Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №520 Жарлығы "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың



жүктеу 92.68 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі92.68 Kb.
: dktrm -> aktau
dktrm -> О внесении изменения в решение акима Северо-Казахстанской области от 31 января 2014 года №04 «О создании Северо-Казахстанского областного штаба по разработке и адаптации проектов технических регламентов Таможенного союза»
dktrm -> Бекітемін: Қр иждм трмк сқО бойынша департаментінің басшысы В. Чепухин
dktrm -> 2 қалалық нарық «Биғайша» сауда орталығы өкілдерін Департамент бірлесіп тарта алады
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығы "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы"

      


 

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі-Ұлттық комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
      2) Ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы;
      3) Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже);
      4) Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы (бұдан әрі - Үлгілік құрам) бекітілсін.
      3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың
әкімдері облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларын құрсын, олардың ережелері мен құрамдарын осы Жарлықпен бекітілген Үлгілік ережеге және Үлгілік құрамға сәйкес бекітсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
      Президенті                               Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы


Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.


      2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық комиссияның міндеттері

      3.  Ұлттық комиссияның міндеттері:


      1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын қалыптастыру және оны іске асыру бойынша ұсыныстар тұжырымдап, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын арнайы біліктілік талаптарын қарау;
      3) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру бойынша ұсынымдар тұжырымдап, шығару;
      4) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату мәселелері бойынша, оның ішінде мансаптық жоспарлау, оқыту, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсынымдар тұжырымдап, шығару;
      5) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының қызметін үйлестіру;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.

3. Ұлттық комиссияның функциялары

      4. Ұлттық комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:


      1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың жеке ісін қарау және олармен әңгімелесу өткізу;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке істерін және қызметіне қатысты өзге де материалдарды қарау және олармен әңгімелесу өткізу;
      3) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, оның ішінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларынан ақпарат сұрату және алу;
      4) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын және өкілдерін, оның ішінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының төрағаларын тыңдау;
      5) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
      6) мемлекеттік органдардың басшыларына және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының төрағаларына шешімдерді жіберу;
      7) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттігіне қарай тарту;
      8) Ұлттық комиссияның отырысына Ұлттық комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру;
      9) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
      10) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

4. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      5. Ұлттық комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия


мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның
лауазымдық құрамын айқындайды.
      6. Ұлттық комиссияның төрағасы:
      1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Ұлттық комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
      3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
      4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;
      5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
      6) Ұлттық комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
      7) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы есеп береді.
      7. Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      8. Ұлттық комиссияның отырыстары оның жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.
      9. Ұлттық комиссияның отырыстары оның құрамының жалпы санының
кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық
комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы Ұлттық комиссия отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      10. Ұлттық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Ұлттық комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
      Ұлттық комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және Ұлттық комиссия белгілеген мерзімде міндетті қаралуға жатады.
      11. Ұлттық  комиссияның хатшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып табылады.
      12. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі болып табылады.
      Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы


Президентінің 
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Ұлттық комиссияның төрағасы


      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өңірлік  саясат жөніндегі орынбасары, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, мемлекеттік қызмет және әкімшілік реформа мәселелеріне жетекшілік етуші
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Әділет министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан      Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы

Қазақстан Республикасы


Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр


комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру  мақсатында құрылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның міндеттері:


      1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) шешімдерін іске асыру;
      2) Ұлттық комиссияға кадр саясатын қалыптастыру және оны «А»  корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты іске асыру бойынша, оның ішінде мансаптық жоспарлау, оқыту, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсыныстар тұжырымдап, енгізу болып табылады.

3. Комиссияның функциялары

      4. Комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:


      1) Ұлттық комиссияның шешімі бойынша «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу өткізу;
      2) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;
      3) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшылары мен өкілдерін тыңдау;
      4) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
      5) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларына шешімдерді жіберу;
      6) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттігіне қарай тарту;
      7) комиссияның отырысына комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру;
      8) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде Ұлттық комиссияға ұсыныстар енгізу;
      9) комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және Ұлттық комиссияның шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

4. Комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия


мүшелерінен тұрады.
      6. Комиссияның төрағасы:
      1) комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
      3) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
      4) комиссияның дербес құрамын бекітеді және комиссияның жұмыс органының ұсынуымен оның хатшысын айқындайды;
      5) комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
      6) комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
      7) комиссияның жұмысы туралы Ұлттық комиссияның алдында есеп береді.
      7. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын
комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      8. Комиссияның отырыстары оның жұмыс кестесіне сәйкес, сондай-ақ қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.
      9. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      10. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.
      Комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және комиссия белгілеген мерзімде міндетті қаралуға жатады.
      11. Комиссияның жұмыс органы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылады.
      12. Жұмыс органы комиссияның жұмысын ақпараттық-талдауды және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссияның жұмыс жоспарлары жобаларын, отырысының күн тәртібін және оның жұмысын ұйымдастыруға қажетті өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, оларды комиссияның қарауына ұсынады.

Қазақстан Республикасы


Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН 

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы

      Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі, комиссия төрағасы


      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары
      Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының басшысы
      Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихатының хатшысы
      Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының төрағасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет