Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуының негізі” атты Жобасына сәйкес дайындалып, Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Рецензенттер: С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 6.78 Mb.
бет14/33
Дата02.04.2016
өлшемі6.78 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»

«Ұлтшыл – фашистердiң басшылары – Рысқұлов, Қожанов, Нұрмақов, Құлымбетов және олардың артынан ерген ат төбелiндей бiр топ қана сұрқия жөлiктер партия билетiн тек өздерiнiң екi жүздiлiк бетiн бүркемелеу үшiн пайдаланып жүрдi. Олар еш уақытта да адал ниетiмен большевик болған емес. Рысқұлов – рысқұловшылар жауыздық арам iстерiн пантюркистiк контреволюциядан бастады. Қожанов - қожановшылар алғаш шыққанның өзiнде – ақ ұлт буржуазиясы мен интервенттердiң туын көтере шықты. Садуақасавшылардың, нұрмақовшылардың көздегенi де осы. Бұлардың қай - қайсысы болса да ұлтшылдықтан бастап, бара-бара троцкизммен, оншылдармен ым-жымын бiрiктiрiп, Жапония мен Германияның ең белсендi шпионына айналып кеттi», – деген үкiм шығарды.

Қайдағы Германия, қайдағы Жапония? Оларға бұлардың қандай қатысы бар? Интеллигентi аз, әлi толық ұйып болмаған халықтың ең жанды жерiне қылбұрау салып, осал тұсынан ұстады.

Пікірім дәлелсіз болмас үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Алматы қалалық комитетінің архивінде «аса құпия құжат» ретінде сақтаулы тұрған СССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың «контрреволюциялық қылмысына байланысты тергеу ісіндегі» 1937 жылы 3 шілде күні қауіпсіздік мекемесінің капитаны Глебов пен кіші лейтенант Нейманға берген жауабы жарияланған Б.Нәсеновтің «Халық жаулары» атты басылымындағы протоколдың әр жерінен үзінді келтірумен шектелеміз:

«Біз өзіміздің астыртын ұйымымыздың идеясын тәуелсіз түрік-татар мемлекетін құруға ұмтылу бағытында құрдық. Шын мәнінде мәселе мүлдем басқаша болатын, СССР-дің территориясында еркін өмір сүріп отырған түрік-татар халықтарын Жапон – Герман фашизмінің қарамағына бермек болдық. Иә, мен ұзақ жылдар бойы контрреволюциялық жұмыс жүргізіп, Отанымның сатқыны атанғанымды мойындаймын (111-бет) ... Біз Шығыс Түркістанның (Синьцзяның) оңтүстік және батыс аймақтарындағы ағылшындардың миссиясымен және жапон агентурасымен байланыс жасау үшін оларға өз адамдарымызды жібердік. Біз тұтқынға түскен неміс офицерлерімен және Әнуар пашаның офицерлерімен, Кемал пашаның жақтастарымен байланыс орнаттық ... Түркістан уалаятындағы кеңес өкіметін құлатуға әрекеттене отырып, «Иттихад уә тарахият» ұйымы кеңес өкіметінің орталық майдандағы жағдайына сәйкес қимылдауды ұйғарды. Сол кезде ағылшындардың Орта Азиядағы ықпалының күшейгеніне қарамастан, өзбек (қазақ) ұлтшылдарының арасында жапондық көңіл-күй өте күшті болатын. «Иттихад уә тарахият» ұйымының орталық комитетінің мүшелері арасында: «Түрік-татар мемлекеті Жапонияның протекторатымен құрылады», – деген әңгіме болғаны да рас (114-115 беттер) ... «Иттихад уә тарахият» ұйымының Ташкенттегі астыртын ұйымы «Милли иттихад» деп өзгертілді. Қазақстанда ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жетекшілігіндегі «Алашорданың» кеңейтілген құрылымы ретінде қызмет атқарды. Қырымда «Милли фикр» астыртын ұйымы болды, сондай-ақ Татария мен Башкирияда да түрікшіл ұйымдар жұмыс істеді (116- бет)», – деп көрсетеді.

Бұдан кейін бұл ұйымның мүшесі ретінде Қазақстанның барлық басқару орындарындағы мемлекет басшыларын, сондай-ақ Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түркменстанның, Тәжікстанның,Қарақалпақстанның, Татарстанның, Башқортстанның мемлекет басшыларының атын атайды. Бұларға қолдау көрсетіп отырған адам Сталинге бірден бір қауіпті адам – Рыков деп мәлімдейді. Бұдан әрі Т.Рысқұлов:



«Рыков: оңшылдар мен троцскийшілердің түпкі мақсаты – кеңес өкіметін қазір басқарып отырған партия және үкімет қайраткерлерін күшпен ығыстыру, СССР-де капитализмді қалпына келтіру екендігін батыл айтты. Сонымен қатар, ол: кеңес өкіметін әлсіретудің ең басты жолының бірі – Орта Азия мен Қазақстанды Жапонияның протекторатына беру, Орта Азия мен Қазақстанның Кеңес одағынан бөлініп кетуі кеңес өкіметінің СССР территориясында түгелдей құлауын тездетеді – деп есептеді. Бұл мақсатқа жету үшін Германиямен, Жапониямен тығыз байланыс орнату керек. Ұлт республикалардың Кеңес өкіметінен бөлініп кетуіне Германия мен Жапония түрікшіл ұйымдар арқылы нақты ықпал жасай алады. Жапония қазірдің өзінде Орта Азия мен Қазақстанның шекарасындағы мемлекеттер арқылы, оның ішінде Ауғанстан, Иран, Батыс қытайға өзінің ықпалын жүргізіп, қанатын жаю арқылы жүйелі де табанды жұмыстар жүргізіп отырғанын атап өтті ... Бұл мәселелердің барлығын менімен бірге талдай келіп, фашистік мемлекеттердің барлау мекемелерімен байланысты жеңілдету үшін, Рыков маған біздің ұлтшылдарымыздың Жапониямен арадағы бұрынғы байланыс жүйесін ескеруімді тапсырды», – деп (126-бет) көрсетті.

Ал Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары Сүлеймен Есқараев:



«Маған Лекеров (Лекеров Әзімбай – профессор, экономист, марксизм -ленинизм ғылыми зерттеу институтының директоры): Жапонияның Қазақстанға протектораттық жүргіз мәселесі қашып құтылмайтын шындық. өйткені ол тәуелсіз мемлекет ретінде дербес өмір сүре алмайды. Сондықтан да тек Жапонияның протектораты ғана Қазақстанды өркендете алады. Бұл протектораттық Қазақстанға өте ауыр соғады, тіпті экономикалық тұрғыдан алғанда ол Жапонияның уақытша отарына айналады. Жапонияның протектораттығы Қазақстанды азат етуге кеткен шығынның контрибуцисын өндіруге бағытталады. Мұндай өзара «есеп айырысу» соғыс біткен соң Қазақстанның дайын шикізатының есебінен жабылады. Шикізаттың сыртқа кетуі оның экономикасын артқа сүйрейді, бұрынғы деңгейге жету үшін өте мол мөлшердегі капитал қоры керек. Алайда мұндай қаржы Қазақстанның өзінде жоқ болғандықтан да, ол аса ауыр талаптар қоятындығына қарамастан Жапониядан ұзақ мерзімдік несие алуға мәжбүр болады. Контрибуцияның есебінен несие беруге Жапония келісуі де мүмкін. Оның есесіне несиенің уақыты біткенше арзан шикізат беруді талап етеді. Алған несие Қазақстанның күйзелген экономикасын қалпына келтіруге әрең жетуі мүмкін. Бұлай «қалпына келтіру» Қазақстанның негізгі капитал қорын нығайтып, өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бере алмайды. Олай еткенде, Қазақстан өзінің капитал қорын өзі сорып, бірте-бірте толық дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан да Жапонияны өзінің шикізатымен «асырап», өзі отарлық күйге түседі. Соғыстан кейінгі Қазақстан үшін осы екі жолдың біреуін таңдауына тура келеді», – деп айтты (146 – 147 беттер) дейді Халық комиссарының орынбасары.

Республикалық Коммунистік партияның орталық комитеттерінің хатшылары мен комиссарларының көрсетінділерінің бәрі осы мазмұндас. Мен оларға бұл арада түсінік беруді артық деп санаймын. Бұл – кеңестік өкіметтің бетіне басылған қарғыс таңбасы, тарихтың әділетсіз үкімі, сенімсіз трагедия. ХХ ғасырдағы мұндай трагедия бұдан кейін де қайталанғанын еске алсақ, адамзаттың өткеннен сабақ алуға деген ықыласының құнтсыздығына өкінесің.

Тек қазақ ұлтының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов қана: «Жапония соғыс ашамын десе – оны қазақтан сұрамайды», – деп жауап беріпті.

Жоғарыда келтірілген Т.Рысқұловтың жауабындағы қай хаттаманы қаперге алған дұрыс? Қызмет бабын қызғыштай қорып жүргендегі «бас тартуды» ма, жоқ, жаны қысымға түскендегі «мойындауды ма? Араға бір ғасырдай уақыт өтсе де саяси мәнін жоймаған, Тұрар Рысқұловтың азаматтық және қайраткерлік-партиялық тұлғасын анықтайтын бұл мәселе жөніндегі Тұрар Рысқұловтың өзі берген үш жауаптың, екі «мойындаудың» қайсысына сенуге болады, қай сөзі шын? Соңғы көрсетіндісі жан қысылғандағы жалған куәлік емес пе? Бәрі де мүмкін. Жүйкесін әбден діңкелеткен тергеушілерге және олардың қалай азапқа түскенін шымылдықтың сыртынан жасырын тамашалайтын шіркеу тақуасы Джугашвилиге ызасы келгені сондай ол келесі бір сұраққа:



«Рыков: партия және үкімет басшыларына қарсы террорлық қастандықтарды ұйымдастыруға оңшылдар қатаң түрде шешім қабылдағанын айтты және маған: ең бірінші саяси бюроның мүшелері Сталинді, Молотовты, Ворошиловты, Кагановичті өлтіру керек – деді», – деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 133-бет) жауап беріпті.

Бұл жауап – жауап емес, ашынған жанның долы кекесіні немесе тергеушінің жалдаптығының «жемісі». Бұл туралы ой дамытудың өзі де тұйыққа тірейді. Өйткені бұл тергеудегі жауаптар да нақты және сенімді емес. Ал Ораз Жандосовтың жөні Тұрар Рысқұловтан көрі бөлек болатын. Ол өзінің барлық қайраткерлік жолын тікелей алаштың ұлттық идеясымен үйлестіре жүргізіп отырды. «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің жер телімі туралы ұстанымы Жетісуда толықтай жүзеге асты. Оған Түркістан республикасының жер жөніндегі мекемесін басқарған Мырзағазы Есполов пен Жетісу губерниясындағы жер жөніндегі комиссияның төрағасы Ораз Жандосовтың тікелей пәрменді ықпалы болды. Осы екі азаматтың шұғыл да батыл әрекеттерінің нәтижесінде қазақ халқы өзінің он алтыншы жылы айырылып қалған ата жұртына қайта қоныстанды.

О.Жандосовтың бұл тараптағы әрекеттері тікелей Мұхамеджан Тынышбаевпен байланыстырылып отырды. «Алашорда» қайраткерлерінің 1927-1932 жылғы тергеуінде Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов және Ораз Жандосов туралы әр адамға арнайы сұрақ қойып отырған. Демек, сол жылдардың өзінде бұл қайраткерлер астыртын бақылауға алынған. Өзгелерден бір айырмашылығы, О.Жандосов сондай бір қатердің барлығын сезе жүріп, алаш қайраткерлері туралы қиянат пікір айтпады және өзінің бұрынғы істерінен бас тартпады. Керісінше, үнемі қиын сәттерде оларға қол созып отырды. Елдің тағдырына батыл араласты. Соның ішінде: он алтыншы жылы шет ауып кеткен қазақтар мен қырғыздарды еліне қайтару үшін М.Тынышбаев екеуі сырт асып, босқындарды қайтарып, жерге орналастырды. Оның бұл әрекетін кеңестік тергеушілер: Ораз Жандосов алашорда көсемі М.Тынышбаевпен бірге Шығыс Түркістанға барып, онда алаштың шет елдегі ұйымын құрды, Жапон имперализмінің агенттерімен байланысып, оларға Қазақстанды сатып жіберуді ойлады. Кеген ауданында қызметте жүргенде соған толық негіз қалап, өзінің адамдарын қызметке қойды деген айып тақты. Ал осыдан жеті жыл бұрын, яғни, 1930 жылы М.Тынышбаев бұл сұраққа:

М.Тынышбаев (жалғасы): Жандосовпен ресми жұмыста ғана кездестім... Ташкентте бір адам жерге қоныстану туралы баяндама жасады. Оған мен, Қожанов және Аспандияров қатысты. Мен баяндама бойынша сөз сөйлеп: «Жерге ең алдымен жергілікті халықты орналастыру керек, егер де келген қоныстанушыларға жер жетіспесе олар келген жақтарына байта берсін», – жорта жауап қайырған.

Мұндағы жер реформасы туралы баяндама жасаған адам – О.Жандосов екенін емеуірінінен-ақ байқауға болады. Өйткені М.Тынышбаевтің бұл пікірін О.Жандосов тікелей жүзеге асырды. Осы тергеуде бұдан кейін М.Тынышбаев: Алматыға келгеннен соң өзінің туыстары Тұрысбековтың, Тәңірбергеновтың, Құдайбергеновтың хабарласқанын, елдің тең жартысынан астамы Қытайға жер ауып кеткенін, жүріс-тұрыстың жарым-жартылай тоқтағанын, олардың қаражат жағынан көмектесуді сұрағанын айтады. Бұл сұрақ жеті жылдан кейін «әшкереленген астыртын ұйымның мүшелеріне» де, соның ішінде Ораз Жандосовқа да қойылады. Зады үкімет мүшелерін жауапқа тартардың алдында тергеушілер «Алашорданың» тергеу ісін» бір шолып шыққан сияқты. М.Тынышбаев бас тартқан қылмысты О.Жандосов:

«Нұрмақовтан алған нұсқауы бойынша, жоғарыда баяндап өткен тапсырмаларға орай, тура осындай жұмыстарды Аламаты облысы көлемінде Әлімбаев, Тынышбаев және Есіргенов жүргізді. Нәтижесінде Әлімбаев өзінің әкесі мен қайын атасына, ал Тынышбаев – малөндірісінң алпауттары Мамановтар мен Тұрысбековтерге хабарлады, сөйтіп олар иелігіндегі малдың бір бөлігін Батыс Қытайға өткізіп жіберді... Мұқан Орымбаев: Ақсудағы көтерілісті ұйымдастырған Жылысбаев. Ал оны айдап салып, бұл көтерілісті ұйымдастырып отырғандар шет елге ауып кеткен Маманов пен Тұрысбековтер – екендігін айтты. Шындығына көшкенде бұл көтеріліс Рысқұлов пен Жылысбаевпен тікелей байланысы бар «алашордашылар» Тынышбаев пен Сүлеевтің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды», – деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, ,65-бет, 67-бет) «мойынына алды».

Осы шекаралық аймақтағы іс-әрекеті туралы М.Тынышбаев:



«Күдерин Ташкентке 24-жылы кетті. 20-21 жылдары студенттік ұйым құрылмаса керек. Оған ұйым жайын мен айтқан шығармын. Өйткені ол маған ру жағынан ең жақын адамның бірі. Әрбір мәселе жөнінде менімен ақылдасып отыратын. Орташалардың ұйымын құратындығы туралы маған ештеңе айтпады. Күдеринмен мен өткен жылы Алматыда кездестім. Шымкенттегі оқиғалар жөнінде құлағдар еткенімді бұрынғы көрсетіндімде көрсеткемін. Ташкентте тұрған кезімде Қазақстандағы жағдайлар туралы Күдеринге айтқан да шығармын. Қазақтарды жазалау, әсіресе, 1916 жылғы көтеріліс аса қатыгездікпен жүргізілді деп. Мұны айтпау мүмкін емес. Одан басқасы нақты есімде жоқ. Алматыдағы кездескен адамдармен арадағы әңгімемді бұрынғы жауабымда көрсеткенмін».

Осы көрсетіндіде аты аталған Жұмақан Күдерин Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында математикадан сабақ берген. Әкесінің соңынан арызданып, тек әкесі үшін ғана емес, мұқым алаш қайраткерлерінің ақталуына ат салысқан аз ұрпақтың бірі Жұмақан Күдериннің қызы Л.Ж.Күдерина. Аяулы азамат арудың бұл хатына Қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Тілеулиевтің өзі Ж.Күдерин туралы мәліметтің сақталмағаны туралы хабарлаған. М.Тынышбаев та: «Маған туыстық жағынан ең жақын адам еді», – дегеннен асып ешқандай артық мағлұмат бермеген. Сондай-ақ «Алматыда кездескен адамдардың қатарында» да О.Жандосовтың атын атамайды. Бұл – М.Тынышбаевтың өзінің бауырына тартқан шәкіртін барынша қорғай білгендігін байқатады. Тек Осы орайда табанды ізденуші, мұрахаттардың шын жаны күйері Болат Нәсенов аталған жинағында Ораз Жандосовтың тергеуге берген жауабында Жұмақан Күдерин туралы:



«Мен 1935 жылы ұйымның мүшесі, Қожановпен тікелей байланысты бұрынғы алашордашы Жұмақан Күдеринмен қарым-қатынасымды қайта жалғастырып, оны жұмысқа алдым. Күдерин Анненковтың бандысының құрамында қайрат көрсеткен белсенді алашордашының бірі. Қаракерей руының көсемі, Тынышбаевтің оң қолы, атаман Анненковтың құрамындағы алашордашылардың төрағасы. Анненковтың бандысы талқандалғаннан кейін: «Қытайға өтіп кетсем бе, жоқ, кеңес өкіметінен кешірім өтінейін бе?»,– деп екіойлы болған Күдерин ауылда ұзақ жасырынып жүрді. Ақыры соңғы шешімге келіп, араға кісі салып, менімен байланысты. Мен оны 1921 жылы жер реформасы тұсында ұлттық іске тарттым. 1922 жылы Күдерин Ташкентке кетті, кейіннен контрреволюциялық әрекеті үшін сотталды, жазасын өтеген соң, 1935 жылы маған келді», –деген (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 75-бет) пікірі келтірілген.

Өкінішке орай қандай қызметке алғанын атап көрсетпеген.Жазасын жаңа ғана өтеп келген адамды қызметке алуы – ол жылдары асқан батылдық саналатын. Бұл екі азаматтың аға буыны М.Тынышбаев:



«Мені бандитизммен айыптау тым ұшқарылық. Өйткені мен ешқашанда бандиттікпен айналысқан жоқпын. Ал Үлкен Алматы округіндегі матайлар мен қаракерейлердің қозғалысына келсек, бұл әйтеуір рулас екен деп жорта айтқандық. Олардың қозғалысы мен шекара асып кетуіне менің қатысым жоқ. Мұны қалай түсінесіз, оны өзіңіз біліңіз», – деп. жауап берді.

Ал Ораз Жандосов бұл айыптардың бәрін мойындауға мәжбүр болды. Яғни, бүкіл Алматы облысын «Жапон имперализмінің қарауына өткізіп беруге» дайындық жүргізген. Әрине, ол үшін «жасырын әскер» де жасақтаған. Бұл оқиға да М.Тынышбаевпен байланыстырыла тергелген.

Оның мәнісі мынадай. Тергеушінің 1930 жылғы 1 қазан күні М.Тынышбаевқа қойған сұрақтары негізінен оның осы 1918–1920 жылдар арасындағы «Алашорданың» тең төрағасы және әскери кеңестің мүшесі ретіндегі атқарған қызметін қамтыды. Соның ішінде атаман Анненковпен майдан шебіндегі кездеселуеріне баса тоқталды. Жетісудың орыс, қазағын қан қақсатқан қанқұйлы ағайынды Мамонтовтардың 10 мыңдық партизанына қарсы соғысқан алаш жасағына М.Тынышбаев қару-жарақ, киім, азық-түлік апарған. Ол кезде «Алашорданың» Шығыс бөлімінің әскері кеңес өкіметі жағына шыға қоймаған кезі. Біз тым ұзақ әрі шұбалаңқылау баяндалғандықтан да, тергеудің жауабын мазмұндап қана береміз:

«ІІ. 1919 жылы тамызда Семейді тастап, туған ауылыма, қалың найманның ішіне келдім. Сергиопольде Салық Аманжоловқа: кеңес өкіметінің «Алашордаға» кешірім жасаған Декреті шыққанын, Байтұрсыновтың кеңес өкіметі жаққа шыққанын, осыны ескеріп, ақтар шегіне қалса, шығысқа емес, батысқа бет алуын тапсырдым. 1919 жылдың қазан – қараша айларында Мырзахан Төлебаев пен Базарбай Маметовті шақырып алып, солтүстікке қарай аяқ баспауды, қызылдарға елші жіберуді тапсырдым. Талдықорғанға Алдаберген Үмбетбаев барып, тапсырманы орындады. Күдерин 1919 жылдың қарашасында (әлде желтоқсанда), Үмбетбаев 1919/1920 жылдың желтоқсан/қаңтар айында кетті. Бұрынғыны қайталап жатпас үшін бұдан ары шұбатып жатпайын».

Атаман Анненковтың «адамның бас сүйегі мен айқастырылған адам жілігінің суреті салынып, «С нами БОГ» деп жазылған жасыл ту көтерген казак жүздіктері ыдырай бастағанда, сол тудың екінші бетіне жарты ай мен жұлдыздың суреті салынған, бас киімдеріне ақ жолақ таққан алаштың Сергиополь жасағы майдан өтінде қалды. М.Тынышбаев пен О.Жандосовтың ықпалымен 29 науырызда 2 және 3 қазақ полкі кеңес өкіметі жағына шықты, сөйтіп, қызыл армияның қазақ атты полкінің негізін қалады.Жалпы «Алашорда» әскерінің майданда табанды түрде бетпе-бет соғысқан тұрақты құрамасы осы жетісулық жасақтар. Бұлар қан майданды кеше отырып, кеңес тұсында М.Тынышбаев пен О.Жандосовтың күш-қайраты нәтижесінде қысымға ұшырамай, қызыл қазақ атты әскер полкін құрды.

Міне, Ораз Жандосовтың бұл әрекеті: «Алашорданың» армиясын М.Тынышбаевпен астыртын келісе отырып, құпия түрде қызыл армияның қатарына өткізіп жіберді. Кейін сәті келгенде шет елге кеткен Анненковтың армиясымен қосылып, кеңес өкіметіне қарсы іштен қарулы көтеріліс ұйымдастырмақ болған – деген айып тағылған.

Бұған мына оқиға дәлел. Жоқты – идеяға, барды – тәргіге айналдыру большевиктердің ең қуақы саясаты болатын. Қазақ зиялыларына «троцкиіл» деген айдар таққызып, қасірет әкелген Троцкийдің Алматыда уақытша жер аударылып келуіне қатысты мына бір оқиғаны да назарға іле кеткенді жөн санадым. Өжет те батыл, өткір тілді «орыс пен татардың қолбасшылығындағы қазақ полкінің» (өз сөзі) командирі Байкен Тыштыбаев бірде газет тігінделерін тиеп жүріп: «Кеңес мәдениеті жеңіл келеді, сондықтан да көтіңмен басып отырмасаң аспанға ұшып кетеді», сондай–ақ: «Қазақ полкін басқаратын қазақ туған жоқ», «1929 жылға дейінгі мал санын қалпына келтіру үшін үш немесе одан да көп бесжылдық керек», – деген сөздері үшін жауапқа тартылыпты. Оның үстінен кейін «намысты полковник» атанған Ә.Баймолдин көрсетінді жазған екен. Байкен Тыштыбаев 1937 жылы тергеушілерге:



«1928 жылдың аяғында, не 1929 жылдың басында (бұрынғы командирі – Т.Ж.) Бейсенбаев: «Троцкий қызыл армияның қолбасшысы әрі көсем, еңбегі сіңген адам, сәлем беріп шығайық», ұсыныс жасады. Троцкий бізге: «Сендер жас бала емессіңдер, сондықтан да мені контрреволюционер деп жариялағанын білесіңдер. Енді сендерді жауапқа тартуы мүмкін», – деп ескертті», – деп жауап беріпті .

Оның айтқаны расқа айналып, іле Байкен Тыштыбаев бажасы Т.Рысқұловпен, Н.Нұрмақовпен, Ұ.Құлымбетовпен, С.Қожановпен, О.Жандосовпен бірге «троцкищіл, герман жапон барлау қызметінің агенті» ретінде қосақталып, бәрі де атылып кетті.

Сөйтіп, Троцкийге берілген сәлемнің құны бір емес, ондаған адамның және оның ішінде ең тұздықты қазақ қайраткерлерінің өмірімен өлшенді. Ол да болса заман үкімі.

Мұның барлығы, әрине, қатыгездік пен қинаудың нәтижесінде алынған мәліметтер. Аталған мақалардың бірінде ақын Сәкен Сейфуллинді әшкерелеп жазған, кейін өзі де айдалып кеткен бір Отағасы сексен алтыншы жылы маған:



«Мұны таспаңа (магнитофонға) жазба. Есiңде жүрсiн. Кiм бiледi, көлеңкемiз қысқарып келедi... Тергеу камерасында жатқанымда қасыма бiреудi әкеп қосты. Өскеменнiң омарташы орысы екен. Ол да ұзақ жатыпты. Жөн сұрастық. Сонда Сәкендi (Сейфуллинді) есiне алды... Менен бұрын сол кiсiмен бiр камерада болыпты. Ол: «Мен өзiм орнатқан өкiметтiң жауы емеспiн», – деп ұзақ қасарысыпты. Бар қорлыққа шыдапты. Бiр күнi тергеуге кеткен Сәкен кiрiп кеп: «Мен бiттiм, төзбедiм қорлыққа!», – деп айғайлап сөйлеп, төсекке етпетiнен жата кетiп, солқылдап жылапты. Талай қыспаққа салғанда қайыспаған Сәкеннiң морт сынуына сенбеген омарташы себебiн сұрайды. Сонда Сәкен: «Бәрiне шыдар ем ғой. Жас ұрпақты бiзге қарсы қойғанына қалай шыдармын. Орындыққа отырғызып қойды да, қазақтың екi жас баласын алып келiп, екеуiне екi құлағымды создырып: «Ой, әкеңнiң аузын... Сейфуллин, ой шешеңдi... Сейфуллин! Сен халық жауысың!», – дегiзгенде шыдамадым. Қорлық қой. Олардың көзiне жексұрын боп көрiнгенше өлгенiм жақсы – деп қағазына қол қойыпты», – деп құпиялап айтты.

Намысты азамат үшін, ұлт ұланын ойлаған ақын үшін, әке үшін бұдан асқан қандай қорлық пен мазақ болуы мүмкін. Андре Моруаның: «Кез келген билеушi үшiн ең қауiптi адам – жазушы», – деуi де сондықтан.



Мағжанның тарихшы Қ.Алдажұманов ғылым айналымға түсірген 1937 жылы 21 мамыр күні Халық комиссарлар кеңесінң төрағасы О.Исаевқа жолдаған төмендегі «Ашық хаты» бар. Онда:

«ҚазСС Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы жолдас Исаевқа Жұмабаев Мағжаннан (Алматы қаласы, Лесная, №89 (Киров, 103)

АШЫҚ ХАТ

Мені, контр-революциялық алашордашыл қайраткер ретінде және төңкерісшіл ұлтшыл жазушы ретінде социализм құрып жатқан қазақ еңбекшілерінің ортасынан пролетарлық өкімет әділ шеттеті, сондай-ақ қазіргі уақытта мені социалистік қоғамнан аластатып ұстағаны да өте дұрыс.

Біраз уақыт еңбекпен түзету мекемесінде болған кезімде, өзім тікелей атсалысқан социалистік алып құрылыстарда оның ізгі ықпалын сезіне отырып, кеңес мемлекетінің еңбекпен түзету саясатының әлемдегі бірден-бір ең сенімді және дұрыс саясат екеніне көзім жетті, сондықтан да мен өзімнің идеялогиям мен бүкіл қоғамдық-әдеби жұмыстарымды қайта тексеруден өткіздім, сөйтіп, барлық қоғамдық-әдеби қызметімде мен ұстанып жүрген және басшылыққа алып жүрген ұлтшыл-алашордашыл идеологияның сөзсіз реакцияшылдығына және сатқындық қылмыс екеніне бүтіндей сендім, ұлтшыл-алашордашыл идеологияның және алашордашыл ұлтшылдардың барлық сатқындық әрекеттері қазақ еңбекшілеріне және бүкіл социалистік отанға дұшпандық қылмыс екеніне көзім жетті.

Осы тексерісімнен, осы ұстанымымнан кейін өзімнің өткендегі барлық іс-әрекетімді, қоғамдық және әдеби қызметтерімді айыптай отырып, өзімнің қылмысты өткенімнен, ұлштшылдықтан, ұлтшыл-алашордашылардан мүлдем және мәңгілік қол үземін, сөйтіп, қалған өмірімді ешқандай бұлтарыссыз тұтастай социалистік қоғамға сенген азаматы ретінде, социалистік Отанның сенімді ұлы ретінде социалистік қоғамға қызмет етемін деп шештім.

Осындай асыл арманмен, осындай бірегей мақсатпен мен осыдан бірнеше ай бұрын, тиісті мекемелердің рұқсатымен, таңғажайып өркендеу үстіндегі Қазақстанға келдім, қазақ еңбекшілерінің гүлденген өмірі менің және барлық ұлтшыл-алашордашылардың іс-әрекеттерінің сатқындық қылмыс екеніне толықтай көз жеткізді, сөйтіп өзімнің өткендегі контрреволюциялық ұлтшылдығымды және ұлтшылдарды революция мен социалистік отанға, қазақ халқына дұшпандықдеп санап, олармен екіарамды ешқандай бұлтарыссыз және мәңгілік ажыратқанымды, аса ауыр қылмыс жолынан толықтай арылуға бет алғанымды, Отанның адал ұлы ретінде қайта түлегенімді, сол үшін қалған өмірімді социалистік отанға қызмет етуге арнайтынымды мәлімдеймін.

Бұл мақсатымды мен Сізге – кеңестік Қазақстанның Үкімет басшысына, бақытты өмір құрып жатқан мұқым қазақ халқына ашық, шын жүрекпен және бұлтартпас сеніммен мәлімдейтінімді осы хат арқылы Сізге жеткізе отырып, менің өзімнің қайта түлегенімді, қайта түбегейлі шыңдалғанымды, социалистік отаныма шынайы берілгендігімді іс жүзінде, шығармашылық жұмысымда, соның ішінде әдеби шығармашылық қызметімде дәлелдеуім үшін (еңбектерімнің) Қазақстанда жариялануына, сол арқылы ұзақ уақыт бойы қылмысты реакциялық жолға, қазақ контрреволюцияшыларына қызмет еткен қаламымның кеңестік еңбекпен өтеу саясатының ықпалымен қайта шыңдалып, қайта тәрбиеленгеннен кейінгі социалистік отанға адал және өнімді еңбек етуіне мүмкіндік берулеріңізді өтінемін.

Менің шығармашылық жұмысымның соңғы үлгілері ретінде үш өлеңді осы хатпен қоса жолдап отырмын.

Сонымен бірге, дәл қазіргі кезде кеңестік-еңбекпен түзету саясатының әлемдегі ең дұрыс ұстаным екенін көрсететін жаңа тақыпты көркем түрде игеру ісіне кіріскеніме Сіздің және мұқым социалистік қоғамның назарын аударамын, бұл поэмада екі қазақтың – тұрмыстық қылмыскер қазақ пен қылмыскер-ұлтшыл қазақтың өмірі, тәрбиеге көнетін және көнбейтін атышулы халық жаулары мен қоғамның шірінділерінің тәрбиелену жолы жарыстырыла суреттеледі. М.Жұмабаев. 21 май, 1937 жыл», деп (Қ.Алдажұманов, Ақынның соңғы үміті. «Қазақ әдебиеті». 21.08.1992) жазылған.

Бұл «Ашық хат» туралы не айтуға болады? Естайдың:

«Жалғанды жалғамалап әркім жүр ғой,

Қысқа жіп келмеген соң күрмеуіне», –

дегені сияқты, «жалғандықпен жалғанған көңіл жібі» болса керек. Бәрі де түсінікті. Кімнің абақты мен концлагердің есігін қайтадан ашқысы келеді дейсің?

Бірақ Мағжан ашпасам деген есік тағы да ашылды, ашылған жоқ, ашқызды. 1937 жылы желтоқсанның 31 күні кеште Мағжан Жұмабаев екінші және соңғы рет ұсталды. Ш.Елеукеновтың зерттеуі бойынша, Мағжанды тұтқындау туралы №1445 ордер 1937 жылы 27 желтоқсан күні жазылыпты. Осы арада ескерте кетеріміз, Мағжанды тіміскілеткен не тұтқындаған, біз танысқан Ахмет Байтұрсыновтың ісіне де қатысы бар тергеушілердің бірі – Қазақстанның бірінші басшысы, екінші – қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары, үшіншісі – Ішкі істер министрі, төртіншісі – төбе би болды. Солар қызмет басында тұрғанда бұларды ақтау туралы мәселе қозғаудың қандай нәтижемен аяқталғаны түсінікті. Олардың үрім-бұтақтарының өтініші бойынша аты – жөндерін қағыс қалдырдық. Ол үшін бізді жазғырудың да жөні болмас.

Арлы, намысты азаматтар осындай қорлаудан бас тартып, ешкімге зиянын тигізбей, өзін-өзі әшкерелеген. Мағжан да сол жолды таңдағанына оның 1938 жылы 6 қаңтар күні КССР ішкі істер халық комиссариатына қарата жазған жазған Мәлімдемесіндегі:



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет