Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



жүктеу 1.56 Mb.
бет1/12
Дата28.04.2016
өлшемі1.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: uploads -> files -> gos -> kaz
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
kaz -> Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы
kaz -> Жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы
Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы N 1135 Қаулысы



      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2010 жылғы 29 қазандағы
№ 1135 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарлама паспорты

Атауы               Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды
                     дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
                     бағдарлама

Әзiрлеу үшiн        Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың
негiздеме           2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк
                     бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
                     жоспарының 19-тармағы

Жауапты орындаушы   Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                     технологиялар министрлiгi

Мақсат               Бәсекеге қабiлеттi тауарлардың, жұмыстардың және
                     қызметтердiң отандық өндiрiсiн орнықты дамыту
                     үшiн қосымша жағдайлар жасау, сондай-ақ оларды
                     iшкi нарыққа жылжыту

Мiндеттер            Отандық өндiрiстi дамыту одан әрi дамытудың
                      жолдарын үш бағыт бойынша болжау: тауарлар,
                      жұмыстар мен қызметтер, жұмыс күшi,
                      инфрақұрылым
                      Қажеттi тауарлар мен қызметтер өндiрiсiн
                      құру/дамыту бойынша жобаларды iске асыру
                      Қазақстандық қамтуды дамытудың мемлекеттiк
                      саясатын игеру тетiктерiн құру және жаңа өнiмдi
                      енгiзу, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi
                      жаңғыртуға қатысу және отандық тауар
                      өндiрушiлердi ұзақ мерзiмдi тапсырыстармен
                      қамтамасыз ету арқылы жүйелеу
                      Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық
                      өндiрушiлерге сервистiк қолдау көрсету
                      Қазақстандық қамтуды қолдау үшiн әзiрленген
                      нормативтiк-құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру

Iске асыру           2010 - 2014 жылдар
кезеңдерi
      

Нысаналы индикатор  2014 жылы жалпы сатып алу көлемiнде
                      қазақстандық қамту үлесiн және қазақстандық
                      мамандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
                      мақсатында тауарлар мен қызметтердiң
                      экономикалық тиiмдi өндiрiсiнiң мынадай
                      деңгейiн қамтамасыз ету:
                      жер қойнауын пайдаланушылар:
                      тауарлар бойынша 16 %-ға дейiн;
                      жұмыстар мен қызметтер бойынша 85 %-ға дейiн;
                      жер қойнауын пайдалану жобаларына қосылған
                      қазақстандық персонал пайызы:
                      жоғары буын менеджерлерi үшiн кемiнде 70%;
                      орта буын менеджерлерi, инженерлiк-техникалық
                      персонал және жұмысшы мамандықтары үшiн
                      кемiнде 90%;
                      мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар:
                      тауарлар бойынша 60%-ға дейiн;
                      жұмыстар мен қызметтер бойынша 90%-ға дейiн.
                      ұлттық басқару холдингi, ұлттық холдингтер мен
                      компаниялар:
                      тауарлар бойынша 60%-ға дейiн;
                      жұмыстар мен қызметтер бойынша 90%-ға дейiн.
                      жүйе құраушы кәсiпорындар:
                      тауарлар бойынша 60%-ға дейiн;
                      жұмыстар мен қызметтер бойынша 90%-ға дейiн.

Қаржыландыру         Бағдарламаны қаржыландыру 2 845,6 млн.теңге
көздерi мен          көлемiнде республикалық бюджет қаражаты
көлемдерi            есебiнен жүзеге асырылатын болады

2. Кiрiспе

      Қазақстандық қамту - кәсiпорындардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыруы кезiнде пайдаланылатын қазақстандық тауарлардың, қызметтердiң және еңбек ресурстарының құндық көрiнiстегi үлесiн бiлдiретiн Қазақстанның технологиялық және индустриялық-инновациялық даму деңгейiнiң көрсеткiшi.


      Қазақстан экономикасының құрылымында өндiрушi өнеркәсiп үлесi жыл сайын өсiп келедi, бұл оның бiр жақты дамуына және Қазақстан экономикасының жалпы бәсекеге қабiлетiнiң төмендеуiне әкеледi.
      Дегенмен, өндiрушi өнеркәсiп экономиканың басқа секторларына қатысты кәсiпорындардың өнiмi мен қызметтерiнiң тұтынушысы болып, осы арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты, экономиканы жаңғыртуды және Қазақстан халқының әлеуметтiк әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ете алар едi.
      Отандық өңдеушi өнеркәсiбiнiң iшкi нарықты отандық бәсекеге қабiлеттi өнiммен молықтыру әлеуетi бар, алайда бүгiнде өндiрiс көлемi және тиiсiнше импортталатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемiмен салыстырғанда отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу аса көп емес.
      Көптеген елдер осындай ахуалда болды және әлi де жалғасуда. Бұл елдердiң азғана бөлiгi айтарлықтай табыстарға қол жеткiздi, айтулы үлгiлер iшiнде: Ұлыбританияны, Бразилияны, Норвегияны атауға болады. Жергiлiктi қамтуды дамытудың халықаралық тәжiрибесiн талдау көрсетiп отырғандай, жергiлiктi қамтуды дамыту мәселесiндегi мемлекеттiк саясат негiзiнен мыналарға бағытталған:
      Үкiметтiң, жергiлiктi өндiрушiлердiң, инвесторлардың бiрлескен жұмысын ұйымдастыру және компаниялардың жергiлiктi өнiм мен қызметтердi сатып алуына белсендi тарту;
      нарық қажеттiлiктерiн бiрлесiп зерделеу, жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистiк компаниялардың қажеттiлiктерiн талдау негiзiнде жергiлiктi өндiрiс пен инфрақұрылымды дамыту және экономиканың басқа салаларындағы жинақталған оң тәжiрибенi қолдану;
      отандық өндiрiстi қолдау және iшкi нарықты қорғау бойынша жүйелiк шараларды әзiрлеу, жергiлiктi қамтуды ұлғайту мақсатында тараптардың уәждемесi;
      жергiлiктi қамтуды дамыту бағдарламасының кезеңдерi бойынша нысаналы көрсеткiштердi айқындау және оларды тұрақты бақылау;
      тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру;
      бiлiм беру жүйесiнiң еңбек нарығының нақты қажеттiлiктерiне бағдарланған тиiмдiлiгiн арттыру.
      Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай, өтпелi кезең шеңберiнде экономиканың қалыптасу кезеңiнде (АҚШ, Бразилия, Норвегия және т.б.) шаруашылық қатынастарды тиiмдi мемлекеттiк реттеу оң экономикалық нәтижелер әкелуi мүмкiн, бұл ретте мемлекеттiк саясат тек тұтынушыларға ықпал ету шараларымен шектелiп қоймай, сонымен қатар отандық өнеркәсiптiң өндiрiстiк әлеуетiн дамытуды қамтамасыз етуi тиiс.
      Осыған байланысты Бағдарламада қазақстандық қамтуды, бiрiншi кезекте мемлекеттiк реттеу арқылы мына бағыттарда дамытуға назар аударылған;
      мемлекеттiк қолдау шеңберiнде өнiмнiң жаңа түрлерiн жасау және енгiзу;
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту;
      отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтерiн iшкi нарыққа жылжыту үшiн жағдайлар жасау;
      Жергiлiктi қамтуды дамыту бұл мына үш: тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жергiлiктi өндiрушiлердi құру мен дамыту, кадрларды және инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша ұзақ мерзiмдi кезең-кезеңмен iске асыруға бағытталған күрделi үдерiс.
      Бұдан өзге жоспарланған шаралар отандық өндiрушiлерге Қазақстанның Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiне және Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiгi шеңберiнде ашық бәсекелестiк жағдайында шаруашылық қызметiне уақтылы дайындалуына мүмкiндiк бередi. Өз кезегiнде елдiң бұл экономикалық ұйымдарға қатысуы қазақстандық кәсiпорындарға таяу келешекте көршi елдердiң де, алыс шетелдердiң де нарықтарына шығу мүмкiндiктерiн ұсынады.
      Қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi шаралар мына салалық бағдарламаларда да көрсетiлген:
      Қазақстан Республикасында химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
      Қазақстан Республикасында атом өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
      Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
      Қазақстан Республикасының туристiк индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
      Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
      Қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында әзiрлендi.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу мониторингi

      Қазiргi кезде қазақстандық қамту бойынша экономиканың әртүрлi секторларындағы жағдай бiркелкi емес.


      2009 жылдың нәтижесi бойынша ТЖҚ сатып алу көлемi мынадай көрiнiсте болды:
      Жүйе ұрушы кәсiпорындар (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекiтiлген ТЖҚ сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингiне жататын ұйымдардың тiзбесiне сәйкес кәсiпорындар):
      тауарлар 272,2 млрд. теңгеге, оның iшiнде қазақстандық тауарлар 117,6 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық тауарлар үлесi 43,2%-ды құрады;
      жұмыстар 69,7 млрд. теңгеге, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден 57,2 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстардың үлесi 82,1 %;
      қызметтер 129,6 млрд. теңгеге, қазақстандық жеткiзушiлерден 113,5 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық қызметтердiң үлесi 87,6 %-ды құрады.
      Жер қойнауын пайдаланушылар:
      тауарлар 196,1 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық тауарлар 20 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық тауарлар үлесi 10,7%-ды құрады;
      жұмыстар 175,6 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден жұмыстар 140,5 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстар үлесi 80%-ды құрады;
      қызметтер 318 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден 248 млрд. теңгеге, қазақстандық қызметтердiң үлесi 78 %-ды құрады.
      Мемлекеттiк органдар:
      тауарлар 155,5 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық тауарлар 80,5 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық тауарлар үлесi 51,8%-ды құрады;
      жұмыстар 265,9 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден жұмыстар 221,5 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстар үлесi 83,3%-ды құрады;
      қызметтер 178,6 млрд. теңгеге, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден 162,7 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық қызметтердiң үлесi 91,1 %-ды құрады.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) құрамына кiретiн кәсiпорындар:
      тауарлар 580,6 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде сатып алынған қазақстандық тауарлар 365,8 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық тауарлар үлесi 63 %-ды құрады;
      жұмыстар 456,4 млрд. теңгеге сатып алынған, оның iшiнде қазақстандық жұмыстар 292,1 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстар үлесi 64%-ды құрады;
      қызметтер 504,5 млрд. теңгеге, оның iшiнде қазақстандық жеткiзушiлерден 474,2 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық қызметтердiң көлемi 94 %-ды құрады.

Қазақстандық қамтуды дамытуға әсер ететiн факторларды талдау

      Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруға ықпал ететiн және кедергi жасайтын негiзгi факторлар төменде келтiрiлген.


      Күштi жақтары:
      бай шикiзат материалдық базасы. Әлемiнде жетекшi елдерi ғалымдарының бағалауы бойынша Қазақстан табиғи ресурстардың қорлары жөнiнде әлемде алтыншы орынды иемденедi;
      қолайлы инвестициялық ахуал. 1994 жылдан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде Қазақстан экономикасына 140,7 млрд. АҚШ долларынан астам инвестициялар тартылған;
      транзит әлеуетi. Елдiң Еуропа мен Азияның ортасында орналасуы интеграциялық үдерiстердi дамытуға бiрегей мүмкiндiк бередi.
      Әлсiз жақтары:
      экономика әртараптануының төмендiгi. Индустрияландырудың негiзi болып табылатын машина жасау саласының мемлекет экономикасындағы үлесi небары 3,2 %-ды құрайды;
      экспорттың әлемдiк нарық конъюнктурасына тәуелдi болуының жоғарылығы. Елдiң негiзiнен шикiзаттан тұратын экспорты барынша осал әрi тұрақсыз болып табылады;
      негiзгi құралдар тозуының жоғары деңгейi. 2008 жылы өңдеушi өнеркәсiптегi негiзгi құралдардың тозуы 40,9 %-ды құрады;
      кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiгiнiң төмендiгi. 2009 жылы инновациялық өнiм көлемi өңдеушi өнеркәсiп өндiрiсiнiң барлық көлемiнiң небары 2,6 %-ын құрады.
      жоғары бiлiктi мамандардың, атап айтқанда техникалық бейiндi мамандардың жеткiлiксiздiгi.
      Мүмкiндiктер:
      отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндiрiсi мен адам ресурстарын елеулi түрде өсiру үшiн әлеуеттiң болуы. Жер қойнайуын пайдалану саласындағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу көлемi жылына 30 миллиардтан астам долларды құрайды.
      сауда интеграциясын ұлғайту. ЕЭК құру және ДСҰ-ға кiру;
      инвестициялық шешiмдер үшiн орнықты және болжамды орта құру арқылы тiкелей шетелдiк инвестицияларды ұлғайту;
      Қатерлер:
      Ресей және Қытай сияқты Қазақстан Республикасымен iрi дамыған шекаралас елдерде өнеркәсiп өндiрiсiн жедел дамыту;
      ДСҰ мен БЭК-ке кiру кезiнде мемлекеттiк қолдау тетiктерiн жоғалтып алу;
      әртараптандыру деңгейiн одан әрi төмендету.
      Шаруашылық субъектiлерiнiң сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесiн арттыруға ықпал ететiн және оған кедергi келтiретiн негiзгi факторлар төменде келтiрiлген.
      Күштi жақтары:
      қазақстандық қамтуды дамыту бойынша арнайы даму ұйымдарының/институттарының болуы;
      қазақстандық қамтуды дамытуды қолдау үшiн әзiрленген заңнамалық базаның болуы;
      мамандандырылған департаменттер мен iшкi саясаттың, iрi жер қойнауын пайдаланушыларда қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi iс-шаралардың болуы.
      Әлсiз жақтары:
      отандық кәсiпкерлердiң жер қойнауын пайдалану нарығындағы қажеттi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы хабардар болушылықтың төмендiгi;
      жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi әлеуеттi жеткiзушiлер туралы хабардар болушылықтың төмендiгi;
      Қазақстан нарығында қажеттi жергiлiктi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң жоқтығы;
      отандық тауар өндiрушiлердi сервистiк қолдаудың мемлекеттiк құралдарының жеткiлiксiздiгi.
      Мүмкiндiктер:
      жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн талдау негiзiнде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң жаңа өндiрiстерiн игеру, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстерiн дамыту;
      бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрiсi мен сервистiк қызметтердi дамытуды экономикалық ынталандыру бойынша шаралар қабылдау;
      жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан нарығында қызметтер көрсету үшiн тартатын халықаралық сервистiк компаниялармен әрiптестiк негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыларға қажеттi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң жергiлiктi өндiрiсiн құру.
      Қатерлер:
      дамыған елдерден, сондай-ақ кеден одағына қатысушы елдерден технологиялық артта қалушылықтың сақталуы мен оның ұлғаюы;
      жекелеген нарықтық үдерiстерге белсендi әкiмшiлiк араласу нәтижесiнде бизнес ахуалдың нашарлауы.

Экономиканың кадрлар қажеттiлiгiн қамтамасыз ету

      Соңғы онжылдықта Қазақстанда еңбек нарығын дамыту мен жұмыспен қамту iшкi экономикалық даму мен экономиканы жаһандандырудың тiкелей ықпалында болды. Тұрақты экономикалық өсiм және онымен байланысты экономиканың құрылымдық өзгерiстерi (90-жылдардың соңынан бастап 2007 жылға дейiн) ұлттық еңбек нарығының сыйымдылығын арттырумен және оның құрылымын өзгертумен қоса жүрдi. Еңбек ресурстарына сұраныстың артуы белгiлi бiр шамада өндiрiс көлемiнiң ұлғаюымен ғана емес, бұл ретте еңбек өнiмдiлiгi артуының төмен қарқыны сақталуымен және арзан еңбектi пайдалану мүмкiндiктерiне қатысты байланысты болды.


      Экономикадағы құрылымдық iлгерiлеулер құрылыста, саудада, қаржы саласында және мемлекеттiк басқаруда жұмыс iстейтiн адамдар санының озық түрде өсуiне алып келдi. Өнеркәсiпте, негiзiнен кен өндiру саласында жұмыспен қамтудың өсуi байқалды. Сонымен бiрге, еңбек нарығы теңгерiлмеген. Жұмыссыздар болған кезде толтырылмаған бос орындар сақталады, экономика, әсiресе техникалық және қызмет көрсететiн еңбек салаларының мамандарды қажетсiнуiнiң объективтi болжамы жоқ. Жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi жұмысшылардың тапшылығы байқалады, ол еңбек ресурстары сапасының төмендiгi мен өндiрiс және оқудың нақты байланысы жоқтығына байланысты (жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ).
      Бiлiм беру және кәсiптiк оқыту жүйесiнде теңсiздiктердiң орын алуы жалғасуда. Жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлау жұмысшы кәсiбiнiң кадрларын дайындаудан асып түседi. Жоғары бiлiмi бар жұмысшылардың үлесi 2001 жылғы 17,3 %-дан 2009 жылы 25,2 %-ға дейiн өстi, сол уақытта техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар жұмысшылардың үлесi осы мерзiм iшiнде тек 7,5 %-дан 9,9 %-ға дейiн өстi. Тиiмсiз жұмыспен қамтудың жоғары үлестiк салмағы сақталуда. Экономиканың еңбектi қажетсiнетiн салаларында жұмыс iстейтiн жұмысшылардың үштен бiрiне жуығы, бұл 2,66 млн. адам өзiн-өзi жұмыспен қамтитын халық болып табылады. Халықты жұмыспен қамтудың тиiмдiлiгiн арттыру шағын және орта бизнес кәсiпорындарының өсу қарқынының әлсiздiгiмен кiдiртiлуде.
      Еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеу мемлекет жүргiзетiн әлеуметтiк-экономикалық саясаттың ажырамас құраушысы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының еңбек нарығын реттеу және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудiң 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мыналар күтiледi:
      Қазақстанның 2010 - 2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының жобалары бойынша салалар, өңiрлер, кәсiптер және мамандықтар бөлiгiнде кадрлар қажеттiлiгiн 100 %-ға қанағаттандыру;
      еңбек ресурстары құрамында бiлiктi жұмысшылардың үлесiн 45,9 %-ға дейiн ұлғайту.

Қазақстандық қамтудың дамуын мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау

      Қазақстандық қамтуды дамытуға жәрдемдесу жөнiндегi негiзгi шаралар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы», «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрiнiс тапқан. Аталған заңдарда жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттiк органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» құрамына кiретiн кәсiпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға конкурс ұйымдастыру кезiнде отандық тауардың бағасын шартты түрде азайту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекiтiлген қазақстандық қамту мониторингiне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру тiзбесiне сәйкес кәсiпорындар мен концессионерлер сатып алуда қазақстандық қамту үлесiнiң мiндеттi мониторингiн беру жөнiндегi талаптар көзделген. Бұл нормалар отандық өндiрушiлер үшiн преференциялық тәртiптеменiң негiзi болып табылады.


      Қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi жұмыстар шеңберiнде сатып алу процесiнiң транспаренттiлiгiн және қазақстандық қамтудың анық мониторингiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлерге толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлдi, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң бiрыңғай тiзiлiмiнiң ақпараттық жүйесi, Қазақстандық қамтудың интернет-ресурсы құрылды.
      Жер қойнауын пайдаланушыларға ғана емес мемлекеттiк органдарға, ұлттық холдингтер мен жүйе-құрушы компанияларға да жүргiзiлген тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу туралы есептер мен сатып алудың жылдық жоспарларын беру жөнiнде талаптар бекiтiлген. Қазақстандық қамтуды дұрыс есептеу мақсатында ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып aлу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi әзiрлендi. Қолданыстағы заңнаманың ережелерiне және қазақстандық қамтуды есептеу әдiстемесiне сәйкес қазақстандық қамтуды дұрыс есептеу және талдаулар жасау үшiн ақпаратпен қамтамасыз ететiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алынған және жоспарланған сатып алулар бойынша есеп-қисабының нысаны әзiрлендi.
      Отандық өндiрушiнi қолдау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлерде қазақстандық өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын шартты түрде азайту көзделген.
      «Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен мемлекеттiк органдар сатып алуды жүргiзу кезiнде қазақстандық өндiрушiлерден ғана сатып алуға мiндеттi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң номенклатурасы бекiтiлдi.
      «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодекске түзетулер енгiзiлдi. Тиiсiнше, сатып алу процесiн регламенттейтiн заңнаманың ережелерiн бұзғаны үшiн тиiстi жауапкершiлiк шаралары ұсынылды.
      Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың ӨБК бойынша, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша шығындары жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесi сақталмаған жағдайда өтелмейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу және кадрларға қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн беру кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу тәртiбiн бекiтуге өкiлеттiктер берiлген.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет