Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


SIGMET және AIRMET ақпараты және қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа райының құбылыстары туралы ескертулер



бет4/8
Дата17.04.2016
өлшемі1.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

6. SIGMET және AIRMET ақпараты және қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа райының құбылыстары туралы ескертулер
1. Ұшулардың бағдары және аудандары, әуеайлақ бойынша ескертулер
      299. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық техниканы сақтау мақсатында әуеайлақ метеорологиялық органдары ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ жердегі әуе кемесіне, оның ішінде тұрақ орындарындағы әуе кемелеріне, әуеайлақ жабдықтарына, құралдарына және қызметтеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін ауа райы құбылыстарының және метеорологиялық жағдайлар қарқындылығының пайда болуы немесе өзгеруі туралы ескертулерді шығарады.
      300. Ұшу үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстарға мыналар жатады:
      1) қону және ұшу әуеайлағында – найзағай, бұршақ, қатты шайқалу, желдің қатты ауысуы, мұзданатын жауын-шашын, құйын, боран, қатты (құмды) боран, қатты нөсерлі жауын-шашын, жанартау күлі;
      2) ұшу бағдары бойынша – бұршақ, найзағай, қатты мұздану, қатты шайқалу, әуе кемесінің қатты электрленуі, жанартау күлі, радиоактивті бұлттар.
      301. Ескертулер – бұл бағдар, әуеайлақ ауданы, ұшу және қону әуеайлағы бойынша ауа райының нақты және (немесе) күтілетін құбылыстарының ашық мәтіндегі сипаттамасы болып табылады. Желдің ауысуы туралы хабарландыру және ескертулер шығарылады.
      302. Әуеайлақ бойынша ашық мәтін түрінде ескертулерде жерде әуе кемелеріне, әуеайлақ жабдықтарына және ұшуларды қамтамасыз ететін техникалық құралдарға жағымсыз ықпал ете алатын метеорологиялық жағдайлар туралы қысқаша ақпарат хабарландырылады. Ескертулерді әуеайлақ метеорологиялық органдары шығарады және әуежай қызметіне тапсырады.
      303. Әуеайлақ бойынша ескертулер, егер олар көрсетілген құбылыстар/шарттар аса бақыланбаса және (немесе) әуеайлақта олардың пайда болуы күтілмеген жағдайда ғана жою қажет.
      304. Әуеайлақ бойынша ескертулер төменде көрсетілген құбылыстардың немесе жағдайлардың нақты болуына немесе күтілуіне байланысты шығарылады:
      найзағай;
      бұршақ;
      қатты немесе ұзақ жауған қар;
      мұзданатын жауын-шашын (көктайғақ);
      бозқырау немесе қырау;
      дауыл, құйын;
      құмды немесе шаңды боран;
      көтерілетін құм немесе шаң;
      бағытына қарамастан секундына 15 м жылдамдығымен жел;
      жанартау күлі немесе жанартау күлінің тұнбасы;
      улы химиялық заттардың қалдықтары;
      ауа температурасының минус 30 градусқа дейін немесе одан да төмен төмендеуі немесе оның 40 градус және одан астамға көтерілуі (өңірге тәуелді метеорологиялық органдар мен пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша басқа өлшемдер белгілену мүмкін);
      жергілікті деңгейде келісілген басқа құбылыстар.
      305. Бұдан бұрын шығарылған ескертуде көзделмеген жағдайлардың немесе құбылыстардың пайда болуын күту немесе олардың қарқындылығының өзгеру барысында жаңа ескерту жасалады.
      306. Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартуларды және сандық мағыналарды пайдалана отырып, қысқартулармен ашық мәтінмен жасалады. Мәтінді барынша қысқа түрде пайдалану қажет. Халықаралық рейстер көп болған кезде пайдаланушылармен келісім бойынша ескертулер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде шығарылады.
      307. Ескертудің реттік нөмірі осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап әуеайлақ бойынша ескертулердің санын көрсетеді.
      308. 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен) бағдарлар мен аудандар бойынша ескертулерді жергілікті диспетчерлік пунктіне қызмет көрсететін (бұдан әрі – ЖДП) және ашық мәтін түрінде ұшу аудандары бойынша болжамдарды жасайтын метеорологиялық орган шығарады.
      309. 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен) бағыттар мен аудандар бойынша ескертулер төменде көрсетілген құбылыстардың бірінің күтілуі және нақты пайда болуына байланысты шығарылады:
      жаппай немесе ішкі салмақты найзағай;
      алдыңғы шептегі дауыл және құйын;
      бұршақ;
      мұзданатын жауын-шашын;
      орташа немесе қатты мұздану;
      орташа немесе қатты турбуленттік;
      құмды немесе шаңды боран;
      жер бетіндегі бағытқа қарамастан желдің секундына 15 м және одан астам жылдамдығы;
      көріну 5000 м кем;
      бұлттылықтың төменгі шеті 300 м және одан да аз;
      будақ - жаңбырлы және мұнара тәрізді бұлттар.
      310. Ескертулер әрі қарай ұшудағы әуе кемелеріне, сондай-ақ ЖДП шектес аудандардағы ұшуларды қамтамасыз ететін метеорологиялық органға тарату үшін ЖДП хабарланады.
      311. Ескертулердің мәтіні мыналарды қамтиды:
      1) атауы ескерту, ағымдағы тәуліктегі оның реттік саны;
      2) ауданды, бағдарды көрсету;
      3) «күші бар» және «күні – уақыты» тобы;
      4) құбылыстар;
      5) ақпарат нақты немесе болжамды болып табылатыны туралы көрсету;
      6) құбылыстың, ауысудың орналасқан жері;
      7) қарқындылықтың өзгеруі.
      312. Ескертуде көрсетілген құбылыс тоқтатылған және оның туындауы/сақталуы үшін жағдай болмаған жағдайда бұрын шығарылған ескертудің жойылуы туралы хабарлама дайындалады.
2. AIRMET және SIGMET ақпараты
      313. AIRMET ақпаратын пайдаланушылармен қолданыстағы келісімнің негізінде 100 ұшудың төменгі эшелонынан (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе қажет болған жағдайда одан жоғары) халықаралық ұшуды қамтамасыз ету үшін метеорологиялық іздестіру органы (әуеайлақ метеорологиялық органы) шығарады.
      314. AIRMET ақпараты осы Қағидалардың 288, 289 және 290-тармақтарының ережелеріне сәйкес жасалған кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілмеген және кіші биіктіктерде ұшудың қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы құбылыстардың дамуына уақыт және кеңістікте ықпал ете алатын ұшу бағыты бойынша ауа райының белгіленген нақты және (немесе) күтілетін құбылыстарының қысқартулармен ашық мәтіндегі сипаттамасын білдіреді.
      AIRMET ақпаратын құру тәртібі осы Қағидалардың 7-қосымшасы бойынша SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарда мазмұндалған.
      315. Жауапкершілік аймағы ұшу ақпаратының бірнеше аудандарын (ҰАА) және (немесе) диспетчерлік аудандарды қамтитын метеорологиялық орган әр ҰАА және (немесе) диспетчерлік аудан үшін өзінің жауапкершілік аймағы шеңберінде жеке AIRMET ақпараттарын шығарады.
      316. ҰАА қажет болған жағдайда кіші аудандарға (қосалқы) бөлінеді.
      317. AIRMET мәліметтерінде 100 төменгі эшелон ұшу үшін (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе қажет болған жағдайда одан жоғары) осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген AIRMET ақпараттарын құру үшін алғышарттарға сәйкес, қысқартуларды пайдаланумен аталған құбылыстардың бірі ғана енгізіледі.
      318. AIRMET ақпаратында осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілгеннен басқа қосымша сипаттама материалдар қамтылмаған. Найзағайларға немесе түйдек-жаңбырлы бұлттарға қатысты AIRMET ақпаратында олармен байланысты турбуленттік пен мұздану ескерілмеген.
      319. Реттік нөмір ұшу ақпаратының ауданы бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған AIRMET мәліметтерінің санын көрсетеді.
      320. AIRMET мәліметінің әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды.
      321. AIRMET ақпараттары, осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаған немесе олардың туындауы күтілмеген жағдайда жойылады.
      322. AIRMET ақпараттары ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақ метеорологиялық органдарына (бақылау органдарына) және тиісті метеорологиялық уәкілетті органдардың арасындағы келісімге сәйкес басқа метеорологиялық органдарға жіберіледі.
      323. SIGMET ақпаратын әуеайлақ метеорологиялық органы (бақылау органы) шығарады және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ уақыт пен кеңістікте осы құбылыстардың дамуына ықпал ете алатын ұшу бағыттары бойынша ауа райының ашық мәтінде қысқартулармен нақты және (немесе) күтілетін белгіленген құбылыстарының қысқаша сипаттамасы болып табылады.
      324. SIGMET ақпараты, егер осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаса немесе олардың туындауы күтілмесе жойылады.
      325. SIGMET ақпаратының әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды. Жанартау күлінің бұлтына қатысты шығарылатын SIGMET мәліметтерінің әрекет ету кезеңі 6 сағатқа дейін ұлғаяды.
      326. Жанартау күлінің бұлтына қатысты SIGMET ақпаратын өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған VAAC (жанартау күлі бойынша кеңестік орталық) сәйкес ұсынылатын кеңестік ақпарат негізінде жасау қажет.
      327. Метеорологиялық бақылау органы және тиісті АДО (ҰАА) арасында SIGMET және NOTAM мәліметтеріне енгізілетін жанартау күлі туралы ақпаратты келісумен қамтамасыз ету мақсатында тығыз үйлестіру жүзеге асырылады.
      328. SIGMET мәліметтері әрекеттің басталуына дейін 4 сағат бұрын шығарылады.
      329. Жанартау күлінің бұлттарына қатысты SIGMET арнайы мәліметтері мүмкіндік болғанда шығарылады, бірақ әрекеттің басталуына дейін 12 сағаттан кешіктірмей шығарылады. Жанартау күлінің бұлты туралы SIGMET мәліметтері әр 6 сағат сайын нақтыланады.
      330. SIGMET мәліметтеріне төменде көрсетілген қысқартуларды пайдалана отырып, аталған құбылыстардың бірі ғана енгізіледі:
      1) крейсер эшелондарында биіктікке қарамастан:
      найзағай:
      жасырын                            OBSC TS
      маскаланған                        EMBD TS
      жиі найзағай                       FRQ TS
      дауыл желісі бойынша               SQL TS
      бұршақ аралас жасырын              OBSC TSGR
      бұршақ аралас маскаланған          EMBD TSGR
      бұршақ аралас жиі найзағайлар      FRQ TSGR
      бұршақ аралас дауыл желісі бойынша SQL TSGR
      турбуленттік:
      қатты турбуленттілік               SEV TURB
      мұздану:
      қатты мұздану                      SEV ICE
      қатты суыған жаңбыр
      нәтижесіндегі қатты мұздану        SEV ICE (FZRA)
      таулы толқын:
      қатты таулы толқын                 SEV MTW
      шаңды боран:
      қатты шаңды боран                  HYY DS
      құмды боран:
      қатты құмды боран                  HVY SS
      жанартау күлі:
      жанартау күлі                      VA
     (+ биіктікке қарамастан жанартаудың атауы)
      радиоактивті бұлт                  RDOACT CLD
      331. SIGMET ақпараты элементтерінің мазмұны және тәртібі осы Қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген SIGMET және AIRMET хабарламаларын жасау үлгісіне сәйкес келеді.
      332. Осы Қағидаларға 9-қосымшадағы үлгіде аталған реттік нөмір ұшу ақпаратының ауданы бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған SIGMET мәліметтерінің санын көрсетеді. Жауапкершілік аймағы ұшу ақпаратының бірнеше аудандарын (ҰАА) және (немесе) диспетчерлік аудандарды қамтитын метеорологиялық орган әр ҰАА және (немесе) диспетчерлік аудан үшін өзінің жауапкершілік аймағы шеңберінде жеке SIGMET ақпараттарын шығарады.
      333. SIGMET мәліметтері метеорологиялық бақылау органдарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес басқа метеорологиялық органдарға жіберіледі. Жанартаудың күлі туралы SIGMET мәліметтері VAAC жіберіледі.
      SIGMET мәліметтері ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне таратылады.
      334. SIGMET мәліметтері әуе кемелерінің борттарынан алынған ақпарат, аэросиноптикалық нақты және болжам материалдарын талдау, жердегі және радиолокациялық бақылаулардың деректері негізінде жасалады.
      335. SIGMET ескертудің мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) мәліметтің атауы және оның реттік нөмірі;
      2) әрекет ету күні және кезеңі;
      3) ҰАА немесе диспетчерлік тораптық аудан атауы;
      4) құбылыстың сипаттамасы;
      5) ақпараттың түрі (OBS, FCST);
      6) орналасқан орны (белгілі географиялық пункттердің кеңдігі мен ұзақтығы немесе атауы);
      7) деңгейі;
      8) ауысуы;
      9) қарқындылықтың өзгеруі.
      336. SIGMET ақпараты артық сипаттама материалды ұстамайды. SIGMET мәліметі шығарылымына қатысты құбылыстардың сипаттамасына осы Қағидалардың 330-тармағында көрсетілгеннен басқа ешқандай қосымша материал енгізілмейді.
      Найзағайға қатысты SIGMET ақпаратында оларға байланысты турбуленттілік пен мұздану ескерілмейді.
      SIGMET және AIRMET ақпараттарының талаптары осы Қағидаларға 7, 8, 9-қосымшаларда көрсетілді.
      337. Осы ауданда құбылыстардың пайда болуы бақыланбаса немесе күтілмесе SIGMET ақпараты жойылады.
3. Желдің ауысуы туралы ескертулер және хабарландырулар
      338. Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
      Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық органдар тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
      Желдің ауысуы туралы ескерту қону, қонуға бет алу немесе ұшу аумағында немесе әуе ҰҚЖ және 500 м (1600 фут) қону немесе ұшуға бет алу барысында айдау кезінде әуе кемелеріне жағымсыз ықпал етуі мүмкін бақыланатын және күтілетін желдің ауысуы туралы қысқаша ақпаратты қамтиды.
      339. Ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін желдің ауысуы туралы ескертулерді әуе кемелерінің желдің ауысуы болмаған жағдайда немесе келісілген уақыт кезеңі өткенде жойылады. Желдің ауысуы туралы ескертуді жою критерийлерін метеорологиялық өкілетті орган және ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша әр әуеайлақ үшін сол жерде белгіленеді.
      340. Желдің ауысатыны туралы мәліметтер мыналар арқылы алынады:
      1) желдің ауысуын қашықтықтан өлшеудің жер үсті жабдықтары (доплерлік радиолокатор);
      2) нақты ҰҚЖ немесе бірнеше ҰҚЖ және қонуға бет алу және ұшуға бет алудың тиісті траекторияларын бақылау үшін орналасқан жер бетіндегі жел мен (немесе) қысым датчиктерінің жүйесі;
      3) биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар;
      4) әуеайлаққа жақын маңда орналасқан немесе жақында орналасқан биік учаскелерде, матчаталарда немесе мұнарада орнатылған тиісті датчиктер арқылы алынған басқа метеорологиялық ақпарат.
      341. Желдің ауысу шарттары әдеттегі мына құбылыстарға байланысты:
      найзағай, шағын жел, құйғыш тәрізді бұлттар (торнадо немесе су құйындары) жаппай қарқын;
      алдыңғы шептегі бет;
      жергілікті топографиялық жағдайлармен күшейтілген қатты жерге жақын жел;
      таулы толқындар (соның ішінде әуеайлақ ауданындағы кіші биіктіктерде дауыл қақпалары);
      кіші биіктіктерде температуралық инверсиялар.
      342. Әуе кемелерінің пилоттары желдің ауысуы туралы хабарларда өздерінің желдің сол кездегі ауысу қарқындылығын субъективті бағалауына негізделген мынандай жіктеу терминдерін пайдаланады: «орташа», «қатты», «өте қатты». Осы тәрізді хабарлар желдің ауысуы туралы ескертулерге өзгеріссіз енгізілуге тиіс.
      343. Желдің ауысуы туралы ескертулер (хабарландыру) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде әуеайлақта желдің ауысуы туралы ескертулерді және хабарландыруды жасау үлгісіне (WS WRNG) сәйкес шығарылады және мүдделі тараптарға таратылады.
      344. Осы Қағидаларға 10-қосымшадағы үлгіде ескертілген реттік нөмір осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған желдің ауысуы туралы ескертулердің санын көрсетеді.
      345. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы үлгіде аталған қысқартулардан басқа, мәтінді пайдалану барынша азайтылады. Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартулармен, ашық мәтінде жасалады. ИКАО бекіткен қысқартулар болмаған жағдайда ағылшын тіліндегі ашық мәтін пайдаланылады.
      346. Әуе кемесінің бортынан хабарды желдің ауысуы туралы ескертуді дайындау немесе бұрын шығарылған ескертуді растау үшін пайдаланатын жағдайда әуе кемесінің бортынан тиісті хабарды, соның ішінде әуе кемесінің түрін жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға өзгеріссіз тарату қажет.
      347. Ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортынан, сондай-ақ ұшып кетіп жатқан әуе кемесінің бортынан желдің ауысуы туралы хабар алынғаннан кейін желдің ауысуы туралы екі әртүрлі ескерту болу мүмкін: біреуі келе жатқан әуе кемелері үшін, екіншісі кетіп бара жатқан әуе кемесі үшін.
      348. Желдің ауысуы туралы хабарландыру тікелей қашықтықта өлшеудің автоматтандырылған немесе желдің ауысуын анықтаудың жердегі жабдықпен жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға таратылады.
      349. Шағын қарқындылықтар желдің ауысуын қашықтықта өлшеу және анықтаудың жердегі жабдықпен анықталған, ол туралы ұшқыштар хабарлаған, бақыланған жағдайда желдің ауысуы туралы ескертуге және хабарландыруға шағын қарқындыққа нақты сілтемені енгізу қажет.
      350. Желдің ауысуын анықтау және қашықтықта өлшеудің жердегі жабдықтың ақпараты желдің ауысуы туралы хабарландыруды дайындау үшін пайдаланылса, хабарландыру метеорологиялық уәкілетті орган, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісімге сәйкес ҰҚЖ нақты учаскелерімен және қонуға бет алу және ұшу траекториялары бойындағы арақашықтықпен байланыстырылады.
      351. Күтілетін желдің ауысуы туралы ескерту әуеайлақ ауданында жергілікті географиялық ерекшеліктермен үйлесіп, аэросиноптикалық материалдар бойынша метеорологиялық жағдай желдің ауысу болуына ықпал еткенде жасалады.
      Желдің ауысуы туралы ескертулер қабылданған қысқартулармен ашық мәтінде жасалады және ӘҚҰ диспетчерлеріне таратылады және ATIS хабарламаға енгізіледі және осы әуеайлақтан тыс таратылмайды.
7. Әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
      352. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері метеорологиялық ақпаратпен:
      1) пайдаланушылар жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау;
      2) пайдаланушылар жүзеге асыратын ұшуларды орындауды орталықтандырылған басқару жүйесін пайдалана отырып, ұшуды қайта жоспарлау;
      3) ұшу алдында ұшу экипажын пайдалану;
      4) ұшып жүрген әуе кемелері үшін жабдықталады.
      Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері жабдықталатын метеорологиялық ақпарат ұшу уақыты және биіктігіне және бағыттың географиялық ұзақтығына қатысты ұшу талаптарына жауап береді, белгіленген сәтке және ұшу кезеңіне жатады және белгіленген қонудың әуеайлағына дейін ұшуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Онда пайдаланушы тағайындаған белгіленген қону әуеайлағы және қосымша әуеайлақтардың арасындағы бағыттың бөлігінде күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы деректер қамтылған.
      353. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері жабдықталатын метеорологиялық ақпарат соңғы деректерді қамтиды және уәкілетті метеорологиялық орган тиісті пайдаланушылардың келісімімен белгілеген мынадай деректерді енгізеді:
      1) болжамдар:
      биіктіктегі жел;
      биіктіктерде ауа ылғалдылығы және температура;
      ұшу эшелонының геоәлеуетті абсолюттік биіктігі;
      тропопаузаның ұшу эшелоны және тропопаузаның температурасы бірліктерінде;
      ең қатты желдің бағыты, жылдамдығы және оның биіктігінің ұшу эшелоны бірлігінде;
      SIGWX құбылыстары;
      2) белгіленген ұшып кету және қону және қосалқы әуеайлақтар, бағыттағы және келу әуеайлағы үшін METAR немесе SPECI мәліметтері (соның ішінде «тренд» түріндегі болжамдар);
      3) ұшып кету және белгіленген қону және қосалқы әуеайлақтар, бағыттағы және келу әуеайлағы үшін TAF болжамдары немесе TAF түзетілген болжамдары;
      4) ұшуға арналған болжамдар;
      5) SIGMET ақпараты және барлық бағытқа қатысы бар борттан тиісті арнайы хабарламалар;
      6) барлық бағытқа қатысы бар жанартау күлі және тропикалық циклон туралы консультативтік ақпарат;
      7) барлық бағытқа жататын кіші биіктіктерде ұшу үшін AIRMET ақпараты және AIRMET ақпаратын шығаруға дайындалған карта нысанында аз биіктікте ұшу үшін аймақтық болжамдар немесе GAMET аймақтық болжамдары;
      8) ұшу әуеайлағы бойынша хабарламалар (жергілікті әуеайлақ үшін);
      9) МРЛ ақпараты;
      10) Жердің метеорологиялық спутниктерінен алынған суреттер.
      354. Осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында аталған болжамдар АБДО ұсынатын цифрлы болжамдардан алынады. Егер болжам АБДО жасалғаны көрсетілсе, онда қамтылған метеорологиялық ақпаратқа өзгерістер енгізілмейді. АБДО жасаған цифрлы болжамдардан алынған карталар осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген карта мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптар бойынша әрекет етудің белгіленген аймақтары үшін ұсынылады.
      355. Егер осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген желдің болжамы, биіктіктегі ауаның температурасы карта түрінде ұсынылған жағдайда олар белгіленген уақытқа ұшу эшелондарының болжам карталары болып табылады.
      Осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген SIGWX құбылыстарының болжамдары карта түрінде ұсынылған жағдайда, олар ұшудың эшелондарымен шектелген атмосфера қабатының белгіленген уақытқа болжамды карталары болып табылады.
      356. Пайдаланушы жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін талап етілетін биіктіктегі желдің және ауа температурасының және SIGWX ауа райы құбылыстарының болжамдары эшелоннан 100 жоғары болса, олар алғаннан кейін және ұшуға дейін 3 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Пайдаланушы жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін басқа метеорологиялық ақпарат мүмкіндігінше ертерек беріледі.
      357. Қажет болған жағдайда уәкілетті пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне қызмет көрсетуді ұсынуды ұйымдастыратын мемлекеттің метеорологиялық органы басқа мемлекеттердің уәкілетті метеорологиялық органдарымен олардан қажетті мәліметтерді және (немесе) болжамдарды алуға бағытталған шараларды үйлестіреді.
      358. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері пайдаланушылармен келісілген негізінде уәкілетті метеорологиялық орган белгіленген жерде және әуеайлақ метеорологиялық органы мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісім бойынша белгіленген уақытта жабдықталады.
      359. Өкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісім бойынша пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері метеорологиялық ақпаратпен мына әдістердің бірімен жабдықталады:
      1) қолмен жазылған немесе басылған материал, соның ішінде белгіленген карталар мен нысандар;
      2) цифрлы нысандағы деректер;
      3) нұсқама беру;
      4) консультация;
      5) көрсету; немесе
      6) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларын ескере отырып, дербес нұсқама беру және ұшу құжаттамасын жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесі. Бұл ретте пайдаланушылардың және ұшу экипажының мүшелері телефон арқылы немесе басқа қолайлы байланыс құралдарын пайдалана отырып, метеорология органынан консультация алу үшін қолжетімділік сақталады.
      360. Пайдаланушылармен келісім бойынша уәкілетті метеорологиялық орган мыналарды:
      1) ұсынылуға жататын ақпараттың түрі мен нысанын,
      2) осы ақпаратпен жабдықтау әдісі мен құралдарын белгілейді.
      361. Пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұшуларды жоспарлау үшін ұсынылатын метеорологиялық ақпаратқа ұшудың ең төменгі қауіпсіз эшелонын белгілеу үшін қажетті деректерді енгізу қажет.
      362. Әуе кемесінің экипаждары ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Осы ақпарат ұшудың уақытына, биіктігіне және бағдарына (ауданына) сәйкес болуы тиіс. Ұшу алдындағы дайындық кезеңінде әуе кемелерінің экипаждары мыналармен қамтамасыз етіледі:
      1) ауызша метеорологиялық консультациямен;
      2) ұшу, қону және қосымша әуеайлақтары бойынша нақты ауа райы және болжамдар туралы деректермен;
      3) ұшу бағыттары және аудандары бойынша болжамдармен және ескертулермен және SIGMET ақпаратымен (ұшу бағдарлары бойынша күтілетін немесе бар метео құбылыстары туралы ақпарат);
      4) биіктіктер бойынша желдің және температураның және ауа райының ерекше құбылыстарының болжамдарымен.
      363. Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін ұшулардың бағыттары мен аудандары бойынша болжамдары пайдаланылады.
      364. Әуе жолдарынан тыс қону алаңдарын және белгіленген бағдарларды таңдаумен жергілікті әуе желілердің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету кезінде ұшу аудандары бойынша ауа райының болжамдары жасалады.
      365. ЖӘЖ болжау аудандарының карта-сызбалары ӘҚҰ және авиациялық жұмыстарға қызмет көрсетуге қатысатын метеорологиялық органдар мамандарының жұмыс орындарында орналасады.
      366. Авиациялық жұмыстардың ауданын метеорологиялық жарықтандыруды арттыру мақсатында уақытша метео посттары құрылуы, ауа райы туралы ақпаратты таратуға арнайы дайындықтан өткен тапсырыс берушінің мамандары тартылуы мүмкін.
      367. Уақытша метеорологиялық посттар мен метеоақпараттарды жеткізу тәсілін құру туралы шешім пайдаланушы мен ӘҚҰ органының келісімі бойынша метеорологиялық өкілетті орган қабылдайды.
      368. Авиациялық жұмыстарды метеорологиялық қамтамасыз ету жұмыстары мыналарды қамтиды:
      1) ауа райының болжамдары жасалатын аудандардың, соның ішінде көршілес метеорологиялық органдардың тізбесі;
      2) ұшулар аудандары бойынша болжамдарға түзетулерді шығаруға арналған өлшемдер;
      3) метеорологиялық жұмыстар жүргізілетін станциялардың тізбесі және олардың жұмыс кезеңі;
      4) ұшу алдындағы дайындалу және ұшуды орындау уақыты кезінде әуе кемелерінің экипаждарына метеорологиялық ақпаратты жеткізу тәсілдері;
      5) әуе кемелерінің экипаждарынан метеорологиялық ақпаратты алу тәсілдері;
      6) ӘҚҰ органдарына метеорологиялық ақпаратты жеткізу тәсілдері.
      369. Бағдар бойынша ұшуды қамтамасыз етуге арналған ақпарат экипажға жаңа ақпарат ұсынылатын бірінші қонудың әуеайлағына дейін жеткілікті болуы тиіс. Жеке жағдайларда бірінші қонудың әуеайлағында әрі қарай ұшу үшін ақпаратпен қамтамасыз етілмегенде, ол ұшу әуе айлағында экипажға ұсынылады.
      370. Ұшып шығатын әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету «Брифинг» диспетчері (ЖӘЖ) әуеайлақ метеорологиялық органына беретін ұшудың тәулік жоспарлары негізінде жүргізіледі, ал жоспарда көрсетілмеген жеке рейстер - ұшудың жоспарланған уақытына дейін 1 сағаттан кешіктірмей берілген қосымша тапсырыстар негізінде қамтамасыз етіледі. Тапсырыстар мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) ұшудың жоспарланған уақыты;
      2) әуеайлаққа жоспарлы келу уақыты;
      3) ұшу бағыты және аралық әуеайлаққа келудің жоспарланған уақыты және одан ұшу уақыты;
      4) қосымша әуеайлақтар;
      5) эшелон және ұшу биіктігі;
      6) ұшу түрі (АҰЕ немесе ШҰЕ).
      371. Синоптикалық бөлімі жоқ метеорологиялық органдар әуе кемелерінің экипаждарын базалық АМСА (АМО) және басқа әуеайлақтардан алынған ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қажетті ақпараттар әуеайлақтың метеорологиялық органының ұшу әуеайлағының (қону алаңның) бастығынан немесе қолда бар байланыс арналары бойынша тікелей әуе кемесінің командирінен сұралады.
      372. Ұшудың түріне және ұзақтығына қарай метеорологиялық ақпараттар әуе кемелерінің экипаждарына ұшу құжаттамасы нысанында және (немесе) ауызша нысанда ұсынылады, осы ақпараттар сондай-ақ экипаждардың ұшу алдындағы метеорологиялық дайындық жүргізетін үй-жайларында орнатылған арнайы көрмелерде, стендтерде орналасады.
      373. Болжамдардың әрекет ету кезеңі ұшудың есепті уақытын қону әуеайлағы және қосымша әуеайлаққа дейін 30 минут бұрын беруі тиіс.
2. Консультация беру және ақпараттарды көрсету
      374. Әуе кемесі экипаждарының ұшу алдындағы метеорологиялық дайындығы алдағы ұшудың метеорологиялық жағдайларын өздігінше үйренуді және экипаждардан АМСА-ға алынған нақты және ұшу бағыты (аудан) бойынша әуеайлақтағы күтілген метео жайдайлар туралы қажетті ақпараттарды қамтиды.
      375. Ұшу экипажы мүшелеріне және (немесе) персоналына ұшу өндірісімен байланысты консультация беру сұрау салу бойынша жүргізіледі. Консультацияның мақсаты – ұшу құжаттамаларының орнына пайдаланушы және өкілетті орган арасындағы келісім бойынша немесе ақпараттың ұшу құжаттамаларындағы толықтырулар мен түсініктемелер үшін консультация жұмыс істейтін, қосалқы және басқа тиісті әуеайлақтардағы, қону жоспарланған әуеайлақтардағы берілген ұшу бағыты бойынша нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы соңғы алынған ақпараттармен жабдықтау болып табылады.
      376. Консультация жүргізу үшін қолданылатын ақпараттар осы Қағидалардың 353-тармағында аталған кез келген немесе барлық элементтерді қамтиды.
      377. Әуеайлақ метеорологиялық органы әуеайлақ бойынша болжамның ұшу құжаттамасына енгізілгеннен айтарлықтай ерекшеленетін әуеайлақ ауданындағы метеорологиялық жағдайларды эволюциялау туралы пікірлерін айтқан жағдайда, ұшу экипажы мүшелерінің назары осы айырмашылыққа аударылады.
      378. Консультация беруді, ұшу құжаттамасын көрсету және (немесе) рәсімдеуді әуеайлаққа қызмет көрсетуші әуеайлақ метеорологиялық органы қамтамасыз етеді.
      379. Өзара байланысында консультация беру және (немесе) ұшу құжаттамасын рәсімдеу туралы сұраныс түскен ұшуларды жүргізуге қатысты ұшу экипажының мүшесі немесе басқа адам әуеайлақтық метеорологиялық органы мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісілген уақытта әуеайлақ метеорологиялық органына келеді. Әуеайлақтың жергілікті жағдайы жеке консультация беру жүргізуге мүмкіндік туғызбаған жағдайда әуеайлақ метеорологиялық органы телефон бойынша немесе басқа электр байланыс құралының көмегімен осындай қызмет көрсетуді ұсынады.
      380. Шетелдік әуе кемелері экипаждарында консультация беру ағылшын тілінде жүргізіледі.
      381. Әуеайлақ метеорологиялық органы ұшуды жүргізуге қатысты әуе кемесі экипажының мүшелерін немесе басқа қызметкерді қамтамасыз етеді және консультация беруді жүргізеді. Консультация беру кезінде экипажға мыналар хабарланады:
      1) бірінші қону әуеайлағына дейін немесе мүмкіндігінше бағыттағы соңғы әуеайлаққа дейін ұшу бағыты (ауданы) бойынша синоптикалық жағдайдың сипаттамасы;
      2) биіктіктегі жел, биіктік ауадағы температура, тропопаузаның биіктігі туралы ағымдағы және болжамдық мәліметтер, ең қатты жел туралы ақпарат;
      3) ұшу бағыты бойынша ауа райының нақты және күтілген құбылысы және ағысты ағын туралы ақпараттар;
      4) ұшу, қону және запастағы әуеайлақтардағы ауа райының нақты және күтілетін жағдайы;
      5) экипаждың талабы бойынша басқа бар метеорологиялық мәліметтер.
      382. Кіші биіктіктегі ұшуларды қамтамасыз ету үшін консультация беру кезінде, сонымен қатар көзбен шолу ұшуларының ережесі бойынша 100 эшелонға (немесе таулы аудандарда 150 ұшу эшелонына дейін немесе қажеттілікте жоғары) дейінгі биіктік бойынша метеорологиялық ақпараттар пайдаланылады. Кең кеңістікте көрінудің 5000 м кем көлеміне дейін төмендеуіне ықпал ететін кез келген нақты немесе күтілетін құбылыстардың пайда болуын, сондай-ақ ұшулардың орындалуына ықпал ететін нақты немесе күтілетін бұлттардың пайда болуына ерекше көрсету қажет.
      383. Ұшу экипажының мүшелеріне және ұшуларды дайындауға байланысты қызметкерлерге көмек көрсету, сондай-ақ әуеайлақта нұсқаманы және консультация беруді жүргізу барысында пайдалану үшін метеорологиялық орган соңғы алған ақпаратты көрсетеді:
      1) METAR және SPECI мәліметтерін;
      2) TAF болжамдарын және «тренд» түріндегі болжамды;
      3) жергілікті әуеайлақ бойынша ескертуді;
      4) ұшу үшін болжамды;
      5) SIGMET, AIRMET және SIGMET мәліметінде көрсетілмеген борттан арнайы хабарларды;
      6) ағымдағы және болжау карталарын;
      7) Жердің метеорологиялық серіктерінің суреттері немесе мозаика және (немесе) нефанализдерді;
      8) жердегі метеорологиялық локаторлар арқылы алынған ақпаратты.
      384. Көрсетілетін материал ұшу экипажының мүшелері және ұшуларды орындауға байланысты басқа қызметкерлерге қолжетімді болып табылады. Уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша көрсетуді консультацияның орнына пайдалануға болады.
      385. Авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін әуеайлақ метеорологиялық органдары метеорологиялық деректердің халықаралық банктерін пайдаланады немесе тікелей басқа мемлекеттердің метеорологиялық органдарынан сұратады.
      386. Метеорологиялық консультациядан өткен соң әуе кемесінің командирі консультациядан өтуді тіркеу бланкісінде рейстің, борт нөмірін, қону әуеайлағын және ұшу уақытын, сондай-ақ консультация уақытын көрсетеді.
      387. Ұшудың жоспарланған уақыттан 20 минут және одан астам кешігу барысында экипажға метеорологиялық жағдайды нақтылау қажет.
3. Ұшу құжаттамасы
      388. Ұшу құжаттамасына енгізілетін ақпарат карта, кестелер және қысқартулармен ашық мәтін түрінде ұсынуы тиіс. Әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдары құжаттамаға TAF код нысанында немесе қысқартулар мен кестелерді пайдаланумен ашық мәтінде енгізіледі.
      389. 2 сағат ұзақтығымен АҰЕ бойынша ұшу құжаттамасы осы Қағидалардың 353-тармағының 2), 3), 5), 6), 9), 10) тармақшаларында аталған ақпаратты қамтиды.
      390. 2 сағаттан астам ұзақтығымен АҰЕ бойынша ұшу үшін ұшу құжаттамасы осы Қағидалардың 353-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 9), 10) тармақшаларында аталған ақпараттарды қамтиды:
      1) бағдарда ауа райының күтілетін ерекше құбылыстары туралы және қажет болғанда тропопаузаның биіктігі және ағымды ағыстары туралы деректер;
      2) ұшу, келу және қосымша әуеайлақтары бойынша болжамдар.
      Ұшу эшелондары үшін жел мен температура туралы мәліметтер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа);
      Эшелонның ұшу бірліктерінде тропопауза биіктігі туралы немесе тропопаузаның абсолютті биіктігі мен температурасы туралы мәлімет;
      Ең жылдам желдің жылдамдығы мен бағыты туралы және эшелонның ұшу бірлігінде оның биіктігі немесе абсолютті биіктігі туралы мәлімет;
      эшелон ұшулары үшін ылғалдылық туралы мәлімет 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа);
      эшелон ұшулары үшін геоәлеуетті абсолютті биіктік туралы мәлімет 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа).
      391. 100 ұшу эшелондары (немесе таулы аудандарда 150 ұшу эшелонына дейін немесе қажет болғанда жоғарырақ эшелонға дейін) үшін кіші биіктіктерде ШҰЕ бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасы ұшу ұзақтығына қарамастан әуе кемесінің экипажына беріледі және мыналарды қамтиды:
      1) METAR және SPECI мәліметтерін;
      2) TAF болжамдарын және «тренд» түріндегі болжамды;
      3) ұшу әуеайлағы бойынша ескертуді;
      4) SIGMET және AIRMET ақпараттарын;
      5) кіші биіктіктерде ұшулар үшін SWL карталар түрінде аймақтық болжамдарды;
      6) бір-бірінен 500 км қашықтықта тұратын пункттер үшін карта түрінде жел және температураның болжамдары, мынадай абсолюттік биіктер үшін: 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10000 фут);
      7) GAMET аймақтық болжамдарды;
      8) осы Қағидалардың 264-286-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында ұшу бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар.
      392. Ұшу құжаттамасында АБДО шығаратын мынадай болжамдар пайдаланылады:
      1) SIGWX болжамдары:
      SIGWX болжамдары (250-630 (SWH) ұшу эшелоны үшін жоғары деңгей;
      SIGWX болжамдары 100-250 (SWM ұшу эшелоны үшін орта деңгей);
      2) тұрақты торының торабындағы болжамдар:
      ұшу эшелондары үшін жел және температура туралы болжам 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа);
      ұшудың эшелон бірлігімен тропопаузаның биіктігі және тропопаузаның температурасы туралы ақпарат;
      ұшудың эшелон немесе абсолютті биіктік бірлігімен ең қатты желдің бағыты мен жылдамдығы туралы ақпарат;
      ұшу эшелондары үшін ылғалдылық туралы деректер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа) және 180 (500 гПа);
      ұшу эшелондары үшін геоәлеуетті абсолютті биіктік туралы деректер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа) 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа).
      393. Ресей ГМО 00.00, 06.00, 12.00, 18.00 UTC мерзімде шығаратын жоғары және орта деңгейдің карталары мен кестелер жасау бойынша талаптар пайдаланылады.
      Ұшу құжаттамасында пайдаланылатын карталар мен кестелер жасау бойынша талаптар ИКАО талаптарының негізінде ДМҰ әзірленген және осы Қағидалардың 3-қосымшасында ұсынылған.
      394. Ұшу құжаттамасына енгізілген карталардың мынадай сипаттамасы болуы тиіс:
      1) қолайлы пайдалану үшін карталардың ең үлкен көлемі 42 x 30 см (стандартты көлемі А3), ең кішкентай көлем 21x30 см (стандартты көлем А4). Көлемнің таңдалуы бағдарлардың ұзақтығына және уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша карталарда көрсету қажет ақпаратты нақтылау деңгейіне тәуелді;
      2) негізгі географиялық бағыттардың көрінісі қарапайым тануды қамтамасыз ететін әдіспен көрсету қажет;
      3) негізгі әуеайлақтарды нүкте түрінде көрсету және осы әуеайлақ қызмет көрсететін қала атауының бірінші әрпін белгілеу қажет;
      4) координаттардың географиялық торабын ендік пен ұзақтықтың әр 10 градус үзік сызықпен көрсетілген меридиандар мен параллельдермен салу қажет; нүктелерді 1 градус аралықпен салу қажет;
      5) ендік пен ұзақтық мәнін картаның барлық көлемі бойынша ірі нүктелермен көрсету қажет;
      6) ұшу құжаттамасы үшін түсініктеме жазулар нақты және қарапайым болуы тиіс, оларда аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығының немесе АБДО жатпайтын ақпаратты ұсынатын орталықтың атауы, картаның түрі, әрекет ету күні және кезеңі және қажет болғанда бір мәнді түсініктемемен пайдаланылған өлшем бірліктері көрсетіледі.
      395. Ұшу құжаттамасына енгізілетін метеорологиялық ақпарат мынадай түрде ұсынылады:
      1) жел қою торапта көрсеткішпен және боялаған жалаушалар арқылы көрсетіледі;
      2) қою торапта температура цифрлармен көрсетіледі;
      3) АБДО алынған деректердің жиынтығынан алынған жел және температура туралы деректер ендік ұзақтық қою торапқа салынады;
      4) желдің көрсеткіштері температураға басымды болады және осы екі белгі картаның фонында ерекшеленеді.
      396. 250 ұшу эшелоны мен 630 ұшу эшелоны арасында ұшу үшін карталардың ең аз санына атмосфераның жоғары қабаттарындағы (250 ұшу эшелоны – 630 ұшу эшелоны) ауа райының ерекше құбылыстар картасы және 250 гПа эшелоны үшін желдің болжам картасы енгізіледі. Ұшу алдындағы және ұшуда жоспарлау және ұшу құжаттамасы үшін ұсынылатын нақты карталар уәкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі тұтынушылар арасында келісіледі.
      397. Ұсынылатын карталарды тиісті метеорологиялық органдар белгілегендей АБДО цифрлы болжамдарынан алынады.
      398. Ұшу құжаттамасында салыстырмалы биіктік мынадай түрде көрсетіледі:
      1) ұшу бағдары бойынша метеорологиялық жағдайлар туралы барлық мәліметтерді, мысалы, биіктіктерде желдің салыстырмалы биіктігі, турбуленттік немесе бұлттардың жоғары және төменгі шектерінің биіктігі эшелон түрінде көрсетіледі. Осы мәліметтер қысым, абсолюттік биіктік немесе кіші биіктіктерде ұшу үшін жер бетінің деңгейінен биіктік түрінде көрсетілуі мүмкін;
      2) әуеайлақ ауданындағы метеорологиялық жағдайлар туралы барлық мәліметтер әуеайлақтың артығынан биіктік түрінде көрсетіледі.
      399. Ұшу экипажының мүшелері ұшу алдында жел мен ауа температурасы туралы ақпаратпен карта түрінде жабдықталған жағдайда осы карталар стандартты ұшу эшелоны үшін болжау карталарын білдіреді. Ұшу ұзақ болмаған жағдайда стандартты изобарлық беттерді карталардың орнына ағымдағы карталар ұсынылады, көрсетілген деңгейлер стандартты изобарлық деңгейлерге сәйкес болады.
      400. Кіші биіктіктерде ұшулар үшін жел мен ауа температурасының карталары 500 км астам емес қашықта орналасқан нүктелер үшін және мынадай абсолюттік биіктіктер жасалады: 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут).
      401. Биіктіктерде жел мен ауа температурасы туралы ақпарат кесте түрінде ұсынылған жағдайда ол биіктік карталарға арналған деректердей сол ұшу эшелондары бойынша деректерді қамтиды. Осы ақпарат географиялық пункттерге ұсынылады.
      Биіктіктерде жел мен ауа температурасының кесте болжамдары ұсынудың нысандары осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
      402. Ұшу экипажының мүшелері ұшу алдында ұшу бағдарлары бойынша ауа райының ерекше құбылыстары туралы ақпаратпен карта түрінде жабдықталғанда, олар көрсетілген белгіленген уақытқа нақты ауа райы ерекше құбылыстарының карталары болып табылады. Мұндай карталарда мыналарға қатысты мәліметтер көрсетіледі:
      1) күн күркіреу;
      2) тропикалық циклондар;
      3) қатты дауылдардың желілері;
      4) орташа немесе қатты турбуленттілікке (бұлтты немесе ашық аспан жағдайында);
      5) орташа немесе қатты мұздану;
     1228 6) қымтау құмды/шаңды боранға;
      7) 100-250 ұшу эшелондары үшін осы тармақтың 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты бұлттылық;
      8) 250 астам ұшу эшелондары үшін осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты будақ – жаңбырлы бұлттарға;
      9) конвергенцияның нақты белгіленген беттің орналасу жеріне;
      10) олар бағдар бойынша ауа райының ерекше құбылыстарына байланысты болғанда алдынғы шептегі жүйелердің жылдамдығы және бағыты, бетінің орналасу жері;
      11) тропопаузаның биіктіктері;
      12) ағымды ағыстар;
      13) әуе кемелерінің ұшуды орындауына әсерін тигізетін күл бұлттарының пайда болуымен жанартаудың атылу орындары туралы ақпарат, оның ішінде бу ғана шығаратын жанартаулар, жанартау орналасқан жерде белгі және карта алаңында жанартаудың атылу белгісін, оның халықаралық нөмірін, егер анық болса, оның бірінші атылу күнін және уақытын, ендігін, ұзақтығын және осы аудан үшін шығарылған SIGMET, NOTAM және ASHTAM сілтемені көрсету;
      14) әуе кемелерінің ұшу өндірісіне ықпал ететін атмосфераға радиоактивті материалдардың авариялық қалдық орындары туралы ақпаратты, оның ішінде авария болған жерде радиоактивтіктің белгісі және карта алаңында радиоактивтіктің белгісі, авария жерінің ендігі\ұзақтығы, авария болған күні, уақыты және пайдаланушыларға тиісті аудан үшін NOTAM тексеру туралы ескерту көрсетіледі.
      403. 250 ұшу эшелонына жоғары ұшуларды орындайтын әуе кемелері үшін осы Қағидалардың 402-тармағының 1)–6) тармақшаларындағы мәліметтерді, егер осы құбылыстар осы ұшу эшелонынан жоғары болуы күтілген жағдайда, осы Қағидалардың 402-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда SIGMET мәліметтерін шығаруды талап ететін найзағайларды ғана көрсету қажет.
      404. Түйдек-жаңбырлы бұлттардың немесе шамалы жарықтармен немесе жеке бұлттардың арасында жарықсыз түйдек-жаңбырлы немесе бұлттылық қабаттарына кіретін немесе мұнармен жасырылған будақ–жаңбырлы бұлттардың пайда болуына немесе болуы күтілген жағдайда СВ қысқартуды енгізу қажет. Бұл бұлттылықтың қабаттарына кірмейтін немесе мұнармен жасырылмаған жеке немесе таратылған түйдек-жаңбырлы бұлттарға жатпайды.
      405. Жанартаудың атылуын немесе атмосфераға радиоактивті материалдардың тастамасы ауа райының ерекше құбылыстарының картасына жанартау қызметінің белгісін немесе радиоактивті белгісін салу расталған жағдайда осы белгілерді күлдің бағанасы немесе радиоактивті материал жеткен немесе жетуі мүмкін биіктікке қарамастан осы тәрізді барлық карталарға (төмен, орта және жоғары деңгейлер үшін) салу қажет.
      406. СВ қысқарту немесе ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында найзағайдың шартты белгісі будақ жаңбырлы бұлттарға немесе найзағайдың болуына байланысты ауа райының барлық құбылыстары картаға салынғанды білдіреді, атап айтқанда әуе кемелерінің орташа немесе қатты мұздануы, орташа немесе қатты турбуленттік және бұршақ.
      407. Кіші биіктіктерде ұшулар, соның ішінде 100 эшелонына (қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе одан жоғары таулы аудандарда) дейін биіктіктерде орындалатын SWL шолу ұшулардың ережелері үшін ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін мыналарға қатысты қажетті ақпаратты көрсету қажет:
      1) осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарға сәйкес, кіші биіктіктерде ұшуға ықпал ете алатын SIGMET және AIRMET мәліметтерінің шығуын талап ететін құбылыстар;
      2) желге және биіктіктердегі ауа температурасына және болжанудағы QNH ең аз мәніне қатысты 18) және 21) элементтерден басқа, осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET ақпаратына қатысты талаптарда көрсетілген кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілген элементтер.
      Ауа райының ерекше құбылыстарының карта үлгілері осы Қағидалардың 3-қосымшасында келтірілген.
      Будақ–жаңбырлы бұлттар мен найзағайларға қатысты ISOL, OCNL және FRQ терминдерін пайдалануға қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 7-қосымшасында келтірілді.
      408. Осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларында көрсетілген ашық мәтін нысанында бағдарлар, ұшу аудандары және АХЖ бойынша ауа райы болжамдарының үлгілері және карталар мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптарға сәйкес, ұшу бағдары бойынша ауа райының ерекше құбылыстары туралы ұшу құжаттамасы карта түрінде емес ұсынылған жағдайда оны кесте және (немесе) қысқартулармен ашық мәтін түрінде ұсынылады.
      409. Ұшу құжаттамасы ұшу әуеайлағы және белгіленген қону әуеайлағы бойынша барлық жағдайларда TAF болжамдарын енгізеді. Бұдан басқа, ұшудың жұмыс жоспарын толықтыруға қажетті жағдайларда ұшу құжаттамасына уәкілетті метеорологиялық орган және пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша қосымша әуеайлақтар тізбесінің өңірлік аэронавигациялық жоспарынан таңдалатын бір немесе бірнеше қосымша әуеайлақтар бойынша TAF болжамдары енгізіледі.
      410. Басқа метеорологиялық органдардан алынған әуеайлақ бойынша TAF болжамдары ұшу құжаттамасына қайсысы бір мағыналық өзгеріссіз енгізіледі.
      411. Уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша ұшу құжаттамасына аралық қонуды жоспарланатын бағдарда қосымша әуеайлақтар және әуеайлақтар бойынша TAF болжамдарын енгізу қажет.
      412. Болжамдар карталар түрінде ұсынылған жағдайда кіші биіктіктерде, соның ішінде 100 ұшу эшелонына дейін (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан жоғары) шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мыналарды:
      1) SIGMET және AIRMET тиісті мәліметтерінен ақпаратты;
      2) 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут) биіктіктерде желдің және ауа температурасының карталары;
      3) осы Қағидалардың 407-тармағында көрсетілген ауа райының ерекше құбылыстарының карталарын енгізеді.
      413. Болжамдар карта түрінде ұсынылмаған жағдайда кіші биіктіктерде, соның ішінде 100 ұшу эшелонына дейін (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан жоғары) шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мыналарды енгізу қажет:
      1) SIGMET және AIRMET ақпаратын;
      2) кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдарына енгізілген және осы Қағидалардың 297, 298-тармақтарында көрсетілген ақпаратты немесе егер болжамдар қысқартулармен ашық мәтінде шығарылса, GAMET аймақтық болжамдарын.
      GAMET аймақтық болжамы осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес рәсімделеді.
      414. Ұшу құжаттамасына енгізу үшін арналған метеорологиялық ақпарат ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін ұсынылған ақпараттан қатты айырмашылығы болған жағдайда бұл туралы дереу түрде пайдаланушыға хабарланады және мүмкіндігінше оған нақтыланған ақпарат ұсынылады.
      415. Құжаттама берілгеннен кейін әуе кемесінің тура ұшуы алдында түзетулерді енгізу кезінде әуеайлақ метеорологиялық органы қажетті түзетуді немесе жаңартылған ақпаратты пайдаланушыға немесе әуе кемесінің бортына беру үшін ӘҚҰ жіберуі тиіс.
      416. Егер ұшу бағдары болжам картасына толық енгізілмесе, экипажға қалған учаскеге көршілес ауданның болжам картасы немесе кесте немесе ашық мәтін нысанында бағдар бойынша жағдайлардың болжамы қосымша беріледі.
      417. Әуе кемелерінің экипаждарына берілген немесе олар ұшу алдында дайындық барысында пайдаланған ұшу құжаттамасы жиынтығының көшірмелері олар шығарылу күнінен кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады. Осы ақпарат авиациялық оқиғаларды немесе оқиғаларды тергеу жағдайларында сұраныс бойынша ұсынылады және олар аяқталғанша сақталады.
4. Ұшу алдындағы дайындықтың автоматтандырылған жүйелері
      418. Әуеайлақ метеорологиялық органы ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерін авиациялық пайдаланушыларға ұсыну үшін және ұшу экипажының мүшелеріне дербес нұсқама, ұшуларды жоспарлау және ұшу құжаттамасын жасау мақсатында ұсыну және көрсету үшін пайдаланған кезде ұсынылған құжаттама осы Қағидалардың 352- 416-тармақтарына сәйкес болуы тиіс.
      419. Пайдаланушыларға, ұшу экипажының мүшелеріне және басқа мүдделі авиациялық қызметкерлерге метеорологиялық ақпаратқа және аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің деректеріне жалпы бірыңғай терминалға қол жеткізуді ұсынатын ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті аэронавигациялық ұйым арасындағы келісімге сәйкес белгіленеді.
      420. Ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерін пайдаланушыларға, ұшу экипажының мүшелеріне және басқа мүдделі авиациялық персоналға метеорологиялық ақпаратқа және аэронавигациялық ақпарат қызметінің деректеріне бірыңғайлы жалпы терминалына қол жеткізу үшін пайдаланған кезде тиісті өкілетті метеорологиялық орган метеорологиялық ақпараттың сапасын басқаруға жауапкершілікті сақтайды және сапасын басқаруды қамтамасыз етеді.
      421. Метеорологиялық деректерді ұсыну үшін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері ұшуға дербес дайындау, ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу құжаттамасын жасау мақсатында:
      1) жүйенің деректер базасын уақытымен үнемі жаңартуды және сақталатын метеорологиялық ақпараттың тұтастығына бақылауды қамтамасыз ету;
      2) авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне, сондай-ақ басқа мүдделі авиациялық пайдаланушыларға тиісті байланыс құралдарын пайдаланумен жүйеге қол жеткізуді ұсыну;
      3) қысқартулармен ашық мәтінде және тиісті жағдайларда ИКАО орналасу жерінің көрсеткіштері, сондай-ақ ДМҰ ұсынған авиациялық метеорологиялық кодтардың деректері түрінің көрсеткіштері негізінде немесе пайдаланушының интерфейсіндегі меню базасында негізделген қол жеткізу және сұрау үрдістерін немесе уәкілетті метеорологиялық орган және тиісті пайдаланушылардың арасында келісілген басқа тиісті механизмдерді пайдалану;
      4) ақпаратқа қатысты пайдаланушылардың сұрауына жауап дереу беріледі.
      422. Консультация үшін құралдарды ұсынатын ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерінде қажет болғанда авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне әуеайлақ метеорологиялық органына телефон арқылы немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланумен консультация алу үшін қол жеткізу көзделеді.
5. Ұшып жүрген әуе кемелерінің экипаждары үшін ақпарат
      423. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚ тиісті органын ұшудағы әуе кемелеріне арналған метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды және оны D-ATIS хабарландыруға, D-VOLMET немесе ATIS және VOLMET радио хабарландыру беруге ұсынады.
      424. Ұшудағы әуе кемелерінің мүддесінде пайдаланушы жүзеге асыратын жоспарлауға арналған метеорологиялық ақпарат ұшу уақытында ұсынылады және мынадай элементтердің бірін қамтиды:
      1) метеорологиялық болжамдар, TAF болжамдары және қону үшін болжамдар;
      2) SIGMET және AIRMET ақпаратын, AIREP хабарламаларын және егер олар SIGMET хабарларында көрсетілмеген жағдайда ұшуға жататын борттан арнайы хабарламалар;
      3) биіктіктерде жел және ауа температурасы туралы ақпарат;
      4) ұшуға қатысы бар жанартау күлі туралы консультациялық ақпарат.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет