Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру



жүктеу 112.24 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі112.24 Kb.
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ

ҚОСЫМША ҚАУЛЫСЫ

Астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және

5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтініші туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың,

Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003- жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтінішін қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны -Конституциялық Кеңестің мүшесі А.К.Котовты және қарауға қатысып отырғандардың сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны



а н ы қ т а д ы:

Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 35-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2003 - жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысына қосымша түсіндірме беру туралы өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгініп, ол қарауға қабылданған.

Құқық қолдану қызметіндегі қиыншылыққа байланысты Орталық сайлау комиссиясы, Парламент депутатының мандаты соттың оған қатысты күшіне енген айыптау үкімімен сыйыспайтындығы туралы жоғарыда аталған қаулының уәждемелік бөлігінің және Парламент Палатасының мұндай депутатты мандаттан айыру туралы қаулы қабылдамауы «депутаттық өкілеттік сақталуына немесе қалпына келтірілуіне әкеп соқпайды» делінетін Кеңестің осы қаулысының қаулы алу бөлігінің 2-тармағы ережелеріне қосымша түсіндірме беруді өтінеді. Осыдан келіп мынадай сұрақтар қойылады:

-соттың айыптау үкімінің күшіне енуі депутатты осы сәттен бастап


өкілеттіктен айыруға автоматты түрде әкеп соқтырады дегенді білдіре ме;

-дәл осындай жағдайда сотталғандық фактісінің Мәжіліс депутаттығына тіркелген кандидат мәртебесімен құқықтық- сыйыспаушылығы туындай ма;

-егер Парламент депутаттығына кандидат ретіндегі азаматқа қатысты соттың айыптау үкімі өзінің заңдық күшіне енген болса, онда Конституциядан және Конституциялық Кеңестің қаралып отырған осы қаулысынан тиісті сайлау комиссиясының азаматты Парламент депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы шешімінің күшін жою қажеттілігі мен міндеттілігі келіп шығады ма.

Өтініште қойылған сұрақтарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаған қосымша түсіндірме беру қажет деп есептейді.

1. «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2003- жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысында құқық қолданушының назары Конституцияның 52-бабы , 5-тармағы нормасының өктемдік сипатына ерекше аударылған болатын, бұл Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкімінің күшіне енуі секілді зандық факті болған кезде депутаттық өкілеттіктен сөзсіз айрылуды білдіреді. Бұдан, Конституциялық Кеңес мұндай жағдайларда Парламент палаталарының тиісті қаулылар қабылдауы міндетті емес деп есептейді деген пікір туындамауы керек. Керісінше, Кеңес бұл қаулыда, «Конституцияның 52-бабы , 5-тармағында көрсетілген негіз бойынша Палатаның депутатты өз мандатынан айыру туралы шешім қабылдаудан бас тартуы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайтыны туралы 12-бабы , 1-тармағы 13) тармақшасының талаптарын орындауға кедергі болады», - деп атап көрсетеді.

Конституцияның 52-бабы , 5-тармағы нормасының тікелей қолданылуын ескере отырып, Парламент депутатына қатысты айыптау үкімі заңдық күшіне енген кезде Парламент палаталары заңдық тұрғыда қажетті қаулылар қабылдамаған жағдайда депутаттық өкілеттік сақталмайды немесе қалпына келмейді. Қаулының уәждемелік бөлігінде Кеңес біржақты атап өткеніндей, бұл нормада Конституция депутат мандатының соттың күшіне енген айыптау үкімімен құқықтық сыйыспаушылығын белгілейді.

2. Конституция Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау тәртібін айқындау мәселелерін конституциялық заң аясына жатқызады (Конституцияның 51-бабының 5-тармағы).

Азаматтардың бәсең сайлау құқығын іске асыруын реттейтін Конституция нормаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң соттың заңдық күшіне енген айыптау үкімінің Парламент депутаттығына кандидат мәртебесімен құқықтық сыйыспаушылығы принципін бекітті. Бұл Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағында мынадай міндетті талап белгіленген:. «Қазақстан-Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша алып тасталмаған адамды тіркеуге болмайды». Конституциялық заңның бұл ережесінің Конституция нормаларына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Президентінің өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің тексеру нысаны болған еді. Кеңес 2004- жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулымен бұл Конституциялық заңның 4-бабы , 4-тармағының жоғарыда аталған талабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп тапты.

Азаматтардың бәсең сайлау құқық субъектілігін іске асыру мүмкіндігіне Конституциялық заңның жоғары талап қоюы, Негізгі Заң солардың мүддесін ескере отырып азаматтардың құқықтарын шектеуге жол беретін конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы» Кеңестің 2004 -жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысында атап өтілгеніндей, азаматтарға қойылатын бұл талап негізді.

Конституциялық Кеңес құқықтық танымдардың мынадай табиғатына, яғни, соттың айыптау үкімінсіз соттылық туындамайтынына назар аударады. Дәл сондай-ақ, соттың зандық күшіне енген айыптау үкімі нәтижесінде адамның оған әуелбастан ие болмай тұрып «өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы» да объективті түрде бола алмайды. Соттылық - айыптау үкімінің салдары.

Конституциядық заңның 4-бабы, 4-тармағының Парламент депутаттығына сайлануға үміткерге, сондай-ақ бәсең сайлау құқығын іс асырушы өзге де субъектілерге қоятын талабының мәні - соттылық болу фактісі, бұл заңдық мән-жайдың қашан анықталгандығы не табылғандығы немесе қашан ол процессуалдық туындағаны оған қатыссыз. Конституциялық Кеңестің пікірінше, жоғарыда аталған норманың «уақытына қарай» деген шарты, бәсең сайлау құқығын іске асырушы азамат үшін соттылықтың сайлау процесінің қай сатысына дейін құқықтық салдарсыз өтелуі немесе алып тасталуы мүмкін екендігін ғана көрсетеді.

Парламент депутаттығына кандидат болып тіркелу уақытына қарай өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылық, соның нәтижесінде туындайтын оның мәртебесімен құқықтық сыйыспаушылықтың шарты ретінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабы , 4-тармағына сай тіркелу мүмкіндігін жоққа шығарып қана қоймай, оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгенге дейін — Парламент депутаттығына кандидат болып тіркелген азаматтың бұл сипаттан айрылуын да көздейді.

Қолданылып жүрген конституциялық құқықтың нормалары Парламент депутаттығына кандидат болып тіркелген азаматтың сайлау процесінің кез келген сатысында қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін және соның салдары ретінде - оның сотты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 47-бабының 3-тармағында: «Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін ...қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ оларды Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз тікелей қылмыс үстінде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды», - делінген. Бұдан келіп шығатыны, соттылық Парламент депутаты болып сайланғаннан кейін де туындауы мүмкін. Осы сипатта тіркелгеннен кейін Парламент депутатына, оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне еңген кезде, Конституцияның 52-бабы , 5-тармағының нормасы қолданылады. Кеңестің 2003 -жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысында дәл осы туралы айтылады. Сол арқылы, соттың күшіне енген айыптау үкімінің нәтижесінде соттылық болу фактісінің депутаттық мандатпен құқықтық сыйыспаушылық принципі қолданылып жүрген конституциялық құқықтың ережелерінде формальді-зандық түрде аяқталған болады.

3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң «Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға кандидат жауап бермеген жағдайда» округтік сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюы мүмкін екенін көздейді (Конституциялық заңның 89-бабы , 6-тармағының 3) тармақшасы).

Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ «партиялық тізімге енгізілген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға жауап бермеген жағдайда» партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды (Конституциялық заңның 89-бабы , 9-тармағының 4) тармақшасы).

Конституциялық заңның 4-бабы , 4-тармағының талабы Парламент депутаттығына кандидаттарға, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, қойылатын талаптар қатарына жатады.

Осы шарт болғанда азаматтың Парламент депутаттығына тіркелген кандидат болу мүмкіндігінен айрылуы, немесе сайлау процесінің кейінгі бір сатыларында ол сотты болса немесе соттылығы табылған жағдайда оның бұл сипатта тіркелгендігі жойылуы, сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдауы қажет екенін жоққа шығармайды. Бұл заң жүзінде азаматтың Парламент депутаттығына кандидат мәртебесін жоғалтқан сәтін ресми анықтау үшін қажет, бұның азамат үшін және сайлау науқаны үшін құқықтық салдары болады.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 35-бабы , 1-тармағының 1) тармақшасын , 2 және 3-тармақтарын және 41-бабын басшылыққа алып,



Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

1.«Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003- жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысының қаулы алу бөлігі 2-тармағының ережесі , депутатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген жағдайда Парламент палаталарына оны мандатынан айыру туралы қаулы қабылдау шарт емес дегенді білдірмейді, деп түсіндірілсін. Парламент Палатасының мұндай қаулы қабылдаудан бас тартуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы , 5-тармағы нормасының тікелей қолданылуын бұзу болады.

2.Бәсең сайлау құқығын іске асыруға қойылатын талаптар туралы
конституциялық нормалар мен ережелерді, Парламент депутаттығына кандидат болып тіркелген азаматқа қатысты соттың айыптау үкімі заңдық
күшіне енген жағдайда бұл зандық фактінің Парламент депутаттығына
кандидат мәртебесімен құқықтық сыйыспаушылығы орын алады, деп
түсінген жөн.

3.Конституция нормаларының, Конституциялық Кеңес қаулыларының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң нормаларының мазмұны мен мағынасынан келіп туыңдайтыны , егер Парламент депутаттығына кандидатқа қатысты соттың айыптау үкімі зандық күшіне енген болса, онда тиісті сайлау комиссиясы сайлау процесінің «кез келген сатысыңда оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға тиіс.

4.Осы қаулы түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы , 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

Конституциялық Кеңестің қосымша қаулысы оның негізгі қаулысының мазмұны мен мақсатынан ажыратып алғысыз және онымен бір уақытта қолданылады.



5.Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс
тілдерінде жариялансын.
Қазақстан Республика

Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет