Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 7. Қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау үшін арнайы жылжымалы құрамның техникалық



бет4/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 7. Қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау үшін арнайы жылжымалы құрамның техникалық

жай-күйін тексеруді жүргізу тәртібі

 

123. Қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында техникалық күйін тексеруге нормативтік қызмет ету мерзімі аяқталған барлық қолда бар барлық АЖҚ беріледі.



124. АЖҚ-ның техникалық күйін тексеру өзіне тән зақымдануларды, пайдаланудағы көтеру бөлшектер мен тораптардың коррозия деңгейін анықтау үшін жүргізіледі, олар бұдан былай оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігін, жөндеу қажеттілігі мен деңгейін анықтау немесе есептен шығару үшін бастапқы деректер ретінде қолданылады.

125. Қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешім АЖҚ-ның көтеру элементтерінің күйін талдау негізінде қабылданады.

126. АЖҚ-ның негізгі тораптары мен жүйелерінің (электр жабдықтар, жылыту, автотежегіш және автотіркеу жабдықтары, жүріс бөліктері) күйі белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

127. АЖҚ ақаулықтары АЖҚ-ны пайдалану, деполық және күрделі жөндеу жөніндегі басшылықтарға сәйкес белгілеген тәртіппен жойылады.

128. Тексеру жүргізген бас тарту немесе шекті күйі критерийлері ретінде АЖҚ арқалауыш элементтерінің пайдалануға тыйым салынатын техникалық күйі алынады.

129. АЖҚ-ның жұмысқа жарамсыз күйі қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін, қызмет көрсетуші персоналдың денсаулығына қауіп туғызатын, АЖҚ көрінісінің габаритін бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.

 

 

5. Жылжымалы құрамға, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға техникалық қызмет



көрсету және жөндеу

 

 



§ 1. Жалпы ережелер

 

130. Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға және поездарда жүруге жол беруге, сондай-ақ поездарға күйі тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етпейтін жүк вагондарын қосуға тыйым салынады. Жалғыз машинист қызмет көрсететін поездарға белгіленген қызмет ету мерзімі таусылған локомотивтерді және моторвагонды жылжымалы құрамды қоюға жол берілмейді.



Поездарға электр пневматикалық тежегішінің, жылытуының, электр жабдықтарының, вентиляциясының ақаулықтар және жолаушылар тасымалдаудың қалыпты жағдайларын бұзатын басқа ақаулықтары бар жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (механик-бригадирінің) локомотив машинисімен радиобайланысы, ақаулы радиокупесі бар жолаушылар вагондарын қосуға жол берілмейді.

131. Электр жылытуы бар жолаушылар поездарына енгізілетін вагондар электр жылытуды автоматты басқару жүйесімен, ал электровоздар жоғары вольтты жылытудың қуатын іріктеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

132. Орындалған техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің сапасы және жылжымалы құрам мен арнайы жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігі үшін техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тікелей жүзеге асырушы қызметкерлер, тиісті зауыттардың, деполардың, соның ішінде арнайы жылжымалы құрам деполарының, жол машина станцияларының, дистанциялардың, шеберханалардың және техникалық қызмет көрсету пункттерінің шеберлері мен басшылары жауапты болады.

 

 



§ 2. Локомотивтерге, моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға

техникалық қызмет көрсету және жөндеу

 

133. Локомотивтердің, моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның техникалық күйін локомотив бригадалары немесе өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам бригадалары, кешенді және мамандандырылған бригадалар қазіргі заманғы диагностика құралдарымен жабдықталған техникалық қызмет көрсету пункттерінде және негізгі деполарда, жол машина станцияларында және арнайы жылжымалы құрам деполарында техникалық қызмет көрсету кезінде жүйелі түрде тексеріп отыруы, сондай-ақ деполардың басшылары немесе өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам тиесілі департамент және ревизорлық аппарат кезең-кезең бақылап отыруы тиіс.



134. Техникалық қызмет көрсету кезінде:

1) жабдықтардың, тораптардың және олардың бөлшектерінің және күйі мен тозуы және олардың белгіленген мөлшерлерге сәйкестігі;

2) қауіпсіздік құрылғыларының және радиобайланыс құрылғыларының, тежегіш жабдықтардың және автотіркегіш құрылғылардың, бақылау, өлшеу және сигналдық аспаптардың, электр тізбектердің дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі.

135. Мына ақаулықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға тыйым салынады:

1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы;

2) пневматикалық, электр пневматикалық, қол тежегіштің немесе сығымдағыштың ақаулығы;

3) тартымдық электр қозғалтқышының ең болмаса біреуінің ақаулығы немесе ажыратылып қалуы;

4) қозғалу жетегінің ақаулығы;

5) автоматты локомотив сигнал беруінің немесе қауіпсіздік құрылғыларының ақаулығы;

6) автоқтатудың, автоматты локомотив сигнал беруінің немесе машинистің қырағылығын тексеру құрылғыларының ақаулығы;

7) жылдамдық өлшегіштің және тіркеніш құрылғылардың ақаулығы;

8) поездық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - «жолаушы - машинист» байланысының ақаулығы, соның ішінде ажыратқыш иінтіректің үзілуі немесе оның деформациялануы;

9) гидродемпферлердің, аккумуляторлық батареяның ақаулығы;

10) автотіркегіш құрылғылардың ақаулығы;

11) құм беру жүйесінің ақаулығы;

12) прожектордың, буферлік фонарьдың, жарықтың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы:

13) қамыттағы, серіппегіштік аспадағы немесе серіппегіштің түбірлік жаймасындағы жарықша, серіппегіш жаймасының омырылуы;

14) букса корпусындағы жарықша;

15) буксалық немесе моторлы-осьтік мойынтіректің ақаулығы;

16) бөлшектердің жолға түсіп қалуынан қорғайтын конструкцияда көзделген құрылғылардың болмауы немесе ақаулығы;

17) тартымдық тісті берілістің ең болмаса бір тісінің жарылуы немесе омырылуы;

18) жаққыш майдың ағып кетуіне алып келетін тісті беріліс қаптамасының; жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы; ток қабылдағыштың ақаулығы;

19) өрт сөндіру құралдарының ақаулығы;

20) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдің авариялық тоқтау қорғаныш құрылғыларының ақаулығы;

21) дизельде тарсылдың, бөтен шуылдың пайда болуы;

22) тоқ көзін қоректендіру беру аспабының сақтандырғыш клапанының, суды көрсететін аспаптың ақаулығы, паровоз қазанының от қорабының бақылау тығындамасынан ағу;

23) электр жабдықтары бар локомотивтерде қорғаныш қаптамалардың болмауы.

136. Локомотивтер және моторвагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам жыл бойына пайдаланған кезде жылына екі рет (көктемде және күзде) комиссиялау арқылы қарап тексерілуі тиіс.

137. Локомотивтік, сондай-ақ моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда орнатылған қауіпсіздік және поездық радиобайланыс құрылғылары осы құрылғылардың жұмысын тексеру және оларды реттеу арқылы кезең-кезең бақылау пунктінде қарап тексерілуі тиіс.

Мұндай бақылау пункттері негізгі деполарда, арнайы жылжымалы құрамға арналған деполарда, ал қажет болғанда - техникалық қызмет көрсету пунктітерінде және локомотивтердің және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның айналым пункттерінде болуы тиіс.

138. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда орнатылған манометрлер мен сақтандырғыш клапандар пломбылануы, ал паровоздардың қазандарындағы бақылау тығындарында таңбаламалар болуы тиіс. Электровоздарда және тепловоздарда электр энергиясының және отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптар да пломбылануы тиіс.

Электр қорғаныш құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнал беру және электровоздардағы, тепловоздардағы және моторвагонды жылжымалы құрамдағы автоматика, манометрлер, сақтандырғыш клапандар, локомотивтердегі және моторвагонды жылжымалы құрамдағы әуе резервуарлары және локомотивтердегі бу қазандары белгіленген мерзімдерде сыналуы және куәландырылуы тиіс.

139. Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам бригадасының құрамы осы өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқару және оған көлік режимінде қызмет көрсету үшін қызметкерлер бөлу шартымен оның үлгісі мен тағайындалуына қарай белгіленеді.

Электр және тепловоз тартымы кезінде бір локомотив бригадасы бір кабинадан басқарылатын бірнеше локомотивке немесе тұрақты біріктірілген секцияларға қызмет көрсете алады.

140. Локомотивтерге және моторвагондық поездарға жалғыз машинистің қызмет көрсетуін олардың қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз етілуіне және жабдықталуына қарай кезең-кезең бойынша жүргізуге жол беріледі.

Маневрлік жұмыста, созылмалы еңістері мен өрлеулері бар аз әрекетті учаскелердегі жүк қозғалысында жұмсамалық, тапсырмалық, диспетчерлік, шаруашылық жұмыстармен және басқа жұмыс түрлерімен айналысатын локомотивтерге, сондай-ақ, электр поездарды және дизель поездарды қоспағанда, локомотив тартымындағы жолаушылар қозғалысының поезд локомотивтеріне жалғыз машинистің қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі.

141. Жұмыс істеп тұрған локомотивтерді, моторвагонды және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды оларға қызмет көрсету ережелерін білетін және оларды тоқтата алатын қызметкердің қадағалауынсыз депо жолдарында және кәсіпорындардың жолдарында, ал машиниссіз немесе оның көмекшісісіз қалған станциялық жолдарда қалдыруға тыйым салынады.

142. Қатты отында жұмыс істейтін әр паровозда ұшқын ұстағыштар, ұшқын сөндіргіш аспаптар жөнделген күйде болуы тиіс.

 

 

§ 3. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу



 

143. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жүк және жолаушылар деполарында және зауыттарда жүргізіледі.

144. Техникалық қызмет көрсету кезінде мыналар тексеріледі:

1) тораптардың және бөлшектердің күйі және тозуы және олардың белгіленген мөлшерлерге сәйкестігі;

2) тежегіш жабдықтарының іс-қимылының дұрыстығы, буферлік және автотіркегіш құрылғылардың, генератор жетегінің түзу жұмыс істеуі және вагон астындағы жабдықтардың түзу бекітілуі. Ағытқыш иінтірек тізбектерінің, автотіркегіштің және автотежегішті босатудың түзулігіне ерекше назар аудару қажет;

3) жүріс бөлігінің (арбашалардың) күйі және түзулігі. Арбашаның екі жағындағы сырғақтар арасындағы қосындыланған саңылау барлық үлгідегі төрт осьті жүк вагондарында, ЦНИИ-ДВЗ үлгісіндегі хоппер-мөлшерлегіштерді қоса алғанда, 20 мм-ден артық емес және кем дегенде 4 мм, саңылауы 12 мм-ден артық емес және кем дегенде 6 мм көмірді, ыстық агломератты, апатиттерді тасымалдауға арналған хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 хоппер дозаторларынан, ВС-50 думпкарларынан басқа, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 думпкарларында 20 мм-ден артық емес және кем дегенде 12 мм болуы тиіс;

4) сегіз осьті цистернаның бір шетінің екі жағында жалғағыш және шүберін арқалықтарының сырғақтары арасындағы саңылаулар қосындысында 4-тен 15 мм-ге дейін болуы тиіс;

5) тасымалданатын жүктің сақталуына кепілдік беретін шанақтың және цистерналар қазандығының түзулігі;

6) өту алаңдарының, арнайы баспалдақтардың және тұтқалардың түзулігі;

7) жылжымалы құрам бөлшектері мен жабдықтарының жолға түсіп қалуынан сақтандыратын құрылғылардың болуы және түзулігі.

145. Жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға ақаулы және техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге тыйым салынады. Оларды жарамды деп тану туралы жазба арнайы журналға жазылуы тиіс.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияда жүк тиеуге берілетін бос вагондар, сондай-ақ осындай станцияларда қосарланған операияларда қолдану көзделіп отырған жүк тиелген вагондар қарап тексерілуі, ал қажетті жағдайларда тиеу станциясына дейін орналасқан жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету пунктінде жөнделуі тиіс.

146. Қалыптастыру және тарату станцияларында, жол жүріп келе жатқанда - поездардың қозғалыс кестесінде көзделген станцияларда поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өтуі, ал ақаулықтары анықталған кезде - жөнделуі тиіс. Бұл станцияларда вагондарды ағытпай жөндеу ұйымдастырылады.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда әр вагон поезға қойылар алдында қарап тексерілуі және техникалық қызмет көрсету пункті бар станцияға дейін жүру үшін дайындалуы тиіс.

147. Жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлері технологиялық процеске және поездардың қозғалыс графигіне сәйкес вагондарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді уақтылы жүргізуі тиіс.

Кепілдік учаске шегінде қозғалыс қауіпсіздігі және вагондардың поезд құрамында түзу күйде жүруі үшін аталған пункттердің қызметкерлері жауапты болады.

Жүк поездары үшін кепілдік учаскелері локомотивтердің айналым учаскелерінің ұзындығын, автотежегіштерді толық байқау, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсету және коммерциялық қарап тексеру қажеттілігін негізге ала отырып белгіленеді.

148. Жолаушылар поездарының құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналым станцияларының қызметкерлері жолаушылар вагондарының поездың құрамында қалыптастыру және айналым пунктінен поезды таратудың (тағайындалу) соңғы пунктіне дейін қауіпсіз жүріп өтуі үшін жауапты болады.

 

 

§ 4. Поездар қозғалысын ұйымдастыру



 

149. Поездардың қозғалысын ұйымдастыру негізі темір жол ұйымының барлық бөлімшелерінің қызметін біріктіретін және пайдалану жұмысы жоспарын білдіретін қозғалыс графигі болып табылады. Поездардың қозғалыс кестесі оны орындау темір жол ұйымы жұмысының сапалық көрсеткіштерінің бірі болып табылатын темір жол көлігі қызметкерлері үшін бұзылмайтын заң болып табылады.

150. Поездардың кестесі бойынша қозғалысы станциялар, деполар, техникалық қызмет көрсету пункттері және темір жол ұйымдарының поездар қозғалысымен байланысты басқа бөлімшелері жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы және жұмысының технологиялық процесін орындаумен қамтамасыз етіледі.

Поездардың қозғалыс кестесі бұзуға жол берілмейді. Ерекше жағдайларда, техникалық құралдардың істен шығуынан немесе табиғи зілзала құбылыстары салдарынан поездардың қозғалыс кестесі бұзылғанда, барлық қызметтердің қызметкерлері кешігіп келе жатқан жолаушылар және жүк поездарын кестеге кіргізу бойынша оперативті шаралар қолдануға және олардың қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

151. Поездардың қозғалыс кестесі төмендегі жағдайларды:

1) жолаушылар және жүк тасымалдау қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын;

2) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін;

3) учаскелердің өткізу және тасу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін барынша тиімді қолданылуын;

4) жылжымалы құрамның ұтымды қолданылуын;

5) локомотив бригадаларының үзіліссіз жұмыс істеуінің белгіленген ұзақтығының сақталуын;

6) жолды, құрылыстарды, сигнал беруді орталықтандыру бұғаттамасы (бұдан әрі - СОБ), байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымдық күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

152. Поездарды тағайындау және алып тастау:

1) екі ел арасында қатынайтын поездарды және вагондарды тағайындау және алып тастау құрамды қалыптастыратын темір жол әкімшілігі басшылығының қатысы бар темір жол әкімшіліктеріне және Ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол жөніндегі Кеңесінің Дирекциясына жіберетін жеделхатымен;

2) үш және одан артық елдер арасында қатынайтын поездарды және вагондарды темір жол әкімшіліктерінің атына жіберілетін Кеңес Дирекциясының жеделхатымен жүргізіледі;

3) Қазақстан Республикасының шегінде жүретін жергілікті қатынастағы жолаушылар, почта-багажды және жүк-жолаушылар қала маңайлық поездарын - магистральды темір жол желі операторы жүргізеді;

4) қозғалыс кестесіндегі көзделмеген қалпына келтіру және өрт поездарын, қар тазалағыштарды, вагондары жоқ локомотивтерді, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды, шаруашылық және және басқа поездарды тағайындауды және алып тастауды поезд диспетчері жүргізеді.

153. Қозғалыс кестесінде көзделмеген әр поездың тағайындалуын, поездың жүріп өту тәртібін көрсете отырып, поезд диспетчері хабарлайды.

154. Әр поезға поездардың қозғалыс кестесінде белгіленген нөмір беріледі. Бір бағыттағы поездарға жұп нөмірлер, ал кері бағыттағы поездарға тақ нөмірлер беріледі.

Нөмірден басқа, әр жүк поезына оны қалыптастыру станциясында тарату станциясына дейін өзгермейтін индекс беріледі.

Қозғалыс кестесінде көзделмеген поездарға нөмірлер олардың тағайындалған кезде беріледі.

155. Поездар былайша бөлінеді:

1) кезектен тыс - қалыпты қозғалысты қалпына келтіруге және өрт сөндіруге арналған қалпына келтіру, өрт сөндіру, қар тазалағыштар, вагондарсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;

2) кезекті - басымдылық тәртібі бойынша:

жолаушылар шапшаң жүретін поездары;

жолаушылар жылдам поездары;  барлық басқа атаулардағы жолаушылар поездары; почта-багаж, әскери, жүк-жолаушылар,адам таситын және жылдамдатылған жүк поездары; жүк(өтпелі, учаскелік, құрама, шақырту, тораптық), шаруашылық поездары және вагонсыз локомотивтер.

3) кезектілігі тағайындалған кезде белгіленетін, ерекше талаптар бойынша тағайындалатын поездар.

156. Поездар қозғалысы 24 сағатпен есептелетін астаналық белдік уақыты бойынша жүргізіледі.

Қызметтік жайларда, станциялардың жолдар парктерінде, жолаушылар платформаларында және жолаушыларға арналған жайларда сағат орнатылуы тиіс.

 

 

§ 5. Бөлектенген пункттер



 

157. Поездар қозғалысы оларды бөлектенген пункттермен шектеу арқылы жүргізіледі.

Станциялар, разъездер, озу пункттері және жол қосындары, автобұғаттаудың өтпелі бағдаршамдары, сондай-ақ дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беру кезінде блок-учаскелердің шекаралары бөлектенген пункттер болып табылады.

158. Төмендегілер станция шекарасы болып табылады:

1) дара жолды учаскелерде - кіру бағдаршамдары;

2) қос жолды учаскелерде әр бас жолда жеке-жеке бір жағынан - кіру бағдаршамы, ал екінші жағынан - соңғы шығу бағдаршамының артында кем дегенде 50 м қашықтықта соңғы шығу бағыттамалы бұрмасының артында орнатылған «Станция шекарасы» деген сигналдық белгісі.

159. Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған, сондай-ақ бейімделмеген жол бойынша поездарды қабылдау үшін кіру бағдаршамдары орнатылған қос жолды учаскелерде әр бас жолда жеке-жеке кіру бағдаршамдары станцияның шекарасы болып табылады.

160. Әр бөлектенген пунктте, қосалқы қосын және жолаушылардың аялдама пунктінде атауы немесе нөмірі болуы тиіс. Атауы жолаушылар ғимаратының (қосын ғимаратының) қасбетінде, поездар келетін екі жағынан да, ал қажет болғанда жолаушылар платформаларының шеттерінде де орналастырылуы тиіс.

Қала маңындық поездар қарқынды қозғалатын учаскелерде орналасқан жолаушылардың аялдама пункттерінде пункттің атауы, бұдан басқа, жолаушылар платформасы бойына бірнеше жерде көрсетілуі тиіс.

161. Темір жол жолдары аралықтағы бас, станциялық (соның ішінде станциялардағы бас) және арнаулы мақсаттардағы болып бөлінеді.

Станциялық аумақ шегіндегі барлық жолдар, басқа қызметтер мен ұйымдардың қарауына берілген жолдарды қоспағанда, станция бастығының қарамағында болады.

162. Станцияларда әр жолдың, бағыттамалы бұрманың, станциялық орталықтандыру постының және бағыттама постының, ал аралықтарда әр бас жолдың нөмірі болуы тиіс.

Бір станция шегінде жолдарға, бағыттамалы бұрмаларға және қосындарға бірдей нөмірлер беруге тыйым салынады. Жеке парктері бар станцияларда бір парк шегінде жолдарға бірдей нөмірлер беруге тыйым салынады.

163. Станцияның техникалық құралдарын қолдану тәртібі техникалық-басқару актісінде (бұдан әрі - ТБА) белгіленеді.

ТБА-да станция бойынша поездарды қауіпсіз және кедергісіз қабылдау, жөнелту және олардың жүріп өтуі, станция ішіндегі маневрлік жұмыстың қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы регламенттеледі.

164. Техникалық-басқару актісінде белгіленген тәртіп барлық қызметтердің қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

165. Техникалық-басқару актісіне станцияның схемалық жоспары және жергілікті жағдайларға қарай қажетті нұсқаулықтар қоса беріледі.

Станцияның ТБА үзінді көшірмелер, ал станция бойынша кезекші үшін оның станция бастығы куәландырған көшірмелері станция бойынша кезекшіге, маневрлік диспетчерге, парктер және сұрыптау дөңестер бойынша кезекшілерге арналған жайларда, орталықтандырудың орындаушылық қосындарының, бағыттамалық қосындардың, локомотив депосы бойынша кезекшінің және вагондарды қарап тексерушілердің жайларында болуы тиіс.

166. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғағыш бағыттамалар қалыпты қалыпта тұруы тиіс.

167. Бағыттамалар үшін қалыпты қалып болып табылатындар:

1) дара жолды желілер станцияларының бас жолдарындағы кіру бағыттамалары үшін - станцияның әр шетінен түрлі жолдарға бағыт;

2) қос жолды желілер станцияларының бас жолдарындағы кіру бағыттамалары үшін - тиісті бас жолдар бойынша бағыт;

3) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын бағыттамаларды қоспағанда, аралықтар мен станциялардың бас жолдарындағы барлық қалған бағыттамалар үшін - тиісті бас жолдар бойынша бағыт;

4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын бағыттамалар үшін - осы тұйықтарға бағыт.

168. Аз әрекетті желілердің екі бағыттама қосынына қызмет көрсетуді бағыттама қосынының бір кезекшісі жүзеге асырылады.

169. Бағыттамалардың қалыпты қалпы бағыттамалардың қалпы мен маршруттардағы бағдаршамдардың сигналдық көрсетулерінің өзара тәуелділігі кестелерінде плюс белгісімен көрсетіледі. Бағыттамалары орталықтандырылмаған станциялар үшін олардың қалыпты қалпы, бұдан басқа, станцияның техникалық-басқару актісінде және одан үзінді көшірмелерде көрсетіледі. Қажетті жағдайларда станция бастығы сигналдармен және қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының, 1-сынып қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың және т.б. тұруына бөлінген станциялық жолдарға апаратын маршруттармен тәуелділікке енгізілмеген орталықтандырылмаған бағыттамалардың қалыпты қалпын белгілейді.

Белгіленген қалыпты қалпы бағыттамалардың тұғырында және электрлік орталықтандыру бағыттамалары жетектерінің қаптамасында көрсетіледі.

170. Мына жағдайларда бағыттамалар басқа қалыпқа ауыстырылуы мүмкін:

1) поездарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды әзірлеген кезде, маневрлік жұмыс кезінде;

2) жолдарға жылжымалы құрам қойылған кезде;

3) станциялық жолдарда кедергілер және жұмыстарды жүргізу орнын қоршау қажеттілігі кезінде;

4) бағыттамаларды тазартқан, тексерген және жөндеген кезде.

171. Сақтандырғыш, ұстағыш тұйықтарға апаратын бағыттамаларды, қалыпты қалыпқа автоматты қайтару құрылғылары, ал олар болмаған кезде станция бойынша кезекші келтіруі тиіс, түсіргіш бағыттамаларды қоспағанда, электрлік орталықтандыруы бар станцияларда бағыттамалар қалыпты қалыпқа орнату міндетті емес.

172. Аралықта төселген бағыттамалы бұрма көршілес станциялардың біреуіне тіркеледі немесе тармақталатын жерде қосын орнатылады.

173. Бағыттамаларды және сигналдарды басқарудың әр посты ол басқаратын бағыттамалар мен сигналдардың ауыстырылуы және қозғалыс қауіпсіздігі үшін жауапты болып табылатын бір қызметкердің ғана қарауында: орталықтандырудың станциялық қосыны - станция бойынша кезекшінің, орталықтандыру қосынының атқарушы операторының, бағыттамалық қосын - бағыттамалық қосын кезекшісінің, механикаландырылған және автоматтандырылған сұрыптау дөңесінің орталықтандыру қосыны - сұрыптау дөңесі бойынша кезекшінің немесе сұрыптау дөңесі операторының қарауында болуы тиіс.

Станцияларда екі бағыттамалық қосынға бағыттамалық постының жалғыз кезекшісінің, ал жекелеген бағыттамалар менпостыларға станция бойынша кезекшінің өзінің қызмет көрсетуіне рұқсат беріледі.

Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде орналасқан станцияларда бағыттамаларды бұру және сигналдарды басқару үшін жауапты поезд диспетчері болып табылады.

174. Бағыттамалық пост кезекшілерінің жұмысына бақылау жасау үшін станцияларда жол тармақтарына, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне қарай бағыттамалық постының аға кезекшілері тағайындалады.

Станцияларда бағыттамалық постының аға кезекшілері постыға тікелей қызмет көрсету және бағыттамалық ауданда орналасқан постылардың басқа кезекшілерінің жұмысына бақылау жасау үшін тағайындалады.

Диспетчерлік орталықтандырудың орталық постына және станциялардағы станциялық орталықтандыру постыларына, поезд диспетчерлерінен немесе станция бойынша кезекшілерден басқа, орталықтандыру постыларының операторлары тағайындалады.

175. Поезды қабылдау және жөнелту алдында қабылдау және жөнелту маршрутына тікелей кіретін, сондай-ақ қорғағыш бағыттамалар жабылуы тиіс.

Поездарды қабылдау және жөнелту маршрутын дайындаған кезде орталықтандырылған бағыттамаларды бұруды станция бойынша кезекші немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру постының операторы жүргізеді. Поездарды қабылдау және жөнелту маршрутын дайындаған кезде орталықтандырылмаған бағыттамаларды бұруды және құлыпқа жабуды бағыттамалық постының кезекшісі, бағыттамалық постының аға кезекшісі немесе ол бағыттамаларға қызмет көрсеткен кезде станция бойынша кезекші жүргізеді.

176. Кілтке тәуелділікпен жабдықталмаған поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарындағы құлыпқа жабылған орталықтандырылмаған бағыттамалардың кілттері станция бойынша кезекшіде немесе бағыттамалық посттың аға кезекшісінде, ал жабдықталғандарда - бағыттамалық постының атқару аппаратында немесе станция бойынша кезекшінің өкім беру аппаратында сақталуы тиіс.

Аралықтардағы, сондай-ақ аралық станциялардың қабылдау-жөнелту жолдарындағы кілтке тәуелділікпен жабдықталмаған, құлыпқа жабылған бағыттамалардың кілттері бұл жолдарға құрамдар (локомотивтерсіз) немесе жекелеген вагондар қойылғанда станция бойынша кезекшіде сақталнады.

177. Маневрлік қозғалыстар кезінде бағыттамаларды бұруды маневрлерді басқарушы тұлғаның өкімі бойынша сигналшылар немесе бағыттамалық постының кезекшілері жүргізеді.

Маневрлік қозғалыстар кезінде электрлік орталықтандыруы бар станцияларда бағыттамаларды бұру станция бойынша кезекші немесе орталықтандыру постының операторы жүзеге асырады.

Бағыттамаларды орталық басқарудан жергілікті басқаруға берген жағдайда, сондай-ақ маневрлерді бағыттамалық постының кезекшілері қызмет көрсетпейтін орталықтандырылмаған бағыттамаларда жүргізген кезде құрастыру немесе локомотив бригадалары қызметкерлерінің, кондукторлардың, парктер бойынша кезекшілердің, станция бойынша кезекшілердің, станция бастығының, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылардың, локомотив, вагон деполары қызметкерлерінің және басқалардың бағыттамаларды бұруына жол беріледі.

Орталықтандырылған бағыттаманы бұру алдында оған қызмет көрсетуші қызметкер бағыттамалы бұрмада жылжымалы құрамның жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.

178. Бағыттамалы бұрмада жөндеу жұмыстарын орындау қажет болғанда сигналшы немесе бағыттамалық постының кезекшісі (бағыттамалық постының аға кезекшісі) жөндеуді жүргізуге жол дистанциясының немесе сигнал беру және байланыс дистанциясының қызметкерлерін тек станция бойынша кезекшінің ғана рұқсаты бойынша жібере алады.

Жөндеу аяқталған соң сигналшы, бағыттамалық постының кезекшісі (бағыттамалық постының аға кезекшісі) бағыттамалы бұрманың күйі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне көз жеткізуге және бұл туралы станция бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.

179. Станциялық жолдардағы бағыттамалы бұрмалар, соның ішінде басқа қызметтер мен ұйымдардың қарауына берілген жанасу жолдарының бағыттамалы бұрмалары станция бастығының қарамағында болады.

Басқа қызметтер мен ұйымдардың жолдарындағы бағыттамалы бұрмалар темір жол ұйымының тиісті бөлімшелері бастықтарының қарамағында болады.

Станциялардың және тиісті бөлімшелердің бастықтары олардың қарамағындағы бағыттамалы бұрмалардың таза және түзу күйде күтіп ұсталуын, сондай-ақ бағыттамалық нұсқағыштардың таза болуын, түзу жұмыс істеуін және жақсы жарықтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

180. Техникалық күйін бақылауды, тазартуды, майлауды, бекітуді және жекелеген бұрандамаларын ауыстыруды:

1) орталықтандырылмаған бағыттамалы бұрмаларда - оларға қызмет көрсетуші бағыттамалық пост кезекшілері;

2) орталықтандырылған бағыттамалы бұрмаларда - жол дистанциясының қызметкерлері жүзеге асырады.

 

 


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет