Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 1.86 Mb.
бет2/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
1. Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері

Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).

Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.

Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.

Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.

Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.



Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.

Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.

Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:

Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.

Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.



Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.

Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.

Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.

Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.

Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.

Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.

Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.

Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.

Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.

Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.

Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.

Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.

Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.



Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).

2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).

3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).

4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).

5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).

Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.

Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:

Жануар түрі

Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары

Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары

Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары

Жылқы

16, 17

14, 15

10, 11

Ірі қара мал, қой, ешкі

11

-

8

Шошқа

11

9

7

Түйе

10

Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында

8






Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.

Негізгі тыныс алу шулары.

1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.

Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.

Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.

2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.

3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.



Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.

5-6 ші дәріс

Тақырыбы: Жүрек тұсын зерттеу.Жүрек саздары, шулары Қан тамырларын зерттеу. Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеудің қосымша зертеулері. Жас төлдердің жүрек-қантамыр жүйесін зерттеуінің ерекшеліктері. Ауруларының негізгі белгілері.

Жоспары:


    1. Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу жоспары.

    2. Жүректі тексеру.

    3. Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеу.

    4. Қосымша зерттеу.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


Жүректі тексеру.

Жүректің тұсы (сезгіштігі, кызуы, сызданған шуы)

Жүрек дүрсілі (сол және оң жағы: ең жақсы байқалатын тұсы; ығысуы, күшеюі)

Жүрек шекараларын нұқу арқылы анықтау (сол және оң жағының жоғарғы және артқы шекаралары, нұқу дыбысы)

Жүректің сазы (естілуі, күші, ырғағы, саздың бір-бірінен ерекшелігі, жүрек қақпашалары дыбыстың нақты естілетін орны)

Қан тамырларын зерттеу.

Артерияны тексеру.

Артерияның соғысы (жиілігі, қанмен толуы: толық, орташа, бос; кернеу: жұмсақ, қатты, иілгіш; мөлшері: үлкен, орташа, кіші; күші: күшті, орташа, әлсіз; ырғақтылығы: ырғақты, ырғақсыз, жүйелі емес, біркелкі емес; жүрек соғысының өзгешелігі: өзгерссіз, секірмелі, баяу )

Венаны тексеру(толуы: толық, орташа, аз ғана; венаның соғуы: өзгешелігін анықтау)

Қосымша зерттеу.

Жүректің функциональдық қабілетін тексеру(физикалық күш түсіру және тындау пробасы)

Қанның қысымы (артериялы: шамадан тыс, орташа, төмен)

Электрокардиография

Фонокардиография

Рентген сәулесі мен тағы басқа әдістермен тексеру.

Жүрек және қан тамырлар жүйесін зерттегендегі байқалған ауру белгілері-----------

Ауру белгілерін талдау-------------------

Қорытынды-------------------------------
Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру әдістері

Жүрек дүрсілі аймағын көру және сипау.



Құралдар мен жануарлар. Нұқу балғашықтары, плессиметрлер. Жылқы, сиыр, қой. Жүрек аймағын малдың алдыңғы сол жақ аяғын алдыға жылжыту арқылы тексереді. Көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігін 3-6 қабырға аралығында көру және сипау арқылы көкірек қуысының тербелмелі қозғалыстарын немесе түктердің тербелісін байқайды. Жүрек аймағын сипағанда көкірек қуысының тербелісі сезіледі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жүрек-қантамыр жүйесін тексеру әдістерін үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек дүрсілін анықтауды және нұқу арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету.

Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда – сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда – сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ;

Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:

1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.

2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.

3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.

4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.

Жүректі нұқу кезінде табады:

1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.

2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі.

Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады:

Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.

2. Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.

Ірі қара малда салыстырмалы тұнықтың жоғарға шекарасы иық буыны деңгейінде, ал артқысы –5-ші қабырғаға жетеді.

Қой мен ешкіде жоғарға шекарасы иық буынынан төменірек, артқы шекарасы 5-ші қабырғаның алдыңғы шетіне жетеді, ал алдыңғы шекарасы –3-ші қабырға аралығында орналасқан.

Жылқыда жоғарға шекарасы иық буыны сызығынан 2-3 см төмен, артқы шекарасы –6-шы қабырғаға жетеді.

Шошқада – жоғарғы шекарасы –иық буынының үшбұрыш пішінді болады. Алдыңғы шекарасы анкомеус сызығы бойымен жүреді, артқы шекарасы- доға тәріздес жоғарыдан төмен қарай 3-ші қабырға аралықтан 6-шы қабырға шетіне жетеді, ал төменгі шекарасы кеуде сүйегінің және бұлшықетінің тұнығына ауысады. Үшбұрыш биіктігі 3-ші қабырға аралықта 10-13 см болады.

Жұрек және өкпе ауруларында салыстырмалы және абсолютті тұнықтың шекаралары ығысады. Ол жүректің гипертрофиясында, өкпе ісінуінде және эмфиземасында, пневмонияда, плевритте, перикардитте, пневмотораксте және гидротораксте т.б. байқалады.


7- ші дәріс

Тақырыбы: Ас қорту жүйесінің алдынғы бөлігін зерттеу. Құрсақ қуысы мүшелерін зерттеу.

Жоспары:


1. Асқорыту жүйесін тексеру әдістері. (Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.)

2. Ауыл шаруашылық малдарының азық және су қабылдауын тексеру.


Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.
Асқорыту аппаратын клиникалық тексеру жануардың азық пен суды қабылдауын бақылаудан басталады. Жануарларға әртүрлі қатаң азық түрлерін және су беру. Жануардың азықтануын және су ішуін тексергенде, оның тәбетіне, анорекцияның бар-жоқтығына, булимия, арекция, парорекцияның бар-жоқтығына, азықты және суды қабылдау әдісінің бұзылуына, шайнауына, жұтуына, күйіс қайруына, кекіруіне және бұлардың бұзылуына назар аудару керек.

2. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін және құстың жемсауын тексеру.



Ауыз қуысын тексерудің –негізгі әдістерін көру, сипалау. Ауыз қуысын қарау кезінде оның дұрыс жабылуына, еріннің еріксіз қозғалысына, сілекей ағуына және т.б. өзгерістерге көңіл аудару керек. Ауыз қуысы мүшелерін тексеру үшін жануардың ауызын қолмен тіссіз бөлігінен ұстап ашып, езулік қою керек. Бұл кезде назар аудару керек:

1. Көру және сипалау арқылы кілегей қабықтарының жағдайын байқау. Оның түсіне, жаралардың, жарақаттың бар-жоқтығына, жергілікті температурасына, ауырсынуына, кілегей қабықтарының кеуіп кетуіне назар аударады.

2. Иісті, жануар сілекейіне, малынған тампонды иіскеу арқылы анықтайды.

3. Тілді тексергенде ісінулердің, дақтар бар-жоқтығына, тілдің бүрлеріне көңіл аудару керек.

4. Тісті тексергенде, оның желінуіне, қозғалғыштығына, түсуіне, ауысуына назар аударады.

Жұтқыншақты тексеру. Көру, сипалау және ларингоскоп арқылы жүргізеді. Жұтқыншаққа сыртқы сипалауды төменгі жақтың бұтағының артынан екі қолдың саусақтарымен жасайды. Бұның арқасында инфильтрацияның бар, жоғын, ұлпалардың ауырсынуын, жергілікті температураның жоғарылауын анықтауға болады. Көру арқылы бас пен мойынның орналасуына назар аударады, өйткені жұтқыншақ ауруларында жануардың бас пен мойнын кеңістікте ұстауы өзгереді.

8- ші дәріс

Тақырыбы: Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы. Ас қорту жүйесінің ауруларының негізгі белгілері.

Жоспары:


1. Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру

2. Мес қарынды тексеру

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.

Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтайды.



2. Тақия қарынды тексеру

Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;

б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;

в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;

г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;

д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;

е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.



3. Кітапша қарынды тексеру

Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.

Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.

4. Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.

9- ші дәріс

Тақырыбы: Несеп жүйесін зерттеу. Несеп жүйесі ауруларының негізгі белгілері

1. Жоспар.

Зәр шығару жүйесінің тексеру жоспары.

Зәр шығару ағзаларының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

Бүйрек және зәр шығару жолдарын зерттеу.

Зәр шығару ағзаларының белгілерінің жиынтықтары – синдромдары.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


1. Зәр шығару жүйесін тексеру.

Бүйрек (бүйректердің орналасқан тұсы, сезгіштігі, ауырсынуы, көмелі, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, қозғалғыштығы)

Несеп жолы (сезгіштігі, ішкі және сыртқы сипалағандағы қалындығы)

Қуық (сезгіштігі, орналасуы, толуы, бөгде заттардын болу-болмауы, ішкі және сыртқы сипалау)

Несеп шығару каналы (өткізгіштігі, сезгіштігі, бөгде заттардың болу болмауы)

Несеп шығару (жиілігі, малдың тұрысы, ауырсынуы, несептің мөлшері)

Несеп (мөлдірлігі, түсі, иісі, қоймалжың-сұйықтығы)

Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, несепті талдау, катетер арқылы, рентген сәулесі мен тағы басқалар)

Несеп шығару жүйесін зерттегенде байқалған ауру белгілірі:--------------------------------

Ауру белгілірін талдау:-----------------------------------

Қорытынды:---------------------------
2. Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар жинақталмай уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпе және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Организмде зәрдің түзілуінде өзара тығыз байланыстағы 3 процесті байқауға болады:

Бүйректердің шумақтарындағы ультра сүзілу процесі;

Реабсорбция – қайта сорылу процесі;

Проксималды, дисталды бөліктердегі секреция.

Бүйректер арқылы жүректің минуттық қанының көлемінің 1/4-1/5 мөлшері өтеді.

Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада – 6-12 л, жылқыда – 3-6 л, шошқада – 2-4 л, түйеде – 8-15 л, қой мен ешкіде – 1,5-2 л, итте – 0,5-1 л (адамда – 0,8 л).

Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.

Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен миерал тұздар сүзіледі. Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.

Зәрдің 96 –ы су, 4 –ы құрғақ заттар. Олар органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар: мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, пурин неіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.

Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды тұздардан құралған.

Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші – провизорлы несеп, ал реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.

Зәр шығару ағзаларының негізгі атқаратын қызметтері:

осмостық қысымды реттейді;

организмде судың тепе-теңдігін сақтайды;

иондардың концентрациясын бірқалыпта ұстап тұруға әсерін тигізеді;

зат алмасуының ақырғы метаболиттерін организмнен шығарады;

организмді улы заттардан тазалайды;

организмдегі тұрақтылықты – гомеостазды сақтайды.

Зәр шығару ағзаларына – бүйректер, бүйрек түбекшесі, несеп жолы, қуық және несеп шығаратын түтікшелер жатады. Олардың ішіндегі ең негізгісі – бүйректер.

Қан бүйректерге аортадан бөлінген бүйректердің артериялары арқылы келеді. Бүйректерде қан айналуының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қан екі капилляр торларынан өтеді:

Мальпиги шумақтарындағы капиллярлар торы;

1-ші және 2-ші қатардағы ирелеңдеген өзектердегі мен Генле тұйық тұзағының капиллярларының торы.

Бүйректердің өздері екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында Боумен капсуласы мен нефрондар орналасқан.

Ішкі қабатында ирелеңдеген өзектер мен Генле (Шумлян) тұйық тұзағы орналасқан.

Боумен капсуласында 1-ші несеп, ал ирелеңдеген өзектерде бірінші провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза,су, минералды заттар қанға қайтадан сорылу арқылы 2-ші несеп түзіледі. Жалпы бүйректердегі түтікшелердің ұзындығы 70-100 км, бетінің көлемі – 5-8 шаршы метр.

Зәрдің түзілу процесі екі фазада жүреді:

Сүзілу фазасы. Мұнда капиллярлар мен капсуладағы қысымның айырмашылығының салдарынан нефрондарда бірінші – провизорлы несеп түзіледі. Оның қан плазмасынан айырмашылығы құрамында белок болмайды. Ал егерде белок болса, онда осы жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек.

Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші – дефинитивті несеп түзіледі.


10- ші дәріс

Тақырыбы: Несептің физикалық қасиеттерінің, құрамындағы белоктың, протеоздың, глюкозаның диагностикалық маңызы.

Жоспары:

1 Несеп шығару жүйесінің зерттеу жоспары және маңызы.

2. Қуық зерттеу.

3. Зәр шыгыу мөлшері және несеп шыгуы акті.

4. Қуықтын катетеризациясы және цистоскопиясы.

5. Несеп шығару жүйесінің ауру белгілері жиынтығының сипаты.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.

Несеп шығару органдары: бүйрек / жұп орган/, мочеточник- несеп түтігі /жұп орган/, қуық, несеп каналы/уретра/.Организмнен органикалық, у, заттар несеппен шығады. Несептін бөліну процессы бүйректін нефроныңда болады. Нефрон- мальпигий денешігі мен бүйрек каналшаларынан тұрады.

Несеп шыгару процесс екі бөлімнен түрады: 1.бүйректін түйіндлерінде қанның плазмадан ультра түзілеу бойынша бірінші несептің шығуы. 2. бүйректін жолдарыңда екінші несептің қалыптасуы.

Несеп жүйесінің органдары үш негізді қызметтерді орындайды : 1.організмін ішкі түрақтылығың қамтамасыз етеді.2 зат алма судың ақырғы заттарды жояды. 3. ішкі секрецияны қамтамасыз етеді.

Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.

Қуықты қөру,сипауы, нұқу, катетеризация, рентгенография, цистоскопия арқылы тексереміз.



Топография.

Жылқыда- қуық жамбас құйысында орналасқан, несеппен толғанда қурсақ қуысына жылжыйды.

Ірі қара малда- қуықты несеппен толғанда қурсақ қуысына итеріп шығарады

Шошқада-қуық зәрмен толғанда шат құйысына жылжыйды.

Иттерде-қуық қурсақ қуысына орналасқан, несеппен толғанда кіндік қуысына жылжыйды және қарыңды ұлкейтеді.

4. Жоспар. Несеп шыгару. Рефлекторлық акт. Малдардың зәр шыгаруды көру арқылы тексереміз. Мал қалай зәр шығарады, шығу уйақытына, күшіне, мезгіліне, узақтығына, ауырсынуына

Несеп- /urina/ бұйректе түзіліп, несеп түтігі, қуық, несеп- жыныс каналы арқылы сыртқы шығарылып тастайтын сұйық зат /экскрет/. Тәулік бойы сыртқы шығатын несеп көлемі: ірі қарада- 6-12 л, жылқыда 3-6л, шошқада 2-4 л, түйеде 8-15 л.

1. поллакизурия /поллакиурия/. Күшеніп аз- аздан жиі-жиі зәр шығару. Мыңадай клиникалық белгілер уроциститте, қуықта тас боғанда, вагинитта, перитонитта, шаншуда болады.

полиурия - Көп мөлшерде, жиі-жиі несеп шыгару.

Олигурия- Аз мөлшерде несеп шыгаруы

Анурия- Несеп тоқтау

2. оликакизурия, олигурия - бүйректен шығатын несеп мөлшерінің қалыптан азаюы. Нефрит, гломерулонефрит, жүрек қызметінің әлсреуі, жиі-жиі терсеу, құсу,іш өту, ісіну, т,б, себептерден болатын қасірет.

3. странгурия - күшеніп, тынышсызданып, қынсылап аз-аздан несеп шығарудуы. Малдар уроциститпен, ісіп боғанда, простатитпен, уретра қабынғанда болады.

4. ИШУРИЯ Ischuria, грек. ischo-бөгеймін, тоқтатамын uron- несеп. Қуық байлану- ишурия. Сыртқа несеп шығара алмау салдарынан қуықтың кернелуі. Несеп жолының таспен, құммен бітеліп қалуынан болатын, малды тыпыршытып, қайта- қайта күшентетін, оның жанын кинайтын дерт.

5. ЭНУРЕЗ дегеніміз - мал әдісіне қарамай, күшенбей жиі-жиі несеп шығарады. Малдар бір әдіспен орналассып несеп шығарады. Жұлын мий жарақаттанып қабынуы, інднтті аурулар /ит обасы, листериоз/.

6. НИКТУРИЯ- ұйқтағанда жиі-жиі несеп шағаруды атайды.

5. Жоспар. Рентгенография- ұсақ малдарда женіл орындалады. Ірі малдарда жумсақ кассетаны тік ішекке кіргізіп орындайды.

КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕР ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.

Малға катетризацияны қолданады - Қуықты кернеген несепті ағызып жіберу үшін, несеп жолына дәрі енгізу, қынап, жатыр, желін үрпісі сияқты органдарды ішін жуып-шаю үшін, т.б. мақсаттармен қолданылытын амал.

ЦИСТОСКОПИЯ- / грек. kystis- қуық, skopeo-қараймыз, зерттейміз/. Қуықтың ішін арнаулы аспап- цископпен зертеу. Ұрғашы малдарда цистоскопты қолданылады. Еркек малда қолданбайды.

Уретраны тексеру. Грек. Urethra - несеп каналы. Қуықтан шыққан несеп жүретін жол /түтік/. Уретраны қөру, сипау және катетеризация арқылы тексереді.

Қөру арқылы кілегей қабықтарына және бөлудың сипатына көңіл боледі. Қуық мойынан басталып, қасаның басында /еркек малда/не қынап пен қынап кіре берісінде аяқталатын несеп жол көніл боледі.

Несеп зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Қурамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.

Жоспар.


1.нефрит- грек. Nephritis- бүйрек ауруы. Бүйрек қабынуы, әсіресе тамыр шумақтары зақымдануы салдарынан болған қабыну. Сақау, аусыл, лептоспироз т.б. індеттер кезінде, улану, суық тию, тәбет қашу, ыстық көтерілу, бұйрек тұсын басқан кезде қатты ауыртпалық шегу, іш пен әукенің, сан маңы мен қабақ айналысынаң ісінуі, өз несебімен өзі улану сияқты белгілермен сипатталатын, жіті және созылмалы түрде өтетін дерт.

2.нефроз-грек- nephrosis, nephros- бүйрек- нефроз. Бүйректің тамыр шумақтары капиллярларында дистрофиялық өзгерістер тудыратын, жіті және созылмалы түрде өтетін ауру. Індет және паразит аурулар, улану, гемолиз, күйік салдарынан, сондай-ақ созылмалы бронхитке, полиартритке шалдығудан болатын, бастапқы сатысында несеп белок араласу, кейін, ауру асқынған кезде, тәбет қашу, әлсіреу, арықтау, жүннің табиғи жылтырақ түсінен айырылап күңгірт тартыу, кілегейлі қабықтардың бозаруы, несеп көлемінің азаюы, ондағы белок мөлшерінің көбеюі, кейде уремияға ұшрап улану сияқты белгілермен сипатталатын, ал ауру ұзаққа созылса дененің әр жеріне ісік шыгу, бөсір/шемен/ болу, көкірек қуысы мен перикардтың суға толуы сияқты қатерлі жағдайларға апарып соғатын қауіпті дерт.

2.альбуминурия-лат albumen- белок, uron- несеп. Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы. Белокке бай жемшөп жеуден, зорығу-шаршаудан, тоңып қалтыраудан болатын физиологиялық құбылыс. Нефрит, нефроз, кейбір жіті және созылмалы аурулар кезінде, сондай-ақ асқазанға келіп түскен алмас, фосфор, күшәла, көгеріп шіріген азық әсерінен улану салдарынан пайда болатын дерт. Бүйрек сау болғанмен несеп түтігі, қуық, бүйрек түбегі зақымданса да мал альбуминурияға ұшрайды.

3. гематурия- Несепке қан араласуы. Қан аралас несеп шыгару. Бүйрек ұлпасында, қуық ішінде қалаптасқан тастардың жарақаттауынаң, кейбір індеттердің /топалан, жамандат, қараталақ, шошқа обасы, т.б./ салдарынан болатын дерт.

4. Пиелонефрит- Pyelonephritis- Бүйрек пен бүйрек түбегінің іріндеп қабынуы. Іріндеткіш микробтардың енуінен, бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын улардың әсерінен т.б. себептерден болып, кенеттен ыстық көтерілу, протеинурияға/несеппен бірге көп болып белок шығуы/ ұшырау сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

5. пиелит- Pyelitis, pyelos- астау, тубек. Бүйрек түбегінің қабынуы. Несеп жолының қысып тарылуы, несеп түтігі мен бүйрек түбегіне тас байлануы, бұған қоса стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы сияқты микробтар енуі салдарынан болып, ыстық көтерлуі, тәбетінен айырылу, бүйрек тұсының басқан кезде ауыруы, поллакиурияға /аз-аздан жиі-жиі несеп шығару/ ұшырау, несепке белок, кілегей, ірін, т.б. араласу сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

6.цистит-cystitis. Қуық қабынуы. Қабынған бүйрек уретра арқылы не қан мен лимфа арқылы ішіне микроб енуден болатын, малдың тыпыршып, қайта-қайта зәр шығаруы, асқынған жағдайда- ыстық көтерілу, тәбеттен айрылу, несепке белок кілегейі, лейкоцит, микроб, эритроцит, қуық эпителийі, кейде ірің, қан араласуы сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

7. пиурия- pyuria, pyon-ірің, uron- несеп. Іріңңін несепке араласып шыгуы. Ірің аралас несеп. Несеп жолы /қуық, несеп каналы, бүйрек пен бүйрек түбегі, т.б./ қабынғанда болатын құбылыс.

Аурсыну боғанда, бүйректі тік ішек арқылы тексереді. Тік ішік арқылы бүйректін топографиясың, көлемін, ірғақтығың, сезімін, консистенциясың, бүйректін істүнгі бетің тексереді.

Бүйректін патологиясы.

Бүйректін кернеуі- паранефроз.Ауырсынуы нефритте, гидронефрозда, ісік боғанда болады.

Кедір- бұдырлы бүйрек – индурацияға қөрсетеді. Индурация- /лат. Induratio- нығыздау, induro- қатайтамыз, бекітемін/ - қатаю, нығыздалу. Дәнекер ткань қаптағандықтан /басқандықтан/ белгілі бір органның не тканьнің нығыздалып қатаюы./туберкулез, абцесс- сыздауық- бітеу жара/

Флюктуация- гидронефрозға, пилонефритке қөрсетеді. Флюктуация- / fluctuatio- тербелу, толқындау/- флюктуация, былқылдау. Ішінде сұйығы бар қуыстың қабырғасын басып қалғанда сезілетін тербеліс.

Тік ішектен зәр шыгару жолын ңұқу арқылы тексереміз. Зәр шығару жолдарын артериямен тік ішікте тексергенде екі органды ажырату керек. Артерияны тексергенде, тамыр соғысың байқаймыз. Зәр шығару жолдарын

11- ші дәріс

Тақырыбы: Бүйректі тексеру.

Жоспары: .

1. Бүйректі зерттеу.

2. Бүйректің топографиясы.

3. Бүйректердің аурулары.
Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.

1. Жоспар.

Бүйрек- renes. Құрсақ қуысында беломыртқа қанаттарының астында орналасқан, несеп түзілетің, пішіні бұршак тәрізді жұптасқан орган.Осыған арай: капсула- бүйрек қабы; паренхима- бүйрек ұлпасы; ворота- бүйрек қақпаса; почечная лоханка- бүйрек түбегі; мочеточник- несеп түтігі; корковая зона- үстінгі қабат; мозговая зона- астынғы қабат.

Бүйректін топографиясы.



Жылқыда- он жақ бүйрек 15 қабырғадан 1 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 18 қабырғадан 3-4 бел омыртқаға деин



Ірі қара малда он жақ бүйрек 12 қабырғадан 2-3 бел омартқаға деин.

Сол жақ 2- 3 бел омыртқы, 5-6 бел омыртқа деин екіші аты /кезеген бүйрек/



Қойларда он жақ бүйрек 1 бел омыртқағадан 3 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 4 бел омыртқадан 6 бел омыртқаға деин.



Итте он жақ бүйрек 1 бел омыртқадан 3 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 2 бел омыртқадан 4 бел омыртқаға деин.



Шошқада он сол жақ бүйрек 1 бел омыртқадан 4 бел омыртқаға деин.

Бүйректі көру орқылы тексереді. Он жақ бүйрек ауырғанда мал, сол жаққа бүрлады. Бүйрек ауырғанда ісік пайда болады /артқы аяқтар, жақ аралығы, көздін астыңғы қабағы, ұма аймағы, күпек аймағы, құрсақтың төменгі жағы, алдынғы аяқтар /

Жылқымен, ірі қарада бүйрек аймағын соғып және құрсақ қабырғасың нұқу арқылы тексереді.

СОҒУ әдісі. Бел аймағын бір неше қолымен соғып ауырсынуды байқаймыз.

НҰҚУ эдісі. Ірі кара малдарда он жақтан 3-ші бел омыртқаны плессиметр балғамен нұқу аркылы бұйректі терсереміз.

Аурсыну боғанда, бүйректі тік ішек арқылы тексереді. Тік ішік арқылы бүйректін топографиясың, көлемін, ірғақтығың, сезімін, консистенциясың, бүйректін істүнгі бетің тексереді.

Бүйректін патологиясы.

Бүйректін кернеуі- паранефроз.Ауырсынуы нефритте, гидронефрозда, ісік боғанда болады.

Кедір- бұдырлы бүйрек – индурацияға қөрсетеді. Индурация- /лат. Induratio- нығыздау, induro- қатайтамыз, бекітемін/ - қатаю, нығыздалу. Дәнекер ткань қаптағандықтан /басқандықтан/ белгілі бір органның не тканьнің нығыздалып қатаюы./туберкулез, абцесс- сыздауық- бітеу жара/

Флюктуация- гидронефрозға, пилонефритке қөрсетеді. Флюктуация- / fluctuatio- тербелу, толқындау/- флюктуация, былқылдау. Ішінде сұйығы бар қуыстың қабырғасын басып қалғанда сезілетін тербеліс.

Тік ішектен зәр шыгару жолын ңұқу арқылы тексереміз. Зәр шығару жолдарын артериямен тік ішікте тексергенде екі органды ажырату керек. Артерияны тексергенде, тамыр соғысың байқаймыз. Зәр шығару жолдарын тексергенде тамыр соғысы болмайды.

3. Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.

Қуықты қөру,сипауы, нұқу, катетеризация, рентгенография, цистоскопия арқылы тексереміз.

Топография.

Жылқыда- қуық жамбас құйысында орналасқан, несеппен толғанда қурсақ қуысына жылжыйды.

Ірі қара малда- қуықты несеппен толғанда қурсақ қуысына итеріп шығарады

Шошқада-қуық зәрмен толғанда шат құйысына жылжыйды.

Иттерде-қуық қурсақ қуысына орналасқан, несеппен толғанда кіндік қуысына жылжыйды және қарыңды ұлкейтеді.

4. Жоспар. Несеп шыгару. Рефлекторлық акт. Малдардың зәр шыгаруды көру арқылы тексереміз. Мал қалай зәр шығарады, шығу уйақытына, күшіне, мезгіліне, узақтығына, ауырсынуына

Несеп- /urina/ бұйректе түзіліп, несеп түтігі, қуық, несеп- жыныс каналы арқылы сыртқы шығарылып тастайтын сұйық зат /экскрет/. Тәулік бойы сыртқы шығатын несеп көлемі: ірі қарада- 6-12 л, жылқыда 3-6л, шошқада 2-4 л, түйеде 8-15 л.

1. поллакизурия /поллакиурия/. Күшеніп аз- аздан жиі-жиі зәр шығару. Мыңадай клиникалық белгілер уроциститте, қуықта тас боғанда, вагинитта, перитонитта, шаншуда болады.

полиурия - Көп мөлшерде, жиі-жиі несеп шыгару.

Олигурия- Аз мөлшерде несеп шыгаруы

Анурия- Несеп тоқтау

2. оликакизурия, олигурия - бүйректен шығатын несеп мөлшерінің қалыптан азаюы. Нефрит, гломерулонефрит, жүрек қызметінің әлсреуі, жиі-жиі терсеу, құсу,іш өту, ісіну, т,б, себептерден болатын қасірет.

3. странгурия - күшеніп, тынышсызданып, қынсылап аз-аздан несеп шығарудуы. Малдар уроциститпен, ісіп боғанда, простатитпен, уретра қабынғанда болады.

4. ИШУРИЯ Ischuria, грек. ischo-бөгеймін, тоқтатамын uron- несеп. Қуық байлану- ишурия. Сыртқа несеп шығара алмау салдарынан қуықтың кернелуі. Несеп жолының таспен, құммен бітеліп қалуынан болатын, малды тыпыршытып, қайта- қайта күшентетін, оның жанын кинайтын дерт.

5. ЭНУРЕЗ дегеніміз - мал әдісіне қарамай, күшенбей жиі-жиі несеп шығарады. Малдар бір әдіспен орналассып несеп шығарады. Жұлын мий жарақаттанып қабынуы, інднтті аурулар /ит обасы, листериоз/.

6. НИКТУРИЯ- ұйқтағанда жиі-жиі несеп шағаруды атайды.

5. Жоспар. Рентгенография- ұсақ малдарда женіл орындалады. Ірі малдарда жумсақ кассетаны тік ішекке кіргізіп орындайды.

КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕР ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.

Малға катетризацияны қолданады - Қуықты кернеген несепті ағызып жіберу үшін, несеп жолына дәрі енгізу, қынап, жатыр, желін үрпісі сияқты органдарды ішін жуып-шаю үшін, т.б. мақсаттармен қолданылытын амал.

ЦИСТОСКОПИЯ- / грек. kystis- қуық, skopeo-қараймыз, зерттейміз/. Қуықтың ішін арнаулы аспап- цископпен зертеу. Ұрғашы малдарда цистоскопты қолданылады. Еркек малда қолданбайды.

Уретраны тексеру. Грек. Urethra - несеп каналы. Қуықтан шыққан несеп жүретін жол /түтік/. Уретраны қөру, сипау және катетеризация арқылы тексереді.

Қөру арқылы кілегей қабықтарына және бөлудың сипатына көңіл боледі. Қуық мойынан басталып, қасаның басында /еркек малда/не қынап пен қынап кіре берісінде аяқталатын несеп жол көніл боледі.

Несеп зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Қурамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.


  • Жоспар.

1.нефрит- грек. Nephritis- бүйрек ауруы. Бүйрек қабынуы, әсіресе тамыр шумақтары зақымдануы салдарынан болған қабыну. Сақау, аусыл, лептоспироз т.б. індеттер кезінде, улану, суық тию, тәбет қашу, ыстық көтерілу, бұйрек тұсын басқан кезде қатты ауыртпалық шегу, іш пен әукенің, сан маңы мен қабақ айналысынаң ісінуі, өз несебімен өзі улану сияқты белгілермен сипатталатын, жіті және созылмалы түрде өтетін дерт.

2.нефроз-грек- nephrosis, nephros- бүйрек- нефроз. Бүйректің тамыр шумақтары капиллярларында дистрофиялық өзгерістер тудыратын, жіті және созылмалы түрде өтетін ауру. Індет және паразит аурулар, улану, гемолиз, күйік салдарынан, сондай-ақ созылмалы бронхитке, полиартритке шалдығудан болатын, бастапқы сатысында несеп белок араласу, кейін, ауру асқынған кезде, тәбет қашу, әлсіреу, арықтау, жүннің табиғи жылтырақ түсінен айырылап күңгірт тартыу, кілегейлі қабықтардың бозаруы, несеп көлемінің азаюы, ондағы белок мөлшерінің көбеюі, кейде уремияға ұшрап улану сияқты белгілермен сипатталатын, ал ауру ұзаққа созылса дененің әр жеріне ісік шыгу, бөсір/шемен/ болу, көкірек қуысы мен перикардтың суға толуы сияқты қатерлі жағдайларға апарып соғатын қауіпті дерт.

2.альбуминурия-лат albumen- белок, uron- несеп. Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы. Белокке бай жемшөп жеуден, зорығу-шаршаудан, тоңып қалтыраудан болатын физиологиялық құбылыс. Нефрит, нефроз, кейбір жіті және созылмалы аурулар кезінде, сондай-ақ асқазанға келіп түскен алмас, фосфор, күшәла, көгеріп шіріген азық әсерінен улану салдарынан пайда болатын дерт. Бүйрек сау болғанмен несеп түтігі, қуық, бүйрек түбегі зақымданса да мал альбуминурияға ұшрайды.

3. гематурия- Несепке қан араласуы. Қан аралас несеп шыгару. Бүйрек ұлпасында, қуық ішінде қалаптасқан тастардың жарақаттауынаң, кейбір індеттердің /топалан, жамандат, қараталақ, шошқа обасы, т.б./ салдарынан болатын дерт.

4. Пиелонефрит- Pyelonephritis- Бүйрек пен бүйрек түбегінің іріндеп қабынуы. Іріндеткіш микробтардың енуінен, бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын улардың әсерінен т.б. себептерден болып, кенеттен ыстық көтерілу, протеинурияға/несеппен бірге көп болып белок шығуы/ ұшырау сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

5. пиелит- Pyelitis, pyelos- астау, тубек. Бүйрек түбегінің қабынуы. Несеп жолының қысып тарылуы, несеп түтігі мен бүйрек түбегіне тас байлануы, бұған қоса стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы сияқты микробтар енуі салдарынан болып, ыстық көтерлуі, тәбетінен айырылу, бүйрек тұсының басқан кезде ауыруы, поллакиурияға /аз-аздан жиі-жиі несеп шығару/ ұшырау, несепке белок, кілегей, ірін, т.б. араласу сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

6.цистит-cystitis. Қуық қабынуы. Қабынған бүйрек уретра арқылы не қан мен лимфа арқылы ішіне микроб енуден болатын, малдың тыпыршып, қайта-қайта зәр шығаруы, асқынған жағдайда- ыстық көтерілу, тәбеттен айрылу, несепке белок кілегейі, лейкоцит, микроб, эритроцит, қуық эпителийі, кейде ірің, қан араласуы сияқты белгілермен сипатталатын дерт.

7. пиурия- pyuria, pyon-ірің, uron- несеп. Іріңңін несепке араласып шыгуы. Ірің аралас несеп. Несеп жолы /қуық, несеп каналы, бүйрек пен бүйрек түбегі, т.б./ қабынғанда болатын құбылыс.

12- ші дәріс

Тақырыбы: Қан элементтерінің патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

Жоспары:


  1. Қан алу.

  2. Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет