Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы



жүктеу 68.83 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі68.83 Kb.
: npakz -> pronts -> doc
npakz -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
npakz -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
npakz -> Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
npakz -> Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
npakz -> Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес отырысының хаттамасы
npakz -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ғылыми-техникалық кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 8 2010 жылғы 30 шілде
Төрағалық етуші: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

вице-министрі Петров В.В.


Қатысушылар: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес

мүшелері (тізім бойынша)

2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрлігінің ОА құрылымдық бөліністерінің,

ведомостволары, бағынысты ұйымдардың

басшылары мен мамандары (тізім бойынша);

3) Мүдделі ұйымдардан шақырылғандар (тізім

бойынша)

СҰЙЫҚ КӨМІРСУТЕК ӨРТТЕРІН СӨНДІРУ БОЙЫНША ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУЛАР КЕШЕНІМЕН ІРІ МАСШТАБТЫ ОТТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Петров В., Ғаббасов С., Әубәкіров С., Баймұханбетов Б., Шәріпханов С., Евтушенко К., Әмірғалинов С., Жұмағалиев Р., Өзбеков Н.
Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласындағы тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2010-2014 жылдарға Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарын тиімді жүзеге асыру мақсатында, Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) ШЕШТІ:

1. Министрліктің ОА құрылымдық бөліністерінің, ведомостволары, бағынысты ұйымдардың басшыларының, сондай-ақ мүдделі ұйымдар өкілдерінің мынадай сұрақтар бойынша ұсынған есептері мен баяндамалары мәліметке алынсын:

1.1. сұйық көмірсутек өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқулар кешенімен ірі масштабты отты зерттеулер нәтижелері;

1.2. Министрліктің ҒТК 2009 жылғы 18 ақпанда берілген тапсырмасының орындалу есебі;

1.3. Министрліктің 2011-2013 жылдарға бюджеттік өтінімдер жобасына сәйкес «Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеулер» 009 Бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылу жоспарланатын ғылыми-зерттеу жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗЖ) тақырыптары;

1.4. 2012-2014 жылдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы анағұрлым өзекті және маңызды мәселелер бойынша болашақты ҒЗЖ жоспарының жобасы (бұдан әрі – ҒЗЖ Жоспарының жобасы);

1.5. құтқарушыларды оқыту мен дайындау бойынша 4 деңгейлі бағдарламаның жинағы жобасы;

1.6. авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған «Циклоп» командалық-штабтық кешені және әмбебап өзі жүретін амфибии;

2. Министрліктің ӨҚМ (Әубәкіров С.Г.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:

2.1. сұйық көмірсутектерді сақтау объектілерінде ірі масштабты өрттер сұрақтары бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыру;

2.2. екі апталық мерзімде Чехия Республикасы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін зерделеу негізінде Министрліктің 2012-2014 жылдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы анағұрлым өзекті және маңызды мәселелер бойынша болашақты ҒЗЖ жоспарына енгізу үшін «Қазақстан Республикасы елді мекендерінде өрт жағдайы талдамасы, халықтың саны, қауіпті өндірістердің болуы, табиғи сипаттағы басқа қауіпті факторларға тартылу деңгейі негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру үшін критерийлер анықтау» тақырыбында ақпараттық-талдама материалдарын дайындау;

2.3. екі айлық мерзімде жүргізілген от зерттеулері нәтижелері бойынша өртке қарсы қауіпсіздік саласында нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттарға қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша белгіленген тәртіпте, Министрліктің мүдделі құрылымдық бөліністерімен келісілген Жоспар жобасын дайындау және бекіту;

2.4. ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы мұнай газ кешені объектілерінде өртті сөндіруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасын дайындау және оны Министрліктің ҒТК қарау үшін ұсыну;

3. Министрліктің КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.) және ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:

бір айлық мерзімде өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ҒЗЖ жүргізу бойынша бірлескен шаралар Жоспарын өңдеп әрекет етсін;

4. Министрліктің МАжПҚБ (Садықов А.А.), МАО ММ (Ысқақов Е.С.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.) басшылары:

4.1 Министрдің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 80 бұйрығымен бекітілген ҒЗЖ ұйымдастыру мен жүргізу ережесінің 2010 жылы жүргізілген ҒЗЖ орындау туралы аралық есептерді ұсынуға қатысты талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін;

4.2 бір айлық мерзімде 2010 жылғы ҒЗЖ нәтижелерін енгізу бойынша кесте жобасын өңдеу және оны Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаменттерінің (бұдан әрі - СЖД) қарауына енгізсін.

4.3 ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін СЖД-ке Министрлік бөліністерінің өндірісі мен қызметіне 2009 жылы аяқталған ҒЗЖ нәтижелерін Қазақстан Республикасы ғылым саласындағы заңнамасына сәйкес ресімделген қажетті құжаттарды қоса, тәжірибелік енгізу туралы есеп ұсынсын;



5. Министрліктің ТЖД (Майлыбаев А.М.), ТЖД (Сатылғанов Д.Д.) және «Өрт сөндіруші» АҚ (Кан В.П.) басшылары:

5.1 Министрліктің ҒТК ағымдағы жылғы 18 ақпандағы отырысының № 7 Хаттамасының 4-тармағының орындалуы, яғни төтенше әсер ету саласында алдыңғы қатарлы шет елдерде озық технологияны пайдалану талдамасын ұсыну толық бақыланбағандығы көрсетілсін;

5.2. бір айлық мерзімде СДЖ-ге жоғарыда аталған ақпаратты ұсыну;

6. Министрліктің ТЖД (Майлыбаев А.М.), «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.) басшылары:

- бір айлық мерзімде осы ҒТК отырысында айтылған ескертулерді, толықтырылулар мен ұсыныстарды есепке алумен 2011-2013 жылдарға ҒЗЖ кезеңдерін жүргізу мерзімдерін оңтайландыру бөлігінде қажетті өзгерістер енгізу;

7. Министрліктің ТЖД (Майлыбаев А.М.), «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.) басшылары:

- бір айлық мерзімде 2011 жылы Министрліктің республикалық бюджеттен қаржыландырылу жоспарланатын ҒЗЖ тізбесіне қосу үшін болуы мүмкін селді қатер объектісі ретінде Кіші Алматы өзені бассейінінде № 6 көл бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу бойынша нақты ұсыныстар енгізу.



8. Министрліктің СДЖ (Ғаббасов С.Г.), ҚҚД (Бажкенова Ә.М), «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.) басшылары:

ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін халықты, объектілерді және аумақты табиғи апаттан, авариядан және зілзаладан сақтаудың кешенді ғылыми негіздерін жетілдіру мақсатында Министрлік басшылығына «Қазселқорғау» ММ сел мәселелері бөлімінің «Ауа райы» ҒӨК құрылымына қосу қажеттілігіне қатысты қажетті ұсыныстар дайындау.

9. Министрліктің ТЖ ж ӨҚ МБК (Ахметов С.Б), «ҰҒЗО» РМК Әмірғалинов С Т, «ҰҒЗО» РМК «ҚазТӨЖҚҒЗИ» ЕМК (Әкімбеков А.К.) басшылары:

- бір айлық мерзімде Министрлік басшылығы мен СЖД-ға «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» базасында ағымдағы жылдың қазан айында Қарағанды аймағының өндіру компанияларының қатысуымен кен өндіру және көмір өнеркәсібінде ТЖ алдын алу мен таратудың өзекті мәселелері бойынша Министрліктің ҒТК көшпелі отырысын өткізуге қатысты қажетті материалдар ұсынсын.



10. Министрліктің ӨҚК (Әубәкіров С.Г.), КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.) басшылары:

екі ай мерзімде Министрлік басшылығы мен СЖД-ға КТИ ММ (Көкшетау қ.) базасында КТИ ММ 2012-2014 жылдарға жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдерін шақырумен ҒЗЖ болашақты жоспарын қарау сұрақтары бойынша Министрліктің ҒТК көшпелі отырысын өткізуге қатысты қажетті материалдар ұсынсын.

11. Министрліктің ТЖД директоры (Сатылғанов Д.Д.)

бір ай мерзімде:

11.1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларды оқыту мен дайындау бойынша 4 деңгейлі бағдарламасының жинағы жобасына Министрліктің ҒТК отырысынында айтылған ескерту, толықтыру мен ұсыныстарды есепке алумен, қажетті толықтырулар мен өзгертулер енгізу;

11.2 аталған Жинақ жобасын Министрлік ОА барлық құрылымдық бөліністерімен келісіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте бекітсін.

12. Министрліктің «Қазселқорғау» ММ (Баймолдаев Т.А.), «Қазселқорғау» ММ «Ауа райы» ҒӨК (Өзбеков Н. Б.), КТИ ММ (Сұлтанғалиев А.М.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.) басшылары:

12.1. апталық мерзімде Министрліктің ҒТК ескертулері мен ұсыныстарын есепке алумен Министрліктің 2012-2014 жылдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы анағұрлым өзекті және маңызды мәселелер бойынша болашақты ҒЗЖ тізбесін қайта қарау және СЖД-ға оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы мен Министрліктің ҒТК отырыстарында қарау және бекіту үшін ұсынсын;

12.2 ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне сәйкес 2012-2014 жылдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы анағұрлым өзекті және маңызды мәселелер бойынша болашақты ҒЗЖ тақырыптары бойынша ақпараттық-талдама материалдарын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.

13. Министрліктің АБД (Құндақбаев М.К.), «Есептеу техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайды талдау бойынша орталық» РМК (Чумаков О.Г.) басшылары:

Министрліктің web-сайтында халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи апаттан, зілзаладан, авариядан қорғау саласындағы ғылыми-қолданбалы өңдеулер туралы ақпарат орналастыруды жалғастырсын.



14. Министрлік департаментіне (Ғаббасов С.Ғ):

Министрліктің бағынысты ұйымдарының ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді, сонымен қатар Министрлік басшылығының келісімен Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық органдарының құрылымдық бөліністерін тартумен Министрліктің ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметін мақсатты барып тексеру жүргізуді жалғастырсын.

15. Осы хаттаманың шараларын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-на Министрліктің СЖД ұсынылсын.

16. Осы хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



17. Осы хаттаманың орындалуын өзім бақылаймын.

Вице-министр В. Петров



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет