Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан Академиясы Тіл және аударма факультеті Бекітемін



Дата14.01.2020
өлшемі145.66 Kb.
4.04-67

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Орталық Қазақстан Академиясы

Тіл және аударма факультеті

Бекітемін

ОӘЖ бойынша проректор

_________________ Г.О. Айтжанова

«______» ______20_____ж.


«Педагогика» пәні бойынша аралық бақылауға арналған аудиториялық бақылау жұмысы
Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.
№1
1. Педагогикалық кәсіптің өзіндік ерекшелігі.

2. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі

3. Педагогикалық әдебиеттерді пайдалана отырып келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: көзқарастар, принциптер, сенімдер, идеалдар.
№2
1. Педагогикалық іс-әрекет: оның мәні мен құнды сипаттамасы.

2. Білім алушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау өлшемдері.

3. Кестені толтырыңыз:




Ортақтығы

Ерекшеліктер

Дүниетаным







Дүниені қабылдау







Дүниені сезіну







Дүниені көру







Менталитет







Дүние картасы







Құндылық бағыттылықтар жүйесі






№3
1. Көрнекті ғалымдар, олардың педагогикалық идеялары, теориялары.

2. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері.

3. Сипаттама беріңіз:

Негізгі ұғымдар:

Тәрбие




Мақсат




Жеке тұлғаны әлеуметтендіру




Жеке тұлғаның даралануы




Тәрбие әсері



№4
1. Педагогтың қазіргі орта білім міндеттерін шешудегі және тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.

2. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

3. Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасымен танысып, мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.


№5
1. Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің негізі.

2. Педагогикалық этика және мұғалім әдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі.

3. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Осы типтердің сипаттамасын беру арқылы кестені толтырыңыз.

3. Әр жас оқушысына мінездеме беріңіз:

а) Бастауыш сынып оқушысы

ә) Орта буын оқушысы және оның дамуы

б) Жоғары сынып оқушысы
№6
1. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті.

2. Жағымды тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.

3. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Педагогиканың функциялары




Атауы

Мәні

1

Теориялық функциясы (сипаттау, диагностикалық, прогностикалық деңгейлері)




2

Технологиялық функциясы (жобалау, өзгерту, рефлексивтік деңгейлер)




3

Болжаушылық функциясы

№7
1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

2. Мұғалімнің сөзіне қойылатын этикалық талаптар.

3. Жағдаяттық сұрақ. 12 жасар Қуан мектепте «қиын бала» атанған. Наурыз мейрамы күні класс жетекшісі оған бір-екі жолдасымен бірге мектеп ауласына 20 шақты тал отырғызуды міндеттеді. Қуан өз жолдастарымен бірге тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.

Сұрақтар:


  1. Балаға жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болуының себебі неде?

  2. «Қиын бала» мен педагогтың арасындағы қарым-қатынас қандай болуы тиіс?

№8
1. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі және оның құрылымы.

2. Үздіксіз білім беру – педагогтың кәсіби қажетілігінің факторы.

3. Жағдаяттық сұрақ. 7 «а» класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Класс оқушылары арасында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, оларды класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.

Ал 7 «б» класында, осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап,балалар ұжымы бұл істен сырт қалды. Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе бастады. Класс «қиын класс» атанды.

Сұрақтар:



  1. Класс ұжымындағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшісінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар.

  2. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?

№9
1. Білім алу және өздігінен білім алудың өзара байланысы, олардың өзара тәуелділігі. Өз бетімен білім алу мәселесі.

2. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері мен құралдары ұғымдарының арақатынасы

3. Жағдаяттық сұрақ: 6 класта оқитын Әділ өркөкірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде ол бос уақытын мектептің жануартану бұрышында өткізіп, асыранды қояндарды күтіп, санын көбейте бастады. Артықтарын мектеп асханасына өткізіп тұрды. Бір күні класс жиналысында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлер екіге бөлінді. Пән мұғалімдері оның әлі түзеле қоймағанын дәлелдесе, кластас құрбылары оны жақтап, түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып, сабақ үлгерімі де жақсарғанын айтып, мінездемесіне қанағаттанарлық бағасын қоюды талап етті.

Сұрақтар:


  1. Сіз класс жетекшісінің орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

  2. Әділдің мінез-құлқын бағалауда қандай әдіс қолдану керек?

№10
1. Оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселесі.

2. Педагогтың өз бетімен білім алу іс-әрекетінің мәні.

3. Жағдаяттық сұрақ: Трамвайда отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға бір жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қараған қалпы әжеге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынды.

Сұрақтар:


  1. Бала неге қызарды?

  2. Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды?

№11
1. Педагогика ғылымы және педагогикалық практика.

2. Қазіргі оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі.

3. Жағдаяттық сұрақ: 6 класта дене шынықтыру сабағынан кейін, спорт залдың еденін жуу екі кезекші оқушыға тапсырылған. Үзіліс кезінде жоғары кластың үш оқушысы келіп, еш сұраусыз баскетбол добын алып, торға түсіріп ойнаған, әрине, еденді былғаған. Залға кірген мұғалім еден жуып жатқан кезекшілерге дауыс көтеріп, «қайтадан жу,» - деп талап етеді. Балалар: «Керек болса, өзіңіз жуып алыңыз!» - деп залдан шығып кетеді.

Сұрақтар:


  1. Педситуацияға талдау жасаңыз.

  2. Қандай заңдылықтар ескерілмеген?

  3. Сіз не істеген болар едіңіз?

№12
1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары.

2. Қазіргі педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты.

3. Жағдаяттық сұрақ: 6 класс оқушылары еңбек сабағында оқу-тәжірибе учаскесінде жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі - күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол: «Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің қажеті болмайды,» - деп жауап берді.

Сұрақтар:


  1. Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек?

  2. Тәрбие жұмысында қандай мәселе сырт қалған?

№13
1. Тұлғаның дамуының жастық ерекшеліктері.

2. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні мен құрылымы.

3. Жағдаяттық сұрақ: Мұғалім балалар ұжымына жүргізген бақылауы нәтижесінде, өзінің момын, үндемейтін мінезімен көзге түсетін Серік ең беделді оқушы қатарына шықты да, көңілді, жарқын мінезді, балалармен қарым-қатынаста үнемі белсенділік көрсететін Нұрлан үш-ақ дауыс алды.

Сұрақтар:


  1. Алынған мәлімет бойынша, Нұрлан кезінде белсенділер қатарына дұрыс тағайындалған ба?

  2. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шешім қабылдауы керек?

  3. Бұл класта оқушылардың өзін-өзі басқаруы қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

№14
1. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері.

2. Тұлғаның дамуына, қалыптасуына және әлеуметтенуіне әсер ететін факторлар.

3. Таблицаны толтырыңыз:


Ұжымның даму кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Активтің іс - әрекеті

1 кезең







2 кезең







3 кезең






№15
1. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның құрылымы.

2. Өз бетімен білім алу мәселесі.

3. Тәрбие жұмысының үлгі жоспарын құру.


Кафедра мәжілісінде қаралды және қабылданды _________________________________

Хаттама № ______ «______» _________20____ж
Құрастырған оқытушы ____________________ Бейсен Д.
Кафедра меңгерушісі _____________________________ Кенжегалиев С.А.

4.04-67


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Орталық Қазақстан Академиясы

Тіл және аударма факультеті

Бекітемін

ОӘЖ бойынша проректор

_________________ Г.О. Айтжанова

«______» ______20_____ж.


«Педагогика» пәні бойынша аралық бақылауға арналған аудиториялық бақылау жұмысы
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің қозғаушы механизмі ретінде. Сабақ – оқытудың негізгі формасы. Оқыту әдістері. Оқытудағы диагностика және бақылау. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары.
№1
1. Білім мазмұны туралы жалпы түсінік.

2. «Құзыреттілік», «құзырет» ұғымдарына анықтама беріңіз.

3. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.
№2
1. Оқытудағы диагностика және бақылау.

2. Оқытуды ұйымдастырудың Дальтон-жоспары формасы.

3. Сын тұрғысынан дамыта оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құрыңыз (5-сынып)
№3
1. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері..

2. Оқытуды ұйымдастырудың Бель-Ланкастерлік жүйесі.

3. Бақылауға және бағалауға қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

№4
1. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары.

2. Оқытудың жобалау технологиясы.

3. Педагогикалық әдебиеттен берілген түсініктердің анықтамаларын тауып, жазып алыңыз:

Білімді тексеру –

Дидактикалық мәтін –

Білімді бағалау –

Үлгермеушілік –


№5
1. Тұлғалық-бағдарлық оқытудың негіздері.

2. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар және т.б..

3. Ю.А.Львованың мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстарын талдаңыз.

№6
1. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі.

2. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б..

3. Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңдерін сипаттаңыз.

№7
1. Бақылаудың түрлері.

2. Оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін айқындаңыз.

3. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтерін сипаттаңыз
№8
1. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі және оның құрылымы.

2. Инклюзивті білім беру ұғымына талдау жасаңыз.

3. Мектептегі электрондық оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшіліктерін сызба түрінде беру

№9
1. Жаңашыл-педагогтар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы.

2. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру жолдарын, маңыздылығын ашу

3. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесінің құрылымына талдау жасаңыз (жалпы білім беретін орта мектептер, гимназия, лицей, Назарбаев зияткерлік мектебі).

№10
1. Педагогикалық технологиялардың түрлері

2. Тәрбие үрдісінің мәнін ашыңыз, тәрбиенің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.

3. Кестені толтырыңыз:

Отбасы типологиясы



Белгілері


Балалар саны бойынша

Құрамы бойынша

Өзара қарым-қатынас бойынша

Педагогикалық көзқарас тұрғысынан
















№11
1. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы – педагогикалық

технологияларды пайдалнудың әдіснамалық негізі.

2. Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасымен танысып, мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.

3. Оқыту прициптеріне қысқаша сипаттама беріңіз

№12
1. Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы.

2. Оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық ұжым мен отбасының өзара әрекеттестік формасын сипаттау.

3. Бақылау түрлеріне сипаттама беріңіз

№13
1. Проблемалық оқыту технологиясы.

2. Сабақтың типологиясы мен құрылымы.

3. Педагогикалық әдебиетті пайдалана отырып, кестені толтырыңыз:



Белсенді әдістің аты

Сипаттамасы

1.

Іскерлік ойындары




2.

Сезімталдықты жаттықтыру




3.

Нақтылы жағдайлар




4.

Инцидент әдісі




№14
1. Шығармашылық қабілеттерді дамытудың эвристикалық технологиясы (Арттехнология, ТРИЗ – технология, педагогикалық шеберлік технологиясы).

2. Білімді қадағалау, тексеру және бағалаудың бұқаралық түрде болуындағы кемшіліктерді көрсетіңіз.

3. Оқыту әдістерінің кең таралған үш жіктеуін (білім көздері бойынша (Е.М.Петровский, Е.Я.Голант), танымдық іс-әрекет сипаты бойынша (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин), оқыту процесіне тұтастық тұрғыдан қарау негізінде (Ю.К.Бабанский) салыстырыңыз.


№15
1. Қазіргі мектептегі ақпараттық және коммуникатік оқыту технологиясы.

2. Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығы.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Кафедра мәжілісінде қаралды және қабылданды _________________________________



Хаттама № ______ «______» _________20____ж
Құрастырған оқытушы ____________________ Бейсен Д.
Кафедра меңгерушісі _____________________________ Кенжегалиев С.А.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет