Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты



Дата27.04.2016
өлшемі147.86 Kb.



Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты
ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Кіріспе:

Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралық ӨСАБ қағидалары мен өлшемдеріне (бұдан әрі – ӨСАБ қағидалары мен өлшемдері) сәйкес өндіруші өнеркәсіптен мемлекет табыстарын жариялауға міндеттене отырып, 2005 жылы Халықаралық өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына (бұдан әрі – ӨСАБ ) қосылуға бастамашылық етуін;

ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, өнеркәсіптің өндіруші саласындағы компаниялардың, азаматтық қоғамның өкілдерінен тұратын, көпжақты мүдделі тараптар тобымен бақылануға тиіс екенін;

Қазақстан Республикасында ӨСАБ-ны іске асырудың шеңберін анықтау және механизмдерін әзірлеу қажеттілігін назарға ала отырып,


Астана қаласында:

Бұдан әрі жеке «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, ҚР Үкіметі тарапынан – ӨСАБ-сын іске асыруына қатысатын Министрліктердің Мүдделі тараптарының ұлттық кеңесін өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (ҚР Парламенті), Қазақстан Республикасының өндіруші салаларындағы жер қойнауын пайдалану құқығы иелері болып табылатын Компаниялардың атынан – мұнай-газ саласындағы ­­ «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және тау-кен өндіруші саласындағы "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (ТМКҚ) және Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) атынан ӨСАБ-ны іске асыру жөніндегі Сұхбат алаңы түріндегі ҮЕҰ-ның біріккен одағы арасында төмендегілер жөнінде Өзара түсіністік туралы меморандум (бұдан әрі – Меморандум) жасасты:


Тараптар:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өндіруші салалар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған қадамдарын, оған қоса елдің Халықаралық өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына қосылуын қолдайды.

b) Қазақстан Республикасының өндіруші салаларында қызмет атқаратын, соның ішінде Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) бойынша жұмыс істейтін компаниялар жер қойнауын пайдалануға жеке келісімшарттарда құпиялылық туралы ережелер, оған қоса Өнімді бөлу туралы келісімдер ескерілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӨСАБ қағидаларына, бекітілген есептілік нысандарына сәйкес, төлемдері туралы өз есептерін қарауға жіберуге тиіс екені туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен келіседі және жоғары бағалайды.
Осы Меморандумның мақсаттары мен міндеттері:
1. ӨСАБ қағидалары мен өлшемдеріне сәйкес Қазақстанда ӨСАБ-ны іске асыру және дамыту бойынша Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі (бұдан әрі – МТҰК) құрылады және тұрақты негізде әрекет етеді, оның құрамына барлық мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.

МТҰК Халықаралық ӨСАБ басқармасымен белгіленетін, үнемі растауды талап ететін, ӨСАБ-ның барлық өлшемдеріне сәйкес келетін ел мәртебесіне Қазақстанның қол жеткізуі және қолдауы мақсатымен ӨСАБ-ны Іске асыру процесіне бақылауды, шешімдерді қабылдауды, ӨСАБ-ны одан әрі тереңдету және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз етуге бағытталған көптарапты орган болып табылады.

2. МТҰК міндеттері


  • Барлық Тараптардың ұстанымдары оларды сайлаушыларының пікірін заңды түрде білдіретін және МТҰК шешімдерін қабылдау кезінде әрбір Тараптың пікірі толық ескерілетін ортақ келісімге қол жеткізуге негізделген шешімдерді қабылдау процесін бекіту.

  • ҚР заңнамасына сәйкес ӨСАБ-ны іске асыру процесінің халықаралық өлшемдерге сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды Тараптарға ұсыну.

  • ӨСАБ-ны іске асырудың жұмыс жоспарларын жыл сайын әзірлеу және бекіту, олардың орындалуын бақылау.

  • Салыстырып тексеру жөніндегі компанияларға ұсынылатын есептілік нысандарын, есептерді толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды және салыстырып тексеру жөніндегі компанияның техникалық тапсырмасын әзірлеу және бекіту.

  • Салыстырып тексеру жөніндегі компанияның есебін бекіту (кезектегі жылдың ӨСАБ бойынша Ұлттық есебін).

  • Салыстырып тексеру жөніндегі компанияның есебі негізінде баспасөз парақшасын дайындау.

  • ӨСАБ қағидалары мен өлшемдеріне сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстанда ӨСАБ-ны іске асырылуына ағымдағы бақылауды ұйымдастыру, Қазақстанның валидациядан өтуі бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.

  • ӨСАБ-ны дамыту және іске асыру мәселелеріне қатысты өз жұмысын Халықаралық басқармамен және Хатшылықпен үйлестіру.

  • МТҰК жұмысының тәртібі осы Меморандумның 1-қосымшасымен белігіленген.

3. Ақпаратқа қолжетімділік пен құпиялылық

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректермен жұмыс істеу кезінде МТҰК жабық ақпараттың ашылуын болдырмау үшін шаралар қолданады. Осы процеске қатысы бар, кез келген басқа ақпарат ӨСАБ МТҰК Хатшылығының вебсайтында жариялануға тиіс.

4. Жиынтық ұлттық есеп

4.1. МТҰК ӨСАБ талаптары мен өлшемдеріне, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес жиынтық есептің мазмұнын, Үкімет пен Компаниялардан мәліметтерді жинауды, Салыстырып тексеру жөніндегі компанияға салыстырып тексеруді және өңдеуді жүргізуге арналған техникалық тапсырманы, салыстырып тексеру жөніндегі компанияға қойылатын біліктілік талаптары мен өлшемдерді, осы Техникалық тапсырманы толтыру жөніндегі нұсқаулықты және салыстырып тексеруді жүргізу үшін басқа да құжаттарды әзірлейді және бекітеді.

4.2. ҚР Үкіметі аудиторлық есеппен расталған деректерді МТҰК-мен бекітілген Салыстырып тексеру жөніндегі техникалық тапсырмаға сәйкес ҚР Үкіметі мен Компаниялардан ұсынылуын қамтамасыз етеді.

4.3. ҚР Үкіметі және Компаниялармен ұсынылған есептерді тәуелсіз салыстырып тексеруді жүргізу мақсатында, сондай-ақ жиынтық ұлттық есепті дайындау үшін, ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Салыстырып тексеру жөніндегі компанияны таңдап алуды жүзеге асырады. Салыстырып тексеру жөніндегі компания жұмысты МТҰК-мен қабылданған техникалық тапсырмаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.

4.4. МТҰК Салыстырып тексеру жөніндегі компанияның жұмыс қорытындылары бойынша жиынтық ұлттық есептерді дайындау және жасау процесін кейін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсыныстар әзірлейді. МТҰК Республикалық БАҚ үшін есеп туралы баспасөз парақшасын дайындайды. Тараптар осы Меморандум талаптарының міндетті сақталуы жағдайында Салыстырып тексеру туралы жиынтық есепке қатысты және ӨСАБ-ны іске асырудың өзге де мәселелері бойынша өз пікірлерін ашық білдіруге құқылы.

4.5. Қазақстан Республикасы ҚР республикалық бюджетінің немесе халықаралық институттардың есебінен қаржыландыруды ұйымдастырғаны және салыстырып тексеру компаниясының қызметтерін төлегені үшін жеке жауапты болады.


5. ӨСАБ МТҰК Хатшылығы

5.1. ҚР Үкіметі ӨСАБ-ны дамытуға жетекшілік ететін уәкілетті мемлекеттік орган мен ӨСАБ МТҰК Хатшылығын, ӨСАБ-ны іске асыру бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыруға жауаптыны белгілейді.

5.2. ӨСАБ МТҰК Хатшылығының қызметі ҚР мемлекеттік бюджетінен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да көздерден қаржыландырылады.

5.3. ӨСАБ МТҰК Хатшылығының басшысын және оның құрамын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

5.4. ӨСАБ МТҰК Хатшылығының жұмыс тәртібі осы Меморандумның 2-қосымшасымен белгіленген.
6. МТҰК жұмыс топтары.

6.1. МТҰК алдында тұрған мәселелерді шешу жолдарын және МТҰК құжат жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс топтарын құруға құқылы.

6.2. МТҰК жұмыс топтарының жұмыс тәртібі осы Меморандумның 3-қосымшасымен белгіленген.
7. Осы Меморандум барлық тараптармен оны келіскеннен кейін және тараптардың біреуінен болса да жазбаша бас тарту болмаған жағдайда, және ӨСАБ МТҰК Хатышылығының сайтында ол жарияланғаннан кейін жұмыс істейтін МТҰК оны бекіткен күннен бастап күшіне енеді. Осы Меморандум күшіне енгенге дейін 2005 жылғы Өзара түсіністік туралы меморандум қолданыста болады.
8. Осы Меморандум түпнұсқалық төрт данада, әрбір Тарап үшін бір данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Орыс тіліндегі мәтіннің басымды заңды күші бар.
Меморандумды іске асырумен байланысты МТҰК есептілік нысандары, құжаттары және басқа да құжаттар Уәкілетті орган жанындағы ӨСАБ МТҰК Хатшылығында сақталады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі





Н. Сауранбаев


Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі





Б. Ақшолақов


Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі





Р. Дәленов


Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі





А. Мұрадов


Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі





Е. Никитинская


Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі





А. Соловьева


«Қазэнерджи» қауымдастығы





Р. Жәмпиисов


«Қазэнерджи» қауымдастығы





Е. Қаражан


Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы




Е. Больгерт



«Мұнай табыстары – қоғам бақылауында!» одағы





Н. Янцен


«Мұнай табыстары – қоғам бақылауында!» одағы





П. Лобачев


«Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ





С. Гуляев


ӨСАБ МТҰК Хатшылығының басшысы:

«Қазгеоақпарат» РГАО басшысының орынбасары






Р. Баймышев

1 Қосымша

МТҰК жұмыс тәртібі

МТҰК құрамы

1. МТҰК 12 адамнан тұрады, сонымен қатар шешімдер абылдау кезінде олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

1.2. Тараптар - Үкімет, Парламент, Компаниялар және ӨСАБ бойынша ҮЕҰ, әрқайсысы МТҰК-ға 3 өкілден («Өкіл») және 3 өкілдің орынбасарынан («Орынбасар») белгілейді. Орынбасар МТҰК отырысына дауыс беру құқығынсыз қатысады, ал Өкіл болмаған жағдайда оның өкілеттігіне ие болады және басқа өкілдер сияқты міндеттерді атқарады

1.3. МТҰК Өкілдері және олардың Орынбасарлары Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс, Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар тарапынан ҚР аумағында жұмыс істейтін шетел азаматтары таңдалып алынған жағдайдан басқа.

1.4. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын, мүдделі Тараптар арасында толық және дұрыс ақпараттың болуын қамтамасыз ету мақсатымен Тараптар қызметі және Қазақстан Республикасында ӨСАБ-ны іске асыру шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты ӨСАБ МТҰК Хатшылығына ұсынып отыру міндеттемесін өздеріне қабылдайды. Сонымен қатар бір тарап екінші тарапты қаржыландырған кезде мүдделер қайшылығының болуы туралы мәселе МТҰК-ның талқылануына жіберіледі және ол бойынша шешім қабылданады.

1.5. Үкіметтен Өкілдерді (Орынбасарларын) таңдап алуды және оларды алмастыруды қозғалатын сұрақтар тізбесіне және тиісті мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес Үкімет өз бетімен жүзеге асырады. ҚР Үкіметі МТҰК Төрағасын және оның орынбасарларын белгілейді.

1.6. ҚР Парламентінен Өкілдерді (Орынбасарларын) таңдап алуды және оларды алмастыруды ҚР Парламенті өз бетімен жүзеге асырады.

1.7. Компаниялардан Өкілдерді (Орынбасарларын) таңдап алуды және оларды алмастыруды Компаниялар өз бетімен жүзеге асырады. Компаниялардың мүддесін білдіру құқығы кез келген Компанияға немесе өзге де заңды тұлғаға, соның ішінде коммерциялық емес ұйымға берілуі мүмкін.

1.8. ҮЕҰ-дан Өкілдерді (Орынбасарларын) таңдап алуды және оларды алмастыруды ҮЕҰ өз бетімен жүзеге асырады.

1.9. Өкілдер (Орынбасарлар) МТҰК жұмысына қатысуға тең құқылы.

1.10. Кез келген Өкіл (Орынбасар) қалған Өкілдердің (Орынбасарлардың) осыған келісімі болған кезде МТҮК кезектен тыс отырысын жүргізуге бастамашылық етуге құқылы.

1.11. МТҰК тараптарының әрқайсысы өз Өкілдері мен олардың орынбасарларын МТҰК-ға сайлау рәсімі туралы ақпаратты ӨСАБ МТҰК Хатшылығына ұсынуға міндетті. Ақпарат МТҰК-ға өкілдерді сайлау рәсімін реттейтін құжаттар түрінде ұсынуға тиіс.

1.12. МТҰК тараптарының әрқайсысы өз өкілдерінің жеке құрамы туралы МТҰК-ға ақпарат беруге міндетті, соның ішінде қайта сайлау жағдайында қайта сайлау күнінен бастап 5 күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органның атына ресми хат түрінде, сондай-ақ ӨСАБ Хатшылығына өкілдердің байланыс мәліметтері туралы ақпарат беруге міндетті.

2. МТҰК отырыстары

2.1. МТҰК тікелей отырыстары, сондай-ақ жұмыс топтары түрінде және МТҰК-мен белгіленетін өзге де түрлерінде өз қызметін жүзеге асырады. МТҰК шешімі бойынша, Өкілдермен келісілген құралдар мен телекоммуникация тәсілдерін, соның ішінде басып шығарылған түрінде отырыс материалдарына қоса берілетін факсимильді және электрондық хабарламалар арқылы сырттай өткізілуі мүмкін.

2.2. МТҰК отырыстары тоқсанына 1 реттен сирек емес және Үкіметтің Өкілі болып табылатын МТҰК Төрағасының немесе МТҰК Төраға Орынбасарының («Төраға») басшылығымен өткізіледі. МТҰК отырыстарының хаттамалары жүргізіледі. Хаттама жобасы МТҰК-мен келісілген құралдар мен телекоммуникация тәсілдерін пайдалану арқылы жобаны жібергеннен кейін бір тәулік ішінде МТҰК мүшелерімен келісіледі. Хаттамалар ӨСАБ МТҰК Хатшылығының веб-сайтына орналастырылады.

2.3. МТҰК отырыстарына Тараптар бақылаушылары және халықаралық бақылаушылар қатыса алады. Бақылаушыларды шақыру ниеті туралы Өкіл (Орынбасар) ӨСАБ МТҰК Хатшылығына бір апта бұрын (бақылаушы шетел азаматтары үшін) және екі күннен кем емес уақыт бұрын (бақылаушы ҚР азаматтары үшін) хабарлауға міндетті.

3. Мәселелерді қарау және шешімдерді қабылдау рәсімдері

3.1. МТҰК отырысының күн тәртібі МТҰК жұмыс жоспарына, МТҰК шешімдеріне сәйкес және отырыс күніне дейін 1 аптадан кем емес уақыт бұрын жіберілген Өкілдердің (Орынбасарлардың) ұсыныстары негізінде белгіленеді және барлық Өкілдерге (Орынбасарларға) таратылып жіберіледі. Қандай да бір сұрақты қарастыруға бастамашылық ететін Өкіл (Орынбасар) осы сұрақ бойынша материалдарды дайындауға жауапты болады.

3.2. МТҰК отырысында барлық шешімдер ашық дауыс беру және ортақ келісім негізінде бірауызды шешім арқылы қабылданады.

3.3. МТҰК отырыс күн тәртібінің қандай да бір сұрағы бойынша келісім болмаған кезде осы сұрақты тараптарға пысықтауға жібереді. Сонымен қатар МТҰК келесі отырыста осы мәселе бойынша дауыс беру немесе сырттай дауыс беру кезінде бұрын бірауызды шешім алынбаған сұрақ бойынша дауыс беру ортақ келісім негізінде әрбір тарапқа бір дауыс беру жолымен (4 дауыс) бірауыздан жүзеге асырылады деген шешім қабылдауға құқылы.

3.4. МТҰК отырысында кворум болған кезде және әрбір тарап өкілі дауыс беруге қатысқан кезде МТҰК шешімдері заңды. Кворум Өкілдердің (Орынбасарлардың) жалпы құрамынан ¾ бөлігінен кем емес, осы Меморандумның 3.5 - тармағына сәйкес сенімхат негізіндегі дауыстарды есепке ала отырып белгіленеді. МТҰК отырысында дауыс беруге тараптан Өкілдердің (Орынбасарлардың) қажетті санының қатысуын ұйымдастыруды әрбір тарап өз бетімен жүзеге асырады. Отырыста кворум болмаған кезде МТҰК сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.

3.5. Егер Өкіл және оның Орынбасары МТҰК отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаса, олардың өз дауыс құқығын кез келген басқа Өкілге (Орынбасарға) жазбаша түрде беруге немесе МТҰК-ға күн тәртібі мәселелері бойынша өз пікірін жазбаша түрде жіберуге мүмкіндіктері бар, ол шешім қабылдаған кезде ескерілуі тиіс.

3.6. Отырыстың уақыты мен күн тәртібі туралы туралы хабарландырылмаған Өкіл (Орынбасар), ол болмаған кезде қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, осы шешімді қайта қарау туралы мәселені көтеруге құқылы. Хабарландырылған Өкілдің (Орынбасардың) отырыста болмағаны МТҰК шешімдерінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

4. МТҰК Тараптарының осы Меморандум шеңберінде және ережелеріне сәйкес ақпаратқа қол жеткізуге тең құқығы бар.



2-қосымша

ӨСАБ МТҰК Хатшылығының жұмыс тәртібі

ӨСАБ МТҰК Хатшылығы:



  1. – Жоспарлы отырыстарды өткізу күнін белгілейді. Кез келген Өкілдің (Орынбасардың) бастамасы бойынша, оған қалған Өкілдердің (Орынбасарлардың) келісімі болған кезде жоспардан тыс отырысты өткізуге рұқсат етіледі;

  2. – МТҰК отырысын ұйымдастырады және өткізеді;

  3. – Жұмыс жоспарына және МТҰК Өкілдерінің (Орынбасарларының) ұсыныстарына сәйкес отырыстардың күн тәртібін әзірлейді, оны МТҰК-мен келіседі;

  4. – отырыстың күн тәртібінің жоспарлы тармақтары бойынша материалдарды дайындау үшін жауапты болады;

  5. – отырысты өткізу үшін дайындалған материалдарды Өкілдер (Орынбасарлар) үшін көбейтеді;

  6. – Өкілдерге (Орынбасарларға) отырысты өткізу күні, орны, оның күн тәртібі туралы хабарды және материалдарды отырысты өткізуді жоспарланған күнінен бір апта бұрын жібереді;

  7. – МТҰК отырыстарының хаттамаларын жүргізеді, ӨСАБ МТҰК Хатшылығының веб-сайтына оларды орналастырады;

  8. – МТҰК отырыстарының нәтижелері бойынша баспасөз парақшаларын дайындайды, оларды ӨСАБ МТҰК Хатшылығының веб-сайтына орналастырады ;

  9. – МТҰК-мен дайындалған есеп туралы ақпаратты, бірлескен баспасөз парақшасын және есептің толық мәтінін барлық қосымшаларымен бірге ӨСАБ МТҰК Хатшылығының сайтында жариялайды;

  10. – Жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді, Жұмыс топтарының қызметі туралы құжаттарды жинауды және сақтауды жүргізеді;

  11. – МТҰК-ның ағымдағы жұмысын және іс жүргізуді ұйымдастырады;

  12. – МТҰК Тараптарының Өкілдері мен Орынбасарларының, сондай-ақ МТҰК мүшелері болып табылмайтын Жұмыс тобы мүшелерінің байланыс мәліметтеріне есеп жүргізеді;

  13. – қарауға қажетті құжаттарды дайындайды және басып шығарылған түрінде және толық көлемде МТҰК Тараптарының Өкілдері мен Орынбасарларына ұсынады;

  14. – МТҰК Өкілдері (Орынбасарлары) арасында хабарландыруды, құжаттаманы таратуды қамтамасыз етеді.

3-қосымша

Жұмыс топтарының жұмыс тәртібі


  1. МТҰК алдында тұрған міндеттерді орындау үшін, МТҰК Жұмыс тобын (ЖТ) құру туралы шешім қабылдайды. Жұмыс тобы МТҰК шешімінің негізінде және оған сәйкес МТҰК отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырушы орган болып табылады.

  2. МТҰК тиісті шешімді қабылдау кезінде мақсаттарды, жұмыстың ұзақтығын ЖТ құрамын және Модераторын белгілейді.

  3. ӨСАБ МТҰК Хатшылығы барлық Тараптарды МТҰК-ның Жұмыс тобын құру жөніндегі шешімі туралы хабарландырады.

  4. Тараптың кез келген, соның ішінде МТҰК мүшесі болып табылмайтын өкілі ЖТ қатысушысы болуы мүмкін. ЖТ модераторы оған қатысуға тілек білдірген үміткерлерден ЖТ қатысушыларының құрамы мен санын белгілейді. Сонымен қатар ЖТ құрамында барлық Тараптардың өкілдерінің болу қағидасы мақұлданады. ЖТ Модераторы, егер ЖТ мүшесі оның жұмысына қатыспаса, МТҰК-ға және ӨСАБ МТҰК Хатшылығына алдын ала хабарлап, ЖТ мүшесін шығаруға құқылы. Сондай-ақ модератор ЖТ-мен шешілетін мәселелер саласындағы, соның ішінде Тараптардың өкілдері қатарынан емес сарапшыларды шақыра алады.

  5. ЖТ қатысушылары, қойылған міндеттер мен оларды шешу мерзімдеріне қарай, барлық қажетті іс-шаралар, орындау мерзімі, қаржыландыру көздері енгізілген толық жұмыс жоспарын әзірлейді және МТҰК-ға бекітуге ұсынады.

  6. ЖТ қатысушылары арасындағы міндеттерді қойылған міндеттер мен оларды шешу мерзімдеріне қарай бөлу Жұмыс тобының қатысушыларымен өз бетімен анықталады.

  7. ЖТ қатысушыларының өз қызметі барысындағы өзара әрекет ету түрлері қатысушылардың мүмкіндіктеріне қарай анықталады және қол жетімді телекоммуникациялар құралдары арқылы тікелей, сондай-ақ сырттай болуы мүмкін.

  8. ЖТ модераторы жұмыс кездесулерінің, ЖТ талқылауларының хаттамасын жүргізеді, ЖТ қызметінің құжаттамасын толтырады. ӨСАБ МТҰК Хатшылығына орындалған жұмыс туралы есепті растаушы құжаттарымен және хат-хабар жазысумен қоса ұсынады. Сондай-ақ ЖТ модераторы МТҰК отырысына енгізу үшін ӨСАБ МТҰК Хатшылығына ЖТ жұмысының қорытындыларын ұсынады.

  9. ЖТ қызметінің тәртібі Меморандумға осы қосымшамен анықталады. Сондай-ақ МТҰК ЖТ ерекшелігіне қарай нақты ЖТ-ға қолданылатын қосымша нормаларды енгізу туралы шешім қабылдай алады.

  10. Оның алдына қойылған міндеттер аяқталған жағдайда немесе оның қызметін жалғастырудың орынсыздығы айқындалған жағдайда, ЖТ қызметі тоқтатылады. Жұмыс тобының қызметін тоқтату туралы шешім МТҰК-мен қабылданады.

  11. МТҰК сондай-ақ ЖТ модераторын ауыстыру немесе егер ЖТ жұмыстарды орындау мерзімін бұзса немесе оны тиісінше орындамаса, бүкіл ЖТ-ны тарату туралы шешім қабылдай алады.

Каталог: images -> stories -> rcgi
stories -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
stories -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерің тізімі
stories -> Учебная программа музыка 5-6 классы
stories -> 1958 жылдың 12 мамырында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген
rcgi -> Отчет Предварительные технико-экономические исследования по проекту ипдо в Казахстане
rcgi -> Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша Техникалық ерекшелік
rcgi -> Конкурс по государственным закупкам на 2011 год по программе 039 «Формирование геологической информации»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет