Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының



Дата17.04.2016
өлшемі211.57 Kb.











Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының

2014 жылғы 19 маусымдағы № 30 бұйрығы
Көліктік бақылау бекеттері

қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру

жөніндегі шаралар туралы

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса берілген Автокөлік құралдарының жүрісін бақылауды жүзеге асыру кезіндегі көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің жұмыс ережесі бекітілсін.

  2. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көліктік бақылау бекетінің журналдар тізімі бекітілсін.

  3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Көліктік бақылау инспекцияларының
    (бұдан әрі - Инспекция) басшылары Инспекциялардың көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырсын.

  4. Келесі бұйрықтардың күші жойылсын:

  1. «Көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 103-ө Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрығы;

  2. «Көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының ұсталуы кезінде жедел хабарлауы туралы» 2013 жылғы 29 шілдедегі № 13-ө Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрығы;

  3. «Көліктік бақылау бекеті құжаттарының тізімін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрығы.

  1. Осы бұйрықтың орындалуына үшін жауапкершілік Инспекциялардың бірінші басшыларына жүктелсін.

  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.С. Смағұловқа жүктелсін.

  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, таныстыру мен таратуға жатады.



Төраға Ә. Асавбаев

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігі Көліктік бақылау

комитеті төрағасының

2014 жылғы 19 маусымдағы № 30

бұйрығымен бекітілген

Автокөлік құралдарының жүрісін бақылауды жүзеге асыру кезіндегі көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің жұмыс ережесі



        1. Жалпы ереже

1. Осы Автокөлік құралдарының өтуін бақылауды жүзеге асыру кезіндегі көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің жұмыс ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже көліктік бақылау бекеттері қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әрекеттердің тәртiбiн айқындайды.

3. Көлiктiк бақылау бекеті қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiне мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiмен, «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледі.

4. Көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлері билік өкілі болып табылады, арнайы куәліктері, кеуде белгілері және бекітілген үлгідегі қызметтік нысанды киімі болады, қызметтік міндеттерін атқару кезінде арнайы техникалық байланыс құралдарын, аспаптық бақылауды және арнайы автокөлікті пайдалануға, көліктік бақылауға жататын автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл, ысқырық қолдануға құқылы.


2. Жол қозғалысы қатысушыларының өзара

қарым-қатынас ерекшеліктері

5. Көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлері жүргізушілермен, жүкті алып жүретін тұлғалармен, мемлекеттік органдар, шет мемлекет және халықаралық ұйымдар өкілдерімен (бұдан әрі - жол қозғалысына қатысушылар) қарым-қатынасы заңдылықты қатаң түрде ұстанумен, өзінің лауазымдық өкілеттігін айқын атқаруға, құқық бұзушылықты өткеріп, шешім қабылдаушылық және принциптілікпен қатар ескерту мен оның алдын алуда мұқияттылық сипатымен және сыйластық қатынаспен үйлестіруге негізделген.


6. Көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар мен қатынаста:


  1. көрсетілген тұлғалардың намысы мен абыройын сыйлаға;

  2. жол қозғалысына қатысушыларға қатынасты сыпайылық пен әдептілік көрсетуге;

3) бюрократизм мен сөзбұйдаға жол бермеуге;

  1. жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу, сонымен қатар олардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға;

  2. жемқорлық құқық бұзушылық пен түрлі азғырудың пайда болу себептеріне жол бермеуге;

  3. мемлекеттік биліктің беделін қолдауға;

  4. жеке және заңды тұлғалардың құқығын, еркіндігін және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;

  5. мемлекеттік және басқа тілдерге құрметпен қарауға;

  6. салмақтылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын айқындамауға міндетті.



3. Сыртқы келбет
7. Сыртқы келбет билік өкілі болып табылатын көліктік бақылау бекеті қызметкерінің кәсіби және іскерлік сапасын айқындайды.

8. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде көліктік бақылау бекетінің қызметкері:

қызметтік нысанды киімде (погонсыз) болуға;

тартылады көрінуге, өзін тік ұстап жинақы болуға;

белгіленген үлгідегі нөмірлік кеуде белгісі, қызметтік куәлігі болуына;



Нысанды киімдерін (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию ережесін сақтауға міндетті.

9. Қызметтік нысанды киімнің барлық заттары белгіленген үлгіге сәйкес болу тиіс.

10. Аралас киім киюге рұқсат етілмейді.
4. Көліктік бақылауды жүргізу тәртібі
11. Көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;

2) Тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келiсiмге сәйкес тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерін сақтауын:

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына;

«Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына;

«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына;

«Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына;

«Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына сәйкес бақылау;

4) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын, соның ішінде:


«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңың;

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңың;

«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысын;

«Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын;

«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығын сақтауын бақылау;

5) шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;

6) шетелдік көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кiруi фактiсiн айқындау;

7) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кiруiн тіркеу;

8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;

9) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп-тұруына арнайы рұқсат беру;

10) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру.

12. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарының орындалуы көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;

2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;

3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгіленгенге сәйкестiгiн;

4) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.

13. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiн көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген параметрлерден асуы шамасын айқындау арқылы көлiктiк бақылау өлшеу құралы мен көлем рамкаларын, сондай-ақ мiндеттi метрологиялық тексерістен өткен және келесі тексеріс күнi көрсетілген сертификаты бар стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны және арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын қолдана отырып жүргiзiледi.

Автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік өлшемдерін анықтаған кезде өлшегіш жабдықтардың қателiктерi тасымалдаушының пайдасына шешiледi.

14. Автокөлік құралдарына көліктік бақылау жүргізу келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:

1) көліктік бақылау бекеттерінің бір қызметкері:

автокөлік құралдарын тоқтатады;

жүргізушіден жүргізуші куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берген уақытша куәлігін және жеке басының куәландыратын құжатын), автокөлік құралын тіркеу куәлігін, халықаралық көліктік тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі жол жүру құжатын, ілеспе (халықаралық жол көліктік жүкқұжат (СМR), инвойс немесе тасымалдау жүгіне коммерциялық құжат) және рұқсат құжаттарын сұрайды;

автокөлік құралының барлық біліктерінің бір деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып жол жиегінде немесе басқа да арнай орындарда автокөлік құралының салмақтық және габариттік көлемдеріне өлшеу жүргізеді;

тексеру үшін жүру, ілеспе және рұқсат құжаттарын көліктік бақылау бекетіндегі қызметкерге береді;

автомобиль тасымалы саласындағы халықаралық келісімдер ережелерінің бұзылғандығы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген талаптарды сақтау бойынша бұзушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және әкімшілік іс қозғау үшін құжаттарын көліктік бақылау бекетіндегі қызметкерге береді;

2) көліктік бақылау бекетінің қызметкері (көліктік бақылау бекетіндегі):

автокөлік құралдарының және жүргізушінің құжаттарын, жүктің ілеспе және рұқсат құжаттарын тексереді;

есепке алу журналдарына тиісті жазбаларды енгізеді;

көліктік тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы анықталғанда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінде белгіленген тәртіп пен мерзіме әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

арнайы рұқсатсыз жүрген автокөлік құралының салмақтың және көлемдік өлшемдері артқан жағдайда, ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралының арнайы рұқсатта көрсетілген өлшемдерінің біреуінің арту факті анықталғанда, ірі көлемді немесе ауыр салмақты автокөлік құралының арнайы рұқсатта көрсетілген бағытттан ауытқуы белгілі болғанда, ірі көлемді немесе ауыр салмақты автокөлік құралының арнайы рұқсаттта көрсетілген мерзімнен ауытқып жүруі анықталғанда автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актін түзіп, өлшеу актінің көшірмесін автокөлік құралының жүргізушісіне береді және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімішілік тәртіпте іс қозғау шараларын қабылдайды. Автокөлік құралы қозғалыс жолынан шығарылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес бұзушылықты жойғанға дейін және жүріп өткен жолы үшін алынатын соманы төлегенге дейін уақытша сақтайтын арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе көліктік бақылау бекетінің алаңдарына тоқтатылады;

көліктік бақылау өткізілгеннен кейін ілеспе құжаттарына (СМR, көліктік-тауарлы жүк құжаттары) бақылаудан өткізілгені туралы штамп қояды.

Кеден органдарымен тексеріліп тауарға тағылатын қорғасын мөр автокөлік құралына егер жүргізуші тиісті құжаттарды (өлшеу актісін) ұсынған жағдайда өткізу пунктінде немесе көліктік бақылау постында автокөлік құралдарына өлшеу жүргізілмейді.

15. Сертификатталған өлшеу-бақылау құралында салмақтық және көлемді параметрлерді анықтау барысында тасымалдаушы мен көліктік бақылау бекетінің қызметкері арасында даулы мәселелер туындаған жағдайда құқық бұзушылық анықталған уақыттан бастап бір тәулік ішінде келесілер қолданылады:

1) жүргізушінің немесе тасымалдаушының заңды өкілінің жазбаша өтініші бойынша екі куәгердің қатысуымен автокөлік құралының тартылуы мен қайта өлшеуі жүргізіледі, сонымен бірге белгіленген үлгіде автокөлік құралының өлшеу параметрлері актіленеді;

Егер куәгерлер жоқ болған жағдайда қайта өлшеу кезінде фото-бейне жазу жүргізіледі, сонымен бірге тиісті акті жасалады;

2) өлшеу құралдарында қайта өлшеу қорытындысы бойынша көліктік бақылау бекетінің қызметкері автокөлік құралының жүргізушісіне немесе тасымалдаушының заңды өкіліне автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі беріледі;

Жоғарыда көрсетілген актіні алудан бас тартылған жағдай жазбаша рәсімделеді.





  1. Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру

16. Көліктік бақылау бекеттері Көліктік бақылау комитетінің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында орналасады.

17. Техникалық бақылау құралдарымен жабдықталмаған жағдайда көліктік бақылау бекеттерінің жұмысына жол берілмейді.

18. Бөлінген қаржыға және автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің штаттық санына сәйкес көліктік бақылау бекетінің қызметкерлерінің штаттық саны және жұмыс ауысымы көліктік бақылау Инспекция басшысымен анықталады.

19. Көліктік бақылау Инспекциясы басшысының бұйрықтарымен көліктік бақылау бекетінің ауысым жетекшілері тағайындалады.

20. Көліктік бақылау бекетінің ауысым жетекшілері көліктік бақылау бекеттеріндегі іс қағаздардың жүргізілуіне жауапты. Көліктік бақылау бекеттерінің журналдары осы Ережелердің 1-ші қосымшасында бекітілген формалар бойынша жүргізіледі.

Бекеттің ауысым жетекшілері есеп және тіркеу журналдарындағы жазбаларды тексереді.

21. Көліктік бақылау Инспекциясы басшысы және көліктік бақылау бекетінің ауысым жетекшілері салмақ өлшеу құралының сақталуына, үздіксіз жұмыс істеуіне және оның жөндеуден өтуін қамтамасыз етуге дербес жауапты болады.

22. Салмақ өлшеу құралы немесе арнайы автокөлік құралы істен шыққан жағдайда көліктік бақылау бекетінің қызметкері өлшеу құралының жарамсыздығы және оның туындау себебін көрсете отырып бір тәулік ішінде байланыс құралы арқылы ары қарай Ситуациалық орталыққа ақпарат жолдау үшін Инспекцияға хабарлайды.

23. Көліктік бақылау бекетінің қызметкері кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде осы Ережелнің 1-ші қосымшасында белгіленген формаға сәйкес журналында жазбалар (қатаң есептілік, мүліктер, көліктік бақылау бекетінің құрал-жабдықтары туралы бланктердің саны, құрал-жабдықтарың жағдайы туралы мәліметтерді) жүргізеді.

24. Көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері қабылданған қатаң есептілік бланктерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Көліктік бақылау бекетінің қызметкерлеріне қатаң есептілік бланктерін шығаруға және белгіленбеген орындарда сақталуына жол берілмейді

25. Көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері осы Ережелердің 1-ші қосымшасында белгіленген формаға сәйкес есеп және тіркеу журналдарында тиісті жазбалар жүргізеді, көліктік дерекқордың ақпараттық-аналитикалық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізеді.



26. Көліктік бақылау бекетінің қызметкерлерімен қолма-қол ақшалай жинақтау сомасын қабылдау Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы «Салықтық әкімшілендірудің  кейбір мәселелері туралы» № 637 бұйрығымен (№5463-ші Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізімінде тіркелген) бекітілген формаға сәйкес қатаң есептілік бланкінің негізінде жүргізіледі.

27. Банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға қабылданған қолма-қол ақшалай жинақтау сомаларының тапсырылуы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

28. Көліктік бақылау бекетінің инфроқұрылымы, рәсімделуі мен ақпараттық қол жетімділігі Көліктік бақылау комитетінің басқа да құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес болуы міндетті.

29. Ақпараттық стендтері және басқа да көрнекі насихаттары құқықтық актілермен регламенттелген мәліметте болуға тиісті.

30. Көліктік бақылау бекеттері байланыс құралдарымен жабдықталуы тиісті.

31. Көліктік бақылау бекеттерінде бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

32. Егер құқық қорғаушы органдар көліктік бақылау бекеттерінде арнайы іс-шаралар өткізетін болса, айтылмыш іс-шаралардың өткізілуін айқындайтын құжаты болуы және жедел түрде Ситуациалық орталыққа хабарлауы қажет.

33.


34. Көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлерне Көліктік бақылау бекеттерінде:

1) демалуға берілген уақыттан басқа, қызметтік міндетін атқару кезінде демалуға;

2) көліктік бақылау бекетінде темекі шегуге рұқсат етілмейді.

35. Көліктік бақылау Инспекциясының басшысы немесе Инспекция басшысының орынбасары тұрақты түрде, аптасына бір рет көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын тексеру нәтижелерін осы Ережелердің 1-ші қосымшасына сәйкес тиісті журнал формасына енгізеді.





  1. Өкілетті лауазымды тұлғаның көліктік бақылауды

жүзеге асыру кезіндегі қызметі
36. Көліктік бақылау бекетінің қызметкері Ситуациалық орталықпен шұғыл әрекет ету мақсатында:

1) автокөлік құралын ұстағаннан бастап үш сағат ішінде Ситуациалық орталықтың кезекшісіне хабар беруге, бұл ретте АКҚ тіркелу нөмірін, қозғалыс бағытын, бұзушылық түрі мен жүріп өтуі үшін жинақталған соманы хабарлап, кейін мәліметтерді көліктік дерекқордың ақпараттық-талдау жүйесіне және қозғалыс қауіпсіздігі динамикасының мониторингіне енгізуге;

2) автокөлік құралын ұстағаннан бастап бір тәулік ішінде ұсталу фактісіне байланысты ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексерілуі үшін Ситуациалық орталықтың кезекшісіне ktk.sit@mtc.gov.kz электрондық адресіне толық ақпаратты жолдауға;

3) Ситуациалық орталықтан ақпаратты алған кезінде автокөлік құралының тексерілуін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген мөлшердің белгіленген параметрден асып кетуін анықтау үшін келіп түскен мәліметтерді автокөлік құралының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерімен салыстыруы арқылы жүзеге асыруға міндетті.

4) Ахуалдық орталық қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған құжаттар болмаған немесе сәйкес келмейтін Белорусь Республикасы және Ресей Федерациясы көліктік бақылау органдарымен берілген, хабарламамен жүріп өткен автокөлік құралдары туралы деректер алған кезде хабарламаның орындалуының тексеруін жүзеге асырады және негізі бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тасымалдаушыға (жүргізуші) шара қолданады.

Арнайы рұқсат бланкісінде көрсетілген ауыр салмақты және (немесе) габаритті автокөлік құралының параметрлерін сақтамаған, маршрутынан және мерзімінен ауытқуы, арнайы рұқсат бланкісіз келе жатқан АКҚ ауыр салмағын және (немесе) габаритін асыру факті анықталған кезде, «Әкімшілік заң бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарымен сәйкес әкімшілік заң бұзушылық туралы істі қозғау үшін көліктік бақылау бекетінің қызметкері тиісті іс-шаралар қолданады.

5) көліктік бақылау бекетінің қызметкері бекетке шығуы мен тапсыруы кезінде «Көліктік бақылау бекетінің кезекшісі ____________ (Аты-жөні)» формасы бойынша Ситуациалық орталықтың кезекшісіне жедел түрде ескертуге міндетті.

37. Стационарлы немесе жылжымалы көліктік бақылау бекетінде автокөлік құралдарының жүруін бақылауды жүзеге асыру кезінде өкілетті лауазымды тұлға:

1) отандық және шетелдік АКҚ тіркелуін жүзеге асыруға;

2) автокөлік құралдары туралы мәліметтерді ЖКБП АЖО – на уақтылы және сапалы түрде толтыруды жүзеге асыруға;

3) шетелдік АКҚ тексеру кезінде рұқсат құжаттарының 100 % жабылуын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасы аумағы (-на) бойынша (арқылы) өтетін (4-тармақ Бақылау қызметінің белгісі) шетелдік тасымалдаушылардың отандық рұқсат бланктерінің жыртылатын бөлігін, алдыңғы бетінде – бақылау жүргізілген күнін, автокөлік құралының мемлекеттік номерін, инспектордың аты-жөнін, сыртқы бетінде – тасымалдаушының елін көрсете отырып толтырылуын қамтамасыз етуге;

5) Рұқсат бланкінің жыртылатын бөлігін, оны толтырып болғаннан, сыртқы бетіне мөр басқаннан соң ары қарай көліктік бақылау комитетіне беру үшін көліктік бақылау инспекциясына беруге.

Рұқсат бланкінің жыртылатын бөлігінің оң жақтағы төменгі бөлігі Қазақстан Республикасы аумағына кіргенде жыртылады, Қазақстан Республикасы аумағынан шыққанда сол жақтағы төменгі бөлігі жыртылады.

Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен кері бағытта өту жағдайында Қазақстан Республикасы аумағына кіргенде рұқсат бланкінің жыртылатын бөлігінің оң жақтағы жоғарғы бөлігі жыртылады, Қазақстан Республикасы аумағынан шыққанда сол жақтағы жоғарғы бөлігі жыртылады.

6) байланыс құралдары, аудио/бейне мониторинг жүйесі істен шыққан жағдайда дер кезінде Инспекция басшысына және Ситуациялық орталықтың кезекшілігіне хабарлауға;

7) жарамсыз таразы өлшеу құралдарымен жылжымалы көліктік бақылау бекетінің жұмыс атқаруына жол бермеуге;

8) маршрут карточкасында көрсетілген учаскіде жұмыс атқаруға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға жол берген тасымалдаушылар тарапынан пара беру фактісі және көліктік бақылау кезінде орын алған басқада жағдайлар бойынша Ситуациялық орталықтың кезекшілігіне жедел түрде хабарлауға;

10) автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын бұзып, апатты жағдай туғызатын ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жолын кесу кезіндегі көліктік бақылау бекеті маманына жүктелген міндетін тиісті деңгейде орындауға міндетті;

11) өзіне жүктелген міндетті орындамау фактісі анықталған жағдайда белгіленген заңнамаларға сәйкес жауапты болады.

Автокөлік құралдарының өтуін

бақылауды іске асыру барысында

көліктік бақылау бекеттері

қызметкерлерінің жұмысы ережелеріне

1-қосымша



Отандық автокөлік құралдарының өтуін тіркеу журналы


р/с



Автокөлік құралын тіркеу күні мен уақыты

Автокөлік құралының түрі мен маркасы

Автокөлік құралының, тіркемесінің, жартылай тіркемесінің мемлекеттік номері,

Тасымалдаушының атауы (жүргізушінің аты-жөні), мекен-жайы

Сапар бағыты, жүктеу және түсіру бекеттері (мемлекеттер атауын көрсете отырып)

Тасымалданатын жүктің атауы, салмағы

Лицензияның (карточканың) сериясы, №, кім және қашан берген

Жол жүруге рұқсат құжаттарының болуы, №, кім және қашан берген

ХЖТ (халықаралық жол тасымалдары) кітапшасының болуы, №, кім және қашан берген

Жол жүруге рұқсат құжаттары берілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



Шетелдік автокөлік құралдарының өтуін тіркеу журналы


р/с



Автокөлік құралын тіркеу күні мен уақыты

Автокөлік құралының түрі мен маркасы

Автокөлік құралының, тіркемесінің, жартылай тіркемесінің мемлекеттік номері,

Жүк тасымалдаушының реквизиттері (ел атауы, заңды тұлға және АЖТ жеке тұлғаның, адрес, тұрғылықты орны, салық органындағы тіркеу орны, СТН, БИН, телефон) жүргізушінің АЖТ

Жүк жөнелтушінің реквизиттері (ел атауы, заңды тұлға және АЖТ жеке тұлғаның, адрес, тұрғылықты орны, салық органындағы тіркеу орны, СТН, БИН телефон) жүргізушінің АЖТ

Жүк алушының реквизиттері (ел атауы, заңды тұлға және АЖТ жеке тұлғаның, адрес, тұрғылықты орны, салық органындағы тіркеу орны, СТН, БИН телефон) жүргізушінің АЖТ

Тіркеген ел

Сапар бағыты, жүктеу және түсіру бекеттері (мемлекеттер атауын көрсете отырып)

Кірудегі өткізу бекеті, шығудағы өткізу бекеті

Тасымалданатын жүктің атауы, саны (бірлік), көлемі (тн, куб.м.) салмағы (кг., тн.)

Жол жүруге рұқсат құжаттарының болуы, №, кім және қашан берген

ХЖТ кітапшасының болуы, №, кім және қашан берген

Жол жүруге рұқсат құжаттары берілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14
Көліктік бақылау бекеті жұмысын тексеру журналы


р/с



Тексеру күні мен уақыты

Тексерушінің аты-жөні мен лауазымы

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар

Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі

Тексерушінің қолы

Орындалуы туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7


Кезекшілікті қабылдау, өткізу журналы


р/с



Кезекшілікті қабылдау, өткізу күні мен уақыты

Кезекшілікті өткізген көліктік бақылау бекеті қызметкерлерінің аты-жөні

Кезекшілікке түскен көліктік бақылау бекеті қызметкерлерінің аты-жөні

Қатаң есептегі бланктер

Көліктік бақылау бекетінің мүлкі

Көліктік бақылау бекетінің жабдығы

Ескерту

атауы

саны

атауы

саны

атауы

саны

жабдықтың жағдайы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12



Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет