Қазақстан Республикасындағы білімнің қара шаңырағы, тұңғыш жоғары оқу орны. Ол мемлекет өмірінде қоғамымыздың барлық маңызды салаларына білікті маман даярлаумен айналыса отырып, айрықша маңызды іс тындыруда



жүктеу 73.52 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі73.52 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – Қазақстан Республикасындағы білімнің қара шаңырағы, тұңғыш жоғары оқу орны. Ол мемлекет өмірінде қоғамымыздың барлық маңызды салаларына білікті маман даярлаумен айналыса отырып, айрықша маңызды іс тындыруда.

2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 80 жыл толды. Өзінің осынау ғұмырында білім беру мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жоғары да өскелең талап деңгейінде ұйымдастыруды басты қалып пен негізгі нысана деп білген оқытушылар ұжымы үнемі көздеген меже биігінен көрініп келеді.

2007 жылы мемлекеттік аттестация мен тіркеуден ойдағыдай өткен университет өзінің жоғары, өскелең талап деңгейінде жұмыс істейтінін тағы бір дәлелдеп берді. Ал, кейбір факультеттер - халықаралық аудит тәуелсіз шетелдік сарапшылардың әлемдік білім беру стандартына сай деген бағасын алды.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті әрқашан да Қазақстандағы ең жоғары педагогикалық оқу орнының мәртебесіне сай екенін төмендегі мәліметтер растайды:



  • Мемлекеттік лицензия – 2003 ж.;

  • Мемлекеттік аттестация – 1998 ж., 2003 ж., 2007 ж.;

  • Мемлекеттік аккредитация – 2001 ж.;

  • Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты – 2005 ж.;

  • Юнеско Халықаралық педагогикалық жүйесіне кіру – 2006 ж.;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» премиясының лауреаты – 2007 ж.

Университет 2007 жылы Еуропалық «Magna Charta Universitatum» жоғары білім беру жүйесіне кірді. Университет бітірушілерінің ары қарай өз білімдерін Еуропаның жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Батыс және Орталық Еуропаның беделді жоғары оқу орындарымен шарт бойынша, студенттерге екі дипломдық білім алып шығуға болады: Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ян Коменский университеті (Братислава, Словакия), Миколас Ромерис университеті (Вильнюс, Литва).

Университеттің 10 факультетінде 94 мамандық бойынша білім беріледі. Дәріс – қазақ, орыс, араб, түрік, ағылшын, неміс, француз, парсы, ұйғыр және басқа тілдерде жүргізіледі.

Қазіргі таңда университетімізде 19000 студент, магистр, 500-ден астам аспирант, докторант және ізденушілер білім алуда. Оқу орнының 70 кафедрасында 1500-ден астам оқытушы қызмет істесе, олардың 200-і ғылым докторлары мен профессорлар, 530-ден астамы ғылым кандидаттары мен доценттер.

Университет жанында Психология институты, білімді ақпараттандыру институты, ғылыми зертханалар және орталықтар қызмет атқаруда. 7 мамандық бойынша 4-дан астам докторлық және кандидаттық диссертация қорғау кеңесі жемісті жұмыс істеуде.



Бүгінгі таңда университет 25 елдің 78 оқу орнымен белсенді жумыс жасайды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытудың барлық түрлері бойынша төмендегі мамандықтарды игеру үшін 1 курсқа студенттер қабылдайды:
Халықаралық қатынастар факультеті:

050202 – халықаралық қатынас (ағыл.);

050301 – құқықтану (ағыл.)

050302 – халықаралық құқық;

050502 саясаттану;
Қаржы және экономика факультеті:

050506 – экономика (ағыл.);

050507 – менеджмент;

050508 – есеп және аудит;

050509 – қаржы;

050510 – мемлекеттік және жергілікті басқару.

050511 – маркетинг;
Физика-математика факультеті:

050109 – математика;

050110 – физика (ағыл.);

050111 информатика;

050120 – кәсіптік оқыту;

050601 – математика;

050602 – информатика;

050603 – механика;

050604 – физика;

050703 – ақпараттық жүйелер;

050716 – асбап жасау.
Психология және педагогика факультеті:

050101 – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

050102 – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістері (мамандандыруы – бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері шетел тілі білімімен қоса, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері және информатика, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері және музыка);

050103 – педагогика және психология;

050104 алғашқы әскери дайындық;

050105 – дефектология;

050106 – музыкалық білім;

050108 – дене шынықтыру және спорт

050409 – хореография;

050503 – психология (мамандандыруы – психология, психология шетел тілі білімімен қоса).

Жаратылыстану-география факультеті:
050116 – география (мамандандыруы – география және туризм, география және экология, география және экономика негіздері, география және биология);

050608 экология;

050609 – география;

050902 – туризм.

Химия – биология факультеті

050112 – химия (мамандандыруы – химия-биология, химия және экология);

050113 – биология (мамандандыруы – биология және география, биология және экология, биология және психология, биология және валеология);

050606 – химия;

050607 – биология;
Қазақ филологиясы факультеті:

050117 – қазақ тілі мен әдебиеті. (мамандандыруы: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі (ағылшын тілі);

050118 – Орыс тілі мен әдебиеті

050119 – Шет тілі: екі шет тілі (мамандандыруы – ағылшын-неміс тілдері, араб-ағылшын тілдері, парсы-ағылшын тілдері, түрік-ағылшын тілдері) – тек қана күндізгі бөлім;

050121 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

050122 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

050504 – журналистика (мамандандыруы – халықаралық журналистика, бұқарамен байланыс).

050205 – филология;

050207 – аударма ісі (мамандандыруы – аударма ісі (қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақша) – тек қана күндізгі бөлім, аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу (қазақша-орысша; орысша-қазақша).
Тарих факультеті:

050115 – құқық және экономика негіздері;

050114 – тарих (мамандандыруы – тарих және география, тарихты ағылшын тілі білімімен қоса, тарих және білім беру жүйесіндегі менеджмент);

050203 – тарих (мамандандыруы – тарих және мұрағаттану, тарих және мұражайтану);

050505 – аймақтану (шығыстану араб, қытай, түрік, парсы және жапон тілдерін оқытумен бірге).
Көркемөнер және графика факультеті:

050107 – бейнелеу өнері және сызу;

050413 – кескіндеме (мамандандыруы – станокты кескіндеме);

050414 – графика (мамандандыруы – станокты графика);

050417 – қол өнері (мамандандыруы – ағаш және басқа материалдарды, көркем өңдеу, көркем тоқыма);

050421 – дизайн (мамандандыруы бойынша) (мамандандыруы – киім дизайні).
Барлық мамандықтар бойынша білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Университет жанында әскери кафедра жұмыс істейді. Университет бітірушілері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Ішкі Істер органдарында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, кеден саласында қызмет жасауға мүмкіндік беретін қосымша мамандық алады.
Екінші жоғары білім. Университеттің барлық факультеттерінде ақылы екінші жоғары білім алуға болады, оқу мерзімі – 2-2,5 жыл.
Талапкер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш;

  • бiлiмi туралы құжатын (түпнұсқа);

  • мемлекеттік сертификат;

  • мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын;

  • 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат белгіленген тәртіппен нострификациялануы тиіс.

Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте нострификациялануы керек.

Мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтініштер шілденің 23-нен 31-не дейін қабылданады.


Талапкерлер кешендi тест сынағына қатысу үшiн азамат қабылдау комиссиясына:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш;

  • аттестат немесе кәсiптiк бастауыш немесе орта кәсiптiк оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқа);

  • мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын;

  • тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция);

  • 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.

Өтініштерді қабылдау мерзімі маусымның 20-нан шілденің 9-на дейінгі аралықта болады. Абитуриенттерге кешенді (комплексті) тестілеу шілденің 17-нен 23-сі аралығында өтеді.
Мамандықтарға өтініш мына шифрлар бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясында маусымның 20-нан шілденің 1-не дейінгі аралықта қабылданады, арнайы (шығармашылық) емтихандар шілденің 2-нен 7-ы аралығында өтеді:
050504 журналистика;

050107 – бейнелеу өнері және сызу;

050413 – живопись;

050414 – графика;

050417 – безендіру өнері;

050421 – дизайн;

050104 – бастауыш әскери дайындық;

050108 – дене шынықтыру және спорт.
Студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы тарапынан тамыздың 10-нан 25-і аралығында жүргізіледі.

Университетке оқуға түскендер ректордың атына факультеті мен мамандандырылған мамандығын көрсетіп өтініш жазады. Қабылдау жөнінде өтінішпен қоса мына құжаттар ұсынылады:



  • жалпы орта, кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білімі туралы құжатын (түпнұсқа);

  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • әкімшілік растаған еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмыс істеушілер үшін);

  • мемлекеттік сертификат;

  • мемлекеттік білім гранты тағайындалғаны туралы куәлігі (ол болған жағдайда).


Қабылдау комиссиясының мекен жайы:

050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13. (№1 ғимарат, №100 бөлме)



Тел: (8 -727) 91-73-71; 8(727)291-10-22; 8(727)272-46-42;

САЙТ: www.kaznpu.kz

e-mail rector@kaznpu.kz



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет