Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің



жүктеу 453.76 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі453.76 Kb.
  1   2   3
: fileadmin -> user upload -> files
files -> Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары Требования к устройству и безопасной эксплуатации сосудов, работающих под давлением Астана-2010
files -> Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер
files -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
files -> Құрамы (2010 жыл) Ақмола облысы 2
files -> «Бекітемін» Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Нұрқатова
files -> Бұдан әрі-Басқарма өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру функцияларын жүргізу тәртібі
files -> Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010
files -> Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»
files -> Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетінің


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ





Келісілді:

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетінің

Төрағасы

_____________ Б. Омаров

2009 жылғы «_____» ____________


Бекітілді:

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

___________К. Шәмшидинова

2009 жылғы «_____» _________




«Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдама
І. Жалпы ережелер

1.1. «Мектепке жол» республикалық акциясы Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін өткізіледі.


ІІ. Мақсаттар мен міндеттер

2.1. Акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.

2.2. Акцияның міндеттері:

- мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту;

- міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- оқымайтын немесе мектепке бармайтын мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;

-мектептен «шығып кетуге», дәлелсіз себептермен сабақтарға қатыспауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

- міндетті жалпы орта біліммен қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдарының қызметі туралы тұрғындарды хабардар ету;

- мектепке балаларды жинау бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсету жөнінде нақты шараларды әзірлеу және оны іске асыру;

-жалпы оқыту проблемаларын шешуде және аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсетуде ведомствоаралық іс-қимылды, сондай-ақ білім беру органдарының мемлекеттік емес құрылымдармен, оның ішінде қоғамдық, жекеменшік ұйымдармен және меценаттармен іс-қимылдарын жандандыру.


ІІІ. Акцияның ұйымдастырушылары

3.1. Акцияның ұйымдастырушылары:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

- Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

-Ақпарат және мұрағат комитеті

- Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

- Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері

3.2. Білім беру органдарының жанынан өңірлік және аудандық деңгейлерде балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет және ақпарат органдарының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен акцияларды өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылады.
ІV. Акцияны өткізу орны мен уақыты

4.1. Акция жылына бір рет 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында барлық типтегі және үлгідегі мектептерде, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарында, басқа да мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі.

4.2. Акция үш кезеңде өткізіледі:

1) мектептік кезең (барлық типтегі және үлгідегі мектептерде);

2) аудандық, қалалық, облыстық, Астана және Алматы қалалық;

3) қорытынды-талдау.

4.3. Акцияның ресми ашылуы мен жабылуы аудандық, облыстық деңгейде стадиондарда, алаңдарда, спорт залдарда, мәдениет үйлерінде және т.б.көлемді іс-шаралар нысанында өткізіледі.

4.4. Акцияның басталуы мен аяқталуы облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында жетекші БАҚ-тың, телеарналардың және акция іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге зор көмек көрсеткен серіктестердің қатысуымен баспасөз конференциясы нысанында өткізу ұсынылады.

4.5. Мектеп деңгейінде басты назар дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмысына және оларды тәрбиелеу, міндетті жалпы орта білім алу жөнінде шаралар қабылдауға аударылады.
V. Акцияның қатысушылары

5.1. Барлық ниет білдірушілер, мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы билік органдары, мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар шаруашылық ететін субъектілер, жеке тұлғалар, меценаттар, еріктілер және т.б акцияның қатысушылары бола алады.

5.3. Көрнекті қоғам қайраткерлерінің, спорттық, мәдени, ғылыми қоғамдастықтардың, эстрада, теледидар, радио, кино, спорт, өнер (суретшілер, композиторлар, ақындар, жазушылар, т.б.) жастар қозғалысы мен мәдениет (балалар мен жастар қозғалысының көшбасшылары, ди-джейлер, музыкалық топтар, рэп-командалар) жұлдыздарының қатысуы міндетті.
VІ. Білім беру органдары мен ұйымдарында акцияны өткізу жөніндегі басқару және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

(акция өткізудің мазмұны мен нысандары)

6.1. Акция мынадай нысандар мен әдістерді пайдалана отырып, мектеп деңгейінде өткізіледі:

1) акцияның ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту, акцияны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен қабылдау;

2) оқушылардың өзін-өзі басқару акцияларын даярлауға және өткізуге балалар ұйымдарының көшбасшылары мен қатысушыларын белсенді тарту;

3) пәтерлер (үйлер) бойынша тексерісті және мектепке бекітілген микроучаскелер шегінде 0 ден 18 жас аралығындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру мен өткізу;

4) дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын балаларды анықтау және есепке алу;

5) білім алушыларды есепке алу және олардың қозғалысы жөніндегі тиісті құжатты жүргізу және оқуды тоқтатқан немесе оқудан жалтарған балалар туралы білім беруді басқару және кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияны уақытылы хабардар ету;

6) мектепке балаларды жинау бойынша көмекті қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасыларын анықтау және есепке алу;

7) акцияны ұйымдастыру комитетіне, білім беру органдарына мектепке балаларды жинау бойынша көмекті қажет ететін балалар мен отбасылар туралы мәліметтерді беру;

8) баланы мектепке қабылдау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру үшін ақпараттық алаңды ұйымдастыру;

9) балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялар бойынша балаларды мектепке дейін және үйіне апарып-әкелуді ұйымдастыру, оның ішінде жол полициясының органдарымен және көлікті беретін ұйымдармен бірлесіп:

- кәсіби сенімді автобус жүргізушісімен қамтамасыз ету;

-жүргізушіні рейс алдында медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру;

-автобустың техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ету, оларды пайдалану кезінде істен шығуын және бұзылғандығын ескерту;

-линиялық, жол ғимараттары мен қауіпті учаскелер көрсетілген бағыттардың сызбаларын әзірлеу.

10) акцияның барысы мен қорытындыларын нақты түсіндірумен қоса логотиптер мен плакаттар серияларын (осы ұсынымдамаларға қоса беріліп отырған) пайдалана отырып «Мектепке жол» ақпараттық стендін дайындау;

11) шығармашылық конкурстарды («Мектепке ең үздік жол» тақырыбына арналған үздік шығармаларға, суреттерге, өлеңдерге) өткізу;

12) ұйымдардарда, кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде, бұқаралық ақпарат қүралдарында аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсету үшін әлеуетті қайрымдылық көрсетушілер мен меценаттарды іздеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

13) акцияға қамқорлық көрсетушілер мен меценаттарды анықтау және тарту үшін ұйымдарда, кәсіпорындарда, мемлекеттік ұйымдарда «мектепке жол» плакаттар серияларын басып шығаруды және жапсыруды ұйымдастыру;

14) Индикаторлар мен нысандар ұсынымдарына қоса беріліп отырған акциялардың нәтижелігі мен тиімділігінің мониторингін қамтамасыз ету. Кемшіліктердің талдауымен және таңдап алынған сабақтармен қоса педагогикалық кеңесте акциялардың қорытындыларын арнайы талқылау;

15) 1 қыркүйекте салтанатты жиынның шеңберінде акцияның белсенді қатысушыларының жүріп өтуі.



6.2 Аудандық, қалалық, облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының деңгейіндегі акциялардың іс-шаралары

1) облыстың, Астана, Алматы қалалары әкімінің «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу, акцияны ұйымдастыру комитетінің бекітуі туралы шешімін дайындау;

2) акцияны ұйымдастыру комитетінің Акцияны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуі және қабылдауы;

3) акцияны ұйымдастыру комитетінің отырысын ұйымдастыру. Отырыстың барысын және нәтижелерін міндетті түрде хаттамамен ресімдеу;

4) ұйымдастыру комитетінің бастапқы және қорытынды баспасөз конференцияларын және акцияға қолдау көрсеткен облысқа, қалаға танымал адамдардың қатысуымен ток-шоу ұйымдастыру;

5) мектепті «тастап кету» мен мектепке сабаққа бармаудың алдын алу шаралары туралы халықты ақпараттандыруға арналған ақпараттық-насихаттық алаңдар ұйымдастыру (ақпараттық шатыр: еріктілерді, балалар мен жастар қозғалысын тарта отырып, мектепке қабылдау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру; мамандардың кеңесі, парақшалар, плакаттар, буклеттер тарату);

6) қаланың алаңдары мен басты көшелеріне акцияның логотипі мен жедел желі телефондарының нөмірлері бейнеленген баннерлер ілу, ұйымдар мен мекемелерге, автобус аялдамаларына, базарларға, сауда орталықтарына плакаттар жабыстыру (логотиптер мен плакаттардың жазба және электрондық нұсқалары осы ұсынымдарға қоса беріліп отыр).

7) акцияның өту барысы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау (“жүгіртпе жол”, акцияның өту барысы туралы сюжеттерді жергілікті телеарналардан көрсету, “Мектепке жол” акциясының арнайы басылымын жергілікті танымал газеттерде, кейбір жарияланымдарын БАҚ-та жариялау, сенім телефондарының, жедел желі телефондарының нөмірлері жазылған хабарландыруларды көпшілік жиналатын орындарға ілу);

8) білім беру қызметкерлерінің тымыз кеңесі шеңберінде жалпыға бірдей білім беру ісімен айналысатын мамандарға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру. Әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға, сынып жетекешілеріне, ата-аналар комитетінің өкілдеріне, еріктілерге арнап “Мектепке жол” секциясын ұйымдастыру, онда шеберлік сыныптарын, дөңгелек үстелдер, сабақтан қалу және оқығысы келмеу сияқты әртүрлі мәселелер жөнінде тұсаукесерлер өткізу;

9) акция бағдарламасының, өткен жылы өткізілген акция қорытындысының тұсаукесері, тамыз педагогикалық оқуларының отырыстарында балаларға көмек көрсетуге қомақты үлес қосқан ұйымдарды, кәсіпорындарды, компанияларды, азаматтарды естелік наградалармен марапаттау;

10) акцияның басында және соңында акцияның орталық алаңын ұйымдастыру, онда облыстар, Астана, Алматы қалалары, аудан әкімдері, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, ауданның (қаланың) шығармашылық ұжымдары, эстрада жұлдыздары, мәдени, спорттық қоғамдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, барлық деңгейдегі билік және басқару органдары, әлеуметтік белсенді бизнес өкілдерінің қатысуымен насихаттау іс-шараларын өткізу (“Балаларды мектепке жинауға көмектес”, “Оқушыға мектепке барар жолды табуға көмектес”, “Барлық балалар мектепте оқуға тиіс”, “Мен мектепті таңдаймын” атты және т.б. қайырымдылық көрсетушілер немесе меценаттар фестивалі);

11) орталық алаң шеңберінде ақпараттық, спорттық, интеллектуалдық, бос уақыт өткізу алаңдарын ұйымдастыру (диджей мектебі; супер-дискотека; граффити-класс; “Менің мектебім”, “Біз мектепке барамыз” тақырыптарындағы шығармашылық жұмыстардың көрмесі; өнер мектебінің, жас модельерлер, стилистер орталығының мектеп формасының жаңа үлгілері бойынша жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну).

12) орталық алаң шеңберінде аз қамтылған балалар мен жасөспірімдерді мектепке жинаумен байланысты қаржы проблемаларын шешуге бағытталған қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру (аз қамтылған отбасыларға және аз қамтылған балаларға беру үшін мектеп басшыларына сыйлықтар жиынтығын немесе киім, аяқ-киім, оқулықтар және т.б. мектеп құрал-жабдықтарын алуға арналған сертификаттар табыстау).

13) оқушыларды мектепке жинауға көмектесу үшін мемлекеттік мекемелерді нақты аз қамтылған оқушыларға бекіту (Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің тәжірибесі бойынша: ұйымдардың басшыларына хат дайындау, оларға бала туралы мәліметтер беру, осы мекемелерде акцияның плакаттарын ілу, мемлекеттік органдар басшыларының акцияның негізгі алаңына қатысып, бекітілген балаларға, отбасыларға түрлі сыйлықтар тапсыруы).

14) құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, базарларды, саяжай шаруашылықтарын, вокзалдарды, көңіл көтеретін орындарды аралап, оқумен қамтылмаған немесе түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. Акция барысында рейд аптасына 1 рет өткізіледі, барлығы 7 рейд.

15) еріктілер жұмысын ұйымдастыру (қатер тобымен жұмыс істеу үшін еріктілерді даярлау және т.б.). Мысалы, мектепке орналасуға мұқтаж панасыз, қадағалаусыз қалған балаларды анықтауға арналған рейдтерге тарту, плакаттар ілу, парақшалар тарату және т.б.

16) акция туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде бес минуттық фильмдер, бір минуттық жарнамалық роликтер түсіруді және көрсетуді ұйымдастыру.

17) білім басқармасының сайтында акцияның логотипімен арнайы “Мектепке жол” айдарын ашып, апта сайын өңірдегі акцияның нәтижелерінен хабардар етіп отыру. Сайт айдарында акцияның өтуі және ол туралы халықтың ақпараттануы бойынша дауыс беруге, сауал жүргізуге және форум ұйымдастыруға мүмкіндік беретін on-line қызметін құру.


6.3. Акцияның қорытынды-талдау кезеңінің іс-шаралары:
1) қорытынды-талдау кезеңінде іс-шаралардың нәтижелігі мен тиімділігін, олардың акция мақсаттарына, міндеттеріне сәйкестігін анықтау үшін және баланың білім алу құқығын қорғау ісіндегі білім беру органдарының жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік зерттеулер, қатысушыларға сауалдар қою, сауалнамалар жүргізу ұсынылады;

2) акцияның өткізілуін қорытындылау үшін ұйымдастыру комитетінің отырысы өтеді, онда Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына, ұйымдастыру комитетінің әр мүшесінің акция іс-шараларын іске асыруға қосқан нақты үлесіне талдау жасалады;

3) акция қортындысын ескере отырып, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізіледі.

4) қоса беріліп отырған өлшемдер мен нысандарға сәйкес акцияның өткізілуі туралы толық есеп дайындалып, ағымдағы жылғы 10 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсынылады.



3-қосымша
«Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылардың ұсынылатын функциялары


  1. Білім басқармасының немесе органының өкілі (білім беру жүйесін басқарушылар – бас мамандар)

  • Мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету саласындағы заңнамалық-нормативтік және концептуалдық құжаттарды айқындайды.

  • Әкімдіктің акцияны ұйымдастыру және өткізу, ұйымдастыру комитеті мен акцияның іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешімінің жобасын дайындайды.

  • Мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша стратегиялық, концептуалдық, бағдарламалық-нұсқаулық, өкімгерлік құжаттар түрінде төменгі білім беру органдары мен ұйымдарына командалық ақпарат беруді жүзеге асырады.

  • Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қайырымдылық қызметті жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге ықпал етеді.

  • Басқаруындағы аумақтағы қайырымдылық қызметінің барысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, нәтижесін болжайды және оларға қол жеткізудің тәсілдерін айқындайды.

  • Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға көрсетілетін қайырымдылық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді.

  • Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан қайырымдылық қызмет туралы ақпарат жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді және жоғары тұрған білім басқармасы органына есеп құжаттамасын уақытылы ұсынады.


2. Білім беру мекемесінің басшысы (мектеп директоры)

  • «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылық жасайды.

  • «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын нормативтік-құқықтық алып жүруді айқындайды.

  • Мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін мәслихаттармен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен, жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырады.

  • Әлеуметтік қорғалмаған отбасыға әлеуметтік көмек алуға арналған құжаттарды ресімдеуге құқық қорғау жүйесінің қызметкерлерімен бірлесіп заңды көмек көрсетеді.

  • Әлеуметтік қорғау бөлімімен бірлесіп, жұмыссыз ата-аналарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді, оларды жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту орталықтарындағы ақысыз курстарға белгілейді.

  • Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырады.

  • Мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

  • Қайырымдылық акциясының барысына және білім бөліміне «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасының уақытылы ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады.


3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

        • Жалпы басшылықты және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бақылау-диагностикалық қызметті жүзеге асырады.

        • Әлеуметтік қорғалмаған балаларға демеушілік қаражаттардың:

- мәслихат қаражаттары - әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға;

- әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінің қаражаттары – жетім балаларға, қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы балаларға;

- құқық қорғау жүйесі, денсаулық сақтау мекемелерінің қаражаттары – аз қамтамасыз етілген және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға;

- жеке кәсіпкерлердің қаражаттары – тұрмысы қолайсыз және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына бөлінуін қамтамасыз етеді.



        • Мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінің сынып ұжымының қызметін бағалайды.

        • Қайырымдылық акциясы туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) ресімдеуге көмек көрсетеді және ықпал етеді.

        • Мониторингтік қызметті жүзеге асырады, білім бөліміне «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.


4. Әлеуметтік педагог


  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санатының деректер банкін айқындайды.

  • Мектептің әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексереді.

  • Қоғамдық ұйымдармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.

  • Мұқтаж балалар үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.

  • Мұқтаж балаларға ыстық тамақ пен тегін оқулықты қоса алғанда, түрлі материалдық көмек алуға ықпал етеді.

  • «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысы және қорытындылары туралы көрнекі үгіт-насихаттардың нысанын айқындайды және басып шығаруды жүзеге асырады.

  • «Мектепке жол» акциясының барысы және қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.


2.5. Сынып жетекшісі

  • Сыныптағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балалардың санаттарын анықтайды.

  • Сыныптың әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексереді.

  • Ата-аналар жұртшылығының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуын қамтамасыз етеді.

  • Сыныптағы әрбір білім алушының тегін ыстық тамақ пен оқулықтарды қоса алғанда, әлеуметтік көмек алуына ықпал етеді.

  • Әлеуметтік педагогке «Мектепке жол» акциясы туралы есеп құжаттамасының уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.


Заңды және жеке тұлғалар


  • Мектеп әкімшілігіне «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді көмек көрсетеді.

  • Мектептің әлеуметтік педагогымен және психологымен бірлесіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеруге көмек көрсетеді.

  • Халық, түрлі меншік нысанындағы ұйымдар арасында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының идеяларын насихаттауды қамтамасыз етеді.

  • Билік органдарымен және әлеуметтік институттармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.

4-қосымша


«Мектепке жол» республикалық акциясының тиімділігін бағалау индикаторлары


  • Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

  • Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

  • Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

  • Акцияларға белсенді қатысушы балалардың үлесі

  • Заңды тұлғалардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

  • Ата-аналардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

  • Педагогтердің қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

  • Бюджет қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

  • Демеушілік қаражат есебінен көрсетілген көмектің үлесі

  • Ата-аналар қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

  • Мұғалімдер қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

  • БАҚ-тағы акция туралы жарияланымдардың, хабарлардың, жаңалықтардың, баспасөз конференцияларының саны

  • Акция шеңберінде өткізілген ауқымды іс-шаралардың саны

  • Мемлекеттік органдардың акцияға қатысу үлесі

  • Акцияның шығарылған және жапсырылған плакаттарының саны

  • Акцияның ілінген банерлерінің саны

  • Шеф-мемлекеттік органдарға бекітілген және мектепке жинау кезінде көмек алған аз қамтамасыз етілген оқушылардың үлесі

  • Аз қамтамасыз етілген оқушыларды шефке алатын мемлекеттік органдардың үлесі

5-қосымша


«Мектепке жол» қайырымдылық ақциясы қорытындыларының мониторингі




р/с


Индикаторлар

Объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Іс-шараға қатысушы объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Үлесті %-ға есептеу

Д бағанындағы санды С бағанындағы санға бөлу және 100-ге көбейту

А

В

С

Д


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет