындаудың техникалық құжаттамасын - техникалық жобаларды, жұмыс құжаттамасын, техникалық шарттарды, стандарттарды және басқа да техникалық құжаттарды (бұдан әрі - техникалық құжаттама) қарайды және келіседі.

9. Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге ұсынылатын техникалық құжаттамалардың тізбесі осы Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген.

10. Техникалық құжаттама Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға объектіні жасауға дейін түпнұсқа немесе нотариалды расталған көшірме түрінде ұсынылады.

Бұл ретте шетелдік кеме жасаушы ұйыммен жүзеге асырылатын кемені жасау, жаңғырту және жөндеу кеме иесінің бастамасы бойынша ұсынылады.

11. Жаңа шешімдер қолданылған жағдайда Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, сондай-ақ тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеулік пысықтаулар ұсынылады. Мұндай құжаттар келісуге жатпайды. Оларды қарау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қорытынды-хаты (кері қайтару) жасалады.

12. Бұрын келісілген техникалық құжаттамаларға енгізілген өзгерістер Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.

13. Кемені жасау, әзірлеу, кемеде орнатуға арналған бұйымды жөндеу немесе материалды дайындау процесінде туындайтын келісілген техникалық құжаттамадан барлық ауытқулар, Кеме қатынасы тіркелімімен және кеме жасауға, әзірлеуге немесе кемеге орнатуға арналған бұйымды жөндеу немесе материалды дайындауға бақылауды жүргізетін тиісті Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерлерімен келісіледі.

14. Кеме қатынасы тіркелімі есептеу кезінде есептеу операцияларының дұрыстығын тексермейді, соңғы нәтижелерін ғана қарайды.

15. Техникалық құжаттамаларда Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасында белгіленгеннен айрықшаланатын шешімдер болған кезде біліктілігін растайтын кәсіби дайындығы және дипломы бар, тиісті қызметкерлерімен конструкторлық бюросы немесе техникалық бөлімі бар жобалау, кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдары осындай шешімдердің мәнін техникалық негіздемесін баяндап беріп, олардың тізбесін ұсынады.

16. Кеме қатынасы тіркелімі қорытынды хатта (кері қайтару) ұсынылған тізбе бойынша қабылданған шешімдерді хабарлайды. Тізбеге енгізілмеген ауытқулар келісілген болып саналмайды және Кеме қатынасы тіркелімі мұндай жағдайда объектілерді жобалаудың, жасаудың немесе дайындаудың кез келген келесі кезеңінде олардың алынып тастауын талап етеді.

17. Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге ұсынылатын барлық құжаттама құпиялы болып табылады және үшінші тарапқа оның иесінің жазбаша келісімі арқылы ғана беріледі.

18. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық құжаттамаларды келісімінің қолданылу мерзімі, қолданылу мерзімі шектеусіз кемелерді жөндеу, жаңғырту және қайтадан жабдықтаудың техникалық құжаттамаларын қоспағанда, 6 жылды құрайды.

19. Көрсетілген мерзімі өткен соң немесе техникалық құжаттаманы  келісу және кемені жасауды бастау күндерінің арасындағы үзіліс 3 жылдан артық болған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасында көрсетілген кезеңіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және қайта келісуді есепке ала отырып техникалық құжаттамалар түзетуге жатады.



 

 

3. Техникалық бақылау



 

20. Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылауды ұйымдардың өтінімі бойынша шарттық негізде жүзеге асырады.

21. Техникалық бақылау объектілерінің номенклатурасы, тексеру, өлшеу және сынақтан өткізу көлемі мен әдістері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді және әрбір жағдайда, өндірістің нақты жағдайын ескере отырып, шарт жасау кезінде нақтылауға жатады.

22. Техникалық бақылау шартына Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынатын объектілерді соңғы тексеру тізбесі және технологиялық операциялар қоса беріледі.

Көрсетілген тексерулер кеме жасаушы және кеме жөндеуші ұйымдардың персоналдарымен жүзеге асырылады және тиісті құжаттармен ресімделеді.

23. Кеме жасаушы және кеме жөндеуші ұйымдар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне техникалық бақылауды жүзеге асыру үшін мынадай шарттарды қамтамасыз етеді:



жұмыс үшін талап етілетін техникалық құжаттаманы ұсынады;

объектілерді тексеру жүргізуге дайындайды;

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен техникалық бақылау жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

объектілерді Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне тексеруге ұсынатын уәкілетті лауазымды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді;

объектілерді тексеру мен сынақ өткізу үшін күні мен тексеруді өткізу орны көрсетілген Кеме қатынасы тіркеліміне уақытылы өтінім жібереді.

24. Техникалық бақылау жүргізудің көрсетілген шарттарын орындамаған кезде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексеруді өткізуден және сынауларға қатысудан бас тартады және үш күн мерзім ішінде Кеме қатынасы тіркеліміне бас тартудың жазбаша негіздемесін жолдайды.

25. Материалдар мен бұйымдарды кемелерге орнатуға оларға тек Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары болғанда ғана рұқсат етіледі.

26. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша кемеге орнатылатын материалдар мен бұйымдарға құжаттарды беру орнына, ауысым-қосалқы бөлікті қоса, дайындаушы ұйымның жаппай шығарылатын материалдар мен бұйымдарға құжаттарды, оларға қол қою және Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің жеке мөртабанымен растау арқылы растауға жол беріледі.

27. Кеме қатынасы тіркеліміне жаңадан және алғашқы ұсынылатын типтік материалдар мен бұйымдар мақсаты бойынша қолданылу үшін Кеме қатынасы тіркелімімен келіседі.

 

 

4. Техникалық есепке қою, шығару және сыныпты тағайындау тәртібі



 

28. Кемеге сынып оны Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебіне қойғаннан кейін тағайындалады.

29. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген әрбір кеме сыныпты тағайындау үшін Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебіне қойылады:



1) кеме жасалғаннан кейін;

2) тіркелу орны ауысқаннан кейін және осыған байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің басқа қызметкерінің ауданына ауысқаннан кейін;

3) басқа сыныптау ұйымы сыныбынан Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбына ауысқан кезде;

4) егер кеме бұрын тіркеуден алынған немесе Кеме қатынасының тіркелімі тіркеуінде болмаған жағдайда;

5) кеме иесі ауысқан кезде;

6) кемені Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауымен жасағаннан кейін.

30. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне техникалық есепке тұру үшін кеме иесімен ұсынылатын кеменің тіркелу орны бойынша қажет құжаттар:



1) кеме иесінің өтінімі;

2) дайындаушы - зауытпен берілген, кеменің паспорты (жаңадан алынған кемелер үшін түпнұсқа және көшірме);

3) орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат (егер кеме Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауынсыз жасалса);

4) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме)

5) сыныптау куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

6) есептен шығаруы көрсетілген, жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (түпнұсқа);

7) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемелері үшін түпнұсқа және көшірме);

8) куәландыру актісі (түпнұсқалар және көшірмелер);

31. Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауымен жасалған кемелерді техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:



1) кемені жасау шарты (түпнұсқа және көшірме);

2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

3) Кеме қатынасы тіркелімімен танылған ұйыммен әзірленген және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жоба;

4) дайындаушы - зауытпен берілген, кеменің паспорты (жаңадан жасалған кемелер үшін түпнұсқа және көшірме);

5) механизмдердің, жабдықтардың және жабдықтаулардың сертификаттары (түпнұсқа және көшірме);

6) дайын бұйымдарды техникалық қабылдау актілері (түпнұсқалар және көшірмелер);

32. Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауынсыз жасалған кемені техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:



1) кеме иесінің өтінімі;

2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

3) Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкестігі туралы талдау.

Егер кеме сериялық жобаға қарағанда конструктивтік ерекшелігі болса, Кеме қатынасы тіркелімі кеме жобасы бойынша конструктивтік ерекшелікке қатысты қосымша ақпаратты талап етеді.

Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкестікті талдауы екі жақтық келісім және/немесе осы кеме кімнің техникалық бақылауымен жасалғандығы бойынша сыныптамалық қоғамдардың құжаттарын өзара тану туралы меморондум болмаған жағдайда қажет.

33. Жаңғырту және жаңарту кезінде кемелердің типі мен белгісі ауыстырып кемелерді техникалық есепке алу үшін қажетті құжаттар:



1) кемені жаңғырту және жаңарту туралы өтінім;

2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

3) Кеме қатынасы тіркелімімен танылған ұйыммен жобаланған және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген кемелерді жаңғырту және жаңарту жобасы;

4) дайын бұйымдарды техникалық қабылдау актілері (түпнұсқа және көшірме), (әрбір жаңғыртылған және жаңартылған элементтері бойынша);

5) механизмдерге, жабдықтарға және жабдықтауға сертификаттар;

6) қабылдау сынағының актілері.

34. Бұрын пайдаланған кемелердің элементтерін қолдану арқылы жаңғырту және жаңарту кезінде (түпнұсқа және көшірме) кемелерді техникалық есепке алу үшін қажетті құжаттар:



1) кеме иесінің өтінімі;

2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

3) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген кемені жаңғырту және жаңартудың техникалық құжаттамасы;

4) механизмдер мен жабдықтарға сертификаттар;

5) дайын өнімдерді техникалық қабылдау актілері (түпнұсқа және көшірме), (әрбір жаңғыртылған және жаңартылған элементтері бойынша);

6) кеме иесімен орындалған бұрын пайдаланылған элементтердің ақаулық актісі;

7) қабылдау сынағының актілері.

35. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 30-34-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда кемені тахникалық есепке қоюдан бас тартады. Мұндай жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бас тарту себебін көрсетіп кеме иесін жазбаша түрде хабарлайды.

36. Басқа сыныптамалық органның бақылауымен жасалған кемелерді техникалық есепке қою кезінде осы Қағиданың 32-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

37. Осы Қағиданың 30-34-тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен салыстырып тексерілгеннен кейін кеме иесіне қайтарылады.

38. Кеме иесі қайта құрылғанда (кәсіпорындар немесе ұйымдар) кемелерге келесі түпнұсқа және көшірме құжаттарды ұсынғанда сыныптау куәлігі ауыстырылады:

1) кеме иесінің өтінімі;

2) жаңа құрылған кәсіпорынға алынған құжаттар;

3) сыныптау куәлігі.

39. Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын құжаттарға талаптар:



1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады, егер ұсынылған құжат шетел тілінде жасалған болса, онда оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса ұсынылады;

2) құжаттың мәтіні анық, жеке және заңды тұлғалардың атауы және деректемелері қысқартусыз жазылады;

3) тазартылған немесе сөздері сызылған және онда айтылмаған түзетулері бар құжаттар, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын оқу мүмкін болмайтындай етіліп зақымдалған құжаттар қабылдауға жатпайды.

40. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауына жататын кеме, тіркелу орны бойынша кеме иесімен Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің техникалық есебіне қойылады.



Егер, кеме тіркелу орнынан тыс пайдаланылса, уақытша техникалық есепке алу үшін осы ауданға қызметі таралатын Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне осы Қағиданың 30-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынумен кеме уақытша техникалық есепке тұруға жатады.

Кемені техникалық есепке уақытша қойғанда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері Жүзуге жарамдылығы туралы куәлігіне «уақытша» деген белгі қойылады.

Кеме уақытша орын ауыстырғанда (жалға алу), техникалық есептен алынбайды. Кеме иесі жазбаша түрде Кеме қатынасы тіркеліміне себебін және орын ауыстыру мерзімін көрсетіп жазбаша хабарлайды.

Осы тармақта көрсетілген жағдайларда, бұрынғы кеме сыныбы сақталады.

41. Бұрын техникалық есептен шығарылған кемені есепке алу жағдайында, кемеге алғашқы куәландыру жүргізіледі және жаңа тіркеу нөмірі беріледі.

42. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебінен кемені шығару мынадай жағдайда жүргізіледі:

1) шығысқа жазылған кезде;

2) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қызметі басқа ауданындағы жаңа тіркеу портына көшірілген кезде;

3) басқа сыныптау қоғамының сыныбына ауысқан кезде;

4) кеме иесінің негізді сұранысы жоқ болып, кеме екі жылдан артық мезгілде куәландыруға ұсынылмаған жағдайда;

5) кеме иесі ауысқан кезде, кеме иесі ауысқанда, кемені жаңғырту немесе жаңарту оның типі және белгісі өзгеруімен, кемені жаңғырту немесе жаңарту бір өңірлік қызметкерінің аумағында бұрын пайдаланылған кеме элементін қолданумен, кеме техникалық есептен шығарылмайды.

Мұндай жағдайларда бұрынғы және жаңа кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне жазбаша түрде ақпарат беруі тиіс, сонымен қатар сыныптау куәлігі ауыстырылады.

43. Кемені техникалық есептен шығару үшін қажетті құжаттар,


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет