Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет3/16
Дата31.03.2016
өлшемі3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
: public -> uploads -> kontrolnie zadania
uploads -> ҚҰрамы №165 учаскелік сайлак комиссиясы
uploads -> Государственный стандарт республики казахстан
uploads -> Национальный стандарт республики казахстан
uploads -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
uploads -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015

17-жаттығу. Жағдаяттар бойынша хабарламахат жазыңыз.
1. «Мұнайгаз» фирмасының президенті Ж.Батыровтың атынан "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа келісімшарт бойынша 2006 жылдың 15 наурызына дейін аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталмағаны туралы және егер осы жұмыстар 2006 жылдың 25 наурызына дейін аяқталмаса, сотқа талапарыз беруге мәжбүр болатынды-ғыңыз туралы хабарламахат жазыңыз.

2. «Ардагер» азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың атынан сүт өнімдерін өндіретін «Қайсар» ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (20.04.2006 ж.) «Қайсар» ЖШС сүт өнімдерін күнделікті жеткізіп тұруға міндеттеме ал-ған. Бүл міндеттеме орындалмады. Осыған орай «Ардагер» азық-түлік дүкені 50 мың теңге зиян шекті. Шығынды «Қайсар» ЖШС өтеу керек. Өтемесе, сотқа талапарыз береді.

7. «Қоңырқаз» ЖШС-ның президенті Құрмет Болатұлының атынан "Болашақ" ААҚ-ның президенті Әнуар Асқарбекұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (01.02.2006 ж) «Болашақ» ААҚ әр айдың бірінші күні құстарға арналған жем жеткізуге міндеттеме алған. Келісімшарт талаптары орындалмады. «Қоңырқаз» ЖШС келісімшарттан бас тартады.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.

2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.

3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.

4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.

5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.

6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.

7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.

8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.

9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.

10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.

11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.

12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.

13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.

14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.

15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.

16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.

17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.

18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.

19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.

20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.

21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.

22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.

23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.

24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.

25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.

26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.

27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.

28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.

29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.

30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с

31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.

32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.



II Нұсқа

1 - Тапсырма.

а) Келісім шарт оның түрлеріне анықтама беріңіз.

ә) Жеке тұлғаның жұмыс берушімен еңбек келісім шарты.

2 - тапсырма.

а) Құттықтау хат

ә) Хаттама оның жазылу ережесі.
3 - тапсырма.

а) Түсініктеме қандай жағдайда жазылады.

ә) Анықтама қалай жазылады. Анықтама не үшін қажет.

(Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз)


КЕЛІСІМШАРТ

Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.

Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады. Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Келісімшарт — қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

  1. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?

  1. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

  2. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

  1. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?


2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт

Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 141, екі мың алтыншы


жылғы 24 тамыз

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде тұратын азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 13 ақпанында берген жеке куәлігінің № 444312119, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2002 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:


  1. Мен азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде саттым,
    мен азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, мекенжайындағы 18-пәтерді сатып алдым. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда жасалған сатусатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қаласының лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық кеңсесінде куәландырылған:

- пәтер жалпы пайдалы аумағы 57 шаршы метр 4 бөлмеден түрады;

- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде керсетілген анықтамасы бойынша жүз елу (150 000) мың теңге тұрады;



  1. Мен, азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, көрсетілген пәтерді азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350 000) теңгеге саттым.

  2. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта олған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.

  3. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.

  1. Сатылған пәтерді азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлының беруі және оны азамат Сансызбаев Думан Әскербеұлы
    қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде жүзеге асырылады.




  1. Қолданылып жүрген заңның № ... - бабының мазмұны түсіндірілді.

  2. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы төлейді.

  3. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.

Тараптардың қолы сатушы/

сатып алушы/


Осы келісімшартты 2006 жылғы 25 тамызда мен, Исабеков Аслан Сағиұлы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді. Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.

Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус (қолы)
жекеменшік құқығы бойынша - по праву собственности

сатушыға тиесілі - принадлежащий продавцу

жалпы пайдалы аумағы - общая полезная площадь

ешкімге сатылған жоқ - никому не продан

қарыз өтеу - уплата долгов

менің қатысуым кезінде - в моем присутствии

пәтердің инвентарлық құны — инвентаризациоиная стоимость квартиры

тұтқынға алынған жоқ — под арестом не состоит

беру-алу актісі — передаточный акт

«Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң — закон «О жилищных отношениях»
3-жаттығу. Сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.


  1. Пәтерді сатушы кім ? ..........................

  2. Сатушының мекенжайы қандай ? ............

  3. Сатушының жеке куәлігінің нөмірі қандай ?........

  4. Пәтерді сатып алушы кім ?........................

  5. Сатып алушының мекенжайы қандай ? ...........

  6. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай? ..................

  7. Екі тарап қандай келісімшарт жасасқан? .........

  8. Сатылатын пәтер неше бөлмелі?

  9. Пәтер не бойынша Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі ?

  1. Пәтердің инвентарлық құны қанша ?

  2. Пәтер неше теңгеге сатылған ?

  3. 1996 жылғы жиырма бесінші тамызда а) .........

жасалған келісімшарт бойынша ә)

пәтер туралы қандай мәліметтер б)

көрсетілген ? в)

13. Жақыпов Орал пәтерді пайдалануды неге сәйкес жүргізеді?

14. Осы уақытқа дейін пәтер қандай а)

іс-әрекетте болған жоқ? ә)

б)

в)


15. Пәтерді беру және қабылдап алу қандай акт негізінде жүзеге асырылады ? 16. Қандай заңның бабы түсіндірілді ?

17. Келісімшартты рәсімдеуге байланысты

шығынды кім төлейді ?


  1. Келісімшарт неше дана етіп жасалды ?

  2. Келісімшарт қайда куәландырылады ?

  3. Онда тараптар туралы қандай а)

мәліметтер тексеріледі ? ә)

б)
4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың қолы, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты рәсімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы.
5-жаттығу. Екі тілде берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.


  1. Тұтқынға алынған жоқ.

1. дееспособность сторон

  1. Төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық.

2. указанная квартира принадлежит мне

  1. Көрсетілген пәтер маған тиесілі

3. нижеподписавшиеся

4. Ешкімге сатылған жоқ

4. текст договора прочитан вслух

5.Тараптардың құқықтық іс- әрекетке қабілеттілігі.

5. Заключили настоящий договор о нижеследующем.


  1. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды.

6. никому не продан.

7. Төмеңде қол қоюшылар

7. под арестом не состоит
6-жаттығу. Үлгімен танысыңыз.
Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт
Алматы каласы, Әуезов көшесі, 112-үй,

13 05. 2007 ж., 2003 үшінші жылғы 13 мамыр

Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, 1-ықшам ауданы, 20-үй, 10-пәтерде тұратын азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 10 ақпанда берген жеке куәлігінің № 465346514, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы 102-үйде тұратын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 3 ақпанда берген жеке куәлігінің №100245141 төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:

1. Мен, азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, "жигули" маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі, шығарылған типі, шасси нөмірі, двигатель нөмірі, мемлекеттік нөмірі А 582 КОМ, мен, азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.



  1. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекциясының 1998 жылғы 16 сәуірде берген № 254631 техникалық паспорттың негізінде маған, Бейсебеков Болат Әнетұлына тиесілі.

  2. Автокөлік жүз жетпіс бес мың (175 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  3. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  4. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  5. Осы келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Бейсебеков Болат Әнетұлына, үшінші данасы

Бәйменов Мейрам Қанатұлына берілді.

Тараптардың қолы: сатушы/

сатып алушы/
2007 жылғы 13 мамырда осы келісімшартты мен, Жазықова Шолпан Ахатқызы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 365 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырамын.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 257 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус

(қолы)

7-жаттығу. Сұрақтардың жауабын жазыңыз.

1. Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт қашан жасалған?



  1. Автокөлікті сатушы кім?

  2. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  3. Оның мекенжайы қандай?

  4. Автокөлікті сатып алушы кім?

  5. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  6. Оның мекен-жайы қандай?

  7. Сатылатын автокөліктің маркасы қандай?

  8. Келісімшартта сатылатын а)

автокөлік туралы қандай ә)

мәліметтер көрсетілген? б)

в)

г)


10. Автокөлік ненің негізінде сатушыға тиесілі?

  1. Автокөлік қанша теңгеге сатылған?

  2. Келісімшартта автокөліктің а)

қандай іс-әрекетте болмағаны ә)

көрсетілген? б)



  1. Келісімшарт неше дана етіп жасалған?

  2. Келісімшартты ресімдеудің

шығынын кім төлейді?

15. Келісімшартты куәландырған нотариалдық кеңсенің лицензия нөмірі қандай?

16. Нотариалдық кеңседе а)

Тараптар туралы қандай ә)

мәліметтер тексерілді? б)
8-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 14 қарашада ............. жеке куәлігінің № 123456579. 2. Аталған пәтер ........ құқығы бойынша азамат Мейрам Нұрболатұлына 3. ТИБ-тің ....... бойынша пәтердің құны 9 485150 теңге. 4. Келісімшартты рәсімдеудің ....... азамат Ербол Маратұлы төлейді. 5. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге жоқ, қарыз ....... берілген жоқ, .... алынған жоқ. 6. Тараптардың ............ анықталды, ; тексерілді, пәтердің сатушыға .............. екендігі тексерілді. 7.Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік ........ алынды.

8. Келісімшарт мәтіні оқылды.

9-жаттығу. Өзіңізді тексеріңіз: аударыңыз.

Жеке куәлік, тіркелген мерзімі, қол қою кезінде, шаршы метр, аталған пәтер, төлем сомасы, үйді пайдалану ережелері.



ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

Еңбек келісімі — тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.

Жеке еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшы, ал ұжымдық еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшылар тобы арасында еңбек қатынасын реттейтін ресми құжат. Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

- тұрақты түрде жұмыс істейтіндер

- уақытша жұмыс істейтіндер

- негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер

- қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.

Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл — екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады. Еңбек келісімінде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:

- келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы;

- екі тараптың толық және шартты атауы;

- келісім нысаны;

- еңбек төлемі;

- еңбек жағдайлары;

- келісім мерзімі;

- жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттері мен
кұқықтары

- келісімнің тоқтатылуы

- дауларды шешу;

- қорытынды ережелер және екі тараптың заңды мекенжайлары мен реквизиттері.

Сонымен қатар сынақ мерзімі, біліктілігін көтеру т.б. сол сияқты қосымша шарттар көрсетілуі мүмкін. Еңбек келісімі 2 дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшының қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі - мекемеде, екіншісі жұмысшыда сақталады.

еңбек келісімі трудовое соглашение

ұжымдық — коллективный

келісім нысаны — предмет соглашения

негізгі жұмыс орны — основное место работы

еңбек құқығы қатынастары — трудовые правоотношения

жеке — индвидуальный

қоса атқарушылық — совместительство
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Еңбек келісімі нені реттейді?

  2. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашьшығы неде?

  3. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?

  4. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

  5. Еңбек келісімі неше дана жасалады?

  6. Келісім кімде сақталады?


2 - жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз

Работающие по совместительству, работадатель, оплата труда, обязанности работадателя, права работника, срок соглашения, условия труда, временный работник, основное место.


3-жаттығу. Еңбек келісімінде керсетілуі тиіс негізгі мәліметтерді тол-тырыңыз

Еңбек келісімі ________________________________________________________________________________________________________________________



4-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз

негізгі жағдайлары

жұмыс қойылады

еңбек міндеттері

қоса жұмыс орны

жұмысшының қолы мерзімі

жұмысшының беруші

сынақ атқарушылық


5-жаттығу. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыз.

Еңбек келісімі

Көкшетау қаласы 14. 04. 2006 ж.


Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Зандары негізінде жұмыс істейтін "Дана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі — ЖШС төрағасы Заңғар Ерланұлы, бұдан әрі қарай Жұмыс беруші деп аталады, бір жағынан, Айбар Омарұлы, бұдан әрі қарай Маман деп аталады, екінші жағынан, төмендегі мәселелер туралы осы еңбек келісіміне қол қойды.

1. Келісім нысаны

1.1. Жұмыс беруші Маманды тіркеу бөлімінің менеджер қызметіне қабылдайды.



2. Келісім мерзімі

  1. Осы еңбек келісімі 2006 жылдың "15" ақпанынан 2008 жылдың "15" ақпанына дейін жасалды.

  2. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың келісімімен ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.


3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Маман:

- еңбек туралы заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес осы жеке еңбек келісімін өзгертуге және бұзуға;

- еңбек келісімі бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық мәжілістер мен шараларға қатысуға;

- өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;

- Жұмыс берушінің еңбек келісімі шарттарын орындауын


талап етуге құқылы.

3.2. Маман:

- өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруға;

- еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;

- еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

- жұмыс барысында өзіне мәлім болған, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға міндетті.

3.3. Жұмыс беруші:

- Маманның қызметтік міндеттерін орындауын талап етуге;

- Маманның мүддесіне нұқсан келтірмей, еңбек келісімі бойынша жұмыс барысына өзгерістер енгізуге;

- Маманның жұмысына баға беруге;

- Қолданылып жүрген заңдарға, ішкі еңбек тәртібіне сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға құқылы.

3.4. Жұмыс беруші:



  • Маманға осы келісімге сәйкес қызмет беруге;

  • еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

  • Маманды оның қызметтік міндеттерімен, ішкі еңбек тәртібімен таныстыруға;

- мерзімінде еңбекақы төлеп тұруға;

- еңбек келісімі бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды Маманға дер кезінде хабарлауға;

- еңбек келісімінде көрсетілген мерзімі, сапасы және көлемі бойынша Маманның жұмысын бақылауға;

- еңбек келісімінің орындалу барысына әсер ететін жағдайлар туралы Маманға хабарлауға міндетті.



4. Еңбек төлемі

4.1. Маманға 11 000 (он бір мың) теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет