Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 4. Жер төсемі, жолдың үстіңгі құрылысы және жасанды құрылыстар



бет7/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 4. Жер төсемі, жолдың үстіңгі құрылысы және жасанды құрылыстар

 

292. Жер төсемінің жоғарғы жағындағы ені түзу учаскелерде жолдың үстіңгі құрылысына сәйкес болуы тиіс. Қолда бар желілерде олар қайта жаңғыртылғанға дейін жер төсемінің ені кем дегенде: дара жолды желілерде - 5,5 м, қосы жолдарда - 9,6 м, ал дара жолды желілердегі жартасты және дренажды топырақтарда кем дегенде - 5,0 м, қосы жолдарда 9,1 м болуына жол беріледі. Жер төсемінің жоғарғы жағындағы ең аз ені жолдың әр жағынан 0,4 м болуы тиіс.

Радиусы 2000 м-ден км қисық учаскелерде жер төсемі белгіленген нормалар бойынша кеңейеді.

293. Жаңадан салынып жатқан темір жол желілері және екінші жолдар үшін Жер төсемінің жоғарғы жағындағы ені Құрылыс нормалары мен Ережелерінің талаптарына сай болуы тиіс.

Жер төсемінің жиегі су таситын жерлерде қатты жел кезінде толқындардың ең жоғары биіктігінен 0,5 м-ге жоғары болуы тиіс.

294. Жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 350 м және одан артық, қисық учаскелерінде рельс бастиектерінің ішкі қырлары арасындағы жолтабан енінің номиналдық мөлшері - 1520 мм.

295. Бұдан тік қисық учаскелердегі жолтабанның ені төмендегідей болуы тиіс:

1) радиусы 349-дан 300 м-ге дейін - 1530 мм;

2) соның ішінде темір-бетон шпалдарда - 1520 мм;

3) радиусы 299 м және одан кем - 1535 мм.

296. Рельс-шпал торын кешенді ауыстыру жүргізілмеген темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарда радиусы 650 м-ден артық түзу және қисық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық мөлшерінің 1524 мм болуына жол беріледі.

297. Бұл ретте, бұдан тік қисықтарда қабылданатын жолтабан:

1) радиусы 650-ден 450 м-ге дейін - 1530 мм;

2) радиусы 449-дан 350 м-ге дейін - 1535 мм;

3) радиусы 349 м-ден және одан кем - 1540 мм.

Жолдың түзу және қисық учаскелерінде жоюды талап етпейтін жолтабан енінің номиналдық мөлшерлерінен ауытқу шамасы тарылуы бойынша - 4 мм-ден, кеңеюі бойынша +8 мм-ден аспауы, ал қозғалыс жылдамдығы сағатына 50 км және одан төмен учаскелерде тарылуы - 4 мм-ден, ал кеңеюі бойынша - 10 мм-ден аспауы тиіс.

298. Жолтабан енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден артық болуына жол берілмейді.

299. Түзу учаскелерде жолдың қос тінінің рельстері бастиектерінің үсті бір деңгейде болуы тиіс. Жолдардың түзу учаскелерінде белгіленген нормаларға сәйес бір рельстік тінді екіншісінен 6 мм-ге биік етіп ұстауға рұқсат етіледі.

Сыртқы рельс тінінің жоғары тұруы 150 мм-ден артық болмауы тиіс. Қажет жағдайларда бас жолдың қисық учаскелерінде сыртқы рельс тінінің барынша жоғары тұруының 150 мм-ден артық болуына жол беріледі.

300. Аса ірі және жауапты жасанды құрылыстардың тізбесін және оларды қадағалау тәртібін, сондай-ақ жер төсемінің деформацияланатын немесе күрделі инженерлік-геологиялық қалыптағы учаскелерін қадағалау белгілейді.

Жасанды құрылыстар өртке қарсы құралдармен жабдықталуы және қажет қалыптарда қарап тексеруге арналған құралдары болуы тиіс.

301. Барлық көпірлер қолданыстағы есептеу нормалары негізінде жүк көтергіштігі бойынша жіктеледі.

302. Жолдың және құрылыстардың күйін бақылау магистральдық темір жол желісінде жол өлшегіш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутабу жөніндегі зертханалар, көпірлік, тоннельдік, жолды тексеру, сынау, жөндеу-тексеру-сүңгуір станциялары қолданылуы тиіс.

 

 



§ 5. Рельстер мен бағыттамалы бұрмалар

 

303. Бас және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалы бұрмалар қуаты мен күйі бойынша пайдалану жағдайларына (жүктасымалдылығы, осьтік жүктемелер және поездардың қозғалыс жылдамдықтары) сәйкес келуі тиіс.



304. Бағыттамалы бұрмалар айқастырмаларының маркалары мынадай: бас және қабылдау-жөнелту жолаушылар жолдарында - 1/11-ден тік емес, ал айқаспа бұрмалар және айқаспа бұрмалардың жалғасы болып табылатын дара бұрмалар - 1/9-дан тік емес, жолаушылар поездары бұрманың түзу жолы бойынша ғана өтетін бағыттамалы бұрмалар айқастырмаларының маркасы 1/9 болуы тиіс. Егер 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмаларды 1/11 маркасымен ауыстыру бағыттама алқымдарын қайта орнатуға алып келіп, қазіргі уақытта оны жүзеге асыру мүмкін болмаса мұндай бұрмалар бойынша жолаушылар поездарын қаптал жолға бұруға жол беріледі:

1) жүк қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тік емес, ал симметриялылары - 1/6-дан тік емес;

2) өзге жолдарда - 1/8-ден тік емес, ал симметриялылары - 1/4,5-тен тік емес.

305. Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттық, бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері алдында тепкіш білеулер жатуы тиіс.

306. Қисық учаскелерде бас жолдарға бағыттамалық бұрмаларды жаңадан орнатуға жол берілмейді.

Орталықтандырылған бағыттамалар климаттық және басқа жағдайларға қарай механикаландырылған тазарту немесе қар еріту құрылғыларымен жабдықталады.

307. Мына ақаулықтардың ең болмаса біреуіне жол берілген бағыттамалы бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға тыйым салынады:

1) бағыттама үшкірлерінің және тартымдары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерінің ажырауы;

2) үшкірдің рамалық рельстен, айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтаудан 4 мм-ге және одан артық сыдырылып түсуі, ол үшкірде және доғал айқастырманың өзекшесінде бірінші тартымға қарсы, үшкір айқастырманың өзекшесінде - бағыттама жабық тұрған қалпында өзекшенің үшкірінде өлшенеді;

3) үшкірді немесе жылжымалы өзекшені сырлау, бұл кезде жалдың төну қаупі пайда болады, және мына ұзындықта сырлаудың барлық жағдайларында:

бас жолдарда 200 мм және одан артық;

қабылдау-жөнелту жолдарында 300 мм;

өзге станциялық жолдарда 400 мм.

4) үшкірдің рамалық рельске қарсы және жылжымалы өзекшенің жақтауға қарсы 2 мм-ге және одан артық төмендеуі, төмендеу қимасында өлшенеді, мұнда үшкір бастиегінің немесе жылжымалы өзекшенің ені жоғарғы жағында 50 мм және одан артық;

5) үшкір өзекшесінің қыры мен контррельс бастиегінің жұмыс қыры арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем;

6) контррельс бастиегінің және жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 мм-ден артық;

7) үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы, айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе контррельстің) омырылуы;

8) бір бұрандамалы ішпекте контррельстік бұрандаманың немесе қос болтты ішпекте екеуінің де ажырауы.

308. Бас жолдардағы және қабылдау-жөнелту жолдардағы рельстер мен бұрмалы бағыттамалар ақаутапқыш арбашалармен тексеріледі.

309. Станцияларда бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылысуларды салу және алу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

310. Бақыламалық бағыттама құлыптарымен:

1) поездарды қабылдау және жөнелту жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын;

2) 1-сыныпты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлінген жолдарға апаратын;

3) қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының тұруына бөлінген жолдарға апаратын;

4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын;

5) ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегіш вагондардың, теміржолдық құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлінген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталуы тиіс.

311. Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның ішінде орталықтандырылған және бақыламалық құлыптары бар, оларды аспалы құлыппен жабу мүмкіндігі болу үшін үлгі құралдармен жабдықталуы тиіс. Бұл құралдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі тиіс.

312. Орталықтандырылмаған бағыттамалар бас және қабылдау-жөнелту жолдарында орналасқан жарық берілетін немесе жарық берілмейтін бағыттамалық нұсқағыштармен жабдықталуы тиіс, бұл станцияның ТБА-да көрсетіледі.

Электрлік орталықтандыруға енгізілген бағыттамалар және сұрыптау парктерінің дөңес асты алқымдарының бағыттамалары нұсқағыштармен жабдықталмайды.

313. Бағыттамалы бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеу және ағымдық күтіп ұстау, бағыттамалық нұсқағыштарды, түсіргіш табандықтарды, түсіргіш үшкірлерді, түсіргіш бағыттамаларды, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрғыш білеулерді, топсалы-иінді тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеуді және күтіп ұстауды жол дистанциялары жүргізеді. Бұл құрылғыларда бар БОС құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді сигнал беру және байланыс дистанциялары жүргізеді.

314. Темір жол жолдарының басқа темір жол жолдарымен, трамвай, троллейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қала көшелерімен қиылысулары өкілетті органдармен келісілген талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Қолданыстағы темір жол өтпелерінде трамвай және троллейбус қозғалысын ашуға жол берілмейді.

315. Белгіленбеген жерлерде темір жолдар арқылы көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың, сондай-ақ малды айдап өту тыйым салынады. Осы талаптардың орындалуын қадағалау жол дистанцияларының қызметкерлеріне, ал станцияларда, бұдан басқа, станциялардың қызметкерлеріне жүктеледі.

316. Темір жол өтпелері темір жол және автомобиль көлігі қозғалысының қарқындылығына қарай төрт санатқа бөлінеді. Темір жол өтпелеріне санат беру, оларды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 25 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелген № 6899) Темір жол өтпелерін пайдалану ережелерімен белгіленген.

І және II санатты, сондай-ақ электрмен жабдықтаудың бойлық желілерімен жабдықталған учаскелерде орналасқан немесе маңында электрмен жабдықтаудың басқа тұрақты көздері бар III және IV санатты темір жол өтпелерінде электр жарығы болуы, ал қажетті жағдайларда өтіп бара жатқан поездарды қарап тексеру үшін прожекторлық құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Өтпелерді электрмен толассыз жабдықтаумен және сыртқы жарықпен электрмен жабдықтау дистанциялары қамтамасыз етеді.

317. Темір жол өтпелері реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді.

Реттелетіндерге темір жол өтпесіне поездың жақындағаны туралы көлік құралдарының жүргізушілерін өтпелік хабарлау сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған немесе кезекші қызметкер қызмет көрсететін темір жол өтпелері жатады.

Өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталмаған немесе кезекші қызметкер қызмет көрсетпейтін темір жол өтпелері реттелмейтіндерге жатады.

318. Кезекші қызметкер қызмет көрсететін темір жол өтпелерінде поездық локомотивтердің және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинистерімен радиобайланыс, маңындағы станциямен немесе постымен, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчерімен тікелей телефон байланысы болуы тиіс.

Өтпелік сигнал беру, автоматты шлагбаумдарды, телефон байланысын және радиобайланысты түзу күйінде ұстау және олардың жұмыс істеуін сигнал беру және байланыс дистанциялары қамтамасыз етеді.

319. Темір жол өтпелерінде үлгі төсем және бағанашалармен немесе қанаттармен қоршалған кірмелері болуы тиіс. Темір жол өтпелерінің маңында ескерту белгілері: поездар келетін жақта ысқырықтың берілуі туралы «С» сигналдық белгісі, ал автомобиль жолы жағынан нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгілер болуы тиіс. Кезекші қызметкер қызмет көрсетпейтін, көрінуі нашар темір жол өтпелерінің алдында поездар келетін жақта қосымша «С» сигналдық белгісі орнатылуы тиіс.

320. Темір жол өтпесі бойынша жүгі бар немесе жүгі жоқ ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының, баяу жүретін машиналар мен автопоездардың жүруіне әр жеке қалыпта жол дистанциясы бастығының рұқсаты бойынша ғана жол беріледі және жол шеңберінің немесе жол бригадирінің қадағалуымен, ал электрлендірілген учаскелерде тасымалданатын жүктің биіктігі 4,5 м-ден артық болғанда - электрмен жабдықтау дистанциясы өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

Мұндай көлік құралдарының станция шекарасында орналасқан темір жол өтпесі арқылы жүруі станция бойынша кезекшімен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчерімен келісілуі тиіс.

321. Темір жол өтпесі бойынша кезекші темір жол өтпесінде поездар мен көлік құралдарының қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етуі, шлагбаумды уақтылы ашуы және жабуы, белгіленген сигналдарды беруі, өтіп бара жатқан поездардың күйін қадағалауы тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулықты анықтаған қалыпта ол поезды тоқтатуға шара қолдануға, ал егер поездың соңын білдіретін сигнал болмаса, бұл туралы станция бойынша кезекшіге және локомотив машинисіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне баяндауға міндетті.

322. Магистральдық темір жол желісінің электр берілісі және байланыс желілерімен, мұнай, газ, өнім құбыржолдарымен, су құбыржолдарымен және басқа да жер үсті және жер асты құрылғылармен қиылысуына өкілетті органның рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін. Мұндай қиылысуларда арнаулы сақтандырғыш құрылғылар болуы немесе поездар қозғалысының қауіпсіздігін және толассыздығын қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

323. Жаңадан салынып жатқан желілердің және темір жол кірме жолдарының аралықтарда бас жолдарға жанасуына айрықша жағдайларда өкілетті органның рұқсатымен жол беріледі.

324. Магистральдық темір жол желісінің бір деңгейде қиылысатын, сондай-ақ желілердің, темір жол кірме және жалғағыш жолдарының бас жолдарға жанасатын жерлерінде аралықтар мен станцияларда сақтандырғыш тұйықтар немесе қорғағыш бағыттама орналасуы тиіс.

Темір жол кірме және жалғағыш жолдар қабылдау-жөнелту жолдарына және басқа станциялық жолдарға жанасатын жерлерде жылжымалы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа шығып кетуін болдырмауы үшін сақтандырғыш тұйықтар, қорғағыш бағыттамалар, түсіргіш табандықтар, түсіргіш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалар болуы тиіс.

Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс.

325. Созылмалы еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтін станцияларда сақтандырғыш тұйықтарды көздеу қажет.

Ажыратылмалы көпірлер екі жағынан сақтандырғыш тұйықтармен немесе түсіргіш табандықтармен не болмаса түсіргіш бағыттамалармен қоршалуы тиіс.

326. Қос жолды желілердің аралықтарындағы бағыттамалы бұрмалар бейімделген жолмен келе жатқан поездар үшін ықтас болуы тиіс.

Айрықша жағдайларда жанасатын жолдардың жақындау күрделі болған кезде Ұлттық темір жол компаниясы басшылығының рұқсатымен бағыттамаға қарсы бағыттамалы бұрмаларды орнатуға жол берілуі мүмкін.

327. Бас жолдардың жанында сигнал және жол белгілері орнатылады. Бағыттамалы бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектік бағаншалар орнатылады.

Темір жолға бөлінген белдеу шекарасын көрсету үшін, сондай-ақ жер төсемінің көрінбейтін құрылыстарын жер бетінде белгілеу үшін ерекше жол белгілері орнатылады.

328. Сигнал белгілері қозғалыс бағыты бойынша оң жақта, ал жол белгілері оң жақта километр саны бойынша шеткі жол осінен кем дегенде 3100 мм қашықтықта орнатылады.

Ойықтарда (жартастықтан басқа) және олардан шығатын жердерде жол және сигнал белгілері дала жағынан кюветтер мен науалар шегінен тысқары орнатылады. Қар басып қалатын ойықтар мен олардан шығатын жердерде (100 м-ге дейінгі шекте) аталған белгілер шеткі жол осінен кем дегенде 5700 мм қашықтықта орнатылады. Электрленген учаскелерде сигнал және жол белгілері бағдаршам қалпақшалары, трансформаторлық қосалқы станциялар, түйіспе желісінің ажыратқыштары мен разрядтауыштары орнатылған тіреулерді қоспағанда, түйіспе желісінің тіреулерінде орнатылуы мүмкін.

329. Шектік бағаншалар түйісетін жолдардың осьтері арасындағы қашықтық 4100 мм құрайтын жерде жол аралығының ортасында орнатылады. Т габариті бойынша салынған жылжымалы құрам жүрмейтін қолда бар станциялық жолдарда 3810 мм қашықтықты сақтауға рұқсат етіледі. Жол аралығы тар қайта тиеу жолдарында шектік бағаншалар жол аралығының ені 3600 мм-ге жететін жерде орнатылады.

330. Жолдың қисық учаскелерінде бұл қашықтықтар Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нормаларға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

331. Локомотив деполарының, техникалық қызмет көрсету пункттерінің, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және локомотив шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, локомотивтердің тиімді қолданылуын, сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың рационалды қолданылуын және еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Арнаулы жылжымалы құрамға арналған деполардың, арнаулы жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету пункттерінің, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және арнаулы жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге арналған басқа құрылыстар мен құрылғылардың орналасуы және техникалық жарақтандырылуы арнаулы жылжымалы құрамға сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың рационалды қолданылуын, еңбектің қауіпсіз жағдайын, арнаулы жылжымалы құрамның тиімді қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.

332. Жолаушылар вагон деполарының, жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінің, жуу-булау станцияларының, вагон және жолаушы шаруашылықтарының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың рационалды қолданылуын және еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушылар поездарын қалыптастыру және олардың айналымы станцияларының, жолаушылар техникалық станцияларының және жөндеу-жарақтау деполарының жолаушылар поездарын сапарға сапалы дайындау үшін қажетті технологиялық жарағы болуы тиіс.

333. Сумен жабдықтау және суды өңдеу құрылғылары локомотивтердің, поездардың, станциялардың және темір жол көлігінің құрылымдық кәсіпорындарының тиісті сападағы және қажетті мөлшерде сумен толассыз жабдықталуын, сондай-ақ басқа да шаруашылық, өртке қарсы және ауызсу қажеттіліктерін қанағаттандырылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Канализациялық құрылыстар темір жол кәсіпорындарының және тұрғын кенттерінің ағынды суларының санитарлық және табиғатты қорғау нормаларына сәйкес тазартылуын қамтамасыз етуі тиіс.

334. Белгілеген пункттерде:

1) қалыпты қозғалысты қалпына келтіру және жылжымалы құрамның соқтығысуы мен рельстен шығып кетуі салдарларын жоюға арналған қалпына келтіру поездары, арнаулы автомотрисалар, дрезиналар және жол мен құрылыстарды, электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіруге арналған автомобильдер, байланыстың жөндеу-қалпына келтіру ұшқырларының вагондары мен автомобильдері, авариялық-дала командалары;

2) өрттердің алдын алуға және оларды сөндіруге арналған өрт сөндіру поездары мен өрт сөндіру командалары тұрақты әзірлікте тұруы тиіс.

335. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнаулы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қоюға тыйым салынады.

336. Станциялардың жол тарамдары және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, поездарды қабылдау және жөнелту, жүкті, багажды, жүк-багажды тиеу, түсіру, құрамдар мен вагондарды өңдеу операцияларына арналған уақыт нормаларының орындалуын, техникалық құралдардың тиімді қолданылуын, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

337. Ғимараттар, платформалар және жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған басқа құрылыстар мен құрылғылардың сырты сәулетті, көркем болуы, жолаушылар тасымалдаумен байланысты операциялардың қолайлы және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Жолаушылар платформаларына өту үшін қажетті жағдайларда жаяу жүргіншілер тоннельдері немесе көпірлері болуы тиіс.

Станцияларда темір жол жолдарымен бір деңгейдегі өтулер сақталған кезде бұл өтулер жаяу жүргіншілер төсемдерімен, нұсқағыштармен және ескерту жазбалармен, ал қажет болған кезде автоматты сигнал беру жабдықталуы тиіс.

338. Жолаушылар станциялары орындарды резервтеудің және билет сатудың автоматтандырылған жүйесімен, билет басу машиналары мен автоматтары жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларымен, поездар жөнелтілуінің автоматты нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

Аралықтардағы жолаушылардың аялдау пункттерінің аспалы шатырлары немесе павильондары бар жолаушылар платформалары, қызмет көрсетілетін жолаушылар санына қарай - билет кассалары болуы тиіс.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары жүктердің сақталуын және жүк операцияларының қолайлы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

339. Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге (станциялар бойынша кезекшілерге, маневрлік диспетчерлерге, сигнал беру және байланыс дистанциялары қызметкерлеріне және т.б.) тағайындалған қызметтік ғимараттар мен жайларда жұмыс істеу үшін қажетті жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

Станциялар бойынша кезекшілердің қызметтік жайларында басқару және бақылау аспаптарын, соның ішінде автоматтандырылған жұмыс орнының станция бойынша кезекшінің жұмысына тікелей қатысы бар аппаратурасын, сондай-ақ жарық беруді орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтан басқару пульттерін, поезд жүріп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдарының тіркеуші аппаратурасын орнатуға рұқсат етіледі.

Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған жайлар, операцияларды тез орындау үшін қолайлы қол жеткізімді болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет көрсетуге тағайындалған жайларды басқа мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады.

340. Жолаушылар және жүк поездарының қозғалысы аралас желілерде орналасқан жолаушылар және жүк платформалары түзу учаскелерде биіктігі және жол осінен қашықтығы бойынша мына нормаларға сәйкес болуы тиіс:

1) 1100 мм - рельстер бастиектерінің үстіңгі деңгейінен биік платформаларлар үшін;

2) 200 мм - рельстер бастиектерінің үстіңгі деңгейінен төмен платформаларлар үшін;

3) 1920 мм - жол осінен биік платформаларлар үшін;

4) 1745 мм - жол осінен төмен платформаларлар үшін.

Пайдалану барысында осы тармақта көрсетілген нормалардың мынадай шекте өзгеруіне жол беріледі: биіктігі бойынша ұлғаю жағына қарай 20 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 50 мм-ге дейін; жол осінен қашықтық бойынша ұлғаю жағына қарай 30 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 25 мм-ге дейін.

341. Белгіленген нормадан артық жолаушылар және жүк платформаларының биіктігі және белгіленген нормадан төмен жол осінен қашықтық олар орналасқан жолдардың мақсатына, айналымдағы жылжымалы құрам үлгісіне және қозғалыс жылдамдығына қарай Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

Станциялар мен аралықтарда жаңадан салынып жатқан және қайта орнатылып жатқан биік платформалардың құралымы жолдың машиналандырылған жөндеуін және механикаландырылған жөндеуін, ал станцияларда, бұдан басқа, вагондар мен локомотивтердің жүріс бөліктерін екі жағынан қарап тексеруді және жөндеуді жүргізу мүмкіндігін беретіндей болуы тиіс.

Жол мен платформаларды жөндеу кезінде рельс бастиегінің үсті деңгейінен жолаушылар және жүк платформаларының үстіне дейінгі, сондай-ақ жол осінен платформалардың шетіне дейінгі қашықтықтың белгіленген нормаларын өзгертуге тыйым салынады.

342. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару тікелей жүзеге асырылатын станциялық постылар тиісті бағыттамалар мен сигналдар жақсы көрінетіндей болып орналастырылуы тиіс.

Станциялардың жергілікті жағдайына қарай электрлік орталықтандыру постылары үшін (дөңес қосындарынан басқа) ерекешелік ретінде жол берілуі мүмкін.

343. Орталықтандырудың станциялық постыларының және бағыттамалық постыларының жайларында қажетті сигнал аспаптары, мүлік, құрал-саймандар мен материалдар болуы тиіс. Бағыттамалық постылар, бұдан басқа, телефон байланысының сыртқы шақырту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

344. Сұрыптау дөңестері бағдаршамдық сигнал берумен, радиобайланыспен, сөйлесу және дөңестік локомотивтер машинистеріне, құрастыру бригадалары мен басқа қызметкерлерге қажетті нұсқаулар беру үшін екі жақты парк байланысы құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Сұрыптау дөңестері жұмыс көлеміне қарай вагондарды таратуды механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларымен, бағыттамалардың дөңестік орталықтандыруымен, дөңестік автоматты локомотив сигнал берумен және қажетті құжаттарды беруге және таратуға арналған құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Дөңестік орталықтандыруға енгізілетін барлық бағыттамалар механикаландырылған тазарту немесе қарды еріту құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Автоматтандырылған және механикаландырылған дөңестері бар станцияларда дөңестік жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шеберханалар мен механикаландырылған алаңдар болуы тиіс.

345. Барлық сұрыптау станциялары, сондай-ақ жолаушылар, учаскелік және жүк станциялары, жұмыс көлеміне қарай, станция ішілік диспетчерлік байланыспен, маневрлік және станциялық радиобайланыстың басқа түрлерімен және маневрлік қозғалыстар туралы нұсқауларды беру үшін, сондай-ақ маневрлік диспетчерлердің, станциялар бойынша кезекшілердің, поезд құрастырушылардың, маневрлік локомотивтер машинистерінің, станциялық технологиялық орталықтар, техникалық қызмет көрсету пункттері, коммерциялық қарап тексеру пункттерінің, жүк аудандары мен контейнерлік алаңдар және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам қызметкерлерінің маневрлік жұмысты ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, коммерциялық қарап тексеру және поездардағы вагондарды жөндеу мәселелері бойынша сөйлесуі үшін екі жақты парк байланысы құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Сұрыптау, учаскелік және жүк станциялары жұмыс көлеміне қарай, бұдан басқа, автоматтандырылған басқару жүйелерімен, ақпараттық-есептеу желісі бар байланыс құралдарымен, тасымалдау құжаттарын қабылдау және тасымалдауға арналған және қарап тексеріліп және жөнделіп жатқан құрамдарды қоршауға арналған құрылғылармен, ал станциялардың вокзалдары жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс құрылғыларымен жабдықталады.

346. Станцияларда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарға, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсіру және маневрлік жұмысты жүргізу, жылжымалы құрамды жарақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолдары мен парктеріне, жүк аудандарына, контейнерлік алаңдарға, сұрыптау платформаларына, вагондық таразыларға, қарап тексеру мұнараларына, габариттік қақпаларға, поездар мен вагондардағы коммерциялық ақаулықтарды автоматты анықтау құрылғыларына, сондай-ақ қызметкерлер поездарды қарсы алатын жерлерге, бағыттамалық алқымдарға, қоймаларға, өтпелерге, ал қажет болғанда басқа жолдар мен пункттерге жарық берілуі тиіс. Жарық беру белгілеген нормаларға сәйкес болуы және поездар қозғалысының және маневрлік қозғалу қауіпсіздігін, вагонға отырғызған және вагоннан түскен кезде жолаушылардың қауіпсіздігін және қызмет көрсетуші персоналдың толассыз және қауіпсіз жұмысын және жүктің, багаждың және жүк-багаждың күзетілуін қамтамасыз етуі тиіс.

347. Жүк жұмысының көлемі аз аралық станцияларда тиеу-түсіру және өзге станциялық жолдардың сыртқы жарығын бұл жолдарда жүк және маневрлік жұмыстары жүргізілмей жатқан кезде секциялап ажырату құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Жолаушылардың аялдама пункттерінде жолаушылар вагондарға отыратын және вагондардан түсетін жерлер және жолаушыларға арналған жайларға жарық берілуі тиіс.

Сыртқы жарық сигналдық оттардың анық көрінуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

348. Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты анық ұйымдастыру үшін қолданылады.

Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуға жатады. Темір жол көлігі қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін барлық мүмкін құралдарды қолдануы тиіс.

Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады.

349. Бағдаршамдардың сөніп қалған сигналдық жарықтары (автоматты бұғаттаумен жабдықталмаған учаскелердегі ескерту белгілерінен, бөгегіштерінен және қайталанғыштарынан басқа), олардың түсініксіз көрсетуі, сондай-ақ басқа сигнал аспаптарының сигналдарды түсініксіз беруі тоқтауды талап етеді.

Айрықша, ерекше көзделген жағдайларда осы Ережелерде белгіленген тәртіппен жабық (көрсетуі түсініксіз немесе сөніп қалған) бағдаршамнан өтуге рұқсат етіледі.

350. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнал беруде келесі негізгі сигналдық:

1) белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін - жасыл;

2) қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін - сары;

3) тоқтауды талап ететін - қызыл түстер қолданылады.

351. Маневрлік жұмыс кезінде сигнализацияда, бұдан басқа, келесі түстер қолданылады:

1) айдай ақ - маневрлерге рұқсат беретін;

2) көк - маневрлерге тыйым салатын.

352. Сигналдық түстер қолдану тәртібі және сингалдық көрсетулердің өту жылдамдығы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

Сигналдарды көруге кедергі келтіретін және сигналдық көрсетулерді бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түсті декоративтік маталарды, плакаттар мен оттарды орнатуға тыйым салынады.

353. Сигналдық шынылар мен линзалардың түсі белгіленген стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Магистральдық темір жол желісінде тұрақты сигнал аспаптары ретінде бағдаршамдар қолданылады.

354. Кіру, ескерту, өтпелік, бөгегіш және паналағыш бағдаршамдардың қызыл, сары және жасыл жарықтары жақындап келе жатқан поездың локомотивті басқару кабинасынан кем дегенде 1000 м қашықтықта жолдың түзу учаскелерінде күндіз және түнде анық көрінуі тиіс.

Жолдың қисық учаскелерінде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдардағы сигналдық жолақтардың көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықта анық көрінуі тиіс. Өте ойлы-қырлы жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсетулерінің 400 м-ден кем, бірақ 200 м-ден кем емес қашықтықта көрінуіне рұқсат етіледі.

Бас жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықта, бүйір жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері кем дегенде 200 м қашықтықта анық көрінуі тиіс.

355. Барлық кіру және өту бағдаршамдары мен паналағыш бағдаршамдардың алдында ескерту бағдаршамдары орнатылуы тиіс. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде әрбір өту бағдаршамы келесі бағдаршамға қатысты ескерту бағдаршамы болып табылады.

Автоматты локомотив сигнализациясы дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын учаскелерде кіру бағдаршамдары алдында ескерту бағдаршамдары орнатылмауы мүмкін.

356. Үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған желілерде шектес бағдаршамдар арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және барынша іске асырылатын, бірақ жолаушылар поездары үшін сағатына 120 км-ден және жүк поездары үшін сағатына 80 км-ден аспайтын жылдамдық кезінде осы жер үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы және бұдан басқа, автоматты локомотив сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, сигналдардың көрінуі 400 м-ден кем учаскелерде, сондай-ақ на автобұғаттаумен жаңадан жабдықталып жатқан желілерде көрсетілген қашықтық, бұдан басқа, 1000 м-ден кем болмауы тиіс.

Үш мәнді сигнал беру бар автобұғаттаумен бұрын жабдықталған желілерде жекелеген бағдаршамдар қажетті тежеу жолынан кем қашықтықта қалдырылуы мүмкін. Мұндай бағдаршамда, сондай-ақ оның ескерту бағдаршамында жарық нұсқағыштар орнатылуы тиіс. Станцияларда жарық нұсқағыштар бас жолдың шектес (кіру, маршруттық, шығу) бағдаршамдары арасындағы қашықтық қажетті тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.

357. Үш мәнді сигнал беру үшін белгіленген ең аз ұзындықтан қысқа блок-учаскелері болуы тиіс қала маңындағы поездардың қозғалысы аса қарқынды желілер төрт мәнді сигнал берумен жабдықталады.

Егер локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарысымен ауысқан соң қызметтік тежеуді қолданған кезде тыйым салу белгісі бар жол бағдаршамының алдында поездың тоқтауы қамтамасыз етілсе, сағатына 120 км-ден артық жылдамдықпен жолаушылар поездары немесе сағатына 80 км-ден артық жылдамдықпен жүк поездары қатынайтын үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған желілерде олардың барынша жоғары белгіленген жылдамдықпен қозғалуына локомотив бағдаршамының жасыл жарығы кезінде рұқсат етіледі.

Жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары арасындағы қашықтық толық қызметтік тоқтау және барынша іске асырылатын жылдамдық кезінде осы жер үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы, ал автоматты локомотив сигнал беруінің жол құрылғылары болған кезде бұл қашықтық, бұдан басқа, автоматты локомотив сигнал беруі мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

358. Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде ескерту бағдаршамдары негізгі бағдаршамдардан шұғыл тежеу кезінде және барынша іске асырылатын жылдамдық кезінде осы жер үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмайтын қашықтықта, ал учаскелерде автоматты локомотив сигнал беруінің жол құрылғылары болған кезде автоматты локомотив сигнал беруі мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмайтын қашықтықта орнатылады.

Автоматты локомотив сигнал беруі дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын учаскелерде екі шектес блок-учаскенің ұзындығы автоматты локомотив сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

359. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақта немесе олар қоршайтын жол осінің үстіне орнатылады. Аралықтарда бейімделмеген жолмен келе жатқан поездар үшін өтпелердің алдында орнатылатын бөгегіш бағдаршамдар мен олардың ескерту бағдаршамдары қозғалыс бағыты бойынша сол жақта да орнатылуы мүмкін.

360. Бағдаршамдарды оң жақта орнату үшін габарит болмаған қалыпта темір жол көлігі кәсіпорны басшылығының рұқсатымен:

1) бейімделмеген жолмен келе жатқан поездарды, сондай-ақ аралықтан бейімделмеген жол бойынша қайтып келе жатқан итермелеуші локомотивтер мен шаруашылық поездарын станцияға қабылдау үшін орнатылатын кіру бағдаршамдары мен олардың ескерту бағдаршамдарын;

2) екінші жолдарды салу кезеңіне уақытша орнатылатын кіру және өту бағдаршамдарын сол жаққа орнатуға рұқсат етіледі.

361. Маневрлік жұмыс технологиясы жағдайларынан туындайтын жекелеген станцияларда дөңестік бағдаршамдарды сол жақта орнатуға рұқсат етіледі.

362. Әдетте, қалыпты жанатын сигналдық жарықтары бар бағдаршамдар қолданылады.

Автобұғаттауы бар желілерде олардың алдындағы блок-учаскеге поезд кірген кезде жанатын өту бағдаршамдарында қалыпты жанбайтын сигналдық жарықтарды қолдануға жол беріледі.

363. Басқару құрылғыларының ақаулары пайда болған кезде бағдаршамдар тыйым салу белгісін, ал ескерту бағдаршамдары олармен байланысты негізгі бағдаршамдардың тыйым салу белгісіне сай келетін көрсеткішті қабылдауы тиіс.

364. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде өту бағдаршамдарының қалыпты көрсетілімі рұқсат етуші көрсетілім, ал кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының қалыпты көрсетілімі тыйым салушы көрсеткіш болып табылады.

Станция бойынша поездардың өтпелі өтуі үшін кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоматты жұмысқа ауыстырылуы мүмкін магистральдық темір жол желісінің учаскелерінде рұқсат етуші көрсеткіш оларды автоматты жұмысқа ауыстырған кезде қалыпты болып табылады.

Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының тыйым салушы көрсеткіш қалыпты болып табылады.

365. Кіру бағдаршамдары бағыттамаға қарсы бағыттамалы бұрманың үшкірінен немесе ықтас бағыттамалы бұрманың шектік бағаншасынан санағанда бірінші кіру бағыттамалы бұрмасынан 50 м-ден жақын емес қашықтықта орнатылуы тиіс.

Бұрын 50 м-ден кем, бірақ 15 м-ден жақын емес қашықтықта орнатылған кіру бағдаршамдарының орны ауыстырылмауы мүмкін.

Электрлендірілген учаскелерде кіру бағдаршамдары, сондай-ақ «Станция шекарасы» деген сигналдық белгілер аралықтардың түйіспе желісін станциялардың түйіспе желісінен бөлетін әуе кеңістіктері алдында (аралық жағынан) орнатылуы тиіс.

366. Шығу бағдаршамдары жөнелтілетін поезд локомотивінің тұруына арналған жердің алдында әр жөнелту жолы үшін орнатылуы тиіс.

Станцияларда ұзындығы жеткілікті емес, поездың басы шығу бағдаршамының арғы жағында тұратын жолдардан поездарды жөнелткен кезде оның сырт жағына бағдаршамның қайталағыш қалпақшасын орнатуға рұқсат етіледі.

Поездардың тоқтаусыз өтуі жүргізілетін жолдарды қоспағанда, жол топтары үшін топтық кіру және маршруттық бағдаршамдарды орнатуға жол беріледі. Топтық кіру және маршруттық бағдаршамдары поезды жөнелту рұқсат етілетін жолдың нөмірі көрсетілетін маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиіс.

367. Автоматты бұғаттаманың өту бағдаршамдары блок-учаскелер арасындағы шекарада, ал жартылай автоматты бұғаттаманың өту бағдаршамдары қосындар арасындағы аралықтар шекарасында орнатылады.

Автоматты локомотив сигнализациясы дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын учаскелерде блок-учаскелердің шекарасында «Блок-учаске шекарасы» деген сигналдық белгілер орнатылады.

Қос жолды аралықтарда бейімделмеген жолмен локомотив бағдаршамының сигналдары бойынша қозғалған кезде блок-учаскенің шекарасы бейімделген жол бойынша қозғалыс үшін орнатылған автобұғаттау бағдаршамы болып табылады.

368. Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына кіретін бағыттамалардың кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдарымен өзара тәуелділігі болуы тиіс.

369. Аралықтарда жол бұғаттамасы немесе электр асатаяғы жүйесінің құрылғылары болған қалыпта бас жол тарамдарының бағыттамалары жақын жердегі өту немесе шығу бағдаршамын ашу немесе асатаяқты алып тастау бас жол бойынша бағыттаманың қалыпты жағдайында ғана мүмкін болатындай етіп осы құрылғылармен байланыста болуы тиіс

370. Бір деңгейде қиылысу және желілердің тұтасуы, сондай-ақ ажыратылмалы көпірлер тиісінше шектік бағаншалардан немесе көпірдің басынан 50 м-ден жақын болмайтын қашықтықта екі жағынан да орнатылған паналағыш бағдаршаммен қоршалуы тиіс.

Бір деңгейде қиылысу және желілердің тұтасуы кезінде паналағыш бағдаршамдардың олардың біреуін ашу қарсы маршруттардың тыйым салу көрсетулері кезінде ғана мүмкін болатын тәуелділігі болуы тиіс.

Ажыратылмалы көпірлерде бүркеме бағдаршамдарды ашу көпірдің түсірілген күйінде ғана мүмкін болуы тиіс.

371. Автоматты немесе жартылай автоматты бұғаттамасы бар учаскелерде орналасқан, бас және қабылдау-жөнелту жолдар бойынша поездарды тоқтаусыз өткізу көзделетін станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда бос жолдар бойынша поездарды тоқтаусыз өткізу сигнал беруі қолданылуы тиіс.

372. Аралықтар, әдетте, жол бұғаттамасымен, ал жекелеген учаскелерде аралықтағы екі бағыттағы поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал берумен жабдықталуы тиіс.

373. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау құрылғылары олар қоршап тұрған блок-учаскені (станцияаралық немесе қосынаралық аралықты) жылжымалы құрам босатқанға дейін шығу немесе өту бағдаршамының ашылуына, сондай-ақ негізгі электрмен жабдықтаудан резервтегі немесе керісінше ауысу нәтижесінде бағдаршамның өздігінен жабылып қалуына жол бермеуі тиіс.

374. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен жабдықталған дара жолды аралықтарда станцияда шығу бағдаршамы ашылған соң осы аралыққа қарама қарсы бағытта поездарды жөнелту үшін көрші станцияның шығу және өту бағдаршамдарын ашу мүмкіндігі мүлдем болмауы тиіс.

Дәл осындай сигналдар тәуелділігі әр жол бойынша екі жақты қозғалу үшін автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен жабдықталған қос жолды және көп жолды аралықтарда болуы тиіс.

Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды ендірмелері бар дара жолды учаскелерде, сондай-ақ қозғалыс автобұғаттау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалды желілердің қос жолды және көп жолды аралықтарында локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша қарама қарсы бағытта (бейімделмеген жол бойынша) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар көзделуі мүмкін. Бұл құрылғылар, қолданылатын техникалық шешімдеріне қарай, тұрақты жұмыс істейді немесе жөндеу, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары кезеңіне іске қосылады.

375. Автоматты бұғаттау кезінде барлық бағдаршамдар олар қоршап тұрған блок-учаскелерге поезд кірген кезде, сондай-ақ осы учаскелердің рельс тізбектерінің тұтастығы бұзылған қалыпта автоматты түрде тыйым салу көрсеткішін көрсетуі тиіс.

376. Жол бұғаттамасымен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылық поездарына арналған кілт-асатаяқтары, ал итермелегіш локомотивті қайтара отырып, поездарды итермелеу қолданылатын жартылай автоматты бұғаттамасы бар учаскелердің станцияларында соларға арналған кілт-асатаяқтары болуы тиіс.

Автоматты бұғаттаумен жабдықталған дара жолды желілерде, сондай-ақ әр жолда екі жақты бұғаттауы бар қос жолды аралықтарда маневрлік құрам станциясының шекарасынан шығатын маневрлік жұмыс жүргізілетін станцияларда автоматты бұғаттау құрылғылары қажет болған кезде олармен байланысты маневрлік бағдаршамдармен толықтырылады.

377. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен жабдықталған желілерде орналасқан станцияларда:

1) бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылуына жол бермейтін;

2) басқару аппаратында жолдар мен бағыттамалардың бос еместігін бақылауды қамтамасыз ететін құрылғылар болуы тиіс.

378. Жартылай автоматты бұғаттау кезінде станцияларда:

1) жөнелту маршрутында оқшауланған бағыттамалық учаскелердің ақаулығынан олардың бостығын бақылауды ажырату;

2) егер іс жүзінде поезд одан жүріп өтпесе, жабылып қалған шығу бағдаршамын қайталап ашуға;

3) поездың толық құрамда келуін автоматты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар болуы тиіс.

379. Автоматты бұғаттау автоматты локомотив сигнал берумен және диспетчерлік бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматты бұғаттау жолдың белгілі учаскелерінде автоматты локомотив сигналберумен толықтырылуы тиіс.

380. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде поездар қозғалысын диспетчерлік бақылау құрылғылары белгіленген қозғалыс бағытын (дара жолды аралықтарда), блок-учаскелердің, аралық станциялардағы бас және қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының көрсетулерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан енгізіліп жатқан диспетчерлік бақылау жүйелері, осы тармақта аталған талаптардан басқа, СОБ құрылғыларының техникалық күйінің бақылануын қамтамасыз етуі тиіс.

 

 


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет