Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік



Дата01.05.2016
өлшемі154.75 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 02.09.2011 12:01:41
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік

құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 62 қаулысы

 

 



Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берілiп отырған:

3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы



Үкiметінің

2002 жылғы 19 қаңтардағы

62 қаулысымен



Бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының

жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi

 

Қазақстан Республикасы



?кіметінің

2002 жылғы 19 қаңтардағы

62 қаулысымен

Бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының

жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары

 

Қазақстан Республикасы



?кіметінің

2002 жылғы 19 қаңтардағы

62 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге

арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi

 

1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi

 

1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi мен басқа да сызықтық мөлшерлерi төменде келтiрiлген (метрмен) шамадан аспауы тиiс:

1) рұқсат етiлген ұзындығы:

жүк автомобилi                                           12

екі білікті автобустар                                       13,5

тiркеме                                                    12

бiрiктiрілген көлiк құралы                                 20

бiрiктiрiлген автобус                                      18

автопоезд                                                  20;

екі біліктен артық біліктері бар автобустар               15

2) рұқсат етiлген енi:

барлық автокөлiк құралдары                             2,55

автокөлiк құралдарының изотермиялық қораптары          2,6

3) рұқсат етiлген биiктiгi 4.

2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды.

3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің білігi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара қашықтық 12 метрден аспауы тиiс.

5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық білігiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс.

6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс.

7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс.

8. Жүк автомобилiнiң артқы білігi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс.

9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң білігi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс.

10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:

әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар;

алдыңғы бетіндегі және бүйiріндегі таңбалаушы тілімшелер;

пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;

брезенттi бекіту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;

электр жарығына арналған жабдықтар;

артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар;

ауаарна түтiкшелерi;

тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары;

қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн көтергiш;

жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас жабдықтар.

11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған:

антенналар;

көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс.

Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс.

12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:

пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;

брезенттi бекіту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;

автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар;

кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi;

жарықтандыру жабдықтары;

жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар;

артты шолу айналары;

шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары;

көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе баспалдақтар;

автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып тұрған қисық бөлiгi.

 

2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары

 

13. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:

1) жүк автомобильдерi:

екi біліктi автомобиль                                        18

үш біліктi автомобиль                                         24

әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған екi жұп

доңғалақтан тұратын жетекшi білігi бар үш біліктi автомобиль  25

әрқайсысы әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған

екi жұп доңғалақтан тұратын екi жетекшi білігi бар төрт

біліктi автомобиль                                            32;

2) бiрiктiрiлген көлiк құралының бөлiгiн құрайтын көлiк құралдары:

екi біліктi тiркеме                                           18

үш біліктi тiркеме                                            24;

3) бiріктiрілген көлiк құралдары:

ершіктi автопоездар:

жартылай тiркеме білiктерiнiң ара қашықтығы

1,3 метрден 1,8 метрге дейiнгi екi біліктi

жартылай тiркемесi бар екi біліктi сүйрегіш                       36

жартылай тiркеме біліктерiнiң ара қашықтығы

1,8 метрден асатын екi біліктi жартылай

тiркемесi бар екi біліктi сүйрегіш                                38

(егер осы автопоезд 18 тонналы жүк автомашинасы

мен 20 тонналық жартылай тiркемеден тұрса және

жетекшi білігi қосақталған доңғалақтан тұрса

және әуе немесе оған балама аспамен жабдықталған

болса, рұқсат етiлген салмағы 2 тоннаға ұлғаюы мүмкiн)

үш біліктi жартылай тiркемесi бар

екi біліктi сүйрегiш                                          38

екi біліктi жартылай тiркемесi бар

үш біліктi сүйрегіш                                           38

үш біліктi жартылай тiркемесi бар

үш бiліктi сүйрегiш                                           38

тiркемелi автопоездар:

екi біліктi тiркемесi бар

екi бiліктi жүк автомобилi                                    36

үш біліктi тiркемесi бар

екi біліктi жүк автомобилi                                   42

екi біліктi тiркемесi бар

үш білiктi жүк автомобилi                                   42

үш біліктi тiркемесi бар

үш біліктi жүк автомобилi                                   44

төрт біліктi тiркемесi бар

үш біліктi жүк автомобилi                                   44

төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш   44;

4) автобустар:

екi біліктi                                                   18

үш біліктi                                                    24

топсалы бiрiктiрiлген үш біліктi                              28

топсалы бiрiктiрiлген төрт біліктi                            28.

 

3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білікке түсетiн жүктемелерi

 

14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білiктiк жүктемелерi төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:

1) жалғыз білік үшiн:

жетектегi 10

екi еңкулi доңғалағы бар жетекшi 10;

2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

0,5 метрден 1 метрге дейін              12,5

1 метрден 1,3 метрге дейін              15,0

1,3 метрден 1,8 метрге дейін            16,5

1,8 метрге тең немесе одан көп          18,0-ден аспауы тиіс;

болғанда

 

3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

0,5 метрден 1 метрге дейін              12,0

1 метрден 1,3 метрге дейін              14,0

1,3 метрден 1,8 метрге дейін            16,0

1,8 метрге тең немесе одан көп          17,5-ден аспауы тиіс;

болғанда

 

4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

0,5 метрден 1 метрге дейін              17,5

1 метрден 1,3 метрге дейін              21,0

1,3 метрден 1,8 метрге дейін            24,0

1,8 метрге тең немесе одан көп          26,5-ден аспауы тиіс;

болғанда

 

5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:

0,5 метрден 1 метрге дейін              16,5

1 метрден 1,3 метрге дейін              19,5

1,3 метрден 1,8 метрге дейін            22,5

1,8 метрге тең немесе одан көп          24,5-ден аспауы тиіс

болғанда

 

6) екi еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилi мен автобустың қосарланған жетекшi біліктерi үшiн біліктiк салмақтардың қосындысы біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    12

1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    14

1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  16

1,8 метрге тең немесе одан көп                                18

әуелi немесе оған балама аспаға бекітілген жағдайда           19-дан аспауы тиiс;

 

7) бiр еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилiнiң немесе автобустың қосарланған жетекшi біліктерi үшiн біліктiк салмақтардың қосындысы біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    11

1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    13

1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  15

1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      17-ден аспауы тиiс;

 

8) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейін                                  5,5

1 метрден 1,3 метрге дейін                                  6,5

1,3 метрден 1,8 метрге дейін                                7,5

1,8 метрден 2 метрге дейін                                    8

болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;

 

9) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейін                                    5

1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,10

1,3 метрден 1,8 метрге дейін                                  7

1,8 метрден 2 метрге дейін                                  7,5

болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс

 

10) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейін                                  5,5

1 метрден 1,3 метрге дейін                                  6,5

1,3 метрден 1,8 метрге дейін                                7,5

1,8 метрден 2 метрге дейін                                    8

болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;

 

11) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:

0,5 метрден 1 метрге дейін                                    5

1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,10

1,3 метрден 1,8 метрге дейін                                  7

1,8 метрден 2 метрге дейін                                  7,5

болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс

 

15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi білігiне немесе жетекшi біліктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.

16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.

17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi.

Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.

Қазақстан Республикасы



Үкіметінiң

2002 жылғы 11 қаңтардағы

62 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған

кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

1. «Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 14, 169-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).

3. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1397 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары.

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегi № 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 379-құжат) 1-тармағы.



6. «Қалжат» өткізу пунктi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

7. «Қапланбек» өткізу бекетiн ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 234-құжат) 1-тармағы.
Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет