Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы



жүктеу 46.6 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі46.6 Kb.
: npa -> pronts -> doc
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Уйгурском районе
npa -> Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес отырысының хаттамасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің

Ғылыми-техникалық кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 17 2013 жылғы 13 маусым



Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров

Қатысқандар:

1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшелері




2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары және мамандары




3) Сыртқы ұйымдардан шақырылғандар.



«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайгаз кен орындарын пайдаланған кезде ұңғымаларда бағанаралық қысымға байланысты техногендік сипаттағы ТЖ-ның алдын алу және оларды жоюдың өзекті проблемалары»

___________________________________________________________________

(В. Петров, С. Ғаббасов, Н. Құнанбаев, Р. Жұмағалиев, Б. Хамимолда,

Б. Ху Вен-Цен, Ж. Утегенов, А. Сейітқалиев, Е. Үмбетов, С. Новиков)

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттардың бірі – қауіп-қатерлерді азайту және техногендік авариялардан, апаттар мен дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша кеміту бойынша жағдайлар жасауға қол жеткізу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ғылыми техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) ҰСЫНАДЫ:



1. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен мамандарының және ұйымдар мүдделі өкілдерінің баяндамалары мен есептері назарға алынсын:

1.1. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайгаз кен орындарын пайдаланған кезде ұңғымаларда бағанаралық қысымға байланысты техногендік сипаттағы ТЖ-ның алдын алу және оларды жоюдың өзекті проблемалары;

1.2. 009 «Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

1.3. 2012 жылғы 31 қазандағы Министрліктің ҒТК-інде берілген тапсырмаларды, ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстардың орындалуы.



2. Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Құнанбаев Н.С.), Ақтөбе облысы (Байжомартов А.С.) Атырау облысы (Омаров Б.Б.), Батыс Қазақстан облысы (Бисембаев К.У.), Маңғыстау облысы (Сұлтанғалиев А.М.), Қызылорда облысы (Өмірзақов С.С.) Төтенше жағдайлар департаментеріне, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК (Ахметов С.Б.) бағанаралық қысымы бар ұңғымалар жағдайын бақылау және үйлестіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ бағанаралық қысымы бар ұңғымаларды басқару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) орындау туралы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың есебін тыңдау тәжірибесі жалғастырылсын .

3. «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС-мен бірлесіп:

3.1 кен орындарындағы пайдаланылып жатқан бағанаралық қысымы бар ұңғымалар санын азайту жөнінде шара қолдану, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау кезеңінде пайда болатын бағанаралық қысымның алдын алу.

3.2 мамандандырылған ұйымдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинақтауды ескере отырып, бағанаралық қысымы бар ұңғымалардың жіктемелеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

3.3 бағанаралық кеңістіктегі перетоктардың туу себептерін айқындау тәсілін әзірлеу және оларды Әдістемелік ұсыныстарға қосу.

3.4 Жаңажол, Северная Трува және Кеңқияқ кен орындарындағы ұңғыамалардағы бағанаралық қысымға мониторинг жүргізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздікті қамтамасыз жөнінден ұйымдық-техникалық іс-шараларды әзірлеу.

4. Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Құнанбаев Н.С.) және «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми – техникалық орталығы» АҚ (Әмірғалинов С.Т.) мұнайгаз кен орындарын пайдалану кезінде ұңғымалардағы бағанаралық қысымды шектеу және жоюдың халықаралық тәжірибесін үйренсін және оны қазақстандық практикаға енгізу жөнінде ұсыныс жасасын.

5. Министрліктің «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми – техникалық орталығы» АҚ (Әмірғалинов С.Т.) мына қызметтерді:

5.1 2014-2016 жылға жоспарланған бюджеттік бағдарламалардың шегінде мұнайгаз және газоконденсатты кен орындарын пайдалану кезінде бағанаралық қысымды ұңғымаларда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп дәрежесін бағалау әдістемесін әзірлеу.

5.2 мұнайгаз саласындағы өнеркәсіп қауіпсіздігінің, сонымен қатар теңіздегі ҚР көмірсутекті шикізатты өндіруде апатқа қарсы беріктілік деңгейін көтеру мақсатында нормативтік құжаттарды қайта қарап шығу.

6. 009 Негізгі кезеңдері аяқталды деп есептелсін және «Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2013 жылға арналған қорытынды жоспары мына тақырыптарда мақұлдансын:

6.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар қауіптілік сыныптар мониторингінің және авариялылық, өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылық бойынша деректердің көпфакторлы талдауы негізінде қауіп-қатерді бағалау әдістемесін және компьютерлік жүйесін әзірлеу;

6.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың себептері және салдары мониторингі мен оларды модельдеу бойынша интеграцияланған қисынды кіші жүйесін әзірлеу;

6.3 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы өрт қауіпті технологиялық процесстердің қауіп-қатерлерін бағалау және басқару бойынша тексерулер жүргізу;



6.4 Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі тексерулер жүргізу және ғылыми-техникалық жобалау жүйесін әзірлеу.

7. Министрліктің Ақпараттау және байланыс департаменті (Елеусинов Н.А.) «ӨҚҰҒТО» АҚ (Әмірғалинов С.Т.) бірлесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындар қауіптілік класын және «Қадағалау қызметі» ТЖМЖ корпоративтік ақпараттық-коммуникацияның кіші жүйесінің қауіптілігін бағалауды мониторингілеу бағдарламасынаенгізу мүмкіндігін пысықтасын.

8. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаменті (бұдан әрі – Департамент) (С.Ғ. Ғаббасов):

8.1. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді жалғастырсын;

8.2. Министрліктің ҒТК туралы ережесінің 15-тармағына сәйкес Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры Н.А. Елеусиновті Министрліктің ҒТК құрамына кіргізу туралы ұсынысты әзірлесін және енгізсін.

9. Осы хаттама іс-шараларын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп белгіленген мерзімдерге сәйкес, сондай-ақ тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-на қарай Министрліктің Департаментіне ұсынылсын.

10. Осы хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

11. Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Вице-министр В. Петров



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет