Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті



жүктеу 29.14 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі29.14 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Ақтөбе облысының Статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

№07-18/4

2016 жылғы 17 наурыз





2016 жылғы қаңтар-ақпанда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары


2015 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62534 теңгені құрады. Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 0,5%, нақты ақшалай табыстар үшін 2,8% төмендеген.

2016 жылғы ақпанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,4%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санына 0,6% құрады.

2015 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 113431 теңгені құрады. 2014 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,2%-ға азайды. Нақты жалақы индексі 2014 жылғы IV тоқсанға 89,3%-ды құрады.



Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,7% құрады. Азық-түлік тауарларына 2,4%-дан, азық-түлік емес тауарларға – 1%-ға, ақылы қызметтерге – 7,8%-ға бағалар артты. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағалары 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8%-ға төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға сәйкес кезеңге қарағанда 0,7% көп.



Тіркелген заңды тұлғалар саны 2016 жылғы 1 наурызға 14637 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,9% артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 9306 немесе тіркелгендер санына қатысты 63,6% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 97,7% және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,3% құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11939 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,7% артты.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 53,9 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,4% кеміді (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 56 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17,1% өсті (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтарда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 44,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 31,7% азайды, оның ішінде экспорт – 24,4 млн. АҚШ долларын құрады (11,6% азайды), импорт – 20,3 млн. АҚШ долларын құрады (46,3% азайды).

2016 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 168,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,6% кем. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 7,4%, өңдеу өнеркәсібі – 2,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 27,7% төмендеді; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 17,5% артты.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 18,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,8% көбейді.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 884,1 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6% азайды. Жолаушылар айналымының көлемі 2199,7 млн. жкм құрап, 1,2% артты.



Шығаруға жауапты:

Орын. Р. Балваниязова

Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы басшысы

Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

тел. (7132) 907-018

А. Есінбекова

e-mail: a.esinbekova@economy.gov.kz








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет