Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы



Дата28.04.2016
өлшемі127.33 Kb.
Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6922 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі                  Көлік және коммуникация
      __________Ә. Жақсыбеков            министрі______Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің  
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 128 және      
Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация
министрінің      
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 91 бірлескен бұйрығымен
бекiтiлген      
Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы
Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида) меншiк нысанына қарамастан бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында ұшуды ұйымдастыруды, жүргiзудi және қамтамасыз етудi белгiлейдi.
      2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) алыс аймақ - әуеайлақ ауданының шегiнен тыс әуе қозғалысын басқару ауданының шекарасына дейiн мемлекеттiк авиацияның әуе қозғалысын басқару жауапкершiлiгiнiң аймағы;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi (бұдан әрi - ӘҚҚ диспетчерi) - ӘҚҚ диспетчерiнiң (жақындау, айналым, қону, мұнара, сөре, бұру диспетчерi) күшi бар куәлiгi бар және ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерiнiң бiрiне жұмысқа жiберiлген маман;
      4) әуеайлақтың бақылау нүктесi - әдетте әуеайлақтың ҰҚЖ орталығының географиялық орнымен (геодезиялық координаттармен) айқындалатын нүкте;
      5) әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметi (органы) (бұдан әрi - ӘҚҰ қызметi) - аудандық диспетчерлiк орталық, жақындау диспетчерлiк пунктi немесе әуеайлақтық диспетчерлiк пункт;
      6) бiрлесiп орналастыру әуеайлағы - мемлекеттiк және азаматтық авиация әуе кемелерi бiрлесiп орналасатын әуеайлақ;
      7) көрiну (көрiну қашықтығы) – күндіз жарықтандырылмаған объектілер (бағдарлар) және түнде жарық бағдарлар (жарықтандырылған объектілер) көрінетін және танылатын ең үлкен арақашықтық;
      8) қону белгіленген әуеайлақ - ұшу жоспарында немесе ұшу тапсырмасында белгiленген қону әуеайлағы ретiнде көрсетiлген әуеайлақ;
      9) қосалқы әуеайлақ – қону белгiленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкiн болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесi бара алатын әуеайлақ;
      10) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан  Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) орналастыру әуеайлағы (базалық әуеайлақ) - әуе кемелерi тұрақты орналасатын және осы мақсаттар үшiн қажеттi құрылыстары бар әуеайлақ;
      12) таяу аймақ - әуеайлақ ауданында мемлекеттiк авиацияның әуе қозғалысын басқару жауапкершiлiгiнiң аймағы;
      13) ұшу және қону жолағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) - әуе кемелерінің  қону мен ұшуына дайындалған құрылықтық әуеайлағының ұшу жолағының белгілі бір тік бұрышты учаскесі;
      14) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот (ұшқыш), экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесiнiң белгiленген ұшуы немесе ұшуының бiр бөлiгi туралы белгiлi бiр мәлiметтер;
      15) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету - әуеайлақ ауданында әуе кемелерiнiң құстармен соқтығысуының алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешені;
      16) ұшу және қонуға бет алу аймағы - ұшу және қонуға бет алу кезiнде әуе кемелерiнiң маневр жасауын қамтамасыз ететiн әуеайлақ деңгейiнен екiншi эшелонның белгiленген биiктiгiне дейiнгi шекараны қосқандағы әуе кеңiстiгi.
      3. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары тиесiлiгi бойынша азаматтық немесе мемлекеттiк авиацияға жатады.
      4. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану осы Қағидаға сәйкес пайдаланушылар арасында жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Бірлесіп орналастырудың әрбір әуеайлағы үшін әуеайлақты пайдаланушылар «Қазақстан Республикасында азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1439 қаулысына сәйкес бекітілетін ұшу жүргізу жөнінде нұсқаулық  бұдан әрі – ҰЖН) әзірлейді, онда осы әуеайлақта оны пайдаланудың жергілікті ерекшеліктері мен қолданыстағы шектеулерін ескере отырып, ұшуды орындау тәртібі айқындалады.
      Бекітілген ҰЖН жоқ бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалануға жол берілмейді.
      6. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары қону белгіленген әуеайлақтар және/немесе қосалқы әуеайлақтар ретiнде пайдаланылады.
      7. Азаматтық авиацияға тиесiлiгi бойынша жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтары әуе кеңiстiгiн барлық пайдаланушының әуе кемелерi үшiн қосалқы әуеайлақ ретiнде пайдаланылады.
2. Ұшуды жоспарлау және ұйымдастыру
      8. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында ұшуды жоспарлау осы әуеайлақта орналасқан авиациялық әскери бөлiмдердiң және азаматтық авиация ұйымдарының арасындағы ұшу уақытын бөлу кестесiне сәйкес жүргiзiледi. Келiсiлген ұшу уақытын бөлу кестесiн әуеайлақта орналасқан ұйымдар басшылары бiрлесiп бекiтедi.
      9. Азаматтық авиацияға тиесiлiгi бойынша жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарының ауданында азаматтық авиация әуе кемелерiнiң әуе қозғалысын, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның жекелеген ұшуын және әскери-көлік әуе кемелерінің ұшуын өтуін басқаруды ӘҚБ диспетчерлерiнiң кезекшi ауысымы жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік авиацияға тиесiлiгi бойынша жататын бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарының ауданында азаматтық және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің әуе қозғалысын басқаруды, сондай-ақ азаматтық  авиацияға тиістілігі бойынша жататын бірлесіп орналастыру әуеайлағында  мемлекеттік авиация әскери ұшақтарының ұшуын басқаруды әуе қозғалысын басқарудың бiрлескен тобы (бұдан әрi - ӘҚБ БТ) жүзеге асырады. ӘҚБ БТ құрамы ұшу нұсқаларына, авиациялық әскери бөлiм шешетiн мiндеттерге және әуе кемелерi қозғалысының жиiлiгiне байланысты анықталады.
      11. Мемлекеттiк авиацияның әуе кемелерi жоспарлы ұшуды орындаған кезде ӘҚБ БТ құрамына авиациялық әскери бөлiмнен:
      1) ұшу басшысы;
      2) ұшу басшысының көмекшiсi;
      3) таяу аймақтың басшысы;
      4) ұшу және қону аймағының басшысы тағайындалады;
      12. Авиациялық әскери бөлiмнiң ұшу басшысы мемлекеттік әуе кемелерi қозғалысын басқару бойынша ӘҚБ қызметiнiң диспетчерлiк пункттерiмен өзара iс қимылын ӘҚБ қызметiнiң ұшу басшысы (аға диспетчерi) арқылы жүзеге асырады.
      13. ӘҚБ БТ басшысы осы тәулiкке жоспарланған бекiтiлген ұшу уақытын бөлу кестесiне сәйкес негiзгi ұшуларды басқару оның басшылығымен жүзеге асырылатын сол ұшуды басқарушы болып табылады. Басқа ұйымның ұшу басшысы ӘҚБ БТ басшысының көмекшiсi болып табылады.
      14. Әртүрлi ұйымдардың әуе кемелерiнiң өз жауапкершiлiгi аймағында бiр мезгiлдегi ұшуына тiкелей басқару жасауды авиациялық әскери бөлiм мен азаматтық авиация ұйымының өкiлдерi ӘҚБ БТ басшысының жалпы басқаруымен жүзеге асырады.
      15. ӘҚБ БТ құрамына кіретін мемлекеттiк авиация мамандары үшін мынадай жауапкершiлiк аймақтары белгіленеді:
      1) ұшу және қону аймағында:
      Ұшу басшысы немесе ұшу басшысының көмекшісі - көзбен көрiнетiн шекте;
      ұшу және қону аймағының басшысы – қону бағытындағы ұшу-қону жолағының өзегiнен +(-)15 градус секторда және ҰҚЖ басынан 20 км қашықтықта;
      2) таяу аймақта (әуеайлағының бақылау нүктесiнен 50-60 км қашықтықта) таяу аймақтың басшысы немесе таяу аймақтың штат басшысы болмағанда – ұшу және қону аймағының басшысы;
      3) алыс аймақта - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес алыс аймақ басшысы.
      ӘҚБ БТ құрамына кіретін азаматтық авиация мамандарының жауапкершiлiк аймақтары мен әуе қозғалысын басқаруды берудiң шептерi ӘҚҚ қызметiнiң iс-қимылын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес белгiленедi.
      16. ӘҚБ БТ басшысы ұшудың және ұшып өтудiң келiсiлген жоспарын орындау кезiнде ұшудың қауiпсiздiгiн, тұрақтылығын және үнемдiлiгiн қамтамасыз етеді.
      17. Бірлесіп орналастыру әуеайлағындағы авиациялық әскери бөлiмде жоспарлы ұшу болмаса және мемлекеттік көлік әуе кемелерінің тек жекелеген ұшуы немесе ұшып өтуі орындалған кезде ӘҚБ БТ құрамына авиациялық әскери бөлiмнен:
      1) әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi;
      2) ұшу және қону аймағының басшысы тағайындалады.
      ӘҚҚ қызметiнен ӘҚБ БТ құрамына ӘҚҚ диспетчерлерiнiң кезекшi ауысымы толық құрамда тағайындалады.
      ӘҚБ БТ басшысы ӘҚҚ қызметiнiң ұшу басшысы (аға диспетчер), ал әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi - оның көмекшiсi  болып табылады.
      18. Мемлекеттiк авиацияның әуе кемелерi қозғалысын таяу аймақта және ұшу-қону аймағында басқару, әдетте, ерекше жоғары жиiлiктi (бұдан әрi - ЕЖЖ) радиобайланыстың әртүрлi жиiлiктерiнде жүзеге асырылады. Әскери әуе кемелерiнiң ұшуын таяу аймақта және ұшу-қону аймағында басқару ЕЖЖ радиобайланыстың бiр жиiлiгiнде жүзеге асырылады.
3. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету
      19. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының құралдарымен жүзеге асырылады.
      20. Әуеайлақты пайдаланып ұстауға және ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының арасындағы шарттармен (келiсiмдермен), есептесудiң нақты шарттарын және орындалатын жұмыстар көлемiн көрсетiп ресiмделедi.
      21. Жасалған шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде әуеайлақты  ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшiн әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының қажеттi жеке құрамы мен техникасы бөлiнедi.
      22. Көлiктiң ұшу алаңы, перрон және әуеайлақ бойынша қозғалысы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
      23. Ұшу алаңында жұмыстар жүргiзу осы әуеайлақтың мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бекiтетiн, әуеайлақтың ӘҚБ БТ ұшуын қамтамасыз ететiн әуеайлақтық және басқа қызметтердiң өзара iс-қимыл тәртiбiнiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
      24. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағын жөндеуге жабу әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары арасында алдын ала келiсiлген жоспар бойынша жүзеге асырылады.
      25. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын әуеайлақтар (тікұшақ әуеайлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдалану және орналастыру әуеайлақтары азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға қойылатын жарамдылық нормаларына сәйкес келуі тиіс.
      26. Күрделі шығындарды талап ететін бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚБ, навигацияның және қонудың объектілерін салу  (қайта жаңарту) жөніндегі жұмыстарды осы объектілер мен жүйелер тиесілі ұйымдар ұйымдастырады.
4. Байланысты, ұшуды радиотехникалық және электржарықтехникалық қамтамасыз етудi ұйымдастыру
      27. Әуеайлақ тиесiлi ұйымдардың ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету басшысы бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында ұшудың радиотехникалық қамтамасыз етiлуiн (бұдан әрi - РТҚ) және байланыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
      28. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында РТҚ тәртiбi Әуеайлақ ауданында ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулықта анықталады. Ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдары осы жабдықты пайдаланудың  елгiленген тәртiбiне сәйкес орналастырылады.
      29. Ұшуды және байланысты РТҚ құралдарын бiрлесiп пайдалану, оларды дайындықта ұстау осы әуеайлақта орналасқан ұйымдар арасындағы шарттар мен келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады және Әуеайлақ ауданында ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген тәртiппен регламенттеледі, онда бұдан басқа:
      1) әуеайлақта ұшудың және байланыстың РТҚ ұйымдастыру сызбасы;
      2) ұшуды және байланысты РТҚ негiзгi және резервтiк құралдары, объективтi бақылау құралдары, электрмен қоректендiру көздерi;
      3) қызметтердiң өзара iс-қимыл тәртiбi, олардың жұмыс режимі көрсетiледi.
      30. Ұшуды және байланысты РТҚ құралдарының профилактикалық және  жоспарлы регламенттiк жұмыстарын, сондай-ақ оларды ауыстыруды және күрделi немесе орташа жөндеудi әуеайлақта орналасқан мемлекеттік және  азаматтық авиация ұйымдарының басшыларымен келiсiлген жоспар бойынша олардың иелерi жүргiзеді.
      31. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарындағы ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi барлық құралдары зертхана-ұшақпен (жауынгерлiк әуе кемелерiмен немесе азаматтық авиацияның әуе кемелерiмен) ұшып тексеруге жатады.
      32. Техникалық жай-күйдi тексерудiң және ұшып тексерудiң  актілерін, оларға қажеттi қосымшаларымен бiрге, әуеайлақта орналасқан ұшуды және байланысты РТҚ құралдары тиесiлi ұйымдардың басшылары бекiтедi.
      Бiрлесiп орналасу әуеайлақтарындағы ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдарының ұшып тексерудiң уақтылығына, толықтығына және оған дайындығына құралдардың тиесiлiгiне қарай авиациялық бастықтар - мемлекеттік және азаматтық авиация РТҚ мен байланыс құралдарын пайдалану қызметтерiнiң бастықтары қамтамасыз етеді.
      33. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарындағы ұшуды және  байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдарын техникалық пайдалану нормативтiк актілердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және осы құралдар тиесілі ұйым жүзеге асырады.
      Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарындағы ұшуды және байланысты РТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсетудi тиiстi шарттар негiзiнде басқа ұйымдардың мамандары жүзеге асырады.
      34. Осы әуеайлақта орналасқан ұйымдардың ұшы мен байланысын РТҚ  жердегі құралдарын пайдалану мемлекеттік және азаматтық авиация  ұйымдары арасындағы шарттар негізінде ұшу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      35. Мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдар екінші тараптың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өздерінің радиотехникалық құралдарын пайдаланудан тек екінші тараптың келісімімен шығарады.
      36. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында әуеайлақ (аэроторап) ауданында әуе қозғалысын басқарудың (бұдан әрi - ӘҚБ) авиациялық радиобайланыс арналары осы әуеайлақта орналасқан ұйымдар қаражаты есебiнен, осы әуеайлақ ӘҚБ-ның қабылданған құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Оларды мемлекеттiк авиацияның үлгi сызбасы бойынша жабдықтай түсу әскери әуеайлақтардың пайдалануға жарамдық нормаларының талаптарына сәйкес авиациялық әскери бөлiмдердiң күшiмен  және қаражатымен жүзеге асырылады.
      37. Таяу навигацияның радиотехникалық жүйесiн қажет болған кезде мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдары РТҚ құралдарын орнатудың үлгi сызбаларына сәйкес орнатады, бiрақ екi жиынтықтан аспайды және ұшу кестесiне сәйкес пайдаланылады.
      38. Тұрақты жарық-техникалық жабдықты азаматтық авиация ұйымы азаматтық әуеайлақтардың пайдалануға жарамдық нормаларының талаптарына сәйкес орнатады. Оларды мемлекеттiк авиацияның үлгi сызбасы бойынша жабдықтай түсу мемлекеттік авиация әуеайлақтарының пайдалануға жарамдық нормаларының талаптарына сәйкес мемлекеттік авиация ұйымдарының күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады. Жылжымалы жарық-техникалық жабдықты осы жабдық тиесiлi ұйымдардың мамандары орнатады және пайдаланады.
5. Әуе кемелерiне инженерлiк-авиациялық қызмет көрсету
      39. Бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында әуе кемелерiне инженерлiк-авиациялық қызмет көрсету осы әуеайлақта әуе кемелерi орналасқан ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      40. Әуе кемелерi әуеайлақта орналасқан ұйымдардың инженерлiк-авиациялық қызметтерi арасындағы әуе кемелерiн техникалық пайдалану мәселелерi бойынша өзара iс-қимылдар шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Әуеайлақты күзету және қорғау
      41. Қазақстан Республикасының бiрлесiп орналастыру әуеайлағы объектiлерiн күзету және әуеайлақтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етiледi.
      42. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелерiн және объектiлерiн күзету әуеайлақтың ұшу алаңына, ұшақтар мен тiкұшақтарға, әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн объектiлерге, сондай-ақ оларға ену бақыланатын ғимараттар мен үй-жайларға бөгде адамдардың өтуiн болдырмайтын тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
      43. Әуеайлақтың әуе кемелерi мен объектiлерiн күзетудi азаматтық авиация ұйымдары дербес немесе күзет қызметi субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      44. Әуеайлақта орналасатын мемлекеттік және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бiрлесiп орналастыру әуеайлағының әуе кемелерiн, объектiлерiн және қорғанысын күзету жоспарын бiрлесе әзiрлейдi және бекiтедi.
      45. Авиациялық техникада жұмыс iстеу кезiнде тұрақтарда орналасқан әуе кемелерiнiң, жабдықтардың және мүлiктердiң сақталуына осы әуе кемесiне қызмет көрсететiн инженерлiк-техникалық құрамы жауапты болады.
      46. Күзетке алынған әуе кемелерiнiң, соның iшiнде ұшып өтетiндерiнiң тұрақ орнына экипаждар мен қызмет көрсетушi персоналды жiберу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
7. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру
      47. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында мемлекеттiк авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету мемлекеттік авиацияның штаттық метеорологиялық бөлiмшелерi нормативтік құқықтық актілерде көзделген тіртіпте жүзеге асырады.
      Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етудi «Қазаэросервис» АҚ авиаметеорологиялық станциясы (бұдан әрi - АМСА), авиаметеорологиялық  орталығы (бұдан әрi - АМО) жүзеге асырады.
      48. Әуеайлақта тек бiр ғана метеорология бөлiмшесi бар болғанда, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету осы бөлiмше Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттардың негiзiнде әуе кемелерiнiң мемлекеттiк және азаматтық авиацияға тиесiлiгiне қарамастан жүзеге асырады.
      59. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету тәртiбiн АМО, АМСА метеорологиялық бөлiмшелерi әуеайлақта орналасқан мемлекетік және азаматтық авиация ұйымдарымен бiрлесiп әзiрлейдi.
      50. АМО және АМСА метеорологиялық бөлiмшелерi өзара қарым-қатынаста жұмыс iстейдi және метеорологиялық ақпаратпен ұдайы алмасуды және ұшу басшысы мен диспетчерлерге әуе кемелерiнiң экипаждарына жiберiлетiн метеорологиялық бақылаулардың нәтижелерiн берудi жүзеге асырады. Метеорология бөлiмшелерiнiң арасында тікелей телефон не дауыс зорайтқыш байланысы орнатылады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет