Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдіктердің тұруына ықтиярхаттар беру мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



жүктеу 33.27 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі33.27 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдіктердің тұруына ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер.

  1. Қызмет автоматтандырылмаған.




  1. Заңды актілер: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлігінің үлгілерін (сипаттамасын) бекіту туралы» 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық ретеудің жекелеген мәселелері» 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулылары.




  1. Аталған қызмет көрсетуді ұсынатын органдар: ҚАІІБ, Қостанай облысының көші-қон полициясы бөліністері.




  1. Аяқтау нысаны: құжатты беру.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және шетелдіктердің тұруына ықтиярхаттар беру» стандартымен белгіленеді.




  1. Мемлекеттік баж: қоныстану ықтиярхаты үшін ТЕК 20 % және азаматтығы жоқ адамның куәлігі үшін - 4 ТЕК көлемінде алынады, ол 2008 жылдың 1 қаңтарына 168 теңге құрайды.




  1. Қызмет ұсыну үрдісіне енгізілген мемлекеттік органдар:




  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті «Ақпараттық-өндірістік орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны – құжаттар дайындау.


2. Қызмет көрсету тәртібі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге сауал Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және одан шығу мәселелері бойынша өтініштерді есепке алу журналдарында ескеріледі. Журнал бойынша реттік нөмір тіркеу нөмірі болып табылады. Құжаттың дайын болғаны туралы өтініш беруші көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабарлайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін:


  • шетелдіктер:




  1. жарамды ұлттық төлқұжат




  1. осы әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар азаматарды тіркеу кітабы




  1. мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек




  1. 35х45 мм көлеміндегі екі фотосурет




  • азаматтығы жоқ адамдар:




  1. жеке басын куәландыратын құжат (қолданылу мерзімі өтіп кеткен ұлттық төлқұжат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, бұрынғы КСРО төлқұжаты, бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғаны туралы анықтама, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны туралы анықтама, әскери билет)




  1. осы әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар азаматарды тіркеу кітабы




  1. мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек




  1. 35х45 мм көлеміндегі үш фотосурет ұсынады.

Ұсынылған фотосуреттерге мынадай талаптар қойылады:


фотосурет өтініш берушінің құжатты ресімдеу сәтіндегі жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы керек, бұл ретте адамның беті фотосуреттің жалпы көлемінің 75 % жуығын алуы тиіс;
фотосурет фотобаспа әдісімен бір негативпен қалың фотоқағазда болуы қажет. Компьютерлік сканерлеу және модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған бейнелерді пайдалануға жол берілмейді;
үнемі көзілдірік тағып жүрген адам суретке көзілдірікпен (қара емес) түсуі қажет.
діни дәстүрлеріне байланысты бас киім киетін адамдарды қоспағанда, суретке бас киіммен түсуге жол берілмейді.


3. Жұмыс істеу приципі.
Көші-қон полиция қызметкерлері қызметін ҚР Заңнамасына, 2005 жылғы 3 мамырдағы «Қызметтік этика ережелері» ҚР мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс Кодексіне сәйкес жүзеге асырады, толық ақпаратты беріп, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.


4. Жұмыс нәтижелері.
Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру.


5. Шағым беру тәртібі.
ҚР аумағында шетел азаматтарының төлқұжатарын тіркеуден бас тарту заңнамамен бекітілген тәртіпте шағымдана алады (Umpguvd@guvd.kst).

6. Байланыс ақпараты.
Толық ақпаратты алу үшін ҚАІІБ Көші-қон полициясы бөлімшелеріне мекен-жай бойынша, сонымен қатар (Umpguvd@guvd.kst) электрондық мекен-жай бойынша хабарласыңыздар.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет