Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



жүктеу 1.4 Mb.
бет5/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2.1.1-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағыны бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

2.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады (50 мың АҚШ долл.).

Алдына қойылған міндетке қол жеткізу мақсатында Ұлттық Банк сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мәнді, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа қолданылатын есептік тіркеу талабын Стратегиялық жоспардың тікелей нәтижелерінің тиісті көрсеткіштерінде белгіленгендей, баламасы 50 мың АҚШ долларынан төмен емес деңгейде сақтауды қамтамасыз етті.


2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру.

2.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші: Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%-ы).

Ырықтандырылған валюталық режим жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылады, ал валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтауы мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оны сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту қажет. Ұлттық Банк міндеттерінің бірі валюталар айырбастаудың ұйымдасқан нарығын реттеуді жетілдіру және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу арқылы тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу шеңберінде ҚРҰБ ҚР аумағындағы уәкілетті ұйымдардың жалпы санының 40%-ын (тікелей нәтиже көрсеткіші – кемінде 30%) қамтыды.

3-стратегиялық бағыт.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ұлттық Банк 2014 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін одан әрі дамыту және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.

Төлем жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізу және қызмет көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылды, резервтік орталықты «әскери» режимде ұстап тұру үшін төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару жұмысы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша пайдаланушыларға арналған төлем жүйелерінің үздіксіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.
Мақсатты индикатор: Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті ( кемінде 95%).

2014 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,949%, Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,979% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төтенше жағдайлар туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты (бір төтенше жағдай бойынша 24 сағаттан аспайды)

2014 жылы төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру талап етілетін төтенше жағдайлар байқалған жоқ.



Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу коэффициенттері

Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің мәнін ай сайын есептеді (1-суретті қараңыз). 2014 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,949%-ды, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,997%-ды құрады.

1-сурет

Төлем жүйелерінің 2014 жылғы жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің өзгеру серпіні



Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу

Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жұмысы:

1) 2014 жылғы 16 мамырдан бастап 2014 жылғы 23 мамыр аралығында жүзеге асырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтар жұмысында көшу кезінде проблемалар байқалған жоқ;

2) 2014 жылғы 17 қазаннан бастап 2014 жылғы 24 қазан аралығында жүзеге асырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтар жұмысында көшу кезінде проблемалар байқалған жоқ.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі (кемінде 37%)

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2014 жылы 76 210,5 мың транзакцияны құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 63,4%-ға (2012 жылы осы төлемдердің саны 46 630,6 мың транзакция) өсті.



Іс-шара: Халық арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлеу тәсілдерін пайдаланудың артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Халықтың төлем карточкалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық Банк және оның облыстардағы аумақтық филиалдары халық арасында және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысының әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылығын насихаттау және түсіндіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.


Жалпы алғанда, 2014 жылы мақсатты индикатордың және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орындалғаны байқалды. Мәселен, кемінде 95% қойылған жоспарлы мәні кезінде БААЖ жұмысқа қабілеттілігінің коэффициенті 99,949%, жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті – 99,979% болды. Жыл бойы төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг және бақылау жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің үздіксіздігі коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу жүргізілді. Резервтік орталықтың жұмысын қолдау мақсатында жыл бойы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне және керісінше негізгі серверге аудару жұмыстары екі рет (2014 жылғы 16 мамырдан бастап 2014 жылғы 23 мамыр аралығында және 2014 жылғы 17 қазаннан бастап 2014 жылғы 24 қазан аралығында) жүргізілді. Жылдың қорытындысы бойынша төлем жүйелерін резервтік орталықтың негізгі серверіне көшіруді талап еткен төтенше жағдайлар (іркілістер) байқалған жоқ.

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі 63,4%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш кемінде 37%.

2015 жылы қойылған мақсатты индикаторға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді барынша азайту, қазіргі заманғы технологияларды қолдану негізінде бөлшек қолма-қол жасалмайтын төлемдерді дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады.

4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 95)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2014-2015 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша жыл қорытындысы бойынша 108 орынды иеленді.



Қол жеткізілмеу себептері:

Рейтингтегі төмендеу басқа елдермен рейтингінде өз позицияларының жақсаруы аясында Қазақстанның банк секторындағы жұмыс істемейтін қарыздармен оңай емес жағдайдың сақталуымен түсіндіріледі.


4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау

Іс-шара: Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 37-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдама әзірленді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (25% төмен емес)

2014 жылғы банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 12 106,1 млрд. теңгені құрап, 7,2%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8 565,5 млрд. теңгеге дейін 7,9%-ға өсті, шетел валютасында - 3 540,6 млрд. теңгеге дейін 5,5%-ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсандағы 70,3%-бен салыстырғанда, 2014 жылғы желтоқсанда 70,8%-ға дейін өсті.

Ұзақмерзімді кредиттеу 2014 жылғы 9 608,6 млрд. теңгені құрап 4,9%-ға өсті, қысқамерзімді – 2 497,5 млрд. теңгеге дейін 17,2%-ға өсті. Нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда 81,1%-дан 79,4%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2014 жылы 8 091,3 млрд. теңге болып, 5,6%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 4 014,8 млрд. теңгеге дейін 10,7%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда 32,1%-дан 33,2%-ға дейін өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2014 жыл ішінде 1 787,8 млрд. теңгеге дейін 39,3%-ға артты, ол экономикаға берілген кредиттің жалпы көлемінің 14,8% құрайды (2013 жылғы желтоқсанда – 11,4%).

Салалық бөліністерде банктердің экономикаға берген кредиттерінің айтарлықтай сомасы саудаға - 20,0% (2013 жылғы желтоқсанда – 19,5%), өнеркәсіпке – 11,3% (11,4%), құрылысқа – 9,4% (12,3%), ауыл шаруашылығына – 4,0% (3,3%) тиесілі.

2014 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақының мөлшерлемесі 14,4% (2013 жылғы желтоқсанда – 10,0%), жеке тұлғаларға – 18,7 % (20,3%) құрады.



Іс-шара: Кредит нарығының өлшемдерін зерделеуді жүргізу

Банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» зерттеу жүргізуі банктер ұсынған ақпаратты талқылай отырып, сауалнама және банктің жауапты қызметкерлерінен сұхбат алу нысанында өткізіледі. 2014 жылы 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері ҚРҰБ басшылығына берілді және ҚРҰБ интернет-ресурсында жарияланды (2014 жылғы ақпан, мамыр, тамыз, қараша).

Банктердің кредит нарығының сапалы өлшемдері бойынша тексеру қорытындылары бойынша 2014 жылы банктер теңгелік өтімділіктің тапшылығы аясында қатаң кредиттік саясатты ұстанды, бұл өз кезегінде кредит нарығының өсуін тежеді. Жалпы алғанда ағымдағы экономикалық конъюнктура банктердің қарыз алушылардың жеке тәуекелдерін қайта бағалауына ықпал етті, бұл қарыз алушыларды кредиттеу кезінде жоғары талаптарды сақтаудан байқалды. Кредит нарығы сондай-ақ қарыз алушылар тарапынан төлем қабілеттілігі сұранысының төмендеуімен, сол сияқты қорландыру тапшылығының банктердің кредиттік белсенділігіне шектеулі ықпалымен сипатталады. Тұтастай алғанда банктердің бағалауы бойынша банк секторындағы кредиттеудің айқын өсуі нарықта қолжетімді өтімділіктің көлеміне және банктердің несие портфелінің сапасын қалпына келтіру жылдамдығына байланысты болады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі (кемінде 10%)

Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 22,9% болды, бұл жоспарда белгіленген мақсатты деңгейге сәйкес келеді.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Жұмыс істемейтін қарыздардың ЕДБ портфеліндегі үлесі (кемінде 30%)

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк жүйесі бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың (90 күннен аса мерзімі өткен қарыздар) деңгейі 23,5%-ды (3 340,4 млрд. теңгені) құрады, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,2%-ға төмендеді. Абсолюттік көрсетуде жұмыс істемейтін қарыздар 19,7%-ға немесе 817,8 млрд. теңгеге төмендеді. Төмендеу басым түрде:

– екінші деңгейдегі банктердің, әсіресе «ескі жұмыс істемейтін қарыздардың» елеулі көлемі бар ірі банктердің жұмыс істемейтін қарыздарға қатысты (мерзімі өткен қарыздарды азайту бойынша қызметті бағалау және бақылау комиссиясының қызметі шеңберінде) белсенді саясат жүргізуі;

– басым түрде шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу есебінен, несие портфелінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Осылайша, тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне толық қол жеткізілді.

Іс-шара: Стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымдарға (ПКҚ және КАБҰ) екінші деңгейдегі банктердің проблемалық активтерін берудің мониторингі

ҚРҰБ 2014 жылы мынадай іс-шаралар жүргізді:



  • «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың екінші деңгейдегі банк –термен ынтымақтастық тетігін кеңейту мақсатында ҚРҰБ Басқармасы 2014 жылғы 27 мамырда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың жұмыс істеу тұжырымдамасын қабылдады;

  • Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп

  • 2014 жылы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту бойынша іс-шараларды жүргізді (бөлінген қаражатты аудару бойынша іс-шара 2014 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінде аяқталды);

  • Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-пен бірлесіп нысаналы топқа кіретін банктермен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-қа берілетін активтер мен олардың көлемін анықтау мәселелері бойынша, активтерді беру бойынша операцияларды жүргізу кезінде рәсімдік мәселелерді талқылау бойынша іс-шаралар жүргізді.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге күмәнді және үмітсіз активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарды құруға 8 рұқсат берді. Екінші деңгейдегі банктер ҚАБҰ-ға нақты берген/сатқан активтердің жалпы сомасы 110,3 млрд. теңгені құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа, оның ішінде техникалық дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2014 жылы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банк секторына стресс-тест жүргізу

2014 жылы Ұлттық Банк 4 стресс тест жүргізді:



  • Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы ақпан-наурызда ҚРҰБ ХВҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының қаржылық орнықтылығын бағалау» (FSAP) бағдарламасы шеңберінде мынадай стресс-тест жүргізді:

  1. top-down форматында банк секторының төлем қабілеттілігін бағалау бойынша стресс-тест жүргізу, мұнда тестіден негізгі өткізілетін тәуекелдер – кредит және нарық тәуекелі;

2) екінші деңгейдегі банктердің LCR (Liquidity Coverage Ratio) өтімділік нормативтерін орындау мүмкіндігін айқындайтын bottom-up форматындағы өтімділік тәуекеліне стресс-тест жүргізу;

Түпкілікті нәтижелер ХВҚ қорытынды есебінде көрсетілген.



  • Ресей Федерациясына қатысты қабылданған санкцияларға байланысты осы елдің экономикалық жағдайы өзгеруінің Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуына ықпалын бағалау мақсатында 2014 жылғы қазан-қарашада 2014 жылғы 30.09. жағдай бойынша деректер мен сценарийлерге негізделген жеті банк бойынша «Bottom-Up» форматында стресс-тест жүргізілді;

Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2014 жылғы есебін дайындау шеңберінде 2014 жылғы қараша –желтоқсанда «Top-down» форматында стресс-тест жүргізілді, нәтижелері ҚРҰБ басшылығына жіберілді және 2015 жылы «Bottom-up» форматында стресс-тест жүргізу туралы хабарлау үшін банктердің тізімі жасалды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Банктік емес қаржы ұйымдары секторының шоғырлануы» көрсеткіші

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржы жүйесінің жиынтық активтеріндегі басқа қаржы корпорациялары активтерінің үлесі 25%-ды құрады13. Осылайша, тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне толық қол жеткізілді.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бес ірі банктің банк секторының активтеріндегі үлесі (55%)

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 38 банк бар.

Бес ірі банктің («Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ) үлесі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 52,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіш нарық конъюнктурасына байланысты. Бұл көрсеткішке ықпал ету Ұлттық Банктің құзыретіне жатпайды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (10%)

ҚРҰБ-ның 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – Қор) жарғылық капиталын 10%-ға дейін ұлғайту жоспарланған.

Тармақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ««Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 165 қаулысымен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ««Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 165 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 195 қаулысымен орындалды.

Қордың жарғылық капиталы он алты миллиард бір жүз бес миллион теңге (Қордың жарғылық капиталының 10%-ы) сомасына толықтырылды.

Қордың жарғылық капиталын ұлғайту қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпыәлемдік қадағалау стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Дағдарысты жағдайларды болдырмауға ықпал ететін тәуекелдерді бағалауға негізделген банктердің қаржылық орнықтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін банк секторын реттеу мен қадағалау жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикатор: Банк жүйесіндегі CAELS ≤3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі (кемінде 30%)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті Төрағасының 2012 жылғы 3 қазандағы № 142 бұйрығымен бекітілген CAMELS жүйесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің рейтингін айқындау жөніндегі нұсқаулықта CAELS бойынша жиынтық рейтинг беру көзделмеген.

Осыған байланысты CAELS-тің әрбір құрамдас бөлігі бойынша бөле отырып, 2014 жылғы 1 қазандағы жағдайдағы рейтингтер бойынша ақпарат береміз:





C

A

E

L

S

≤ 3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктер саны

20

26

29

31

36

≤ 3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің банк жүйесіндегі үлесі

53%

68%

76%

82%

95%


5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ-дегі тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру, ЕДБ-нің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қарыз қаражатын алудың оңайлығы» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 61)

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес 2014-2015 жылдардағы кезеңде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2014 жылы 43-орын алды.


Банктердің заңнаманы бұзу саны

2014 жылы ҚРҰБ (Банктік қадағалау департаменті) заңнаманы бұзғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қатысты шамамен 100 (жүз) шектеулі ықпал ету шарасын қолданды.

2014 жылғы 1 қаңтар – 2015 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде банк секторының субъектілерін қашықтықтан қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша банктерге, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларына қатысты айыппұл салу түрінде 20 санкция қолданылды. Банктерден, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларына өндіріп алынған соманың жалпы мөлшері 7 019 080 теңгені құрады.

Лицензияны тоқтата тұру түріндегі санкциялар мына 5 банкке қатысты қолданылды:

1) «Қазақстан Зиират-Интернешнл Банк» АҚ ЕБ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысы);

2) «Казкоммерцбанк» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 80 қаулысы);

3) «Цеснабанк» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысы);

4) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 82 қаулысы);

5) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзғаны үшін ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысы).


: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет