Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы



Дата17.04.2016
өлшемі77.69 Kb.
Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2014 жылғы

«2» сәуірдегі № 153 бұйрығына 1 - қосымша




«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі, мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 
1. Жалпы ережелер

  

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;



2) www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру:

1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;

2) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.



2. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

4. Портал/мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталға/мемтізілімге жүгінеді.

2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) (1,5 мин);

3) 2 - процесс – сұрауды мемтізілімде автоматты түрде тіркеу (1 мин);

4) шарт – мемтізілімде сұрауды тексеру (өңдеу);

5) 3 - процесс – сұратылған деректердің болмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек);

6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемтізіліммен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (7 минуттан артық емес):

1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін қарау;

2) жекешелендіру объектісі туралы ақпарат) алуы.

5. Портал/мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы түрінде, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын толық сипаттау осы Регламентке 3-қосымшада ұсынылған.

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі


БСН

Атауы

Объектінің мекенжайы

МНК

Мәртебесі

1

2

3

4

5



Ескертпе:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

МНК – меншік нысанының коды


«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар


1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) объектінің ID нөмірі:
2) жекешелендіру объектісінің түрі:
акциялар (АҚ);
үлес (ЖШС);
мүліктік кешен;
машиналар мен жабдық;
жылжымайтын мүлік;
жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
өзгелер;
көлік;
3) сатушы;
4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;
5) объектінің мәртебесі:
жекешелендірілуде;
белсенді емес;
жекешелендірілген;
сауда-саттықтан алынған;
6) объектіні бұғаттау:
еркін;
алып тастауға жатады;
7) меншік нысаны:
республикалық;
коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).
     

2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

1) бағалау шын ыңатауы;

2) бағалау туралы есептің нөмірі мен күні;

3) бағалау құны, теңге;

4) бағалау күні.

3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

1) объектінің құжаттары;


2) жер бойынша құжаттар;
3) фотоальбом.
      2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі – МББ) жарияланған, жекешелендіру объектілерін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлама бойынша ақпаратты қарап шығу кезінде
      1. МББ-ның атауы.
      2. Жарияланымның нөмірі мен күні.
      3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.
      4. Сауда-саттық нысаны.
      5. Сауда-саттық түрі.
      6. Кепілдік жарна мөлшері.
      7. МББ-да жарияланған хабарландырудың толық мәтіні:
      1) мемлекеттік тілде;
      2) орыс тілінде.
      3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде
      1. Сауда-саттық нысаны мен әдісі:
      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);
      2) тікелей атаулы сатылым;
      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);
      4) қор биржасы.
      3. Сауда-саттықтың күні және уақыты.
      4. Кепілдік жарна, теңге.
      5. Бастапқы баға, теңге.
      6. Ең төмен баға, теңге.
      7. Сауда-саттық мәртебесі:
      1) өткізілген жоқ;
      2) болмайды;
      3) өткізілді;
      4) сауда-саттық күтілуде.
Ескертпе:

ID – сәйкестендіру нөмірі;

АҚ – акционерлік қоғамдар;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.


«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша



Портал/мемтізілім арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілер:




Каталог: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет