Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 2.18 Mb.
бет4/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
Дәрістің мақсаты: Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Бағдарламаның мазмұны

2.Бағдарламаның құрылысы

3.Материалдың орналасуы



4.Жұмысты жоспарлау

1.Бағдарламаның мазмұны. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстырады: аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен); аспандағы құбылыстармен (күннің шығуы мен айдың батуы, ай фазасының ауысуы, күннің ертеңгіліктегі тұратын орны); сумен — оның қалпының өзгеруімен (қатумен, қар мен мұздың еруімен, бұлттардың түрімен, жауынмен, қара бұлтпен, шықпен, қыраумен); қатты денелермен (құммен, сазбен, таспен), олардың қасиеттерімен; а у а м е н, оның қозғалысымен, желдің бағытымен және күшімен; э л е к т р және жарық құбылыстарымен (найзағаймен — күннің күркіреуімен, кемпірқосақпен, түсті жолақтардын, формасы және орналасуымен); өздерінің жер учаскесіндегі, жақын ормандағы, парктегі, көгалдағы, егістік жерлердегі өсімдіктермен (ағаштармен, бұталармен, шөп тұқымдас өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен) — өсімдіктердің бөліктерімен, олардың формаларымен, түсімен, өсу процесіндегі және жыл маусымындағы өзгерістерімен, өсімдіктерді қорғаумен; жергілікті жерге ең көбірек таралған ү й жануарларымен (сыртқы түрімен жекелеген мүшелерінідегі құрылысымен және олардың қозғалу, қоректену, жауларынан қорғану ерекшеліктерінің байланысымен, жануарлардың мекендейтін орынымен, жылдың әр түрлі маусымындағы олардың өміріндегі өзгерістерімен жануарлар және оларды қорғау жөніндегі қамқорлықпен); өсімдіктерді өсіру және жануарларды бағып-күту жөніндегі еңбекпен.

2.Бағдарламаның құрылысы. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, табиғатпен таныстыру программасы жинақталып берілген: балалар балабақшада болған уакыттарының барлығында бір нәрсенің немесе құбылыстың өзімен бірнеше рет танысады, бірақ әр ретте де кеңірек және тереңірек танысады. Балалардың нақтылы білімі молаяды және сонымен бірге жалпыланад ы. М ы с а л ы. Ағаш — бүкіл топтың танысатын объектісі. Ең кішкене балалардан оны басқа заттардық ішінен бөліп алып, көрсете білу талап етіледі. Сәбилер тобындағы балаларды ағаштардың белгілерімен — жапырақтарымен, олардың түсімен және көлемімен таныстырады. Естияр топта мектев жасына дейінгі балалар ағаш бөліктерінің орналасулары (ағаш діңінде бұтақтар, бұтақтарда — жапырақтар) жөнінде біледі оларды жапырақты ағаштарды қылқан-жапырақты ағаштардан айыра білуге уйретеді. Ересек топтарда балалар күннің суытуымен, жапырақтар түсінің өзгеруі және түсуі немесе күннің жылынуы және бүрлерден жапырақтардың пайда болуы арасындағы байланысты анықтайды. Мектепке даярлық тобындағы балалар жапырақтардың гүлдердің, бұтақтардың бүрлерден өсетінін біледі, жапырақтардың түсуі жөнінде түсініктер алады, көбірек тараған ағаштарды діңіне, бұтақтарына, жапырақтарына және ұрықтарына қарап айыра алатын дағдыларға ие болады. Балалар аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен) балалар бакшасында болған кездерінде танысады.

3.Материалдың орналасуы. Мектеп жасына дейінгілерді табиғатпен таныстыру балалардың жыл маусымдары арасындағы байланысты түсінуіне ыңғайлы жүйелілікте жүзеге асырылады. Материал барлық топтарда (бөбектік жастан басқа) жылдың белгілі бір маусымына сәйкес, тоқсандар бойынша орналасқан. Әрбір маусымда өлі және тірі табиғат үшін анығырақ та сипатты құбылыстар бөлінген. Материалдың бұлайша орналасуы — табиғатта болып жаткан құбылыстарды және жекелеген құбылыстардың арасындағы байланысты анықтауды, сондай-ақ оларды бақылаған кездегі қайталанушылығын сезіммен қабылдауын қамтамасыз етеді.

Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда сөздің зор маңызы бар. Балалардың сөздік қорының молаюы және ана тілін меңгеріп алуы — табиғатты сезіне танумен біртұтас байланыста жүзеге асады. Сондықтан табиғатпен танысу және тіл дамыту жөніндегі барлық топтардағы материал қосылып, бірге берілген.



4.Жұмысты жоспарлау. Балалар бақшасында білімдік-тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру үшін күні бұрын жоспар-тәртіптілікті, жүйелілікті, жұмыстардың орындалу мезгілін қарастыратын шаралар жүйелі түрде белгіленеді.

Жоспар жасаған кезде міндеттер анықталады және материал «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» негізінде белгілі бір уақыт аралығына (тоқсан, ай, екі апта) іріктеліп алынады, сондай-ақ балалардың жергілікті өлке табиғатынан білімдері де есепке алынады.

Балаларды табиғатпен таныстыруда жүргізілетін барлық жұмысты олардың зерттеп жүрген құбылыстарында пайда болатын жүйелілікке сай жүргізу керек. Сондықтан жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау үшін, балаларға табиғаттың қандай құбылысын қашан көрсеткен жөн екенін анықтап алу қажет. Бұл үшін өзінің жергілікті жеріндегі түрлі маусымдық құбылыстардың болатын кезін және ауыл шаруашылығы жұмысын жүргізетін кезді, сондай-ақ балалар бақшасының төңірегіндегі табиғатты (парктің, сквердің болуын, орманның, көгалдың жақындығын т. б.), ондағы өсімдіктер мен жануарларды білу керек.
Бақылау сұрақтары.

1.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасындағы» «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінің мазмұны қандай?

2. Бағдарламаның құрылысы неліктен топталып берілген?

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы маусымдылықты немен түсіндіруге болады?

4.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» табиғатпен таныстыру жөніндегі материал қалай орналастырылған? .
Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

5дәріс.

Тақырыбы: Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері. Әдістердің жалпы сипаттамасы

Дәрістің мақсаты: Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері. Әдістердің жалпы сипаттамасымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Танымдағы сезімділік пен тиімділіктің бірлігі

2.Балаларды табиғатпен таныстырудағы көрнекілік және сөз.

3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы.



1. Танымдағы сезімділік пен тиімділіктің бірлігі. И. М. Сеченовтың рефлекстер және И. П. Павловтың жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі ілімдері танымдық табиғи-ғылыми негіз болып табылады.

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсерінен адамда болатын тітіркенулер бірінші хабар жүйесін, ал оларды білдіретін сөздер екінші хабар жүйесін құрайды. Таным процесінің сезімдік жағы бірінші жүйесімен байланысты; ол — түйсік, қабылдау және түсінік формасындағы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының тікелей сәулесін қамтиды. Дерексіз ойлау екінші хабар жүйесімен байланысты. Екінші хабар жүйесі тек бірінші хабар жүйесі арқылы сыртқы дүниемен байланысты жүзеге асырылады, сондықтан түйсіксіз, қабылдау мен нақтылы түсініктерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.

Танымның сезімділігі мен тиімділігі бір процестің екі жағы болып табылады. Танымның сезімділігі мен тиімділігінің өзара қарым-қатынасы дамудың әр түрлі сатыларында әр түрлі сипатта болады.

2.Балаларды табиғатпен таныстырудағы көрнекілік және сөз. Баланың қоршаған шындықты тануы — табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі — көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардын, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.

Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т. б. біліп алады.

Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2—4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол «аттап жүріп келе жатыр» немесе «қанаттарын қағады» дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету жеткіліксіз; танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.

Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау —-табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.

Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.

Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен кұбылыстардың сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір көзі болады.



Түсінік — мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте — балалардың ойыны мен еңбегінде — меңгеріледі және тексеріледі.

3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдерді қолданады.

Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге б а қ ы л а у, эксперимент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген — әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінін, әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.

Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әқгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні балаларға «жақындатады», білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру — бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету, түсіндіру — еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде тағы басқаларда. Тәсілдер мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.

Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.

Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен с ә б и л е р топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі метод — б а қ ы л а у. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль атқарады.

Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттармен (жапырақтармен, овощтармен, жемістермен) дидактикалық ойындарды немесе олардың картинкалардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кенінен пайдаланады.

Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әқгімелесулеріне, әңгімелерге көп орын беріледі.

Бақылау сұрақтары.

1.Танымдағы сезімділік пен тиімділіктің бірлігі деген не?

2.Балаларды табиғатпен таныстырудың негізі неде?

3.Балаларды табиғатпен таныстырған кезде қандай әдістер қолданылады?

4. Оларды таңдап алу немен анықталады?

5. Жасы әр түрлі топтарда олар қалай үйлестіріледі?



Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

3.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. №6дәріс.



Тақырыбы:Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары

Дәрістің мақсаты: Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формаларымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Сабақтар

2. Экскурсия

3. Серуендер

4. Жер учаскесіндегі жұмыс

5.Табиғат мүйісіндегі жұмыс

Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары — сабақтар, экскурсиялар, серуендер, табиғат мүйісіндегі жұмыс, жер учаскесіндегі жұмыстар болып табылады.

1.Сабақтар. Бұл — балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге олардағы бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің (бақылағыштығы, ойлағыштығы) және тілдерінің дамуы, олардың сөздік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіліп кұрылады. Сабақтағы; ең басты нәрсе — барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі. Бұл үшін әр алуан әдістер: нақтылы объектілерді бақылау, үлкендердің еңбегі, дидак-тикалық ойындар, картиналармен жұмыс, көркем шығармаларды оқу, әңгімелесулер, әңгімелер т. б. қолданылады.

2. Экскурсия — балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т.б. табиғатпен танысатын сабақ. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады.

Экскурсияларда белгілі бір программалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті (экскурсиянын, күнделікті серуендерден айырмасы — осы). Экскурсиялардың тәрбиелік-білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы хош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл-қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі өсер етеді. Экскурсия жасайтын жерді таңдап алу онын, міндеттеріне, балалардың жасына байланысты.

Балалар бақшасы манына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдық тек екінші жартысынан бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесінің табиғатын бақылау көгалға, паркке (орманға) аз уақыт экскурсиялар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда ішкі өрлер мен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болуы .

Мектеп жасына дейінгі балалардың күш-мүмкіндіктерін ескере отырып, экскурсия үшін, алдымен жақын жерлерді пайдалану керек. Қалаларда — өсімдіктердің құстардың, насекомдардың тіршілігіндегі, сондай-ақ адамдар еңбегінің маусымдық өзгерістерін бақылауға болатын — бульварлар, бау-бақшалар, парктер, тоғайлар. Селолық жағдайларда мұндай орындар: орман, егістік жер, көгал, өзен, құс күрке, мал корасы, теплица т. б.

Жылдың әр түрлі маусымында белгілі бір орынға экскурсия жасаған дұрыс. Бұл — балалардың табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауын едәуір оңайлатады.

Экскурсиядан немесе серуеннен үйге қайтардың алдында балаларды демалдырады, көлеңкеде 5—10 минут отырғызады. Бұл кезде жинағандарын (гүлдерді, саңырауқүлақтарды) реттеуге немесе асықпайтындай, мысалы, «Саңырауқұлақты таны» деген ойын ойнатуға болады.

Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды жинау үшін арнайы жабдықтардың болуы талап етіледі.



3. Серуендер. Бүкіл жас топтарының балаларын табиғатпен таныстыру үшін күн сайынғы серуендерді кеңінен пайдаланады. Олар аздаған экскурсия мақсатты серуендер, оларды өткізген кезде тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық езгерістерді бақылауды ұйымдастырады.

Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен программаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын бір құбылысы көрінген кезде, жоспар жүзеге асырылады.

Тәрбиеші серуендерде табиғи материалдарды (құмды, қарды, суды, жапырақтарды), судың, көлдің әсерінен қозғалысқа келтірілген ойыншықтарды пайдалану арқылы ойындар ұйымдастырылады, мұндай ойындар кезінде балалар сезімдік тәжірибе жинақтайды, табиғаттағы заттардың әр түрлі қасиетін танып біледі.

Жер учаскесіне жасалған серуендер кезіндегі ойындар үшін құм салынған жәшік, кішкене бассейн, су шашқыстар (ойыншық), ойыншықтар болуы керек.



4.Жер учаскесіндегі жұмыс. Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты бақылаулар жасаумен ұштасып жатады және олардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі білімдерінің қорлануына, еңбек дағдылары мен іскерліктерінің жетіле түсуіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.

Еңбекті ұйымдастыру жұмыстың түріне, балалардың жасына және жыл маусымдарына байланысты. Жер учаскесіндегі кейбір жұмысты барлық топтарда (немесе шағын топта) сабақ түрінде жүргізуге болады, бірақ еңбектік шеберліктер мен дағдылардың қалыптасуы балалардың күнделікті еңбектерінде жүзеге асырылуға тиіс. Әр түрлі тапсырмаларды мезгіл-мезгіл (немесе ұзақ уақытқа) жеке балаларға олардың кішкене топтарына немесе бүкіл топқа береді. Ересек және мектепке даярлық топтарында бақшаға және гүлзарға кезекшілік қояды.



5.Табиғат мүйісіндегі жұмыс. Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар есімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйренеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, ал сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.

Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтетінін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығы да тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын орындайды. Ересек топтарда оларды тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден баска балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді.

Табиғат мүйісін жинастыруда ауық-ауық бірлесіп жүмыс істеуге болады.

Бақылау сұрақтары

1.Сабақтар немен сипатталады?

2. Экскурсияның күнделікті серуендерден айырмасы неде?

3. Экскурсияның ұйымдастырылуы мен өткізілуі қалай болады?

4. Экскурсия үшің қандай жабдықтар керек?

5. Күнделікті серуендерде табиғатпен танысу балалардың қандай іс-әрекеттерінде жүргізіледі? 6. Балалардың жер учаскесіндегі жұмысы қалай ұйымдастырылады?



Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

3.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.


7дәріс.

Тақырыбы: Бақылау және эксперимент

Дәрістің мақсаты: Қоршаған ортамен таныстырудың бақылау және эксперимент әдісімен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылу

2.Сабақтарды бақылау

3.Экскурсиялардағы бақылау

4.Серуендер кезіндегі бақылау

5.Эксперимент.



1.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистік көзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.

Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін методикалық бағалы әдіс — теңеу болып табылады, ол — айырмашылығына немесе ұқсастығына қарай заттар мен құбылыстардың ерекшелік сипаттарын салыстыру. Табиғаттағы заттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілерді оңай табады. Айырмашылығына қарай салыстыру топтардың барлығында өткізіледі. Ұқсастығына қарай салыстыру әдетте балаларды қиналтады, өйткені олар ұқсас заттардың айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды. Бұл әдіс ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылаулар кезінде колданылуы мүмкін. Бұл топтардың балалары объектілерді салыстыра отырып, тәрбиешінің көмегімен ұқсас заттар мен құбылыстардың айтарлықтай қасиеттерін ажыратады, оларды топтастыратын және қарапайым ұйымдарды тудыратын материал алады.

Бақылауларды сабақтарда, экскурсияларда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі жұмыстар кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады

2.Сабақтардағы бақылаулар. Табиғи объектілермен сабақтар өткізген балаларды өсімдіктер мен жануарлардың бөліктерін жақсылап көріп, дұрыс атауға үйретеді. Кейбір сабақтарда балалар жануарлардың қалай қоректенетінін, калай қозғалатынын бақылайды. Тәрбиеші балаларды жануарлардың коректенуі, қозғалуы — олардың дене мүшелерінің құрылысымен байланысты деген қорытындыға келтіреді, мысалы: «Кролик, көк шегіртке, бақа секіреді, себебі олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ», «Құстарда (көбелектерде, инеліктерде) қанат бар, олар сол арқылы ұшады», «Мысық білдірмей жүреді, өйткені оның табандары мамықтай жұмсақ, жүрген кезде тырнақтарын соның ішіне тартып алады».Бөбектік жас топтарындағы екі жасқа қараған балалар сабақтарда мысықтың баласын, күшікті, тауық балапанын, тордағы құстың балапанын, шылапшындағы суда жүзіп жүрген балықты, жазда — б а қ а н ы, қоңызды бақылай алады. Сәбилер топтарындағы сабақтарда бақылаулар ұзақ болмауы тиіс. Зерттеп отырған объектіні балаларға жақындату, олардың ба-кылауларын әрекеттерімен және қуанышты көңіл күйлерімен байланыстыру өте маңызды. Тәрбиешінің сабақтардағы негізгі әдісі — заттарды балаларға жақындататын түсініктерді көрсету («Балық Анарға карай жүзді, ал енді Алиға» және т. б.) Бұл, кішкене балалардың бақылауларға деген ынта-ықыласын арттырады. Сондай-ақ балыктарды аквариумнан шылапшынға, ал содан кейін, қайтадан аквариумға жіберудің де маңызы бар.

Ойындық әдіс — балықтың қимылдарына қолдарьшен еліктеу — балаларды оны тағы да бақылап көруге мәжбур етеді. Қабылданған қимылдардын, елесі оны санада бекітуге мүмкіндік береді. Осындай әдістерді пайдалана отырып, сабақтарда балалармен қ ұ с т ы, бақ а н ы бақылауға болады.

Табиғат мүйісіндегі жануарларды көрсете отырып, тәрбиеші балалар назарын соған аударады. Әдетте, балықпен танысқан сабақтан кейін, балалардың аздаған тобы аквариумға келеді, оның тұрғындарын бақылайды және осы кезге дейін байқамаған нәрселерін байқап алады.

Естияр топта аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, балықтрдың қозғалу, қоректену ерекшеліктерін, сыртқы түрінің ерекше сипаттарымен байланыстыра отырып ажыратады, мысалы: «Балық құйрығын қозғалтып, жүзгіш қанаттарымен жүзеді»; «Ол жемдерді көреді, оны ауызымен ұстайды».

Ересек топтарда аквариумдағы балықтарды бақылаған кезде, олардың дене пішіні мен қозғалу шапшаңдығы салыстырылады, мысалы: «Қозғалу шапшаңдығы үшін қызмет атқаратын семсері бар, семсер балықты табан немесе карппен салыстырыңдар. Олардың ішінен қайсысы шапшаңырақ қозғалатынын айтыңдар. Неліктен?» Балыктың бұрылған кездегі құйрығы мен жүзгіш қанаттарының қозға-лыстарын бақылау керек.

Естияр, ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылауға да тәрбиеші бағыт береді. Балаларға жануарлар денесінін, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін атауды, олардың түсін анықтауды, олардың қалай қозғалатынын, қалай қоректенетінін бақылап көруді ұсынады. Бұл топтарда зерттеп жүргендерін белгілі нәрселермен салыстыру да қолданылады. Балалардың ойлауын белсенді ету үшін, оларды қорытынды жасауға, құбылыстың байланыстары мен себептерін анықтауға мынадай сұрактар көмектеседі: сен қалай білдің? Сен неліктен олай ойлайсың? Өздерінің бақылаулары мен қорытындыларын балалардың сөзбен дұрыс жеткізуін қадағалап отырудың өте маңызы бар. Бұл сабақта тәрбиеші, әр түрлі анализаторларды (есіту, көру, түйсік) қатыстыра отырып, балалар зейінін белсенді етеді. Ол жануарға қарап алуды (жүнінің түсіне, көзіне, аяғына, саусақтарына), теңіз шошқасының қызылшаны қалай кеміретінін тыңдауды, оны сипауды ұсынады. Тәрбиеші сұрақтар береді, балалардың білгісі келгендерінің бәрін түсіңдіреді, жануарларды бақылауға ынталандырады. Бақылау барысында әр түрлі анализаторлар пайдаланылады. Балалар қоянның сыртқы ерекшеліктерін, оның қылықтарын, қозғалысын көру арқылы қабылдайды; жануарды ұстай отырып, оның жүнінің сапасын анықтайды.

Сабақта тәрбиешінің зейінін салыстыруға бағытталған сұрақт а р ы сияқты әдіс пайдаланылған (алдыңғы және арткы аяқтарының ұзындық айырмасы). «Қоян неге секіреді, неге ол жүрмейді?»— деп сұрақ қойып, тәрбиеші балаларды «Қояы» секіреді, өйткені оның артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын» деген қорытындыға келтіреді.

Сабақтар балалардың табиғат бұрышындағыларды бұдан былай өз бетімен бақылауларымен байланыстырылады: олар кроликтің нені қызығып жейтінін анықтайды; Жануарлар мен өсімдіктердің ортаға бейімдедуін түсіндіргенде: «Жаулары байқап калмауы үшін, балык, судың түсіндей түске боялған», «Қоян көрінгісі келмегендіктен сұр болған», «Құстарда ұшу үшін канаттар бар» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болмайды, кең таралған осындай қателерді тәрбиешілердің ескеріп отырғаны жөн. Мұндай түсінік биологияның организм мен ортаның бірлігі жө-ніндегі негізгі заңын ғылыми түсінуге қайшы келеді.

Сөйлемдер шамамен мынадай болып құрылуға тиіс: «Қоянның секіретін себебі, оның артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ»; «Қоянның жазда сұр болатын себебі, мұндай бояу оны шөптің арасына жасырады да, ол көрінбейді. Бұл —оны жауларынан сақтап қалады»; «Құстарда қанат бар, сондықтан олар ұша алады».



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет