Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы, жиырма жылдың көлемінде көптеген жетістіктерге жетіп, қарқынды даму жолына түсті. Еліміздің экономикасын дамыту жолында түрлі қадамдар жасалуда



жүктеу 43.71 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі43.71 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы, жиырма жылдың көлемінде көптеген жетістіктерге жетіп, қарқынды даму жолына түсті. Еліміздің экономикасын дамыту жолында түрлі қадамдар жасалуда. Дегенмен экономиканың ең маңызды бөліктерінің бірі – қаржы нарығы, соның ішінде биржа нарығында жаңашылдықтар мен оны дамыту шаралары жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бірқатар шетел мемлекеттерінің биржа нарығы сол елдің экономикасының негізіне айналған, халқының экономикалық және қаржылық сауаттылықтары жоғары деңгейде, олардың биржа нарығы жайлы жалпы түсінігі қалыптасқан. Қазақстанда қор биржасы жаңаша даму жолына түссе де, халықтың биржа нарығы жайлы түсінігі жоқтың қасы. Қазақстан Республикасындағы биржа нарығының дамуына кедергі келтіретін біршама факторларды атап өтуге болады. Олардың қатарына эмитенттердің қаржылық есептілігінің жеткілікті деңгейде дамымауы, компанияларда өздері туралы ақпаратты шамадан тыс құпия ұстауы, сонымен қатар, ұйымдастырылған нарыққа шығумен тікелей байланысты айтарлықтай кедергілерді жатқызуға болады.

Қаржы нарығы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономика дамуының алғашқы 10-15 жылында кәсіпорынды қаржыландыру негізінен қарыздық сипатта болады. Тек одан кейінгі кезеңнен бастап акцияларды орналастыру арқылы үлестік қаржыландыру белең алады.Осыған ұқсас жағдай Қазақстан қор нарығында да көрініс табуда.

Сондай-ақ,Қазақстандағы акция нарығының қарыздық қаржы құралдары нарығынан артта қалуының тағы бір себебі оның қатысушыларының дәл осы нарыққа сенімділігінің төмендігі болып табылады.Дамудың осы кезеңінде эмитенттер де, инвесторлар да нарық сегменттерінің сапасына сенімсіздікпен қарайды. Бірінші жағынан, эмитенттер тарапынан инвесторлардың қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етілмеуі, екіншіден компаниялардың дивидендтік саясатының айқын болмауы инвесторлардың аталған нарыққа деген қызығушылығын азайтады. Ақпараттардың мөлдір болуы нарықтың тиімді жұмыс істеуінінің кілті және қаржылық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда трансфер-агенттер жүйесі дамымаған. Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының есептеу-техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып «ҚазПочта» АҚ базасында жалпыреспубликалық трансфер-агенттік жүйе қызметін қамтамасыз ету туралы мәселе бірнеше жыл бұрын көтерілгенін атап өту керек.

Қаржы нарығын дамыту, қаржылық институттар саны мен түрін көбейту шаралары бойынша, халықтың жинақтарын бағалы қағаздар нарығына тарту жоспарлары бойынша «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарды жетілдіру жолымен инвесторларды құқығын қорғауды арттыру қажеттілігі туындайды.

Қазақстандағы нарықтық жүйенің қарқынды дамуы еліміздегі институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіруге әкелді. Дегенмен, әр саланың өзіне тән болып келетін шешуші проблемалары бар. Сол сияқты институционалды инвесторлардың алдында бірқатар мәселелер туындап отыр.

Ең негізгі мәселелердің бірі өтімді, әрі сапалы қаржылық құралдардың жетіспеушілігі болып табылады. Соңғы жылдардағы жалпы экономикалық өсудің негізінде жұмысбастылық жағдайларының жақсаруына орай, зейнетақы, сақтандыру жинақтарының еселеп өсуіне мүмкіндік туындады. Соған байланысты зейнетақы, сақтандыру жинақтарын орналастыру жағдайын оңтайландыру қажет.

Соңғы кездері бірқатар мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздарын қор нарығына шығарғанымен, бұл қаржылық құралдардың жетіспеушілік жағдайын жоя алмайды. Сонымен бірге отандық қор нарығындағы институционалды инвесторлардың активтері инвестицияланатын бағалы қағаздардың табыстылығының сенімді, әрі өтімді бағалы қағаздар жетіспеушілігі жағдайында төмендеу үрдісі байқалады. Соған байланысты ұлттық валютада еркін қаражаттардың көп бөлігін Қазақстан институционалды инвесторлардың әртараптанбаған портфелін құру арқылы инвестициялап жатыр. Оның негізгі бөлігін табыстылығы төмен мемлекеттік бағалы қағаздар алады, бірақ мемлекеттік бағалы қағаздарды тәуекелдік сипатынан қарастырсақ, олар ең тартымды қаржылық құрал болып саналады.

Қаржылық құралдардың жетіспеушілігіне үлестік (акция) бағалы қағаздар нарығының белсенділігінің төмендігі мен Қазақстан компанияларының капитализациялануының төмен қарқынмен өсуі әсерін тигізіп отыр. Ел экономикасында акция нарығының рөлі төмен. Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі өндірісті модернизациялау үдерісін жүргізуде қаржы тартудың көзі ретінде бағалы қағаздар нарығының артықшылығы өз деңгейінде бағаланбай отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін инвесторлар талғамына сәйкес портфель құрылымын оңтайландыруға портфельдік инвестициялаудың экономикалық математикалық әдістерін қолдану қажет.

Кез келген салаға инвестиция салар алдында инвестордың сол саланың құрылымы мен қатысушылары туралы ақпаратқа қанық болуының маңызы жоғары. Осы орайда интернет торабында Қазақстанның инвестициялық қорлар нарығының барлық қатысушыларына арналған «Іnvestfunds» деп аталатын ақпараттық сервердің жұмыс істеп келе жатқанына да бірнеше жыл болды. Аталмыш сайтта инвестициялық қорлар мен басқарушы компаниялардың тізімдері, қорлардың табыстылығы мен активтерінің көлемі бойынша рейтингтері, бағалы қағаздардың бағасы мен сатып алу жолдары, сондай-ақ қор рыногындағы соңғы жаңалықтар мен сараптамалар көрсетілген. Сондағы мәліметтерге сүйене отырып, басқарушы компанияның басқару стратегиясымен танысып және өзінің тәуекел деңгейін айқындап, кез келген жеке инвестор өзі шешім қабылдауы тиіс.


Қазақстан капитал нарығының әлсіздігі бір жағынан экономикадағы капиталдың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Қазақстандағы жалпы жинақ көлемі жоғары деңгейде, алайда даму үшін капиталдандырылған жинақ маңызды рөл атқарады. Капиталға деген сұраныстың әлсіз болуы және сәйкесінше жинақтаудың төмен деңгейі қаржы нарығының қызмет етуіне қажетті толыққанды экономикалық базаның қалыптасуына кері әсерін тигізері анық.

Биржа нарығы дамуындағы және жалпы қаржы секторындағы мәселелерді шешу үшін біршама уақытты қажет ететін жүйелі шаралар атқарылуы керек.

Республика экономикасына ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін ақпараттық айқындылықтың жоғары деңгейін, баға орнатудағы әділдік пен тазалықты, инвесторларды қорғауды ұамтамасыз ететін барынша тиімді қор нарығына көшу қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Б.Ж.Ермекбаева, А.Ж.Тұрлыбекова «Бағалы қағаздар нарығы», Оқу құралы, Алматы 2009ж.;

2. www.kase.kz Қазақстан қор биржасының сайты;

3. Додонов В. Ю. Портфельный менеджмент на развивающихся фондовых рынках. – Алматы, 2003г.;



4. Батунин М. Соотношение фондового рынка и рынка ценных бумаг/Хозяйство и право. 1996. №5.

5. Нарықтық экономиканың орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: ҚазмемҒАҒЗУ, 2001. 400 б.;



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет