Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі туралы ереже



жүктеу 30.37 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі30.37 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 92/184 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

     1.1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) тұрақты жұмыс жасайтын консультациялық кеңесші орган болып табылады.

1.2. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Кеңес туралы ереже Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) қаулысымен бекітіледі.

1.4. Кеңес өз қызметін Ортсайлаукомның жұмыс жоспарларына, Кеңес бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.



  1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

2.1. Сайлаушылардың құқықтық мәдениеті мен сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыруға, сайлаушылардың қоғамдық белсенділігін, олардың азаматтық жауапкершілігін дамытуға жәрдемдесетін тұжырымдамаларды, жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.

2.2. Сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетін арттырудың ортақ қағидаттарын әзірлеу, перспективалы оқу нысандары мен әдістерін, оның ішінде бағдарламаларды, курстарды және сайлау науқандарына қатысушыларды оқытудың жаңа технологияларын айқындау.

2.3. Сайлаушыларды құқықтық оқытуды жетілдіру және сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

2.4. Сайлау комиссияларымен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен сайлау ұйымдастырушылардың біліктілігін арттыру және халықтың электораттық мәдениетін дамыту мәселелерінде сындарлы өзара іс-қимыл жасауды дамыту.

2.5. Ортсайлауком ұйымдастыратын тақырыптық «дөңгелек үстелдерді», семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу және қатысу.

2.6. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының өңірлерінде сайлаушыларды құқықтық оқыту және сайлау ұйымдастырушыларды даярлау мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

2.7. Сайлаушыларды құқықтық оқыту мен сайлау ұйымдастырушыларды даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың халықаралық тәжірибесін зерделеу.

2.8. Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жөнінде оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын, әдістемелік әзірленімдерді және басқа да материалдарды дайындау.


3. Кеңесті құру тәртібі және оның жұмысын ұйымдастыру
3.1. Кеңес құрамы азаматтық білім мен сайлау процесі салаларында жұмыс жасайтын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдерінен келісім бойынша құрылады. Кеңес құрамына өзгерістер осы органдар мен ұйымдардың ұсынымы бойынша енгізіледі.

3.2. Кеңес төрағасы, хатшысы мен мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде орындайды.

3.3. Кеңес жұмысының негізгі нысаны қажеттілік шамасына қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет шақырылатын отырыстар болып табылады.

3.4. Кеңес отырысы оған мүшелерінің кемінде жартысынан көбі қатысқанда, құқықтық өкілетті. Айрықша жағдайларда Кеңес шешімдері Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңес хатшысының оның мүшелерінен пікір сұрау арқылы қабылдануы мүмкін.

3.5. Отырыс уақыты, орны мен күн тәртібі туралы Кеңес мүшелері кемінде 3 күн бұрын хабарланады.

3.6. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Нақты шешімді «жақтап» және оған «қарсы» берілген дауыстар тең болған кезде Кеңес төрағасының даусы шешуші болып табылады.



3.7. Кеңес шешімдері отырыс төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Хаттаманы кеңес отырысынан кейін 5 күннің ішінде хатшы ресімдейді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет