Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы



жүктеу 151.97 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі151.97 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 95d7dec52b48ff704625707b0039e62d -> $FILE
$FILE -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №11 нормативтік қаулысы
$FILE -> Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы»
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №9 нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 3АҢЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты ізгілік принциптері басшылыққа алына отырып қабылданды.

1-бап. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар:

1) кәмелетке толмағандар;

2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер;

3) I және II топтардағы мүгедектер;

4) зейнет жасына жеткен әйелдер мен ер адамдар жазадан босатылсын.

2-бап. Осы Заңның 1-бабының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылсын.

3-бап. Осы Заңның 1-бабында аталған, ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылсын.

4-бап. Осы Заңның 1, 2, 3-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр қылмыстар үшін бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген болса, жазадан босатылсын.

5-бап. Осы Заңның 1, 2, 3, 4-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Заңның 19-бабында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазаны өтеп болуына бір жылдан аз уақыт қалған адамдар жазадан босатылсын.

6-бап. Осы Заңның қолданылу аясына:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабы қолданыла отырып, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленіп, сотталғандар;

2) бас бостандығынан айыруға сотталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылған жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер;

3) әскери қызметке шақырудан жалтарған әскери міндеттілер және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасаған әскери қызметшілер, егер осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты айдан кешікпей таяу жердегі жергілікті әскери басқару органдарына, әскери-тергеу органдарына, әскери прокуратура немесе әскери полиция органдарына кінәсін мойындап келген жағдайда;

4) егер бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза негізгі жаза түрінде қолданылған болса, жазаның осы түрлеріне сотталған адамдар жатады.

7-бап. Осы Заңның 1, 2, 3, 4, 5, 6-баптарының негізінде жазадан босатуға жатпайтын, бас бостандығынан айыруға:

1) ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталған;

2) егер тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген болса, ауыр қылмыстар үшін сотталған;

3) егер тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтеген болса, аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдардың жазасының өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылсын.

8-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, олар үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза көзделген қылмыстар туралы қылмыстық іс қозғаудан бас тартылсын және барлық қылмыстық істер мен соттарда қаралмаған істерді жүргізу тоқтатылсын.

9-бап. Мынадай болып белгіленсін:

1) осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында аталған адамдарға қылмыс жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар жатады;

2) осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға ата-ана құқығынан айырылмаған және осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге он сегіз жасқа толмаған балалары, соның ішінде асырап алған не қорғаншылыққа алған балалары бар не жасына қарамастан I және II топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жүктілік жағдайында болған әйелдер жатады;

3) осы Заңның 1-бабының 3) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен I және II топтардағы мүгедектер деп танылған адамдар жатады;

4) осы Заңның 1-бабының 4) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына жеткен әйелдер мен еркектер жатады.

Бұл адамдардың туған күні мен айын растайтын құжаттар болмаған кезде мұндай адамдар деп 1947 жылғы 1 қаңтарға дейін туған әйелдер мен 1942 жылғы 1 қаңтарға дейін туған ер адамдар есептелуі керек.

10-бап. Осы Заңның күші:

1) сот үкімі бойынша аса қауіпті рецидивистер деп танылған, сондай-ақ қауіпті не аса қауіпті деп танылған қылмыстарды қайталап жасаған;

2) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылып сотталған, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалып сотталған;

3) осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған адамдардан басқа, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған;

4) осы Заңның 1-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталғаннан басқа, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдар;

5) бұрынғы сотталғандығы заңнамада белгіленген тәртіппен өтелген немесе алып тасталған адамдарды қоспағанда, бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалып, қайтадан қасақана қылмыс жасаған;



6) осы Заң қолданысқа енгізілген күнге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қысастықпен бұзушылар деп танылған немесе жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыстар жасаған;

7) Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар: Отанға опасыздық (50-бап); шпиондық (51-бап); террорлық акт (52-бап); шет мемлекеттің өкіліне қарсы террорлық акт (53-бап); диверсия (54-бап); зиянкестік (55-бап); соғысты насихаттау (57-бап); ұлттық, нәсілдік тең құқықтылықты және азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың тең құқықтылығын бұзу (60-баптың үшінші бөлігі); жалдамалылық (62-2-баптың екінші бөлігі); бандитизм (63-бап); еңбекпен түзеу мекемелерінің жұмысына іріткі салатын әрекеттер (63-1-бап); қылмыстық топты не қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастыру немесе басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (63-2-баптың екінші бөлігі); контрабанда (64-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); жаппай тәртіпсіздік (65-бап); жылжымалы темір жол составын, әуе, теңіз немесе өзен кемелерін айдап әкету не басып алу (72-1-баптың екінші және үшінші бөліктері); жасанды ақшаны немесе бағалы қағазды қолдан жасау немесе өткізу (73-баптың екінші бөлігі); ұрлық (76-баптың үшінші бөлігі); тонау (76-1-баптың үшінші бөлігі); шабуыл жасап тонау (76-2-бап); алаяқтық (76-3-баптың үшінші бөлігі); бөгде мүлікті меншіктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын теріс пайдаланып қиянат жасау жолымен талан-таражға салу (76-4-баптың үшінші бөлігі); қорқытып алу (76-7-баптың үшінші бөлігі); бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (82-бап); қасақана кісі өлтіру (88-бап); денені ауыр дәрежеде қасақана жарақаттау (93-баптың екінші бөлігі); басқа адамды көрінеу ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупінде қалдыру және ЖҚТБ ауруын жұқтыру (100-1-баптың екінші бөлігі); әйелді зорлау (101-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); еркек пен еркектің жыныс қатынасын жасасуы (104-баптың екінші бөлігі); адамды кепілге алу және кепілдікте ұстау (115-1-бап); адам ұрлау (116-бап); пара алу (146-баптың екінші және үшінші бөліктері); ішкі істер органдары қызметкерінің, халық жасақшысының, анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе халық заседателінің өміріне қастық әрекет (173-1-бап); куәні, жәбірленушіні, сарапшыны немесе аудармашыны өтірік жауап беруге сатып алу немесе зорлау (187-1-баптың үшінші бөлігі); көрінеу әділетсіз үкім, шешім, ұйғарым немесе қаулы шығару (191-баптың екінші бөлігі); анықтама жүргізуші адамға, тергеушіге, прокурорға, судьяға немесе халық заседательдеріне қатысты қауіп төндіру (191-2-бап); еңбекпен түзеу мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (199-2-баптың екінші бөлігі); бұзақылық (200-баптың екінші бөлігі); атылатын қару-жарақты, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау (203-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі заттарды ұрлау (213-1-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі заттарын қолдануға азғыру (213-2-баптың екінші бөлігі); есірткі заттарды заңсыз жасау, алу, сақтау, тасу, жіберу немесе өткізу (214-баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); притон ұстау және жеңгетайлық (215-1-баптың бесінші бөлігі); көлік құралдарын айдап әкету (221-баптың екінші және үшінші бөліктері); бағынбау (225-баптың "в" тармағы); бұйрықты орындамау (226-баптың "в" тармағы); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызмет міндеттерін бұзуға зорлау (227-баптың "б" және "в" тармақтары); бастықты қорқыту (228-баптың "в" тармағы); бастыққа зорлық әрекеттер жасау (229-баптың "б" тармағы); бір-біріне бағынбайтын әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзуы (231-баптың "в" тармағы); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (233-баптың "г" тармағы); дезертирлік (234-баптың "б" және "г" тармақтары); ұрыс жағдайында бөлімді өз бетімен тастап кету (235-бап); өзінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе басқа тәсілмен әскери қызметтен бұлтару (236-баптың "б" тармағы); әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (238-баптың "в" тармағы); қаруды, сондай-ақ айналасына аса қауіп төндіретін заттар мен құралдарды қолдана білу ережесін бұзу (238-1-баптың "в" тармағы); ұшу немесе оған дайындалу ережесін бұзу (240-бап); кеме жүргізу ережесін бұзу (241-бап); қарауыл қызметінің жарғылық ережелерін бұзу (242-баптың "е" тармағы); жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзу (244-баптың "в" және "г" тармақтары); соғыс құпиясын жариялау немесе соғыс құпиясы жазылған құжаттарды жоғалту (246-баптың "в" тармағы); билікті теріс пайдалану, асыра пайдалану немесе оның әрекетсіздігі (247-баптың "б" және "в" тармақтары); соғыс жүргізу құралдарын жауға беру немесе тастап кету (248-бап); суға батып бара жатқан соғыс кемесін тастап кету (249-бап); ұрыс алаңын өз еркімен қалдыру немесе қаруды қолданудан бас тарту (250-бап); өз еркімен тұтқынға берілу (251-бап); тонау (253-бап); соғыс жүріп жатқан аудандағы халыққа зорлық жасау (254-бап); сондай-ақ Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 1995 жылғы 12 мамырға дейінгі редакциясындағы: тонау (133-баптың үшінші және төртінші бөліктері); шабуыл жасап тонау (134-бап); қорқыту арқылы талап ету (135-баптың екінші және үшінші бөліктері); мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (141-баптың екінші бөлігі) үшін сотталған;

8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтіру (96-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); азаптау (107-баптың екінші бөлігі); ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-баптың үшінші бөлігі); зорлау (120-баптың екінші және үшінші бөліктері); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшінші бөлігі); адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сондай-ақ әкету және олардың транзиті (128-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-баптың төртінші бөлігі); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-баптың үшінші бөлігі); мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлік (169-бап); диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-баптың екінші бөлігі); ұрлық (175-баптың үшінші бөлігі); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-баптың үшінші бөлігі); алаяқтық (177-баптың үшінші бөлігі); тонау (178-баптың үшінші бөлігі); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші және үшінші бөліктері); автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-баптың үшінші бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-баптың екінші және үшінші бөліктері); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігі); терроризм (233-бап); терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап); террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу (233-2-бап); экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру (233-3-бап); адамды кепілге алу (234-бап); ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); бандитизм (237-бап); үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-баптың екінші және үшінші бөліктері); әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру (239-бап); теңіз қарақшылығы (240-бап); жаппай тәртіпсіздіктер (241-баптың бірінші және екінші бөліктері); атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (244-баптың екінші бөлігі); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың үшінші бөлігі); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (250-баптың үшінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-баптың үшінші бөлігі); қаруды заңсыз жасау (252-баптың үшінші және төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бұзақылық (257-баптың үшінші бөлігі); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-баптың екінші және үшінші бөліктері); құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-баптың екінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-баптың үшінші және төртінші бөліктері); билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-баптың үшінші және төртінші бөліктері); пара алу (311-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-баптың төртінші бөлігі); көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-баптың екінші бөлігі); көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-баптың үшінші бөлігі); көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-баптың екінші бөлігі); көрінеу жалған сөз жеткізу (351-баптың үшінші бөлігі); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-баптың екінші бөлігі); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың үшінші және бесінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-баптың екінші және үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-баптың екінші және үшінші бөліктері); бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-баптың үшінші бөлігі); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-баптың бесінші және алтыншы бөліктері); қашқындық (373-баптың екінші және үшінші бөліктері); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың екінші және үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-баптың екінші бөлігі); билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-баптың екінші және үшінші бөліктері); құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (382-баптың екінші бөлігі); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап); тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап); тонаушылық (385-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (386-баптың үшінші бөлігі); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап) үшін сотталған және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарға қолданылмайды.

Осы баптың 7) және 8) тармақшалары осы Заңның 5-бабында аталған адамдарға қолданылмайды.

11-бап. Осы Заңның 1-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдануға олардың мәртебесін растайтын құжаттардың болуы міндетті.

12-бап. Осы Заңның 2, 3, 4, 7-баптарында көзделген жаза мерзімінің бөлігін өтеу осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге есептелетін болып белгіленсін.

13-бап. Қылмыстар жиынтығы болған жағдайда, егер қылмыстардың біреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпаса, рақымшылық жасау қолданылмайды.

14-бап. Егер осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге қосымша жаза орындалмаған болса, рақымшылық жасау қолданылатын адамдар негізгі жазадан да, қосымша жазадан да босатылады.

15-бап. Осы Заң қылмыстық жауаптылығы жаңа қылмыстық заңмен (қылмыс құрамын қылмыстық сипаттан арылту) жойылған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандығы алып тасталмаған немесе өтелмеген адамдарға қолданылады.

Осы Заңның 1, 2, 3-баптарында аталған адамдарға рақымшылық жасауды қолдану кезінде оларды жазадан босатумен бір мезгілде сотталғандығы алып тасталады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жазасын өтеген немесе одан әрі өтеу-ден босатылған, аталған адамдар санатынан ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін бұрынғы сотталғандығы алып тасталады.

16-бап. Осы Заңды орындау:

1) бас бостандығынан айыру орындарында отырған сотталғандарға қатысты - жазаны орындайтын органдар мен мекемелерге;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 45-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүргендерге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталғандарға, сондай-ақ үкімдерінің орындалуы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес кейінге қалдырылған адамдарға қатысты - жазаны орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларына;

3) қылмыстары туралы істері мен материалдары анықтау және алдын ала тергеу органдарының іс жүргізуінде жатқан адамдарға қатысты - осы органдарға;

4) әскери қызмет бойынша шектеуге немесе тәртіптік әскери бөлімдерде ұстауға сотталған әскери қызметшілерге қатысты - әскери бөлімдердің, командирлеріне;

5) мыналарға:

қылмыстары туралы істері мен материалдары соттардың іс жүргізуінде жат-қан және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қаралмаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстары туралы істері қаралған, бірақ үкімдері заңды күшіне енбеген адамдарға;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 45-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүргендерге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталғандарға, сондай-ақ үкімдерінің орындалуы Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес кейінге қалдырылған адамдарға қатысты - соттарға жүктелсін. Соттар материалдарды сотталғанның жазаны өтеу орны бойынша қоғамнан оқшауламай қарайды;

егер осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айыппұл өндіріп алынбаса, негізгі жаза түрінде айыппұл тағайындалған (рақымшылық жасауды үкім шығарған сот қолданады) адамдарға;

жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылған (рақымшылық жасауды сол адам есепте тұратын аумақтағы сот қолданады) адамдарға қатысты - соттарға жүктелсін.

17-бап. Осы Заңды қолдану уәкілетті органның, (лауазымды адамның) прокурор санкция берген қаулысы негізінде, сондай-ақ сот қаулысының негізінде жүргізіледі.

Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы міндетті.

Түзеу мекемесі бастығының, қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының немесе тәртіптік әскери бөлім мен гауптвахта командирінің қаулысына:

1) көтермелеулер мен жазалаулар туралы анықтама;

2) сотталған адамның жеке ісі;

3) рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселені шешуге қажетті басқа да құжаттар қоса тіркеледі.

Жазаны өтеу уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына прокурор санкция берген не соттың рақымшылық жасау актісін қолдану туралы қаулысы заңды күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады.

18-бап. Өзіне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкін адам оған қарсы болған жағдайда, рақымшылық жасау қолданылмайды.

19-бап. 16-бапта аталған органдар осы Заңның орындалуын ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қамтамасыз етсін.

20-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған, бірақ жазасын оның шегінен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселені Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар негізінде, аумағында сот үкімін орындау жүзеге асырылып жатқан мемлекеттің құзыретті органының ұсынуы бойынша шешеді.

Қазақстан Республикасы тиісті халықаралық шарттар жасаспаған шет мемлекеттерден бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасау ондай адамдарды берген мемлекеттердің құзыретті органдарының келісімімен ғана қолданылады.

21-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері:

1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ мүгедектер мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыру;

2) босатылған кәмелетке толмағандарды ата-аналарының, қорғаншы және қамқоршы органдардың қадағалауына беру не қажет болған жағдайда оларды балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға немесе өзге де білім беру ұйымдарына жіберу;

3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған туберкулезбен ауыратындардың емделуін жалғастыруына бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

22-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 9-ы. № 113-111 ҚРЗ.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет