Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 14. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу



бет9/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 14. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу

 

448. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз еткен кезде, әдетте, поездардың қозғалыс кестесін бұзбай жүргізілуі тиіс.



Көлемі бойынша үлкен жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін поездардың қозғалыс кестесінде толаскездер көзделуі және осы жұмыстардан туындайтын жылдамдық шектеулері ескерілуі тиіс.

Жолды, жасанды құрылыстарды, түйіспе желісін және СОБ құрылғыларын ағымдық күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін поездардың қозғалыс кестесінде көзделетін ұзақтығы 1-2 сағат, ал осы жұмыстарды машиналар кешені, мамандандырылған бригадалар және механикаландырылған колонналар жүргізген кезде ұзақтығы 3-4 сағат технологиялық толаскездер берілуі тиіс.

449. Жолды, жасанды құрылыстарды, түйіспе желісін және СОБ және байланыс құрылғыларын және басқа құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жөніндегі, поездардың қозғалыс кестесінде көзделмеген уақыт кезінде орындалатын жұмыстар, әдетте, аралықты жабусыз жүргізілуі тиіс.

450. Жұмыстардың басшысы қозғалысты үзуге алып келетін жұмыстарды, сондай-ақ оларды жүргізу үшін қозғалыс кестесінде толаскездер көзделген жұмыстарды жүргізу уақытына поезд диспетчерімен тұрақты байланыс (телефондық немесе радио арқылы) орнатуға міндетті.

Қозғалыс кестесіндегі толаскездер тәуліктің қараңғы кезінде көзделетін учаскелерде жұмыс басшысы жұмыстар жүргізілетін жерге жарық берілуін қамтамасыз етуге міндетті.

451. Механикаландырылған және автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғыларына, жолдарға және дөңестердегі басқа құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін ұзақтығы 0,7-1,5 сағат технологиялық толаскездер берілуі тиіс.

452. Аралықта және станцияда қозғалыс үшін кез келген кедергі (тоқтауды талап ететін жер), сондай-ақ қозғалыс үшін қауіпті, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін, жұмыстар жүргізілетін жер поездың (маневрлік құрамның) келетіні-келмейтініне қарамастан екі жақтан да сигналдармен қоршалуы тиіс.

453. Мыналарға:

1) қозғалыс үшін қауіпті, жұмыстар жүргізілетін жер сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге;

2) кедергі жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйіспе желісінің күйі, габариттің сақталуы тексерілгенге дейін кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған сигналдарды алуға тыйым салынады.

454. Жолдағы жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған алып жүрілетін сигналдарды орнату және күзету үшін жұмыстар басшысы тиісті сынақтарды тапсырған қызметкерлер ішінен сигналшыларды бөледі. Сигналшыларда темір жол көлігінің басқа қызметкерлері үшін жалпыға бірдей қабылданғандардан ерекшеленетін бас киімдері болуы және олар сигналдық кеудешелер киюі тиіс.

Жолдағы жұмысты кеңейтілген шеппен жүргізген кезде, сондай-ақ радиусы аз қисық учаскелерде, ойықтарда және сигналдар нашар көрінетін басқа жерлерде және поездар қозғалысы қарқынды учаскелерде жұмыс басшысы жұмыс орнын қоршайтын сигналдардың жанындағы қызметкерлермен тұрақты байланыс (телефондық немесе радио арқылы) орнатуға міндетті (телефонную немесе по радио). Сигналшыларда және жұмыс басшыларында алып жүретін радиостанциялар болуы тиіс. Жұмыстар жүргізілетін жермен байланысты қамтамасыз ету тәртібін Ұлттық темір жол компаниясының басшылығы белгілейді.

455. Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан тоқтау немесе жылдамдықты кеміту сигналдарымен қоршауды талап ететін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетілген тәртіппен, бірақ поезд диспетчерінің келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс. Мұндай жұмыстарды түйіспе желісінде кернеуді алып, бірақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргізген кезде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшіге (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчеріне) беретін, сол журналда тіркелетін телефонограммамен ауыстырылуы мүмкін.

Жұмыстар аяқталған соң құрылғыларды іске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшіге берілген, кейіннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тіркелетін телефонограмманың негізінде станция бойынша кезекші жүргізеді.

456. Дара жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу, егер ол көршілес темір жол ұйымдарымен белгіленген қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келмесе, темір жол желі операторының рұқсаты бойынша жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көршілес темір жол ұйымдарына белгіленген поездар қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келсе, басқа темір жол әкімшіліктерімен келісу бойынша рұқсат беруі мүмкін.

457. Дара жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу туралы кем дегенде бір тәулік бұрын жұмыстардың тиісті басшыларын хабардар етеді. Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстарды бастау алдында және жұмыстар аяқталған соң поезд диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.

Жұмыстар басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы поезд диспетчерінің бұйрығын (жазбаша хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат нысанындағы) алғанға дейін және жұмыстар орны сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге тыйым салынады.

458. Аралықты немесе жолдарды ашу жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғандығы және поездардың толассыз және қауіпсіз қозғалуы үшін кедергілердің жоқ екендігі туралы телефонограмманы немесе жеделхатты бұл жұмыстарды қандай ұйымның орындағанына қарамастан жол дистанциясы бастығының немесе ол уәкілеттік берген лауазымы жол шеберінен төмен емес қызметкердің жазбаша хабарламасынан, телефонограммасынан немесе жеделхатынан кейін ғана жүргізіледі.

Қолда бар СОБ және байланыс немесе электрмен жабдықтау құрылғыларының жұмысын қалпына келтіру тиісінше СОБ және байланыс аға электр механигінен немесе энергодиспетчерден хабарлама алған соң жүргізіледі.

 

Темір жол көлігін



техникалық пайдалану

ережелеріне 1-қосымша

 

БЕКІТЕМІН



Жөндеу ұйымының басшысы

_______________________

200__ жылғы «__» ______

М.О.


 

 

________________________________________________________________________________________________________________ тиесілі



(АЖҚ-ның меншік иесі болып табылатын кәсіпорынның толық атауы)

_____________________________________________________________________________________________________________ тіркелген

(станцияны, темір жол ұйымын көрсету қажет)

№ ____ АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешім

Техникалық күйін тексеру, техникалық диагностикалау және жүргізілген сынақтардың нәтижелері негізінде қажетті жөндеу жұмыстарының түрлері мен көлемін тағайындайды және олар орындалған соң келесі АЖҚ (бір.) қызмет ету мерзімін ұзартады

 


Р/с



АЖҚ атауы

Зауыттық нөмірі

Шығарылған күні:

күні, ай, жылы



Ұсынылатын жөндеудің түрі мен көлемі

Жобаның, ТШ, басшылықтың нөмірі

Қызмет ету мерзімі ұзартылды (айы жылына дейін)

Жөндеу жүргізілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

 

АЖҚ ауыстырылатын тораптары: арбашалар, автотіркегіш және автотежегіш жабдықтар ұдайы қарап тексеріледі және, қажет болғанда, белгіленген тәртіппен олардың ауыстыру жүргізіледі, ауыстырылатын тораптардың қызмет ету мерзімі осы техникалық шешім бойынша ұзартуға жатпайды.

Қосымшалар:

1. Техникалық күйін тексеру және техникалық диагностикалау туралы есеп.

2. Сынақтар туралы есеп.

Келісілді: __________________ Комиссия мүшелері

 

Арнаулы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту

жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы

акті

 

200__ жылғы «___» ___________



 

_____________________________________________________________________________________________________________ тиесілі

(АЖҚ-ның меншік иесі болып табылатын кәсіпорынның толық атауы)

қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзартып жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы

Осы Акт ____________________________________________________________________________________________________________

(жұмыстарды орындаған кәсіпорынның атауы)

____________________________________________________________________________________________________________________

200___ жылғы « » _______ № ___ техникалық шешімге сәйкес келесі жұмыстарды жүргізгені туралы жасалды:

 


Р/с



АЖҚ-ның атауы

Зауыттық нөмірі

Орындалған жұмыстар

1

2

3

4

 

АЖҚ техникалық түзу күйде және Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол желісі жолдары бойынша пайдалануға жіберілуі мүмкін.

Пайдалану мерзімі ___ жылғы ___ айының ________ күніне дейін ұзартылды.

 


АЖҚ-ның меншік иесі

Жөндеу ұйымының басшысы

______________________________

____________________________

200__ жылғы «__» _____________

200__ жылғы «__» ___________

М.О.

М.О.

 

 

 

Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет