Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың



жүктеу 198.31 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі198.31 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау агенттігі төрағасының

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН




«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

Өскемен қаласы,

2014 жыл
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі облыстың аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестіруді, реттеу, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында (бұдан әрі – реттелетін сала) оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің қарамағындағы аумақтық орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысымен көзделген тиісті аумақтағы аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) болады.

3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етуге құқығы бар.

7. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 17.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесi.

11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы:

тиісті аумақта тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) тиісті аумақта тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

2) тиісті аумақта тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелерінің, бақылаудың өзге де нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тәртіппен халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларды қоспағанда йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде сақтауды қамтамасыз ету;

8) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

9) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, жобаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруды қамтамасыз ету;

10) өз құзыретінің шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

11) тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

12) өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

13) облыстың аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

14) жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

15) тиісті аумақтағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының, обаға қарсы күрес және дезинфекция станцияларының қызметін үйлестіру;

16) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау;

17) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарын тексеруді жүргізу;

18) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті аумақта мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті аумақта өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

20) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және азық-түлікпен жанасатын материалдарды және бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді қайтарып алуды жүзеге асыру;

21) тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

22) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын және тағамға биологиялық активті қоспаларды практикаға енгізуге және оларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру;

23) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

24) тиісті деректер банкін жасай отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, есепке алу мен статистиканы жүргізу;

25) инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;

26) тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

27) тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру;

28) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

29) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдану;

30) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

31) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу;

32) реттелетін саладағы даму тұжырымдамаларын, стратегияларын, жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

33) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

34) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру;

35) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, лауазымды тұлғаларды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;

36) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

37) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін оларды медициналық тексеруге жіберу;

38) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсеткіштері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;

39) реттелетін салада мемлекеттік қызмет көрсету;

40) аурудан еркін немесе аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау бойынша ұсыныстар ұсыну;

41) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;

43) тиісті аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

44) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;

45) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;

46) біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;

47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;

48) халыққа вакцинациялау жүргізуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;

49) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;

50) санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту;

51) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;

52) құзыретінің шегінде өнімдерге, тауарларға, процестерге, қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келісу;

53) тиісті аумаққа инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жолаушыларды, экипаждарды, пойыз бригадаларын, көлік құралдарын, жүктерді санитариялық-карантиндік бақылаудың санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

54) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

55) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету;

56) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшелерін реттелетін саладағы қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілермен, ұсынымдары мен ақпараттық материалдары бар қызметтің талдауларымен қамтамасыз ету;

57) жүргізуге арналған шығыстары республикалық бюджеттен төленетін объектілердегі зертханалық және құрал-саймандық зерттеулердің көлемін айқындау;

58) өзінің құзыретінің шегінде тәуекелдерді бағалауды жүргізу.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;

3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

4) реттелетін саладағы аумақтық органдар мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

6) өзінің құзыретінің шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;

7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру;

8) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

9) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;

11) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімдігін ұйымдастыру;

12) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу.



3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне басшылық етуді Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

20. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

21. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлерін, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, басшыларының орынбасарларын және қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшыларына, басшыларының орынбасарларына және қызметкерлеріне алғыс жариялайды, құрмет грамотасымен марапаттайды, оларды наградалармен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне өтініш және ұсыныс береді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің және аумақтық бөлімшелері басшыларының міндеттерін, өкілеттіліктерін және жауапкершілігін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бұйрықтарына қол қояды;

6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің атынан өкілдік етеді;

7) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.


4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мүлкi
23. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

24. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өзінің қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер нәтижесінде алынған (ақша табысын қоса алғанда) мүлік есебінен қалыптасады.

25. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

26. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.


5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Семей қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Аягөз аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Абай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бесқарағай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

6. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бородулиха ауандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

7. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Глубокое аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

8. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

9. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Зайсан аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

10. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Зырянов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

11. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қатон-Қарағай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

12. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

13. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Курчатов қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

14. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Күршім аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

15. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Риддер қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

16. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тарбағатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

17. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ұлан аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

18. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Үржар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.



19. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шемонаиха аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет