Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi көрсететiн мемлекеттiк қызмет



бет1/10
Дата03.05.2016
өлшемі3.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi көрсететiн мемлекеттiк қызмет

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.09.26., № 622-630 (27701); "Казахстанская правда" от 26.09.2012 г., № 326-327 (27145-27146); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларацияларын тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасының аумағында iске асырылатын отандық және импорт өндiрiсiнiң өрт техникасы мен өрт сөндiру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Шығарылатын өнiмге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарымен келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекiтiлген    

«Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу
құқығына аттестаттау» мемлекеттiк қызмет көрсету
стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 N 378 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



1. Жалпы ережелер

      1. «Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 2 кiреберiс, 7-қабат, № 701-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi (бұдан әрi – Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталықтар), www.e.gov.kz «электронды үкiмет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 14-13-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсiмдерi» бөлiмi, «Мемлекеттiк қызметтер» кiшi бөлiмi);
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – Орталық РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) Комитеттiң немесе Орталықтың үй-жайларындағы стендтерде және ақпараттық тақталарда;
      4) Порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 немесе 8 (7172) 74-98-22 және 8 (7172) 74-98-20 телефондары арқылы алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестат (бұдан әрi – аттестат) беру не уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат түрiндегi мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы аттестатты қағаз жеткiзгiште алу үшiн Комитетке немесе Орталыққа жүгiнген жағдайда, аттестат электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады, мөрмен бекiтiледi және оған басшы қол қояды.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырған күнiнен бастап – он бес жұмыс күнiнен аспайды (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте Комитет мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн Орталыққа қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынады);
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - жиырма минут;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезекте күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - жиырма минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) Комитетте демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушылардың ыңғайлылығы үшiн ғимаратқа кiреберiсте хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiк орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
      2) Орталықтарда құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап, сенбiнi қоса алғанда, күн сайын белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады.
      Жылжымалы орталықтар Орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты сағат құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
      Қабылдау жедел қызмет көрсетусiз «электронды» кезегi тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3) Порталда - тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
      1) Комитеттiң ғимаратында. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру жеке кiреберiсi бар рұқсаттама бюросында берiлетiн бiр реттiк рұқсат қағазы арқылы жүзеге асырылады. Бiр реттiк рұқсат қағазы құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефонмен берген өтiнiмi арқылы ресiмделедi. Ғимаратта құқықтық тәртiптi сақтау үшiн тәулiк бойы күзет бекетi, өрт автоматикасы жүйесi және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар. Кiреберiске кiру жолы физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған;
      2) мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтардың ғимаратында. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. Ғимаратта физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған жағдайлар (күту креслолары, стендтер) қарастырылған;
      3) Порталда – мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде».

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      Комитетте немесе Орталықта:
      1) Комитетте осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсiп саласын және жүзеге асыратын қызмет түрiн көрсете отырып, электрондық құжат нысанында өтiнiш немесе Орталықта Орталық қызметкерiнiң ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
      2) ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы құжаттың сканерленген көшiрмесi түрiндегi сараптамалық қорытынды.
      Порталда:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсiп саласын және жүзеге асыратын қызмет түрiн көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
      2) ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы құжаттың сканерленген көшiрмесi түрiндегi сараптамалық қорытынды.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде болатын, жеке басын куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн Комитет уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Портал немесе Орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Орталық арқылы Комитетке қажеттi құжаттарды беру кезiнде құжаттар электрондық түрде берiледi.
      Ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытынды мыналарды:
      1) сараптамалық қорытындының атауын;
      2) сараптама жүргiзу үшiн негiздеменi, сараптамалық ұйым туралы мәлiметтердi және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзген сарапшы-мамандар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу құқығына аттестаттың болуы туралы мәлiметтi қамтитын кiрiспе бөлiмдi;
      3) сараптамалық қорытындының күшi қолданылатын сараптама объектiлерiнiң тiзбесiн;
      4) ұйым туралы деректердi;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектiсiне байланысты сараптама кезiнде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациялары), сәйкестендiруге қажеттi шығарылған жылы, шығарған зауыты мен елi, шифрi, нөмiрi, маркасы немесе өзге ерекшелiгi бар материалдардың көлемiн көрсете отырып технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәлiметтердi;
      7) сараптама объектiсiне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргiзiлген сараптама нәтижелерiн;
      9) негiзделген қорытындысы, техникалық шешiмдерi мен iс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлiмдi;
      10) сараптама кезiнде пайдаланылған нормативтiк құқықтық, техникалық және әдiстемелiк құжаттама тiзбесiн, сынақтардың актiлерiн қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектiсiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келтiру бойынша келiсiлген және бекiтiлген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиiс.
      Ұйымның авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу құқығына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) сараптама жүргiзiлетiн салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудегi құқықтық қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық база туралы мәлiметтердi;
      2) осы салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу бойынша әдiстемелiк материалдар туралы, қызмет iшiндегi қатынастарды реттейтiн iшкi құжаттар, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы мәлiметтердi;
      3) техникалық жарақтандыру (авариялық-құтқару жабдығы, мамандандырылған авариялық-құтқару техникасы, жеке қорғану құралдары, газ талдау және ауа–тыныс алу жабдығы және т.б.) туралы мәлiметтердi;
      4) жеке оқу-жаттығу полигонының (оқу ұңғымасымен, шахтасымен және т.б.) болуы туралы мәлiметтердi;
      5) авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға оқытылған және рұқсат етiлген персонал туралы мәлiметтердi;
      6) осы салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн штаттың орналастырылуы және оның жеткiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авариялық-құтқару қызметтерiнiң персоналын даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды ұйымдастыру, оны өздiгiнен жұмыс iстеуге жiберу туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      Ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру құқығына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) нормативтiк құқықтық актiлердiң, нормативтiк техникалық құжаттардың, оқу-әдiстемелiк материалдардың, оқу құралдары қорының болуы және мазмұны, олардың сарапталып отырған оқыту түрлерi үшiн жеткiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      2) әрбiр оқу түрi, кәсiбi бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестiгi туралы мәлiметтердi;
      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәлiметтердi;
      4) материалдық база: оқу сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдiсiн жүргiзуге жеткiлiктiлiгi, оқытылатындардың өндiрiстiк iс-тәжiрибесi үшiн базаның болуы туралы мәлiметтердi;
      5) оқу ұйымының штатына кiретiн оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары бiлiмi бар мамандардың кәсiбилiгi туралы мәлiметтердi. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен келiсiм шарттардың болуын қамтуы тиiс.
      Ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу құқығына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) нормативтiк құқықтық актiлердiң, нормативтiк техникалық құжаттардың, әдiстемелiк материалдардың болуы және мазмұны, олардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу үшiн жеткiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу үшiн ұйымның техникалық жарақтандырылуы туралы мәлiметтердi;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн ұйым персоналының бiлiктiлiгi және бейiндi бiлiмi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзген күннен бастап үш ай бойы қолданыста болады.
      Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрiмен бекiтiледi, тiгiлген беттердiң санын көрсете отырып тiгiледi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердiң нысандары Министрлiктiң интернет-ресурсында орналастырылады.
      Орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залында арнайы тағандарда, сондай-ақ Орталық РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi Портал арқылы алу үшiн электронды құжат нысанында сұрау толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша пошта арқылы жiберiледi не Комитеттiң кеңсесiне тапсырылады.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде электронды сұрау жiберу мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» жүзеге асырылады. Сұрау автоматты түрде Комитетке жiберiледi.
      14. Құжаттарды Комитет кеңсесi арқылы қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға (сенiмхат бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының өкiлiне) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiле отырып, құжатты қабылдау туралы талон берiледi.
      Орталық арқылы барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға (сенiмхат бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының өкiлiне) мыналарды:
      1) өтiнiмдi қабылдау нөмiрi мен күнiн;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орнын;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, уәкiлеттi өкiлдiң тегiн, атын, әкесiнiң атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға порталдағы «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiмнiң қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға:
      Комитетте осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша қолына берiледi (мемлекеттiк қызметтi алушының жеке өзi немесе сенiмхат бойынша өкiлi келгенде).
      Орталықта – мемлекеттiк қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi Орталықтың қызметкерi «терезе» арқылы күн сайын қолхат негiзiнде, онда көрсетiлген мерзiмде қолына беру арқылы жүзеге асырылады (мемлекеттiк қызметтi алушының жеке өзi немесе сенiмхат бойынша өкiлi келгенде).
      Порталда – мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiне» жiберiледi.
      16. Комитет мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көзделген барлық талап етiлетiн құжаттарды ұсынбауы мемлекеттiк қызметтi алушыға хабарлаған сәттен бастап ол құжаттарды ұсынғанға дейiн өтiнiштi қарастыруды тоқтата тұруға әкеп соғады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы мәлiметтердi толық ұсынбаған, сондай-ақ ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, Комитет мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға жетпейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алуға электрондық форматтағы сұрауы мынадай жағдайларда қабылданбайды:
      1) сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты қолжетiмдiлiк шектеулi болса және сұрау салуды жiберген тұлғаның сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығы болмаса;
      2) Комитетте сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстар болмаса және ол кiмнiң қарамағында екенi оған белгiсiз болса;
      3) сұраудың мәнiн нақтылау кезiнде сұрау салған тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтiнiш жасап отырғаны анықталмаса.
      Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызметтi алушы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетiнде» алады.
      Комитет белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi алушыға аттестатты не бас тарту туралы дәлелдi жауапты бермеген болса, онда оны беру уақыты өткен күннен бастап аттестат берiлген болып есептеледi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттiң мемлекеттiк қызметтi алушыларға қатысты қызметi адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қызметтiк парызын өтеу кезiнде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағым дайындауға көмек көрсетудi осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Комитет кеңсесiнiң қызметкерi жүзеге асырады.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Порталдың call-орталығы (1414) ақпараттық-анықтамалық қызметi немесе www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 2 кiреберiс, 5-қабат, 511-кабинет мекенжайы бойынша Министрлiктiң басшылығына жiберiледi, телефоны 8 (7172) 60-21-33. Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген Комитеттiң жұмыс кестесiне сәйкес осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша берiледi. Орталықтың қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық РМК басшысына берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
      24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма–қол жұмыс күндерi осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрлiктiң кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым құзыретiне шағымда қойылған мәселелердi шешу кiретiн лауазымды адамға жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, шағымды беру күнi көрсетiледi және шағымды берген мемлекеттiк қызметтi алушы қол қояды.
      Шағым беру кезiнде әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi, жүгiну себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитеттiң немесе Министрлiктiң кеңселерiнде тiркеледi. Шағымды берген мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымды беру күнi мен уақытын, шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып, талон не шағымның көшiрмесiн беру шағымды қабылдағанның дәлелi болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитет пен Министрлiктiң кеңселерiнiң лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қару тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Орталықтың немесе Орталық РМК кеңсесiнде тiркелуi (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркелу күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымның iлеспе хатында қойылады) Орталықта жеке өзi алып келген, сондай-ақ поштамен келген шағымның қабылдануының растауы болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын куәландыру үшiн нөмiрi, күнi, байланыс деректерi көрсетiле отырып, шағымды қабылдаған тұлғаның тегi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Порталда мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» портал арқылы электрондық хабарлама жiберiлгеннен кейiн шағым мемлекеттiк органда өңдеу барысында жаңартылып отыратын шағым туралы ақпарат (жеткiзу, тiркеу, орындалу, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап туралы белгi) қолжетiмдi болады.
      26. Мемлекеттiк қызмет туралы басқа да пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 2 кiреберiс, 701-кабинет, тел. 8 (7172) 74-98-22, сондай-ақ Орталық РМК-да: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, 87172-94-99-95 телефоны, интернет-ресурсы www.con.gov.kz.

«Ұйымдарды            


өнеркәсiптiк қауiпсiздiк    
саласында жұмыстар жүргiзу құқығына
аттестаттау» мемлекеттiк қызмет 
көрсету стандартына        
1-қосымша             

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзiмi

Р/с


Орталықтардың атауы (филиалдар, бөлiмдер, бөлiмшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректерi

1

2

3

4

1. «Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 а үй

8 (7162) 40-10-76
8 (7162) 40-10-63

2.

Көкшетау қалалық бөлiмi

Көкшетау қаласы, Бiржан сал көшесi, 42-үй

8 (7162) 25-00-67
8 (7162) 25-06-21

3.

Красный Яр ауылы аудандық бөлiмi

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесi, 65-үй

8 (7162) 40-43-27

4.

Ақкөл аудандық бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 102-үй

8 (71638) 2-09-96
8 (71638) 2-18-49

5.

Аршалы аудандық бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы кентi, М. Мәметова көшесi, 19-үй

8 (71644) 2-10-77
8 (71644) 2-28-28
8 (71644) 2-10-77

6.

Атбасар аудандық бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесi, 11-үй

8 (71643) 2-45-94
8 (71643) 4-07-22
8 (71643) 4-12-58

7.

Астрахан аудандық бөлiмi

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 44-үй

8 (71641) 2-35-96
8 (71641) 2-21-94

8.

Бұланды аудандық бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесi, 18 б үй

8 (71646) 2-37-20
8 (71646) 2-37-81

9.

Бурабай аудандық бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесi, 28-үй

8 (71636) 4-29-97
8 (71636) 4-28-91

10.

Егiндiкөл аудандық бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

11.

Ерейментау аудандық бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесi, 15-үй

8 (71633) 2-44-92

12.

Еңбекшiлдер аудандық бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесi, 2а үй

8 (71639) 2-22-41
8 (71639) 2-22-42
8 (71639) 2-22-18

13.

Есiл аудандық бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Жеңiс көшесi, 56-үй

8 (71647) 2-22-07

14.

Жарқайың аудандық бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесi, 104-үй

8 (71648) 9-00-35
8 (71647) 2-22-05

15.

Жақсы аудандық бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесi, 8-үй

8 (71635) 2-17-10

16.

Зерендi аудандық бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Мир көшесi, 52-үй

8 (71632) 2-00-74
8 (71632) 2-29-43

17.

Қорғалжын аудандық бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесi, 44 а үй

8 (71637) 2-17-83
8 (71637) 2-20-36

18.

Степногор қалалық бөлiмi

Степногор қаласы, 4 ш/а, 7-үй

8 (71645) 2-00-40
8 (71645) 2-00-30

19.

Сандықтау аудандық бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балқаш ауылы, Абылай хан көшесi, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

20.

Целиноград аудандық бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмола ауылы, Гагарин көшесi, 15-үй

8 (71651) 3-12-30
8 (71651) 3-11-98

21.

Шортанды аудандық бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше, 1-үй

8 (71631) 2-17-97

2. «Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

2.

Ақтөбе қалалық № 1 бөлiмi

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

8 (7132) 57-80-27

3.

Қарғалы с. (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесi, 10-үй

8 (7132) 98-60-06
8 (7132) 98-60-05

4.

Алға аудандық бөлiмi

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесi, 23-үй

8 (71337) 3-20-79
8 (71337) 3-10-96

5.

Мәртөк аудандық бөлiмi

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесi, 1 «Б» үй

8 (71331) 22-4-13
8 (71331) 22-1-14

6.

Хромтау аудандық бөлiмi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесi, 12-үй

8 (71336) 26-6-33
8 (71336) 26-6-34

7.

Қандыағаш аудандық бөлiмi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,  Молодежный ш/а, 47 «Б» үй

8 (71333) 30-2-19
8 (71333) 30-2-18

8.

Ембi аудандық бөлiмi

Мұғалжар ауданы, Ембi қаласы, Әмiров көшесi, 10-үй

8 (71334) 23-9-83

9.

Темiр аудандық № 8 бөлiмi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi, 15 «А» үй

8 (71346) 23-5-83
8 (71334) 23-9-87

10.

Қобда аудандық бөлiмi

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесi, 2-үй

8 (71341) 22-1-47
8 (71341) 22-1-38

11.

Қарғалы аудандық бөлiмi Бадамша ауылы

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 27-үй

8 (71342) 23-4-64
8 (71342) 23-4-62

12.

Ойыл аудандық бөлiмi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 64-үй

8 (71332) 21-1-81
8 (71332) 21-1-82

13.

Әйтеке би аудандық № 12 аудандық бөлiмi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10-үй

8 (71339) 22-3-73
8 (71339) 22-3-74

14.

Байғанин аудандық бөлiмi

Байғанин ауданы, Қарауылкелдi ауылы, Барақ батыр көшесi, 41 «А» үй

8 (71345) 23-5-86
8 (71345) 23-5-87

15.

Ырғыз аудандық бөлiмi

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелдин көшесi, 7-үй

8 (71343) 21-8-28

16.

Шалқар аудандық бөлiмi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 63-үй

8 (71335) 23-6-10
8 (71335) 23-6-11

3. «Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 Б үй

8 (7282) 24-15-06
8 (7282) 24-41-33

2.

Ақсу аудандық бөлiмi

Жансүгiров кентi, Қабанбай батыр көшесi, 20-үй

8 (72832) 2-14-51




Қапал бөлiмшесi

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесi, 3-үй

8 (72841) 2-17-60

3.

Алакөл аудандық бөлiмi

Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесi, 63-үй

8 (72833) 2-35-46
8 (72833) 2-35-48




Қабанбай бөлiмшесi

Қабанбай кентi, Абылай хан көшесi, 237-үй

8 (72837) 4-13-85

4.

Балқаш аудандық бөлiмi

Бақанас ауылы, Бижанов көшесi, 25 «А» үй

8 (72773) 95-2-22
8 (72773) 9-18-20

5.

Еңбекшiқазақ аудандық бөлiмi

Есiк қаласы, Абай көшесi, 314 А үй

8 (72775) 4-54-70
8 (72775) 4-54-69




Шелек бөлiмшесi

Шелек ауылы, Бижанов көшесi, 100-үй

8 (72775) 2-34-96
8 (72775) 2-34-97

6.

Ескелдi аудандық бөлiмi

Қарабұлақ кентi, Оразбеков көшесi, 52-үй

8 (72836) 3-22-16

7.

Жамбыл аудандық бөлiмi

Ұзынағаш кентi, Мәжитов көшесi, 1-үй

8 (72770) 2-30-90

8.

Iле аудандық бөлiмi

Өтеген батыр кентi, Қуат ш/а, Тәуелсiздiк көшесi, 25-үй

8 (727) 251-74-46
8 (727) 251-74-47




Боралдай бөлiмшесi

Боралдай ауылы, Вокзал көшесi, 6 «А» үй

8 (72738) 7-82-42




Қараой бөлiмшесi

Қараой ауылы, Тыңдала көшесi, 9-үй

8 (7275) 24-88-10




Ақши бөлiмшесi

Ақши ауылы, Қонаев көшесi, 29-үй




9.

Қарасай аудандық бөлiмi

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесi, 38-үй

8 (72771) 2-56-86
8 (72771) 2-56-96




Тау Самалы бөлiмшесi

Тау Самалы кентi,  Рысқұлов көшесi, 129-үй

8 (727) 391-38-58




Шамалған бөлiмшесi

Шамалған станциясы, Қонаев көшесi, 1 «В» үй

8 (7272) 93-66-33

10.

Қаратал аудандық бөлiмi

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесi, 22-үй

8 (72834) 2-02-07
8 (72834) 2-20-92

11.

Кербұлақ аудандық бөлiмi

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесi, нөмiрсiз

8 (72840) 3-25-88




Қоғалы бөлiмшесi

Қоғалы кентi, Желтоқсан көшесi, 45-үй

8 (72842) 9-10-59

12.

Көксу аудандық бөлiмi

Балпық би кентi, Измайлов көшесi, 10-үй

8 (72838) 2-16-19
8 (72838) 2-16-18

13.

Қапшағай қалалық бөлiмi

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесi, 41-үй

8 (72772) 4-79-61
8 (72772) 4-79-60




Шеңгелдi бөлiмшесi

Шеңгелдi ауылы, Сейфуллин көшесi, 34-үй

8 (72772) 7-11-94

14.

Сарқанд аудандық бөлiмi

Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесi, нөмiрсiз

8 (72839) 2-35-80
8 (72839) 2-37-14




Лепсi бөлiмшесi

Лепсi станциясы, Төлебаев көшесi, 1-үй

8 (72843) 2-10-16

15.

Райымбек аудандық бөлiмi

Кеген ауылы, Момышұлы көшесi

8 (72777) 2-20-84
8 (72777) 2-20-82
8 (72777) 2-18-78




Нарынқол бөлiмшесi

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесi, нөмiрсiз

8 (72779) 2-11-65

16.

Панфилов аудандық бөлiмi

Жаркент қаласы, Головацкий көшесi, нөмiрсiз

8 (72831) 5-51-11

17.

Талғар аудандық бөлiмi

Талғар қаласы, Лермонтов көшесi, 53 «А» үй

8 (727) 388-11-30
8 (72774) 2-21-43
8 (72774) 2-21-33




Нұра бөлiмшесi

Нұра ауылы, Школьная көшесi, 10-үй

8 (72774) 5-80-62

18.

Талдықорған қалалық бөлiмi

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 Б

8 (7282) 24-49-75
8 (7282) 24-40-43

19.

Текелi қалалық бөлiмi

Текелi қаласы, Октябрь көшесi, 7-үй

8 (72835) 4-35-38
8 (72835) 4-35-18

20.

Ұйғыр аудандық бөлiмi

Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесi, 35-үй

8 (72778) 2-43-35
8 (72778) 2-43-31
8 (72778) 2-43-32

4. «Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8 (7122) 21-34-67

2.

Облыстық бөлiм

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8 (7122) 21-29-42

3.

№ 1 қалалық бөлiм

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 а үй

8 (7122) 35-75-05
8 (7122) 35-75-30

4.

№ 2 қалалық бөлiм

Атырау қаласы, Балықшы, Байжiгiтов көшесi, 80 а үй

8 (7122) 24-34-90
8 (7122) 24-37-89

5.

Индер аудандық бөлiмi

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентi, Меңдiғалиев көшесi, 30-үй

8 (71234) 2-12-96
8 (71234) 2-18-38

6.

Махамбет аудандық бөлiмi

Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесi, 10-үй

8 (71236) 2-24-96
8 (71236) 2-15-25

7.

Қызылқоға аудандық бөлiмi

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесi, 1-үй

8 (71238) 2-20-46
8 (71238) 2-20-27

8.

Жылыой аудандық бөлiмi

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 8-үй

8 (71237) 5-03-54
8 (71237) 5-01-28

9.

Құрманғазы аудандық бөлiмi

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесi, 66 а үй

8 (71233) 2-05-13
8 (71233) 2-07-14

10.

Мақат аудандық бөлiмi

Мақат ауданы, Мақат ауылы, Орталық көшесi, 2-үй

8 (71239) 3-22-97
8 (71239) 3-22-96

11.

Исатай аудандық бөлiмi

Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемендi Қазақстан көшесi, 9-үй

8 (71231) 2-16-70
8 (71231) 2-16-69

5. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 а үй

8 (7232) 78-42-36
8 (7232) 28-94-67

2.

Өскемен қалалық № 1 бөлiмi

Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20/1-үй

8 (7232) 60-39-22

3.

Өскемен қалалық № 2 бөлiмi

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесi, 99/1-үй

8 (7232) 57-83-88
8 (7232) 22-81-37

4.

Глубоков аудандық бөлiмi

Глубоков ауданы, Глубокое кентi, Попович көшесi, 22-үй

8 (72331) 2-23-35

5.

Зайсан қалалық бөлiмi

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдi көшесi, 52 а үй

8 (72340) 2-67-81

6.

Зырянов аудандық бөлiмi

Зырянов ауданы, Зырянов қаласы, Стаханов көшесi, 39-үй

8 (72335) 6-02-39

7.

Қатонқарағай аудандық бөлiмi

Қатонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесi, 96-үй

8 (72341) 2-23-60

Каталог: npa -> postanov -> doc
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
doc -> Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»
postanov -> Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № а-3/95 қаулысы Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
postanov -> Ақмолаоблысыәкімдігінің 2014 жылғы22мамырдағы № а-5/204қаулысы «Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы»
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi
postanov -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет