Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуының негізі” атты Жобасына сәйкес дайындалып, Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Рецензенттер: С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 6.78 Mb.
бет30/33
Дата02.04.2016
өлшемі6.78 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
: repository -> history
history -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
history -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
history -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
history -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
history -> Байғали Досымжанов
history -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»

«Кейбір ағайындарымыз болса: – Көтерілістің басы дұрыс еді. Аяғы қате болды», – деседі. Расында да, көтерілістің басы дұрыс әрі ғылыми еді. Оның аяғын кім бұзды?» (Азаттықың өшпес рухы. А Сардар 2008, 130-бет).

Жауабы тылсым сұрақ. Сондықтан да мен тарихи оқиғаға төрелік айтпаймын. Тек қойылған мәселелер мен ол туралы деректерді қайталай еске сала отырып, оған жауапты әр адамның өз жүрегінен іздеуін өтінемін.

Шығыс Түркістан республикасының президенті Әлиханның бір түнде қолды болып кетуінен басталып, Оспан Исламұлы мен Қалибек Райымбекұлының, Тәкіманның ұлттық майданды азаматтық соғысқа айналдыруы, республика туының жығылуы, көсемдерінің апатқа ұшырауы, кейінгі кезеңдегі саяси қудалаулардың түпкі астары – мен танысқан он томға жуық зерттеулерде де толық ашылмапты. Алтайдағы көтерілістің отызыншы жылдардың соңында ұшқын атқаны белгілі. Ал Нылқыдағы ұлт-азаттық қозғалысының басты ұйытқысын Нұрғожай батыр:

«Ресей 1944 жылы 7 қараша күні Құлжаның Нылқы шекарасынан қазақстандық Әнуәр полковник бастаған 2 000 армия адамын (әскерін – Т.Ж.) жасырын өткізді Осыдан кейін Ресей үкіметі бандит Шың шы цайдің орынына келген У жу шиге: «– Бізден 2 000 адам қашып өтті. Олар соғыстан қажыған әрі қашқан отан сатқындары, қылмысты элементтер еді. Осы адамдарды ұстап беріңіздер, – деп талап етті. Бұл не деген ептілік! «Құлжа қозғалысы» дейтін қозғалыс, міне, осы» (сонда, 125-бет), – деп көрсетеді.

Мәселе, қай аймақта қозғалыстың бірінші басталуында емес, оның бастапқы себебінде. Бұл уәж сол естеліктегі Дәлелханның Оспанның жасағына қосылғанда айтқан:



«Совет өкіметі мен Монғолия үкіметі:

Шынайы көмек қыламыз. Жаң жие шы (Чан кай шы – Т.Ж.) көп ұзамай жеңіледі. Қытайдағы ішкі соғыстар өте көп. Олар осындай әлсіз болып тұрған кезінде қозғалыс бастап, Шығыс Түркістан да Монғолия сияқты ел болып кетіңдер», – деп үгіттеді. – Ішкі-сыртқы саясаттарыңды Монғолия сияқты өздерің біліңдер» – деген пікір айтылып еді (сонда, 153-154-беттер), – деген сөзінде тарихи шындықтың шыжымы жатыр.

Жалпы алғанда, мұнда айтылған толық тәуелсіздік мәселесі түсінікті. Бірақ та СССР, Англия, АҚШ, Жапония және Чан кай шы мен Мао бастаған Қытай үкіметтерінің әскери, саяси, экономикалық үстемдік пен қысым жағдайында, солардың империялық мүддесіне орай шайқалып саяси сақнаға шыққан Шығыс Түркістан республикасының өмір сүруі мүмкін бе еді? Егерде: 1945 жылғы 14 тамыздағы Сталин мен Чан кай шының келісіміне дейін және одан кейінгі екі жылғы өліарада Оспанның қосыны мен Шығыс Түркістан армиясы өзара төрт жыл қатарынан қақтығыспай, бір майданды бетке алғанда, мейлі социалистік жолға түссін, бәрі бір, Шығыс Түркістан тәуелсіз де тиянақты мемлекет құрып үлгерер ме еді? «Біріккен ұлттар ұйымының қарарына сәйкес Ресей, Америка, Англия, Қытай мемлекеттерінің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас өзеніне кеп ту тікпесе» (сонда, 131-бет), шарасыз күй кешкен саяси тосқауыл қойылмаса, мүмкін еді ғой?, – деген дәмелі ой мені қатты мазалап, соған жауап іздедім.

Өзгені былай қойғанда, үш күн соғысып, Шихуды таңға қарай алған кезде, қоянқолтық щайқастан штабқа шақырылған подполковник Жағда Бабалықұлының айтуы бойынша, 1945 жылы 8-қыркүйекте таңғы сағат 8-де соғысты тоқтату туралы бұйрық жарияланыпты. Сол кезде ұлт-азаттық армиясының командирлерінің біразы өзін-өзі атып өлтіріпті, алғы шептегі жауынгерлер мылтықтарын тастай салып, мәңгірген күйі ен далаға кетіп қалыпты. Олардың дені кеңестік әскери кеңесшілер екен. Егерде шұғыл түрде кеңес мамандары мен ауыр қару бір түннің ішінде кері әкетілмегенде, ашынған жауынгерлердің бетінен қайтпайтындай, бұйрыққа бойсынбайтындай сыңайы байқалған. Сол кездегі қоғамдық көңіл-күйдің тұрақсыздығын осыдан-ақ байқауға болады.

Шығыс Түркістан республикасының аты – «Үш аймақ төңкерісі» деп өзгертілуі, үкімет төрағасы Әлиханның ізім-қайым жоғалуы, ұлттық-азаттық армиясының 30 мың жауынгерінің 25 мыңға жуығы қазақ болса да басшылардың, армия қолбасыларының басқа ұлт өкілдерінен тағайындалуы, гоминдаңмен келісімге баруы, онда тек ұйғыр автономиясы, ұйғыр тілінің мемлекеттік тіл ретінде кәдеге асуы, ішкі армияның құрамын есепте жоқ ұйғыр полкі ретінде жасақтауға ұмтылуы, әрине, майдандағы жанкешті соғысты басынан кешіп жүрген офицерлер мен майдан командирлеріне күмән туғызып, күдік ұялатты. Бір қазақты бір қазаққа қырғызып қойып, өздері саяси саудада жүргендей әсер де қалдырды. Әсіресе, сондай бір өзара шайқастан соң құрбандардың өлігін көргенде түңіліп тұрып: «Біз күткен азаттықтың сыбағасы осы ма еді? Ертең осылардың орынында біздің өзіміз қырылып жатпаймыз ба? Бізді де күтіп тұрған осы болмасын. Осыларға қосылып кетсек қайтеді?», – деген Балқаш Бафин сияқты офицерлер де болды. Кейін бұл «Жеті полковниктің ісі» деп аталып, олардың барлығы да жазаға тартылды. 1947 жылы Жағда Бабалықов сияқты майдан командирінің өзі Оспан мен Қалибекке іш тартқаны үшін сегіз ай түрмеге қамалды.

Тарихтың өзі берген мүмкіндікті пайдалана алмаған «ұмытылған мелекеттің» өз тарихындағы 400-ге тарта көтерілістен сабақ алмаған бұл қандай ұлт-азаттық қозғалысы?

Шет елде ағылшын тілінде жарияланған Томас Лайэрдың «Тибеттен бет алғанда», профессор Линда Бенсонның «Іле көтерілісі», «Қытайдың соңғы көшпенділері» және Жамес Милвардтың «Тоғыз жолдың торабындағы Еуразия» атты еңбектерінде де бұл мәселе бір мүдденің тұрғысынан қамтылыпты. Ал Хасен Оралтай «Елім-айлап» өткен өміріндегі» пайымдауларында:

«Бұл Оспан батырдың және дәл соған мезгілдес Қалибек хакімнің тәуелсіз Шығыс Түркістан үкіметінен емес ... «Үш Аймақ үкіметінен» іргені аулақ салып, коммунизмге қарсы күрес бастауы еді. ... Бұл арада ол бұрынғы жауы гоминдаң үкіметімен ымырласуға да мәжбүр болды», – деп мәселеге басқаша баға береді.

Әңгіме «коммунизмде» ғана ма? Тарихи тағылымдарға қарағанда Оспан үш жақты арандатуға түскен. Гоминдаң әскерінің бас қолбасшысы Сүң ши ланның «Бәйтік оқиғасының нақтылы жағдайы мен жарияны» атты естелігіне жүгінсек, Оспанның Шығыс Түркістаннан қол үзуінің басты себебі:



«Екі түрлі көзқарас, екі түрлі мақсат ымыраға келмейді. Ол екі түрлі қайшылыққа айналды. Құлжа жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) талабының көп болуы, оның үстіне кейбір негізгі мәселелерге (гоминдаң армиясының Шыңжаңнан шығып кетуін талап етуі сияқты) барып тірелгендіктен, Жаң жы жұңның бұған төтеп бере алмайтынын ескеріп, Құлжа жақты (Шығыс Түркістанды – Т.Ж.) Оспан арқылы бөлшектеп, өзіне түскен басымдылықты жеңілдетпек болды. Жаң жы жұң мұндай шараны сол кезде Нәнжің үкіметі майданында тұрып, сөзсіз қолдаған еді. Жан жы жұң Оспанға қаражат және заттай бұйым бергені Іле жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) тісіне тиді. Оспанға жасырын мылтық, оқ-дәрі және телеграф аппаратын беруі Құлжа жаққа (Шығыс Түркістанға – Т.Ж.) мәлім болды. Сөйтіп, Оспанның өздерінің саяси бағытын қолдамайтындығына наразылық тудырды. Олар Дәлелхан арқылы Оспанды әлсіретпек және тізгіндемек болды. Сонымен бірге өзіне тартып ынтымақтаспақшы еді. Оспан Үрімжіге екі рет уәкіл жіберіп, Жаң жы жұңның қолдауына ие болғаннан кейін, олар Оспанды дұшпан деп қарап, оны жоғалтпаса болмайды деген танымға келді», – деген (Ғ.Райысұлы. Самұрық.. А. Үш қиян. 2007. 150-бет) арандату әрекетінде жатқаны анық.

Сөйтіп, Оспан батыр 1946 жылдан бастап гоминдаң жағына шықты да, олардан қару-жарақ, азық-түлік, күш-көлік алып, арнайы әскери жаттығу өткізіп, Шығыс Түркістанның ұлт-азаттық армиясына қарсы соғысты. Мақсат – біреу, ол – ұлт азаттығы. Ұлтымыз – біреу, ол – қазақ. Өзінің ата жауымен неге, қалай тіл табысты?

Шығыс Түркістанның тулақтай туралуына ең бірінші гоминдаң үкіметі мүддеді еді. Ал Кеңес одағы: өздері тарих сақнасына шығарған Шығыс Түркістанның мүддесін асығыс аяққа таптап, уәделерін ұмытып, соншама құныға кірісіп, «Үш аймақ» пен гоминдаңның тіл табысуына неге құштар болды?

Мәселенің күйдіргі жауабы – Ерғожай батырдың естелігіне түсінік жазған ғалым Әбууақап Қараның (шет ел ғалымдарының, оның ішінде Оспанның ауылында айлап жатқан Маккернанның барлау мәліметі де бар) пікірінше, барлық тағдыр тәлкегі атом бомбасының азығы – уранға байланысты сияқты. И.Курчатов атом бомбасын жасау үшін 50-100 тонна шикі уран талап етіпті. Ал СССР-де 1-2 тонна ғана шикізат бар екен. Кеңестік өнеркәсіп қажетті өнімнің 33 пайызын ғана өндіре алады екен. Қалған 50 тоннаны және одан кейінгі шикізатты Шығыс Германиядан, Чехославакиядан, Болгариядан, Польшадан және Шығыс Түркістаннан, оның ішінде Көктоғайдан әкелген. Семей полигонына жақын әрі арзан. Сол жылдары қазылған бір шұңқыр – бүкіл қытайдың кеңес өкіметі алдындағы қарызын өтепті-міс.

Ал Оспан болса, Пәтхан Сүгірбаевтің естелігіне жүгінсек:

«Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мәселесін көтеріп шығады.

СССР-дің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? «Шығып кетсін» – деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа – оларды қарудың күшімен айдап салу, – деп Дәлелхан Сүгірбаевке қысым түсіреді ( жинақта).

Сөйтіп, Оспан орыс кен барлаушыларын Алтай кенінен қуып шықты. Ал оны бұған иетрмелеген және ақыл берген, тыңшылық пен елшілікті қатар атқарған, СССР-дің атом сынағын өткізгені, не өткізбегені туралы хабар беруге жіберілген Маккернан екені қазір күдік тудырмайды. Міне, үшіні арандатушының араны осы арада көрініп отыр. «Сталин және атом бомбасы» атты еңбекте бұл мәселе барынша қамтылған. Кеңес барлаушылары Маккернанның тыңшылығын жақсы біліп отырыпты. Ендеше оны паналатып отырған Оспанның тірі жүруі – кеңес одағының атом бомбасынсыз қалуымен тең еді.

Ал оған қол жеткізу үшін Шығыс Түркістан да, Оспан да, тіпті сол тұста азаматтық соғыс жүріп жатқан қытай да оларға бөгет бола алмайтын. Мұқым Азияның асты мен үстін ғана емес, мұқым Тынық мұхитының асты мен үстін бірдей қарумен құрсаған Жапонияның өзін екі аптаның айналасында быт-шытын шығарған кеңес армиясы мен Оспанның соңындағы екі ауданның балалы-шағалы көші ерген қосынның ара күшін салыстыруға да келмейтін. Сондықтан да. «Үш аймақ» пен гоминдаң, одан кейін гунсаңдан үкіметтері Көктоғайдың уранын түгел, тіпті, бүкіл Алтайды қазып әкетсе де, мақұл еді. Тек Шығыс Түркістанды қарамағында ұстап қалуды ғана мақсат тұтты.

Қытай компартиясының саяси бюросының мүшесі, ОК-тің төрағасы Лю шао ци 1949 жылы маусым мен тамыз айының аралығында құпия түрде Мәскеуде болды. Сол кездесуде оған:

«Синьцзянды басып алуда жайбасарлыққа салынуға болмайды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Синьцзянға сіңіп кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистерге қарсы азамат соғысын әрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Синьцзянда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Синьцзянда жан санының әрең 5%-тін иелейді екен. Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу – осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан-жақтылы иелік ету және Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек… Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты әскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты әскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік », – деп кеңес беріп, Шинжаңның байлығын есептеп, шотқа қағып отырған Сталин Шығыс Түркістанның уранын қалай уыстан шығарсын.

Оның мақсаты қытай мен қазақтың арақатынасын 3:1-ге жеткізу еді.

Міне, мәселе қайда? Американың барлаушылары мен елшілерінің дерегіне сүйенген зерттеушілер: Сыртқы Монғолияның тұрақты әскерінің аспаннан да, жерден де, танкіменен де Оспанға шабуыл жасаған атақты «Бәйтік қырғынының» басты себебі осы,– деп сендіре жазыпты.

Расында да, СССР үшін атом бомбасын қолға түсіру – сол жылдары өмір мен өлімнің шекарасы еді.

Міне, мен осы кілтипанға сенемін.

Гоминдаң мен Американың арандатуына түскен Оспан жасағы Дәлелханның әскери полкін тас-талқан етті. Оспанмен соғыста, жалпы алғанда, ұлттық армия 4 000 адамынан айырылды. Бір полк дерліктей жойылып кетті. 236 тұтқын әскер атылды. Аса діндар, жау жүректі, өте сақ адамның қасындағы ақылшылары мен дін кеңесшісі оқиғаны теріс түсіндіріп, санасын улады ма екен. Әйтпесе, орысша да, ағылшынша да білетін, Еуропа мен Түркияны айналып келген сауатты діни кеңесші Ғаббас мүфти (Ақас – ? – Т.Ж.) оған қайдан тап болды? Осы мүфти мен Маккернанның арасында әлдеқандай бір байланыс жоқ па? – деген күдік те бас көтереді.

Сөйтіп, әр империалардың қыспағына түскен Шығыс Түркістанның азаттық туы гоминдаң үкіметінің алдына жығып берілді. Дербес ақша айналыстан алынды. Сапта тізіліп тұрған ұлттық армияның жауынгерлері әуелі демократ қытайға (гоминьдаңға), одан кейін қызыл қытайға (гуньсандаңға) өткізіліп берілді. Қытай армиясы жер дүниені күңірентіп, барабанын соғып, даңғарасын қағып, Шығыс Түркістанды шынымен азат еткендей салтанатпен шеру жасап, туын түсірген ұлт азаттық армиясының алдынан өтті. Ұлт азаттық армиясының жауынгерлері: «Қайран азаттық! Қайран боздақтар! Сорлы Шығыс Түркістан! Неткен қасіретті едің. Қайран ел сорың енді қайнайтын болды. Мынау «сарыаяқтар» – азаттық армиясы емес, жазалау армиясы. Әй, енді бұл бұғаудан құтыла алмассың! Әттең!..», – деп тапаншаға қолды апарып қайтып жылап тұрды.

Ұзамай Оспан да ұсталып, Үрімжінің түрмесіне әкелінді. Шинхай, Ганьсу, Тибет жоталарында жортқан, сол жерге ілгерінді-кейінді ауып барғандардың арасындағы кикілжің мен қақтығыстар, түйелі тоғанаққа алтын тиеп, тибет жалмандарының қолынан оққа ұшқан, американың елші-тыңшысы Маккернанның өзі бас сауғалай қашып, Оспанды жалғыз тастап кетуі, «іштен шыққан шыбар жыландардың» шығуы – ақыры Оспанның оқыста, адам сенбейтіндей жағдайда қолға түсуіне әкеп соқты.

Оспанның тергеуі мен сот барысы осы уақытқа дейін құпия күйінде сақталып келеді. Өйткені «құпия тергеуді» арнайы құрылған партия тобы мен қауіпсіздік мекемесі, әскери барлау басқармасы жүргізді. «Ұлттық әдепті сақтау үшін» сол кездегі Қытай халық азаттық армиясының Шыңжаң әскери округінің саяси басқармасының орынбасары (Бұл – генерал шеніндегі қолбасылық қызмет еді), қосымша СУАР партия мектебінің орынбасар бастығы Жағда Бабалықұлын сот төрағасының орынбасары етіп бекітті.

Тергеу мен сот барысы туралы аңызға бергісіз әңгімелер мен дақпырт сөздер осы уақытқа дейін үзілмей айтылып келеді. Сондықтан да осы күндері көзі тірі, ұлт-азаттық армиясының партизандар қосынының,ғ кейіннен эскадрон, батальон, полк командирі ретінде жиырма үш рет майданға кірген, төрт рет түрмеге қамалған, соның үшеуінде Оспан мен Қалибектің көтерілісіне қатысы бар деп айып тағылған, Оспанмен қарама-қарсы майданда қанды қырғын соғысқа қатысқан Жағда Бабалықұлымен бірнеше қайыра жолығып, әр жолы осы мәселені қазымырлай қаузастырып, қадала сұрдым.

Жарты сағатқа созылған бұл қысқа бет көрісу – Оспанға қатысты басты үш мәселенің себептерін ашып, түсіндіріп беретін кездесу болыпты. Араларын мыңдаған құрбанның әруағы бөліп тұр. Жағда аңсаған Шығыс Түркістан мемлекеті де жоқ, Оспан аңсаған қазақ мемлекеті де жоқ. Екеуі де ұлтының азаттығы үшін жан алып, жан берді. Ал сол сәтте екеуі де тұтқын еді. Айырмасы, Оспан – соғыс тұтқыны, Жағда – уақытша бостандықта жүрген саяси тұтқын. Сонда олар өздерінің сарбаздарын не үшін құрбан етті?

«Жағда Бабалықұлы: – Менің сот төрағасының орынбасары болуым – жай ғана халыққа көз етіп, алдарқату болатын. Оспанның ісін қытай коммунистік партиясының арнайы тексеру тобы, армияның барлау бөлімі мен қауіпсіздік комитетінің, құпия сақшы мекемесінің қытай тергеушілері жүргізді. Мен олар үшін дойбының тасы ғана болатынмын. Тергеуге жақын жолатпады. Қолымыздан келгені ұлттық зиялылар мен қызметкерлер: Оспанды өлім жазасына кеспей, кешірім жасау туралы хат ұйымдастырдық. Сонда бұрынғы гоминдаңның да (Чан кай ши үкіметінің), кейінгі гунсаңдаңның да (компартияның) Шығыс Түркістан мәселесіндегі сенімді өкілі, бірегей көсемі, мәйітінің өртенген күлін Шыңжаңға ұшақпен шашуды өсиет еткен және кейін ол өсиеті орындалған Уаң мың жин: «Оспанға екі-ақ метр жер беремін», – деп жауап берді. Сондықтан да жоғарыдағы құқымды пайдаланып: «Бір тіл қатысып, жауаптасуға қақым бар», – деп жүріп арнайы рұқсат алдым. Оспанмен түрменің сұрақ-жауап бөлмесінде оңаша жолықтым. Тым құрығанда үйіне, ұрпағына айтар соңғы аманатын алып шықсам деген де дәме болды. Батыр десе – батыр тұлғалы, түсі жылы болғанымен мысы басым, сөзі ауыр, емеуірінмен сөйлейтін адам екен:

Жағдамысың. Ақыры осылай бетпе-бет көрістік пе?, – деді салмақтап.



Ол өз тағдырының атумен аяқталатынын біледі. Ал мен күдіктің құрсауындамын. Қашан кісен салатынын кім білсін: «Оспанмен, Қалибекпен астыртын байланысты», – деп өзім құрысқан Шығыс Түркістан мемлекеті сегіз ай тұтқында ұстағанда, мына мемлекеттің маған жаны ашуы мүмкін емес еді. Мұны екеуміз де айтпай түсіністік. Екеуміздің ашық сөйлеспеске, ашық жауап бермеске мұршамыз да жоқ еді.

Мен бірден:

Сізге қоятын үш-ақ сұрағым бар. Соның жауабын естиін деп әдейі рұқсат сұрап келдім, – дедім тура сөзге көшіп.– Бірінші сұрағым: «Үш аймақ»» көтерілісін әуелі өзіңіз бастап алып, ұлт-азаттық мүддесі бір, діні бір, ұлты бір Шығыс Түркістан мемлекеті құрылған соң, сол мелекетке неге қарсы шықтыңыз? Неге ата жауыңыз гоминдаңмен бірігіп кеттіңіз? Мен соны түсінбедім», – дедім.



Ол маған ауыр да салмақты жанармен қарап қысқа ғана түйіп:

Әлихан атаусыз тындым болды. Кеңес өкіметі ың-шыңсыз оның дымын құртты. Кеңесшілерім: кеңес өкіметі Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Мәскеуде арнайы дайындалып келген коммунистерді үнсіз ғана үкімет басына әкелді. Олар дінді жояды. Қатын-балаға ортақ меншік болады. Мал-мүлік тәргіленеді. Мешіттер құлатылады», – деп жеткізді. Оған сенбеске амалым қалмады, – деп жауап берді».

Бұл жауапқа не деп уәж айтуға болады. Адамдық тұрғыдан алғанда өте қисынды, ал геосасясат, қарулы майдан, экономикалық қуат тұрғысынан алғанда мүмкін емес жай болатын. Шығыс түркістандықтар да орыстың дінін, тілін, ділін қабылдайық деп соғысып жүрген жоқ еді. Мақсаты – империялар өзара қырқысып, жансыраған тұстағы тарих берген мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қауымдастық мойындаған дербестікке қол жеткізіп алу еді. Ал азаматтық мәселені содан кейін реттеуге де болатын ба еді?

Егерде: Оспан жасақтарына қарсы ұстап отырған Алтайдағы Дәлелхан Сүгірбаевтің дивизиясы Манас өзеніндегі қанды қырғыннан кейін тоз-тозаласы шығуға дайын тұрған гоминдаң әскерінің ту сыртынан шабуыл жасаса және Оспанның өз жасағы Үрімжінің желкесінен соққы берсе, Үрімжі – Шығыс Түркістанның қолына өтіп кететіні сөзсіз еді. Үрімжі алынса, гоминдаңмен де, кеңес өкіметімен де, тіпті, америкамен де сөз басқа болатын ба еді, кім білсін. Оның есесіне, өз ішіндегі азаматтық қақтығысқа алты ай уақытты бос өткізіп алды. Тағы да 4 жыл ырғасты. Тіпті елуінші жылдардың ортасына дейін басылған жоқ. (Нысаналы түрде: көтерілістің соңғы жауынгері Ұябай мергеннің мәйіті алпысыншы жылдардың аяғында ағаштың басынан табылғаннан соң ғана бұл көтеріліс толық аяқталды деуге болады).

Бұл екі арада ірі империялардың арасындағы геосаясат өзгерді. Ұлы отан соғысы кезіндегі СССР – Америка – Англия одағы «қырғи қабақ» соғысқа ұласты. СССР – Жапония – Қытай (гоминдаң мен гуньсаңдан үкіметі) арасындағы саяси, әскери күштің салмағы ауысты. Бұрын кеңес өкіметі: Шығыс Түркістанды – өзіне қауіп төндіріп отырған, қытайға билік жүргізген жапон әскеріне қарсы плацдарм ретінде қарастырып, қоластына ұстауға мүдделі еді. Жапондар жеңілді. Шығыстан коммунистік қытай бас көтерді. Олардың да араны кең, қарымы қуатты еді. Сталин солардың ауызынан сыртқы Монғолияны жырып алды да, Шығыс Түркістанды қытайдың екі өкіметінің ортасына додаға тастай салды. Ұлт-азаттық армиясының Манас өзеніндегі шабуылының екпінін қатаң бұйрықпен тоқтатты.

Ұлт азаттық армиясы кешігіп қалды. Әйтпесе, сол кездегі ұлттық армияның күші мен рухы, соғыс тәжірибесі сыртқы Монғолияның әскерінен үстем еді. Кеңес өкіметі бір-ақ күнде ауыр, жеңіл қару-жарақты, әскери офицерлерді кері шақырып алып, барлық үміттің жолын кесіп тастады. Шығыс Түркістан азаматтық майданның шырмауында қалды. Оспанмен келісу нәтиже бермеді.

Міне, бірінші сұрақтың астарында осындай мән бар еді. Тек орысша, ағылшынша білетін діни кеңесші кімнің ырқымен жоғарыдағыдай кеңесті берді екен?» – деген ащы өкініш өзегіңді қариды.

«Жағда Бабалықұлы: – Сізге қоятын екінші сұрағым мынадай. Сіз-ғой, батыр адамсыз, діни парыз бен иманның обал-сауабын, кешімін, соғыстың заңдылықтарын жақсы білесіз. Ашық майданда қаза тапқандардың құнын екі жақ та жоқтамайды. Олар – шейіт. Ал тұтқындалған әскер – сіздің дәргейіңіздегі әскер. Соғыс жолында да, дін жолында да олар сіздің қарауыңыздағы мүсәпірлер, әскери мейман. Оның үстіне олар және олардың үй-іші, туыстары, рулары – сіз күресіп жүрген мемлекеттің азаматтары. Бәрі қазақ. Оның ішінде сіздің өз руластарыңыз да бар. Қолға түскен 236 тұтқын әскерді неге аттырдыңыз?. Олар да мұсылман еді ғой? – деп сұрадым.

Ол оқиғаның ішінде мен жоқ едім. Бір жас офицер бар еді. Соның білместікпен істегені», деп жауап беріпті.

Бұл сұрақты қоюға Жағда Бабалықұлының да толық қақы бар еді. Қаза тапқан 4 000 жауынгер мен атылған 236 тұтқынның нақты тізімі, аты-жөні, қай жерде, қалай қазаға ұшырағаны жөнінде әскери есеп қызметінің толық мәліметі, куәлардың жазбалары, олардың мәйіттерінің орыны бар. Одан бас тартуға Оспанның мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан да осы сұрақты Оспанға өзге адамдар қойғанда:

«Ақиқатты оқпен өлшейтін соғыс қой бұл. Біз де қырылдық. Ол – ашынғандықтың салдары. Енді не істеуіміз керек еді?», – депті.

Шындығында да не істеуі керек еді? Бұл сұрақ жасанып келмеген, іштен шыққан, бауыры бөлінбеген бауырлас «жауларды да, жауынгерлерді де» қатты толғандырса керек.

Бірақ, Оспан батыр айтқандай, «ақиқатты оқпен шешетін» қатал да қатыгез, жанкешті заман бауырдың бауырын тілуге жанұшыра жанталастырған.

Сөйтіп, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының құрама полкінің көзі жойылады. Өзара соғыстан сескенген Нұрғожай батыр да Оспаннан іргесін ажырата бастайды. Мен бұл оқиғаның баянын оқығанда: мүмкін жалған лақап шығар, мүмкін кездейсоқ оқиға болған шығар деп те ойлағамын. Иманы үйірілер алдында оны Оспанның өзі жоққа шығара алмағанына қарағанда, бұл оқиғаның шын болғаны. Демек, ол арада Оспанның өзі болмағанын ескеріп, мұны 8-қазақ полкіне командирлік еткен гоминдаң офицерлерінің – «жаугандардың» жауыздығы деп есептеуге болады.



«Жағда Бабалықұлы: «Оспанның осы оқиға үшін қабырғасы қатты қайысатынын аңғардым. Әрі қарай қинамай үшінші сұрағымды қойдым:

Сізден білгім келген үшінші жағдайым мынау. Сіз – батыр адамсыз, халық батырысыз. Өлімнен қорықпайсыз. Күш те, қуат та, мергендік те, қоянқолтық соғыстың тәжірибесі де бір бойыңызда бар. Астыңыздағы атыңыз да атысқа үйренген сыралғы. Сізде – сыралғы, қолыңызға оңтайлы, түзу бір мылтық бар. Ол от алмаса, қойныңызда оқталған қалта тапаншаңыз бар. Одан қалса – қылпылдаған қанжарыңыз бар. Жау қапылыста қоршағанда неге атыспай қаштыңыз. Сізді қуған он жеті-он сегіздегі, атқа еркін шаба алмайтын, мылтық атып үйренген әскер де емес, әскерді күтуші қытай баласы екен. Ол атпен шауып келе жатқанда оқ атпаған. Атыңыз тайып жығылды дейік. Әлгі балада жалғыз-ақ мылтық бар. Сонда жаңағы екі мылтықтың бірін, не қанжарыңызды пайдаланбай: «Қолыңды көтер!», – дегенде еш қарсылықсыз көтеріп, неге алдыға түсіп жүре бердіңіз? Сіздің мына азапқа түспейтіндей мүмкіндігіңіз бар еді ғой, – дедім.



Орынынан қозғалып барып, дауысы күңірене шығып, құмыға, шарасыздықпен:

Құдай қара бастырды-ғой. Құдай қара бастырды, – дей берді.

(Ұстап алған әскер – саптағы әскер де емес, кейін оны армия жауынгері ретінде көрсетіпті – Т.Ж.).

Түрменің жайы маған мәлім болғандықтан да іштей қамданып барғамын. Әңгімелесе отырып үсті-басын шолып шықтым. Көзіме түскені – тырнағы өсіп кеткен екен. Соны алып бердім. Іш киімі кірлеп кетіпті. Дамбалын ауыстырттым.

Бұдан әрі сөзді созудың реті де жоқ еді. Екеуміз үнсіз бақұлдасып, мен ауыр-ауыр ой мен әсер арқалап, шығып кеттім. Оны көшеге шығарып атқан кезде мен қаладан кетіп қалып едім. Үрімжіде, көшеде, қалың жұрттың көзінше атты. Онда ол өзін өр ұстады деп естідім. Бірақ жауының езгісінде қорланып өлді. Менің сол кездегі де, қазіргі де өзекті тырнаған өкінішім – Оспанның осы өлімі».

Міне, тағдырдың тәлкегі. Иә, Оспанның өзі айтқандай, құдай қара бастырды деген осы. Оспан үшін Дәлелхан – Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор емес, он екі абақ керейдің шерушісінің Сүгірбайының ұлы ғана еді.


ІІІ.
Бұған қосымша және қандай пікір білдіруге болады? Жалпы оған қақым бар ма? Білмеймін. Бірақ қандайда бір шындықтың сызы өкпені шалады. Тек «Ұмытылған мемлекеттің» тағдырының тарихи сабағы ұмытылмаса екен, осы ұлттық қозғалыс – қазақ тарихшыларының назарын аударса екен деп тілеймін.

Өйткені, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық идеясы – Алаштың ұлттық, азаттық идеясының құрамдас бір бөлігі екені анық. Ол идея – 1918 жылы көкек айында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Марсеков, Қанағат Сүлейменов бастатқан алаш көсемдерінің Шәуешекке барған саяси сапарынан бастау алғаны анық. Кеңес идеологиясы мұны кейін азаттық қозғалысының ұйытқысы ретінде ұтымды пайдалана білді.

Дегбірсіз уақыт, діттеулі тіршілік, қазақы қағулы тізгін менің мұршамды бұл тақырыпты бұдан әрі тереңдете талдаудан бас тарқызып отыр. Бірақ, ең басты сұрағымның бір куәгерінен жауап алдым. Сонда ойыма: «Тағдыр! Тағдырдың жазмышы бұл. Жазмыштан озбақ жоқ!», – деген халық сөзі есіме түсті. Өзім танысқан он томдық, өзім құрастырған осы үш томдық жинақтың түйіні – тағдыр деген қорытынды жасауға мәжбүр етті. Менің сұрақтарымның жауабын – тарихи әфсаналардан емес, көркем шындықтан іздеу керектігіне көзім жетті.

Дүниедегі ең жанкешті, ең әділетсіз, ең қасіретті, ең опасыз, тозаққа бергісіз тағдыр кешуін басыңнан кешіртетін, отаныңнан айыратын және ешқашанда тарихи шындығы ашылмайтын соғыс – азамат соғысы. Деген ауыр оймен мен де осы жолдарды аяқтаймын..


2009 жыл, 12 қазан. Астана.

АЛАШ ҮНДІ АЗАМАТ ТУРАЛЫ АЗ СӨЗ

(Хасен Өралтайды жылына орай еске алу
Әр адам өзінің кімге қандай сүйкімі бар екенін біледі. Оның ішінде ағайынды алыстан шалатын шырмауығы мен шырматуы бар, «қарға тамырлы» қазақтың бір бармағы басулы, бір күрмеуі ішінде жүреді. Танысуымыз ұзақ, табысуымыз тез болған Қалибек хакімнің ұлы Хасен Өралтай – мен үшін сондай әрі алыс, әрі етене тұлға болды. Мүмкін, кіндігі ежелден байласып, тағдырыдың бір жібінің ұшығы күрмеліп жатқандықтан да, ата-бабамыздың аңсары тоғысқан сарынның жаңғырығы болар, бірден төс түйістіріп, алғашқы екі ауыз сөз алмасқаннан кейін, әзіліміз жарасып, ымымыз ортақтасып кетті. Жалпы олардың бостандық іздеп, Аланай мен Бұланай асқан көшінің тағдырын ес білгелі естіп өскендіктен де, аңғарым бар болғанымен, «Азаттық» радиосы арқылы естілген дауысы мен астарсыз сөзі қайым ойдың қайымын қайырып, тегі жақын, естілуі таңсық «Азаттық» деген аңсарлы жүлгеге жөргеп жіберетін. Оның бүркіттің шаңқылындай таза дауысын алпыс тоғызыншы жылдың қарашасында көз байланған кезде Рымғали Нұрғалиұлының кішкене ғана үнтартқышынан естісем керек. Алаш үнді азаматтың алғашқы дауысы маған осылай жетті.

Тұрақты тыңдаушы болдым дей алмаймын, алайда зиялылардың өзара пікір алмасуынан, сексенінші жылдары Ғалым Ахмедов дегдарың айтуымен, «Азаттықтың» әр түрлі хабарлары мен пікірлерін естіп қалып жүрдім. Чернобыль мен желтоқсан оқиғасы туралы алғашқы шындықтан да сол дегдар арқылы құлағдар болып едім. Араға сегіз-тоғыз жыл салғанда Шығыс Түркістанның тағдырына етене қанығып, сол майданда болған Жағда Бабалықұлы, Балқаш Бафин, Бұқара Тышқанбаев, Қалдыбай Қанафин, Әнуарбек Төгісов, Ахметқали Бітімбаев, Сейіт Итмеміров сияқты майдан офицерлерінің әңгімесін тыңдап, Аланай мен Бұланай асқан Қалибек хакім мен Құсайын тәйжінің, Тәкіманның көші, Оспан көтерілісі туралы бір пара мәліметтерден тәп-тәуір мағлұматым болды. Жетпісінші жылдың аяғынан сексенінші жылдардың ортасына дейін Балхаш Бафиннің Қалибек хакіммен, Қамза Ұшармен жазысқан хаттарын оқып, Түркиядағы көшкен елдің тағдырынан хабардар болдым. Хасен ағамыздың жөнін де білдік.

Кейін Еуропаның әр қаласында Өралтаймен кездесіп, пікір алысқан адамдардың мінездеме беруінше, сымбатты, сырбаз, аңғарлы, сергек және өжет, нағыз күрескер әскери полковниктің кейпінде көз алдыма елес берді. Желтоқсан оқиғасы мен алаш туралы еңбектері жарияланды. Оның өзі келді, жұрт барды, Қабдеш Жұмәділұлымен, Мұхатр Мағауинмен, Рымғали Нұрғалиұлымен етене араласты, тіпті, біздің қатарластарымыз қарға тамырланып та кетті. Бірақ, бетпе-бет танысудың орайы келмеді. Мен ол кісімен оңаша, еш куәсіз және ашық сөйлескім келді. Неге екенін білмеймін, әйтеуір түркиялық қандастарымызбен етене танысудың, не араласудың орайы келмеді. Құрылтайлардың тұсында да ол кісілермен алыстан сыйластық. Тек Мысырдан қайтар жолда Станболдағы Бұхарбай атты елші азаматтың ырқыменен Мансұр тәйжінің шаңырағынан дәм татып шыққанымыз бар.

Содан Абайдың жүз елу жылдық тойынан қайтып бара жатқанда Күшікбайдың бұлағының басында ат шалдырып, сусап тұрғанда Рымғали Нұрғалиұлы таныстырды. Костюмін желбегей жамылған, кеудесін кере ұстаған, бәріміздің төбемізден қарап тұрғандай боп өзін паң ұстады. Рымғали ағаның еркінсіген сөзі әсер етті ме, жоқ, екеуміз екі түрлі көңіл-күйде тұрғандықтан ба, бір-біріміздің атымызды білетінімізді ғана айтып, сыпайы бұрылып кеттік. Сөз тоқтасатын жер емес, тойдың екпіні де мойын бұрғызбайды. Дегенмен, бір сөйлессем деген тілек бұрынғыдан көрі беки түсті.

Жылдар өтті. Астанаға ауыстық. Хасен ағаның мінезі мен жүріс-тұрысы, еңбегі, Ізмірдегі саяжайы, көзі тірісінде өзінің қабірінің орынын дайындап қойғаны, қымыз ұстаған, киіз үй тіккен түркиялық қандастар туралы Рымғали аға сүйсіне баяндап жүрді. Хасен аға да Астанаға бірнеше рет ат басын тіреді. «Елім-айлап өткен өмір» де қолға тиді, Рымғали аға оның Мюнхендегі архивін Ұлттық академиялық кітапхананың қорына әкеп өткізді. Сонда да жолымыз тоғыспады. Содан, ұмытпасам, осыдан үш жыл бұрын Астана қалалық тіл департаментінің бастығы Оразгүл бегім «Хабар» телеарнасында Хасен Өралтаймен бірге пікір алмасуға шақырды. Студияға кіріп келе жатқан өр тұлғасы есімде, ағамыз алғаш көрінгендей екпінді емес, өжет емес, басылып қалғандай. Сөйтсем, инфарк алып, сақтанып жүрген кезі екен. Енді шегінетін де, тосаңситын да жер жоқ, сәлемнен бастап, жөн сұрасқанға жетер-жетпестен, нағашылы-жиенді болдық та шықтық. Үш-төрт қайырымнан соң астарлай табысып, шым-шым шымшысып, жұмсақ та биязы әзілге көштік. Маған сол тұста ол сондай бір нәзік мінезімен көрінді. Жан жылуы сыртына шығып тұрғандай әсер берді. Мен: «Қазір тікелей эфирден өзіңіздің арманыңызды ашық айтыңыз», – дедім. Ол: «Мен шет елдің азаматы болғандықтан да, ішкі мәселе туралы пікір білдіргенім сыпайлыққа жатпас. Бірақ қазақ тілі мәселесі алаңдатады ... Тәуелсіздікті көрдім, енді «madeo jn kazahstan» деген өнімді көрсем, арманым жоқ», – деді әдеппен.

Сөйтіп, екеуміз студиядан қолтықтасып шығып, дәлізде жарты сағаттан астам оңаша сөйлестік. Арамызда ешқандай дық, түсініксіздік мәселе қалмасын деп келісіп алдық та, ұзақ жылғы жинақталған сауалдарымызды тез қойдық, ол да қысқа әрі түсінікті, шын жауапты берді. Сеніскен адамдардың арасында ғана айтылатын бір-екі мәселе жөнінде өзінің де қатысын білдіріп кетті. Ол жауаптарға мен сендім. Әрине, арасында «шымшыласып» отырдық. Мен Балқаш Бафиннің толық жинағын құрастырып шығарғанымды, соның ішіне ол кісінің Қалибек хакіммен, Қамза Ұшармен алысқан хаттарын жариялағанымды айтып ем, қуанып кетті. Жинақты Алматыдан, Балқаш ағаның жамағаты Никар апайдан алатынын білдірдім. Кейін Әбубәшәр жеткізіп берді. Сонда әкесінің туғанына жүз жыл толуына орай Алматыда конференция өткізіп, жинақ шығару туралы мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхамедпен келіскенін, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысы туралы үш том құрастырып жатқанымды біліп, соған орай арнайы бір басбаяндама дайындауымды өтінді. Соңына ала: «Атыңды оқып, затыңды естіп жүруші елім. Өзің бір ашық пікірлі, ертерек танысатын жігіт екенсің. Жаманнан да жақсы туады екен-ау»», – деді. Мен: «Сонау Ізмір мен Алтайгөйге сүйретіп тастамай жүрген киіз үй де ағашына тартады емес пе. Сүзіліп барып бір шыбықтың шыққан жерін қарамайсыз ба?», – дедім. Бұл сөздердің әдібін жазбай-ақ қояйын, әйтеуір, аяқ астынан нағашылы-жиенді болдық та қалдық.

Кетер-кеткенше, қайда болса да, қай үйде отырса да, шайтанқұлақпен хабарласып, бір-екі шымшып үлгереді. Кейде жауа беріп үлгерем, кейде үлгере алмай қаламын. Бірақ бір-екі сағаттан кейін тағы хабарласатынын біліп, «сыбағасын дайындап» қоямын. Ертіп жүргендер: «Хасекеңнің мұндай құрдасы жоқ сияқты еді. Кім екен?», – десіп Әбубәшәр сияқты інісінен сұрайды. Ол кезде бауырымызбен бауыр баса қоймаған кез, мені қайдан білсін... Қаржаубай Сартқожаұлы Хасекеңді Қояндыдағы қалың керейге алып барып, ондағы бесіктегі кезінде айттырып, ес білер-білместен көз жазып кеткен қалыңдығына жолықтырғанын, екеуінің дәстүр бойынша көріскенін білген соң, тілім қышып кетіп, шайтанқұлақтан: «Қалыңмалыңызға не қосайын?», – дедім. Сонда босаңсып кетіп: «Тағдыр ғой, тағдыр. Әкемнің бір аманат өмірі сияқты еді. Дәстүр бойынша әке, шешеме жоқтау айтты. ... Тағдыр ғой...», – деген босаңсыған дауысы әлі құлағымда. Екеуміздің әзілсіз қайырған бір сөзіміз осы болды-ау деймін.

Содан бастап ол кісі Түркиядан, Мюнхеннен он-он бес күнде бір «шайтанқұлақ» соғып тұрады. Екі-үш ауыз сөзден кейін: «Жә, бір керейсітіп тастадың ғой. Аман бол. Сенің шығының шықпасын, өзім хабарласып тұрамын», – деп байланысты үзеді. Хабарласудың да сырын біліп, бір рет өзім хабарласып, таң қалдырғаным бар. Сол жиі соғылған «шайтанқұлақтың» дені жоғарыда айтылған Халибек хакімнің туғанына жүз толуына орай өтетін конференция мен жинақтың төңірегінде болды. Тендер деген сол жылдары кешігіп шығатын еді де, әлгі жинақтың жоспарға енуі созылып кетті. Соның жай-жапсарын ашық түсіндіргенімде, жағасын ұстағандай боп таңдана сөйлейтін.

Ақыры іс жыл аяғына қарай сәтімен бітіп, Алматыда ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ұйымдастырушыларға да, өзіме де конференцияға қатысуымды қатты қадағалап тапсырды. Конференция салтанатты, салихалы, мазмұнды өтті. Құран-хатымға, мәжіліске жиналған адамдардың саны өте көп болды. Қазақстанның, Түркияның, Қытайдың, Монғолияның, Германияның қазақтары басын қосқан алқалы алғасу деңгейінде өтті. Сол жолы түркиялық қазақтармен де, Хасен ағамыздың үйіндегі Хадиша жеңгемізбен, Ғалия апаймен, Әбуақап Қарамен, Мариям Қырымлымен, Шүкірәлимен, Әбубәшармен және өзге туыстарымен де, жеңге, келіндерімен жақындау таныстым. Бұл енді, емін-еркін алғасу, құшаққа тарту, бауырға басу, идіріп-тартып әзілдесу, ыммен де емеуірін араласқан жарасты күндер болды.

Хасекеңнің бір өжет мінезі сол конференцияда көрінді. Нәбижан жүргізіп отырды. Мәмбет Қойгелді жақсы баяндама жасады. Қабдеш ағамыз бен Мұхтар Шаханов сөйледі. Министрдің құттықтауы оқылды. Содан кейін әлдебір әнші әлдебір жаққа асығыс ұшып бара жатқандықтан да, конференцияны қысқартып, концертке орын берілетін болды. Әлгі асығыс әнші «Атамекенін» айтып болған соң Хасакең сақнаға шықты да: «Бұл – ғылыми конференция, концерт тыңдауға емес, жұрт пікір тыңдауға жиналды. Сондықтан асыққан әншілер кете берсін, бірінші ана Тұрсынға сөз беріңдер. Астанадан сол үшін келді...», – деді. Жұрт та қолдап, күнтәртібін тақырыпқа бейімдеді. Бізде кейде осындай еркінсу мен еркеліктердің жөнсіздікке бастайтыны да бар. Мен «Алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт азаттық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасадым, кейін оны жоғарыда аталған үш томдықтың алғысөзі ретінде жарияладым. Ондағы айтылған пікірге, көтерілген мәселеге көңілі толып, арқамнан қақты. Бұл енді білген адамға тәп-тәуір баға.

Конфернциядан кейін Мәдениет минситрлігінің Хасекең мен туыстарына арналған дастарханы бар екен. Әлдебір жақындығымызды байқап қалған Мәдениет министрлігі мен «Қазақ тілі» қоғамының жігіттері сол кешті жүргізіп беруді тапсырды. Сол мәзірді бейне бір мен ұйымдастырғандай, Хасекең мәз боп қалды. Жоғарыда аттары аталған, аталмаған түркиялық апа-жеңгелермен сонда етене таныстым. Бәрі де еркін әрі әдепті мінез көрсетті. Қазақы инабат, мұсылмандық ибаны сонда анық байқадым. Хасекең өзі қатарлас достарымен еуропалық дәстүрде еркін отырды. Сол кеште «әкелері дос болған» Балқаш ағаның жамағаты Никар бегім сөйлеп, көп өмірдің көмескі беттері ашылатындай болғасын, Хасен аға: «Біз ағаның үйіне міндетті түрде құран бағыштап шығамыз», – деді. Бұл енді бізге де бір жүктеулі міндет, құрметтей көрініп, уағдамен той тарқады.

Никар бегімнің дастарханы басында Хасен аға Башпай, Қалибек, Тәкіман, Оспан туралы көп әңгіме айтып, Балхаш аға Башбайдың хатын Құлжа қаласындағы Әлихан төреге әкелген жолғы әңгіменің ішінде Қалибек хакімнің де болғанын, сондағы уағдаластықтың соңы бостандық іздеген азаттық көшіне ұласқанын бәрімізге түсіндіріп берді: «Сондықтан да бұл үй Қалибек хакімнің де үйі, ата дастарханымыз. Сыйласып өтіңдер», – деп Ғалия апай бастаған туыстарына аманат еткендей болды. Бұл жолы Хасен ағамен кәдімгі бауыр ретінде сөйлескім келіп әзілден қашқақтай беріп ем: «Ей, қабырғалай салып қайқайып барасың ғой. Мұныңды қой. Бұрын да әзілді көп естігеміз жоқ, оған мүмкіндік болмады, енді ескі сөздер есіме түсе бастағанда, қайқаңды қой. Енді қашанғы сол сөзді естиміз», – деді. «Е, керей жапырақ, әлем тапырақты» сағынып қалған екенсіз ғой», – деп үйреншікті жорғамызға бастық. Үй-ішіміз де араласып, менің Назым атты қызымды кәдімгідей бауырына тартып, хабарласқан сайын атын атап, сәлем айтып жатады: «Екеуміз бір апталап, ай жатып оңаша әңгімелесуіміз керек екен. Мен сені өзім шақырамын. Түркияны да, Мюнхенді де аралаймыз. Ізмірде саяжайым бар, өзім хабарласамын», – деді қоштасарда.

Тағдыр содан кейін көрісуді жазбады. Бірақ айтқан уәдесінде тұрып, Түркияға шақыртып, өзі күніне үш рет хабарласып: «Әй, батыр... Мен шын ауырып қалдым. Дәрігер рұқсат етпеді. Сені күту үшін сонау Салихлыдан бауырыңды алдырдым. Еркін арала. Мұндай мүмкіндік қайтып бола бермес. Саған уәдемді орындап қалайын деп асықтым. Алдағы күннің нәсібі бір Алладан», – деді. Шындығында да бұл бір ғажайып сапар болды. Оны осы Түркістанда» жарияланған «Жолы болған жолаушы» атты күнделігімде барынша қанық әрі өзінің тірі кезіндегі лебі сақталғандықтан да, қайталап жатудың қажеті бола қоймас.

Міне, осындай қимас сезімдерге құрылған бауыр басқан бауырластығымыз ұзаққа созылмады. Екі-үш рет шайтанқұлақ арқылы сөйлесіп, жарияланған күнделіктерімді Әбуақап пен Мариям арқылы жіберіп, мәз болып жүргенде Мариям Хасен ағаның ауырлап жатқанын айтты. Ғалия апай да Мюнхенге кетіпті. Екі-үш рет шайтанқұлақпен хабарластым, бірақ, тіліміз әр түрлі шыққандықтан, Хасекеңнің өзімен сөйлесудің реті келмеді. Бір күні Мариям Қырымлыдан «Хасен ағай дүниеден өтті» – деген суыт хабар жетті. Салихлыға денесін әкелген күні телефон арқылы барлық туысқандарына көңіл айттым. Сөзім кімге жетті, кімге жетпеді, білмеймін.

Асыл аға, Хасен аға, қазақтың туын желбіреткен жалаңтөс жігіт, алмас қылыш сияқты өткір азамат еді. Ол туралы Р.Нұрғалидің шәкірті Қ.Байтанаева докторлық диссертация жазып бітірді. Барлық қызметі сонда айтылғандықтан да, пенде ретіндегі бір қырына тоқталдым. Үлкен әңгіме алда. Міне, Рымғали аға екеуінің бірінің дүниеден өткенін екіншісі білмей, қатарласа бақиға аттанғанына да жыл толмақ. Осы шағын сөз Хасекеңнің қабіріне салған бір уыс топырағым болсын. Алла жазса, Салихлыға қалайда бір соғып, үлкен парызымды сонда орындармын деп ойлаймын.

Сөз соңында, дүниеден өткеніне жыл толып қалған асыл азамат туралы Түркиядағы Қазақстан елшілігі мен М.Қырымлы, Ә.Қара сияқты зиялы қауымның, ағайындарының ұйымдастыруымен халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғандығын, оның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы сонда кеңінен сөз болатындығын қаперге іле отырып, қадари қауымға ескерте кетуді жөн көрдім.


Астана.

11.01. 2011

НАМЫС ТҰЛҒА
Ұлттық сана мен ұлттық идеяны ұлттық намысқа ұластырған, сол намысты ұлттық азаттық нысанасына ұштастырған тұлғалар әр нәсілде, әр халықта, әр ұлтта бар. Олар өзінің өмірлік іс-әрекетімен, тұлғалық қайраткерлегімен сол мақсат жолындағы күрес жауынгеріне айналады. Қазақ үшін, жалпы түркі дүниесі үшін сондай тұлғаның бірі – Хасен Өралтай (Оралтай). Кеңес тұсында сонау Мюнхендегі «Азаттық» радиосы арқылы «алаш», «азаттық», «ұлт бостандығы», «кеңестік қысым» деген ұғымдарды зиялы қауымға әуе толқындары арқылы жеткізіп, сол арқылы санамыздағы бостандыққа деген ұмтылысты оятқан намысты қаламгердің туғанына 80 жыл толуына орай Халықаралық «Түріксой» қауымдастығы мен Анкарадағы Ұлттық Ғази (Ататүрік) университетінің бірігіп ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми конференция өтті. Бұл ғылыми шараның барша түркі текті қауымның ту ұстары, түрік ұлтының ұлы қайраткері Ататүрік атындағы патроиттық тәрбие мен білім ордасында өтуінің өзіндік рухани-саяси мағынасы бар. Өйткені, түрік елі Хасен Өралтайды (Оралтайды) мұқым түрік жұртының ұлттық намысын бір арнаға тоғыстырған, аса бір қиын саяси кезеңдерде олардың арасына «көңіл жібін» (Абай) жалғастырған қормал тұлға ретінде қарайды. Конференция төрағасы, Ғази университетінің профессоры Ахмет Бижан Ержуласунның:

– Мен Хасен досыммен 18-19 жасымда Ізмірде таныстым. Мен қазақтың жүзін, қандай тұлғалы ел екенін осы Хасеннің бейнесі арқылы тұңғыш рет көрдім. Хасенмен бірге Қалибек хакімнің Салихлыдағы үйіне барып тұңғыш рет қымыздың дәмін таттым. Содан бері оның жазғанын оқып келемін. Біз осы Хасеннің ықпалымен бірте-бірте түрік дүниесінің ішіне кірдік. Сол үшін де осында отырған түрік ғалымдарының бәрі оған қарыздар. Германияның Мюнхен қаласындағы оның үйіне «түрікпін» деп келген адамдардың барлығы, соның ішінде осында отырған және белгілі себептермен қатыса алмаған түрік, қазақ, әзірбайжан, өзбек, түрікмен, татар, ұйғыр, ноғай, башқұрт, қырымшақ сияқты тағы да басқа барша ұлттың өкілдері қонбай кеткені, Қадишаның қолынан дәм татпағаны кем де кем. Тіпті кейде меймандардың көптігі сондай жерге төсек салып, қатар-қатар жатып, бітпеген жалпы түрік жұртының кешегі, бүгінгі, ертеңгі аһуалы туралы пікірімізді жалғастыратынбыз. Ол өте батыл, шешен, тапқыр және намысшыл, сезгір еді. Өзіне, өз ұлтына, түрік жұртына қаратылған сәл шытыңқы қабақты көрсе, не сезсе болды, табан астында сондай бір өжеттікпен, тапқырлықпен жауап беретін. Бірде бір топ түрік ғалымдары Германияның шекарасынан өтіп жатқанымызда бір щшекарашы: «Сендер кімсіңдер?», – деді. Сонда Хасен әлгі шекарашыны мысымен баса, көзін қысыңқырап: «Біз қытаймыз», – деді. Әбес қылығына қысылған шекарашы қысылғанынан бәрімізді тексермей өткізіп жіберді. Сол бір қырғиқабақ кезеңде Хасен барлық түрік тектес елдердің ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерін бір біріне таныстырып, олардың арасында тұрақты түсіністік байланыс орнатып, түрік мемлекетінің қайраткерлерімен кездестіріп, тәуелсіздік алмастан бұрын олардың өзара қарым-қатынас жасап, ынтымақтастық орнатып, сол арқылы олардың мемлекеттік тұлға ретінде тез табысуына септесті. Кеңес қысымындағы түрік республикаларының тәуелсіздік алуынан бес-он жыл бұрын өзара мәдени байланыс жасауына көп ықпал жасады. Сондықтан да, Хасен Өралтай (Оралтай) барша түрік қауымдастығына ортақ қайраткер ретінде «Түріксойдың» бұл конференцияны ұйымдастырып отыруы өте орынды. Біз Хасен Өралтайдың өмірі мен қайраткерлігін пікір білдіру арқылы бәріміздің ұлтымыздың даму жолындағы мәселелерді қозғаймыз», – деген кіріспе сөзі бүкі ғылыми мәжілістің мақсаты мен міндетін анықтап берді.

Конференцияның беташарында Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, «Түріксойдың» Бас директоры Дүйсен Қасейінов өз сөздерінде жалпы түркі әлеміндегі ынтымақтастық, сол саладағы өрелі бағыттар мен нәтижелер, Хасен Өралтайдың қаламгерлік, саяси қызметінің түрікаралық қатынастағы орыны туралы келелі пікірлер білдірді. Ал конференцияда баянадама жасаған ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор М.Қойгелдиев, Кония университетінің профессоры Мариям Қырымлы, Мәрмәр университетінің профессоры Әбуақап Қара, тарих ғылымының докторы, Ұлттық университеттің профессор Набижан Мұхаметқан, Түрік академиясының жетекші ғылыми қызметкері, ғылым кандидаты Жарылқап Бейсенбайұлы, Түрік академиясының мемлекетаралық үйлестіру орталығының орынбасары Дархан Қыдырәлі, «Болашақ» бағдарламасының Кония университетіндегі докторанты Асқар Құмаров және осы жолдардың авторы Хасен Өралтайдың өмірі мен қайраткерлік қызметінің жалпы түркі бірлігі мен алаш идеясын халықаралық деңгейде дамытуға қосқан үлесі, ол туралы жазылған зерттеу еңбектері мен саяси, ғылыми зерттеу мақалалары, ондағы көтерілген мәселелердің өзектілігі, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы мен саяси тұжырымдары, кезінде Гимлай мен Бұланайға бағыт алып, азаттық іздеген көшке ілескен 30 мың адамнан тірі қалған 3 мың адамның тағдыры, жалпы саяси босқындардың тарихтағы орыны, олардың бүгінгі тағдыры, Хасен Өралтайдың өзін қазақ ұлтының өкілі ретінде қорламақ болған америка журналисіне шапалақпен жауап беріп, халықаралық сот арқылы кешірім сұратуы, оның қазақ зиялыларының көзқарасына ықпалы және аса бай әрі мақсатты түрде жиналған қолжазбалары мен кітап мұралары жөнінде келелі пікірлер айтылды. Қайраткердің жары Хадиша Өралтайдың алғыс сөзінде асыл азаматтың тарихи отанына деген ұлы сағынышы мен құрметі, өзінің барлық кітапхана мұраларын Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана қорына академик Рымғали Нұрғали арқылы ресми түрде тапсырғаны айтылды. Ғылыми конференция марқұмға қатым түсірумен аяқталды. Қазақстандық ғалымдар ертесінде Ғази, Кония университеттерінде оқып жүрген өренжілермен, магистранттармен, докторанттармен кездесіп, олардан ұлтымыздың күтіп отырған биік үмітін ақтау барысындағы ізденістерінде қандай көкейкесті мәселелерді назарда ұстап, қандай бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп, деректер жинау керек екендігі жөнінде ұсыныс, пікірлер ортаға салынды.

Айта кететін бір сүйінішті жай, Ұлттық академиялық кітапхана 480 томнан асатын Хасен Өралтайдың кітап қорының көрмесін ұйымдастырды. Мақсатты түрде жинақталған ұлт-азаттық рухын қамтитын бұл тағдырлы кітаптар қазақ руханиятының олжалы бір құндылығы болып табылады.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

ҰМЫТЫЛМАҒАН ОТАН, ҰМЫТЫЛМАЙТЫН ОТАНДАСТАР


Оның себептері өте көп. Әсіресе, екпінді түрде салт-дәстүрінен айырылып бара жатқан аз санды ұлттар мен ұлттық топтардың тарихи, мәдени, этнографиялық, лигвистикалық құндылықтары біздің назарымызды ерекше аударуы керек. Осы жолы осыдан екі жарым мың жыл бұрын, көкбөрінің киесі дарыған, ежелгі түркі өркениетінің ата қонысы Шүлен тауы мен Бағылық тауының өзегін жарып өткен, ХҮІІ ғасырға дейін шын империясы мен Шығыс Түркістанның шекарасы болған Хышыи дәлізін бойлап, дүниежүзін таңқалдырып отырған Дунхуаң үстіртіне, одан Тибеттің етегін баса қоныстанған Ақсай қазақ автономиялы ауданына бардым. «Бұдан әрі қытайларға аттап басуға болмайды» – деп қақпаның маңдайшасына жазылған, қытай қорғанының үзілген тұсы Аққорғанның (Жа үй гуаң) төрт мұнарасы әлі қылтиып тұр. Жыл қайыруымыздан үш жүз жыл бұрын «үйсіндер ауған» бұл дәлізді қазір де көне түркінің үрімдері мекендейді. Әсіресе, сарыұйғыр деп аталып кеткен, найман, қоңырат, керей, қаңлы тайпаларының таңбаларын әлі де тектік белгі ретінде тұтынып отырған, тілдері қазақ тіліне өте жақын бұл жұрт бүгінгі қазақ ұлты тұрғысынан етене зерттеуді күтіп тұр. Қуаныштысы, ол жақтағы қандастарымыз бұған назар аудара бастапты. Бірақ іргелі, кемелді зерттеуге зәру. Тездетіп қолға алмаса қазіргі жаһандану тұсындағы жастардың беталысы екпінді, ертең көз жаздырып кетуі мүмкін.

Ал Ақсайдағы қазақ автономиялы ауданындағы мұражайды көріп таң қалдым. Гинесстің тізіміне ілінген 64 метрлік сырмақтың өзі неге тұрады. Көшеде делбегей киіп жүрген қазақты менің құрдастарымның өзі көз алдына елестете алмайтынына сенемін. Қаншама көне мұраларды жинақтаған. Мекемені былай қойғанда, ұсақ дүкен мен дүңгіршектерге дейін аттары қазақша жазылған. Жаяу жолдың тақталарына қазақтың салт-дәстүрі (бәйге, түйе жарысы, қыз қуу т.б.), Алтынтауды мекендейтін аң-құстар (қыран, аққу, көкалаүйрек, таутеке, тұлпар, ойсылқара, көк бұқа, ақ қошқар, ақ серке т.б.) мәрмәрға мәтінімен бедерленіп салыныпты. Әрине, алаңдатарлық жайлар да бар. Міне, осы этнографиялық құндылықтарды сол жақтағы отандастарымызбен қойындаса, қолтықтаса отырып зерттесек, үлкен ғылыми олжа болар еді. Бұл құндылықтар археологтардың, түркологтардың заттай айғақтарымен қосылған кезде, қандай рухани олжа күтіп тұрғаны айтпаса да түсінікті.


ХХХХХХХХХХХХ
Шүлен тауының арғы беті тибет жотасы. Бір қызық оқиға айтайын. Тағдыр айдап Гималайдың қолтығында қалған қандастарымызды сексенінші жылдары Үрімжіге, Ақсайға қоныстандырыпты. Олар жерсінбей Тибетке қайтып келсе, бұрынғы жерін өзгелер иемденіп алыпты. Тіпті тіркемейді де. Содан жиырма жылдан астам тау-тас кезіп, тағыланып кетіпті. Бір ұрпақ сауатсыз өскен. Осыдан екі жыл бұрын дүнгеннің Жаң шың жы атты атақты бір жазушысы барып, жергілікті әкімдермен жолығып жер алып беріп, дүнгендерді асарға шақырып, мешіт салдыртып, бастарын қосыпты. Әуеліде адамға жоламай әуре қылыпты. Сонау «әлем шатыры» Гималай мен Бұланайдың бауырындағы осынау шағын топтың тілі мен дәстүрі де өзгеше көрінеді. Мұрағаттағы жәдігерлер біртіндеп игерілер-ау, мені қатты алаңдататыны адамдардың бойындағы өздерімен бірге кететін құндылықтар. Біздің тарихи тамырымыздың бір тарамысы болғандықтан да ұмыт қалдырғанымыз елдігімізге сын болмақ.

Ал тарихи саралау тұрғысынан келсек, о, онда біздің танымымыздың қатпарын аударып түсіретін тың тұжырымдар күтіп тұрғанына еш күмәнім жоқ. Жоғарыда көшпелі түркі жұрты мен мәнжу, шүршіт, монғол, тибет қауымының тарихи тамырластығы туралы емеуірін танытып қана өттім. Біздің тибетпен қандай байланысымыз болуы мүмкін дейсіз бе? Жақын тарихымыз тоғыспаса да, осыдан үш ғасыр бұрынғы тарихымыз бен тағдырымызға тікелей қатысы бар. Тарихи тағдырымызды саралай келгенде, теңіздің кері шалқып Сарыарқаға қарай лықсуына, Менгу Темір мен Нұрқашыдан ыққан Батыр хонтайшы құрған жоңғар мемлекетінің қазақ даласының шапқыншылығына – қытайдағы отызыншы қыркүйекте аталып өтетін «тоқаш тойы» мен Галдан Серенге «Бурхан Тәңрі Бошоқты» деген атақпен қоса: «Алтын ханның алтын ұрығы! Ендігі бағытыңды батыстағы «Алтын ордадан ізде!», – деп бата берген тибеттің Заяпандит ламасының жарлығының тікелей қатысы бар екеніне көзім анық жетті. Енді жолым түсе қалса, Заяпандит ламаның сол жарлығының мәтінін табуға ұмтыламын.

ШАҒАБУТДИН МАРЖАНИ

(1818-1889)


Шаһабутдин Маржани – исі мұсылман қауымы мен түркі жұрты әлемінің танымы мен ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген ғалами ғұлама. Оның ілімі Абайдың көркем танымының тамырына нәр, ойына қуат, өнеріне өріс берді. Сондықтан да Шаһабутдин Маржаниді қазақ ұлтының ұлттық идеясының уызын ұйытқан ой мәйегінің иесі, ұлт ұстазы ретінде қабылдау – «мәңгілік ел» идеясын мұрат тұтқан қауым үшін «өткендерге салауат, ұрпақтарға аманат» болып табылады. Оның осы аттас «өсиет кітабы» ХІХ ғасырдағы мұсылман мен түркі әлемінің танымдық және тарихи жадын аудара төңкеріп жаңғыртқан, рухани және ұлттық сана азаттығы бағытын қалыптастырған жадидтік – құбылысты тұлға. Өкінішке орай, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде ислам әлемін қадыми ғұрып пен ұлттық тұйықталудың тылсымынан жол тауып шығарған, Абай арқылы сүзіліп кеп біртұтас алаш идеясының қалыптасуына негіз қалаған жадидтік ғұламалар мен дін, ұлт қайраткерлерінің ілімінен қазіргі қазақ қауымы қалыс қалып келеді. Соның салдарынан ислами ақиқаттың, яғни, «пайғамбардың ақ жолы» бұрмаланып, исі мүслімнің тұтас танымы суыртпақтала сөгіліп, түсі оңып жетіп жатыр. Бұл «ұраны бір алаш» қауымының рухани бірлігіне іріткі салатын қатерлі бағытқа, иманды бұзатын жан мен рухтың жәдігөй жәндігіне айналып барады. Жандығығымызды аздыратын мұндай жан жегісінің дертіне бүтіндей ұшырамас үшін көшпелілер қауымының өркени санасының өркені мен һахты, ұлтты тану жолындағы талмалы тұстарды танық танығанымыз абзал. Бұл, Маржанидің өзі кітабінің атын дәл тауып қойғанындай, «өткендерге салауат, ұрпақтарға аманат» деңгейіндегі өсиет болмақ.

Шаһабутдин Маржани – «тек қана бұлғар-татар ұлтының ұлттық мәдениетін зерттеген ғалым-тарихшы ғана емес, шындығына келгенде, одан гөрі жоғары дара данышпан» (Ю.Юсупов)2, біздің пайымдауымызша, мұқым ислами-түркі, сол арқылы исі адамзаттық ақыл-ой иесі болып табылады. Ол Ресей мен шет елге – шығармаларының дерлігін араб тілінде жазған, шығыс тілдерін жетік меңгерген лұғатшы, шығыстанушы, ислами танымның тәфсіріне өзгеріс жасаған фәлсафа хакімі, түркітанушы, тарихшы, ағартушы, ғылыми пайымдаулары арқылы мәдениет пен әдебиет тарихы, деректану, жағырафия, логика, математика, астрономия, музыка, медицина, ғылым тарихы, этногенез, эпиграфика, нумизматика ілімдері қақында пікір қорытқан ғалами ғұлама, «бұлғар топырағында туған ең ірі ғалым», «өз заманының Платоны», «татардың Геродоты», «ұлттық тарихтың негізін қалап, дамытушы», «ұлттық тарихты аңыздан ажыратып берген» ғалым ретінде мойындалды. Ол өзінің қаламынан шыққан 29 еңбектің екеуін ғана («Ғилалат аз –заман фи тарихи Бұлғар ва Казан» – «Бұлғар мен Қазан тарихын жауып тұрған шымылдық», 1870, 164 бет) мен «Мұстафад әл-ахбар фи ахвали Қазан уә Бұлғар» – «Қазан уә Бұлғар тарихы туралы деректер жинағы» (т.1, Казань, 1885, 1897, 264 бет, т.2, Казань, 1900, 368 бет) татар тілінде жазды.

«Құранның» ғана емес, адамзат өркениеті мен мұсылмандық гүлденудің себепкері және даналық ілімнің ұйытқысы деп танылған араб тілінде еңбек жазу – тек сол заманда ғана емес, қазірдің өзінде исламият тарихатына қатысты тәмсіл тарата алатын халықаралық, яғни, әлемдік деңгейдегі ой иесіне ғана тән ерекше қабілеттің кепілі болып саналады. «Ақындар патшасы» атанған Мүтәннаби мен Әл Мағри, «даналық мәйектері» – Әл Фараби, Ибн Сина, әл-Ғазали, Жалаладдин Дауани, тарихшылар – Ибн Фадлан, ибн Батута, Ибн Халдун, Мұхидаддин ибн Араби, ибн Халликан, Йакут әл-Хамауи, ибн ал-Асир, Қажы Халиф, Шамс-аддин Димашки, сыни көзқарас иелері, өзінің ілкі замандас, қандастары Мұхамед Тарағай Ұлығбек, Габдуннасыр Курсави (әл-Булғари), Әбді ал-Мумин Өзбек әл-Афшари, Құсайын ибн Ғұмар әл-Кермани әл-Қарғали (дала перзенті, Кердері табынан-мыс делінеді, «Өткендерге салауат, ұрпақтарға аманат» өсиетнамасы осы ғұламаның кеңесі бойынша жазылған), Ниязқұлы ат-Түркмани сияқты даналардың мәтібімен арабтың ырғақ пен әуенге бейім қара сөзі арқылы аса көркем әдеби мәнерді игеруі, мағрифаттана отырып шариғатқа көшіп, тарихат арқылы ақиқатқа жетудің «ақ жолын» таңдауы – Шаһабутдин Маржанидің табиғи болмысы мен түйсігінің, ойлау жүйесі мен логикасының, талант пен білім қуатының хакімдік деңгейге көтерілгендігін танытады.

Ал оның сондай бір сеніммен, батылдықпен, қажырлықпен әл-Фараби, Рушди, Ибн Сина, әл-Ғазали, Дауани, Софы Аллаяр, Ауғани сияқты жәдиди ғұламалардың ғұмырын кескен қадыми қасаң қисындарды өзгертіп, жаңаша көзқарас қалыптастыруы – адамзаттың танымдық ойлау жүйесіне, өмір сүру тәсіліне, тіршілік харекетіне әкелген ұлы бетбұрыс еді. Ол мұндай заманауи тәфсірлік жүйенің қажеттілігін білдірген тұңғыш ой иесі ғана емес, соны жүзеге асырған реформатор. Оның бұл көзқарасы жадидтік-жаңашылдық-реформаторлық бағыт ретінде қанатын кең жайып, ұлы ислам, мұқым түркі дүниесінің рухани оянуына тиянақ қойып, жігерлі серпін, рухани бұлқыныс, имани сенім берді. «Екінші ислами ояну» дәуірі басталып, Жалалиддин Ауғани мен мысырлық Мұхаммед Ғабдуку, кейіннен Әнуар паша мен Ата Түрік, Әлихан Бөкейхан, сияқты ұлы ұлттық-ислами саяси күрескерлер, Қаюм Насыри, Ғаспаралы, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Мінауар қари сияқты ұлттық сыншыл ой иелері мен ағартушыларды мағрифат сақнасына шығарды. Мұхтар Әуезовтің:




1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет