Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің



жүктеу 33.86 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.86 Kb.
: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесi бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің         
2003 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1303 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.


      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы немесе арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3. Жалпы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алмай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда жүзеге асырылады.
      4. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектілерiн табиғи тiршiлiк ортасынан белгiленген тәртiппен ғылыми және мәдени-ағарту мақсаттарында аң аулау кезiнде, сондай-ақ жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану үшiн алу арқылы жүзеге асырылады.
      5. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берілмеген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесiн шаруашылық мақсаттарда, сондай-ақ олардың тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану (тасталған мүйiздердi, мумие жинау, жабайы араларды, құмырсқаларды және басқаларды пайдалану) үшiн мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман пайдаланушыға 1 жылға дейiнгi қысқа мерзiмге беріледi.
      8. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушi беретiн орман билетi және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты негiздеме болып табылады.
      9. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi мен орман ресурстарына нұқсан келтiру мүмкiндiгiне жол бермейтiн тәсiлдермен жүзеге асырылуға тиiс.
      10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға мынадай:
      1) оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау өртке қарсы iс-шаралар жүргiзу, ал орман өртi шыққан жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз ету;
      2) орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орманды заңсыз кесуге және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының , Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану заңнамасының өзге де бұзушылықтарына жол бермеу;
      3) мемлекеттiк орман иеленушілерге оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабарлау;
      4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, рұқсаттама құжаттарда белгіленген шарттарды орындау;
      5) мемлекеттiк орман қоры учаскесiн 10 жылға және одан да астам ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтiп беру туралы мемлекеттiк орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа қол қойылғаннан кейiн 2 жылдан аспайтын мерзiмде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен iшкi шаруашылық аңшылықты жоспарлау жобасын мемлекеттiк орман иеленушiге беру;
      6) орман шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтілiп берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк есебiн , жануарлар дүниесiнiң кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн және жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беру талаптары қойылады.
      11. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану ақысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртіппен айқындалады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет