Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуының негізі” атты Жобасына сәйкес дайындалып, Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Рецензенттер: С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 6.78 Mb.
бет28/33
Дата02.04.2016
өлшемі6.78 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»

«ҚИЛЫ ЗАМАН» ЖӘНЕ АЛАШ ИДЕЯСЫ
«Бір ел – бір кітап» атты жалпыхалықтық оқылымға ұсынылып отырған Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» тарихи әфсанасы – алаш ұранды ұлтты ойландыратын ұлы шығарма. Өйткені ол қазақ елінің жегісін жеген тарих трагедиясын көркем ой трагедиясына көтерген, алаш нысаналы тағдырлы туынды. Біз бұл шығарманы ұлт назарына ұсыну арқылы жамиғи жұртымызды елдік идеяға иітіп, бір мақсатқа жұмылдыра аламыз. Сол арқылы біз кітаптан қол үзіп бара жатқан бүгінгі ұрпақты туған халқының аса тауқыметті тағдырымен таныстырамыз. Сондай-ақ, қағаз бетіне қарау-қарамауы неғайбылдау ертеңгі ұрпаққа да ескерту жасаймыз.

Өйткені, «Қилы заман» әфсанасы күліп отырып емес, күрсініп отырып оқитын тағдыр мен тарих тәпсірі. Өйткені, Шыңғыс Айтыматов дәл тауып айтқандай, «сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет-қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы шығыс әдебиетінен ғана емес», батыс әдебиетінен де кездестіре алмайсыз.

Ұлы көркем ой иесінің өзі өмірінің «ант мезгілінде»: «Осы бір дүниені жаным қаншама азаптанып, қинала отырып жазғанымды білесіз бе, сезетін шығарсыз деп ойлаймын, қазір қазақ халқының қаншалықты тұңғиық түбінен бас көтеріп, бой жазып шыққандығын ойладыңыз ба, оны ойлаудың өзі соншама қорқынышты» – деп шіміркене еске алуы тегін емес. «Қилы замандағы» тарих трагедиясын ұмытпауды өсиет ете қойған оның бұл сауалын дәл қазір өмір сүріп отырған, тіпті, осында тыңдап отырған әр қазаққа қарата қоюға болады.

Өйткені Мұхтар Әуезовтің дүниеден өтерде қойған бұл тағдырлы сұрағына әлі жауап қайтарылған жоқ.

Ленинград қаласының Васильев аралындағы пәтерінде, көрші бөлмеде тұратын қазақ ұлтының көсемі Әлихан Бөкейхановтың демін сезіне отырып жазған отыз жасар жігіттің халықтық жоқтауындағы ол өксік – бүгін де арылған жоқ, олардың қабырғасын қайыстырған қасіреттің дауасы – бүгін де толық емделмей отыр, оларды алаңдатқан қауіп – бүгін де толық сейіле қойған жоқ. «Қилы заманды» оқып отырып көшпелі қазақ, қырғыз халқының арғы-бергі тағдырын төбе құйқаңыз шымырлай отырып еске аласыз. Ш.Айтматовтың пікіріне жүгінсек, мұндағы тарих тауқыметіне ақпан мен қазан төңкерістері тосқауыл қоймаса, «мүмкін сіз бен біз бүгін болмас па едік», кім білсін.

Иә, «Қилы заманда» ұлттың не өмір сүруі, не жойылуы, не туған жердің топырағында қырылып қалу, не жат жерге жылыстап қоныс аудару мәселесі көтерілді. Сондай ауыр да қасиетті тарихи шындықты Мұхтар Әуезов алаш идеясымен суара отырып, әлемдік кеңістіктегі көркем шындық деңгейіне жеткізді. Мұндағы тарихи және көркемдік нысаналардың қазақ ұлтының тағдырымен тістесе тамырласып жатқандығы сондай, ондағы суреттелген тағдыр тауқыметін бүгінгі күннің шындығынан мүлдем ажырата алмайсыз. Кеңес кезеңін былай қойғанда, мұндағы көтерілген тарихи-көркем трактовкалар.тәуелсіздік тұсында да шеменді күйінде қалып отыр.

«Қилы заманда» суреттелген алаш идеясы және оның мемлекеттік басты бес идеясы қазір де өмірлік күшін сақтап, шешуін күтіп отыр. Қазақтың жерін жоқтап, елін түгендеп, құтын құттаған, тілін тұщытып, иманын үйірген, салауат пен ғадауатқа шақырған «Қилы заман» сияқты шығарма қазақтың көркем ой әлемінде жоқ. Тарихи шындық ретінде, оның қайталанбауын аллададан тілейміз, бірақ оны өткен өмірдің ақиқатымен салыстыра қабылдауға міндеттіміз.

Алаштың басты идеясы – жер, жер және жер. Өйткені жерсіз отан жоқ. Жерсіз ұлт – күн көріс тамырынан айырылған жетім ұлт. Сол сияқты «Қилы замандағы» эпостық трагедиялық ауқым мен орасан екпінде бейнеленген басты идея да – Жер және жер. Сол жер үшін күйінген жұрт өкілі Тұрлықожа Айттөбедегі анттасудың тұсында Ақжелкеге:



«Жерді алды, қонысты алды. Күн көріп отырған суды алды. Өз жерімізді өзімізге сатты, біз өгей баладай болдық. ...Әділмін деген патшаның бір сөзінде тұрмай, екі айтқанына ел көптен наразы болатын. Бүгін мына солдат деген сөзді шығарып, тағы жалған сөйледі. Бұл күнге шейін түзелер, оңдалар деп күтіп еді, енді түзелмейтініне көз жетті. Елдің шыдамын тауысты. Бұдан арыға шыдай алмаймыз..» – деп шамырқана зіл тастайды.

«Қилы заманда» көтерілген алаштың жер туралы идеясы тәуелсіздік алған соң да шешілген жоқ. 1991-2001 жылдардың арасында Әуезов айтқан қиялдың мұнары айығып, шынайы дидары көрінгендей еді. Аяқ астынан тура «Қилы замандағының» керін тағы құштық. Тағы да тура «Қилы заманда» ««Жерді алды, қонысты алды. Күн көріп отырған суды алды. Өз жерімізді өзімізге сатты, деп жазылғандай, жерді сатты. Кім сатты? Жерді саттық.Кімге саттық? Өз үйімізді саттық, айналып кеп өз үйімізді өзімізге сатты. Жерге кім ие болды? Әйтеуір қазақ емес. Жер кімнің қолында қалды? Лужковтың ба, Терещенконың ба, Кулагиннің бе, Мадиновтің бе? Жерсіз қалған кім? Тағы да қазақ.

Демек осыдан сексен жыл бұрын «Қилы заманда» көтерілген бұл тарихи-көркем шындық, бүгінгі күнде өмір шындығы ретінде қалып отыр.

Алаш идеясының екінші бір тарлауытты тамыры – жер байлығы болатын. Ол идея бойынша жердің үстіндегі, астындағы, аспанындағы қазынаның барлығы да қазақ халқының мұқтажы үшін игерілуі тиіс еді. «Қилы заманда» бұл байлықты кімнің игеріп жатқанын:



«Саудагердің иісшіл тұмсығы бұл елдің ортасын ерте күннен таңдап алған...Сауырынан басып жүріп, семізі, момыны, тәттісі осы болатынын жақсы білген, әдемі таныған...Бай. момын елдің мол денесі обырдай обып жатқан қомағай ұртқа бойындағы тәтті дәмдісін иігендей төсеп жатыр. Ақ шелегі төңкеріліп түскендей ақтарылып, сүйсінгендей мекірене түсіп, сүтті желінін кергіге беріп тұр...Саудагер сомасы қазақ даласына құда түсіп, құйрық, бауыр асап, ауызы қанданып, қолы майланып, жонданып тұр. Сібір, Түркістан, Қашқар, Қытайдың атырабындағы талай-талай үлкен қалаларда жарқыраған үлкен магазин, қатарланған мол сома, шалқыған байлық иесі болған саудагер байлар болса – бәрінің бұл мырза құйрықтан ауыз тимегені жоқ. Мол емшекті бір сорып кеткеннің өзін де де жерден алтын қазғандай күреп әкететін» – деп сондай бір сүйсіністі кекесінмен суреттейді.

Осы өмірлік шындықтың бүгінгі өмірлік шындықтан еш айырмасы жоқ. Тек көмейлілердің кеңістігі кеңейген, адресаттары мын тұрған Түркістан мен Сібір емес, Сеул, Брюссель, Калькутта, Лондон, Иерусалим, Мадрид, Техас, Рио де Жанейро, Шанхай, Коста Рика... Сол сияқты «алтынды күреп әкетіп жатқан жоқ», состав составымен жұтып жатыр. «Қилы заманда» қазақтың байлығын «еміп отыр» десе, енді ел емшегін де, жер емшегін де қаната кеміріп, қазып, үңгіп, бауырын тіліп жатыр


«Қилы заманда»: «Күн көріп отырған суды алды» – деп «момын албандар» бұлақ басынан айырылғанына ренжісе, біз Сырдария мен Ертістің тамшысын таңдайымызға тамызғанымызға тәубәшілік етіп отырмыз. Өзге түгілі қырғыз бен өзбектен суды сұрап ішетін болдық. Ал, басын дауласаң – қайыс ноқта, аяғын дауласаң – темір ноқта қыспаққа алатын Ертіске еркіміздің жүрмейтіні айдан анық.

Ай демекші, «Қилы замандағы» Жәмеңке абыздың: «Ай туар жақтан Ай қалқан бізге, Күн туар жақтан Күн қалқан бізге!» – деген толғауындағы Аспан мәселесін бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, иелігіміздін құнын келмеске кеткен «Казсатпен» де өлшей алмайтын болдық. Оған қазір халық арасында айтылып жүрген:

Братанды да ұмыт,

Протонды да ұмыт,

Бір Отан болайық! – деген өлең толық жауап береді ғой деп ойлаймын.

Осы үш жолда шынымен де халықтың ызалы әжуасы бар. Шындығында да бізге, «Қилы замандағы» ұлы идея – бірлік керек. Ел ішінен жау іздегендей болып, өзіне-өзі оппозиция іздеп, өз ішінен өзі оппозиция сайлап, ерігетіндей ұлттық тұтастыққа әлі жете қойған жоқпыз Демек, бұл ретте де «Қилы заман» өзінің көркемдік жағынан ғана емес, тарихи–саяси мағынасын жойған жоқ.

Алаштың төртінші идеясы тіл мен иман, азаматтық, елдік қасиет пен рух болатын. Мұхтар Әуезов Оспан тілмашқа мінездеме бере келіп:

«Бойға сіңген дағды бойынша қызметке қызметке кіріскеннен бергі көздеген нысана – мал мен атақ, жылы, жайлы орын табуға ғана арналғандықтан, бұнда да сырт көрініс болмаса, ішінде құралған негізді пікір, бағыт жоқ еді. Ел қамы, көп мұңы дегеннен, « Қалың жұрт тұрмысына жайлы, жайсыз болар ма?» – деген сұрақтардан бұның басы да, жүрегі де аман болатын әйтеуір!» – деп суреттегеніндей, құдайға шүкір, ел, тіл, дін деген мәселелерден біздің деніміздің деніміз таза.

Әкенің сөзінен баласы бас тартып туған заманға кез болдық.: Әкесі: «Ел болайық!» – десе, баласы – «Қазақстан – болайық» – дейді. Әкесі: «Қазақ мемлекетін құрайық» – десе, баласы – «Азаматтық қоғам құрайық» – дейді. Әкесі:«Алматы» – деп жазса, баласы: «Алма-Ата» – деп атайық деген күнге жеттік.

Міне, «Қилы замандағы» бұл мәселе де әлі ұзақ жылдар бойы көркемдік құнын ғана емес, тарихи миссиясын да сақтап қалатын жайы бар.

1921 жылғы Бүкілқазақтық екінші құрылтайда Смағұл Сәдуақасов пен Мұхтар Әуезов ашаршылыққа қарсы арнайы жиын өткізіп: «коммунист – колонизатор» деген термин енгізіп еді. Құдайға шүкір, дәл қазір колония да, колонизатор да жоқ. Бірақ рухани колонизаторлықтан әлі құтылғамыз жоқ. Ол колонизатор біздің өз ішімізде, ол – осы отырғандардың әр қайсысының көрші – қолаңдары, ересегі емес – ергенектісі. Өз басымнан мысал келтірейін. Осыдан он бес күн Алматыдағы Бағанашылдағы менің саяжайымның ауласында ойнап жүрген көршімнің 5-6 жасар колонизатор баласы маған: Соңғы №№№ Тәуелсіздіктің 17 жылына №№№ алты жасара орыс баласы №№№№№№

– Ей, ты... Почему на русском языке не говоришь. Я Вас не понимаю! – дегені.

О, Алла! Дымым шықпай қалды. Әкесінің мінезі қатал еді, қолы бата тиер деп үндемедім. Ал осылай тәлім беріп отырған шешесіне не бетімді айтамын.

«Қилы замандағы» Жәмеңке абыздың: «Ұрпағыңның ұрпағына аманат албан баласы!» – деген өсиеті есіме түсіп, ішімнен:

– Иә, мен колонияда өскен адаммын. Оның менен талап етуі орынды. Тек ол бұл талапты немереме қоймаса екен! – деп тіледім.

Демек, «Қилы заманда» көтерілген рухани бостандық мәселесі туралы көркемдік шындық, біздің өміріміздегі өмірлік шындық ретінде өмір сүріп отыр.

Рухани бостандық – ұрпаққа аманат қалдырумен шешіле қоятын оңай мәселе емес.

«Қилы заманда» жеріне жете суреттелген жаппай жазалаудың құрбандары туралы айтпай –ақ қояйын. Тек сіздердің назарыңызға архивтегі мына деректі ұсынамын.

1916 жылы 16 октябрьде мәртебелi ағзам, Түркістан аймағының генерал-губернаторы, генерал-адъютант А.Н.Куропаткин мырзаның төрағалығымен өткен кеңестiң протоколы:



Қаралған мәселе:

1. Ереуiлге шыққан қазақ-қырғыздарды Ыстықкөл, Пржевальскi мен Пішпек уезiндегi Кеген және Шу жазығынан, Жаркент уезiнiң Текес және Шалкөде су жазығынан ығыстырып, қоныс аударту туралы.

2. Ығыстырылған қазақ, қырғызды Нарын аймағына қуып тығып, дербес Нарын уезiн құру туралы.

3. Ереуiлшi қазақ-қырғыздар қуып шығарылған жерге таза орыс мекенiн орналастырып, дербес Пржевальскi уезiн құру туралы.

4. Верный уезiне әскери казактарды орналастыру туралы.

Кеңеске мына адамдар қатысты: Жетісу әскери-генерал губернаторы М.А.Соколов-Соколинский (Фольбаум – августiң екiншi жартысында өзiне осындай жаңа ат қабылдады. “Сұңқардың сұңқары” бұл есiмнiң қызығын көрмей, бiр айдан соң өлген. – Т.Ж.), Мемлекеттiк қазына басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Жетісу облыстық қоныстанушылар мекемесiнiң меңгерушiсi В.А.Гончаревский, оның көмекшiсi Д.В.Антонов, Жетісу әскери басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Н.С.Шербаков, әскери агроном В.Ф.Баудерь, әскери басқарманың кеңесшiсi мiндетiн атқарушы Д.Н.Соловьев, Жетісу қоныстанушылар ауданының инженер – гидротехнигi Е.А.Смирнов, казактарды жерге қоныстандыру жөнiндегi інженер-гидротехник В.П.Епанчеников, қоныстанушылар басқармасының меңгерушiсi А.Л.Бурыгин, казактарды жерге орналастыру жөнiндегi ұйымдастырушылар М.Ф.Войшвилло, Н.Н.Теплов және әскери жер өлшеушi В.Г.Рунков.

1. Қазақ-қырғыздарды Ыстықкөл және де басқа аудандардан ығыстырып шығару туралы картаны мемлекеттiк Қазына басқармасының мiндетiн атқарушы талқылауға ұсынды. Масштаб – бiр сантиметрге он верст. Онда ереуiлшi қазақ-қырғыздың пайдалануындағы қыстауы мен жайлаулардың шекарасы ауыстырылатын шаруашылықтың саны көрсетiлген.

Картаны қарағаннан кейiн Мәртебелi Ағзам генерал-губернатор: “Орыс әскерiнiң қаны тамған жердiң бәрi қазақ-қырғыздардан тартып алынсын” деп жарлық бердi. Мемлекеттiк қазына басқармасы бастығы мiндетiн атқарушының жасаған картасын Мәртебелi ағзам: “Мүлдем дұрыс емес, қазақ-қырғыздардың қоныстанушылармен арасындағы шекара этнографиялық жағынан ғана емес, географиялық жағынан да бөлiнiп, дербес тұруы керек. Ыстықкөлдiң солтүстiк жағалауындағы биiк шыңдар арқылы ажырату керек. Сондай-ақ, Жаркент уезiнiң Албан руының барлық жерiн, Текес өзенi жағасындағы жазықты, Шалкөде су өзегiн және Қарқара жайлауын, сонымен қоса Пішпек уезiндегi Кеген мен Шу жазығының бөлiктерiнен ереуiлшi қазақ-қырғыздан тазарту керек”,- деп жарлық еттi...”

2. Кеңес – босаған жерге 5 казак станицасы салынсын деп шештi... Текес пен Шалкөде су жазығына Қытаймен екi ортадағы шекараны күзету үшiн керек деген ылаумен тек қана казак әскери жүздiгi орналастырылсын. Ондағы... қоныс аударушылар казак жүздiгiне кiрмесе, басқа жерге ауыстырылсын... Осыған байланысты. ...Жаркент уезiне қарасты Текес, Шалкөде су жазығы мен Ыстықкөлдiң жағалауына шоғырланған тек қана орыстардан тұратын ерекше Пржевальскi уезi құрылсын... Екi приставқа бөлiнсiн...”

Бұл мәжiлiс аяқталғаннан кейiн 4 күннен соң Жетісу облыстық әскери губернаторы, генерал-лейтенант Соколов-Соколинский (Фольбаум – Т.Ж.) мынадай бұйрық шығарды: “Аймақтың ең үлкен ұлығының ерекше нұсқауына байланысты көтерiлiс кезiндегi... шығынды ереуiлшiлерден тартып алынған заттарды сату арқылы толтыру керек. Оған мыналар жатады: киiз үйлер мен там үйлердiң барлығы, қыстаулар, орман-тоғай, егiн, шабылған шөп, орман шикiзаттары, т.б. бәрi-бәрi... Мұндай заттардың мөлшерiн, бағасын анықтап, сату үшiн Верный, Пішпек, Пржевальскi және Жаркент уезiнде “1916 жылғы көтерiлiс кезiндегi шығынды жабу және оның мөлшерiн анықтайтын облыстық комитет құрылсын.”

Міне, бұл “Қилы заманда” айтылатын “облыс әкiмдерiне тапсырылған бұйрықтың орындалу жайы, кәрi жандаралдың жарлығы.

Ал осы Куропаткинге өткен жыл ескерткіш орнаттық. Оған Жетісу мен Түркістан казактарының әскері, атамандары, дін басы, Ресей елшісі қатысты. Таяудағы «Жас алаштың» хабарына қарағанда енді қылышын жалаңдатып, қаруын сайлап жатқан көрінеді.

«Қилы заманда» осындай қорлыққа көнген тілмәшті Мұхтар Әуезов:

«Сол бетпен қара жолмен келе жатып, жәрмеңкеден бес-алты шақырымдай жер шыққанда жол жанында сұлап жатқан көп кісінің өлігін көрді. Әр жерге әр қайсысы шашылып, әр күйде жығылған екен...Осылардың жанынан жемтік жағалаған бұралқы иттей болып: ой, адамшылық бұралқысы – тілмәш өтті...Мыналарды қырып салған ұлықтың артынан сүмеңдеп кетіп бара жатқан – албан баласы, білім бар оқыған қазақ» - деп кейіп баяндайды.

Ал сол Куропаткинге ескерткіш қойған бізді Мұхтар Әуезов қалай суреттер еді?

Бұл сұраққа жауапты әркімнің өзі берсін.



АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ «МЕН – ҚАЗАҚПЫН!» СӨЗІНІҢ АСТАРЛЫ МАҒЫНАСЫ
Ақынның ойын саралау – марапат қана емес. Ол – ой саралау. Бұл орайдағы ойымды, мүмкін түсінікті, мүмкін түсініксіз жеткізермін, бірақ Жұбан Молдағалиевтің шығармалары туралы сөзді де соған орайластыра құрғым келді. Қалай дегенмен де, «Кісен ашқан», «Мен – қазақпын», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» сияқты алаш идеялы туындыларды дүниеге әкелген қуатты талант иесінің ақындық «мені» туралы пікірімді түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.

Ұлттық мақтаныш – ұлттың өмір сүруінің салтанатты және намысты кепілі. Ол Абай айтқан: «Бұл мақтан – қай мақтан?» – дейтін мақтан емес. «Аспанда – Тәңір, жерде – Ұмай, ортасында – түрік бүтіні тұрғанда... мен болмасам» – дейтін ұлы аңсарлы мақтан. «Мәңгілік ел» идеясының мәңгілік ұйытқысы. Көркем ойлау жүйесінің мәйегі. Ал көркем ойлау мен көркем қабылдау деңгейіне жетпеген ұлт – рухани жетім ұлт. Бұл реттен алғанда әлдиден бастап жоқтауға дейін, тал бесіктен – жер бесікке дейін көшпелілердің санасын тербеткен көркем сана оның өмір сүру салтына айналды. Соның нәтижесінде рухани тәуелсіз болып өсіп, жерін басқызса да кеудесін басқызбады.

Билер өтті, би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буңыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлт болған Айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кауірдің,

Арасын бұзып дінді ашқан

Сүйініш ұлы Қазтуған!, –

деген Сүйінішұлы Қазтуған жыраулар «Мен!» деген сөзді – ұлттық мақтаныш, намыс, теңдік, елдік, бас азаттығы сияқты биік деңгейде қолданды. Ол:

Ала балта суырысып,

Тебінісіп келгенде,

Тең атаның ұлы едің!

Дәрежеңді артық етсе,

Тәңір етті!,-

дегенінен байқалып тұрғанындай, жыраулар толғауындағы «мен» ұғымы – ұлттық тәуелсіздіктің, тектік теңдіктің, намысты мақтаныштың нысаны болды.

Бұқар жыраудың, Ақтанбердінің, Мұрынның, Дулаттың «зар заманы» тұсында да сол ұлы сарын сақталып қалды. Алайда заманның өзгерген бетіне сай «меннің де» ауаны тарылып, «Мен, мен, мен едім» немесе «мен жазбаймын...» деген жеке тұлғалық сыпат ала бастады. Ақыры ұлы ұғым ұнтақтала келіп, бүгінгі «лирикалық мен» деп аталатын талқандалған, «Мен- Тәңірмін, Мен – Құдаймын, Мен – Әмірмін, Мен – қураймын!.. Мен – коммунистпін, мен – домбристпін!..» – деген жалған пафосқа, «талқан менге» ұласты.

Ұлы сарынды, ұлы аңсарлы «Меннің!» дымы мен демі «күннен туған, гуннен туған» Мағжанмен қоса тылсымның ішіне тартылды. С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің Шығыс және Гималай туралы толғауларындағы бұрынғы «меннің» бояуы өзгерсе де, астарлы ойлар мен емеуіріндер қылаң беріп тұрды.

Содан бастап, жиырмасыншы – алпысыншы жылдардың арасындағы «меннің» бояуы, «шынның көзін бояйды» деп Абай айтқандай, түсі өзгеріп, «қызарып» шыға келді. Дегенмен де ұлы сарынның әуендері, поэзиядағы лирикалық «менге» тиым салынған қырық төртінші – елу төртінші жылдардағы бес қаулыдан кейін де Қасым Аманжоловтың «Советтік мені өз елім», Әбділдә Тәжібаевтің «Біз де қазақпыз», Төлеужан Ысмайыловтың «Есіл», Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын, жер енді», Мұзафар Әлімбаевтің «Менің Қазақстаным» атты поэмаларында алыстан талып естілді. Бұл дастандардың бояуының оңғақтығына қарамастан, «менің елім, менің жерім» деген лирикалық мақтаныштар анық сезілді. Сол үшін Х.Бекхожиннің, Қ.Аманжоловтың, Ә.Тәжібаевтің «меніне» қаулы арқылы тиым салынды.

Ал осы дастандардың ішіндегі ең азулысы, ең еркін ойлысы 1963-1964 жылдардың өліарасында дүниеге келген Жұбақаңның – Жұбан Модағалиевтің «Мен – қазақпын!» атты эпикалық дастаны. Бұл өзінің «мені» тұрғысынан алғанда, шын мәнінде сонау «мәңгілік ел аңсарындағы», жыраулар толғауындағы» елдік идеяның уызын ұйытқан «менді» еске түсірген дастан болды. Ғажайып эпикалық леп:

Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын,

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өлердей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін, –

деген ақындық еркіндік ол кезде әр тұлғаның бойына шақ келе бермейтін.

Бірақ ол «менді» айтуы үшін ақын:

Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.

Бәлки қайсақ, бәлки бір гуннен тудым.

Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».

Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым, –

Деп қандай азаматтық мойынсынуға, перзенттік қорлыққа, ақындық төменшіктеуге барды десеңші.

Ал қазір, қане, кім өзін «Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым» дейді? Ең қарапайым пенденің өзі не батырдың, не әулиенің, не бидің, не байдың тұқымы. Тіпті старшынның ұрпағымын деуге араланады. Сол «Мен – қазақпын» – деген киелі ұғымды өткізу үшін

Бір бөлшегі болғаным қандай бақыт

Россиядай, Лениндей ұлылықтың, –

Немесе:

Еділ, Жайық, Ертісті сағаладым,



Үміт көрдім құдіретті орыс атын.
...Мен – қазақпын, Россия адамымын, –

деп поэзиядағы «бақытының» өлшеміне Ленинді безбен етті.

Қазір көркем сана, көркем талғам, көркем көзқарас өзгерді. Бұл күндері ешкімде:

Абылайды, Жәңгірді, хан Кенені

Қазақ өзі қашаннан аң демеді?!

Қылықтары еріксіз түссе еске,

Қан татыған аузыма дәм келеді, –

деген жалған жеккөрінішті мақтан етпейді.

Қара қазақ Абылай мен Кенесарыны, Жәңгірді «аңға» теңеп, «ауызы қан сасыған» демейді. Өйткені ұлттық қасиет пен киеге деген көркем талғам да өзгерді. Оларды бұлай күстаналау – киесіздікке саналады, ақындық және азаматтық ұстаным мен әдепке де жат. Тіпті, «сөзін өткізу үшін»:

Сол алла не, патша не бірақ маған?

Екі айыпты біреуін бірі ақтаған, –

деп Алладан да бас тартты.

Ал бұл күндері ұлттық идеямыздың, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің, ар-ожданы болып саналатын алаш қайраткерлерін:

Әлдекімдер жүрегі сіркелеген,

...Ұлт атына уларын бүрке берген.

Көргенсіздік, пасықтық, надандығын,

«Қазақшылық» дегенмен бүркелеген, –

деп те «мысқылдады».

Құндылықтарымызды қайта сүзгіден өткізіп, әрбір поэтикалық ұғымдардың астары мен емеуірінін аша отырып, шындықты жалған пафостан ажыратып, жаңа талғаммен, жаңа көзқараспен талдап, түсіндірсек қана, шынайы ақындық идея ашылады. Өкінішке орай, мұндай талғам таразысын ХХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы барлық рухани мұрамыз қажет етіп отыр. Мысалы, 1951 жылы 172 халық әнінің сөзі ауыстырылды. Феодалдық атаулар мен суреттер сызылды. Енді біз соның есесін қайырып, барлық кеңестік ұғымдарды сызып тастап, Ежовтың – Ягодаға, одан Берияға, одан Буденныйға, Сталиннің – Ленинге ауыстырылғаны сияқты, Ленинді – бүгінгі көсемімізге ауыстырамыз ба, жоқ, тарихи шындық ретінде қалдырамыз ба?

Мысалы, ән мәтіндерін алайық:

Алға, комсомол, туың қолыңда,

Алға, комсомол, жеңіс жолында, –

деген тіркестерді:

Алға, жас ұлан, туың қолыңда,

Алға, жас ұлан, жеңіс жолында, –

деп өзгертіп, өлмейтін әуенді бүгінгі өмірге бейімдеп алсақ, авторлық идея мен құқыққа қол салу болып табыла ма, жоқ, оған екінші өмір беру болып табыла ма?

Өйткені, «Мен – қазақпын» дастанындағы сияқты, бұл әндердегі авторлық идея да қазақ жастарының рухын қамшылау емес пе. Сонда ән де өлмес еді. Мұндай «операцияны» Жұбан Молдағалиевтің дастандарына ғана емес, мұқым қазақ сөз өнерінің өкілдерінің шығармашылығына жасаса, айып па және оны арнайы комиссия құрып, іріктеп, тұрақты нұсқа жасаса, орынды болар ма екен – деген ой келеді. Өйткені, жоғарыдағы мысал ретінде келтірілген мәтіндерді дастанның бойынан алып тастап, түк көрмегендей марапаттау – автор үшін де қиянат және автордың идеясын бұрмалау болып табылады. Ал мақтасақ, онда, дастандағы мәтіндерді тұтастай марапаттауымыз керек. Сонда, мұнымыз, жасанды көзбояушылық болып шығады. Ең қиыны да осы.

Қорыта айтқанда, 1986 жылы 30 желтоқсанда Колбинге тікелей: – Мына масқараны көргенше, майданда неге өлмедім. Итке таланған ұл-қыздардың орынында мен неге болмадым», – деп өкінген Жұбанның «мені» – «қазақтың мені» дегім келеді.



«АЛАШҚА ІШІ ЖАУ БОП, СЫРТЫ КҮЛМЕК...»

(Біртұтас алаш идеясы және бүгінгі қоғам)


Бүгінгі қазақ қоғамының – дертті қоғам екені анық. Оның дауасын табу үшін операция жасар алдында дәрігерлер адамның ағзасына қалай анализ жасаса, біз де бүгінгі қоғамға сондай тиянақты түрде талдау жасауымыз керек. Билік – ұлттық мемлекеттік құрылымнан бетін бұрып, ұлттық мүддеден тыс қалып, өздерін өзі қызықтап, құрылықтан бөлінген салынды аралға ұқсап, шыр айналып, заман ағысынан, яғни, мемлекеттік басқарудан – «мен, мен» мен мендік» басқаруға көшті. Биліктің өз халқына ғана емес, кеше ғана алдында тізерлеп қолын қусырып, онсыз Қазақстан күнін көре алмайтындай өбектеген ОБСЕ-нің өзіне кілт теріс әрі шорт бұрылғаны сондай, мойнын үзіп ала жаздап тұр. Ал халық кешірсе де, олар – еуропалықтар мұндай «бетбұрысты» кешірмейді. Түбі не боларын қайдам, әйтеуір, назасы мен жазасы халықтан аулақ болғай. Өйткені, кеше ғана «елі үшін туған ерден айналайын» деп әндеткен халықтың кеудесіне оқ тиді.

Мылтық әлі де оқтаулы. Мылтық әлі де халыққа кезеліп тұр.

Бұрын қатардағы тергеушінің жазықсыз әйелді қылмысқа тартып, шырылдатқаны үшін, қатардағы жазалау отрядының өзінің әке-шешесіне қарсы оқ атқаны үшін жағамызды ұстаушы едік. Енді онымен генералдар айналысатын болыпты. Бүкіл монархиялық Ресейдің беделін сақтап қалу үшін аулаға дамбалын іліп қойған кемпірді сотта қорғаған қазақтың жиені, атақты адвокат Плеваконың: «Сорлы Ресей! Сорың енді қайнайтын болды! Бір кемпірдің дамбалына бола ар-ожданың төгілді-ау! Енді ол кемпірді соттамасақ болмайды,Ресейдің намысы кетеді. Бишара кемпірдің дамбалы бетіне шіркеу болған сорлы Ресей! Соттаңыздар, мырзалар! Кемпірді соттауын соттайсыздар-ау, бірақ Ресейдің бетіне шіркеу боп жабысқан мына дамбалы құрғырды қалай сыпырып тастар екенбіз. Сол қиын болады-ау», – деген сөзі естеріңізде шығар. Күні кеше теледидардан: Жаңаөзенде өткен наразылық шеруінің басты себепкері, яғни, қазақтың басты жауы – күйеуі мен баласы желтоқсандағы қанды оқиғада жауапқа тартылған шынашақтай ғана сорлы келіншек екен, оның «Жойылсын!» деген үндеу қағазын таптық, өзін қолға алдық, енді жауапқа тартамыз», – деп жариялаған аса сұсты, погоны алтын генерал-майордың айыптауын естігенде, Плеваконың осы сөзі есіме түсті. Жаңаөзендегі жаңа шеруге күйеуі мен баласы үшін арашаға түскен әйел, ана кінәлі екен. Шынында да, неткен масқара! Күйеуін қорғаған – әйел, баласы үшін ашынған ана – Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндірген барып тұрған арандатушы қылмыскердің өзі болып шығып тұқр! Ал: күйеуі мен баласына араша түсу – әйелдің басты парызы – деген пайғамбардың хадисі, әлгі генералға «діни фундаментализмнің астыртын уағызы» сияқты көрінетіні анық. Кетпектей генералдың әлгі айыптауы кейуананы соттатуын соттатып тынады-ау. Бірақ, азамат басымен мұқым жұрттың алдында күйеуі мен баласын қорғаған шынашақтай ашынған әйелді (сол генералдың өзі де бір ананың баласы, бір әйелдің күйеуі ғой) арандатушы есебінде теледидар арқылы жариялауы қандай төменетектік десеңізші! Азаматтығын былай қойғанда, еркек, генерал деген аты бар емес пе! Былай құмыға сөйлеуіміздің себебі, дәл қазір Абай айтқандай:

Тынымадық,

Жарымадық,

Жақсыға бір іргелі.

Қолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі, –

деген күйді басымыздан кешіп отырғанымызға назар аудару.

Дәл қазіргі кезеңде «өзінің елін өзі аңду» науқаны –мемлекеттік режим деңгейіне көтеріліп отырғанын аңдату. Қазақстанның басты жауы – оппозиция да емес, оралман да емес, күйеуі мен баласына араша түскен әйел де емес, мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққа негізделген сатымсақ саясаты.

Мұның басты себебі не және қайдан басталды? Ол, ашық айтайын, ұлттық -азаттық бағытты ұстанған алғашқы мәжіліс депутаттарын таратып, соның орынына келген, «Ли көкем»: «Сенің жауың – өз ұлтың, сенің досың – біз» деген ұранды ұстанған және оны санаға сіңірген, сөйтіп, бүгінгі күнде билеуші партия «Нұр Отанға» билік жүргізіп отырған Халық ассамблеясының құрылуынан басталды. «Халық ассамблеясы өмір сүріп отырғанда қазақ ұлты толық рухани бостандыққа жетпейді» – деп осыдан үш жыл бұрынғы «халықтық доктрина» мен дін туралы заңның алғашқы жобасы дайындалған тұста айтқан едім. Сонда менің бір сенатор және екі депутат досым маған «Тұрсын Асанқайғы» деп атақ тағып еді. Қазақстанды бүгінгі ішкі, сыртқы экономикалық тәуелділікке, діни төзімсіздікке алып келген де Ресейдің ХІХ ғасырдың соңындағы рухани және экономикалық тәуелділік туралы қабылдаған Ережелері мен заңдарының, Патша мен архиепископ қол қойған жарлықтың бүгінгі тілмен жазылған доктриналық және заңдық нұсқаларында солардың қолтаңбалары мен белсенді ықпалы барлығы анық :

Қасиетсіз туған – ол да жат,

Күңкілдеп берер сазаңды, –

деп Абай айтқандай, «күңкілдеп жүріп», міне, сазамызды берді.

Оған биылғы бірінші қаңтардан бастап күшіне енген кедендік одақтың шарттары толық дәлел. Кедендік одақтың атқарушы кеңесінің шешімінсіз экономика, баға туралы енді Қазақстан Үкіметі қаулы шығара алмайды. Демек, бағаны реттей алмайды, оны Ресей белгілейді. Өйткені, кедендік одақ шешім қабылдау үшін 69 пайыз дауыс жинауы керек. Ол дауытың 57 пайызы Ресейге тиесілі, ал қалған 12 пайыздың 7 пайызға жуығы ішкі өнімі Қазақстаннан көрі басым Белоруссияның еншісінде. Бұл дегеніңіз Ресейдің шешіміне экономикалық тұрғыдан бүтінгдей тәуелдіміз деген сөз.

Демек, біз қазіргі жағдайда толық экономикалық тәуелді елміз. Біз аңсаған, алаш аңсаған тәуелсіз мемлекет осы ма еді? Бұл – Кеңес тұсында жасалып, кеңестік республикалар тәуелсіздік ала қалған жағдайда жүзеге асырылуға тиісті, ал тоқсаныншы жылдардан бастап ашық жүзеге асырылуға кіріскен 950 бапқа жуық әскери-саяси доктринаның жеміс бере бастағаны деп санаймын.

Біз «жасасындатып» жүрген Еуразия идеясы – Еуропадан, Африкадан, Австралиядан бодандық үлестерін ала алмай, одан күдерін үзген орыстық массондардың Еуразия идеясына негізделген. бұл доктринаның басты мақсаты – Ресейдің шығыстағы үстемдігін орнату. Яғни, тағы да сол Абай айтқандай:

Шыдасаң есті қашырмай,

Құлдатып, қор қып жіберу.

Егерде еуразияшылдардың тұжырымдамасын оқысақ және олардың гербтік рәмізіндегі екі басты самұрықтың басындағы қарқарасының орынында крест тұрғанын ескерсек, оның қазіргі көсемі Дугиннің кітабін оқысақ, мұның барлығы анық аңғарылады. Ал сол Дугиннің Елбасы туралы кітап жазуында қандай астар жатыр? Осы біздің жанығып жүрген Еуразиямыз – қандай Еуразия?!. Бұған жауап беруге тиісті біздің ұлттық зиялыларымыз, тағы да сол Абай дегдар айтқандай күйде:

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге,

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске малданып,

Жол таба алмай сандалып – жүр.

Халық, зиялы қауым – кезінде тәуелсіз мемлекеттің идеологиясы мен экономикалық тәуелсіздігіне әр түрлі себептердің кесірінен белсене араласа алмады, ықпал ете алмады. Ал қазіргі қоғамдық жағдай мүлдем басқа. Ленин айтқандай, «халық бұрынғысынша өмір сүре алмайтындай, билік бұрынғысынша басқара алмайтындай» қалге жетті. Жанақ ақын айтқандай:

Ханнан – қайыр, байынан – пейіл кетіп,

Телмірген, теңдігі жоқ ел болған кез –

туайын деп тұр.

Енді не істеу керек?

Сондықтан да бұрынғыдай дайындықсыз, шарасыз, амал-құралсыз қалмас үшін тәуелсіз мемлекеттің барлық мұраты мен мұхтаждығына жауап беретін жалпы ұлттық даму тұжырымдамасын жасау керек. Онда сонау «мәңгілік елді» аңсаған көшпелі дәуірден бастап кешегі біртұтас алаш идеясының әр тармағы қамтылып, оны бүгінгі мемлекеттік құрылыммен, идеологиялық, экономикалық бағытпен, ішкі, сыртқы саясатмен, қауіпсіздік шараларымен тиянақты түрде салыстыра отырып, ертеңгі ұстанатын билік нысанасы анықталуы тиіс. Бұл – жалпыға ортақ арман. Бүгінгі халықтық қозғалыстың беталысы соған бұрылып келеді. Қарапайым халықтың арманы да қарапайым утопияға негізделген. Кім болса ол болсын, әйтеуір, адал адам билікке келсе екен деп тілейді. Қазір халықтық қозғалыстың нышандары бар, оппозициялық партиялар да біршама ысылып қалды. Бірақ олардың Жаңаөзен сияқты жекелеген оқиғаларға қатысты көзқарастары болмаса, жоғарыдағы жалпыұлттық мүддені қамтитын тұжырымдамалары анық емес. Олар Біртұтас алаш идеясын қамтитын көкейкесті мәселелерге орай қандай көзқарас ұстанады, халықтың қолдауы соған тікелей байланысты. Өйткені сол оппозияция көсемдері мен мүшелерінің өздері де қазақтың жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық табының өкілдері болып табылады, яғни, әжептәуір меншік пен әлуетті капитал иелері.

Мен Алаш идеясын ту еткен кез-келген қозғалысқа, оппозициялық немесе билік партиясына қатысуға дайынмын. Алайда олардың мынадай ұлттық мәселе жөніндегі ұстанатын саясаттары анық болуы тиіс.


Ол, ең алдымен

1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет