Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы 2014 жылғы 19 ақпан №68 Астана қаласы



жүктеу 391.58 Kb.
бет1/2
Дата02.05.2016
өлшемі391.58 Kb.
  1   2
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы 19 ақпан №68 Астана қаласы

Гауптвахталарда әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын
бекіту туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі 727-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Гауптвахталарда әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ.


Бекітемін

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы
подполковник Р. Бекқадамов

2014 жылғы «__»________


ТАРАТУ ЕСЕБІ:

1. № 2 үлгілік есеп - 52 дана

2. ӘПББ - 20 дана

3. Резерв - 10 дана

Жиыны: - 82 дана
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Әскери полициясы бас басқармасының бастығы
әділет полковнигі Т. ДӘНДІБАЕВ.

1 данада терілді

№ 1 дана – ҚР ҚМ ӘД-ге

Орынд. және терген Е. Сыпатаев

54-16-86

2014 ж. 03.31.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 ақпандағы

№68 бұйрығымен бекітілген


Гауптвахталарда әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі 727-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу тәртібін айқындайды.


2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) гауптвахта – әскери қызметшілерді қамауда ұстау үшін әскери полиция органдары жанында жабдықталған үй-жай;

2) әкімшілік қамауға алынған адам – оған қатысты сотпен гауптвахтада ұстаумен әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарылған әскери қызметші.

3. Гауптвахталарда режимді қамтамасыз ету, оларда ішкі тәртіпті сақтау әскери полиция органдарының бастықтарына және гауптвахтаның әкімшілігіне жүктеледі.

4. Гауптвахталардың ішкі күн тәртібін әскери полиция органының бастығы айқындайды және бекітеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір гауптвахтада мемлекеттік және орыс тілдерінде стенд ілінеді.

5. Гауптвахта қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдануы және күш көрсетуі «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады.



2. Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу тәртібі

1-параграф. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды

гауптвахтаға қабылдау

6. Гауптвахта бастығы, ал ол болмаған жағдайда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы әкімшілік қамауға алынған адамды қабылдаған кезде:


1) мыналардың:

судьяның өзі қол қойған және сот мөрімен бекітілген қамауға алу туралы қаулысының;

әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың бар болуын тексереді;

2) әкімшілік қамауға алу туралы судьяның қаулысындағы тиісті жазбаларды әкімшілік қамауға алынған адамның деректерімен салыстырады;

3) жеке толық тексеруді жүргізеді, камерада сақтауға тыйым салынған белдіктерді, бауларды, заттарды, бағалы және басқа да заттарды сақтау үшін алады;

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналына тіркеуді жүзеге асырады, одан кейін қамауға алынғанды камераға орналастыру үшін қарауыл (кезекші ауысым) бастығына жібереді.

7. Гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы қамауға алынғанды қабылдап, құжаттарды өзіне қалдырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат толтырады, ол үш данада жасалады және әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі. Қамауға алынғанды қабылдағаны туралы қолхаттың бірінші данасы кейіннен әскери бөлімге тапсыру үшін әскери қызметшіні жеткізген адамға беріледі, қолхаттың екінші данасы жеткізілген әскери қызметшіге беріледі, үшінші данасын қарауыл (кезекші ауысым) бастығы бекет ведомосымен бірге тапсырады.

8. Әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медицина қызметкері тексеру жүргізеді, ол туралы Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.

9. Әкімшілік қамауға алынған адамдар гауптвахтаға қамалған кезде гауптвахтада ұсталатын басқа қамауға алынғандардан (ұсталғандардан, күдіктілерден, айыпталушылардан, сотталғандардан) бөлек және жеке-жеке мынадай талаптарды сақтай отырып орналастырылады:

1) офицерлер – сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;

2) мерзімді қызмет әскери қызметшілері – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;

3) әскери қызметші әйелдер – ер адамдардан бөлек.

10. Статистикалық есепті жүзеге асыру үшін әкімшілік қамауға алынған адамдар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органы гауптвахтасының деректер базасына енгізіледі.

11. Әрбір әкімшілік қамауға алынған адамға әкімшілік қамауға алу туралы судьяның қаулысы, жеке толық тексеру хаттамасы және басқа да материалдар тігілетін іс басталады.


2-параграф. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды толық тексеру, медициналық тексеру және медициналық-санитарлық қамтамасыз ету нормалары


12. Әкімшілік қамауға алынған адамды қарауыл (кезекші ауысым) бастығы өзі толық тексереді, медициналық тексереді, одан кейін гауптвахтадағы ішкі күн тәртібімен қол қойғызып таныстырады.

13. Толық тексеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) жеке толық тексеруді гауптвахта қызметкерлері және толық тексерілетін адаммен тек бір жынысты адам жүргізеді;

2) заттарды толық тексеру, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеру оның меншігінде осы заттар болатын адамның қатысуымен жүргізіледі;

3) егер фото және бейнетүсірілім жүргізілсе, толық тексеру хаттамасында оларды қолдану туралы тиісті жазба жасалады;

4) толық тексеру аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтаға қамалған адамда болған заттарды жеке толық тексеру және толық тексеру хаттамасы жасалады, оған оны жасаған лауазымды адам және жеке толық тексерілген адам қол қояды. Жеке толық тексерілген адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиісті жазба жасалады.

14. Әкімшілік қамауға алынған адамның денесінде жарақаттар және денсаулығына залал келтірілген белгілер болған немесе анықталған кезде қарауыл (кезекші ауысым) бастығы дереу гауптвахта бастығына баяндайды.

15. Гауптвахтада ұстау кезеңінде әкімшілік қамауға алынған адам сырқаттанған жағдайда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы дереу ол туралы гауптвахта бастығына және әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды.

16. Барлық қамауға алу мерзімін өтемеген әкімшілік қамауға алынған адамды емдеу мекемесіне шұғыл госпитальға жатқызу қажеттілігі туралы медицина қызметкерінің тексеру және қорытындысы нәтижелері бойынша әскери полиция органының бастығы әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған әскери прокурорды, судьяны және әскери бөлімнің командирін шұғыл хабардар етеді.

Әскери қызметші әскери полиция органы медицина қызметкерінің ілесіп жүруімен медициналық мекемеге емделуге жіберіледі.

Емделгеннен кейін әскери қызметші әскери бөлім командирінің қарамағына келеді, ол бір тәулік ішінде оны қалған қамауға алу мерзімін өтеу үшін гауптвахтаға жіберу жөнінде шаралар қабылдайды.

17. Қамауға алынғандардың бар болуын таңертеңгі қарап шығуды және кешкі тексеруді қарауыл (кезекші ауысым) бастығы немесе камераларда атаулы тізім бойынша оның көмекшісі жүргізеді.



3-параграф. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға

материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары


18. Гауптвахтаның әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамдарға гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайларды жасайды. Камералардағы санитарлық алаңның нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.

19. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға күн сайын ұзақтығы кемінде екі сағат серуенге шығу уақыты беріледі. Серуендеу камера бойынша гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі. Қамауға алынғандар ішкі тәртіптің белгіленген қағидаларын бұзған жағдайда серуендеу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

20. Әкімшілік қамауға алынған адамдар жеке пайдалану үшін:

1) ұйықтайтын орынмен;

2) төсек-орын жабдықтарымен, ұйықтаған уақытта: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі төсек жаймасымен және жастыққаппен;

3) асхана ыдыстарымен, тамақ ішкен уақытта: кесемен, тостақпен, қасықпен қамтамасыз етіледі.

21. Пайдалану үшін гауптвахтаға қамалған адамдарда осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген Заттар тізбесіне сәйкес өзімен болуға және сақтауға болатын өзінің төсек-орын жабдықтары, сондай-ақ басқа да киім-кешек пен заттар қабылдануы мүмкін.

22. Күн сайын камераларға ішу үшін қайнаған ауыз су беріледі.

23. Әкімшілік қамауға алынған әрбір адамға аптасына екі реттен сирек емес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын душ қабылдауға мүмкіндік беріледі.

24. Жуыну керек-жарақтары әкімшілік қамауға алынған адамдарға дәретханаға шығу уақытында беріледі, одан кейін қарауыл (кезекші ауысым) бастығының қарап тұруымен камералардан тыс орналасқан құлыпқа жабылатын қамауға алынғандардың жуыну керек-жарақтарын сақтауға арналған шкафқа кері қойылады.

25. Әкімшілік қамауға алынған адамдар таңертеңгі және кешкі жуынуы үшін санитарлық тораппен жабдықталған камераларда ұсталатын қамауға алынғандарды қоспағанда, шығарушылардың ілесіп жүруімен камералардан мынадай тәртіппен: ортақ камераларда ұсталатындар – камера бойынша, жеке камераларда ұсталатындар бір-бірден кезектілік тәртібімен шығарылады.

Әскери қызметші әйелдерге жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін қосымша уақыт бөлінеді.

Темекі шегуге серуендеуге шығу барысында ол үшін бөлінген жерде рұқсат етіледі.

26. Әкімшілік қамауға алынған адамдар негізгі жалпыәскери үлестің нормалары бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі, тамақтануға енгізу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.

Қамауға алынғандар камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Жеке камераларда ұсталатын қамауға алынғандар камераларда тамақтанады.

27. Әкімшілік қамауға алынған адамдар гауптвахтада болған кезеңде жеке қауіпсіздік қамтамасыз етіледі және түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтайды.

Ұйқыдан оянғаннан кейін қайырмалы сәкі көтеріледі және құлыппен бекітіледі.

28. Жұмыстарды орындау және серуендеу уақытын қоспағанда, тәулік бойы қамауға алынғандар құлыпқа жабылатын камераларда болады.

29. Әкімшілік қамауға алынған адамдар гауптвахтада ұсталған кезеңде күн тәртібіне сәйкес шаруашылық жұмыстарды орындауға тартылады.

Камералар қамауға алынғандар серуендеуде немесе жұмыстарда болған уақытта күн сайын желдетіледі.

Гауптвахтаның үй-жайлары мен дәретханаларды залалсыздандыру қажеттілігіне қарай аптасына бір реттен сирек емес жүргізіледі.

30. Қараңғы түскеннен кейін гауптвахтаның камераларында, дәліздері мен дәретханаларында жарық беріліп тұрады.

Камераларда +18 С-дан төмен емес температура сақталады.

31. Қарауыл (кезекші ауысым) бастығы әкімшілік қамауға алынған адамдардан жазбаша, сондай-ақ ауызша ұсыныстарды, шағымдар мен өтініштерді қабылдау үшін камераларды күн сайын аралап шығады.

32. Шағымдар мен өтініштерді жазу үшін, сондай-ақ өтініші бойынша жазу керек-жарақтары (қағаз, қаламсап) беріледі.

Ауызша қабылданған ұсыныстар, шағымдар мен өтініштер гауптвахта бастығына баяндалады.

Сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға арналған өтініштер қаралмайды және оларды берген уақыттан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жолданады. Ұсыныстарға, өтініштер мен шағымдарға жауаптар қол қойғызып жарияланады және жеке істерге тігіледі.

33. Әкімшілік қамауға алынған адамға сәлемдемелер, бандерольдар мен жөнелтілімдер алуға рұқсат етіледі, олардың салмағы пошталық қағидалармен көзделген нормалардан аспайды.

34. Сәлемдемелерді, бандерольдар мен жөнелтілімдерді гауптвахта қызметкерлері толық тексереді.

35. Жөнелтілімдерді қабылдау осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған өтініш негізінде жүргізіледі.

36. Жөнелтілімдерді қабылдауды гауптвахта қызметкерлері жүзеге асырады. Жөнелтілімдер келушілердің кезектілік тәртібінде қабылданады.

Жөнелтілімнің ішіне салынғандарды тексеру оны жеткізген адамның қатысуымен жүзеге асырылады.

37. Гауптвахта қызметкері жөнелтілімді қабылдап, келушіге қабылдағаны туралы қолхат беріп өтініштің бірінші данасын қайтарып береді, ал екінші данасын ол жөнелтілімді алғаны туралы қол қойғаннан кейін әкімшілік қамауға алынған адамның ісіне тігеді.

38. Сәлемдемелер мен бандерольдарды ашуды және ішіне салынғандарды тексеруді құрамында кемінде екі гауптвахта қызметкері бар комиссия жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәлемдемелер мен бандерольдарды ашу актісі жасалады.

Актіге комиссия мүшелері қол қояды, онымен әкімшілік қамауға алынған адам қол қоя отырып танысады және жеке ісіне тігіледі.

39. Сәлемдемелер, бандерольдар мен жөнелтілімдер:

1) әкімшілік қамауға алынған адам гауптвахтадан босатылған;

2) жөнелтілімнің нақты ішіне салынғандар өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) осы Қағидаларда көзделмеген заттар мен азық-түлік өнімдері бар болған жағдайларда қабылданбайды және кері қайтарылады.

40. Әкімшілік қамауға алынған адамға сәлемдемелер, бандерольдар мен жөнелтілімдер оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.

41. Гауптвахта әкімшілігі медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін дәрі-дәрмектерді тек оларды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған жағдайларда қабылдайды.

42. Әкімшілік қамауға алынған адамдар хат алуға құқылы. Әкімшілік қамауға алынған адамның атына келіп түскен хаттарды беруді гауптвахта әкімшілігі олар келіп түскен күні жүргізеді.

43. Әкімшілік қамауға алынған адамға жақын туысқанының қайтыс болғаны немесе ауыр сырқаттанғаны туралы мәліметтер оларды алғаннан кейін бір тәулік ішінде хабарланады.

44. Әкімшілік қамауға алынған адамның атына келіп түскен хаттар ол гауптвахтадан босатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның қызмет орнына жөнелтіледі.



4-параграф. Алынуға жататын заттардың,

бұйымдар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесі


45. Толық тексеру кезінде:

1) қару, жарылғыш, улы, уландырғыш және өрт қаупі бар заттар, есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттықтар;

2) шарфтар, белдіктер, белбеулер, аспа баулар, баулар, галстуктер, ұзындығы 50 сантиметрден аспайтын сүлгілер;

3) шыны ыдыс, шаншитын, тілетін және кесетін заттар;

4) білезіктер, шылым сауыттары, ойын карталары, ілгектер, жүзіктер, сырғалар, сағаттар, ордендер, медальдар, металл заттар мен құндылықтар;

5) спирттік негізде жасалған иіс су, әтір және өзге де бұйымдар;

6) фото-, бейне-және аудио-жазу аппаратурасы, байланыс құралдары, флэш-жинақтауыштар (алмалы-салмалы ақпарат тасымалдағыштар);

7) ақша, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар;

8) азық-түлік өнімдері алынуға жатады.

46. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың заттары, бұйымдары, азық-түлік өнімдері, ақшасы, бағалы қағаздары сақтау үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұйымдарды, құжаттарды, заттарды және өзге де материалдық құндылықтарды беру актісі бойынша гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығына тапсырылады, оның көшірмесі жеке іске тігіледі.

47. Толық тексеру кезінде қару, жарылғыш, улы, уландырғыш, есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорлар алынғаны туралы қарауыл (кезекші ауысым) бастығы шешім қабылдау үшін дереу әскери полиция органы бастығының атына баянатпен баяндайды.

48. Жарамдылық мерзімі өткен немесе бүліну белгілері бар азық-түлік өнімдерін құрамында кемінде екі гауптвахта қызметкерінен тұратын комиссия жояды, ол туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі жасалады.

49. Әкімшілік қамауға алынған адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі сақтауда болған ақша, құндылықтар, заттар, бұйымдар мен азық-түлік өнімдері әскери бөлімнің (мекеменің) қолбасшылығына беріледі.
5-параграф. Әкімшілік қамауға алынған адам

тамақтанудан бас тартқан кезде қабылданатын шаралар
50. Әкімшілік қамауға алынған адамның тамақтанудан бас тарту фактісі анықталған кезде қарауыл (кезекші ауысым) бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы себептерді анықтайды және әскери полиция органының бастығына және гауптвахтада заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын әскери прокурорға баяндайды.

51. Тамақтанудан бас тартқан әкімшілік қамауға алынған адам басқа қамауға алынғандардан бөлек ұсталады және медицина қызметкерінің қадағалануында болады.

52. Егер оның өміріне қауіп төнсе, тамақтанудан бас тартқан әкімшілік қамауға алынған адамның денсаулығын сақтауға бағытталған, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны қадағалайтын медицина қызметкерінің жазбаша қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

6-параграф. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды

қамаудан босату


53. Әкімшілік қамауға алынған адамдар судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін гауптвахтадан босатылады.

54. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің қамауға алу мерзімі аяқталу қарсаңында гауптвахта бастығы оны алып кетуге өкілді жіберу үшін әскери бөлімнің командиріне босату уақыты туралы хабарлайды және қарауыл (кезекші ауысым) бастығына бекет ведомосымен бірге тапсырылатын осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамауға алынғанды (ұсталғанды) босату туралы жазбахат береді.

55. Қамауға алынғанды босату кезінде гауптвахта бастығы Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналында және қамауға алынғандардың атаулы тізімінде босату уақыты туралы жазба жасайды, сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, сақтауға алынған құжаттарды, ақшаны және заттарды оған қолын қойғызып береді.

56. Әкімшілік қамауға алуды өтеген адамға босатылған кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органы бастығының қолы қойылған гауптвахтадан босату туралы анықтама беріледі.

57. Әкімшілік қамауға алынған адам қайтыс болған жағдайда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы ол туралы дереу гарнизонның әскери полиция органының кезекші бөліміне және гауптвахта бастығына баяндайды.

58. Паталогоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін қайтыс болған адамның мәйіті әскери бөлімнің (мекеменің) қолбасшылығына немесе оны талап еткен адамдарға беріледі.


Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу

қағидаларына



1-қосымша

нысан
БЕКІТЕМІН

______ гарнизоны әскери полиция

органының бастығы

____________________________

(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)

20 ___ ж. «___»_________

ІШКІ КҮН ТӘРТІБІ

(үлгілік)
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар Қағидаларды сақтайды және әскери полиция гауптвахтасы қызметкерлерінің нұсқауларын орындайды.

2. Әскери полиция гауптвахтасында ұсталатын адамдар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:

Өткізілетін іс-шаралар

Өткізу уақыты

Таңертеңгілік тұру

6 сағ. 00 мин. – 6 сағ. 10 мин.

Қамауға алынғандарды тексеру, төсек-орын жабдықтарын тапсыру

6 сағ. 10 мин. – 6 сағ. 30 мин.

Таңертеңгі жуыну

6 сағ. 30 мин. – 7 сағ. 00 мин.

Гауптвахта камераларын және үй-жайларын жинау

7 сағ. 00 мин. – 7 сағ. 30 мин.

Таңертеңгі ас

7 сағ. 30 мин. – 8 сағ. 00 мин.

Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы

8 сағ. 00 мин. – 8 сағ. 30 мин.

Саптық даярлық, жарғыларды зерделеу бойынша сабақтар

8 сағ.30 мин. – 13 сағ. 30 мин.

Түскі ас

14 сағ. 00 мин. – 14 сағ.30 мин.

Серуендеу

14 сағ. 30 мин. – 16 сағ.30 мин.

Шаруашылық жұмыстарды жүргізу

16 сағ. 30 мин. – 19 сағ.00 мин.

Кешкі ас

19 сағ. 00 мин. – 19 сағ.30 мин.

Мерзімді басылымды оқу

19 сағ. 30 мин. – 20 сағ.30 мин.

Камераларды жинау

20 сағ. 30 мин. – 21 сағ.00 мин.

Кешкі жуыну

21 сағ. 00 мин. – 21 сағ.30 мин.

Қамауға алынғандарды тексеру, төсек-орын жабдықтарын алу

21 сағ. 30 мин. – 21 сағ.50 мин.

Ұйықтау

22 сағ. 00 мин.


Гауптвахта бастығы

___________________________________



(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні

20 ___ ж. «___»_________

Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу



қағидаларына

2-қосымша

нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу

ЖУРНАЛЫ
20___жылғы «____» ________ басталды.

20___жылғы «____» ________аяқталды.

Р/с №

Қамауға алынған күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты,

әкесінің аты

Әскери бөлімнің нөмірі

Кіммен ұсталды (қамауға алынды, сотталды)

Ұстау себебі

(қамауға алу, не үшін, қандай бап бойынша сотталды)

Қай мерзімге және қандай камерада ұсталады

Қабылданған заттар, құжаттар мен ақша

Ұстау (қамауға алу, соттау) мерзімі қашан аяқталады

Қамауға алынғанды қабылдау кезінде медициналық тексеру уақыты, моншада жуыну және денесін тексеру туралы жазба (медицина қызметкерінің қолтаңбасы)

Босату туралы жазба (күні мен уақыты)

Гауптвахтаға қабылдау кезінде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба

Қамауды өтегеннен кейін заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13







































Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу

қағидаларына

3-қосымша

нысан

Әскери полиция органының мөртаңбасы


Қамауға алынғанды (ұсталғанды)

қабылдағаны туралы қолхат

(қолхаттың бет жағы)
___________________________________________________________

(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________________________

(бөлімше, әскери бөлім)


_______ бастап ________ дейін __________ камерада ұстаумен

______________ тәулікке (сағатқа) гауптвахтаға қабылданды.


_______________________________

(уақыты, күні, айы, жылы)


________________________________гарнизоны әскери полиция органының

гауптвахта бастығы ________________________________________________________________________

(әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)

20__жылғы «____» _______________

Әскери полиция органының елтаңбалы

мөрі



(қолхаттың сыртқы бет жағы)

Қамауға алынғанда (ұсталғанда, сотталғанда) мынадай заттар болды:

_______________________________________________

_______________________________________________

Ұсталғанның (қамауға алынғанның, сотталғанның) қолы _______________
______________________________________гарнизоны әскери полиция органының

гауптвахта бастығы _____________________________________________________________

(әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)


20__жылғы «____» _______________


Әскери полиция органының елтаңбалы мөрі

Қамауға алынғанды жеткізген адамның қолы

_______________________________________________

(әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
Ескертпе: қолхат үш данада ресімделеді. Бірінші данасы әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі – жеткізілген әскери қызметшіге беріледі, үшінші данасын қарауыл (кезекші ауысым) бастығы бекет ведомосымен бірге тапсырады.
Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу

қағидаларына



4-қосымша

нысан
Әкімшілік қамауға алынған адамдар туралы мәліметтер


Р/с

Келіп түскен күні мен уақыты

ә/бөлім, орналасуы, бағыныстылығы, командирі

Сауалнамалық деректері

(Т.А.Ә., туған күні және жері, білімі, отбасы жағдайы, тұрғылықты мекенжайы, лауазымы, қай ҚІБ-мен және қашан әскерге шақырылды)

Санаты

Фабуласы

Істі қараған сот

Сот қаулысының № және күні

Біліктілігі (ҚР ӘҚБК-ның бабы)

Қамауға алу мерзімі (тәулік)

Босату күні мен уақыты

Ескертпе

1

2 

3 

4 

 5

6 

7 

8 

9 

10

11

12

Әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтеу

қағидаларына

5-қосымша

нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған адамды

жеке толық тексеру және оның жанында болған заттарды толық тексеру

ХАТТАМАСЫ

20 ___ ж. «___» ______ сағат ___ мин. Жасау орны_____________

Мен, ______________________________________________________________________

(хаттаманы толтырған адамның лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

осы хаттаманы _____________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

(әскери атағы, Т.А.Ә., ұлты, туған жылы мен жері, тұрғылықты жері) әскери қызметшіге қатысты жасадым.

Қызмет орны, лауазымы _____________________________________________________

Отбасы жағдайы_____________________, асырауында ___________________________

Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________________

(сериясы, нөмірі, кіммен берілген)

Әскери қызметші___________________________________________________________



(толық тексерілген адамның Т.А.Ә.)

жеке толық тексеру және заттарына толық тексеру жүргізілді.



Толық тексерілетін адам үстіне мынаны киген:__________________________________

_____________________________________________________________________________

Сыртқы тексеру кезінде мынадай дене жарақаттары белгілі болды:_________________



_____________________________________________________________________________

(табылған жоқ, егер болса, дене зақымының сипаттамасын көрсету және медициналық көмек көрсетілді ме)

_____________________________________________________________________________

Толық тексеру барысында мыналар белгілі болды және алынды:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Толық тексеру кезінде келіп түскен өтініштер ____________________________________________________________________________

Толық тексеру барысында мыналар қолданылды: _________________________

_____________________________________________________________________________

(фото-кинотүсірілім, бейне жазу, өзге де тіркеу тәсілдері)

Гауптвахтаға келіп түскен кезде денсаулық жағдайына шағымдар мен өтініштерім жоқ (бар) ___________________________________________________________________________________

(керегін жазу)

Әскери полиция гауптвахтасындағы ішкі күн тәртібімен таныстым: ________________

(қолы)

Қолдары: ___________________________________

(толық тексеруді жүргізген лауазымды адамның)

(жеке толық тексерілген адамның)

________________________

Хаттаманың көшірмесін алдым ______________________________________________

(жеке толық тексерілген адамның Т.А.Ә., қолы)


  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет