Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 5. Бағыттамалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы



бет8/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 5. Бағыттамалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы

 

381. Электрлік орталықтандыру құрылғылары:

1) бағыттамалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;

2) осы маршрутты шектейтін бағдаршамды бір мезгілде жаба отырып, бағыттаманың кесіп өтілуін бақылауды;

3) бағыттамалардың қалпын және жолдар мен бағыттамалық секциялардың бос еместігін басқару аппаратында бақылауды;

4) бағыттамалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөлек басқару мүмкіндігін;

5) маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүргізуді, қажет болған кезде бағыттамалардың жергілікті басқаруға берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

382. Электрлік орталықтандыру құрылғылары:

1) бос емес жолға маршрут қойылған кезде кіру бағдаршамының ашылуына;

2) жылжымалы құрам астындағы бағыттаманың ауыстырылуына;

3) егер бағыттамалар тиісті қалыпқа қойылмаса, осы маршрут бойынша тиісті бағдаршамдардың ашылуына;

4) маршрутқа кіретін бағыттаманың ауыстырылуына немесе қойылған маршрутты шектейтін ашық бағдаршам кезінде қарсы маршрут бағдаршамының ашылуына жол бермеуі тиіс.

383. Орталықтандырылған бағыттамалардың жетектері мен тұйықтағыштары:

1) бағыттамалардың шеткі қалыптарында қысылған үшкірдің рамалық рельске және айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуге;

2) қысылған үшкір мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекше мен жақтау арасындағы саңылау 4 мм және одан артық болғанда бағыттама үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуге;

3) басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм-ге бұруға міндетті.

 

 

§ 6. Диспетчерлік орталықтандыру



 

384. Диспетчерлік орталықтандыру және поездың толық құрамда келуін автоматты бақылайтын жартылай автоматты бұғаттау құрылғылары:

1) бірқатар станциялар мен аралықтардың бағыттамалары мен бағдаршамдарын бір пункттен басқаруды;

2) бағыттамалардың қалпы мен бос еместігін, аралықтың, станциядағы жолдардың және оларға іргелес блок-учаскелердің бос еместігін басқару аппаратында бақылауды, сондай-ақ кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары көрсетулерін қайталауды және өтпелік сигнал беру жұмысының түзулігін бақылауды қамтамасыз етеді.

385. Іргелес станциялардың бағыттамалары мен бағдаршамдарын телебасқару құрылғылары диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қойылатын:

1) поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлерді жүргізу бойынша бағыттамалар мен бағдаршамдарды резервтік басқаруға станцияларды беру немесе маневрлерді жүргізу үшін бағыттамаларды жергілікті басқаруға беру мүмкіндігі;

2) поездардың орындалған қозғалысы графигін автоматты жазылуы;

3) дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға, автоматты бұғаттауға және автоматты локомотив сигнал беру қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

386. Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок-учаскелердің жалған бос еместігі кезінде поезд диспетчерінің қозғалыс бағытын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

387. Автоматты локомотив сигнал беру кезінде локомотив бағдаршамдары поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес көрсетулерді беруі тиіс.

Локомотив бағдаршамдарының көрсетулері бойынша ғана қозғалған кезде бұл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-учаскелердің бос еместігіне немесе бостығына қарай көрсетулерді беруі тиіс.

Локомотив бағдаршамдары локомотивтің, моторвагонды поездың, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның басқару кабинасында орнатылады және тікелей машинистке және оның көмекшісіне немесе дрезина жүргізушісіне және оның көмекшісіне сигналдық көрсетулерді береді.

388. Локомотивтердегі, моторвагонды поездардағы, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамдағы автоматты локомотив сигнал беру белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өздігінен жүріп кетуін бақылауды және машинист қырағылығын кезеңдік тексеруді қамтамасыз ететін қауіпсіздік құрылғыларымен толықтырылуы тиіс. Машинист локомотивті, моторвагонды поезды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды, ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетін жоғалтқан жағдайларда, аталған құрылғылар поездың тыйым салушы көрсеткіш бар бағдаршамның алдында автоматты тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.

389. Автобұғаттаумен немесе дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал берумен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда бас жолдар, жолаушылар поездарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ поездарды тоқтатусыз өткізуге арналған қабылдау-жөнелту жолдары автоматты локомотив сигнал беруінің жол құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Жартылай автоматты бұғаттау кезінде жақындау учаскелері және станциялардың бас жолдары автоматты локомотив сигнал берудің жол құрылғыларымен жабдықталады.

390. Кілтке тәуелді құрылғылар бақыламалық құлыптардың көмегімен бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз етуі тиіс.

391. Бағыттамалардың бақыламалық құлыптары:

1) бағыттама жабық болғанда ғана кілттің алынуына жол беруге;

2) үшкірдің рамалық рельске толық жанасуы шартымен бағыттамаларды құлыптан алынған кілтте көрсетілген қалыпта ғана жабуы;

3) қысылып тұрған үшкір мен рамалық рельстің арасында 4 мм және одан артық саңылау болғанда бағыттаманы жабу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.

392. Бағыттамалардың бір және сол сериялы бақыламалық құлыптарын бір станция шегінде, ал ірі станцияларда бір бағыттамалық аудан және басқа аудандардың онымен шектес бағыттамалық қосындары шегінде қолдануға тыйым салынады.

393. Станциялық бұғаттау:

1) станция бойынша кезекші тарапынан постылардың поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын және станция ішіндегі маршруттарды дұрыс дайындауына бақылау жасалуын;

2) әр түрлі постылардың басқарылатын бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

§ 7. Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары



 

394. Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары таратудың есептелген (жобалық) жылдамдығымен құрамның үздіксіз, толассыз және қауіпсіз таратылуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр тежеу позициясындағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықтың іске асырылуына және вагондарды сұрыптау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.

395. Механикаландырылған сұрыптау дөңестерінде құрамдарды таратқан кезде ағытпаларды сұрыптау жолдары бойынша бөлуге қатысатын бағыттамалы бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік электрлік орталықтандыруға енгізілуі тиіс.

396. Дөңестік орталықтандыру:

1) бағыттамаларды жеке басқаруын;

2) құрамды тарату жүзеге асырылатын барлық ықтас бағыттамалардың, сондай-ақ тарату аймағына жылжымалы құрамның шығып кетуін болдырмайтын қорғағыш бағыттамалардың электрлік тұйықталуын;

3) басқару пультінде бағыттамалардың қалпы мен бағыттамалық секциялардың бос еместігінің бақылануын қамтамасыз етуі тиіс.

397. Дөңестік орталықтандыру жылжымалы құрам астындағы бағыттаманың ауыстырылуына жол бермеуі тиіс.

398. Дөңестік автоматты орталықтандыру, бұдан басқа:

1) бағдарламалық немесе маршруттық жұмыс режимдерінде ағытпалардың сырғуы барысында сұрыптау дөңесінің тарату аймағының автоматты бақарылуын;

2) ауыстыру кезінде үшкір және рамалық рельс арасында кедергі пайда болған қалыпта ағытпа оқшауланған бағыттамалық секцияға кіргенге дейін бағыттаманың бақыланатын қалыпқа автоматты қайтарылуын;

3) тарату барысында бағыттамаларды жеке басқаруға ауысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

399. Сұрыптау дөңестерінің автоматтандырылған құрылғылары, дөңестік автоматты орталықтандыруы бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындаудан басқа:

1) құрамды итерудің және таратудың басқарылуын және бақылануын;

2) ағытпалардың сырғу жылдамдығының автоматты реттелуін;

3) құрамдарды тарату нәтижелерінің бақылануын;

4) сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлану жүйесімен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.

 

 



§ 8. Автоматты өтпе сигнал беру, автоматты шлагбаумдар,

поездың жақындауы туралы хабарландырудың автоматты жүйелері

 

400. Автоматты өтпе сигнал беру автомобиль жолы жағына тоқтау сигналын беруді бастауы, ал автоматты шлагбаумдар поезд темір жол өтпесіне жақындағанға дейін көлік құралдарының өтпені алдын ала босатуы үшін қажет уақытта жабық қалыпқа келуі тиіс.



Поезд темір жол өтпесінен толық өтіп болғанға дейін автоматты өтпе сигнал беруі жұмыс істеуді жалғастыруы, ал автоматты шлагбаумдар жабық қалыпта болуы тиіс.

401. Автобұғаттауы бар аралықтар және бағыттамалардың электрлік орталықтандыруы бар станциялар жолдарда жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді поездың жақындауы туралы хабарландырудың автоматты жүйесімен жоспарларға сәйкес жабдықталуы тиіс.

 

 

§ 9. Поезд жүріп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары



 

402. Поезд жүріп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары:

1) поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы және орналасуы және ақаулық түрі туралы ақпараттың алда орналасқан станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне берілуін;

2) поездарда ақаулы вагондардың болуы нұсқағышының жарқырайтын жолақтарының немесе поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы туралы сөйлегіш ақпараттандырғыш хабарламасының көмегімен локомотив машинисіне ақпараттың берілуін;

3) алда орналасқан станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне берілетін поездағы ақаулы жылжымалы құрамның болуы және орналасуы және ақаулық түрі туралы ақпараттың тіркелуін қамтамасыз етуі тиіс.

 

 



§ 10. Поездарда және вагондарда коммерциялық ақауларды автоматты анықтау құрылғылары

 

403. Поездарда және вагондарда коммерциялық ақауларды автоматты анықтау құрылғылары (поездарды және вагондарды коммерциялық қарап тексерудің автоматтандырылған жүйесі немесе оның жекелеген элементтері - электрондық габарит қақпалары, электрондық вагон таразылары, телевизиялық бейнебақылау жүйесі):



1) поезда ақаулары бар (тиеу габариті, ашық жылжымалы құрамда жүкті орналастыру мен бекітудің техникалық шарттары бұзылған, артық жүк тиелген және т.б..) вагондардың болуы және орналасуы туралы ақпараттың жер үстіндегі құрылғылардан коммерциялық қарап тексеру пункті операторының терминалына берілуін;

2) пайдалану және қағаз және өзге тасығыштарда (дискеттерде, бейнетаспаларда) сақтау үшін бере отырып, берілетін ақпараттың оператордың терминалдық жабдығында тіркелуін;

3) тиісті құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған құрылғыларды қолдану, орналастыру, техникалық қызмет көрсету және пайдалану тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.

 

 

§ 11. Жылжымалы құрамның поездар жүретін маршруттарға өздігінен шығып кетуінің алдын алуға арналған құрылғылар



 

404. Жылжымалы құрамның поездар жүретін маршруттарға өздігінен шығып кетуінің алдын алуға арналған құрылғылар: сақтандырғыш тұйықтар, қорғаныш бағыттамалары, түсіргіш табандықтар, түсіргіш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалар оларды орталықтандыруға енгізу бойынша осы Ережелердің талаптарына сәйкес болуы (сақтандырғыш тұйықтар үшін - тұйыққа апаратын бағыттама), бөгегіш қалыптың бақылануын және жылжымалы құрамның басқа жолдарға және поездарды қабылдау, жүріп өту және жөнелту маршруттарына өздігінен шығып кетуін болдырмауы тиіс.

405. Түсіргіш құрылғылар (түсіргіш табандықтар, түсіргіш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалар) орналастырылатын жерлер Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол желісіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нұсқағыштармен жабдықталады.

406. Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелерінде поездық диспетчерлік, поездық станция аралық, станциялық, желілік-жол, бағыттамалық байланыс болуы тиіс.

Автобұғаттаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде және барлық электрлендірілген учаскелерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс болуы тиіс.

407. Кабельдік байланыс желілері бар учаскелерде СОБ және байланыс электр механиктерінің қызметтік байланысы болуы тиіс.

Поездар қозғалысын, билет сатуды және желілік бөлімшелердің жұмысын басқару үшін магистральдық, жол, жолдық басқару, билеттік-диспетчерлік, вагондық-диспетчерлік, маневрлік диспетчерлік, ақпараттық-есептеу, жергілікті байланыс түрлері болуы тиіс.

408. Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелері поездық радиобайланыспен жабдықталуы тиіс. Поездық радиобайланыс поезд локомотивтері, моторвагонды поездар, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинистерінің:

1) бүкіл диспетчерлік учаске шегінде поезд диспетчерімен;

2) аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерімен;

3) бір аралықта қарама қарсы және ізінше келе жатқан локомотивтердің, моторвагонды поездардың, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинистерімен;

4) өтпелер мен деполар бойынша кезекшілермен;

5) жөндеу жұмыстарының басшылары және сигналшылармен;

6) поездар мен объектілердегі әскерилендірілген күзет атқыштарымен;

7) кабинадан шыққан кездегі машинистің көмекшісімен;

8) жолаушылар поезының бастығымен (механик-бригадирімен);

9) вагондарды қарап тексеруші-жөндеушілермен екі жақты сенімді байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

409. Станциялардың жабылуы немесе станциялар бойынша кезекшілерінің кезекшілігі алынып тасталуы салдарынан аралық ұзындығының 15 км-ден астам болып ұлғайған кезде поездық радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін аралықта жүрген кезде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланыстың болуы шартымен поезд локомотивтері, моторвагонды поездар, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам машинистерінің жақын арадағы станция бойынша кезекшімен радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат етіледі.

Магистральдық темір жол желісінің поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерінде енгізілетін поездық радиобайланыстың жаңа жүйелері аралықтың ұзындығына қарамастан, осы тармақта аталған қызметкерлердің екі жақты байланысын қамтамасыз етуі керек.

410. Станцияларда технологиялық қажеттілігіне қарай станциялық радиобайланыс, екі жақты парк байланысы құрылғылары және жолаушыларға хабарлауға арналған байланыс қолданылуы тиіс.

Станциялық радиобайланыс маневрлік және дөңестік радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінің радиобайланысы, жүк аудандарының, контейнерлік алаңдардың жүк вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттерінің радиобайланысы, техникалық құралдарға (СОБ, ақпараттандыру, байланыс, жол, түйіспе желісі және т.б.) қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі бригадалардың, әскерилендірілген күзет бөлімшелерінің радиобайланысы желілерінде екі жақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Бір станция шегінде әр түрлі маневрлік аудандар үшін бірдей радиожиіліктерді қолдануға жол берілмейді.

411. Станцияның әр маневрлік ауданы және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екі жақты парк байланысы құрылғылары парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл құрылғылардың жұмысы магистральдық темір жол желісі аумағының сыртындағы шуды азайту үшін бағытталған болуы тиіс.

Поездық және маневрлік жұмыс туралы нұсқауларды беру үшін, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беру үшін қолданылатын екі жақты парк байланысы құрылғылары тұрақты іске қосулы тұруы, байланыс арналарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, іске қосылған күйі бақылануы тиіс.

412. Жүктасымалды желілердің аралықтары мен станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеу бөлімшелерінің ішінде жұмыс басшысымен, жұмыс басшысының локомотивтер машинистерімен, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинистерімен және тиісті қызметтің кезекші операторымен сенімді екі жақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жөндеу-оперативтік радиобайланыс қолданылуы тиіс.

413. Поездық диспетчерлік және бағыттамалық байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге тыйым салынады.

Бағыттамалық байланыс желісіне, орталықтандыру қосындарын, бағыттамалық қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға тыйым салынады.

414. Поездық диспетчерлік байланысқа станциялар бойынша кезекшілердің, маневрлік диспетчерлердің, операторлардың, локомотив деполары, ауыстыру пункттері бойынша кезекшілердің, энергодиспетчерлердің және локомотив диспетчерлерінің, сигнал беру және байланыс дистанциялары кезекші инженерлерінің ғана телефондарын қосуға жол беріледі. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поездық диспетчерлік байланысқа өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға жол беріледі.

Штатында тасымалдау қызметінің кезекші қызметкерлері жоқ немесе штатында бар, бірақ олардың тәулік бойына кезекшілігі көзделмеген станцияларда поездық диспетчерлік байланысқа станциялар бастықтарының, СОБ электр механиктері мен электр монтерлерінің пәтерлерінде орнатылған телефондарды қосуға рұқсат беріледі.

Пәтерлерде орнатылған телефондарды қосуды поезд диспетчері арнаулы аспаппен және сөйлесу кезіне ғана жүргізеді.

415. Аралықтарда поездық диспетчерлік байланыс сымдарына дрезина жүргізушілерінің (мәжбүр болып тоқтаған кезде), қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары бастықтарының, СОБ электр механиктерінің және қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары жөніндегі жұмыстар басшыларының алып жүретін телефондарын уақытша қосуға жол беріледі.

Поездық станция аралық байланысқа станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын ғана, ал автобұғаттауы бар учаскелерде, бұдан басқа, аралық байланыс телефондарын және өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын ғана қосуға жол беріледі

 

 



§ 12. Темір жол көлігінің ақпараттық-есептеу жүйесі

 

416. Ақпараттық-есептеу жүйесі:



1) деректердің енгізілуін, берілуін, өңделуін және сақталуын;

2) есептеу нәтижелерінің белгіленген мерзімде тұтынушыларға берілуін;

3) темір жол көлігінің ішкі салаларындағы жоспарлау, оперативті басқару, есепке алу, статистика міндеттерінің шешілуін қамтамасыз етуі тиіс.

417. Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабілетті және активті күйде тұрақты ұсталуы, талап етілетен сенімділік пен нақтылықпен қамтамасыз етуі тиіс.

418. Аралықтардағы байланыс және БОС кабельдік желілері жер төсемі шегінен тыс магистральдық темір жол желісінің бөлінген алқабында салынуы тиіс. Жекелеген жағдайларда кабельдік желілерді қолданыстағы ережелерді сақтай отырып жер төсемінде салуға жол беріледі. Талшықты-оптикалық кабельдер негізіндегі байланыс желілері түйіспелі желінің немесе автобұғаттау желілерінің тіреулеріне аспа әдісімен орындалуы мүмкін.

419. Байланыстың аспа әдісімен орындалған кабельдік желілері иілуінің барынша ұзын жебесі болғанда кем дегенде:/

1) тұрғындар тұрмайтын жерлердегі жерден 5,0 м;

2) тұрғындар тұратын жерлердегі жерден 6,0 м;

3) жолаушылар платформаларының бетінен 4,5 м;

4) темір жол өтпелеріндегі автомобиль жолдарының тінінен 7,0 м биіктікте болуы тиіс.

Иілудің барынша ұзын жебесі болғанда СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық кем дегенде:

5) аралықтарда 2,5 м;

6) станцияларда 3,0 м;

7) автомобиль жолдарымен қиылысқанда 5,5 м (бар желілерде оларды қайта орнатқанға дейін 4,5 м қашықтықты сақтауға рұқсат етіледі).

420. Темір жол жолдарымен қиылысқанда СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен рельс бастиегінің үстіне дейінгі қашықтық кем дегенде 7,5 м болуы тиіс. Электрлендірілген темір жол жолдарының СОБ және байланыс әуе желілерімен қиылысуына жол берілмейді. Мұндай қиылысулар жерасты кабельдік ендірмелермен орындалады.

421. СОБ және байланыс желілері зақымданған кезде оларды қалпына келтіру мынадай кезектілікпен жүргізілуі тиіс:

1) поездық диспетчерлік байланыс сымдары;

2) жол бұғаттамасы, энергодиспетчерлік байланыс сымдары;

3) электр асатаяқ жүйесінің, поездық станция аралық және бағыттамалық байланыс сымдары; электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары;

4) СОБ пен байланыстың қалған сымдары.

422. Учаскеде қолданылатын екі және одан артық байланыс пен СОБ желілері бір мезгілде зақымданған қалыпта қалпына келтіру басымдылығы желілердің қуатымен белгіленеді және мынадай болуы тиіс:

1) талшықты-оптикалық байланыс желілері;

2) металл кабельдер негізіндегі байланыс желілері;

3) байланыс және СОБ әуе желілері.

423. СОБ және байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартым тогының, электр беріліс желілерінің және найзағай разрядтарының кедергі келтіретін және қауіпті ықпалынан қорғалуы тиіс.

424. Солардың көмегімен түрлі тәуелділіктер жүзеге асырылатын СОБ аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуы және пломбылануы тиіс, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жаза отырып, сигнал беру және байланыс дистанциясының соған уәкілеттілігі бар қызметкерінің жүргізуіне жол беріледі. СОБ және радиобайланыс аппараттарындағы пломбылардың тұтастығы үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру қосынының операторлары, бағыттамалық қосынның кезекшілері, локомотивтердің машинистері және т.б.) жауапты болады.

425. Сигнал беру және байланыс дистанцияларында дистанцияда бар СОБ және байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен суреттемелері, тиісті стандарттар мен нормалар болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақтылы енгізіліп отыруы тиіс.

СОБ құрылғылары бойынша үлгі шешімдерді сигнал беру және байланыс басқармасы бекітеді. СОБ құрылғыларында үлгі емес техникалық шешімдерді қолдануға жол берілмейді.

426. СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар және белгіленген тәуелділіктердің бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетін басқа жоспарлық жұмыстар Ұлттық темір жол компаниясының басшылығы бекіткен оларды орындаудың ең аз мерзімдерін көздейтін кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Қандай да болмасын жағдайларда станцияларды мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргізуге тыйым салынады. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерінің келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.

Құрылғылар станция бойынша кезекшінің жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан кезде бұл құрылғыларды іске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөніндегі алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейіннен жұмыс басшысы СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тіркелетін, станция бойынша кезекшіге берілетін телефонограммамен ауыстырылуы мүмкін.

427. Белгіленген тәуелділіктерді бұзбай жекелеген СОБ құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің) келісімі бойынша ғана СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргізілуі мүмкін.

Қолданыстағы СОБ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда СОБ станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің келісімі бойынша және соның қадағалуымен жүргізіледі.

428. Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерінің айқын көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

429. Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:

1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды - сигнал беру және байланыс дистанцияларының бастықтарына;

2) бағыттамалық нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсіру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын - станциялар бастықтарына;

3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын - тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.

430. Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау дистанциясы қамтамасыз етеді.

431. Сигнал беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерінің тұрақты қалыпты көрінуін қамтамасыз етуге міндетті.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінуін электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстарған сайын жолдан қарап тексеруі тиіс.

Аралықтар мен станциялардың бас жолдары бойынша сигналдардың көрінуін аға электр механик локомотивтен кем дегенде айына бір рет және сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы кем дегенде тоқсанына бір рет тексеруі тиіс.

432. Сигнал беру және байланыс дистанциясының және локомотив депосының бастықтары немесе олардың орынбасарлары кем дегенде тоқсанына бір рет автоматты локомотив сигнал беруін, радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтен тексеруі тиіс.

Автоматты локомотив сигнал беру және поездық радиобайланыстың жұмысы темір жол көлігі кәсіпорнының салалық (локомотив шаруашылығы, сигнал беру және байланыс) басқармаларының басшылығы бекіткен график бойынша, нәтижелерін құжаттай тіркей отырып, кезең-кезең зертхана-вагонмен тексеріледі.

Тексеру нәтижелерін темір жол көлігі кәсіпорнының салалық (локомотив шаруашылығы, сигнал беру және байланыс) басқармаларының басшыларымен бірлесіп қаралады.

433. Жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам электрлік рельс тізбектерінің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

434. СОБ және байланыс құрылғыларын қолданатын қызметкерлер оларды қолдану тәртібіне үйретілуі және олардың білімі тексерілуі тиіс.

Сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы СОБ және байланыс құрылғыларын қолданатын басқа қызметтер қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді.

435. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау электрмен жабдықтауы көзінің аккумуляторлық резерві болған кезде ол тұрақты әзірлікте болуы тиіс және оның алдындағы СОБ құрылғыларының және өтпе сигнал беруінің кем дегенде 36 сағатта тоқ көзін беру өшірілмеуі шартымен 8 сағат ішінде толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау электрмен жабдықтаудың негізгі жүйесінен резервтегісіне немесе керісінше ауысу уақыты 1,3 с-тан аспауы тиіс.

Сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғыларының күйіне кезең-кезең бақылау, олардың параметрлерін зертхана-вагондармен, диагностика аспаптарымен өлшеу жүргізілуі және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.

436. Электр жылжымалы құрамның тоқ қабылдағышындағы кернеу деңгейі ауыспалы ток кезінде кем дегенде 21 кВ, тұрақты ток кезінде 2,7 кВ және ауыспалы ток кезінде 29 кВ-тан артық емес және тұрақты ток кезінде 4 кВ болуы тиіс.

Жекелеген учаскелерде уәкілетті органдардың рұқсаты бойынша кернеу деңгейінің ауыспалы ток кезінде кем дегенде 19 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ болуына жол беріледі.

СОБ құрылғыларындағы ауыспалы токтың номиналдық кернеуі 115, 230 немесе 380 В болуы тиіс. Номиналдық кернеудің көрсетілген шамаларынан ауытқу азаю жағына қарай 10%-дан артық емес, ұлғаю жағына қарай 5%-дан артық емес жол беріледі.

437. Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталудан, асқан кернеуден және белгіленген нормалардан артық асқан жүктемеден қорғалуы тиіс.

Тұрақты токтағы электрлендірілген желілер ауданындағы жерасты металл құрылыстары (құбыржолдар, кабельдер және т.б.), сондай-ақ металл және темір-бетон көпірлер, жолөткелдер, түйіспе желісінің тіректері, бағдаршамдар, гидробағандар және т.б. электрлік коррозиядан қорғалуы тиіс.

Тұрақты токтағы электрлендірілген желілердің тартымдық қосалқы станциялар, сондай-ақ электр жылжымалы құрамның СОБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын түйіспе желісі токтарының өтуінен қорғанысы болуы тиіс.

438. Түйіспе сымы аспасының биіктігі рельс бастиегінің үстіңгі деңгейінің үстінде аралықтарда және станцияларда 5750 мм-ден төмен, ал өтпелерде 6000 мм-ден төмен болмауы тиіс.

Айрықша жағдайларда бар желілерде бұл қашықтық жылжымалы құрамның тұруы көзделмеген станцияларда орналасқан жолдардағы, сондай-ақ аралықтардағы жасанды құрылыстар шегінде, Министрліктің рұқсаты бойынша ауыспалы токтағы электрлендірілген желілерде 5675 мм-ге дейін және тұрақты токтағы электрлендірілген желілерде 5550 мм-ге дейін кемітілуі мүмкін.

Түйіспе сымы аспасының биіктігі 6800 мм-ден аспауы тиіс.

439. Жасанды құрылыстар шегінде токқабылдағыштың ток әкелетін элементтерінен және түйіспе желісінің кернеулі бөліктерінен құрылыстардың жерге қосу бөліктеріне және жылжымалы құрамға дейінгі қашықтық тұрақты токтағы электрлендірілген желілерде кем дегенде 200 мм және ауыспалы токтағы электрлендірілген желілерде кем дегенде 350 мм болуы тиіс.

Ерекше жағдайларда қолда бар жасанды құрылыстарда уәкілетті органымен келісілген рұқсаты бойынша көрсетілген қашықтықтардың азайтылуына жол берілуі мүмкін.

440. Аралықтарда және станцияларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 3100 мм болуы тиіс.

Ойықтардағы тіректер кюветтердің шегінен тыс жерлерде орнатылуы тиіс.

Қара тым қатты түсетін ойықтарда (жартастысынан басқа) және олардан шыға берістерде (100 м ұзындықта) шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 5700 мм болуы тиіс.

441. Қолда бар желілерде олар жаңғыртылғанға дейін, сондай-ақ жаңадан электрлендіріліп жатқан желілерде аса қиын жағдайларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде станцияларда 2450 мм және аралықтарда 2750 мм болуына жол беріледі.

Барлық белгіленген мөлшерлер жолдың түзу учаскелері үшін белгіленген. Поездардың жылдамдығы сағатына 140 км астам айналысу жол учаскелерінде, қисық учаскелерінде бұл қашықтықтар түйіспе желісі тіректері үшін белгіленген габариттік кеңеюге сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Түйіспе желісі, әуе желілері мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгілер тіректерінің өзара орналасуы сигналдар мен белгілердің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

442. Түйіспе желісінің элементтері, темір-бетон тіректердегі, темір-бетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйіспе желісінің бекіту бөлшектері бекітілетін барлық металл құрылыстар (көпірлер, жолөтпелер, тіректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен кем дегенде 5 м қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металл конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпірлер мен жолөтпелердің элементтері және басқалары) жерге қосу немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Түйіспе желісінің және ауыспалы ток әуе желілерінің ықпалы аймағында орналасқан, қауіпті кернеулер пайда болуы мүмкін барлық металл құрылыстар жерге қосуға жатады.

Электрлендірілген жолдардың үстінде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргіншілер көпірлерінде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен сақтау үшін адамдар өтетін жерлерде жаппай төсем орнатылуы тиіс.

443. Кернеуі 1000 В-тан астам түйіспе желісі, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтау желілері әуелік аралықтардың (оқшаулағыш түйіндесулердің), бейтарап ендірмелердің, секциялық және ойылып салынатын оқшаулағыштардың, ажыратқыштардың көмегімен жекелеген учаскелерге (секцияларға) бөлінуі тиіс.

Әуелік аралықтардың шекарасында орнатылған түйіспе желісі тіректерінің немесе қалқандардың ерекше бояуы болуы тиіс. Бұл тіректердің немесе қалқандардың арасында токқабылдағыштары көтеріліп тұрған электр жылжымалы құрамның тоқтауына тыйым салынады.

444.Электр деполардың және жарақтау құрылғыларының, сондай-ақ электр жылжымалы құрамның төбесіндегі жабдықтар қарап тексерілетін жолдардың түйіспе желісін айырғыштарын ауыстырып қосуды локомотив депосының қызметкерлері жүргізеді. Жүк вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттерінің түйіспе желісін айырғыштарын ауыстырып қосуды энергодиспетчердің бұйрығынсыз арнайы оқудан өткен қызметкерлер жүргізеді. Қалған айырғыштарды ауыстырып қосу тек энергодиспетчердің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Бұл ретте айырғыштарды және ажыратқыштарды ауыстырып қосуды энергодиспетчердің бұйрығымен басқа қызметтердің оқудан өткен қызметкерлері де жүргізе алады.

445. Кернеуі 1000 В-тан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жер бетіне дейінгі қашықтық барынша ұзын асу жебесі болғанда кем дегенде:

аралықтарда 6,0 м

соның ішінде жетуі қиын жерлерде 5,0 м

автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елді мекендерде 7,0 м болуы тиіс.

темір жол жолдары қиылысқан кезде кернеуі 1000 В-тан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен электрлендірілмеген жолдардың рельс бастиегінің жоғарғы жағының деңгейіне дейін кем дегенде 7,5 м болуы тиіс.

Электрлендірілген желілерде түйіспе желісі сымдарына дейінгі бұл қашықтық қиып өтілетін желілердің кернеу деңгейіне тәуелділігі бойынша қарай белгіленуі тиіс.

446. Құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтік-техникалық ғимараттарды қарап тексеруді оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер, сондай-ақ осы құрылыстар мен құрылғылар олардың қарауында болатын станциялардың, деполардың, дистанциялардың немесе учаскелердің бастықтары тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы бағыттамалы бұрмаларды, бұдан басқа, станция бастығы жол шеберімен және СОБ электр механигімен бірлесіп кем дегенде айына бір рет қарап тексеруі тиіс.

Қарап тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті іс-шаралар ақаулықтарды жою және межеленген іс-шараларды орындау мерзімдері енгізілетін арнаулы журналға енгізіледі.

447. Ұлттық темір жол компаниясы ведомстволық бөлімшелеріндегі шаруашылықтың жағдайын, еңбек тәртібінің сақталуын жүйелі түрде тексеруі және барлық құрылыстар мен құрылғылардың түзу күйде күтіп ұсталуына, жұмыс технологиясының орындалуына, қозғалыс қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуының қамтамасыз етілуіне кепілдік беретін шараларды қолдануы тиіс.

 

 




Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет