Қазақстан республикасы президентінің Әкімшілігі қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығЫ



жүктеу 174.66 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі174.66 Kb.




№ исх: 13-04-15/6091//35-27.1 от: 06.01.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Астана, 2015 жыл



Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Тұжырымдамасының мақсаты және негізгі міндеттері

  3. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Тұжырымдамасының тұжырымдамалық негіздері

  4. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Тұжырымдамасын іске асырудың негізгі кезеңдері

  5. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының символикасы және логотипі

  6. Күтілетін нәтижелер



«Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз!

Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек!

Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер».

(«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы)
1. Кіріспе
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

1995 жыл Тәуелсіз Қазақстанды нығайтудың түбірлі реформалар жылы болды. 1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Бұл тарихи күн егеменді Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының, қазіргі мемлекеттік құрылымның орнығуының, түпкілікті әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар жүргізудің, бейбітшілік, бірлік пен Қазақстан халқының қоғамдық келісім идеясын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналды.

2007 жылы Ассамблея конституциялық орган мәртебесіне ие болып, оның конституциялық кепілді парламенттік өкілдігі – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы қамтамасыз етілді.

2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы Ассамблеяның құрылымы мен қызметінің, оның елдегі қоғамдық-саяси жүйесінде алатын орны мен рөлінің нормативтік-құқықтық реттелуін заңнамалық негізде қамтамасыз етіп, оның конституциялық парламенттік өкілдігін іске асырды.

Ассамблеяның негізгі стратегиялық құжаттары қабылданды – «Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы».

Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құраушы бөлігіне айналды.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық мерейтойын өткізеді. Бұл айтулы күндерге 2015 жылдың барлық іс-шаралары арналатын болады, ал 2014 жылғы 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә. Назарбаев алдағы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Тұжырымдамасының мақсаты және негізгі міндеттері
Ассамблеяның негізгі мақсаты Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамды Мемлекет Басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру, «Қазақстан-2050» Стратегиясының, 2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму Тұжырымдамасының мақсаттарына жету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі міндеттері:

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған барлық іс-шаралардың үйлестіруін, қоғамдық-саяси және ұйымдастыру-әдістемелік бірлігін қамтамасыз ету;

елдің барлық азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, меншіктің барлық нысан мекемелерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдарын мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және белсенді қатыстыруға тарту;

Тәуелсіздікке, мемлекеттілікке, жоғары патриотизмге негізделген азаматтық және ұлттық құндылықтардың ортақ жүйесін қалыптастыру;

қоғамдық санада негізге алынатын бірлік, бейбітшілік, қоғамдық келісім, тұрақтылық, экономикалық даму секілді принциптерді нығайту.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының

тұжырымдамалық негіздері
Қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының маңызды шарты. Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік прогресс пен демократиялық дамуы қоғам бірлігінің шоғырлануы мен сақталуы жағдайында ғана мүмкін.

Қазақстан, бір мақсат, ортақ құндылықтар, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы айналасында бірыңғай азаматтық қоғамдастықты нығайтатын көпэтносты және көпконфессиялы ел болып табылады.



«Мәңгілік Ел» – бұлелдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі!

«Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіріп тұрған Тәуелсіздігіміздің рухани сенімді тірегі!

«Мәңгілік Ел» - бұл қазақстандық мемлекеттілігіміздің көне тарихынан бастау алатын жалпыұлттық идея!

«Мәңгілік Ел» - бұл өз Отанын сүю, қазақстандық патриотизмнің, күш жігердің жоғары дәрежесі, Отанға деген сенімділік, халыққа адалдық, азаматтық парыз.

«Мәңгілік Ел» «Менің елім» халықтық, отаншылдық ұғымымен тығыз байланысты. Бұл санаттарда біздің халықтың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік философиясы жатыр.

Сондықтан дәл осы Ассамблея жылының басты идеясы «МЕНІҢ ЕЛІМ -МӘҢГІЛІК ЕЛ».

Ол біздің елдің халқын біріктіретін және болашақ іргетасын құрайтын Мемлекет Басшысының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларында көрсетілген басты құндылыққа негізделеді.

Бұл құндылықтар – уақыт тезінен өткен, тарихпен дәлелденген Қазақстан жолының тәжірибесі.



Қазақстан, тек алға басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болады!


  1. Тәуелсіздік және Астана.

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік толғауында» «баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады» - деді.

Тәуелсіздік – Қазақстанның ең қасиетті және басты құндылығы. Қазақстанның тәуелсіздігі өз тағдырын еркін әрі дербес таңдау, оны өзі шешу құқығы негізінде Қазақстан халқының әлеуетін іске асыруына мүмкіндіктер ашты. Тәуелсіздік – мемлекеттілікті қалыптастыру туралы ата-бабаларымыздың көпғасырлық армандарын орындау, Қазақстан халқының мүддесін іске асыратын, халықтың тілі, дәстүрі мен мәдениетінің негізі.

Оның негізінде - Қазақстан жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат, қазақстандықтардың достығы мен елдігінің негізі ХАЛЫҚТЫҢ ДАНАЛЫҒЫ жатыр.

Тәуелсіздік - Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін, өскелең ұрпақты Отанға деген шексіз сүйіспеншілікте тәрбиелейтін барлық адамдардың ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕГІ.

Тәуелсіздік - ерекше тарихы мен мәдениеті, мемлекеттік тілі мен барлық қазақстандық этностық топтарының тілдеріне деген құрметі бар халықтың ҰЛЫ БІРЛІГІ.

Міне сондықтан да, Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел.

Астана Еркіндік пен Тәуелсіздіктің нышанына айналды, елдің, халық пен қоғамның жаңа тарихының санағы басталды.

Астана Қазақстан дамуының – экономикалық, рухани, мәдени және өмір сапасының өсуінің басты нүктесіне айналды.

Іс-шаралар Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін көрсетуі, қазақстандық бірегейлікті қамтамасыз ететін рухани шоғырланудың қуатты факторы болуы тиіс.
2. Біздің қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Бұл құндылықтар Тәуелсіз Қазақстанды құру үшін басты іргетас болды, ал олардың конституциялық принципі – әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы жетістіктердің басты шарты.

Олар, қоғамның дамуы қоғамдық келісім мен бірлікке негізделген ел ретінде, жаңа Қазақстанды қалыптастырды.

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында аталып көрсетілгендей халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.

Бұл құндылықтардың қоғамның адамгершілік императивіне айналуы бейбітшілік пен келісім саясатының мықты негізі болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің саяси ерік-жігерінің арқасында біздің мемлекетте бүкіл әлемде кеңінен танымал қазақстандық этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Біздің болашақ ұрпаққа беретін ең басты байлығымыз – бұл халықтың бірлігі.

Аталған құндылықтарды ашатын шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық үйлесімді нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға, қазақстандық қоғамдық келісім мен бірлік үлгісінің жетістіктерін көрсетуге, бейбітшілік пен зорлық-зомбылық жасамау диалогі мәдениетіне бағытталған бұқаралық жалпыхалықтық сипат алуы тиіс.
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық.

Санғасырлық мемлекеттік дәстүрі бар Қазақстанда мемлекеттің зайырлы сипаты үнемі рухани негізбен өзара тығыз байланыста.

Нәтижесінде, барлық әлемдік және дәстүрлі діндер негізінде жатқан рухани құндылықтар зайырлы мәдениетке, азаматтық қоғам нормаларына, білімге, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне кірікті. Көп этносты және көпконфессиялы қоғамды Қазақстанның даму стратегиясының ресурсына айналдырып, руханилық пен азаматтылық қоспаны нығайтты.

Бұл құндылықтарды ашу шараларының мақсаты – бейбітшілік пен татулықты нығайту, діни төзімділік, қайырымдылық, жалпыұлттық сананың, мұраттың қалыптасуына, жалпыазаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуына көмектесу.


4. Индустриаландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсу.

Қазақстан алғашқы 2030 жылға дейінгі Стратегиясын мерзімнен бұрын іске асырды. Осыған сүйене отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдап, болашақты көру бейнесін одан әрі кеңейтті. Онда Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кіруді қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәртіпті - барлығын қамтитын жаңғырту міндетін қойды.

Бүгін экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, біздің алдымызда тұрған қарсылықтарға жауап бере отырып, Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялады. Оның тұғыры ҮИИДБ жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келген Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50% ұлғайту бойынша ШОБ дамыту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Даму басымдығы дұрыс таңдалуына байланысты Қазақстан барлық сынақтардан өтіп, тұрақты даму және халықтың әл-ауқатын үздіксіз көтеру жолына шықты.

Экономикалық құндылықтарды ашуға бағытталған шараларды дайындау және өткізу барысында халықтың назарын Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне, мемлекеттің ҮИИДБ, экономиканың ғылыми негізделген саласының дамуына, халыққа қолайлы жағдай жасауға мемлекеттің күш салуына баса назар аудару қажет.
5. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы – бұл әлеуметтік әділдік қоғамы. Сондықтан экономикалық жаңғыру әлеуметтік жаңғыртумен толықтырылып, барынша қатар жүруі тиіс.

Жаңа өндіріс, білім мен ғылымның жаңа жүйесі, орта топтың дамуы, әлеуметтік кепілдіктердің кеңеюі қоғамда, әлеуметтік қатынастар жүйесінде жаһандық өзгерістерге әкеледі.

Әлеуметтік жаңғырудың мәні мен мақсаты - қоғамды жаңа индустриалды-инновациялық экономика жағдайына дайындау, үдемелі экономикалық даму және қоғамдық игіліктерді кең қамтамасыз ету арасындағы тиімді тепе-теңдікті табу, құқық пен әділдік принциптері негізінде әлеуметтік қарым-қатынасты бекіту.

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады, бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуіне, басқа да салаларға мультипликативті әсер етеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады.

Осы құндылықты жүзеге асырудағы шараны өткізудің мақсаты - жұртшылықтың кәсіби мақтаныш сезімін қалыптастыру және адал еңбекке ынталандыру. Барлық шаралар тәуелсіздік жылдардағы кәсіби жетістіктер мен табысты барынша кеңінен көрсетуі қажет. Бұл мемлекеттің назары мен қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Кәсібилікті, адал еңбекті, еңбек жетістіктерін бағалауды, әлеуметтік бейқамдыққа теріс көзқарас қалыптастыруды насихаттау.
6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

«Ел бірлігі» принципі: бір мемлекет - бір халық - бір тағдыр.

Елдің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық басымдық барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады.



Қазақстан тарихы – бұл қиын-қыстау кезеңдерде ізгілік дәстүрлерін, ынтымақтастықтығын және өзара көмекті сақтап қалған, әрбір соққыға қарсы ұйысып, бірлік арқылы жеңген ұлттың тарихы.

Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі туралы мәселелер шешілген. Оны игеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы, қоғамдық өмірде жеке бәсекеге қабілеттілігі мен белсенді қатысуын белгілейтін мұраты болуы керек. Бұл - басты басымдық, рухани және ұлттық бірліктің басты факторы.

Қазақстанда тұратын барлық этностардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекет тұрақты көмек көрсетеді.

Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуы жаңа серпін алды: «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылды. Еліміздің бай мәдени мұрасы мен өнері әлемдік рухани байлықтың бір бөлшегіне айналды.Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы елімізде өзіндік мәдени білім мен әлеуметтік-лингвистикалық кеңістіктің үйлесімділігін құрды.

Бұл құндылықтардың барлық түрін ашатын шаралар ұлттық тарих пен мәдениетті дамытуға және зерттеуге, тарихи сананы нығайтуға, мәдениеттердің өзара сабақтастығын, мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативті түрлерін күшейтуге, әлемдік қоғамдастықтың интеграциялық құралы ретінде ағылшын тілін үйренуге, орыс тілін сақтауға, этностардың тілін дамытуға бағытталуы қажет. Этностық топтардың мемлекеттік тілді меңгеру жетістіктерін, қазақ халқының бірыңғай рөлін, оның тарихы мен мемлекеттілігін көрсету қажет.
7. Ұлттық қауіпсіздік пен жалпыәлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге еліміздің жаһандық қатысуы.

Мемлекет Басшысы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап өткендей бүкіл әлем жаңа сындармен қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өте алады.

Іс-шаралар барысында Қазақстанның сыртқы саясаты дәйекті түрде тату әрі ашық болады деген тезисті ашып көрсету керек.

Қазақстан ядролық қаруды таратпау, ядролық қарудан бос аймақты құру бойынша Орталық Азияда көшбасшыболып мойындалды. Біз Әлемде бірінші болып Семей ядролық полигонын жауып, атом қаруынан бас тарттық. Біздің талаптарымызға орай, БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның ұстанымын қолдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады.

Қазақстанның бастамашылығымен құрылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының қеңесі 3 миллиардтан астам тұрғыны бар 24 елді біріктіріп, халықаралық ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа құралы айналды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету еуроатлантикалық және еуразиялық бағытта ЕҚЫҰ-ның бірыңғай кеңістігін қалыптастыру үшін шешуші кезең болды.

ШЫҰ-ға, Ислам ынтымақтастық ұйымына және ҰҚКҰ-ға төрағалық ету нәтижесі біздің еліміздің сыртқы саясатына деген халықаралық сенім мандатына айналды.

Қазақстанның бастамасымен әлемде БҰҰ-ның қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттер жақындасуының онжылдығы өтуде.

Қазақстан конструктивті, әділ және қауіпсіз әлем ережелерін қалыптастыруға бағытталған жаңа халықаралық диалог - G-Global форматындағы идеяның бастамашысы. G-Global принциптері еліміздің ішіндегі бейбітшілік пен келісім принциптерінің жалғасы болып табылады.

Белорусь, Қазақстан және Ресей арасында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарт аясында Қазақстан Еуразиялық интеграция туралы бастама көтерді.

Әрбір қазақстандыққа аталған құндылықтардың мағынасын ашу маңызды.

* * *
Қазақстанның дамуында Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық қоғамдық келісім мен бірлік үлгілерінің рөлін ашу және көрсетуде Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының мәні мен этносаясаттың санаттарын және негізгі ұғымдарын ашу маңызды.



1. Қоғамдық келісім мен бірлік.

Қазақстан Тәуелсіздік кезеңінде өзінің даму негізіне теңдікке, достыққа және қоғамдық келісімге бағытталған барша халықтың бірлігін қойды. Этностық тиесілілігіне және діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтардың теңдігі - қоғамдық келісімнің негізгі принципі, Қазақстан берік ұстанатын конституциялық қағидатына айналды.

Бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жағдай жасаудың негізгі шарттары. Экономикалық өсу, әлеуметтік прогресс және еліміздің демократиялық дамуы қоғамның шоғырлануы мен бірлікті сақтап қалғанда ғана мүмкін.
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі.

Мемлекеттік этносаясат және қазақстандық қоғамдық келісім мен бірліктің үлгісін қалыптастырудың негізі тұғырлы, іргелі дамудың тұрақтылығына бағытталған Мемлекет басшысының саяси ерік-жігері болып табылады. Оның негізіне 11 бабы бірлік мәселелерін қарастырылған ҚР Конституциясы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңы, 2020 жылдарға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы, Ел бірлігі доктринасы енгізілген.

Этносаралық қарым-қатынас, қоғамдық келісім мәселелері принципті тұрғыдан саясатсыздандырылған.
«Біз үшін төзімділік принципі мәдени саяси нормаларға ғана емес, біз өзіміз шешімді түрде қолдап және нығайтып отырған мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі болып табылады» деген Президент Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне ерекше мән беру маңызды.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бүкілхалықтық өкілдіктің үлгісі және жалпыхалықтық институт.

Төзімділік, татулық және туыстық идеялары Қазақстан халқы үшін ғасырлар бойы сақталып келген басты құндылықтар екенін Ассамблея сенімді көрсетті. Ассамблея – бұл бейбітшілік мәдениетінің, рухани келісімнің негізгі принципі.

Ассамблея – бұл барлық 17 миллион қазақстандықтар.

Ассамблея – нағыз жалпыазаматтық, ішкі саяси мүдделерден жоғары және жалпыұлттық институт, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік әрі мықты тірегі. Ассамблеяның жауапкершілігі күннен күнге артып келеді, ал оның міндеті мен мақсаты ХХІ ғасырда жан-жақты кеңейеді.


4. Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдің тарихи жылнамасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы 1995 жылы мызғымас бірлік пен түбірлі қайта құрудың шешуші кезеңі барысындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын ұлы тарихи оқиға.

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуына жетістік алып келді.

Бұл, бірізді демократиялық сипатқа ие болған Қазақстандағы бірлік, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде Мемлекет Басшысының саяси ерік-жігерінің нәтижесі. Ассамблея институтын, қоғамдық келісімді нығайту және дамыту – мемлекеттік биліктің барлық органдарының, қоғамдық бірлестіктердің және әр азаматтың міндеті.

Көрсетілген тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру жұмысы барысында халықтың нысаналы топтарының адрестік жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ көрсетілген құндылықтарды ілгерілетуге және шетел аудиторияларына арналған іс-шараларға барынша бағыттау қажет.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын

жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар, өңірлік деңгейдегі іс-шаралар жоспарлары бекітілуі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар кешені өткізілуі керек.

Логотип нобайлары, символикалар, визуалды атрибуттар, кәдесый өнімдері, мерейтой медальдары, тиын, банкнот, маркалар мен ескерткіш белгілер әзірленеді.

Ассамблеяның ресми сайты жаңғыртылып, ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындалады, республикалық медиа-жоспар әзірленеді.

Негізгі кезең – түрі мен мазмұны бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ашып көрсететін қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу.

Мерейтой жылы барысында өткізілетін орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың барлық іс-шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өтеді.



Ассамблея жылының мәні мынадай аспектілер арқылы ашылады:

1. Бұл– әлем саясаты мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың келісімінің салтанаты;

2. Бұл – қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту жылы;

3. Бұл – Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту;

4. Ассамблея жылы бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан Ассамблея жылын іске асырудың негізгі принцптері болып:



  1. Мемлекет Басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға ерекше мән беру;

  2. Ауыл мен село, аудандық және басқа да елді мекендер деңгейінде халықтың нысаналы топтарын толығымен қамту;

  3. Әлеуметтік бағыт;

  4. Азаматтық қоғам институттарын тарту;

  5. Іс-шараның қоғамдық маңыздылығы.

Өңірлік және жергілікті деңгейдегі барлық іс-шаралар Ұлттық жоспардың негізгі іс-шараларына қолдау көрсету және/немесе желілік республикалық іс-шаралардың құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Барлық іс-шаралардың мәні, форматы, БАҚ-та жариялану сипаты бойынша алгоритмі бірыңғай болуы қажет.

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы барысында іс-шаралардың әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз ету қажет.

Іс-шаралардың ғылыми-талдамалық және сараптамалық сүйемелденуіне ерекше мән берілуі керек.

Шетелдік азаматтық қоғам институттарымен, шетелдегі қазақ диаспорасымен кездесулер ұйымдастыруға қажет барлық халықаралық алаңдарды іске қосу қажет.

Барлық күнтізбелік мерекелік күндер, орталықта және жергілікті жерлерде, Қазақстан халқының бірлігіне арналған бірыңғай тақырыптық форматқа біріктірілуі тиіс. Кәсіби мерекелерді «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты бірыңғай ұранмен біріктіру қажет.

Ассамблея жылын жан-жақты ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету керек. Ақпараттық жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның жүріп өткен тарихи жолын, сондай-ақ Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріндегі Ассамблеяның рөлі мен мәнін жан-жақты насихаттаудан тұруы керек.

Қазақстанда саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға база назар аудару қажет.

Қорытынды кезең. Бұл кезеңде қазақстандықтардың санасында бірлік, бейбітшілік, қоғамдық келісім сияқты басты құндылықтарды барынша бекітуді қамтамасыз ету керек.

Мерейтой жылын өткізу және қорытындылау кітапта, деректі және көркем фильмдерде, театр қойылымдарында, әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармаларда, кескіндемеде заттық сипат алуы керек.


5. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының

символикасы мен логотипі
Барлық өткізілетін шаралардың бірыңғай рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында Ассамблея жылының символикасы мен логотипі бекітілетін болады. Оларды ғылым мен өнер қайраткерлерін, дизайнерлер мен суретшілерді тарту арқылы жоғары көркемдік деңгейде жасау ұсынылады.

Визуальді ресімдеу түрлері мен кәдесый өнімдерінің нобайлары бір стильде әзірленеді.



Жыл логотипі Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі, мемлекеттік рәміздер элементтерінен, «2015 жыл», «20 жылдық», «20 жыл» датасынан тұруы қажет.

Сыртқы ресімдеу нобайлары Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи жолы мен оның қазіргі экономикалық және саяси болмыстарын көрсетеді. Онда ұлттық бірлікті, мәдениеттің сан алуандығын, салт-дәстүрлер мен ғұрыптарды нығайтуға, Тәуелсіздіктің жетістіктерін тануға бағытталған идеялар бекітілуі қажет.

Мерекенің түстік гаммасы мемлекеттік рәміздер түстік гаммасына - алтын түспен (жоса түсті) үйлескен көгілдір түстің басым болуына негізделуі керек.
6. Күтілетін нәтижелер
Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының іс-шараларын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу, қоғамның азаматтық-патриоттық және рухани-мәдени шоғырлану, қазақстандықтардың санасында мемлекеттіліктің құндылықтарын,қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің баяндылығын, жасампаздық пен жаңа сатыларға ұмтылуды бекіту күтіледі.


_______________________


: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет