Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы



жүктеу 287.62 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі287.62 Kb.
: content -> files
files -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
files -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
files -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности «6M020400 культурология»
files -> Қр бғм білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті
files -> Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі №560 қаулысы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> Дипломдық жұмыс тақырыптары № №ю№ Аты жөні Тақырыптары
files -> Оқулықнама Аңдатпа
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.06.2009 11:10:10
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы

2002 жылғы 4 шілдедегі N 336-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

   1-тарау. Жалпы ережелер                                  (1 - 4 баптар)



   2-тарау. Қаржы полициясының жүйесі және                  (5 - 7 баптар)

              қызметінің ұйымдастырылуы

   3-тарау. Қаржы полициясы органдарының                    (8 - 9 баптар)

              міндеттері мен құқықтары

   4-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің      (10 - 12 баптар)

              білек күшін, арнайы құралдар және қару қолдануы

   5-тарау. Қаржы полициясы органдары                       (13 - 17 баптар)

              қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

   6-тарау. Қаржы полициясы органдарының                    (18 - 22 баптар)

              қызметкерлері мен зейнеткерлерін

            әлеуметтік қөрғау

   7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер                  (23 - 25 баптар)

 

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен кіріспе  өзгертілді (бұр. ред. қара)



Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1-бап  өзгертілді (бұр. ред. қара)



1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы

органдары



Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi  , сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.

 

 



2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:

1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2 тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;

3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң

құқықтық негiзi

Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  4 - бап   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу

және қызмет ету принциптерi



Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы  органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.

 

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2-тараудың  тақырыбы  өзгертілді   (бұр. ред. қара)



2-тарау.  Қаржы полициясы органдарының  жүйесі және

қызметінің ұйымдастырылуы

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен 5-баптың   тақырыбы  өзгертілді   (бұр. ред. қара)



5-бап.  Қаржы полициясы органдарының  жүйесi

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1 тармақ   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.



Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн:

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1 тармақша   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1) мыналарды:



орталық   мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);

қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;

2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2  тармақ   өзгертілді   (бұр. ред. қара)



2. Облыстардың,  (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.

Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.

3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  4  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)



4. Қаржы полициясы  органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  5  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

5. Қаржы полициясы  органдарының жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.

Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

6-бап. Уәкiлеттi орган

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.

 2. Уәкiлеттi орган:

1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  3  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға  қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;

4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;

5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды icкe асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  8  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық  қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;

9) заңмен белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.

3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.

7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы

1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.

3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;

2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;

3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;

5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  6  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

6) Қазақстан Республикасының Президентi  бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары , бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;

7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;

8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

3-тарау. Қаржы полициясы органдарының



міндеттері мен құқықтары

8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;

4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;

5) мыналарды:

қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;

жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;

6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  7  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

7)  экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;

8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;

9) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға мiндеттi.

2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.

9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары

1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:

1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;

2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;

3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;

4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;

6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;

7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;

12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.

4-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің



білек күшін, арнайы құралдар және қару қолдануы

10-бап. Бiлек күшiн және арнайы құралдар қолдану

Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:

1) азаматтарға, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау және қылмысқа қарсы күрес жөнiнде қызметтiк немесе азаматтық борышын орындаушы өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

2) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды, егер осы адамдар заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбаса немесе өзге де қарсылық көрсетсе, не айналасындағыларға немесе өзiне залалы тиюi мүмкiн болса құқық қорғау органының үй-жайына жеткiзу;

3) ұсталғандарды, қамауға алынған адамдарды, егер осы адамдар заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбай немесе өзге де қарсылық көрсетiп, онысы айналасындағыларға немесе өзiне залал келтiретiн болса, күзетпен алып жүрген кезiнде;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  4  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)



4) өзге де қажеттi қорғаныс, аса қажеттiлiк жағдайларында бiлек күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн және тiзбесi мен нормаларын  Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын арнайы құралдарды қолдануға құқылы.

 

11-бап. Қару қолдану

1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:

1) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;

2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ қаржы полициясы органдары күзететiн ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға көлiк құралдарына және тауарларға шабуылды тойтару;

3) қарулы қарсылық көрсететiн, қылмыс жасаған, қамаудан қашқан (әкiмшiлiк тұтқында отырғандардан басқа) адамдарды ұстау, қарулы адамдарды ұстау;

4) егер жүргiзушi қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбай, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрсе, көлiк құралдарын зақымдау жолымен тоқтату;

5) хайуанаттардың шабуылынан қорғану;

6) қару қолдану ниетi туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  7  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)



7) өзге де қажеттi қорғаныс, аса қажеттiлiк жағдайлары кезiнде тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi  айқындайтын  қаруларды заңда белгiленген тәртiппен қолдануға құқылы.

2. Қару қолданылған барлық жағдайларда қаржы полициясы органдарының қызметкерi:

1) айналасындағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету шараларын қолдануға;

2) қаруды қолданғаны туралы тiкелей бағынатын бастығына баяндауға, ал қару мен арнайы құралдарды қолдану адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайларда прокурорды дереу хабардар етуге мiндеттi.

12-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң бiлек

күшiн, арнайы құралдарды және қаруды қолдануы жөнiндегi шектеулер

1. Әйелдерге, мүгедектiгi анық көрiнiп тұрған адамдарға және балаларға қатысты, олар айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасып шабуыл жасаған немесе қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.

2. Әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты, олардың жасы белгiлi немесе айқын болғанда, олар қарулы шабуыл, қарулы қарсылық не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.

5-тарау. Қаржы полициясы органдары

қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң еңбегiн

құқықтық реттеу және оның құқықтық жағдайы

2005.08.07   № 76-III  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ  өзгертілді  

1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеде, сондай-ақ, осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.



Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметiнде немесе кадр есебiнде тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы полициясы органдарының қызметкерi болып табылады.

Қаржы полициясы органдарына кадрлық есепке алудың тәртiбi мен шарттары Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.

3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi мемлекеттiк билiктiң өкiлi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптары барлық азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерiне Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеде көзделген тәртiппен оның жеке басын және өкiлеттiктерiн растайтын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiк және жетон берiледi. Куәлiк пен жетонның сипаттамасын уәкiлеттi орган бекiтедi.

5. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны қорлау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтiк борышын орындауына байланысты өзiнiң, отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қол сұғу заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне, заң актiлерiмен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң iс-әрекетiне заңға қайшы араласу заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  7  тармақ   жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара)



7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне азаматтар немесе лауазымды тұлғалар қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы мәлімдеме немесе хабарлама жасаған не сондай жағдай тiкелей анықталған ретте, экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiнде өзiне берілген құқықтарды толығымен пайдалануға және жақын маңайдағы қаржы полициясы органдарының бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.

8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

9. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi, егер оның iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылса, арнайы құралдарды, бiлек күшiн және қаруды қолданудан келтiрiлген зиян үшiн жауап бермейдi.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi. Кезек күттiрмейтiн жедел шаралар мен тергеу шараларын орындау қажет болған жағдайда қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi тартылуы мүмкiн.

11. Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарының кадрында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттiк органдарға уақытша iссапарға жiберiлуi мүмкiн.

14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеpyi

1. Қаржы полициясы органдарының қызметiне жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi мен денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2  тармақ   толықтырылды   

2. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарында оқуға жасы он алтыға толған, орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды адамдар алынады.



Бұл орайда қаржы полициясы органдарының оқу орындарына оқуға түскен адамдармен келiсiм-шарттар жасалады, оларда оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткерудiң шарттары мен мерзiмдерi көзделедi

3. Қаржы полициясы органдарының қызметiне - жасы қырықтан аспаған, ал қатардағы және кiшi басшы құрамның қызметтерiне - жасы отыз екiден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Айрықша жағдайларда аталған жас мөлшерiнiң шегi уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.

4. Қаржы полициясы органдарындағы қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталуға жатпайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан жағымсыз себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

5. Қаржы полициясы органдарына қызметке кiрген азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

6. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне саяси партияларға, кәсiптiк одақтарға мүше болуға, қандай да болмасын саяси партияны қолдауға, ереуiлдер ұйымдастырып, оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен шұғылдануға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.

7. Қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамының қызметтерiне тағайындалған немесе кадры болып алынған әскери мiндеттiлер, қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қаржы полициясы органдарында арнайы есепте тұрады.

15-бап. Қаржы полициясы органдарында қызметте болудың шектi жасы

1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы былайша белгiленедi:

1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;

2) орта басшы құрамдағы, сондай-ақ арнайы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнайы полковник атағы бар адамдар үшiн - елу жас;

3) жоғары басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бес жас.

2. Қажет болған жағдайда қаржы полициясы органдары жекелеген қызметкерлерiнiң қызметте болу мерзiмi Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленетiн тәртiппен ұзартылуы мүмкiн.

16-бап. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi тоқтатудың негiздерi

1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi тоқтатуға мыналар негiз болады:

1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босатылу;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу;

3) қаржы полициясы органдарының қызметкерiн заңда белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;

4) қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қайтыс болуы;

5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысуы;

6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақталуға жатпайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:

1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;

2) қызметте болудың шектi жасына жетуiне байланысты;

3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе қызметке жарамдылығының шектеулi екендiгi туралы қорытындысы негiзiнде;

4) штаттың қысқаруына байланысты;

5) өз тiлегi бойынша;

6) келiсiм-шартты бұзуға байланысты;

7) аттестациялық тәртiппен белгiленген қызметке сай келмеуiне байланысты;

3) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;

9) беделiн түсiретiн терiс қылық жасаған кезде;

10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны үшiн;

11) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыстан босатылады.

3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi, егер босатылатындар әскери қызметке жарамды, запаста болатын адамдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасқа жетпеген болса, запасқа әскери есепке қойылып шығарылады.

 

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  16-1- баппен  толықтырылды   



16-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты

шығындарды өтеу

1. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндiзгі бөлiмдерiн бiтiрген қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.

Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қаржы полициясы органдарының оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледi.

2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған қаржы полициясы органдарының оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегi әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына барабар есептеледi.

 

17-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң арнайы атақтары



1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне мынадай арнайы атақтар белгiленедi және берiледi:

1) қатардағы құрам:

қаржы полициясының қатардағы қызметкерi;

2) кiшi басшы құрам:

қаржы полициясының кiшi сержанты;

қаржы полициясының сержанты;

қаржы полициясының аға сержанты;

қаржы полициясының старшинасы;

3) орта басшы құрам:

қаржы полициясының кiшi лейтенанты;

қаржы полициясының лейтенанты;

қаржы полициясының аға лейтенанты;

қаржы полициясының капитаны;

4) аға басшы құрам:

қаржы полициясының майоры;

қаржы полициясының подполковнигi;

қаржы полициясының полковнигi;

5) жоғары басшы құрам:

қаржы полициясының генерал-майоры;

қаржы полициясының генерал-лейтенанты.

2. Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнайы атақтарын беру (олардан айыру) тәртiбi Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.

6-тарау. Қаржы полициясы органдарының

қызметкерлері мен зейнеткерлерін

әлеуметтік қөрғау

18-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету

2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бюджет қаражаты есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiртұтас жүйесi негiзiнде белгiленедi және оған ақшалай қаражат пен қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген үстемеақы кiредi.

2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнайы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.

3. Ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.

4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi тегiн нысанды және арнайы киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi, оның үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

5. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдарын есептеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

6. Асыраушысынан айырылған жағдайда және мүгедектiгi бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  7-тармақпен   толықтырылды  (2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі)



7. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) медициналық қызмет көрсету iшкi iстер органдарының тиiстi медициналық мекемелерiнде жүргiзiледi.

 

19-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң демалыстары



1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де демалыстар берiледi.

2. Еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есеппен) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күнге;

он бес жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк он күнге;

жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күнге ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.

20-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаза тапқан

(қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктер

2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мертiккен жағдайда - оның өзiне, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы өтемақы төленедi.

Бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi - қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оларға:

1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;

2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;

3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр мертiккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражат, орташа мертiгу жағдайында - бiр айлық ақшалай қаражат, жеңiл мертiгу жағдайында жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

5. Егер қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.

6. Қаржы полициясы органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

21-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен

зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқықтары

1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын-жаймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.

2. Қаржы полициясы органдарында қызметте тұрған қызметкерлер өздерi тұрып жатқан, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендiре алады.

3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйден, басқа тұрғын үй берiлмей тұрып, шығарылуға тиiс емес.

4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамдардың отбасы олар қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын-жай алуға құқылы.

22-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен

зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары

1. Қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша олармен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерiн ескере отырып, тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет ақыларын төлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте белгiленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары қолданылады.

7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

24-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң

жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекеттерiне шағым жасау құқығы

1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.

2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-14-баптарды қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев


 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет