Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»



бет2/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 1. Жалпы ережелер

 

17. Жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам, жөндеудің жоспарлық-алдын алу түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуден өтуі және оның толассыз жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін тәртібі осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленетін қалыпты күйде күтіп ұсталуы тиіс.



Ақаулықтардың пайда болуының алдын алу және жылжымалы құрам мен арнайы жылжымалы құрамның белгіленген қызмет ету мерзімдерін қамтамасыз ету оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін жауапты тұлғалардың жұмысында бастысы болуы тиіс. ТМВ арбашаларындағы жолаушылар вагондары поездарда 120 км/сағ-тан артық емес жылдамдықпен жүре алады.

18. Жүк пен жолаушылар вагондарының және тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту тәртібі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 26 ақпанындағы № 93 бұйрығымен бекітілген Жүк пен жолаушылар вагондарының және тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту қағидасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 6845) сәйкес жүргізіледі.

19. Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық жай-күйі бойынша ең жоғары жылдамдықтармен поездардың қауіпсіз және сазды қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан жасалып жатқан вагондар поездардың тиісті санаттарына қызмет көрсетуге тағайындалған перспективалық локомотивтердің ең жоғары конструкциялық жылдамдықтарымен қауіпсіз және сазды қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Өту алаңдары жоқ вагондарда арнаулы баспалдақтар және тұтқалар болуы тиіс.

20. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның, негізгі тораптарының конструкциясына өзгерістер енгізуге тек уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғана рұқсат етіледі.

21. Жылжымалы құрам жылжымалы құрам габариті талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

22. Жаңадан жасалған, сондай-ақ күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам оны магистральдық темір жол желісінде пайдалануға тапсырғанға дейін сыналуы және жеткізуші зауыттан қабылдануы тиіс.

23. Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның, әр бірлігінде мынадай айырудың анық белгілері мен жазбалары болуы тиіс: Мемлекеттік елтаңба (локомотивтерде және жолаушылар вагондарында), Қазақстанның темір жол ұйымының белгісі, нөмірі (жолаушылар вагондары үшін тіркелген депосының коды болатын), жасалған күні мен жері көрсетілген жасаушы зауыттың тақтайшасы, белгіленген жөндеу түрлері жүргізілген күн мен жер, ыдыстың салмағы (локомотивтерден және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамнан басқа).

Бұдан басқа, мынадай жазбалар жазылуы тиіс: локомотивтерде, моторвагонды жылжымалы құрамда және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда - конструкциялық жылдамдығы, сериясы, тіркелген депоның немесе басқа кәсіпорынның атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және қазанның куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар; жолаушылар вагондарында, қызметкерлерді жұмыстарды жүргізу орнына және кері қарай жеткізу көзделіп отырған моторвагонды жылжымалы құрам мен өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамда - орындар саны, жүк вагондарында - жүк көтергіштігі. Паровоздардың тендерлерінде сериясы, нөмірі және тіркелген темір жол ұйымының инициалдары көрсетілуі тиіс.

24. Әр локомотивке, вагонға және моторвагонды және арнаулы жылжымалы құрамның әр бірлігіне маңызды техникалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық паспорт (формуляр) жүргізілуі тиіс.

25. Локомотивтер және моторвагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам радиостанциялармен, Министрлік белгілеген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегіштермен, автоматты локомотив сигнал берулермен жабдықталуы, сондай-ақ тізбеге және тәртіпке сәйкес басқа да қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Жолаушылар локомотивтері электр пневматикалық тежеуді басқару құрылғыларымен, ал жүк поездарына арналған локомотивтер тежеу магистралінің тығыздығын бақылау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

26. Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен жабдықталады:

1) поездың тежелуін автоматты басқару жүйесімен немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесімен;

2) артық көрініс айналарымен;

3) өрт сөндіру жүйесімен - тепловоздар;

4) тежеу бұғаттамасымен;

27. Моторвагонды поездар, бұдан басқа, қозғалыс жылдамдығының бақылануын қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесімен және өтпелі бағдаршамдарға, станциялардың өтпелеріне жақындаған кезде сөйлеп хабар берумен, «жолаушы - машинист» байланысымен, есіктердің жабылуын бақылау сигнал беруімен, автоматты өрт сигнал беруімен жабдықталуы тиіс.

Маневрлік локомотивтер вагондардан дистанциялық ағытылу құрылғыларымен, ал бір машинист қызмет көрсететіндер, бұдан басқа, екінші басқару пультімен, артық көрініс айналарымен және машинист локомотивті жүргізу қабілетінен кенеттен айырылған кезде автоматты тоқтауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

28. Басқа ведомстволарға, кәсіпорындарға және ұйымдарға тиесілі, магистральдық темір жол желісіне шығатын локомотивтер мен вагондар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

 

 



§ 2. Қос доңғалақтар

 

29. Әр қос доңғалақ жылжымалы құрамның қос доңғалақтарын қарап тексеру, куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын қанағаттандыруы тиіс және осінде анық қойылған қос доңғалақтың қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жері туралы белгілер, сондай-ақ қалыптастыру кезінде оны қабылдау туралы таңбалар болуы тиіс.



Белгілер мен таңбалар таңбалау ережелерінде көзделген жерлерге қойылады.

Қос доңғалақтар белгіленген тәртіппен жылжымалы құрам астында қарап тексерілуі, кәдімгі және толық куәландырылуы, ал жылжытып шығарылғанда тиісті журналдарда немесе паспорттарда тіркелуі тиіс.

30. Жүктемеленбеген қос доңғалақтарда доңғалақтың ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Жылдамдығы сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін поездардағы локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ұлғаю жағына қарай 3 мм-ден аспайтын және кему жағына қарай 1 мм-ден аспайтын ауытқуларға жол беріледі, жылдамдығы сағатына 120 км-ге дейін болғанда 3 мм-ден аспайтын ауытқуларға жол беріледі.

31. Қос доңғалақтың кез келген бөлігінде немесе доңғалақтың құрсауында, дискісінде және күпшесінде жарықшақтары бар, қос доңғалақтың жалында үшкір ұшты бүрлер болғанда, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара әсер етуін бұзатын қос доңғалақтардың мына тозулары мен зақымданулары кезінде жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды қоса алғанда, пайдалануға шығаруға және поездарда жүруге шығаруға тыйым салынады:

1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін:

локомотивтерде, моторвагонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында сырғанау шеңбері бойынша 5 мм-ден артық сырғанау;

жалдың биіктігі 30 мм болғанда жалдың шыңынан 20 мм қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден артық немесе 28 мм-ден кем, ал жылжымалы құрамда жалдың биіктігі 28 мм - жалдың шыңынан 18 мм қашықтықта өлшегенде;

2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ге дейін:

локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алысқа қатынайтын поездардағы жолаушылар вагондарында сырғанау шеңбері бойынша 7 мм-ден артық, моторвагонды және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамда және жергілікті және қала маңындағы қатынастағы жолаушылар вагондарында сырғанау шеңбері бойынша сырғанауы 8 мм-ден артық, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 мм-ден артық сырғанау.

жалдың биіктігі 30 мм болғанда жалдың шыңынан 20 мм қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден артық немесе 25 мм-ден кем, ал жылжымалы құрамда жалдың биіктігі 28 мм - жалдың шыңынан 18 мм қашықтықта өлшегенде;

3) арнайы шаблонмен өлшенетін биіктігі 18 мм-ден артық жалдың тігінен қырқылуының;

4) локомотивтерде, моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамда, сондай-ақ паровоздардың тендерлерінде және аунақшалы букс мойынтіректері бар вагондарда 1 мм-ден артық, ал тендерлерде 2 мм-ден артық сырғанау бетіндегі сырғақ (ойық).

32. Моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонынан немесе аунақшалы букс мойынтіректері бар тендерден басқа, вагонда жол жүріп келе жатқанда тереңдігі 1 мм-ден артық, бірақ 2 мм-ден артық емес сырғақ (ойық), анықталған кезде мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпастан (жылдамдығы сағатына 100 км-ден артық емес жолаушылар поезы, сағатына 70 км-ден артық емес жүк поезы) таяу жердегі, қос доңғалақтарды ауыстыруға арналған құралдары бар техникалық қызмет көрсету пунктіне дейін апаруға рұқсат етіледі.

Моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонынан басқа, вагондардағы сырғақтың шамасы 2-ден 6 мм-ге дейін болғанда, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда поездың сағатына 15 км жылдамдықпен, ал сырғақтың шамасы тиісінше 6-дан артық 12 мм-ге дейін және 2-ден артық 4 мм-ге дейін болғанда сағатына 10 км жылдамдықпен таяудағы станцияға дейін жүруіне рұқсат беріледі, онда қос доңғалақ ауыстырылуы тиіс. Сырғақ вагонда және тендерде 12 мм-ден артық, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында 4 мм-ден артық болғанда қос доңғалақты асып қою немесе оның айналу мүмкіндігін болдырмау шартымен сағатына 10 км жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі. Локомотив бұл ретте поезд ағытылуы, зақымданған қос доңғалақтың тежегіш цилиндрлері және тартымдық электр қозғалтқыш (электр қозғалтқыштар тобы) алынып тасталуы тиіс.

Жүк вагондары жолаушылар поездарына енгізілген кезде қос доңғалақтарды күтіп ұстау нормалары жолаушылар поездары үшін белгіленген нормаларды қанағаттандырылуы тиіс.

33. «Patentes Talgo S.A.» компаниясы шығарған жолаушылар вагондарының доңғалақтары мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) доңғалақтардың ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, «Patentes Talgo S.A.» компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі поездарда жүретін вагондарда ұлғаю жағына қарай 3 мм-ден артық емес және кему жағына қарай 3 мм-ден артық емес ауытқуларға жол беріледі;

2) жалдың қалыңдығы 22-23 мм болғанда жалдың биіктігі 28-36 мм болуы, жалдың qR параметрі кем дегенде 6,5 мм болуы тиіс;

3) сырғақтың (ойықтың) ұзындығы 30 мм-ден артық доңғалақтарды пайдалануға тыйым салынады;

4) пайдалану параметрлерін өлшеу «Patentes Talgo S.A.» компаниясы жеткізіп беретін вагондар доңғалақтарының осы түріне қолданылатын шаблонмен (калибрмен) жүргізілуі тиіс.

34. Жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы жылжымалы құрам автоматтық тежегіштермен, ал жолаушылар вагондары мен локомотивтер, бұдан басқа, электр пневматикалық тежегіштермен жабдықталуы тиіс.

Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматтық және электр пневматикалық тежегіштер, күтіп ұсталуы және пайдаланудың түрлі жағдайларында басқарылуы және жұмысы сенімді болуы, жатық тежеуді, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралі ажыраған немесе үзілген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поездың тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.

Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электр пневматикалық тежегіштері есептемелік деректер бойынша анықталған тежеу жолынан артық емес қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепілдік беретін тежегіштің басылуын қамтамасыз етуі тиіс.

35. Автоматтық тежегіштер вагондарға жүктің тиелуіне, құрамның ұзындығына және жолдың профиліне қарай тежеудің түрлі режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.

Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда қажет болғанда тоқтату крандары немесе шұғыл тежеудің басқа құрылғылары орнатылады.

36. Локомотивтер, жолаушылар вагондары, моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам қол тежегіштерімен жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде тоқтату краны және қол тежегіші бар өту алаңы болуы тиіс.

Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның қол тежегіштері белгіленген нормалар бойынша күтіп ұсталуы және белгілеген есептемелік тежегішті басуды қамтамасыз етуі тиіс.

37. Иінтіректік тежегіш берілістің ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсіп қалуға алып келуі мүмкін барлық бөліктерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.

38. Жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамы автотіркегішпен жабдықталуы тиіс.

39. Автотіркегіш белдеуінің рельс бастиектерінің үсті деңгейінің үстіндегі биіктігі:

1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 мм-ден артық емес;

2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында - кем дегенде 980 мм;

3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 мм;

4) арнайы жылжымалы құрамда бос күйінде - 1080 мм-ден артық емес, тиелген күйінде - кем дегенде 980 мм.

40. Жөндеуден шығарылатын жылжымалы құрам мен арнайы жылжымалы құрам үшін автотіркегіш белдеуінің рельс бастиектерінің үсті деңгейінің үстіндегі биіктігі және көрсетілген нормалардың пайдалануда (ең жоғары тозулар мен жүктемелер кезінде) сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

41. Автотіркегіштердің бойлық белдеуінің арасында:

1) жүк поезында - 100 мм-ден артық емес;

2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық емес;

3) сағатына 120 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 мм-ден артық емес;

4) сол сағатына 121-140 км жылдамдықпен - 50 мм-ден артық емес;

5) локомотив пен жолаушылар поезының бірінші вагоны арасында - 100 мм-ден артық емес;

6) локомотив пен арнайы жылжымалы құрамның жылжымалы бірліктері арасында - 100 мм-ден артық емес айырмашылыққа жол беріледі.

42. Жолаушылар вагондарының автотіркегішінде вертикальды жайлардың шектегіштері болуы тиіс.

Технология бойынша тіркеліп жұмыс істейтін арнайы жылжымалы құрамның автотіркегішінде вертикальды жайлардың шектегіші болуы тиіс.

43. Автотіркегіш құрылғыларының техникалық күйі және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тіркелуі үшін жөнелту алдында поезға техникалық қызмет көрсетуді орындаған вагондарды қарап тексеруші жауапты болады.

Вагондарды қарап тексерушілері жоқ станцияларда вагондарды поезға тіркеген кезде, сондай-ақ маневрлік жұмыс кезінде вагондардың дұрыс тіркелуі үшін маневрлердің басшысы жауапты болады.

Локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның тиісінше поездың бірінші вагонына немесе басқа өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға дұрыс тіркелуі үшін локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисі жауапты болады.

44. Поездық локомотивтің құрамынан ағытылуын және құрамға тіркелуін (соның ішінде тежегіш жеңдерін ажыратуды, жалғастыруды және асуды, шеткі крандарды ашуды және жабуды) локомотив бригадасының қызметкерлері жүргізуі тиіс.

Поезд локомотивін электрлік жылытумен жабдықталған жолаушылар құрамнан ағытуды локомотив бригадасының қызметкері, ал локомотивке вагондарды қарап тексеруші-машинист жалғыз қызмет көрсеткен кезде поездық электр механик жоғары вольтты вагондық электр жалғағыштарын ажыратқан соң ғана жүргізеді. Жылыту электр тізбектерін ажырату ток қабылдағыш түсіріліп тұрғанда жүргізіледі.

Локомотивке жалғыз машинист қызмет көрсеткен кезде поездық локомотивті жүк және жолаушылар поезының құрамына тіркеу және оны осы құрамнан ағыту жөніндегі операцияларды вагондарды қарап тексерушіге, ал вагондарды қарап тексерушілер көзделмеген станцияларда және аралықтарда: жолаушылар поезында - жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне), жүк поезында - локомотив машинисіне жүктеледі.

45. Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдары автоматты және жартылай автоматты жол бұғаттауы болып табылады.

Бір бағытта автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды және көп жолды аралықтарда екі жақты қозғалысты ұйымдастырған кезде қарама-қарсы бағыттағы (бейімделмеген жол бойынша) поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

46. Жекелеген учаскелерде автоматты локомотив сигнал беру сигнал беруі мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

Аз әрекетті учаскелерде және кірме жолдарда поездар қозғалысы кезінде электр жезл мен телефонды байланыс құралдары ретінде қолдануға жол беріледі.

47. Станциялар арасындағы аралықтың әр жолында бір мезетте бір сигнал беру және байланыс қолданылуы мүмкін.

48. Жекелеген аз әрекетті учаскелерде және кірме жолдарда:

1) поездық радиобайланыс бойынша жетекші локомотив машинисіне тікелей берілетін поезд диспетчерінің бұйрықтары бойынша;

2) бір жезлдің көмегімен;

3) бір локомотивтің көмегімен поездар қозғалысына жол беріледі.

Учаскелер мен кірме жолдардың тізбесі және осы байланыс құралдары кезінде поездар қозғалысын ұйымдастыру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясының басшылығы белгілейді.

49. Автоматты бұғаттау кезінде:

1) шығу немесе өту бағдаршамы рұқсат етушінің көрсетуі поездың блок-учаскеге кіруіне рұқсат болып табылады;

2) ерекшелік ретінде, созылмалы өрлерде орналасқан өту бағдаршамдарында (кіру бағдаршамдарының алдында тұрғандардан басқа) әрбір жеке жағдайда шартты рұқсат етуші сигналды - Т әрпі түріндегі шағылдырғыш белгісі бар қалқанды қоюға жол беріледі.

Бұл сигналдың болуы жүк поезына бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай өтуге рұқсат болады.

Бұл ретте машинист поезды қызыл жарығы бар бағдаршамнан сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен, аса қырағылықпен және, егер әрі қарай жүру үшін кедергі кездессе, оны дереу тоқтатуға әзір болатындай етіп жүргізуі тиіс;

3) қызыл жарығы бар, сондай-ақ көрсетуі түсініксіз немесе өшіп қалған бағдаршамның алдында поезды тоқтатқан соң, егер машинист алдындағы блок-учаскеде поезд тұрғанын көрсе немесе білсе, блок-учаске босағанша оған қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады. Егер машинист алдындағы блок-учаскеде поезд тұрғанын білмесе, ол тоқтаған соң автотежегіштерді босатуы және, егер бұл уақыт ішінде бағдаршамда рұқсат етуші жарық пайда болмаса, поезды келесі бағдаршамға дейін сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен, аса қырағылықпен және, егер әрі қарай жүру үшін кедергі кездессе, оны дереу тоқтатуға әзір болатындай етіп жүргізуі тиіс.

50. Келесі өту бағдаршамы осындай қалыпта болған жағдайда тоқтаудан кейінгі поездың қозғалысы дәл сол тәріппен жалғасады. Тыйым салушы көрсеткіші бар өту бағдаршамынан белгіленген тәртіппен өткен соң локомотив бағдаршамында рұқсат етуші көрсеткіш пайда болған жағдайда, машинист локомотив бағдаршамының көрсеткішін басшылыққа алып, бірақ сағатына 40 км-ден аспайтын жылдамдықпен келесі бағдаршамға дейін жүре алады.

Локомотив бағдаршамында рұқсат етуші көрсеткіш болғанда жарығы сөніп қалған өту бағдаршамдарынан тоқтамай, локомотив бағдаршамының көрсеткішін басшылыққа алып өтуге рұқсат етіледі.

51. Жартылай автоматты бұғаттау кезінде:

1) шығу немесе өту бағдаршамының рұқсат етуші көрсетуі поездың блок-учаскеге кіруіне рұқсат болып табылады;

2) дара жолды учаскелерде шығу бағдаршамын ашу үшін поезд жөнелтілетін көршілес станция бойынша кезекшіден блок-аппарат бойынша келісудің бұғаттау сигналын алдын ала алу немесе блок-жүйені қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қосу қажет.

52. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беруі кезінде:

1) шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші бірінші блок-учаскеге кіруге рұқсат болып табылады;

2) локомотив бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші келесі блок-учаскеге кіруге рұқсат болып табылады.

53. Барлық сигнал беру және байланыс құралдарының жұмысында үзіліс болған кезде поездар қозғалысы дара жолды учаскелерде жазбаша хабарлау арқылы, ал қос жолды учаскелерде станциялар арасындағы аралықты поездың өтуіне бөлінген уақытты межелеу арқылы жүргізіледі.

 

 

§ 3. Поездар қозғалысының тәртібі



 

54. Аралықтар мен станциялар бойынша поездардың қозғалыс жылдамдығын Ұлттық темір жол компаниясының басшылығы белгілейді және поездардың қозғалыс кестесінде көзделеді. Бұл ретте 1/11 және одан да тік маркалы айқпаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша қаптал жолдарға қозғалу жылдамдығы сағатына 40 км-ден аспайтын, жолаушылар поездарының 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмалар бойынша - сағатына 25 км-ден аспайтын, Р65 үлгісіндегі рельстерден 1/11 маркалы айқпаспасы бар бұрмалар бойынша - сағатына 50 км-ден аспайтын, 1/11 маркалы айқпаспасы бар симметриялы бағыттамалы бұрмалар бойынша - сағатына 70 км-ден аспайтын, 1/18 маркалы айқпаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша - сағатына 80 км-ден аспайтын, 1/22 маркалы айқпаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша - сағатына 120 км-ден аспайтын болуы тиіс.

Бір сары (жыпылықтамайтын) жарығы бар бағдаршамнан өту жылдамдығы жолаушылар және жүк поездары үшін сағатына 60 км-ден аспауы тиіс.

55. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскеде келесі бағдаршамнан талап етілетін тежеу жолынан кем болатын қашықтықта орналасқан, ал автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскеде негізгі сигналдан толық тоқтаған кездегі тежеу жолынан кем болатын қашықтықта орналасқан бір сары (жанып-сөнетін) жарығы бар бағдаршамнан аспайтын жылдамдықпен өтуге рұқсат етіледі.

Вагондарды алдына салып қозғалу жылдамдығының сағатына 25 км-ден аспайтындай болуына, шаруашылық поездар үшін локомотивте және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның, қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының констукциясына қарай өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамда радиобайланыс болған кезде - сағатына 40 км-ден аспайтындай болуына жол беріледі.

Тұйық станциялық жолдарға қабылдаған кезде поездың қозғалыс жылдамдығы қабылдау жолының басында сағатына 25 км-ден аспайтын болуы тиіс.

56. Жолдың келесі учаскесінде басқа моторвагонды поезд тұрғанда, осы жолдың бос учаскесіне моторвагонды поезды қабылдаған кезде оның қозғалу жылдамдығы сағатына 20 км-ден аспайтын болуына жол беріледі.

Жылдамдықтың азайтылуын талап ететін жер бойынша қозғалу жылдамдығы ескертуде немесе бұйрықта көрсетілгенге сәйкес болуы, ал мұндай нұсқаулар болмаған кезде сағатына 25 км-ден аспайтын болуы тиіс.

57. Поездар келе жатқан кезде локомотив бригадаларының аса қырағылығын қамтамасыз ету және жұмыстардың жүргізіліп жатқандығы туралы оларды ескерту қажет болған жағдайларда поездарға жазбаша ескертулер беріледі.

58. Ескертулер:

1) жолдың, түйіспе желісі құрылғыларының, өтпелік сигнал берудің, жасанды және басқа құрылыстардың ақаулықтары кезінде, сондай-ақ жылдамдықты азайтуды немесе жолда тоқтауды талап ететін жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде;

2) сигнал беру мен байланыстың жаңа құралдарын іске қосқан кезде, сондай-ақ жаңа бағдаршамдарды енгізген, қолда бар бағдаршамдардың орнын ауыстырған немесе қысқартқан кезде және бағдаршамды жабық қалыпқа келтіру мүмкін болмайтын олардың ақаулықтары кезінде;

3) автоматты локомотив сигнал беруінің жол құрылғыларының ақаулықтары кезінде;

4) бұл поезд жүрген кезде жылдамдықты төмендету немесе ерекше шарттарды сақтау қажет болатын, тиеу габаритінің шегінен шығып кететін жүгі бар поезды жөнелткен кезде;

5) қос жолды аралықта қар тазартқыш, балластағыш, жол төсегіш, көтергіш кран, шағыл тасты тазартқыш және басқа машиналар жұмыс істеген кезде;

6) осы учаске үшін белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды поездың құрамына қойған кезде;

7) алынатын жылжымалы бірліктер жұмыс істеген кезде, сондай-ақ жол вагондарында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде;

8) жылдамдықты азайтуды немесе жолда тоқтауды талап ететін, сондай-ақ поезд қозғалысының ерекше шарттары туралы локомотив бригадаларын ескерту қажет болатын барлық басқа жағдайларда беріледі.

59. Қос жолды аралықтарда әр бас жол, әдетте, поездардың белгілі бір бағытта қозғалуы үшін қолданылады.

Көп жолды желілерде әр бас жол бойынша қозғалу тәртібін жол бөлімшелер басшылығы белгілейді.

Үш немесе төрт тінді жолдың учаскелерінде поездар қозғалысын ұйымдастыру тәртібін бөлімшелер басшылығы белгілейді.

60. Поездар қозғалысын реттеу үшін поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша поездардың бейімделмеген жол бойынша жөнелтілуі қолданылуы мүмкін.

Жолаушылар поездарының бейімделмеген жол бойынша жөнелтілуіне тек ерекшелік ретінде әр жеке жағдайда жол бөлімшесі бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша ғана жол беріледі.

Поездар бейімделмеген жол бойынша жүрген кезде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

61. Қажет болғанда поездардың жалғастырылуына және олардың осы поездардың әрқайсысының басында жұмыс істеп тұрған локомотивтерімен жалғанып жүруі қолданылуы мүмкін.

62. Вагондарды алдына салып қозғалуға мына жағдайларда:

1) темір жол кірме жолдарына және кері бағытта қозғалған кезде;

2) шаруашылық, қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары қозғалған кезде рұқсат етіледі.

63. Мұндай поездың басында қозғалу бағытындағы жаққа қарап тұрған өту алаңы бар вагон қойылады, бұл алаңда жолдың бос болуын қадағалауға және қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдардың өміріне қауіп төнген кезде поезды тоқтатуға шаралар қолдануға міндетті қызметкер болуы тиіс.

 

 




Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет