Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 1.07 Mb.
бет5/6
Дата31.03.2016
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6
: files -> %D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD)
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан Республикасының
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Элективті пәндердің каталогы
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> 5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамсыздану
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Жалпы білім беру пәндері 1 Kul 0101 Мәдениеттану Кредиттер көлемі – 2 (1+1+0), ects кредитында– Пререквизиттер

Іскерліктер: Дозиметрлік және спектрометрлік аспаптарды квалификациялы таңдай және қолдана алады; тәжірибелік мәліметтерде жаңа өңдеу әдістерін қолдану, есептеулер мен тәжірибелердің қателіктерін бағалау; иондаушы сәулеленудің қоршаған орта объектісімен адамға дозалық жүктемесін анықтау.

Дағдылар: Дозиметрлік және спектрометрлік өлшеулерді жүргізудің дағдыларына ие болады.

Құзырлықтар:

Ғылымда, медицинада, халық шаруашылығының әртүрлі саласында, соның ішінде қоршаған орта мен адам қауімсіздігін қамтамасыз ететін иондаушы көздердің сәулеленуін қолданатын, соған сәйкес сұрақтар бойынша базалық білімін көрсетеді.



Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы Ж.Жилгильдинов

3

RKKU 0303

Радиациялық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – жоқ

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын, персоналдың сәулелену дозаларын сақтаумен, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етумен таныстыру, сонымен қатар мекеме әкімшілігі радиациялық қауіпсіздік жағдайын тиімді басқаруға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі.

Қысқаша мазмұны: ИСКмен қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету. Иондаушы сәулелердің көздеріннің жағдайын, сақталуын, қабылдауын, сақталу жағдайын, өткізіп тапсыруын, шақырылуын, тасымалдануын бақылау; радиобелсенді қалдықтарды есепке алу, сақтау және зарарсыздандыру. Персоналға ИСКмен жұмысқа кірісуге рұқсат беру, міндетті медициналық бақылауларды ұйымдастыру және өткізу, ИСК мен жұмыс атқарудың қауіпсіз әдістерге персоналды үйрету және нұсқаулық жүргізу. Мекеме қызметкерлерін радиациялық қауіпсіздікпен және ИСКмен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Бөлмелердің, радиациялық құрылғылардың, жұмысшы беттердің, жабдықтардың, контейнерлердің, арнаулы тасымалдау құралдарының, арнаулы киімдердің және жекелеген қорғаныш заттарының, жұмысшылардың тері, киімдерінің беттерінің, радиациялық заттармен ластанудың мүмкін болатын шектік дәрежесін, олардың дезактивациясының сапасын біледі және т.б.

Іскерліктер: Радиациялық құрылғылардың бетінде иондаушы сәулеленудің дозалық қуаттылығы мен ағын тығыздығын есептей алады; жұмыс орындарында, көршілес бөлмелердің, мекеме территориясында, санитарлы-қорғалатын және бақыланатын зоналарда, радиобелсенді қалдықтарды жинау және сақтау орындарында қорғауды жүргізе алады және т.б.

Дағдылар: авария туындаған жағдайда радиациялық қауіптілігін бағалау; шұғыл авариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттік және ведомстволық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау, радиациялық қауіпті жағдайлардың туындауының себебін анықтауға және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге қатысу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: иондаушы сәулелену көздерін қолданумен, сақтаумен, алумен және радиобелсенді қалдықтарды тасымалдау, сақтау және зарарсыздандырумен байланысты мәселелерде тіршілік қауіпсізідігін қамтамасыз ете отырып базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы

Ж. Жилгильдинов



1 «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар»,

2 «Төменгі температуралар техникасы мен физикасы»

3 «Радиациялық қауіпсіздік»

Білім беру траекториялары бойынша жалпы профильдік пәндер

1

MK 0301

Мамандыққа кіріспе

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – жоқ

Постреквезиттер - ПП блогының пәндері курстың постреквизиттері болып табылады.

Оқыту мақсаты: Студенттерді жасанды суықты өңдірудің физикалық негіздері, оны өнеркәсіптің әртүрлі салаларында пайдалану, тоңазытқыш техниканың дамуы, сонымен қатар ядролық энергияны пайдалану салалары, Қазақстан Республикасының атомдық өнеркәсіп құрылымымен таныстыру

Қысқаша мазмұны: Қазіргі кезеңде «Техникалық физика» мамандығы бойынша бакалавр. Зерттеуші, конструктор, жобалаушы, монтаждаушы, өндіріс ұйымдастырушы, әкімгерлердің кәсіби қызмет міндеттері. Суықты қалай өндіреді. Суықты өндірудің физикалық негіздері. Тоңазытқыщ агенттері мен суық тасымалдаушылар. Отандық және шетел тоңазытқыш техникасы тарихынан қысқаша мәліметтер. Тоңазытқыш техникасын дамытуында отандық және шетел ғалымдардың мәні. Суық және микроклимат. Екінші қайтара энергия қорлары. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында суықты пайдалану. Жылу және электр энергияны өндірудің физикалық әдістері. Ядролық отын мен жылу тасымалдағыштар. Отандық және шетел ядролық энергетикасынан тарихынан қысқаша мәліметтер.Ядролық энергетиканы дамытуында отандық және шетел ғалымдардың мәні. Нейтрондар әсерінен жүретін ядролық реакциялар. Электрэнергия және басқа энергияны көп қажет ететін технологияларда бөліну және синтез энергиясын пайдалану. Адам әрекетінің барлық салаларында ядролық энергетиканы пайдалану. Ядролық реакторлардың физикасы мен кұрылымының негізгі ұғымдары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Кәсіби қызмет салаларын, нысандарын және түрлерін; техникалық физика саласында отандық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін біледі.

Іскерліктер: Жұмыс саласы бойынша баяндамалық, мерзімдік және анықтамалық-ақпараттық басылымдарын пайдалана біледі.

Дағдылар: Арнайы әдебиет және басқа да ғылыми-техникалық мәліметті қолдану дағдыларына ие.

Құзырлықтар: Суықты пайдалану және тоңазытқыш технологиясының негізгі мақсаттары салаларындағы; ядролық энергияны пайдалану және радиацилық қауіпсіздік салаларындағы негізгі білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы Ж.Жилгильдинов

2

DEEN 0302

Дәстүрлі емес энергетиканың негізі

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Технологиялық өндірісте дәстүрлі емес энергетика шешімін жалпы принципін қолдану.

Қысқаша мазмұны: энергия көздерінің ресурстары мен қоры. Энергетиканың экологиялық мәселелері шегінде энергия ресурстарын қолдану және энергетикалық шаруашылықтың даму динамикасы. Дәстүрлі емес энергия көздері. Адамның энергияня қажет етуінің дәстүрлі емес энергия орындары. Жел энергиясын үнемдеу және оларды қолдану.Жел энергетикалық қондырғылар. Күн энергиясын қолдану процесінің физикалық маңызы. Коллектор типі, және оның есептеу әдістері мен принциптері. Гелиоэнергетикалық қондырғылар. Жылу өндіру жүйесінде электр энергиясын өндіруде геотермалдық жылуды қолдану. Екінші ретті энергоресурстары (ЕЭР). ЕЭР қолдану әдісі. Электрлік және жылулық энергияны ЕЭР алуда қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Әлемде және Қазақстанда дәстүрлі емес энергияны жетілдіру перспективті бағыты мен мәселелерін білу; дәстүрлі емес энергия көздерін қолданудың мемлекеттік принциптері; дәстүрлі емес энергия аймағындағы түсініктер мен терминдер.

Іскерліктер: Кәсіпорындық өндірістерде энергетикалық баланстарды талдай білу, дәстүрлә емес энергия көздерін қолдану; халық шаруашылығында дәстүрлі емес энергияларды қолдану тиімділігн бағалау.

Дағдылар: дәстүрлі емес энергетика аймағында есептеу әдістерін қолднау дағдысы.

Құзырлықтар: Дәстүрлі емес энергия көздерін базалық білім беру аймағында көрсетеді, іс жүзінде білімді қолдана білу, қалпына келтіру және екінші ретті энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану дағдысы.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С.Койбагаров, доцент м.а. М.Ермоленко

3

KE 0303

Қолданбалы электроника

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттермен дискретті және интегралды орындауда түрлі жартылайөткізгіш құылғылардың жұмысының принципін, қасиетін, сипаттамаларын және параметрлерін анықтайтын физикалық үрдістер бойынша білім алуы; жартылайөткізгіш және функционалды электрониканың даму жолдары және мәселелері туралы түсінік қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қатты денелердегі тасымал құбылысы, жартылайөткізгіштердегі контактты құбылыстар, металл-жартылауөткізгіш және маеталл-диэлектрик-жартылайөткізгіш контактісі. Электровакуумды аспаптар, жартылайөткізгіштік диод, транзистор. Радиоэлектроника. Оптоэлектроника. Телекоммуникационные системы.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Түрлі жартылайөткізгіш құылғылардың, интегралды сұлба элементтерінің, эптоэлектронды және тылукоммуникационды жүйелер жұмысының принциптерін, қасиеттерін, сипаттамаларын және параметрлерін біледі.

Іскерліктер: Жартылайөткізгіш құрылғыларды физикалық үрдістерді зерттеуді жүргізе алады.

Дағдылар: Радиоэлектронды, жылукоммуникационды және оптоэлектронды жабдықтармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Қолданбалы электроника және оларды электрониканың түрлі салаларында қолдану аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы Д.Мясоедов

4

EM 0304

Электрприводты модельдеу

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Электрлік приводтардың статикалық және динамикалық қасиеттерін көрсететін математикалық моделдерді модельдеу әдістерін, құрастырылуын және талдауын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Электрприводтардың және оның жекелеген бөлшектерінің жүйелерін зерттеу және құрастыру бойынша мәселелерді шешуде математикалық және физикалық модельдеудің ролі мен мәні. Электрмеханикалық жүйелерді модельдеу бойынша жұмыстың жағдайлары және перспективалары; электрприводты модельдеу әдістері; электрприводтарды басқару жүйелерін параметрлік оптимизациясы.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Электрмеханикалық жүйелерін талдау әдістерін, модельдеуді және жұмыс үрдістерін және режимдерін есептеуді біледі; электрприводтарда физикалық үрдістерді сандық талдауына арналған математикалық модельдер және бағдарламалық құралдар.

Іскерліктер: Сәйкесінше иерархиялық дәрежеде электрприводтардың математикалық моделдерді құрастыра және талдай алады.

Дағдылар: Моделденетін электромеханикалық жүйелерді талдау және синтездеу есептерін шешуге арналған есептеуіш техника құралдарын қолдану дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Электрпривод теориясы аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы

А. Пашкевич



5

KFRK 0305

Қолданбалы физика және радиациялық қауіпсіздік

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде радиобелсентіліктің негізгі ұғымдары, заттармен сәулеленудің өзараірекеттесуі, сәулеленудің биологиялық әсері, дозиметр туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар студенттерде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиациялық қауіпсіздіктің негіздерін қолданудың білімін және дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі кездегі қолданбалы физиканың жаңашыл жетістіктері. Ғылым және техниканың түрлі салаларында физиканың жағдайы, мәселелері, даму перспективасы және жетістіктерін қолдану. Бұрыннан белгілі қондырғыларды және технологияларды жетілдіру және жаңа түрлерін жасауда қолданылатын физикалық үрдістер. Ғылымның, техниканың, технологияның, медицинаның, экологияның, энергетика, электрониканың және ЖОО бейіні бойынша басқа да салалары дамуының қолданбалы мәселелерін шешу үшін физикалық принциптерін және құбылыстарын қолдану. Радиациялық қауіпсіздік.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Радиобелсенділіктің негізгі ұғымдарын, заттармен сәулеленудің өзараірекетін, иондаушы сәулеленуді түрлерін жіне өлшеу әдістерін, сәулеленудің дозиметриялық біліктерін, дозиметрлік құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін және құрылғысын, сонымен қоса иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істецудің санитарлық ережелерін біледі.

Іскерліктер: Сәулелену экспозициондық, жұтылған, тиімді және күтілетін дозаларын есептеуді жүргізе алады.

Дағдылар: Мүмкін болатын радиациялық жағдайды және оны бағалауды болжау дағдысы қалыптасқан, сонымен қатар шұғыл және авариялық жағдайларда жергілікті жерлердің радиацияға шалдыққан аймақтарын және адамның ішкі заралануын болжау дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Қолданбалы физиканың жаңашыл жетістіктері, мәселелері және перспективасы аясында базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы

С. Толеуов



6

AESKKEP 0306

АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде тіршілік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауіпсізідік негіздерін қолдану бойынша білім және дағдысын қалыптастыру; атомдық энергияны қолдану аясында ҚРның нормативті құжаттамаларын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Қауіпсіздік мәселелерін құраушы негіздер; қауіпсіздік сапасын және мәдениет қамтамасыз ету; атомдық энергины қолдануда аясында ҚР нормативти құжаттары; терең эшелонданған қорғаныштың принциптері; қауіпсіздікті қамтамасыз етудің детерминистік амалы; авариялармен басқару; жұмысын атқарған отын мен радиобелсенді қалдықтармен жұмыс істеу және сақтау; радиациялық қауіпсіздік нормаларымен ережелері; қауіпсіздіктің мүмкін болатын талдауы; АЭСдағы ірі аварияларды талду.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормалары мен ережелерін; жұмысын атқарған ядролық отын мен радиобелсенді қалдықтармен жұмыс істеуді және сақтауды біледі.

Іскерліктер: Тұрғындардың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атомдық энергияны қолдану аясында ҚР нормативті құжаттарын қолдана алады.

Дағдылар: АЭС авариялық жағдайды болжау және оның салдарын жою бойынша сәйкес іс-шараларды қабылдау дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Радиациялық қауіпсіздіктің жаңашыл жетістіктерін, мәселелерін және перспективасы аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы

С. Толеуов



7

KZhN 0307

Криожүйе негіздері

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша-3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерге жылудинамика негіздерін және оның техникалық қосымшаларын үйрету, жағдайдың кең интервалында заттардың жағдайын және физикалық зерттеу анализдерін жүргізуге үйрету; төмен температуралар жағдайында заттарды жүргізу ерекшеліктерін меңгерту; төментемпературалы үрдістерді жүзеге асыру аясы туралы түсінік қалыптастыру; осы жағдайда туындайтын мәселелерді өздігінен қоюға және талдауға үйрету.

Қысқаша мазмұны: Төмен температураларды алу және салқындатудың физикалық негіздері. Қайтымды жылудинамикалық циклдер. Газды және букомпрессорлы тоңазыту машиналары. Тұрақты көлемнен ұлғаю. Сығылған газды дросселирлеу. Джоуль-Томпсон эффектісі. Дифференциалды және интегралды дроссель-эффектілері. Жылумеханикалық эффектілер. Изоэнтропты ұлғаю. Десорбционды салқындату. Буды бөліп алу көмегімен салқындату. Не3-Не4 ерітілу рефрижераторлары. Еріту криостаттары. Төмен температураларда газдардың қасиеттері. Төмен температураларда газдың қатты денеге фазалық ауысуы. Төмен температураларда техникалық материалдардың механикалық, электрлік және жылуфизикалық сипаттамалары. Жоғарыөткізгіштік. Қазірігі технологияларда жоғарыөткізгіш жүйелердің қолданылуы. Сұйық гелийдің физикасы, Не-ІІ жоғарыаққыштық және тасымалдау үрдісі физикасы негіздері. Не-II жылуалмасуды есептеу.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Жылудинамиканың негізгі жағдайларын, қалыптың теңдеулерін, төмен температуралар физикасының даму кезеңдерін, оларды алудың жылудинамикалық негіздерін біледі; төмен температураларда заттардың әрекетінің ерекшеліктерін, негізгі криогенді сұйықтықтардың қасиеттерін біледі.

Іскерліктер: Құбылыстардың физикалық мәнін, қолданбалы мақсатта оларды қолдану принциптерін аша алады; технологиялық қондырғыларда болатын жылуфизикалық үрдістерді талдауды жүргізе алады; есептеу әдістерін рационалды таңдауды және оптималды параметрлердіанықтауды жүргізе алады; энергетикалық тиімді режимдерді қамтамасыз ету үшін ұсынымдарды жасай алады.

Дағдылар: Криогенді-вакуумды жүйелердің оптималды параметрлерін есептеу әдістерін және анықтау түрлерін меңгерген.

Құзырлықтар: Криожүйелердің жылудинамикасы мен жылумассаалмасудың негізгі заңдарында базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С. Койбагаров, доцент м.а. М. Ермоленко

8

KZhZhU 0308

Криогенді жүйелерде жылуфизикалық үрдістер

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша -3

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерге жылудинамика негіздерін және оның техникалық қосымшаларын үйрету, жағдайдың кең интервалында заттардың жағдайын және физикалық зерттеу анализдерін жүргізуге үйрету; төмен температуралар жағдайында заттарды жүргізу ерекшеліктерін меңгерту; төментемпературалы үрдістерді жүзеге асыру аясы туралы түсінік қалыптастыру; осы жағдайда туындайтын мәселелерді өздігінен қоюға және талдауға үйрету.

Қысқаша мазмұны: Төментемпературалы изоляцияда жылутасымалдау; жылутасымалдау ерекшеліктері; изоляциялау технологиясы; стационарлы емес жылугидроавликалық үрдістердің физико-математикалық модельдері; ағын қозғалысының негізгі теңдеулері; қыздырылатын каналдардағы ауыспалы үрдістер; салқындатылатын стерженьдердің аксиалды жылуөткізгіштігі; криогенді құбырларда жылугидравликалық үрдістер; құбырлардағы алмасу үрдістері; изоляциядағы стационарлы емес үрдістер; криорезервуарлардағы жылуфизикалық үрдістер; ашық бірфазалы және екіфазалы жүйелердің жылудинамикасының негіздері; криосұйықтықтарды салқындату, негізгі үрдістер, теңдік моделдер бойынша есептеулер; криосұйықтықтарды газификациялау, жылуалмасудың ерекшеліктері және буландырғыш – газификаторды есептеу; резервуарды сұйықтықпен захолдау және толтыру; жоғарыөткізгіш құрылғыларды салқындату ерекшеліктері; криостатирлеу жүйелері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Жылутасымалдаудың ерекшеліктерін; төмен температуралар физикасының даму кезеңдерін, оларды алудың жылудинамикалық негіздерін біледі; төмен температураларда заттардың әрекетінің ерекшеліктерін, негізгі криогенді сұйықтықтардың қасиеттерін біледі.

Іскерліктер: Технологиялық қондырғыларда болатын жылуфизикалық үрдістерді талдауды жүргізе алады; есептеу әдістерін рационалды таңдауды және оптималды параметрлердіанықтауды жүргізе алады; энергетикалық тиімді режимдерді қамтамасыз ету үшін ұсынымдарды жасай алады.

Дағдылар: Криогенді-вакуумды жүйелердің оптималды параметрлерін есептеу әдістерін және анықтау түрлерін меңгерген.

Құзырлықтар: Криожүйелердің жылудинамикасы мен жылумассаалмасудың негізгі заңдарында базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а С. Койбагаров, доцент м.а М. Ермоленко

1 «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар»,

3 «Радиациялық қауіпсіздік»

Білім беру траекториялары бойынша жалпы профильдік пәндер

1

YaZR 0301

Ядролық зерттеу реакторлары

Кредит саны - 4 (2+2+0), ECTS бойынша -6

Пререквизиттер – 65 кредит, Ядролық отындық цикл

Постреквезиттер – дипломдық жоба.

Оқыту мақсаты: Толық электостанция және толық жеке элементпен принициялдық оқыту байланысты Студенттерді теориялық және практикалық жұмысқа дайындау.

Қысқаша мазмұны: ЯЗР классификациясы. ЯЗР- дың физикалық ерекшеліктері. Жобалаудың физикалық негізі. ЯЗР-дың гидродинамика және жылуалмасу ерекшеліктері. Құрастырулар және технологиялық жүйелер. Материалдық реакторлардың зерттеу қондырғылары. Тұзақ қондырғылары. ЯЗР-ды жетілдіру тенденциясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Ядролық зерттеу реакторларының қолдану аумағын білу; зерттеу реакторларының физикалық ерекшеліктері; ядролық зерттеу реакторларының классификациялық принципі; ядролық зерттеу реакторларының жылуалмасу және гидродинамика ерекшеліктері.

Іскерліктер: Оқыту аймағына керекті сипаттамаларды білу, мөлшер және мөлшер қуатын оқыту.

Дағдылар: Энергетикалық контурлардағы ағындарда техникалық және экономикалық шешімдерді таңдау процесс бойынша орналастыру дағдысын білу.

Құзырлықтар: Ядролық зерттеу реакторларының қауіпсіз эксплуатацияға қатысты арнайы сурактарды көрсете білі.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С.Толеуов

2

IE 0302

Инженерлік экология

Кредит саны - 4 (2+2+0), ECTS бойынша - 6

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквезиттер – дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты: Экологиялық қорғаныс концепциясы бойынша арнайы мамандарды даярлау, табиғатты қорғау энергиясы және ресусты қоғаушылық политикасы.

Қысқаша мазмұны: Энергетика мен қоршаған ортаның өзара әрекеттерінің мәселелері. Қазақстан Республикасының экологиялық саясатының заңнамалық базасы. Экологиялық нормалау негіздері. Отынды тиімді пайдалану. Суды тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау шараларының экономикалық аспектілері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Экологиялық қалыптылықтың негізін білу; атмосфералық ластау заттарының және оның төмендетуді есептеу әдістері; іске асырулары.

Іскерліктер: Қоршаған ортаның өндірістік мониторингін есептеуде өлшеу әдісін қолдана білу;

жылу технологиялық процесс кезінде экологиялық қатынаста неғұрлым тиімді әдісті таңдау; зиянды заттарды қысудың эффективті өндіру әдістерді, кәсіпорындық өндірістерде қалдықтарды тазалау әдісі.




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет