Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізілуі тиіс аэронавигациялық карталарды жасауға



жүктеу 195.89 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі195.89 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы _____________№___ қаулысына қосымша

Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына 7-қосымша




Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат

жинағына енгізілуі тиіс аэронавигациялық карталарды жасауға

қойылатын талаптар

1-тарау. Әуеайлақ картасы


    1. Қолданылу мақсаты

Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелері мен тікұшақтарды әуеайлақ аумағы арқылы жер бетімен жүргізуге көмектесетін ақпарат қамтылған.




    1. Пайдалану талаптары

Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуі тиіс:



      1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб картадағы барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

      2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты және сол әуеайлақ/тікұшақ айлағының атауы көрсетілуі тиіс.

      3. Магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

      4. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада мыналар көрсетіледі:

  1. әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесінің географиялық координаталары;

  2. әуеайлақтың/тікұшақ айлағының, тиісті жағдайларда, перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы; ал қонуға дәл кірмеу үшін – ҰҚЖ шегі мен жерге қону және жер бетінен көтерілу ауданының геометриялық ортасы үшін есептелген теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы мен геоид толқыны;

  3. қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ шегінің, жерге қону және жер бетінен көтерілу аумағының геометриялық ортасының және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағының ең жоғары нүктесінің ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы мен геоид толқыны;

  4. нөмірі, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, көтергіштік қабілеті, ығысу шегі, соңғы тежеу жолақтары, кедергіден бос жолақтар, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттары, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбасы көрсетілген барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқаны да;

  5. әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының орны бар барлық перрондар және тиісті жағдайларда, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, тікұшақтар үшін жер бетінің түрін және көтергіштік қабілеті немесе әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді қоса, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау және басқару құралдары;

  6. ҰҚЖ шегі, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық ортасы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының шегі (қажеттілігіне қарай) есептелген географиялық координаталар;

  7. жер бетінің түрі көрсетілген тікұшақтарға арналған барлық бұру-жылжу жолақтары және әуе мен жерүсті РЖ, белгілері, ені, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген тікұшақтардың әуеде қозғалу бағыттары, оның ішінде, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары және «тоқта» сызықтарының оты, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулері;

  8. егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

  9. РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

  10. егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

  11. әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

  12. ҰҚЖ-да көру мүмкіндігін бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);

  13. жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;

  14. олар үшін бастапқы глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың «глиссададағы» сигналды көретін ҰҚЖ шегі үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;

  15. арналары және қажетті жағдайда, қосылу адрестері көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

  16. бұру-жылжуға арналған кедергілер;

  17. әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

  18. VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

  19. бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

1.2.5. Тікұшақ алаңдары үшін картада 1.2.4-тармақта көрсетілген элементтерден басқа төмендегілер көрсетіледі:

1) тікұшақ алаңының түрі;

2) ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен өлшемдері, еңкіштігі, жер бетінің түрі, көтергіштік қабілеті көрсетілген жерге қону және жерден көтерілу аймағы;

3) түрі, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленг, белгілейтін нөмірі (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, еңкіштігі және жер бетінің түрі көрсетілген қонуға кірудің және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;

4) жер бетінің ұзындығы, ені және түрі көрсетілген қауіпсіздік аймағы;

5) жер бетінің ұзындығы және пішіні көрсетілген тікұшақтарға арналған кедергілерден бос жолақ;

6) түрі мен метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) көрсетілген кедергілер;

7) қонуға кіру сұлбаларына арналған көзбен шолу құралдары, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен көтерілу аймағының таңбалануы мен оттары;

8) тікұшақ алаңдарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), оның ішінде:

ұшып-көтерілу қашықтығы;

үзілген ұшып-көтерілу қашықтығы;

қону қашықтығы.


2-тарау. Әуе кемесі тұрағының (тұраққа қою) картасы
2.1. Қолданылу мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелерін бұру-жүргізу жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жер бетімен жүргізуге және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.

    1. Пайдалану талаптары

Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуі тиіс:



      1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб 2.2.3-тармақта келтірілген барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

      2. Магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкасы, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

      3. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ алаңы картасындағы барлық ақпарат дәл солай көрсетіледі, оның ішінде:

  1. ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;

  2. әуе кемелері тұрақтары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті және шектеулер, жарықсигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, оның ішінде тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрі;

  3. тұрақ орындарының географиялық координаталары;

  4. ҰҚЖ жанында күту орындарымен қоса белгілерді көрсетумен бұру-жылжу жолдарына кіру және егер орнатылған болса, аралық күту орындары, «тоқта» сызықтарының оттары;

  5. егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша

ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

  1. РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

  2. әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

  3. арналары және қажетті жағдайда, қосылу адрестері көрсетілген тиісті

байланыс құралдары;

  1. бұру-жылжуға арналған кедергілер;

  2. әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

  3. VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

  4. бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.


3-тарау
3.1. Қолданылу мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына әуе кемелерін бұру-жүргізу жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жер бетімен жүргізуге және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.


    1. Пайдалану талаптары

Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуі тиіс:



      1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб 3.2.4-тармақта келтірілген барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

      2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты және сол әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс.

      3. Магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі керек.

      4. Әуеайлақ туралы мәлімет. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ алаңы картасындағы барлық ақпарат дәл солай көрсетіледі, оның ішінде:

  1. ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;

  2. әуе кемелері тұрақтары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті және шектеулер, жарықсигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, оның ішінде тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрі;

  3. тұрақ орындарының географиялық координаталары;

  4. ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен белгілері, ені, көтергіштік қабілеті немесе қажет болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер, жарықсигналды құралдар, таңбалау көрсетілген бұру-жылжу жолақтары, оның ішінде, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары және «тоқта» сызықтарының оттары, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

  5. егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша

ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

  1. егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

  2. РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;

  3. әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

  4. арналары және қажетті жағдайда, қосылу адрестері көрсетілген

тиісті байланыс құралдары;

  1. бұру-жылжуға арналған кедергілер;

  2. әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

  3. VОR және осы құралдың радиожиілігін тексеру пункті;

  4. бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.


4-тарау. Әуеайлақ кедергілерінің түрлері, «А» түрі
4.1. Қолданылу мақсаты
Осындай карта түрлері АІР-та жарияланған ақпаратпен бірге пайдаланушыны әуе кемесі әрбір ұшқан сайын ол әуе кемесінің ең төменгі техникалық сипаттамаларға жауап беретіндей етіп жүктелуін қамтамасыз етуге арналған пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді.
4.2. Пайдалану талаптары

Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуі тиіс:

4.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картаның көлемі барлық маңызды кедергілерді енгізуге жеткілікті болуға тиіс.

4.2.2. Көлденең масштаб. Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 аралығындағы шекте таңдап алынуы керек.

4.2.3. Тік масштаб. Тік масштаб көлденең бағыттан он есе көлемді болуы керек.

4.2.4. Формат. Картаға әрбір ҰҚЖ, оған шектес тежеудің шекті жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні көрсетілуі тиіс.

4.2.5. Магниттік ауытқу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы және ақпарат күні көрсетіледі.

4.2.6. Белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс.

4.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегілер көрсетілуі тиіс:

1) ұшып көтерілу аймағындағы маңызды кедергілер;

2) ұшып көтерілу траекториясы аймағы;

3) жарияланған арақашықтықтар;

4) жоспардағы көрінісі мен пішіні;

4.2.8. Дәлдік. Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетіледі.


5-тарау. Қонуға дәл кіруге арналған жергілікті карта
5.1. Қолданылу мақсаты

Бұл карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдауға, биіктікті анықтауға жергілікті өңірдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында, жергілікті өңірдің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні туралы нақты ақпаратты қамтиды.


5.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат берілуі тиіс:

5.2.1. Белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс.

5.2.2. Жоспар мен пішін туралы ақпарат. Карта мынаны қамтуы тиіс:

1) ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасынан екі жаққа қарай 60 м учаскеде 1 м (3 фут) аралығымен пішін шектерінде жасалған жергілікті өңірдің жоспары, бұл ретте көлденең бағыты ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленеді;

2) жергілікті өңірдің немесе жоспарда белгіленген кез келген учаске биіктігі биіктікті өлшеу радиоқұралының көрсеткіштерінде көрінуі мүмкін учаскелерді белгілеу;

3) жергілікті өңірдің ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен 900 м. (3000 фут) шегіндегі пішіні;

4) жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 м (10 футқа) ерекшеленетін болса ғана орнатылады.

6-тарау. Ауданның картасы

6.1. Қолданылу мақсаты
Бұл картада ұшу экипажына бағыт бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу, ұшып көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен маршрут бойынша ұшу кезеңіне ауысу кезінде аспап бойынша ұшуды және ӘҚҚ бағыттары күрделі немесе әуе кеңістігі құрылымы күрделі аудандарда ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады.
6.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуі тиіс:

6.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу бағыттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтуы керек.

Бұл картада желілік масштаб көрсетілуі керек.

6.2.2. Белгілер: Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің аты көрсетілуі тиіс.

6.2.3. Техногенді орта және топография. Егер карта үшін маңыздырақ басқа ақпаратты күрделендірмейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

6.2.4. Магниттік ауытқу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы көрсетіледі.

6.2.5. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:

1) осы әуеайлақ ауданында бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетуге тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдарды, барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекараларын және әуе кеңістігінің тиісті класын қамтитын ӘҚҚ жүйесі;

4) әуеайлақ ауданындағы бағыттарды және олардың арасындағы арақашықтықты белгілейтін негізгі нүктелер;

5) бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері;

6) арналарын көрсетумен байланыс құралдары.

7-тарау. Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID)
7.1. Қолданылу мақсаты
Бұл карта ұшу экипажын белгіленген аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыттарының ұшып көтерілу кезеңінен бағыт бойынша ұшу кезеңіне дейінгі қалыптарын орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
7.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуі тиіс:

7.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу бағыты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ бағыты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болуы керек.

Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштаб көрсетіледі.

7.2.2. Проекция. Картада ішкі жақ бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу штрихтары көрсетілуі тиіс.

7.2.3. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 3-бөлімі 5-тарауы талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыт(тар)ының белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс.

7.2.4. Техногенді орта және топография. Егер карта үшін маңыздырақ басқа ақпаратты күрделендірмейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

7.2.5. Магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

7.2.6. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс.

7.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығудың алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетуге тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдар, оның ішінде координаталар, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;

4) аспаптар бойынша әрбір ұшып шығу бағытының графикалық сипаттамасы, оның ішінде бағыттың (маршруттардың) әрқайсысының бойымен индекс, негізгі нүктелер, жол сызығы немесе радиал, негізгі нүктелердің арасы, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

5) радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы.

6) күту аймағында қолданылатын сұлбалар;

7) ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі:

8) аспаптар бойынша стандартты ұшу маршрутының (маршруттарының) мәтіндік сипаттамасы;


8-тарау. Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (STAR)
8.1. Қолданылу мақсаты
Бұл карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты бағыттарының бағыт бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі қалыптарын орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
8.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуі тиіс:

8.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.

Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштаб көрсетіледі.

8.2.2. Проекция. Картада ішкі жақ бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу штрихтары көрсетілуі тиіс.

8.2.3. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс.

8.2.4. Техногенді орта және топография. Егер карта үшін маңыздырақ басқа ақпаратты күрделендірмейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

8.2.5. Магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

8.2.6. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс.

8.2.7. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

3) радионавигациялық құралдар, оның ішінде координаталар, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;

4) аспаптар бойынша әрбір ұшып келудің стандартты бағытының графикалық сипаттамасы, оның ішінде бағыттың (бағыттардың) әрқайсысының бойымен индекс, негізгі нүктелер, жол сызығы немесе радиал, негізгі нүктелердің арасы, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

5) радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы.

6) күту аймағында қолданылатын сұлбалар;

7) ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі:

8) аспаптар бойынша стандартты ұшу бағытының (бағыттарының) мәтіндік сипаттамасы.
9-тарау. Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы
9.1. Қолданылу мақсаты
Бұл үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген сұлбасына сәйкес орындауға, оның ішінде екінші айналымға кету және тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу сұлбасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

9.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегі негізгі ақпарат берілуі тиіс:

9.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болуы тиіс.

Картада жоспар түріндегі сандық та, сызықты да масштаб километрмен көрсетілуі керек.

Ұзақтық масштабы тікелей аспаптар бойынша қону сұлбаларының пішіні түрінде көрсетілуі керек. Оның жоспарда көрсетілген масштабқа сәйкес болуы шарт емес.

9.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 4-бөлімі 9-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасының белгісі көрсетілуі тиіс.

9.2.3. Техногенді орта және топография. Картаға аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасын қауіпсіз орындау, оның ішінде екінші айналымға кету, тиісті күту сұлбасында және, егер белгіленген болса, көзбен шолып маневрлеу (айналып ұшу) сұлбасы бойынша ұшу үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылуы тиіс. Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен толықтырылады және оны түсіну жеңіл болуы үшін, кем дегенде, жер беті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі.

9.2.4. Магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

9.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс.

9.2.6. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) сипаттамалық белгілері әуеден жақсы ажыратылатын барлық әуеайлақтар;

2) ҰҚЖ сұлбасы мыналарға келтіріледі (көруге жеңіл болу үшін үлкейтіп көрсетілген): 1) осы сұлба орындалатын әуежайға; 2) әуе қозғалысы сұлбасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайында межелі әуеайлақ ретінде қабылдануы мүмкін болатындай етіп орналасқан әуеайлақтар;

3) әуеайлақ және ҰҚЖ шегінің теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы немесе тиісті жағдайларда, жерлендіру аймағының асып түсу шамасының ең жоғары мәні;

4) ұлғаю жағына қарай жинақтап метрге дейінгі дәлдікпен ұлғайтылған барлық маңызды кедергілер;

5) белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен ұшу сұлбасын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

6) қонуға кіруді орындау үшін қажетті навигациялық құралдар;

7) қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс жиіліктері және шақыру белгілері;

8) картаға өзі кіретін секторды анық көрсететін ең төменгі абсолюттік биіктік енгізілуі керек;

9) қонуға кіру мен екінші айналымға кету сызықтары;

10) пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және арақашықтық немесе сұлбаны орындауға қажетті уақыт;

11) ең төменгі биіктік пен күту аймағындағы ұшу уақытын көрсететін күту аймағы сұлбасы;

12) пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы керек: әуеайлақ, қонуға кіру сұлбасы жолының сызығы, төмендеу градиенті, пеленгтер, арақашықтықтар немесе уақыт, абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер, бақылау нүктелері.

10-тарау. Қонуға көзбен шолып кіру картасы
10.1. Қолданылу мақсаты
Бұл картада ұшу экипаждарына көзбен шолу бағдарымен бағыт бойынша ұшуға/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
10.2. Пайдалану талаптары
Бұл картада төмендегі негізгі ақпарат болуы тиіс:

10.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әуеайлақ бедері мен жоспарының барлық элементтерін бейнелеу үшін үлкенірек масштаб қолданылуы керек.

10.2.2. Белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның аты, әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс.

10.2.3. Техногенді орта және топография. Картада табиғи және жасанды жерүсті бағдарлары, бедер, жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетілуі тиіс.

10.2.4. Магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

10.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс.

10.2.6. Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) ҰҚЖ орналасуы бойынша барлық әуеайлақтар;

2) көрінетін жерде белгіленген әуеайлақтан асып түсу;

3) барлық маңызды кедергілер, бір метрге дейінгі дәлдікпен олардың әуеайлақтан асып түсуі үстіндегі салыстырмалы биіктігі;

4) өзінің белгілері және тік бағытты шекараларымен бірге тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;


11-тарау. ӘҚБ ең төменгі абсолюттік биіктігінің шолу картасы
11.1. Қолданылу мақсаты
Бұл қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалана отырып диспетчер белгілеген абсолюттік биіктіктерді бақылау және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.
11.2. Пайдалану талаптары
Осы картада төмендегідей негізгі ақпарат болуы тиіс:

11.2.1. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан векторлау сұлбаларына қатысты ақпаратты көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.

Карта аудан картасы жасалған масштабта орындалуы керек.

11.2.2. Белгілер. Әрбір картада векторлау сұлбасы белгіленген әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс.

11.2.3. Техногенді орта және топография. Егер карта үшін маңыздырақ басқа ақпаратты күрделендірмейтін болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

11.2.4. Магниттік ауытқу. Картада магниттік ауытқу бір градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

11.2.5. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленг, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс.

11.2.6.Аэронавигациялық деректер. Картада төмендегі аэронавигациялық деректер көрсетілуі керек:

1) осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;

2) әуеайлақтың ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен есептелген теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;

3) өзінің белгілері және тік бағытты шекараларымен бірге тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;

4) белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;

5) тиісті белгіленген кеңістіктің бүйірлік шекаралары;

6) стандартты аспаптар бойынша ұшып шығу және ұшып келу сұлбаларындағы жол нүктелері;

7) ең төменгі абсолюттік векторлау биіктіктері;

8) бірдей қашықтық айналымдарының аралығы 20 км немесе ол қолданылатын болса 10 км;



9) тиісті ӘҚБ органдарының радиобайланыс жиіліктері.



©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет