Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 1.07 Mb.
бет2/6
Дата31.03.2016
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6
: files -> %D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD)
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан Республикасының
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Элективті пәндердің каталогы
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> 5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамсыздану
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Жалпы білім беру пәндері 1 Kul 0101 Мәдениеттану Кредиттер көлемі – 2 (1+1+0), ects кредитында– Пререквизиттер

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Тоназытқыш өндірісінің технологиялық өлшемдерін өлшеу әдістерін, технологиялық өлшемдерді бақылау және реттеу құралдарының жұмыс істеу принциптері мен құрылысын біледі.

Іскерлік: Технологиялық параметрлердің реттеуін және бақылау құралдарын таңдай біледі, функционалдық схемаларды оқи алады.

Дағдылар: Тоңазытқыш қондырғыларды автоматизациялау саласындағы алынған білімді практикалық қолдау дағдыларына ие.

Бағдарлама жетекшісі: Тоңазытқыш қондырғыларды автоматизациялау саласындағы негізгі білімді көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Жумагажинов

3 Білім беру траекториясы – «Радиациялық қауіпсіздік»

1

2

3

1

SKF 0201

Сәулеленуден қорғану физикасы

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – Дозиметрия және сақтау.

Постреквезиттер – ядролық зерттеу реакторлары.

Оқыту мақсаты: Иондаушы сәулеленулерден сақтау негізін студенттермен игеру.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсініктер, анықтаулар, терминологиялар мен өлшем бірліктері. Атом электстанциясының құрылысы және пайдалануын жобалауда және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жасағанда радиациялық қауіпсіздікті негізгі нормативтік құжаттар. АЭС-те сәулелену көздері. Иондаушы сәулеленудің заттармен өзара әрекеттесуі. Иондаушы сәулелену көздерін қолдану туралы ұйымдастыру жұмыстары. Жеке сақтау заттары, иондаушы сәулелену және ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда жеке гигиеналарды жүргізу ережелерін жүргізу. Реактор - гамма-нейтронды сәулелену көздері ретінде. Сақтаудың тиімділік жобалық талаптары. Жүйенің «источник-защита» инженерлік анализі. Биологиялық сақтаудың компоновкасының типтері. Реактор корпусының сақтаудың радиациялық есептеу алгоритмі, радиациялық жылу бөлінудің есептеу әдістері. Ортақ түрде бірінші және екіншілік сақтау есептеу сипаттамасы. Гамма сәулеленудің ағын тығыздығының ортақ жақындасу сипаттамасы. Сақтауда нейтрон ағынының тығыздығының алгоритмі мен бағдарламаның есептеулері. Реакторда қосуда биологиялық сақтаудың тиімділігін тексеру.



Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: ядролық энергетикалық қондырғыларда иондаушы сәулеленудің көздерін; затта иондаушы сәулеленудің заңдылықтарының әлсізденуі; бірінші және екінші сақтаулар; НРБ-99 негізгі жағдайларын біледі.

Іскерліктер: Сәулеленудің элементарлы көздерінен дозаның қуатын және дозаны есептей алады.

Дағдылар: Иондаушы сәулелер қолданылатын көздер қондырғылар мен радиациялық бақылау құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын біледі.

Құзырлықтар: Ядролық реактордың қауіпсіздігі және биологиялық сақтаудың конструкциясы, иондаушы сәулеленуден сақтау және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соған сәйкес сұрақтар бойынша базалық білімін көрсетеді

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы

Ж. Жилгильдинов



2

KE 0202

Қолданбалы экология

Кредит саны - 3 (1+2+0), кредитах ECTS - 5

Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер

Оқыту мақс аты: Студенттерде биосфераға антропогендік әсер нәтижесінде қазіргі заманғы оның жағдайы жайлы, бұл әсерді төмендету жолдары жайлы ұғымды қалыптастыру, техногенді объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалауды, студенттерге қоршаған ортаны қорғау жайлы шараларды үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қолданбалы экология пәні және мәселелері; экологиялыө кризистан шығудың негізгі жолдары; биосфера және ондағы адам орны; загрязнение биосферы; атмосфераға антропогендік әсер; гидросфераға антропогендік әсер; литосфераға антропогендік әсер; биосфераға ерекше әсерлер түрлері; биосфераға экстремальды әсерлер; табиғат ресурстары адамның тіршілік үшін куресінің лимитирлеуші факторы ретінде; агроэкологияның негізгі түсініктері; сыртқы қоршаған ортаға әсерлерді экологиялық нормативтеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: сыртқы ортамен тірі организмдердің әсерлесуінің негізгі заңдылықтарын; биосфераның функционалдау механизмдері және төзімділіктерін; қоршаған ортаны ластаушылардың әсер ету ерекшіліктерін; қоршаған ортаға түрлі шаруашылық салаларының әсер ету ерекшеліктерін; сыртқы орта сапасының негізгі нормативтерін; негізгі заңнамалық актілерді; табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыру жолдары.

Іскерлігі: технологиялық процесстер қалдықтарының қалыптасу нормативтерін есептей алу ; экологиялық есеп беру формасын толтыра алу.

Дағдылар: Сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдалана отырып қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағаоай білу.

Құзырлықтар: Адамзаттың әлемдік экологиялық проблемалары жайлы білімдерін көрсете білу; табиғатты қорғау жайлы; сыртқы қоршаған ортаны қорғау облысында халықаралық достастықты дамыту; ғылымды, техниканы, білімді, экологиялық жүйені бақылауды экологизациялау.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы

Ж. Жилгильдинов



3

DA 0203

Дозиметриялық аспаптар

Кредит саны - 3 (2+0+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Иондаушы сәулеленулерді сандық өлшеу әдістері мен құралдары, адам мен қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радиациялық және радиоэкологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастыру салаларындағы студенттерді даярлау.

Қысқаша мазмұны: Пән иондаушы сәулелену радиометриясы мен дозиметриясының теоретикалық және тәжірибелік әдістерінің сипаттауына арналған. Сәулелену детектрлеуінде пайдаланатын материалдар мен өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары баяндалған. Сәулеленудің биологиялық әсері, адамның табиғи сәулелену деңгейі жайындағы мәліметтер көрсетілген. Қазіргі заман концепциясы, радиациялық қауіпсіздік мөлшерлері мен ережелері, сонымен қатар радиоэкологиялық бақылау қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қарастырылған.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Иондаушы сәулеленулердің қасиеттері мен сипаттамалары; дозиметрияның теоретикалық негіздері, дозиметрияның негізгі ұғымдары, радиометрия мен дозиметрияның аспаптық әдістерінің талаптары; радиациялық физика, экология және биологияда пайдаланатын дозиметрлер мен радиометрлердің негізгі түрлері.

Іскерліктер: дозиметрлік және радиометрлік аспаптарды кәсіби түрде таңдау мен қолдану; тәжірибенің мәліметтерін қазіргі заманғы әдістер арқылы өңдеу, есептер мен тәжірибелердің қателіктерін бағалау; иондаушы сәулелену өрістеріндегі адамдар мен қоршаған орта нысандарына мөлшерлік жүктемелерін анықтау

Дағдылар: Дозиметрлік және радиометрлік өлшеулерді өткізу дағдыларына ие

Құзырлықтар: біріңғайланған электрондық құралдар, олардың құрылымы және негізгі элементтік базалары, сонымен қатар иондаушы сәулелену детекторлерінен алынған сигналдарды қабылдау және тіркеу үшін оларды ұйымдастыру варианттары.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С.Толеуов

1 Ядролық реактолрлар және энергетикалық қондырғылар,

2 Төменгі температруралар техникасы мен физикасы,

3 Радиациялық қауіпсіздік – оқу траекторялары бойынша

Жалпы базалық пәндер

1

TKM 0201

Теориялық және қолданбалы механика

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Механикалық көріністерді зерттеу, жобалаудың және конструктрлеудің жалпы принциптерің, машинажасау бұйымдарының моделдік және алгоритімдік құрылуының негізгі жұмыс қабілеттілігінің критериін ескере отырып сала қондырғыларының, жаңа және модернизацияланған немесе сенімді іске қосылған экспулотацияларды білу.

Қысқаша мазмұны: Теоретикалық механика; статика; кинематикалық нүкте; қатты дене кинематикасы; нүкте мен қатты дененің күрделі қозғалысы; материалдық нүктенің динамикасы; динамиканың жалпы теоремасы; материалдардың кедергісі: созылу мен сығылу кезіндегі мықтылық және диформация; бүгілуі және айналуы; күрделі қысым жағдайындағы мықтылық; жұқақабырғалы қабыршықтар; әлсіз материалдардың мықтылығы; бүгілу мен айналудың біркен әрекетіндегі шыдамдылығы; қысылған стерженнің тұрақтылығы; сыртқы қысым кезіндегі құбыр мен қабыршықтың тұрақтылығы. Машина бөлшектері: бөлшектер мен аппараттарды қосу; валы және осі, тірегі мен қосылуы; подшипниктер, муфтылар, айналыс қозғалысың берілуі, жетек; құрылымдық-кинематикалық анализ механизмі, жалпақ механизмдердің кинематикалық есебі, әр түрлі деформация кезіндегі мықтылықтың негізгі есебі, механикалық берілуі, валы, осі, муфтысы, редукторы, олардың құрылғысы, есептеу әдісі және жобалануы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Матераиалдардың кедергісін, машинаның кинематикалық сызбасының негізгі тендігін білу.

Іскерліктер: Есептік сызбасын құрастыруды білу; механикалық берілістерді жобалау.

Дағдылар: Мехниздер мен машиналардағы бөлшектер мен қоспалардың есептеу дағдысын білу.

Құзырлықтар: Конструкция элементтерінің мықтылыққа, қаттылыққа және тұрақтылыққа өлшеу әдісінің базалық білімін көрсету; материалдар кедергісін, деформациясын және бұзылуын эксперименттік әдісін анықтау.

Бағдарлама жетекшілері: доцент С. Токаев

2

TM 0202

Техникалық механика

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 31 кредит, Физика 2.

Постреквезиттер -

Оқыту мақсаты: Жеңіл механиздер мен конструкциялардың есептік сызбасын құрудың теориялық білімі мен практикалық дағдысын студенттердің игеруі; статикалық жүктеме кезіндегі типтік элементтердің конструциясы мен байланысың есептеу әдісін игеру.

Қысқаша мазмұны: Есептік сызба. Гипотездар. Қиылысу тәсілі. Ішкі күштік фактордың құрылу эпюрасы. Созылу мен қысылу. Материалдарды зертханада сынау. Созылу мен қысылу кезінде тұрақтылық пен қаттылықты есептеу. Жылжыту. Элемент конструкциясы мен байланысының шартты есептері. Жалпақ пішіндердің геометриялық сипаттамасы. Брустардың қарапайым түрлерін қосу (бүгілу, айналу). Сығылудың- орталықтанбаған созылуы. Бүгілу кезіндегі орынның ауысуы. Мор интегралы. Динамикалық жүктеу кезіндегі тұрақтылықты есептеу. Механикалық тербеліс. Кернеу және деформация теориясы. Кернеу шегінің теориялық негізі. Серпімді стержндік жүйе тұрақтылығы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Негізгі байланысты білу, нысанаға байланыстырғыш сыртқы күшпен ішкі жүктемені, сынақ нәтижесі бойынша материалдардың базалық механикалық сипаттамасы және оларды анықтау тәсілі, мықтылық, қаттылық және тұрақтылықты есептеудің негізгі тәсілдері.

Іскерліктер: Әртүрлі есептік сызбаларды қалыптастыру, жүктеме анализін жүргізу және серпімді жұмыс кезіндегі статикалық анықталған жүйе эементтерінің беріктік, қаттылық және тұрақтылық бағасын беру.

Дағдылар: Созылу-сығылу, айналу мен бүгілу кезіндегі беріктік пен қаттылықты статикалық және динамикалық сипаттамаға әсерін, типтік тапсырмаларды шешуге байланысты дағдылану; бірінші ретті экспериментті мағлұмат бойынша жүктемеде материалдың беріктігі мен пластикалық сипаттамасын анықтау; оқулық, анықтама, нормативті-техникалық әдебиетпен жұмыс істеу, сонымен қатар өз жұмысынды жүріп жатқан нормативті құжаттар бойынша безендіру.

Құзырлықтар: Жұмыс жасаудың және жүктеменің типтік элементтерінің конструкциясының базлық білімін, беріктік пен қаттылық тәсілінің бағасын және сызбасын, машинажасау материалдарының маңызды механикалық құрамын, оларды алу тәсілін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: С. Токаев

3

Gid 0203

Гидрогазодинамика

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Мамандық бойынша арнайы пәндермен практикалық әрекетті гидрогазодинамика, гидравликалық машина және басқада құрылғыларды өңдеу, газ тәрізді сұйықтықтарды беру және тасымалдау саласында негізгі білімді студенттердің алуы.

Қысқаша мазмұны: Сұйықтар мен газдардың статикасы мен динамикасы. Ағын сипаттамсының қозғалыс параметіріне әсер ету анализі. Құбыр, канал және шекаралық қабаттардағы сұйықтықтар мен газдардың қозғалыстық есебі. Ұқсастық теория элементтеріне және оны ауыстыру процесін оқуда қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Гидростатика, гидродинмика және аэродинмика негіздерін білу, гидродинамикалық машиналармен жұмыс істеу; гидрогазодинамиканың негізгі тендіктерін форматтау және дәлелдеу, нақты тапсымаларға оларды қолдана білу, негізгі тәсілдердің табиғатын гидравликалық зерттеулерде қолдану.

Іскерліктер: Математикалық модельді құру кезіндегі нақты процестер мен құбылыстарды алынған біліммен қолдана білу.

Дағдылар: Гидростатика, гидродинмика және аэродинмика негіздерінен, гидродинамикалық машиналармен жұмыс істеуден алынған білімді теориялық және практикалық мақсаттарда қолдана білу;

Құзырлықтар: Гидрогазодинамика саласындағы заманауй мәселелерінде базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: профессор М. Смирнов

4

SGM 0204

Сұйықтар мен газдар механикасы

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквезиттер -

Оқыту мақсаты: Жылуэнергетикалық және жылумехникалық құрылғылардың сенімді және тиімді жұмыс істеу мақсатында есептік және экспериментальдық зерттеуде, гидравликалық сипаттаманы жылуэнергетикалық және жылутехникалық процестермен құрылғыларды білу теориялық базаны студенттердің алуы.

Қысқаша мазмұны: Сұйықтық мағынасын анықтау. Тығыздық. Сығылу. Сұйықтықтың тұтқырлығы және Ньютонның тұтқырлық үйкелісі. Идеал сұйықтық. Сұйықтықта әрекет ететін күштер: массалық және беткерлік. Қысым. Гидростатика. Кинематика негіздері. Сұйықтықтар мен газдардың қозғалысының негізгі теңдігі. Құбырдағы сұйықтар мен газдардың қозғалысы және құбырөткізгіштің гидравликалық есебі. Саңылаудан және насадкадан сұйықтықтың бітуі. Қатты дененің ағуы. Шекаралық қабат. Екі фазалы ағын қозғалысы. Батырылған ағын. Газдық динамика.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Жылуэнергетикалық қондырғылардың гидравликалық және аэродинамикалық есептеу тәсілдерін білу.

Іскерліктер: Арналардағы сұйықтар мен газдардың ағысы кезіндегі гидравликалық кедергісін анықтауды білу, әр түрлі формадағы қысым жоғалту; каналдардағы, құбырлардағы, соплолардағы, диффузиялар мен басқада элементтердегі сұйықтар мен газдар ағысын есептеу әдісін қолдану.

Дағдылар: Қысым шығынының азюын қолдануды үйрену.

Құзырлықтар: Тепе-теңдік пен сұйықтар қозғалысының базалық білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: профессор М.Смирнов

5

Gid 0205

Гидравлика

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквезиттер -

Оқыту мақсаты: Практикалық гидромеханика-гидравлика саласындағы элементтердің оның техникалық байланысы туралы студенттердің білім алуы.

Қысқаша мазмұны: Сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттері. Гидростатика. Гидростатиканың негізгі тепе-теңдіктері. Паскаль заңы. Архимед заңы. Гидродинамика. Сұйықтар қозғалысының түрлері. Шығын сақталу теңдігі. Бернулли теңдеуі.Ұқсастық теория негіздері. Гидравликалық қарсылықтың физикалық табиғаты және классификациясы. Құбыр өткізгіш түрлері. Гидромашиналар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Сұйықтар мен газдар механикасының негізгі заңдарын білу; сұйықтар мен газдар ағысының үлгісі; сұйықтар мен газ тәріздес орталардың ағынды және ағынсыз қозғалысының ерекшеліктері.

Іскерліктер: Құбырөткізгіш жүйелер есебін қою және шығару тапсырмалары.

Дағдылар: Гидростатика және гидродинамиканың типтік тапсырмаларын есептеуге дағдылану.

Құзырлықтар: Гидромеханиканың теоретикалық жағдайын практикалық тапсырмаларды шешуде базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: профессор М.Смирнов

6

TFMGE 0206

Техникалық физикадағы машиналық графиканың элементтері

Кредиттер саны - 2 (1+0+1), кредиттегі ECTS - 3

Пререквизиттер – 65 кредит, Сызу геометриясы және инженерлік графика

Постреквезиттер

Оқу мақсаты: Заманауи автоматтандырылған жобалау жүйесіне дағдылану, оқып үйрену. Машиналық графиканың автоматтандырылған жобалау жүйесіндегі орны мен рольін, машиналық графиканың қолдану аймағы, графикалық пакет пен жүйенің негізгі сипаттамалары мен бағыты, функционалды мүмкіндіктері туралы көрсеткіштер беру.

Қысқаша мазмұны: Графикалық мағлұматтардың негізгі көрсеткіштері:Компьютерлік графика түрлері; растрлық графика; векторлық графика; фрактальды графика; үшөлшемді графиканың негізгі түсінігі. Графикалық мағлұматтардың негізгі көрсеткіштері: Графикалық мағлұматтар форматы.Түс түсінігі. Түс сипаттау әдісі. Түсті бақылау жүйесі. CorelDraw ерекшеліктері. CorelDraw қондырғылар параметрі. Құралдар панелін қолдану, құрылым, интерактивтік құралдар. Графикпен және мәтінмен жұмыс. Интерфейсті білу және CorelDraw векторлық графикалық редакторының қондырғы параметрлерін білу(ғаламдық параметрлер, интерфейс параметрлері, құжаттар параметрі, құралдар параметрі, құрылым панелі, контур параметрлері, мәзір құрылымы). AutoCAD және Visio ерекшеліктері: AutoCAD и Visio қондырғы параметрлері. Графикпен және мәтінмен жұмыс. AutoCAD және Visio векторлық графикалық редактор интерфейстерін және қондырғы параметрлерін білу.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Базалық анықтамалар мен түсініктерді білу, машиналық графика және оның негізгі мәселелерін; AutoCAD жүйесінің қолдану аймағы және мүмкіндіктері; машиналық графика бөлімі бойынша негізгі тапсырмалар және формальды аппаратқа қойылатын талаптар.

Іскерліктер: Машиналық графика аймағына қалыптаса алу, пәнде оқытылатын арнайы әдебиеттерді білу; ЭЕМ-ны тондық және шынайы суреттерді салу алгоритм модернизациясында қолдану; машиналық графика саласында пікірталас жүргізе білу, AutoCAD жүйесін пән аумағында жобалау.

Дағдылар: AutoCAD жүйесінде қондырғыларымен жұмыс істеуга дағдылану.

Құзырлықтар: Осы салада базалық бiлiмiн жетілдіру. Білімді тәжірибеде қолдана білу, графикалық редакторды эффекті қолдануға дағдылану.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а. М. Ермоленко, аға оқытушы А. Жумагажинов

7

EKT 0207


Энергетикадағы компьютерлік технология

Кредиттер саны - 2 (1+0+1), кредиттегі ECTS - 3

Пререквизиттер – 65 кредит, Сызу геометриясы және инженерлік графика

Постреквезиттер

Оқу мақсаты: Студенттермен білім алу, жылуэнергетика есептерінде компьютерлік техниканы қолдануға дағдылану және бейімделу, сандық теңдеулер жүйесінде реализациялық әдістерді қолдану, жылуалмасу есептерін шешудің арнайы әдістері,тәжірибе қорытындысының замануи әдісі және де автоматтандырылған заманауи жобалау жүйесін жылуэнергетика процесстерінде қолдану.

Қысқаша мазмұны: Жылуэнергетикалық есептерде компьютерлік технологияны қолдану мүмкіндіктері. Қоданбалы бағдарламамен қамтамасыз ету. Кестелік процессорлар, матиматикалық пакеттер, БМАБ, информациялық жүйелер. Excel кестелік процессоры. Mathcad жүйесі. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешу. Жылуэнергетикалық есептерде сызықтық жүйені қолдану әдістері. Сызықтық емес алгебралық теңдеулер және трансцендентті жүйелерді шешу. Жылуэнергетикалық есептерді шешу жүйелері. Дифференциалдық теңдеулерді шешу. Стационарлы және стационарлы емес жылуөткізгіштік теңдеулерді шешу. Интерполяция әдістері. Жылуэнергетикалық есептерде интерполяция әдісін қолдану. Торлау функциялары. Конвективті жылуалмасу теңдеулеріне соңғы әдістерді қолдану. Жылуэнергетикалық объектердің моделін тұрғызу. Компьютерлік графика, графикалық мағлұматтардың негізгі көрсеткіштері және форматы. AutoCAD ерекшеліктері, параметр қондырғылары, графикпен жұмыс және қондырғы параметрлері, AutoCAD векторлық редакторы.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Сызықты және сызықты емес алгебралық теңдеулер жүйесін шешу; алгоритмдер, дифференциалдық теңдеулер жүйесін аналитикалық шешу және сандықтың реализуальды шешу. Интерполяция әдістері. Жылуэнергетикалық есептерде интерполяция әдісін қолдану. Торлау функциялары. Конвективті жылуалмасу теңдеулеріне соңғы әдістерді қолдану. Жылуэнергетикалық объектердің моделін тұрғызу.

Іскерліктер: Қолданбалы бағдарламаның математикалық пакеттерін қолдану; алгебралық және дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешудің алгоритмдерін жүзеге асыру; есептеу техникалар құралдарының көмегімен жылуалмасу есептерін шешу әдістерін жүзеге асыру; нақты және реңдік суреттерді тұрғызудың алгоритмдерін жаңарту немесе құру кезінде машиналық графика саласында хабардар болу керек.

Дағдылар: MathCAD жүйесінің математикалық редакторымен жұмыс істеудің құралдары мен әдістерін; тәжірибе нәтижелерін өңдеудің жаңа әдістерін; АutoCAD жүйесінің графикалық редакторымен жұмыс істеуді игереді.

Құзырлықтар: Жылуэнергетикада қолданатын компьютерлік технологиялар саласында, математикалық және графикалық редавкторларды тиімді пайдалану бойынша білімдерін тәжірибеде көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: доцент қ.а. М. Ермоленко, аға оқытушы А. Жумагажинов

8

EOUM 0208

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерді кәсiпорынның бар қорларын тиiмдi пайдалану, оларды бағалау және ұйымдастыру дағдыларына үйрету, нарық шарттарындағы өндiрiс орнының экономикалық қызметiн зерттеу негiзде студенттерге ойлаудың экономикалық түр қалыптастыруын қамтамасыз ету.

Қысқаша мазмұны: Кәсiпорынның өндiрiстiк құрылымы, әр түрлi салалардағы өнеркәсiптiк өндiрiс түрлері, өндiрiстiк циклдарын ұйымдастыру ерекшелiктері; кәсiпорынды басқарудың процесін ұйымдастыру; шаруашылық стратегиясын таңдау, өндiрiс және өнiмдердi сатуыды жоспарлау; құрастыру, капиталды қолдану және кәсiпорын пайдасының жинақталуы; өндiрiстiң заттық-техникалық қамтамасыз етiлуі, материал өнімдерінің жиналуы және оларды тиiмдi қолдану, шикiзатті жабдықтау; өндiрiс шығындарын құрастыруы, бағалы кәсiпорынның бағалы саясаты, өнімнің өзiндiк құнын есептеу; кәсiпорынның инновациялық қызметi, кәсіпорынның инвестициялық саясаты, экологиялық мәселелер; өндiрiстiк процесстi ұйымдастыру, ұйымның қағидалары және әдiстерi, өндiрiстiк циклының есептеу ұзақтығы; кадрларды iрiктеу, еңбекақы төлеу жүйесі және еңбек өнiмдiлiктi ынталандыруды жоғарылату, жұмысқа қабылдау; кәсiпорынның сыртқыэкономикалық қызметi.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Ұғымдық аппарат және терминологияны бiледi; кәсiпорынның мәнiн шаруашылық объектiсі ретінде, ұлттық экономика жүйесiндегi оның орнын және рөлін; өндiрiстің негізгі факторларын; кәсiпорындар және әр түрлi қорлардың қор базасын тиімді қолдануды ; өндiрiстiк - кәсiпорындардың шаруашылық жұмысында тиiмдi есептеулер әдiстемесін, ҒТПтың негiзгi бағыттарының тиімділігін, iргелi салым; өндiрiстiк қорлардың қолдануының ерекшелiктерiн, еңбек өнiмдiлiктiң артуы және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн; еңбектік процесстер және операциялардың ұйымдастыруының әдiстемесін; қызметкерлердi басқарудың негiзгi әдiстерiн; қызметкерлердiң еңбек уәждеуiнің теориясын.

Іскерліктер: Кәсiпорында бар қорлардың қолдануын әбден жетiлдiру бойынша шараны анықтауға; өндiрiстi сауатты және құзырлы ұйымдастыруға; нарық талаптарын анықтауға; түрлi шаруашылық есептерiнiң шешiмiне шығармашылық түрде қарауға; кәсiпорынның экономикалық күйiн дұрыс талдауға және экономиканың дамуындағы сапалы жылжуларды дұрыс бағалауға; шығынның төмендеуі бойынша резервтердi айқындауға; кәсiпкерлiк жоспарды өндеуге икемi болады.

Дағдылар: Кәсiпорынның қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн есептеу; өндiрiс және өнiмдердi сатуыдың шығындарының деңгейін анықтау; кәсiпкерлiк есептеулер үшiн әр түрлi сандық әдiстердi, аналитикалық есептеулер мен болжамдарды қолдану; жалпылауыш және өндiрiстiң тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бөлiндiлерiн есептеуiнiң әдiстемесiн үйрену; кәсiпорындағы экономикалық жұмысты дербес жүргiзуi, бастапқы нақты мәлiметті және экономикалық есептеулер көрсеткiштерін жылдам және дұрыс бағдарлау дағдыларын алады.

Құзырлықтар: Экономикалық талдау, өндiрiсті және қызметкерлердi басқару, ұйымдастыру, кәсiпорынының қызметiнiң көрсеткiштерiн есептеу, инвестициялық шешiмдердiң техникалық-экономикалық дәлелдеуі төңiрегiдегi негiзгi бiлiмдерiн көрсетедi.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С. Ахтаева

9

SE 0209

Сала экономикасы

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Кәсiпорын қызметiнiң негiздерi, оның жұмыс жасауына ықпал ететiн факторларының өзара байланысы, қызметтiң тиiмдiлiгiн жоғарылату жолдарының экономикалық негiздеуі төңiректерiде студенттерге бiлiм беру.

Қысқаша мазмұны: Нарықтық экономика шарттарындағы кәсiпорын. Кәсiпорынның ұйымдастыру - заңға сүйенген түрлері. Кәсiпорынның өндiрiстiк бағдарламасы. Кәсiпорынның өндiрiстiк қорлары. Кәсiпорынның қызметiнiң нәтижелерi. Кәсiпорынның қаржы нәтижелерiн құрастыру. Кәсiпорынның қызметi экономикалық тиімділігі.

Ожидаемые результаты:

Білімдер: Саланың сипаттамасын, ерекше ерекшелiктері мен құрылымын; ұйым мен еңбектiң негiзгi түрлерін; негiзгi қорларды, материалдық және еңбек ресурстарын қолданудың тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуының негiзгi бағыттары; жұмыстың негiзгi техникалық-экономикалықтар және қаржы көрсеткiштерi; қазiргi шарттардағы еңбекақы төлеу түрлерін бiледi.

Іскерліктер: Экономикалық процесстер мен құбылыстарды сауатты ұғындыра алу; өндiрiстiң резервтерiн айқындау.

Дағдылар: Кәсiпорынның шаруашылық жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн есептеу дағдыларын алады.

Құзырлықтар: Өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылату бойынша негiзгi бағыттардың және ұйымдастыру-техникалық шаралардың төңiрегiдегi негiзгi бiлiмдерiн көрсетедi.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С. Ахтаева

10

MFA 0210

Математикалық физика әдістері

Кредит саны - 2 (1+1+0), кредитах ECTS - 3

Пререквизиттер – 65 кредитов

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Математикалық физика теориясы және интегралдық түрлендіру облысында терең білімді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Дербес туындылары бар сызықты теңдеулердің классификациясы. Математикалық физиканың негізгі теңдеулері. Коши есептері және негізгі шеттік есептер. Дифференциалды теңдеулерді шешу әдістері. Даламбер формуласы. Пуассон интегралы. Шеттік есептерді шешудің әдістері. Грин функциясы. Грин функциясының Фурье әдісі. Коши есебін шешу кезінденгі Фурье және Лаплас интегралдық түрлендіру әдісі, тұрақты коэффициенттері бар екінші дәрежелі дербес туындысы бар есептерді шешу әдістері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Математикалық физика әдістерінің негізгі түсініктерінің анықтамаларын біледі; Кілтті теоремаларды дәлелдеу әдістерінің негізгі әдістерін біледі.

Іскерліктер: Механика, физика және техника есептерін шешу кезінде математикалық физика әдістерінің негізгі түсініктерін қолдана алады.

Дағдылар: Физикалық құбылыстардың математикалық моделін тұрғызу дағдысына ие және нәтижесінде пайда болған математикалық есепті шеше алады.

Құзырлықтар: Математикалық физика әдісімен физикалық есептерді шешуде базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

11

FPMMA 0211

Физикалық процесстерді модельдеудің математикалық әдістері

Кредит саны - 2 (1+1+0), кредитах ECTS - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Физикалық процесстерді модельдеудің математикалық әдістерін игеру.

Қысқаша мазмұны: Есептік физиканың негізгі түсініктері.   Алғашқы шарттары бар қарапайым дифференциалды теңдеулерді сандық интегралдау.   Қарапайым дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын физиканың шеттік есептерін шешу әдістері.   Конвекция және жылумассатасымалдау процесстерін сипаттайтын дербес туындалары бар дифференциалды теңдеулерді сандық интегралдау әдістері жайлы негізгі ұғымдар.  

Күтілетін нәтиже:

Білім: Сызықты және сызықты емес қарапайым дифференциалды теңдеулермен сипатталатын физикалық есептерді шешу әдістерін біледі (жылуөткізгіштік, диффузия, конвекция).

Іскерліктер: физиканың дифференциалдық теңдеулерінің негізгі типтерін шешудің түрлілік әдістерін талдай алу.

Дағдылар: ЭЕМ-ны қолданумен гидрогазодинамиканың және жылулықфизиканың есептерін шешу дағдысын қалыптасуы. Құзырлықтар: Физикалық үрдітерді моделдеу аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

12

SGIG 0212

Сызықтық геометрия және инженерлік графика

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Кеңістіктік елестеудің, конструктивті геометриялық ойлауды, кеңістіктік моделдердің талдауға және синдездеуге қабілеттілігін дамыту. түрлі бағыттағы сызбаларды орындау және оқу, сонымен қатар сызбалардағы инженерлік геометриялық есептерін шешу үшін қажетті білім, іскерлік, дағды негіздерін студенттермен меңгерілуі.

Қысқаша мазмұны: Сызбаның қалыптасуы туралы жалпы түсініктер. Үшөлшемді кеңістік объектілерінің суреті. Кешенді сызбаның түрленуі. Позициялық есептер. Өлшемдік есептер; Аксонометриялық проекциялар. Заттардың суреті. Детальдардың қосылыстарының суреті, детальдардың сызбалары. Бұйымдардың суреті. Растрлық және векторлық компьютерлік графика. AutoCAD жүйесінің негізгі түсініктері және жұмыс істеу принциптері. Жұмыс ортасын дайындау және сызба-прототипін құру. Сызу құралдары. Сызбаларды түзету құралдары. Үшөлшемді қаттыденелерді модельдеу; 3D графикасының және анимацияның жүйелері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: конструкторлық құжаттамаларды құру, рәсімдеу және түрлендірудің өзара байланысқан ережелері мен жағдайлары белгіленген ISO, ЕСКД халықаралық стандарттарының негізгі жағдайларын біледі.

Іскерліктер: Мамандығы бойынша базалық және бейінді пәндерді оқукезінде, курстық және дипломдық жобаларды орындау кезінде, сонымен қатар тәжірибелік қызмет кезінде суреттерді құруда меңгерген теориялық және тәжірибелік негіздерін қолдана алады.

Дағдылар: Түрлі детальдердің сызбаларын орындау; бұйымның жалпы көрінісінің сызбаларын оқу және детальдеу; жұмысшы конструкторлық құжаттамалардың сызбаларын орынындау дағдылары бар.

Құзырлықтар: ЕСКД стандарттарымен белгіленген талаптарына сәйкес техникалық объектілердің сызбаларын орындау және оқу аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент Ш. Уйсембаева

13

IG 0213

Инженерлік графика

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – жоқ

Постреквезиты

Зерттеу мақсаты: Геометриялық пішімдерді құрастыруды, олардың сызуларын графикалық модель деңгейінде алуды, осы техникалық процесс тәуелділігіне қатысты есептерді шешуді уйрену.

Қысқаша мазмұны: Орталық және параллель проекциялар. Проекциялау әдісі. Орталық және параллель проекциялар, олардың қасиеттері. Сызбаның қайталануы. Кешенді сызба. Нүкте, тузу. Тапсырма және сызбадағы сурет. Екі түзудің өзара орналасу жағдайы. Тапсырма сызбадағы тұрғы. Проекциядағы тұрғы жағдайы. Нүкте және түзу. Түзудің және тұрғының өзара жағдайы. Екі тұрғының өзара жағдайы. Сызбаның өрнектелу әдісі. Позициялы және метрлік есептердің шешімі. Түзудің және тұрғының табиғи шамаларын анықтау.Беттер.Тапсырма, сызбадағы суретті анықтау. Классификация. Беттің анықтауышы және очеркі туралы ұғым. Беттегі нүктелер және сызықтар. Айналулар, беттер. Бұрандалы беттер. Беттердің өзара қиылысуы. Аксонометриялық проекциялар. Аксонометриялық проекциялар бойынша қысқаша теориялық мәліметтер. Тіктөртбұрышты және қисық бұрышты аксонометриялық проекциялар. Үйреншікті аксонометриялық проекциялар. Техникалық сызу элементтері. Сурет- түрі, қимасы. Сызуға түсірілетін негізгі ережелер. Қосу. Ойық. Сызбада ойыкпен белгіленген сурет. Бұрандалы бұйымдар және қосылулары. Ажырайтын және ажырамайтын қосулар.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: пәнмен сабақтас негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Геометриялық обьектілердің, жеке суреттердің, сызбалардың құрастырылуы, теориялық негіздері және заңдылықтары; кеңістіктің формаларға, обьектілерге құрастырылу әдістері; сызбалардың негізгі метрлік және позициялық шешімдер әдісі; көп жақтардың және әртүрлі беттердің құрастырылу әдістері. Сызбаның өрнектелу әдістері, техникалық сызбаның құрастырылу теориясы.

Икемділік: Алған білімдерін оқу материалдарындағы келесі пәндерді игеруге және келесі кәсіби қызметтерге, талқыланған ЕСКД стандарттарды пайдалану, күрделілігі орташа дәрежелі бөлшектерге, түйіндерине, агрегаттарға қолдана білу керек.

Дағды: Қажетті мәліметті кітапханалық қордан, анықтамалардан интернет желісінен, болашақ мамандығына байланысты әртүрлі техникалық бөлшектердің, сызбалардың конструкцияларын, сызбаларын, эскиздерін таба білу.

Құзірет: Негізгі білімді графикалық аймақта процестер және обьектер туралы мәліметтерді ұсынуда көрсетіледі.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Ш. Уйсембаева

14

ZhH 0214

Жалпы химия

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: жалпы химия курсы студенттерге химиялық элементтердің периодтық заңдылыққа және заттың құрылымы туралы заманауи көрінісіне негізделген химиялық элементтердің қасиеттері және өзарақатынастары туралы білімді беруі тиіс.

Қысқаша мазмұны: Химиялық жүйелер-ерітінділер, дисперсті жүйелер, электрохимиялық жүйелер, катализаторлар және каталитикалық жүйелер; химиялық жылудинамикасы және кинетикасы: химиялық үрдістердің энергиясы, химиялық және фазалық теңдік, реакция жылдамдығы және оны реттеу әдістері; заттың реакцияға түсі қабілеттілігі:элементтердің химиясы жәнепериодикалық жүйесі, заттың қышқыл-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттері, химиялық байланыс, химиялық, физико-химиялық және физикалық талдау; химиялық практикум. Электрохимиялық үрдістер. Электролиз. Фарадей заңдары. Металлдардың электрохимиялық қатары. Гальваникалық элемент.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Негізгі химиялық терминдерді және анықтамаларды, периодикалық заңды, химияның негізгі стихиометриялық заңдылықтарын, химиялық байланыстардың табиғаты туралы негізгі жағдайларын, жылудинамикасының 1-ші және 2-ші заңдарын біледі.

Іскерліктер: Химияның стехиометриялық заңдарын түсінеді және оларды есептерді шешуде қолдана алады, периодикалық заңды қолдауды, құрылымдық периодикалық кесте мен атом ішінде электрондардың таратылу арасындағы байланыстың себебін анықтауды жүргізе алады, ковалентті байланыстың табиғатын түсіндіре алады, тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіре алады.

Дағдылар: Молекулалардың энергетикалық дәрежелерінің диаграммаларын құрастыру дағдылары бар.

Құзырлықтар: Жалпы химия саласында базалық білімін және осы алған білімін тәжірибеде қолдана алуын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент К.Кабдулкаримова

15

FH 0215

Физикалық химия

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Арнаулы пәндерді меңгеру үшін қажетті болатын физикалық химия бойынша базалық мәліметтерді беру.

Қысқаша мазмұны: Физико-химиялық жылудинамика; ерітінділердің және фазалық алмасулардың жылудинамикасы; беттік құбылыстар; электрохимия; статистикалық жылудинамика; гетерогендік және топохимиялық реакциялар; қайтымсыз үрдістердің жылудинамикасының принциптері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Химиялық жылудинамикасының негіздерін және оларды байланыс энергиясын, реакция жылулығын, реакция теңдігінің константасын, ерітінді компоненттерінің соның ішінде электролиттер ерітінділерінің химиялық потенциалдарын есептеу үшін қолдануды; химиялық үрдістердің формальді кинетикасының негіздерін біледі.

Іскерліктер: Халықаралық нұсқада элементтердің периодикалық жүйесін қолдана алады.

Дағдылар: Реакция реттілігін анықтау, күрделі реакцияларды және күрделі үрдістердің кинетикасындағы лимитирлеуші кезеңдерін белгілеу мақсатында кинетика бойынша эксперименталды мәліметтерді талдау дағдысын қалыптастырды.

Құзырлықтар: Молекулалардағы және кристаллдардағы типтік химиялық байланыстары және оларды есептеу әдістері саласында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент К.Кабдулкаримова

16

SFZhN 0216

Статистикалық физика және жылудинамика негіздері

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерге макроскопиялық жүйелердің негізгі жылудинамикалық және статистикалық заңдылықтары бойынша терең білім беру және осы білімдерді қолданбалы есептерде қолдануға үйрету.

Қысқаша мазмұны: Жылудинамиканың негізгі заңдары және әдістері, теңдіктің және тұрақтылық жағдайлары, статистикалық физиканың негізгі түсінігі, статистикалық механиканың жалпы әдістері, идеалды жүйелердің статистикалық теориясы, идеалды емес жүйелердің статистикалық теориясы, тарату функцияларына арналған теңдеулер, флуктуация теориясы, теңеспеген жылудинамикасының негізі, Броундық қозғалыс және кездейсоқ үрдістер, кинетикалық теңдеулер.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Жылудинамикасының және статистикалық физиканың негізгі түсініктері және фундаменталды заңдарын біледі.

Іскерліктер: Гаусстық және халықаралық бірліктер жүйесінде нақты бір физикалық жүйелердің параметрлерін сандық есептеулерін жүргізе алады.

Дағдылар: Жылудинамикасында және статистикалық физикада қолданылатын есептердің қойылымы және шешу әдістерін қолдану дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Қолданбалы есептерді шешу кезінде статистикалық физика және жылудинамика саласында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

17

ZZhKT 0217

Заттардың жылуфизикалық қасиеттерінің теориясы

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде заттардың жылуфизикалық қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру, олардың сыртқы жылу динамикалық жағдайларына тәуелділіктерімен, заттардың типтерімен және фазалық жағдайларымен, осы қасиетерін есептеу әдістерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Идеалды газдардың жағдайының және қасиеттерінің теңдеулері; таза заттардың сипаттых константалары; реал газдардың жылудинамикалық қасиеттері; газдарда алмасу құбылысы; сұйықтықтардың жылуфизикалық қасиеттері; газды және сұйық қоспалардың жылуфизикалық қасиеттері; қатты денелердің жылуфизикалық қасиеттері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Заттардың жылуфизикалық қасиеттері бойынша ғылыми-техникалық ақпараттардың негізгі көздерін; заттардың жылуфизикалық қасиеттерін алудың жылудинамикалық және молекула-кинетикалық әдістерін біледі.

Іскерліктер: Өздігінен анықтамалық әдебиеттерді және есептеу әдістемесін қолдана алады және оларды алға қойылған есептерді шешу үшін қолдана алады; ізденуді жүзеге асырады және ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды жүргізе алады.

Дағдылар: Нақты бір техникалық құралдарда өтетін үрдістердің жылуфизикалық сипаттамаларын есептеуде алған ақпараттарды қолдану дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Заттардың жылуфизикалық қасиеттері теориясының саласында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

18

MSS 0218

Метрология, стандарттау және сертификаттау

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде өлшемдер және стандарттау теориясы саласында теориялық білім және тәжірибелік дағды қалыптастырады. Метрологияның тарихы мен қазіргі жағдайы, елдегі және шет елдегі стандарттау және сертификаттау, ҚР-да әрекеттегі физикалық өлшемдер мен оларды өлшеу бірліктерінің жүйесі, өлшеулердің жалпы заңдары мен ережелері, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалар мен жұмыс режимдері, қателіктер теориясы, стандарттаудың халықаралық жүйесі, сертификаттау жүйесі туралы түсініктер алады.

Қысқаша мазмұны: Қызмет ретіндегі метрология, метрологияның ролі және маңызы. Өлшеу объектілері мен өлшеу құралдарының метрологиялық қасиеттері және сипаттамалары. Мемлекеттік метрологиялық бақылау және тексеру. Стандарттаудың халықаралық жүйесі. ҚР стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Технико-экономикалық ақпаратты классификациялаудың және кодтаудың біріңғай жүйесі. Сертификаттау саласының мақсаттары, принциптері және заңнамалары. Халықаралық сапа жүйесі. Сапа жүйесін сертификаттау.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Метрология, стандарттау және сертификаттаудың заңнамалық және норматифті құқықтық негіздерін; метрология, стандарттау және сертификаттаудағы ҚР заңнамаларының негіздерін; ҚР метрологиялық қызметінің құрылымын, ҚР Мемстандарт қызметінің құрылымын, сертификаттауды жүргізу ретін, сертификаттау сұлбасын біледі.

Іскерліктер: Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүргізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады; тексеруден өткізуге өлшеу құралдарын әзірлей алады; стандарттау және сертификаттау бойынша нормативті құжаттамалармен жұмыс істей алады.

Дағдылар: Бақылау-өлшегіш және тексеру техникасымен жұмыс істеу; тексеру және бақылаудың өлшегіш құралдарын қолдану дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Кәсіби қызметінде алған білімін қолданумен метрология, стандарттау және сертификаттау аясында базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: доцент Б. Сатиева

19

EZAMN 0219

Эксперименталды зерттеу әдістері және метрология негіздері 

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде өнімдерді сынауды жүргізу және метрологиялық қамтамасыз ету аясында ғылыми негіздерді қалыптастырады.

Қысқаша мазмұны: Пәннің мәні және міндеттері; эталондар; эталондаудың принциптері; өлшегіш жүйелер; өлшеу қателіктерін қарапайым есептеу; өлшеу дәлдігіне қойылатын фундаменталды және басқа да шектеулер; метрология және эксперимент (метрологиялық өлшеулер).

Күтілетін нәтиже:

Білім: Өлшеу принциптері мен процедураларын; эталондаудың принциптерін; объектілердің параметрлерін өлшеудің негізгі әдістері; өлшегіш құралдардың құрылымы және блок-сұлбасын; өлшеу қателіктерін қарапайым есептеу; өлшеу қателіктері мен шектік қателіктерді өлшеудің негізгі түрлерін біледі.

Іскерліктер: Таратудың негізгі функцияларын және алынған эксперименталды таратудың және болжалды теориялық функциялардың сәйкестік теорияларын қолдана алады; нүктелік және интервалды бағалау туралы түсініктерді қолдана алады; негізгі зертханалық өлшеу жабдықтарын қолдана алады (осциллограф, амперметр, вольтметр және т.б.).

Дағдылар: Қазіргі заманғы өлшегіш аспаптармен; өлшеудің электрофизикалық және оптикалық әдістерімен; өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерімен; нәтижелерді рәсімдеу және ұсыну әдістемелерімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Технологиялық үрдістерді метрологиялық қамсыздандыруды, қазіргі заманғы әдістердің негізінде қлшеуді нақты дәлдікпен жүргізуді ұйымдастыру аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент Б. Сатиева

20

KM 0220

Кванттық механика

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерге кванттық физиканың физикалық мазмұны және микрәлемнің заңдылықтарының терең түсініктемелерін дұрыс үсініктеме беру. Студент кваттық заңдылықтарға бағынатын құбылыстадың физикалық табиғаты туралы нақты түсінік алуы тиіс, кванттық механиканың негізгі есептерін шешуде жалпы фундаменталды әдістерін, оларды қолдану шектерін меңгеруі тиіс және де оларды тәжірибеде тиімді пайдалана алуы тиіс.

Қысқаша мазмұны: Кванттық физиканың эксперименталды негіздері. Кванттық физиканың негізгі принциптері. Кванттық механиканың математикалық аппараты. Шредингер теңдеуі және оның қарапайым қолданылуы. Түсінік беру теориясы. Кванттық механиканың матрицалық формулировкасы. Бұрыштық моменттің кванттық теориясы. Орталық-симметриялық өрісте дененің қозғалысы. Кванттық механиканың жақындатылған әдістері. Хартри-Фок және Томас-Ферми әдістері. Релятивистік кванттық механика элементтері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Каванттық механиканың негізгі физикалық заңдарын; тождестік бөлшектің жүйесін кванттық сипаттаудың ерекешліктерін; жайылып тараудың кванттық теориясының негізгіт элементтерін және релятивтік кванттық механика туралы жалпы түсініктерін біледі.

Іскерліктер: Релятивтік емес кванттық механиканың фундаменттік мәнін және потенциалдық шұңқыр, гормониялық осциллятор, туннельдік әсер, қозғалыс сапасының күрделі моменттері, бөлшектердің статистикасы, бөлшектердің спиндері, Паули принципі сияқты маңызды түсініктерді дұрыс түсіндіре алады. Дағдылар: Релятивтік емес кванттық механиканың математикалық аппаратын және кванттық механиканың стандартты есептерін шешу үшін оны қолдану принциптерімен қолдана алады.

Құзырлықтар: Каванттық механиканың есептерін шешу аясында базалық білімін көрсетеді. Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

21

KFEA 0221

Кванттық физикада есептеу әдістері

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Есептік экспериментті жүргізудің негізгі принциптерін меңгеру және атомдық физикада, соқтығысудың кванттық теориясында және молекулалық кластерлердің физикасында есептерді шешудың негізгі есептік әдістерімен танысу.

Қысқаша мазмұны: Математикалық моделдеу; есептік эксперименттің жалпы сұлбасы; сызықтық теңдеулер жүйелерін шешудің тура әдістері; бір белгісізі бар теңдеулер; полиномдардың түбірлері; орталық потенциалда классикалық бөлшектердің жайып тарауы; сандық дифференциялау; сандық интеграциялау; үзілген функциялардан алынған интегралдар; Монте-Карло әдісі; көпөлшемді кездейсоқ өлшемдерді моделдеу; кластерлік жүйелердің оптималды конфигурацияларын іздеу әдістері; екіөлшемді модель; шектік есептер; жылуөткізгіштіктің бірөлшемді теңдеуі; әртүрлі сұлбалардың сәйкестелуі және тұрақтылығы; екінші ретті интегралды теңдеулер.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Матиматикалық физиканың есептерін шешудің негізгі есептеу әдістерін біледі.

Іскерліктер: Мәселе қойылымын құрастыруды, оның классификациясын жүргізуді және оны шешудің оптималды әдістерін таңдауды жүргізе алады.

Дағдылар: Кванттық физикада моделді есептеулерді жүргізу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Кванттық физиканыңесептік әдістерінің аясында базалық білімін көрсетеді. Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

22

AFS 0222

Атомдық физика және спектроскопия

Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Атомдық қабықшада құрылымдық, қасиеті және үрдістермен байланысты болатын фундаменталды кванттық-механикалық заңдылықтары туралы түсінік беру.

Қысқаша мазмұны: Толқындардың корпускулярлық қасиеттері. Бөлшектердің толқындық қасиеті. Атомның құрылысы. Сутегі атомының кванттық теориясы. Көпэлектронды атомдар. Атомдық спекторлар. Атомдардың электронды қабықшасы және олардың тотырылуы. Рентген спектрлары. Молекуладағы қозғалыс түрлері және молекулярлы спетрлардың типтері. Молекуладағы электрондық жағдайлар және химиялық байланыстар. Қатты денелердегі байланыстардың негізгі типтері. Атомдық жағдайлардың систематикасы. Атомдарда электрондық моменттердің байланыс типтері. Мультиплетность. Ауысу мүмкіндіктері және таңдап алу ережелері. Сыртқы өрістегі атомдар. Магниттік резонанс. Электромагниттік сәулелендірудің индуцирленген күшейтулердің принциптері. Мазерлер және лазерлер.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Атомдық физика және спектроскопияның негізгі заңдарын; негізгі физикалық құбылыстарды, оларды бақылау және эксперименталды зерттеу әдістерін біледі.

Іскерліктер: Атомдық физика және спектроскопияның негізгі түсініктерін түсіндіріп жеткізе біледі.

Дағдылар: Түрлі кванттық жүйелер үшін кванттық-механикалық есептеулер мен бағалауларды орындау дағдысын қалыптастырған.

Құзырлықтар: Атомдық физика және спектроскопияның есептерін шешу аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

23

AF 0223

Атомдық физика

Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Теориялық және ядролық физиканы оқу үшін базалық білімді студенттерге меңгерту.

Қысқаша мазмұны: Атомның ядролық моделі; атомның энергетикалық спектрінің дискреттілігі; Бор теориясы; сәулеленудің кванттық қасиеті; бөлшектердің толықындық қасиеті; атомдардың және атом бөлшектерінің кванттық теориясының негізгі жағдайлары; бірэлектронды және көпэлектрондыатомдардың кванттық физикасы.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Атомның кванттық теориясының негізгі жағдайларын біледі.

Іскерліктер: Атомдық бөлшектердің және атом құрылымының кванттық табиғаты туарлы заманауи түсініктерге негізделіп алынатын нәтижелер алу арналған негізгі физикалық эксперименттерді қоя біледі.

Дағдылар: Атомдық физиканың негізгі есептерін шешу дағдысы қалыптасады.

Құзырлықтар: Сыртқы өрісте, молекулаларда және қатты денелерде атомдардың әрекетін болжау аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

24

YaFEBF

0224


Ядролық физика және элементарлы бөлшектердің физикасы

Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерді субатомды микроәлемде жүретін негізгі физикалық құбылыстармен, олардың теориялық және эксперименталды бақылау әдістерімен, субатомды физиканың физикалық өлшемдер масштабымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Атомдық ядроның құрамы. Атомды ядролардың жалпы қасиеттері. Қазіргі заманғы ядро моделдері. Табиғи радиобелсенділік. Радиациялық ыдырау заңы. Ядролық және жылуядролық реакциялар. Атомдық ядроларың бөлінуі және синтезін қолдану. Ядролық магниттік резонанс әдістері (ЯМР). ЯМР томография. Жоғары ауқымды және кең сызықты ЯМР спектроскопиясы, материалдарды зерттеуде олардың мүмкіндіктерін қолдану. ЯМР әдісі - релаксация. ЭПР спектрі және ЭПР релаксациясы. ЭПР-спектрометрлер. Космостық сәулелер. Заттармен ядролық сәулеленудің өзараәрекеттестігі. Элементарлы бөлшектердің классификациясы. Элементарлы бөлшектердің сипаттамалары.

Күтілетін нәтиже:

Білім: ядролық физиканың, негізгі физикалық құбылыстарын, олардың ерекшеліктерін, бақылау және эксперименталды зерттеу әдістерін біледі; атомдық және элементарлық бөлшектердің қасиеттерін анықтаудың негізгі әдістерін, негізгі заңдарды және олардың математикалық теңдеулерін біледі.

Іскерліктер: Осы бөлімнің негізгі міндеттерін дұрыс сапалы және сандық жағынан құруға және де физикалық өлшемдердің ретін бағалауға қабілетті; атомдық ядролардың және элементарлық бөлшектердің қасиеттерін қарастырған кезде кванттық түсініктерді және релятивтік көріністерді сапалы түрде қолдана біледі.

Дағдылар: қарапайым теориялық типтік есептерді шешу дағдысы; эксперименталды жұмыс және алынған нәтижелерді талдау дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Ядролық физика және элементарлы бөлшектердің физикасының теориялық негіздері аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

25

YaF 0225

Ядролық физика

Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Ғылыми-зерттеу, жобалау, технологиялық және тәжірибелік қызмет үшін қажетті ядролық физика аясындағы білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Пән, мақсаты және міндеттері; қазіргі кездегі өзін-өзі тануда орны мен мәні; ядроның статистикалық қасиеті; радиобелсенділік түрлері, радиобелсенді туыстар; ядроларды бөлудің жағдайлары мен кезеңдері; заттармен сәулеленудің өзара әрекеттесуі; ядролық реакциялар.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Ядролы-физикалық зерттеудің негізгі әдістерін; ядролық реакциялардың түрлерін және олардың заңдылықтарын; заттар арқылы сәулеленудің өту заңдарын; ядролық сәулеленудің көздері және детекторларын біледі.

Іскерліктер: Алған білімдерін тәжірибеде қолдана біледі; ядролық алмасулардың нәтижелерін бағалауды және инженерлік есептеулерін жүргізе алады.

Дағдылар: Ядролық-физикалық аппаратуралармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Ядролық физика аясында базалық білімін көрете алады.

Бағдарлама жетекшілері: доцент З. Паримбеков

26

Ele 0226

Электротехника

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқу мақсаты: Электромагниттік процесстерді, анализдің, синтездің және электрлік тізбектерді, электрлік және магниттік өрістерді модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін с туденттің игеруі.

Қысқаша мазұны: Электромагниттік өрістердің негізгі түсініктері мен заңдары. Электрлік және магнитті сызықтық тізбектер теориясы. Дискретті (сандық) тізбектер теориясының негізі. Электромагниттік өріс теориясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Электромагниттік өріс және тізбектер теориясының фундаменталды заңдылықтарын, электрлік тізбектер мен электромагниттік өрістерді есептеудің қазіргі заманғы әдістерін біледі.

Іскерліктер: Теориялық білімін электрлік және электронды тізбектерді есептеуде, анализдеуде, тексеруде және синтездеуде қолдана алады.

Дағдылар: Электрлік тізбектерді тәжірибелік зерттеу, токты, кернеуді және қуатты анықтау, түрлі ортадағы электромагниттік өрістерді зерттеу дағдыларына ие.

Құзырлықтар: Электротехника облысында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы А. Пашкевич

27

EE 0227

Электротехника және электроника

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиты – 65 кредитов

Постреквезиты

Оқу мақсаты: Студенттерді қажетті электротехникалық және электрөлшеуіш құрылғыларын таңдай алуды теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету

Қысқаша мазмұны: Тұрақты токты электрлік тізбектер; ауыспалы токты сызықты электрлік тізбектер; үшфазалы тізбектер; сызықты электрлік тізбектегі ауыспалы процесстер; магнитті тізбектер; трансформатолрлар;т ұрақты токты машиналар; асинхронды машиналар; синхронды машиналар; жартылайөткізгішті аспаптар – диодтар, стабилитрондар, резистрлер, транзисторлар, тиристорлар, интегралды микросхемалар, күшейткіш каскадтар, опрационды күшейткіштер, қуат күшейткіштері, гармоникалық тербелістердің электрондық генераторлары, импульсты құрылғылар, микропроцессорлық техника негізі, электронды құралдардаң ток көздері

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Электротехникалық заңдарды, электрлік және магнитті тізбектердің анализ әдістерін, негізгі электрөлшегіш аспаптардың және электротехникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін, конструкцияларые, қасиеттерін, қолдану облыстарын және потенциалды мүмкіндіктерін біледі.

Іскерліктер: Типтік электрлік құралдар мен құрылғылардың параметрлерін ьәжірибелік жолмен анықтай алады.

Дағдылар: контроля Инженерлік жұмыс профилімен байланысты негізгі электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу дағдысына ие; электротехникалық аспаптарды, аппараттарды және машиналарды іске қосу, сондай ақ оларды эффективті және қауіпсіз қолдану.

Құзырлықтар: Электротехникадан базалық білімдерін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент М. Какимоваға оқытушы А. Пашкевич

28

OEKTK 0228

Өндірістегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша – 3 кредит

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарға қауіпсіз және зиянды емес еңбек жағдайын өндірісте ұйымдастыру үшін білім бері.

Қысқаша мазмұны: Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша заңберуші база. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Электротехникалық қондырғылармен жұмыс кезіндегі; жылутехникалық құрылғыларда жұмыс кезіндегі; төмен температурада қайнайтын сұйылтылған газдар мен жүйелермен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі; атомдық электр станцияларындағы еңбекті қорғау.

Өрт қауіпсіздігі. Өндірістік санитария. Қорғаныс құралдары және сақтандырғыштар. Ескертпе плакаттары мен таңбалар.



Күтілетін нәтиже:

Білім: Қазақстан Республикасында күшке ие тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы заңберуші және нормативтік базаны, еңбек шарттарын бағалау әістері мен кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттану себептерін біледі.

Іскерліктер: Еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ете алады, жұмыс орындары мен технологиялық процесстерде қауіпті жағдайларды алдын алу әдістеріне ие.

Дағды: Еңбекті қорғау облысында мониторинг пен аудитті жүргізу дағдыларына ие.

Құзырлықтар: Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі саласында базалық білімді көрсете білу.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С. Койбагаров

29

EK 0229

Еңбекті қорғау

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша – 3 кредит

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарға қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын құру үшін білім беру.


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет