Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Павлодар қаласында «Жеңіс жолымен» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды



жүктеу 18.28 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі18.28 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Павлодар қаласында «Жеңіс жолымен» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды
2015 жылдың 15-ші сәуірі күні Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының«Жеңіс жолымен» атты тарихи-құжаттық көрмесінің тұсаукесері болды. Шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры – Н. Т. Ержанов, даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор – А. А. Ақышев, университет факультеттерінің декандары, оқытушылары, студенттері және Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері қатысты.
Көрменің салтанатты ашылу жиынында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетініңдаму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор А. А. Ақышев, соғыс және еңбек ардагерлері және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы Қасенов Б. Ә. сөз сөйледі.
Құжаттық көрменің Павлодар қаласынан бастау алуы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті басшылығының ҚазақстанРеспубликасы Президентінің Мұрағатына университет қабырғасында Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында құжаттық көрме ұйымдастыру туралы өтінішінен еді.
Шарада Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы Қасенов Б. Ә. мен бас сарапшы Әшенова Д. С. көрменің басты ұйымдастырушылар ретінде қатысты.
Көрмеде республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының барлық салаларының әскери қалыпқа ауыстырылғанын көрсететін құжаттар: қаулылар, хаттамалар, ақпараттық анықтамалар, мобилизациялау бойынша тізімдер, әскери құрамдарды жасақтау туралы және олардың жаугерлік іс-қимылдарға қатысуы туралы, қазақстандық-батырлар туралы құжаттар орын алды. Майдангерлерді мәдени шаралармен қамтамасыз ету бойынша құжаттар – концерттік бригадалар мен Өнер ісі бойынша басқарманың жұмыстары туралы, көркем әдебиет пен саяси-бұқаралық, мерзімді басылымдардың жеткізілуі туралы құжаттар көрсетілген. Сонымен қатар көрмеге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханасынан Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар қойылды.
Жиында соғыс және еңбек ардагерлері де сөз алып, естеліктерімен бөлісті. Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы Қасенов Б. Ә. көрме құжаттарының мазмұнымен жұртшылықты таныстырды және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарына көрменің басты ерекшеліктері жөнінде баяндады.

СМОТРИТЕ ТАКЖЕ



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет