Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

№ 1 басылым

«__» ___________ 20___ ж.



Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндер каталогы




Бекітемін

Оқу жұмысы жөніндегі

проректор __________ Б.А. Рскелдиев

«____» _____________ 20__ жылы


Элективті дисциплиналар каталогы

«Жылуэнергетика» мамандығы – 5В071700



№ п/п

Дисциплина коды

Цикл мен пән атаулыры.

Пәннің қысқаша мазмұны.



1

2

3

1

Pci 0101

Психология

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: студенттерде психология айналысатын негізгі мәселелер жөнінде түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномендерін, саналылық пен санасыздық қатынасын, психикалық процестердің заңдылықтары мен механизімдері, қасиет пен күйді, жеке және адами қарымқатынастарды.

Қысқаша мазмұны: Психология пәнін, мақсаттары мен әдістерін. Психология объектә мен пәнін. субъективті және объективті шындық. Қазіргі психологияны тұрғызу. Психология және басқ ғылымдар. Әрекет психологиясы мен танымдық процестер. Тұлға психологиясы. Қабілеттіліктер. Темперамент. Мінез. Эмоциялар менсезімдер. Мотивация. Ерік.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Психология ғылымының жалпы негіздерін, оның пәнін, зерттеу мақсаттары мен әдістері, адам психикасы мен әрекеттерінің түсінігінің ғылыми мағанасы.

окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы:

тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.



Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., психология кафедрасының доценті, Гизатуллина А.Г.

2

OOT 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны- 2 (0+2+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерлігі: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдысы: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзырлықтар: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: педагогика магистрі Сергеева К.С.

3

Mad 0103

Мәдениеттану

Кредит саны– 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Теоретикалық- модельдік жүргізу негізін мен қорытындысы нәтижесінде базалық культурология категориясын, теориясын және концепциясын ашу, қолданбалы культурогология білімін қолдану;культурология білімінің негіздерін оқыту және практика жүзінде қолдануды оқып уйрену.

Қысқаша мазмұны: Пән және мәдениеттің тәсілдері, маңызы мен мәдениеттің мағынасы, мәдениеттің тілі, адам әлемі мәдениет сияқты. Алғашқы мәдениет, Көне Шығыс мәдениеті, Көне Греция мен Рим мәдениеттері, орта ғасырлық мәдениет, Жандану және Реформация мәдениеті, жаңа заман еаропалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақтың бастау мәдениеті, қазақтың салт дәстүр мәдениеті, жаңазаман мәдениеті, Қазақстанның жетістіктері социомәдениеті Евразиялық мемлекеттердікі сияқты.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: мәдениеттің ұғымын және негізгі категорияларын, оның құрылымы мен функциясын біледі; наиболее значимые концепции культурологического знания; место и роль в культуре профессиональной сферы деятельности, базовые ценности культуры.

Іскерлігі: мәдениеттік білімнің бағалы аспектілерін, қолданбалылығын, теориясын ерекшелей алады ,оны іс тәжірбие есебінің негізінде қолдану үшін, күнделікті өмірге қатысты сияқты, және де іскерлік қызметтерде де; жеке қөзқарас орнықтыру және қалыптастыру

Дағдысы: гуманитарлық мәтіндермен жұмыс істеу дағдылығы бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Кудратова С. А.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді.

Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады.



Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлігі: педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағдысы: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзірет: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Аубакирова Р.Ж.

5

MTIZh 0105

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы», «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Іскерлігі: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағдысы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, фил.ғ к., Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит саны- 2 (1+1+0), кредитах ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – нет.

Постреквизиттер – нет.

Оқу мақсаты : Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Іскерлігі: жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағдысы: студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзырет: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

7

EAZEKShKhEK 0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқу мақсаты : «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны:

Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін нәтиже :

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі. «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Іскерлігі: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағдысы: халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзырет: базалық және жалпы білімін , алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді



Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Темиргалиева А.С

8

Shak 0108

Шәкәрімтану Кредит саны– 2(1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты: Абайдың ізбасары ақын, композитор, тарихшы, философ- Шәкәрім Құдайберді ұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. Ақынның жетістіктерін бақа қырынан ашу. Ақын шығармашылығындағы ұлттық проблема. Ақынды әлемдік деңгейде көрсету.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды.

Іскерлігі: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір

Базалық дисциплина- 21 кредит.

1 Оқу траекториясы – «Өндірістік жылуэнергетика»

1

2

3

1

IG 0201

Инженерлік графика

Кредит көлемі-3(1+2+0) ECKS-5 кредит.

Пререквизиттер - жоқ.

Постреквизиттер - жылуэнергетикадағы компьютерлік технологиялар.

Оқу мақсаты: Геометриялық пішімдерді құрастыруды, олардың сызуларын графикалық модель деңгейінде алуды, осы техникалық процесс тәуелділігіне қатысты есептерді шешуді уйрену.

Қысқаша мазмұны: Орталық және параллель проекциялар. Проекциялау әдісі. Орталық және параллель проекциялар, олардың қасиеттері. Сызбаның қайталануы. Кешенді сызба. Нүкте, тузу. Тапсырма және сызбадағы сурет. Екі түзудің өзара орналасу жағдайы. Тапсырма сызбадағы тұрғы. Проекциядағы тұрғы жағдайы. Нүкте және түзу. Түзудің және тұрғының өзара жағдайы. Екі тұрғының өзара жағдайы. Сызбаның өрнектелу әдісі. Позициялы және метрлік есептердің шешімі. Түзудің және тұрғының табиғи шамаларын анықтау.Беттер.Тапсырма, сызбадағы суретті анықтау. Классификация. Беттің анықтауышы және очеркі туралы ұғым. Беттегі нүктелер және сызықтар. Айналулар, беттер. Бұрандалы беттер. Беттердің өзара қиылысуы. Аксонометриялық проекциялар. Аксонометриялық проекциялар бойынша қысқаша теориялық мәліметтер. Тіктөртбұрышты және қисық бұрышты аксонометриялық проекциялар. Үйреншікті аксонометриялық проекциялар. Техникалық сызу элементтері. Сурет- түрі, қимасы. Сызуға түсірілетін негізгі ережелер. Қосу. Ойық. Сызбада ойыкпен белгіленген сурет. Бұрандалы бұйымдар және қосылулары. Ажырайтын және ажырамайтын қосулар.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: пәнмен сабақтас негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Геометриялық обьектілердің, жеке суреттердің, сызбалардың құрастырылуы, теориялық негіздері және заңдылықтары; кеңістіктің формаларға, обьектілерге құрастырылу әдістері; сызбалардың негізгі метрлік және позициялық шешімдер әдісі; көп жақтардың және әртүрлі беттердің құрастырылу әдістері. Сызбаның өрнектелу әдістері, техникалық сызбаның құрастырылу теориясы.

Іскерлігі: Алған білімдерін оқу материалдарындағы келесі пәндерді игеруге және келесі кәсіби қызметтерге, талқыланған ЕСКД стандарттарды пайдалану, күрделілігі орташа дәрежелі бөлшектерге, түйіндерине, агрегаттарға қолдана білу керек.

Дағды: Қажетті мәліметті кітапханалық қордан, анықтамалардан интернет желісінен, болашақ мамандығына байланысты әртүрлі техникалық бөлшектердің, сызбалардың конструкцияларын, сызбаларын, эскиздерін таба білу.

Құзірет: Негізгі білімді графикалық аймақта процестер және обьектер туралы мәліметтерді ұсынуда көрсетіледі.

Бағдарлама жетекшісі: Ш. Уйсембаева

2

TM 0202

Техникалық механика

Кредит көлемі-3 (1+2+0) ECTS-5 кредит

Пререквизиттер-31 кредит, физика 2.

Постреквизиттер - кәсіби пән

Оқу мақсаты: Студенттердің теориялық білімді меңгеруі және қарапайым тетіктерге және конструкцияларға есепті құрастыру, жаттығу дағдыларын өңдіруге, статикалық және динамикалық жүктемелерді есептеу,бір үлгідегі элементтердің беріктік және қаттылық, мықтылық әдістерін меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Есептік схема. Болжамдар. Қималар әдісі. Эпюр ішкі күш беретін факторлардың құрастырылуы. Созылу-қысу. Материалдарды лабораториялық жолмен сынау. Беріктік пен қаттылықтың созудағы және қысудағы есебі. Элементтің конструкциясының және қосылуының шартты есебі. Жазық фигуралардың геометриялық мінездемелері. Механикалық тербелістер. Кернеу және деформация теориясы. Шекті кернеу күйінің негізгі теориясы. Серпімді өзекті жүйелердің орнықтылығы.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Сыртқы күшке, обьектіге қосымша тіркелген дәнекерлік негізгі байланыстар жүктемелі, беріктігін, қаттылығын және оның орнықтылығын сынау, негізгі әдісі нәтижелері бойынша олардың анықталған материалдардың механикалық минездемелерін білу.

Іскерлігі: Әртүрлі схемалық есептер қалыптастыру.

Дағдысы: Созылу қысуда, Бұрауда және айналмада беріктікке және қаттылыққа қатысты есепти шеше алады. Сабақтас бір үлгідегі есептің шешімдері статикалық және динамикалық сипатта болады. Материалдың беріктігінің сипаты алғашқы эксперименттік жолмен, анықтамалық кітаптармен анықталып арнайы нормативтік құжаттармен ресімделеді.

Құзірет: Жұмыс жайлы негізгі білімді және бір үлгідегі элементтің конструкция жүктемесі, машина жасау материалдарының беріктіктерін және қаттылықтарын, ең маңызды механикалық қасиеттерине баға беру.

Бағдарлама жетекшісі: С. Токаев

3

ZhM 0203

Жалпы материалтану.

Кредит көлемі-3(1+1+1) ECTS-5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер - Кәсіби пәндер

Оқу мақсаты: Өнеркәсіпте және жылуэнергетика саласында, энергетикалық жабдықталған элементке жұмыстан және шарттардан тәуелді материал таңдау ғылыми білімге негізделген.

Қысқаша мазмұны: Материалды таңдаудың физикалық негізжері. Материалдың атомдық-кристалдық құрылысы. Материалдың қасиеттері химиялық байланысы, құрылымдық байланысы. Материалдың құрылымдық қасиеттерінің өзгеру әдістері, механикалық және технологиялық қасиеттері, жүріс тұрыс қолдану шарттары,материалдың экономикалық және экологиялы жағдайы.

Күтілетін зерттеу нәтижелері :

Білім: Жылуэнергетикадағы машина жасау үшін, материал алудың, материал өңдеудің, материал таңдаудың технологиялық физикалық негіздері.

Іскерлігі: Материал таңдау және жұмыс жасайтын жабдықтарды есепке алу шарттары.

Дағдысы: Материалды зерттеу мен экспериментальды әдістемелерге иелік ету дағдысы.

Құзірет: Негізгі білімді қазіргі ғылым облысында қолдануға, материалдың қоршаған ортамен, электромагнитті сәуле шығарумен және ағындармен өзара әсерлесуіне негізделін көрсетілген.

Бағдарлама жетекшісі: С. Токаев

4

ZhEBK 0204

Жылуэнергетикадағы есепке алу және бақылау құралдары

Кредит саны- 3 (1+1+1), ECTS - 5 кредит

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – профильді пәндер

Оқу мақсаты: Жылуэнергетикада технологиялық орталардың құрамын және сапасын бақылауға жылутехникалық параметрлерін, әдістерін және техникалық құралдарын өлшеу әдістерін және қазіргі техникалық құралдарды игеруде ортақ ұсыныстар құрастыру.

Қысқаша мазмұны: Температураларды өлшеу. Қысымдар және қысымдар айырымын өлшеу. Өлшеу информациясын беру жүйесі. Сұйықтықтың, газдың, будың, жылу энергиясының шығынын өлшеу. Сұйықтықтың және сусымалы материалдардың деңгейін өлшеу. Көп құрамды газды қоспалардың құрамын тексеру. Жылуэнергетикалық объектілерде технологиялық өлшемдер үшін сандық құралдарды және сандық есептеуіш техниканы қолдану.

Каталог: files -> %D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD)
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан Республикасының
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Элективті пәндердің каталогы
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> 5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамсыздану
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Жалпы білім беру пәндері 1 Kul 0101 Мәдениеттану Кредиттер көлемі – 2 (1+1+0), ects кредитында– Пререквизиттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет