Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуының негізі” атты Жобасына сәйкес дайындалып, Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Рецензенттер: С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 6.78 Mb.
бет10/33
Дата02.04.2016
өлшемі6.78 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
эпикалық дастандар (Марабай жырлаған «Ер Тарғын» мен «Қобыландысы», Мұраттың «Шалкиiз», «Қырымның қырық батыры», Шәдiнiң «Тарихнамасы», Шортанбайдың «Ақжолтай батыры», Дулаттың «Еспенбетi», Жамбылдың «Сұраншы батыры», Ығылманның «Исатай – Махамбетi», Бақтыбайдың «Едiге – Нұраны», Ақтанның «Ерлiк жыры», Нұртуғанның «Едiге», «Қарасай – Қазиы», Орақ – Мамайы», Көкбайдың «Сабалағы», Кете Жүсiптiң «Сұрмергенi», Тұрмағамбеттiң «Рүстем-дастаны»); драмалық дастандар (Әсеттiң «Салиқа-Сәменi», Шәкерiмнiң «Жолсыз жазасы» мен «Қалқаман – Мамыры», Құлыншақтың «Шырын – Шекерi», Қашағанның «Топаны», Кете Жүсiптiң «Барымтасы», М.Сералиннiң «Топжарғаны»); романтикалық дастандар (Абайдың «Зұлысы» мен «Дағыстаны», Мағауияның «Медғет – Қасымы», Шәңгерейдiң «Қашқыны» (М.Лермонтовтан), М.Сералиннiң «Гүлхашимасы», Жүсiпбектiң «Наурызбай – Қаншайымы», Шәдiнiң «Орақ – Күлшейi», Базардың «Керқұланы»); философиялық дастандар (Мұраттың «Үш қияны», Абайдың «Ескендiрi» мен «Масғұты», Шәдiнiң «Барсисасы», Тұрмағамбеттiң «Назымы», Машһүр Жүсiптiң «Ғибратнамасы», Әубәкiрдiң «Заманның опасыз халiне айтқан өлеңi); қиял-ғажайып дастандар (Шәдiнiң 40 дастанынан бастап Әсеттiң «Ағаш атына» дейiн), мысал дастандар (Нұржанның, Машһүр Жүсiптiң, Шәдiнiң, Мақыштың, Тұрмағамбеттiң мысалдары), сюжетсiз лирикалық дастандар (Шортанбайдың «Зар заманы», «Бала зары», Дулаттың «Өсиетнамасы», Мұраттың «Үш қияны», Әубәкiрдiң «Әдебиет қазақиясындағы» толғаулар, Сараның «Жүрек» толғауы), шығыстық желiдегi дастандар (жүзге тарта); дiни сюжеттi қиссалар (ол да соншама мөлшерде) деп бөлуге болады. Әрине, осыншама еселей дамыған дастан жанрының қыр сырын түгендеп талдау бiздiң мiндетiмiзге жатпайды. Ол арнайы зерттеудiң еншiсiне тиесiлi. Соңғы жылдары бұл бағытта жүргiзiлген М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлерiнiң зерттеулерi, соның iшiнде Б.Әзiбаеваның, Ү.Сүбханбердинаның, Ә.Оспановтың, Х.Сыдиқовтың, Т.Әлiбековтің, М.Шафиғидің, Ө.Күмiсбаевтiң, Матыжановтың, Қ.Алпысбаевтің, П.Әуесбаеваның, С.Сәкеновтің еңбектерiн ризашылықпен атап өтуге болады.

Негiзгi теориялық түйiндi пiкiрлер осы қисса-дастандар толықтай баспа бетiнде жарияланған соң айтылатыны анық.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өлең жанры да молайып, шығыстық, еуропалық поэзияның үлгiлерiн бойына сiңiре бастады. Саяси-әлеуметтiк, дiни-философиялық, романтикалық, символистiк (Шәдi), ағартушылық, дiни-ағартушылық бағыттағы көңiл-күй лирикалары нышан таныта бастады. Әрине, бұл қасиеттер ажарлана айқындалмағанмен де сол ағым-бағыттардың белгiсi барған сайын қанық көрiне бастады. Бұған шығыс пен батыс, орыс әдебиетiнiң жекелеген туындыларының жаңғыра аударылуы, жазба әдебиеттiң қалыптасуының ықпалы тигенi сөзсiз. Қазiр «кiтаби ақындар», «жазба ақындар», «жазба әдебиетiнiң өкiлдерi» деп аталып жүрген ақындардың шығармаларында бұл көрініс әдебиеттен барынша молынан көрiнiс тапты. ХIХ ғасырдың аяғында қазақ әдебиетi заман ағымына орай жаңа бет бұрыс жасаудың алдында тұрды. Бұған сол тұста қалыптасқан қоғамдық саяси-әлеуметтiк жағдай, өркениеттiң қанатын қазақ даласына жая бастауы, ұлттың рухани түлеуi мен сана сiлкiнiсi, соның iшiнде бүкiл шығыс елiн қамтыған жадидтiк руханият қозғалысы тiкелей ықпалын тигiздi. Усу-сул жадид қозғалысы сайын сақраның санасын дүр сiлкiндiрдi, қазақ даласын оятты. Оның iшкi-сыртқы себептерi мен қазақ руханиятына тигiзген әсерi дербес пайымдауды қажет етедi.

III
ХIХ ғасырдың екiншi жартысында дүние жүзiндегi ислам әлемi мен түркi тектес халықтардың рухын оятып, намысын қайрап, ұлт азаттық қозғалысын күшейткен ұлы нысаналы күш - жадидтiк жаңа бағыт болды. Бұл сонау Мүтәнабби мен Мағриден басталып, Әл-Фараби мен Ғазалилердiң тұсында сана мен таным тұрғысынан қоғамтану ғылымына әлемдiк өзгерiс әкелген парасат құбылысы едi. Жаңаша ойлау бағытынан қатты сескенген отарлаушы еуропалық елдер оған панисламистiк, пантюркистiк реакцияшыл ағым ретiнде түршіге қарады. Қадымшыл көзқарастағы мұсылман дiншiлдерi де түркiге қарап, оны кәпiрлiкке бет алу деп бағалады. Сөйтiп, исламият пен түркiлiк қозғалысты өмiрге әкелдi.

Бұл – ғазауат та, түркiшiл ортақ майдан да емес, кәдiмгi, рухани қарсылық болатын. Дiнi, тегi, тiлi жат жұртқа жасаған шабуыл емес, керiсiнше, дiнiн, ата тегiн, ана тiлiн сақтап қалуға ұмытылған рухани қозғалыс едi. Түркішіл жаңа ойлау және әрекет ету қозғалысының өкілдері өзiнiң тарихи таным кеңiстiгiнде, тарихи ұлттық Отанында дүниеге келді. Олар ұлттың санасын оятып, екi түрлi ұлы қауiптен: дiндi уағыздай отырып тiлiн ұмыттырған “арабияттың“ (М.Әуезов) рухани жаулауынан; дiнiне де, тегiне де, тiлiне де, жерiне де өктiмдiк жасамақ болған ресейлiк жаһангерлiктен сақтандырды. Алдыңғы қауiп – Түркияға, Әзiрбайжанға, Шығыс Түркiстанға төнсе, екiншiсi – мұқым Шығыс, Орта, Батыс Түркiстанның, Iбiр –Сiбiр елiнiң басына үйiрiлдi.

Сондағы “реформашылдар“ – жәдидшiлер (жанашылдар), рационалшылдар – есептi ақылдың иелерi кiмдер және олардың мақсаттары қандай едi? Соның iшiнде Мұхтар Әуезовтiң Абай туралы мақалаларының бәрiнде де тұрақты түрде iш тарта айтып, Абайдың ұстазы ретiнде алға көлденеңдете ұсына беретiн, қайта-қайта бауырына баса көзқарасын тәпсiрлей емеурiн танытқан Шаһабуддин Маржани мен Исмағұл Гаспаралы, Каюм Насири кiм едi? Олардың исламият пен түркiшiлдiкке қатысы қандай?

ХІХ-ХХ ғасырдағы түркi дүниесiнiң ақыл-ойына, дүниетанымына, саяси-рухани белсендiлiгiнiң оянуына төңкерiс әкелген iрi тұлға - Шаһабуддин Маржани (1818-89) болып табылады. Қазан шаһарының түбiндегi Маржани қыстағында дүниеге келген. Ол: “Тәрбиенi ескi медiреседен алады. Өз бетiмен көп iзденiп бiлiм алған. Араб, иран әдебиетi тарихын оқуға берiледi. Математика, химия ғылымын оқып, сол пәннiң медiреседе оқытылуын талап еттi. Өзi медiресе салғызады. Араб, парсы тарихынан көп жаңа деректер жинап, еңбектер жазады. Орыс мектебiнде мұсылманша (дәріс - Т.Ж.) бередi. Бұл да орыс мәдениетiне көңiл бөлген адамның бiрi. Абайға күштi әсерi болды” (М. Әуезов “Абай дәрiстерi”, 1994, 38-бет). Исi мұсылман және түркi дүниесiне бетбұрыс әкелген жадидтiк ағымды қалыптастырған Ш. Маржани: Алла-рас, “Құран” - шын, пайғамбар оның елшiсi. Бiрақ “Құранның” аяттарын заманның талабына сай тәфсiрлеу, түсiндiру керек. Ғылымға сүйенiп, әр ұлт өзiнiң мәдениетiн дамытып, азаттығын алуы тиiс. Әр ұлттың өз тiлiнiң заңдылығына сай жазуы, бiлiм жүйесi, ғылыми тiлi өрiстегенде ғана ол мұратына жетпек. Мектеп пен медiреседе ғылымның барлық саласынан дәрiс өтiлуi тиiс. Егер осы қасаңдықтан құтылмаса - исi мұсылман, оның iшiнде түркi жұрты бодандықтан босай алмайды деген қағида ұсынды. Абай да, М. Әуезов те Маржанидiң шәкiртi Ахмет Ризаның медресесiнде оқып, осы жәдидтiк бағытта тәрбиелендi. Қазақ ұлтының саяси көсемдерi Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев сол жәдидтiк ағым мен iлiмнiң негiзiнде 1904 жылы қазаққа саяси, мәдени, рухани, дiни бостандық беру туралы “Қарсылық низамын” жазды. Маржанидiң “Бұлғар және Қазан хандықтарының тарихы” атты еңбегi 1887 жылы жарық көрiп, орыс тiлiне аударылып басылды. Онда татар, башқұрт, қазақ халқының тарихы да айтылды. Әл-Фарабидан бастап Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жөнiнде мағлұматтар бердi. “Мұстафа әл-ахбар” атты 8 томдық энциклопедиялық үлгiде жазылған еңбегi-мұсылман әлемi мен түркi дүниесiнiң тарихы мен философиясын жаңа көзқараста түсiндiрiп берген ғұламалық ғылыми зерттеу болып табылады.

Ол 1889 жылы 71 жасында дүниеден қайтты. Ғүлама ғалымның жолын қуған баспагер Каюм Насыри мен Исмағұл Гаспаралы түркi ұлтының оянуына, олардың ортақ мүддеге топтасуына, рухани тәуелсiздiк пен ұлттық азаттыққа ұмтылуына жанкештiлiкпен еңбек сiңiрдi. Кезiнде ата-бабалары шоқынған, тегi түркi орыстың ұлы жазушысы И.С.Тургеневтiң көмегiне сүйене отырып Исмағұл Гаспаралы өзiнiң туған қаласы Бақшасарайда “Тәржiман“ атты газет шығарды. ХIХ-ХХ ғасырдың iшiнде мұқым түркi тектес ұлттардың арасында дәл “Тәржiмандай“ беделге ие болған басылым жоқ. Рухани бостандық пен ұлт-азаттық рухты, адамзатқа ортақ игiлiктi насихаттағаны үшiн Исмағұл Гаспаралы Нобель сыйлығына ұсынылды. Бiрақ та, “массондар ложасы“ мен римдiк, ресейлiк миссионерлердiң, шовинистердiң кесiрлi кедергiсiнiң нәтижесiнде сыйлық берiлмедi. Мұхтар Әуезовтiң кепiлдiгiне жүгiнсек, Абай “Тәржiман” газетiн жаздырып алып, үзбей оқыпты. Осы жетi томдық Абайдың кiтапханасында болған. Кейiн Мұхтар Әуезовке сыйға тартылған. Бiрақ Абай ұрпақтары қуғынға ұшыраған жылдарды қолды болып, iз-түзсiз жоғалып кеттi.

ХІХ-ХХ ғасырдағы мұқым түркi тектес халықтардың әдебиетi мен ғылым, бiлiм жүйесi Маржанидiң ықпалымен iлгерi дамыды. М.Әуезовтiң абайтану саласындағы әр еңбегiнде: “Татардың мұсылманша оқып жүрiп, сыншы болған Шаһабуддин Маржани шығармаларын Абай көп оқыды. Ол дiн кiндiгi Бұхарада оқыған халдарын жазады. Осы медреседе Низами, Науаи, Қожа Ғафиз, Фирдоуси шығармалары оқытылатын. Мiне, Абай да осындай медiреседе бiлiм алған” деп, үнемi қайталап отыруында жоғарғыдағыдай үлкен мән бар (сонда, 83-бет).

ХІХ ғасырдың ортасында түркі тектес жұрттардың “тіл, дін, күрес бірлігінің” ортақ идеологиясына айналған жадиттік қозғалыс қазақ оқығандарының көзқарасына тікелей әсер етті. Соның ішінде Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Мұхамедсалық Бабажанов сияқты тұлғаларға да ықпалы зор болды. Олар жадидтік бағыттың астарын терең түсінді Сол мақсатта еліне қызымет етуге тырысты. Шоқан , Маржани сияқты еуропалық білімді пайдалана отырып, туған халқының рухын оятуға тырысты. Осы үш бәйтеректің білім, қоғам, тарих, халықтың келешегі, ұлттығын сақтап қалу туралы мақалалары мен іс қайраткерлігі соны байқатады. Бұл реттен алғанда олар қоғамдық саланы қалыптастыратын саяси және ғылыми публицистика жанрына қалам тартқан алғашқы қазақ оқырмандары болып табылады. Солар салған үлгінің негізінде “Дала уәлаяты” газетінде істеген Д.Сұлтанғазин, Е.Абылайханов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаев, О.Әлжанов С.Шорманов. М.Жанайдаров, Қ.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, З.Нұралыханов, Ж.Айманов, А.Нөгербеков, Б.Райымбеков, Д.Тұранов, Ж.Тұранов т.б. сияқты қаламгерлер қазақ публицистикасының негізін қалады. Ал Шоқан мен Ыбырай тек қана Ресей ғалымдарының ықпалында ғана кеткен жоқ, сонымен қатар жадидтік қозғалыстың өкілдерімен де тығыз байланыста болды.

Мысалы, 1862 жылы жарық көрген “Татар тiлiнiң қысқаша грамматикасын” жазған ағартушы ғалымы Хұсайын Файзхановпен (1828 - 1866) өте тығыз қарым-қатынас жасады. Ол Қазан, Петербург университетiнiң шығыс тiлдерi факультетiн бiтiрген. Ы.Алтынсаринмен қатар оқыған, Ш.Уалихановпен дос болған. “Қырым хандығының тарихы” атты құжаттар жинағын В.В.Вельяминов-Зерновпен бiрге шығарды. Ы. Алтынсариннiң қазақ балаларына арнап мектеп ашу ниетiн барынша қостап, хал-қадерiнше көмек көрсеттi. 1862 жылы Петербургтан Н.И.Ильминскийге жазған хатында: “Мұнда Уалиханов деген бiр қазақ жiгiтi бар. Оның iнiсi Қазанда, гимназияда оқиды екен. Сол iнiсiне сәлем айтуды мен арқылы сiзден өтiнiш етедi. Қазақ баласы Ибраһим Алтынсарин бұл күнде қайда жүр екен, бiлмейсiз бе?” - деп өтiнiш бiлдiрдi (Б.Ысқақов. Қазақ-татар байланысы, 1976, 66-бет). Бұл кезде Ы.Алтынсарин қазақ мектебiн ашу үшiн Торғай қаласына аттанып кеткен едi. Татардан шыққан тұңғыш ғылым магистрi Салихжан Кукляшев Ы.Алтынсаринге сабақ бердi, Орынбордағы қазақ-орыс мектебiнде ұстаздық еттi. 1859 жылы“Татар хрестоматиясын” жариялады. Бұл И.Алтынсариннiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879) құрастыруға үлгi болды. “Осыдан кейiн татарда Абаймен замандас татар баспасөз әдебиетiнiң қайраткерi Қаюм Насыри ХҮIII ғасырдың 70-80 жылдарында көп еңбек сiңiрген адам... Башқұртта, өзбекте жаңалыққа қол созған Абай, Ыбырай сияқты адам жоқ едi” (М.Әуезов, сонда, 38-бет). Қ.Насыри (1825-1902) татар тiлiнiң грамматикасы мен морфологиясын, әдебиет тарихын, пән оқулықтарын жазды. Прозалық шығармалары татар әдеби тiлiнiң негiзгi ұйытқысы болды. “Әбуғали ибн Сина” (1872), “Орынбор қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерi туралы очерк” (1879), “Қазан татарларының сенiмдерi мен ырымдары” (1880), “Отыз уағыз”, “Орыс-татар грамматикасының үлгiлерi” (1892) т.б. кiтаптары қазақ арасында да кеңiнен тарады.

Қазақ пен татар әдебиетiнiң өте өнiмдi және жан-жақты тығыз байланыста дамыған кезеңi – ХХ ғасырдың басы. М.Әуезов айтқандай, “1915 жылға дейiн исi түркi жұртының әдеби тiлi” мен жазуы ортақ болды. Соның iшiнде өзге ұлттарға қарағанда, татарларда баспасөз бен кiтап шығару iсi өте жақсы жолға қойылып, мәдени орталыққа айналды. Ағайынды Кәримовтердiң, Хұсайыновтардың, Бораганскийдiң жеке меншiк баспалары ашылды. Бiрiншi орыс-революциясынан кейiн монархияның ұлттық –жазалау саясаты әлсiреп, сөз бостандығына деген қатаң тыйымын жеңiлдетуге мәжбүр болды. Петербургте, Қазанда, Уфада, Орынборда, Троицкiде татар тiлiнде “Нұр”, “Ульфат”, “Қазан мұхбiрi”, “Таң”, “Уақыт”, “Шора”, “Иұлдыз”, “Дiн уә мағишат”, “Аң”, “Пiкiр”, “Оқтар”, “Мұғалiм”, “Ақмолла” атты газет-журналдар шығып тұрды.”Мұхаммәдия” (Қазан), ”Ғалия” (Уфа), “Расулия” (Троицкi), ”Хұсайния” (Орынбор) орта және жоғары бiлiм беретiн медреселерi ашылды. Бұл татар әдебиетiне де игi әсер еттi. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ғ. Қараш, С. Торыайғыров, Ж. Торайғыров, Ж.Тiлепбергенов, М. Сералин, С. Көбеев, Б. Майлин т.б. көптеген қазақ қайраткерлерi әуелi осы медреселерден дәрiс алды. Татар ағартушылары мен баспаханалары қазақ әдебиетiне ерекше көңiл бөлдi. 1917 жылға дейiн татар баспаларынан шыққан қазақ кiтаптарының саны, М. Әуезовтiң мәлiметiнше, 140-тан асады екен. Әсiресе “Уақыт”, “Орал”, “Шора” басылымдары белсендiлiк танытты. Оның басты бiр себебi: татар зиялыларының көпшiлiгi қазақ даласына келiп, шәкiрт тәрбиелеп, жергiлiктi жердiң жағдайымен тiлiмен, тарихымен етене таныс болуында едi. Х.Ямашев, М.Вахитов, Ғ. Құлахметов, Ғ.Тоқай, Ғ.Ибрагимов, Ф.Карими, Ғ.Камал, Ф.Әмiрхан, М.Фаизи, Ф.Бурнаш, Ғ.Ғафури, Һ.Тақташ сияқты iрi әдеби тұлғалар татардың классикалық әдебиетi мен көркем жанрларының барлық саласын қалыптастырды. Бұл кезеңдi татар мен қазақтың қоғамдық ойының өрлеу дәуiрi деп атауға болады.

Әрине, рухани исламият пен отаншылдық, түркiшiлдiк рухында басталған екi бағыттың да өз iшiндегi қайшылығы мен мақсат-мүдде айырмашылықтары болды.

Абай соның iшiнде ең бiр байсалды, пайымды жолды ұстанды.

Поэзиядағы шығыстық дәстүрде сезiмнiң шынайылығынан шындығы басым тұратын. Абай өзiнің ақындық шабытын қазақтын халық мұрасы мен шығыстық даналыққа суарғандықтан да, осы екi қайнардың тұнығын қанып iштi және де соны ұстанды. Алайда ақыл тоқтата келе еуропалық үлгiге дендей бас қойып, үш арнаның тамырын тоғыстырды.

Ал дүние туралы көзқарасының қалыптасуына барлық бағыттағы танымдық пiкiрлер әсер еттi. Ол белгiлi бiр таным тәсiлiн мәңгiлiк үлгi ретiнде ұстаған жоқ. Әрбiр ойды ақыл сүзгiсiнен өткiзiп барып, өзiнше тұжырым жасады.

Исламдық iлiмдi жетiк бiле тұра, Алланың хақ екенiн мойындай тұра, тек қана “мүтәккәләм “ бағытына жүгiнiп қоймады. Шындықтың бәрiн бiр iлiмге сүйенiп дәлелдеуден бас тартты. Бұл ретте Абай сол замандағы “жәдидшiлердi“ – жаңашылдарды қатты қолдап, солардың iлiмiнiң тезiрек ғылым жүзiнде iске асуын асыға күттi. Мұны Тұрағұл Абайұлы да: “Әкем жана iлiмдi сондай аңсап күтiп, сол оқу келгенде ғылымды игеру жеңiлге түседi деп отырушы едi” – деп растап кеттi.

Таным тұрғысынан алғанда Абай күй талғамады. Бақассыз ғылымды жақтап, дiнiне, тiлiне, тегiне қарамастан көңiлiне жаққан ғұламаның сөзiн сөйлеп, тұжырымын шындық деп ұқты. Солардың пiкiрiне жақын болды. Абайдың көзқарасының қалыптасуы жөнiнде Мұхтар Әуезов:

«Абай – имам Ғазалидей сыншы, мұсылман, ұя бұзар дiндарға ұқсай бастайды. Дiнi әрi-берiден соң Ғайса дiнiне де жақындап, өзiнше ақыл дiнi бола бастайды. Осы жайларды қара сөздерiнде де ұқтырады. Мiне, Шығыс жағасынан Абайдың барлық тұлға мазмұнына орнаған поэзиялық, ой-саналық үлгілерi осындай. Аз нәрсе емес. Үстiңгi бiр жамылшы ғана, бiр қабат жұқа қабыршақ қана емес. Көңiлiне орнаған терең тамырлы бұйымдар. Сонымен өз тұсында, ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Шығыс iлiмiнде майданға шыға бастаған жаңашыл, рационалшылдар дiн реформашыларының шенiне араласады. Абай татардан шыққан Каюм Насыри (дiң) алдындағы Шаһабуддин Маржаниды қостайды. Осы айтылған рационалшылдық пен салт – сана, ой – өнер жүзiндегi артылған жаңашылдыққа бейiм болмаса, Абайдан Еуропа жағасының белгiлерiн көре алмас едiк“, – деп түсiндiрме бередi.

Оның әлемдiк тұлға дәрежесiне көтерiлуiне – туған ұлтының тұйыққа тiрелген тағдыры, рухани және ұлттық басыбайлылыққа ұшырауы ықпал еттi. Ол дiндi – ұлттық, рухани езгiге қарсы қасиеттi құрал деп түсiндi. Сондықтан да исламияттың философиялық көзқарасы мен дiн тарихын, әрбiр ұлы тұлғалардың тұжырымын зерттеп, соларды таным талқысынан өткiзедi. Еуропалық жаһангерлiк пен жаһилдiктiң қармағына iлiккен исламият пен түркi жұртының рухани және ұлттық езгiден құтылуының жолын қарастырды.

Дүниежүзiлiк беделге ие болған жадидшiлер исi ислам дүниесi мен түркi әлемiнiң санасына төңкерiс әкелдi. Олар бiрiншiден: барлық түжырымды “Құраннан“ алатын “мүтәккәләм“ бағытын өзгертiп, математика, химия, жаратылыстану, қоғамтану, жағырафия пәндерiн игере отырып, дiндi ғылым дәрежесiне көтердi, сөйтiп Алланың жасырып қойған шындығын ақылмен табуды ұсынды.

Екiншiден: Әр халықтың өзiнiң тiл ерекшелiгiне сай жазу – сызуын қалыптастырып, дыбысталуы бойынша әрiптермен белгiлеудi мақсат еттi. Сол арқылы “Құранды“ да әр ұлттың өз тiлiне аудара отырып оның мағынасын сол тiлде жеткiзiп, түсiндiрiп, тәмсiлдерiн талдап, дiндi “жаттаумен“ емес, санамен сiңiрудi шарт етiп қойды.

Үшiншiден: ұлттың рухани (дiн исламның) және тарихи (түркiлердiң) тұтастыққа ұмтылуын басты нысана – идеология дәрежесiнде көтердi. Бұл мәселенi ғазауат пен жаһатсыз, сана мен санат, таным мен тарих тұтастығы арқылы ғылымға айналдыру керек деп түсiндiрдi.

Мiне, осындай рухани түлеу тұсында қазақтың кiтаби ақындары әдебиет сақнасына шықты. Кiтаби ақындар деп шартты түрде - ХІХ ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында Шығыс әдебиетi мен фольклорлық, дiни аңыздардың желiсiнде хисса, дастан, жыр жазған және оны жеке жинақ етiп бастырып шыққан әдеби бағыттың өкiлдерiн атайды. 1807-1917 жылдардың арасында Қазан, Уфа, Ташкент, Астрахан, Орынбор, Троицк, Семей қалаларындағы қазыналық және жеке баспаханалардан қазақ руханиятына қатысты 848 кітап жарық көрдi. Олар жанрлық жағынан алғанда негiзiнен халықтық эпостар мен аңыздар, тарихи жырлар, насихаттық уағыздар, дiни сарындар, ғашықтық хиссалар мен хикаялар және өлеңдер мен әңгiмелер едi.

Ал тақырыптық жағынан жағынан алғанда олар шартты түрде: 1.Дiни аңыздар мен уағыздарға құрылған, пайғамбарлардың тарихы мен исламдық имандылықты насихаттайтын “Хиссас-ул-ән-бия”, “Сал-сал”, ”Зарқұм”, “Сейiтбаттал”,”Кербаланың шөлi” сияқты дiни хиссалар; 2.Шығыс халықтарының аңыз-әңгiмелерiнiң, дастандары мен әфсаналарының желiсiне құрылған “Шаһнаме”, “Ләйлi-Мәжнүн”, “Фархад-Шырын”, “Мың бiр түн”, “Ескендiр” iспеттi шығармалардың жеке тараулары мен дербес нұсқалары ретiнде дамытылып жырланған хиссалар; 3.Хиссалық баяндау тәсiлi мен аңыздық желiнi сақтаған, жоғарыдағы эпостық, ғашықтық, дiни, тарихи, насихаттық сипаттарды бойына сiңiрген қазаққа сiңiстi оқиғалар мен фольклорлық нұсқаларды жырлаған төлтума хиссалар - болып үшке бөлiнедi. Халық ауыз әдебиетiнен кiтаби туындылардың бiр ерекшелiгi олардың шығарушылары мен бастырушыларының аты-жөнi белгiлi және өзiнiң шығармаларына шығыстық поэзияның тiлiн барынша кең қолдануды басты мақсат етiп ұстанды.

Кiтаби басылымдардың даму жолын библиографтар шартты түрде үш кезеңге бөледi. Бiрiншi кезең – 1807- 1865 жылдар арасын қамтиды. Бұл тұста Қазан университетiнiң жанындағы баспаханадан шығыстың классикалық әдебиетiмен тығыз байланысты әфсаналар мен хикаялардың желiсiн пайдаланған “Ер Тарғын”, “Қожанасыр”, “Жамиғат-ат тауарих”, Рабғузидiң “Хиса-сул ән-бия”, “Ахуал Шыңғыс хан уә Ақсақ Темiр”, “Хакiм ата” iспеттi тарихи-өмiрбаяндық хикаяттар жарық көрдi. Бiрақ та олар жалпы халықтық сипат ала алмады. Бұған – “Шаһнамадағы”, “Жүсiп – Зылихадағы”, “Жәмшидтегi”, “Қаһарман-Қатырандағы”, “Шаһмарандағы”; дiни-лирикалық-тұрмыстық дастандар – “Ләйлi – Мәжнүндегi”, “Сейфуль – Мәлiктегi”, “Бозжiгiттегi”, “Зиядадағы”, “Мәлике –Хасендегi”, “Шәкiр –Шәкiрәттағы”, “Мұңлық –Зарлықтағы” оқиғалардың өзiнше өңделген түрлерi мен қызықты оқиғалы хиссалар мен халықтық романдарға арқау болған араб-иранның аңыздық тақырыптары, тарихи оқиғалар, өмiрбаяндық хикаялар, мысалдар мен аңыздар дәлел болады.

Ал екінші кезең 1865-1900 жылдарды қамтиды. Қазаннан, Уфадан, жеке баспаханалардың ашылуына байланысты қазақ жырлары мен хиссалары, тарихи дастандары, әр түрлi айтыстар көптеп басылып, ел iшiне кеңiнен тарай бастады. Кiтаптардың тақырып ауқымы да, бастырушылардың саны да, оған ықылас та өстi. Ш.Маржанидың “Тән азығы” (1865), “Қазан уә былғар тарихы” (1885), Ғ. Насыридiң “Әулие Мария туралы кiтабi” (1895), “Мақұлуқат қырғыз (қазақ)” (1879), қызылжарлықтар - Л.Әлиуллиннiң “Хисса Тахиры” (1878) мен Х.Мирабұлының “Көрұғлы сұлтан хикаясы”(1885), түркiстандық Ғабдулхакiмнiң “Мәлике кiтабы” (1885), зайсандық У.Тұхфатуллиннiң “Хисса Қамбар”(1888), аякөздiк Қ.Халидидiң “Кiтап тарихи жарида, жадида”(1886), Рабғузидiң “Хисса сул ән-бия”, “Яссауидiң “Диуан-и хикмат”, “Хисса Шәкiр-Шәкiрәлi патша һашым балалары” iспеттi шығыстық ғылыми-аңыздар мен әфсаналардың желiлерi жарияланды. Мұнымен қатар “Ер Тарғын” (1862,1871,1876,1879,1883,1892,1898), “Хиса-и Бозжiгiт” (1874), “Хисса-и Қыз Жiбек” (1876), “Хисса-и Қозы Көрпеш”, “Хисса-и Зарқұм”(1879), “Хисса-и қазақия” (1879), “Хисса-и Сал-сал” (1879), “Өсиет-нәмә” (1880), “Қисса-и Қарабек” (1882), “Хисса-и Мұхамед Қанафия” (1883), “Хисса-и Нәрiкұлы Шора батыр” (1884), “Қисса-и Шортанбай” сияқты таза қазақ тақырыбына арналған кiтаптар да шықты, олар бiрнеше рет қайталанып басылды.

Кiтаби ақындардың әдебиет сахнасына қаулап шыққан кезеңi – 1900 -1917 жылдар. Осы уақыттың iшiнде кiтаби ақындардың қиссалары мен насихат сөздерi, әңгiме, романдары барынша қауырт дамыды. Тек 1900 жылдың өзiнде Жүсiпбек Шайхисламұлының “Хиса-и Бiржан сал мен Сара қызының айтысқаны”, “Қыз Жiбек хикаясы”, Орынтай бин Құрымбай Қыпшақидың “Насихат-ул қазақия”, Мұхамеджан Сералиннiң “Топжарған”, “Қисса-и Айман-Шолпан”, “Хисса-и Өндiрбай қажы ул Қараман”, “Қазақ мақалдары” атты кiтаптар жарияланды.

Кiтаби ақындардың шығармашылық ауқымы сан-салалы болып дамыды. Оларды шартты түрде - дiни уағыздық, өсиет - насихаттық және көркем шығармашылық бағыттағы ақындар деп үш топқа жiктеуге болады. Алайда кеңес өкiметiнiң идеологиялық қысымы тұсында алдыңғы екi бағытта жазған кiтаби ақындардың шығармалары “керiтартпашыл, ұлтшыл, дiншiл туындылар” ретiнде бағаланып, кiтаптарын қайта басуға және олардың өмiрi мен шығармашылық жолын зерттеуге тиым салынды. Соның нәтижесiнде 1859-99 жылдары аралығында 22 кiтап жазған Қашафуддин Шаһмарданұлының, 1909-1915 жылдары 15 хисса жазған Ақылбек Сабалұлының, 1879-1915 жылдары аралығыда 15 кiтап бастырған Жүсiпбек Шаихисламұлының, 1904-1915 жылдары 7 кiтап шығарған Мақыш Қалтаевтың, 9 кiтаптың авторы Шәдiтөре Жәңгiровтiң, 3 кiтап бастырған Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң, сондай-ақ кiтаби ақындардың аса көрнектi өкiлдерi Сейiткерейдiң, Мұхамедсәлiм Кәшiмовтың, Сәдуақас Шормановтың, Ораз молланың, Мәулекей Юмашиковтың, Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Нұржан Наушабаевтiң, Ахат Әлiмжанұлының, Ештай Оразаевтiң, Мақаш Бекмұхамедовтiң, Ғұмар Қарашевтiң, Зейнелғабиден Әл-Жаухаридiң, Ишанғали Бисенұлының, Мұхамедораз Нұрбаевтiң, Ғалиолла Ғалымжановтың, Арыстанғали Берқалиұлының, Әкiрәм Ғалымовтың, Ахметжан Аңдамасовтың, Елеусiн Бұйриннiң, Ахметқали Маметовтiң, Кенжеғали Әлiмбетовтiң, Бекет Өтетiлеуовтiң, Жұмағали Арыстанұлының, Байбатыр Ержановтың тағы басқа ақындардың мұрасы ескерусiз қалды.

М.Әуезов өзiнiң қазақ әдебиетiнiң тарихи кезеңдерi туралы жазылған барлық зерттеулерiнде кiтаби ақындардың шығармашылығына ерекше мән берiп, мұны үлкен әдеби құбылысы бар бағыт, “үлкен шоғыр” деп бағалады. 1949 жылы жарық көрген “Қазақ әдебиетiнiң тарихында” кiтаби ақындарды кеңiнен зерттеуге орын берiлдi. Алайда басылымның жетекшiсi ретiнде саяси қысымға ұшырады. 1949-1953 жылдары Шортанбайдың, Дулаттың, Мұраттың, Әрiптiң “жоқтаушысы” ретiнде айыпталып, қуғынға түстi. 1953 жылы пiкiрiнен ерiксiз бас тартуға тура келген кезде ол өзiнiң “Менiң қателерiм” атты түсiнiк хатында: “Сол томның авторының бiрi және редакторы болғандықтан маған бұрынғы көп қателiктердi қайта қарап, толығынан түзеп жазуға мүмкiндiк берiлген едi. Бiрақ мен өзiмнiң бұрынғы мақалаларымдағы және өзге де көп авторлардың оқу құралдарында, жоғары оқу орындарының программаларында, зерттеулерiнде, кiрiспе сөздерiнде, жеке очерктер мен монографияларында болған қателiктердi маркстiк-лениндiк методология жолымен зерттеп шығу жағын қамтамасыз ете алмадым” - деп жазды.

Кiтаби ақындардың шығыстық аңыздарды, тарихи оқиғаларды, мысалдар мен даналық әңгiмелердi өз шығармасына желi етiп алуына байланысты, олардың шығармашылығын төл туынды ретiнде бағаламау керек деген бiржақты пiкiрге де М.Әуезов қарсы болды. Бұл жөнiнде: ”Олар бiреуiнiң тақырыбын әр ақында қайталануын еш уақытта аударма деп танымау керек. Ол өзiнше бiр қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есептi бiр салт”,-деп баға бердi.

Кiтаби ақындар - қазақ әдебиетiн тақырып, үлгi, форма жөнiнен дамытуға ерекше үлес қосқан аса қуатты әдеби ағымның өкiлдерi болып табылады. Олар өзiнiң уақытына сәйкес сахнаға шыққан тарихи тұлғалар.

ІҮ
ТҮЙІН. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы, рухани тәуелсіздік пен тәуелсіз көркем ойлау жүйесінің тарихи тамырлары туралы шолуды қорытындылай келе айтарымыз, бұл тұста қазақ сөз өнері аса қуатты дәуірлеу кезеңін басынан кешірді. Ол көркемдік, жанрлық, тақырыптық ізденіс, азаматтық-қоғамдық көзқарас, көркем ойлау тұрғысынан алғанда жаңа сатыға көтерілді. Түрлі әдеби ағымдар мен көзқарастар қалыптасты. Ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне бет бұрды. Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты тұлғалар шықты. Қазақтың әдеби тілі қалыптасты. Баспасөз ел өміріне етене араласты. Әдеби-рухани байланыстар күшейді. Сол арқылы дүние мәдениетінің алдыңғы қатарлы идеялары қалың елдің санасын оятты, өркениет көшіне ілесті. Жеке шығармашылық ерекшеліктерінің өзі де дара қарастыруды қажет ететін Абай сияқты күрделі тұлғалар өмір сүрді. Жоғарыдағы әдеби құбылыстар мен олардың өкілдерінің барлығы да жеке-жеке тоқталуды, кеңінен талдауды, жүйелей зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз солардың барлығына ортақ қоғамдық құбылыстарға, әдеби-көркем ағымдар мен бағыттарға ғана қысқаша тоқталдық.

2003 ж.


СІРГЕЖИЯР СӨЗ
Шығыс Түркістанда тұратын атақты манасшы Жүсіп Мамайдан жазып алынған көлемді «Жеті қаған» дастанының «Арыстан хан», «Мұзбұршақ хан» атты бірінші және үшінші бөлімдері «Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары» (б.д.д. V ғ. бастап – б.д. ХХ ғ. дейін) 10 томдық басылымның ІҮ томында жарияланған болатын. Бұл томға аталған дастанның заңды жалғасы болып табылатын «Бидайық хан» атты бесінші бөлімінің қырғыз тіліндегі мәтінінің факсимилиясы мен оның қазақ тіліне аударылған нұсқасы енгізіліп отыр.
Жалпы жинақталуы мен құрастырылуы, жүйеленуі мен жарияланымы біршама уақытқа созылған «Жеті қаған» атты бес бөлімнен тұратын бұл эпикалық дастанның қорытынды басылымына орай мына жайларды оқырмандардың назарына ұсынуды лайық санадық.

Дастанды жырлаушы Жүсіп Мамай дегдардың «Жеті қаған» дастанының «Арыстан хан» атты бірінші бөлімі Үрімжі қаласында жеке жинақ болып араб қарпінде басылып шықты. Ал оның қалған бөлімдері әр кезде хатқа түсті. Екі мыңыншы жылдардың басында зерттеуші ғалым Шәйгүл Рамазанова өзінің ғылыми экспедициясы кезінде жыршының өз қолынан «Мұзбұршақ» атты төртінші бөлімінің қолжазбасын табыстап алады. Ал ол кезде «Бидайық хан» атты үшінші бөлімі хатқа түспеген болатын. Хатқа түсу-түспеуі белгісіз болғандықтан да, «Бидайық ханды» күтпей, «Арыстан қаған» мен «Мұзбұршақ хан» атты екі бөлімін «Қазақ қолжазбалары» көптомдығының төртінші томына біріктіріп жариялауға тура келді. Араға он жыл салып барып «Бидайық ханның» қолжазбасы қолға түсті. Басылым жобасынан іркіп қалмай, бұл мұраны осы томға кіргізуді мақұл көрдік. Сондықтан да мұны ғылыми шарасыздықтан көрі мәжбүрліктің салдары деп түсінулеріңізді өтіненмін.

Екіншіден, бұл эпостағы тарихи шындық пен көркемдік шындық, оның көркемдік деңгейі мен құрылымы, жырдың әуелгі нұсқасының авторы, яғни, шығарушысы туралы ғалымдардың екіорайлы пікірі бар. Біз олардың ешқайсысынан араша тілемейміз. Өйткені, әр ғалымның ұстанымы мен ойтанымы әр қалай болуы табиғи шындық. Дегенмен де, үш эпостың өзара жалғасымды оқиғасы мен тарихи суреттеулерінің ауанына қарап, мұнда оғыз дәуірі мен қараханилер дәуірінің жаңғырығы, қара қидан кезеңінің табы, түркі жұрты жеке-жеке ұлтқа жіктелмей тұрған тұстағы көркем тұспал бар деп айтуға толық негіз бар.

Әрине, жыршының өз талғамы мен танымына орай ауызға ілінген оқиғалар мен сөз, сөйлемдер, көркем пайымдаулар да орын алған. Бұл ауыз әдебиетінің барлық үлгілеріне тән құбылыс. Жыршы Жүсіп Мамай дегдар бұл жырды Қылыш молдадан үйренгенін, қазақша нұсқасын Жүсіп және Шайхы Ислам атты екі қазақ жырауы қағазға түсіргенін айтады. Біздің жорамалдауымызша, ол адам – өмірінің соңында сол Шығыс Түркістанда тұрған, сол жақта жатып көптеген қазақ дастандарын Қазан баспасы арқылы шығарған шайыр Жүсіп Шайхыисламұлы болса керек.

Соңғы уәжіміз, «Бидайық ханның» қолжазбасының қолға түсуі мен баспаға дайындалуы барысындағы аралықтың мерзімі тым шұғыл болғандықтан да, жүйеленуіне және берілуге тиісті түсініктердің қамтылмай қалуына байланысты әттегенайлардың орын алғандығын мойындаймыз. Бұл орайдағы бөгенайларды жинақты құрастырушылар тарапынан алдағы уақытта жүргізілетін, қазірдің өзінде қолға алынған ғылыми зерттеулер толықтырады деп үміттенеміз. Қалай болған күнде де, біткен істі назарға ұсынуды жөн санадық.

ТІЛҰСТАРТУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛ


Менің негізгі мамандығым әдебиетші болғандықтан да тіл үйренудің жандүние мен рухани көзқарасқа байланысты өмір тәжірибесінен алынған тәмсілдерді менің Алматыдағы американдық көршім Курт пен Диананың тілге қатысты жайлармен салыстыра отырып тілге тиек еткім келеді. Тіл – сол ұлттың жанжүйесі мен ділі, дүниеге көзқарасы, тарихи жады, жан түкпіріндегі киелі жан сыры. Ол сол ұлттың жан жүйесін, сенімі мен танымын, ділі мен тілін, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, дүниеге көзқарасын біліп қана қоймай, сол тілін үйренген ұлттың қадір-қасиетіне ерекше ықыласпен құрмет көрсетуді қажет етеді. Өйткені тілін үйреніп жүрген ұлттың жанын түсінбеуге тырыспай, жатсына қараса онда Абай айтқандай: «Білімді мейірленіп үйренбесе, білім де мейірленіп, туған анаңның омырауы сияқты иіп, бойыңа құт боп сіңеді». Ал «мейірсіз үйренген білім өгей шешеңнің жекіп берген емшегі сияқты бойыңа қонбайды». Тіпті кері нәтижесін де беруі мүмкін. Сіздердің шәкірттеріңіз әлі өмірлік тәжірибесі аз, көзқарасы толық қалыптаспаған жасөспірім болғандықтан да, түсініспестік тудыратын: «Сендер доңыздың етін оны пір тұтқаннан жемейсіңдер ем?» – деген сұрақтан соң, американдық режиссердің мұсылмандарды қорлаған фильм сияқты шәкірттер арасында да қырғиқабақ жағдай тууы мүмкін. Сондықтан да мұсылмандар неліктен доңыз бен сесектің етін тиым салынуының нақты себептерін түсіндіріп, ашық айтса, шиеленіп келе жатқан жүйкенің шүйкесін тарқатып жіберетіні анық. Мұндай өмір тәжірибесі біздің орыс тілін үйрену барысында көп ұшырасты. Тіпті әскер қатараында жүрген күннің кезімізде де орын алғаны бар. Бүгінгі бозбала шәкірт екі-үш жылдан соң ересек тартады, пікірі де қасаңданады, сол кезде бұл мәселе өте шетін де шешуші сыпат алады. Шет елдегі тіл үйренуші топқа ең алдымен сол елдің салтты, дәстүрі, тілі, мәдениеті, қасиет тұтатын киелі заттары мен ұғымдары таныстырылады. Тіл үйрену барысындағы мұндай таныстыру тәжірибесі шәкірттің сол тілді түсінуіне тікелей ықпал жасайтынын өмірлік тәжірибелер растайды.

Тілұстарту барысында екінші бір есте қатаң ұстайтын тәлім: осында баяндама жасаған Ділбар Исрапылқызы мен Мың И мырза көтерген пікірдің жаны бар. Ол үйреніп жатқан тілдің халықаралық латын қарпіндегі транскрипциясын игеру мен қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылатын Қазақстандағы крилл қарпін үйрену, сондай-ақ екі елдегі қазақтар қолданатын мемлекеттік ресми термин сөздердің ортақтастыру және оны барынша сөйлеу тіліне жақындатып қолданудың маңыздылығы. Осында жүрген үш-төрт айдың көлемінде оқыған газет, журналдар мен тыңдаған радио хабарларындағы мемлекеттік терминдердің Қазақстандағы қолданыстағы ресми терминдермен арадағы елеулі айырмашылықтары еріксіз екіұшты ойға қалдырады. Қазақ тілін үйренушілердің түпкі мақсаты Қазақстанмен тікелей байланысты болғандықтан да бұл мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. Әсіресе мемелектаралылық, мекемеаралық ілеспе тәржіме жасау кезінде түсініспестіктер тудыруы мүмкін. Мысалы, осы пікір алысу барысында сіздер қолданған «амалият назариясы», «әдебиет назариясы» деген сөзді сіздердермен ұзақ араласып, біршама жаттығып қалған менің өзім тұспалдап қана түсініп отырмын. Ал термин сөздердің сөйлеу тілінен алшақ болуынан туындай жаздаған тосын оқиғаны тәмсіл ретінде айта кетейін.

Осы жасқа келгенше мән бермеппін, мынау аласапыраны мен алаңы көп, алыс пен жуықтың, жат пен жақынның, көрші мен қоңсының араласы мен құраласы көп заманда, тіл – тек қана байланыс пен білімнің ғана құралы емес, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қатерден құтқаратын бас амандығының кепілі, ажалдың арашасы да екен. Оған биыл жазда тамыздың он сегізі күні таңғы сағат бестен жеті минут кеткенде Алматыдағы көрші үйге лаңкестер тығылып, біздің үйдің ауласын жазалаушы ерекше әскерлер тобы сағалап, екі арадағы атыс екі сағатқа созылып, әуелі тапаншамен, кейін автоматпен атысып, ақыры от бүркетін минометпен он бір адамды үйімен қосып өртеп жіберген кезде көзім анық жетті. Арнайы әскери өрт сөндіргіштерге ие бермеген жалын екі қапталдағы көршілердің үйін, біздің ауланың шетін өртке орады. Сол кезде төтенше жағдай әскерлері бізді үйден шығарып, аулаққа апарды. Ал көршіміз американдық Курт пен Диана үш баласымен үйінің ішінде қалды. Біз әскерлерге шуылдап шетел азаматтарын балаларымен қоса құтқаруды талап еттік. Үйден ешкім шығар емес. Өрт болса қаулап барады. Сөйтсек, біздің жауынгерлер американдықтардың есігін орысша сөйлеп қағып, лабамен орысша хабарландыру беріп жатыпты. Сонда ғана біздің есімізге олардың орысша білмейтіні, тек ағылшынша және қазақша ғана сөйлейтіні түсті. Енді төтенше жағдай әскерлері ресми терминдерден құралған хабарлама жасады. Оның мазмұнын біздің өзіміз әзер түсіндік. Содан кейін біз барып оларға қазақша ауызекі тілмен жағдайды түсіндірдік. Сол кезде барып американдықтардың әдетімен жертөледе үш баласын бауырына басып, тығылып отырған Диана даңғырлап сөйлеп тұрғандардың үкімет әскері екенін білген соң ғана үйінің есігін ашты. Егер ауызекі сөйлеу тілін меңгермегенде Курт пен Диана үш баласымен бірге бесеуі бірдей ысқа тұншығып өлетін еді. Мен қазақ тілінің бір керекке жарап, адам өмірінің арашасы болғанына сондай сүйіндім. Адамды ажалдан құтқарған ана тіліме, оны сыйлаған америка азаматтарына сүйіне отырып, өзінің мемлекетінде өзінің ана тілін қаперіне алмаған, бес шетелдіктің тағдырын ажал отының шарпуына ұшырата жаздаған отан қорғаушыларының мына мақаупестігіне қатты күйіндім. Сонымен қатар кез-келге шет елге баратын азамат сол елдің ауызекі сөйлеу тілін тұрмыстық деңгейде меңгеруге міндетті екен деген ойға қалдым. Міне, ресми терминдердің ауызекі сөйлеу тілінен алшақтығы қандай қиындықтарға соқтыратынының бір кепілі.

Сіздерді қайдам, маған тіл ұстартудың тәсілдері мен тәжірибесі туралы мына алқалы мәжіліске бұл тосын оқиғаның тікелей қатысы бар деп есептеймін. Өйткені, бұл арадағы басты түйткіл ауызекі тіл мен ресми тілдің барынша жатық болуына байланысты. Өйткені орысшадан не басқа тілден аударылған терминдердің қасаңдығы мен жасандылығы сонша, оны төтенше жағдайда ғана емес, жайбарақат жағдайдың өзінде тез ұғынып, істің байыбына байланысты шешім қабылдау қиын. Ал қазақ тілін үйреніп жатқан, келешекте кәсіптік қызметін Қазақстанмен тікелей байланыстыратын шәкірттерді дайындап жатқан ұлттар университетінің профессорлары мен оқытушыларының бұл орайдағы міндеттері өте күрделі деп ойлаймын.

Он бес жыл бойы тiл, жаңа атау, терминдердiң жасалу жолы туралы ойланып, iштей мақала жазуға дайындалып жүрген жайым бар. Әзірше әр сөз, әр ой, әр пiкiр дамытылып, дәлелденіп қағазға түспей, тек Президенттік басқару академиясындағы мемлекеттік қызметкерлерге оқыған «Саяси шешендік», «Сөз өнері» «Тілұстарту» пәндерінің бағдарламасы ретінде жүйеленіп қана тұр. Мен үшін де, ересек тыңдаушылар үшін де нәтижелі аяқталған (дәріс алған он бір тыңдаушының бесеуі қазір Президент аппаратының, сенаттың, мәжілістің, үкіметтің, Астана қаласының акиматының, Шымкент облыстық акиматының іс жүргізу басқармасының бастығы, бастығының орынбасары лауазымына көтерілді) сол бағдарламаның тәжірибесіне жүгінсем, тiлдiң атаулық, терминдік ұғымдарға қатысты жасалу жолының үш парасы бар екен:

Бірінші. Заттың, табиғаттың, құралдың, адамның iс-қимылына қарап қойылған атау: мәселенки, оған етiстiк, шылау, одағай сөздер жатады. А.Байтұрсыновтың «болды», «етті», «қылды», «жасады» деген сөздердің мағынасына орай қойылған «Етiстiк» атауының өзi қандай тауып қойылған және сондай табиғи әрі қарапайым.

Екінші: ескi фольклор, аңыз, ертегiдегi сөздердi бүгiнгi мағынаға сай пайдалану: мысалы, 1980 жылы мен Бетпақдалада шашылып жатқан ғарыш ракеталарының шашыранды бөлшектерін көріп,«ракетаны» – «зымыран» – деп қолдандым. Сол кезде терминкомға ұсыныс білдіріп хат жазып ем. Қазiр «зымыран» сөзі жиi қолданылып жүр. Туннельді – Тескентау,

Үшінші: Iс-әрекеттi екiншi нәрсемен салыстыру арқылы табылатын ұғымдар бар. Қазақтың бiраз атауы солай қалыптасқан: мысалы, кемпiрауыз, кемпiрқосақ, зырылдауық, отарба.

Осыған мысал ретiнде бiр дәйек. Ауруханада менiмен бiрге Владимир Беккер деген банкир жатты. Бiр–ақ күн сөйлесiп қалдық. Мәскеуден. Әйелiнің аты – Шолпан, қазақ, дәрiгер. Өзi Көкпектiден. Нәсен Сембаевтың бажасы. Қу тiлдi, қара өлеңдi де қарша боратады. Немiсшеден, орысшадан көрi қазақ тiлiнде барлық шешендiк қасиетi, iшкi дүниесi толық ашылатын сияқты. Өзi туралы: «Мен жоқта жiгiттер жиналып, боқтық сөздерiн қоймақ болыпты. Бейпiлауыз болып барамыз десiптi. Сонда сырттан әлденеге ширығып келген мен: «Жігiттер, боқтықты қоям деп... айтасыңдар ма?» – деппiн қазақша. Бұл – Мәсеудегi банкирлердiң арасындағы оқиға. Әлгiлер сөздiң ұйқасына қарап аударып бер – дедi. Аударып бергенiмде, күлiсiп, қайтадан «әндерiне басты». Ендi, қазақша еркiн сөйлегенiмдi қоя алмаспын. Зады, менiң бiрiншi қаққан қазығым мықты болса керек. Кеше семiз келiншектi көргенiмде: «Құйрығы мен мықынына бiр пұт тоңмай жиып апты» – деппiн (бұл сөздi маған айтқан). Қу сөздiң өзi ауызыма үйiрiлiп тұрады. Ал, электрокардиограммаңа бар. Бақауыздарын жабыстырғанда денең тiтiркенедi – дедi маған.

Сөйтсем, электрокардиограммаға жазу үшiн денеңе жабыстыратын «присосканы» – бақауыз, бақа ауыз! – деп тұр! Қандай дәл, ұлттық термин. Бәрi – присосканың түрi де, қызметi де терiге жабыса қалайын деп тұрған бақаның аузына ұқсап тұр.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет