Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет1/16
Дата31.03.2016
өлшемі3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ

КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер тілдер және психологиялық дайындық кафедрасы


ІС ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ ПӘНІ БОЙЫНША

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тексерген: __________________ Орындаған:__________________

Көкшетау, 2011
I Нұсқа

1 Тапсырма.

а) Анықта оның түрлері

ә) Қолхаттың үлгісін жазыңыз.


2 Тапсырма.

а) Стиль оның түрлеріне тоқталыңыз. Іс қағаздар стиліне анықтама беріңіз

ә) Өмірбаян оның жазылу ерекшеліктері
3 Тапсырма.

а) Бұйрық дегеніміз не? Бұйрықты шығаруға кім құқылы

ә) Хабарлама хатына анықтама баріңіз. Ол қандай жағдайларда жазылады.

АНЫҚТАМА
Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтама не үшін беріледі ?

  2. Онын құрылымы қандай болады ?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.



Грамматикалық минимум

Ырықсыз етіс -ыл, -іл, - л

жұрнақтары: -ын, -ін, - н

Мысалы: Анықтама азамат А. Құмаровқа берілді.

Анықтама оқу бөлімінен алынды.

3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды.

2. Бүгін 150 анықтама берілді.

3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды.

4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды.

5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.


4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз

Анықтама № 34/1

2 мамыр 2006 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде.


Мөр орны

Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова


5-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтамалар кімге берілген ?

  2. Не үшін берілген ?

  3. Қайда тапсыру үшін берілген ?

6. Анықтама кімнің атынан берілген ?
6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.


7-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Анықтама

Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды. Анықтама Ғылым Академиясы берілді.

Оқу бөлімі бастығы А. Назарова
8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.


  1. Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау
    үшін әскери комиссариатқа керек.

  2. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй,12-пәтер.

  3. Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фа-
    раби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс)
    оқитынын растау үшін керек.


ҚОЛХАТ
Қолхат — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қолхат — қандай құжат ?

  2. Қолхатта қолхат беруші мен колхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс ?

  3. Қолхат неше дана етіп жасалады ?

  4. Олар кімде сақталады ?


2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз.
ҚОЛХАТ

Алматы қаласы, 2007 жылғы он төртінші қазан

(қолхат берілген орын мен мерзімі /дата / қолмен жазылады)

Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Алматы қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің № 88855214, Алматы қаласы Құрманғазы көшесі, 56-үй, 21-пәтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің № 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;

— мекен - жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Осы қолхат үш дана етіп жасалған, бір данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Қанатұлында сақталады.

2006 жылғы 14 қазан _____________ тараптардың қолы


3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхат беруші кім ? _______________________

2. Қолхат алушы кім ? _______________________

3. Қолхат беруші қанша теңге алған ? __________

4. Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? ______

5. Қолхат неше дана етіп жасалған ? ___________


4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.


5-жаттығу. Қолхат үлгісімен танысыңыз.

Қолхат

Мен, Жазықова Дариға, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2007-2008 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.


Қазақстан Республикасының ІІМ 2006 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032

Жазықова Дариға 11.01. 2007ж.


6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.

  1. Қолхат беруші кім ?

  2. Ол қайда жұмыс істейді ?

  3. Ол кітапханадан қандай оқулықтар алған ?

  4. Оқулықтарды қашан қайтаруға міндеттенеді ?


7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

  1. Жасалған 2006 жылы келісімшартқа сәйкес төлеп тұруға пайыз міндеттенемін.

  2. Міндеттенемін 2006 жылы жасалған сәйкес келісім- шартқа пайыз төлеп тұруға.

  3. 2006 жылы жасалған келісімшартқа сәйкес, пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.

  4. Келісімшартқа сәйкес, 2006 жылы жасалған пайыз төлеп тұруға міндеттенемін.


8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз

1. Қарызға ақша алу



  1. Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

  2. Мекеме бухгалтериясынан (есеп бөлімінен) несие алу


Іс қағаздарының стилі.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағазадарын жазу – жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:

1.Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан “Тез арада орындаңыз”, “Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз” “Қысқа мерзімде жауап беріңіз” деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін “Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын” деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе “Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын” деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.

3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез–келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.

4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, я қызметкердің өтінішін я болмаса тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе хатты бірден “Ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес” деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмаса істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.

5. Егер өтініштің, я тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап кеткеннің артықтығы жоқ.

6. Сізге, я сіздің мекемеңізге келіп түскен қызметтік құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтергенде, я қоластыңызда істейтін қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де ойлау керек.

7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.

8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.

9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.

10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.

11. Іс қағазадарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.

12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.

13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.

14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.

15. Сөйлемнің баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)

Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:



  1. Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:

- Ақпанның 20 – сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.

- Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.

- ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.

- ... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.

- ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.


  1. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

- ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.

- ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...



  • ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...

  • ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...

  • ... алдын – ала қол жеткізген келісімге сәйкес.

  • Сіздің талабыңызға орай...

  • ... қарамастан әлі де орын алып отыр.

  • ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...

  1. Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:

  • Менің мекен – жайыма жолдауыңызды сұраймын.

  • Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.

  • Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

  • Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар

  • мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.

  • ... анықтауыңызды сұраймыз.

  • ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.

  1. Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар:

  • ... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.

  • ... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...

  • ... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.

  1. Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:

  • Іске қосылсын.

  • Жарамсыз деп табылсын.

  • Жауапты адам тағайындалсын.

  • Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты–жөні) – оқытушыға жүктелсін.

  • Мәселені қарау (аты –жөні) – оқытушыға тапсырылсын.

  • Шара қолданылсын.

  • Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.

  • ... жолға қойылсын.

  • Бақылауға алынсын.

  • Өзгерістер енгізілсін.

  • Жол берілмесін.

  1. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:

  • Қатысты мәлімет қолма – қол жіберіледі.

  • Құжаттар сіздің мекен – жайыңызға жіберіледі.

  • Шара қолданылуда.

  • Мәліметтер құпия сақталады.

  • Орын алған кемшіліктер жойылды.

  • ... қосымша қаржы бөлінді.

  • ... байланысты іс – шаралар өткізу жоспарланып отыр.

- қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

  • қысқа мерзімде ұйымдастырылады.

  • Күнделікті қатаң бақылау қойылады.

  1. Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:

  • ... туралы сізді хабардар етеміз.

  • ... ұйым хабарлайды.

  • ... сізге хабарлаймын.

  • ... туралы сізге мәлімет жеткіземін.

  • ... туралы баяндаймын.

  • ... туралы мәлімдеймін.

  1. Қалыптасқан құрылымдар:

  • көмек көрсету.

  • тексеріс жүргізу.

  • тез арада хабарлаңыз.

  • қажетті жағдай жасаңыз.

  • ұсыныс қабылданды.

  • жөнелтуге дайындаңыз.

  • шешім қабылдаңыз

  • ақпарат беріңіз.

  • қоғамдық пікір.

  1. Тәуліктің қай уақыты екендігі құжаттың кез – келген түрінде 24 сағаттық уақыт өлшемімен көрсетілуі керек. Қажет болған жағдайда жергілікті уақыт екендігі атап көрсетіледі. Мысалы, жергілікті уақыт бойынша 20 сағат10 минутта.

  2. Мекемеге немесе жеке қызметкерге келіп түскен хатқа жауап қайтарған кезде бірінші жолдың ортасына «Сізден 12. 07. 2006 ж. № 1970 нөмірмен келіп түскен хатқа орай» деп атап көрсетілуі керек.

  3. Ресми қабылданған қаулы я шығарылған жарлық т. б. ресми құжаттардың негізінде, оның орындалу орындалмауы жөнінде немесе сол құжат бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде дайындалған іс қағаздарында немесе ұйым, мекеме басшысы нұсқауларының орындалу барысына орай жазылған іс қағаздарында алғашқы құжат туралы айтылуы керек. Мысылы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 12. 07. 2006 ж. ... туралы шығарылған Жарлығына сәйкес» немесе «Білім және ғылым министрінің 15. 10. 2006 ж. ... жөніндегі нұсқауына сәйкес» т. с. с.


Іс құжаттары – қарым – қатынас жасаудың тәсілі.

Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми – іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет (кітап стильдері) және ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясында құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз адамдарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай – ақ мекемелер мен оқу орындары ішіндегі азаматтар мен оқытушылар арасындағы ресми қатынастар және шаруашылық субъектілерінің арасындағы ресми қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс – құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері.
Ресми іс жүргізу стилі


Дипломатиялық стиль

Заң шығарушы стиль

Күнделікті іс жүргізу стилі

Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым – қатынасындағы міндеттемелерімізбен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару, заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай – ақ моральдық – этикалық ұйғарымдар мен тыймдар негізінде жүргізілгендіктен, басқарушы үшін құқықытық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.

Іскерліқ қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Сондықтан қандайда бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым – қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап етеді.

ӨМІРБАЯН
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Өмірбаян қандай құжат ?

  2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады ?

  3. Өмірбаянды қайда жазады ?

  4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады ?


Грамматикалық минимум
Жедел өткен шақ,

Бұйрық


райлы + - ды, - ді + жіктік жалғауы

етістік - ты, - ті

Мыс: Мен жаздым Мен жазбадым

Сен жаздың Сен жазбадың

Сіз жаздыңыз Сіз жазбадыңыз

Ол жазды Ол жазбады

Біз жаздық Біз жазбадық

Сендер жаздыңдар Сендер жазбадыңдар

Сіздер жаздыңыздар Сіздер жазбадыңыздар

Олар жазды Олар жазбады

Бұрынғы өткен шақ

Бұйрық - ған,- ген

райлы + (- қан,- кен) + жіктік

етістік - ып, - іп,- п жалғауы


Мысалы: Мен жазғанмын Мен жазыппын

Сен жазғансың Сен жазыпсың

Сіз жазғансыз Сіз жазыпсыз

Ол жазған Ол жазыпты

Біз жазғанбыз Біз жазыппыз

Сендер жазғансыңдар Сендер жазыпсыңдар

Сіздер жазғансыздар Сіздер жазыпсыздар

Олар жазған Олар жазыпты




2-жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз

- Сәлеметсіз бе, Марат Ержанұлы ?



  • Қайырлы күн! Кім боласыз ? Қандай шаруамен келдіңіз ?

  • Менің аты-жөнім - Мұқанғалиева Гүлсара Маратқызы. Мен "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісімін. Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін.

  • Иә-иә, есімде. Кездесу сағат үшке белгіленді емес пе? Кіріңіз, отырыныз. Сонымен мен сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?

- Сіздің фирмаңыз және оның жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүр ғой. Бүгін осы фирманың басшысы, негізін қалаушы ретінде өзіңіз туралы әңгімелесуге қалай қарайсыз?

  • Мен қарсы емеспін. Сұраңыз.

  • Жақсы, онда бірінші сауал — сіз қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдіңіз ?

  • Туған жерім — Семей қаласы. Мен 1971 жылдың 15 қазанында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.

  • Қай жерде білім алдыңыз?

№ 12 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласындағы Заң университетіне оқуға түстім. Аталған университетті экономист мамандығы бойынша бітірдім. Сосын 2 жыл аспирантурада оқыдым. 1995 жылы "Қазақстанның сыртқы экономикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

  • Ал еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?

  • Мен алғашқыда өз мамандығым бойынша 2 жыл "Арай" компаниясында жұмыс істедім. Сосын өзімнің жеке фирмамды ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп 1998 жылы "Қазмұнайгаз" фирмасы кұрылды. Содан бері осы фирманың президенті қызметін атқарып келемін.

- Отбасыңыз туралы не айтасыз?

- Әке-шешем — зейнеткерлер. Олар Семей қаласында тұрады. Отбасыммен жиі барып тұрамын. Зайыбым Ұлпан - балалар дәрігері. Үлкен ұлым Азамат 6 сыныпта ал кіші ұлым Бейбіт 4 сыныпта оқиды.

- Адам бойында қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз ?

- Меніңше, кез келген адам адал әрі қайырымды болуға тиіс.

- Тағы бір сұрағым: бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Өзіңіз білесіз ғой, қызмет бабына қарай бос уақыт өте аз. Дегенмен мүмкіндігінше отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Сондай-ақ бильярд ойнағанды жөне жаттығу залына барғанды жақсы көремін.

- Сұхбатыңызға үлкен рахмет. Сау болыңыз.
3-жаттығу. Марат Ержанұлы туралы мәліметтерді кестеге толтырып, сол бойынша әңгімелеңіз

Аты - жөні


Туған жері

Туған күні, жылы, айы

Отбасы жағдайы

Білімі, бітірген оқу орындары

Жұмыс тәжіри-

бесі


Бос уақытында не істейді?

Қандай қасиеттерді бағалайды

Есте сақтаңыз

Туылу Дүние салу

Дүниеге келу Қайтыс болу, Қаза табу, Өлу.
4 – жаттығу. Төмендегі етістіктерді кестеге толтырып жазыңыз

Етістіктер

Жедел өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ

телефон соғу

телефон соқты

Телефон соққан

Кездесу







белгілеу







әңгімелесу







дүниеге келу







оқу







түсу







бітіру







бастау







жұмыс істеу







қорғау







бағалау







өткізу







ойнау







жақсы көру







тырысу






  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет